Игі іс атты іс-шаралар есебі.



М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекетті университетінің Заң факультетінің студенттік деканатының ұйымдастыруымен өткізілген «Ата-баба әруағына тағызым» атты акция.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің 60 жылдығына орай Заң факультетінің белсенді студенттері акция ұйымдастырған болатын. Қазақ жері үшін жанын берген, қазақ ұлтының жоқ болып кету қауіпін сейілткен, қаншама жылдар бойы тұрақтап қалған қара бұлтты кетіріп, бейбітшілікті өз ұрпақтарына сыйға тартқан, қара тасты қақ жарған батыр ата-бабаларымыз үшін ашылған "Жеңіс саябағының" гүлденуі мен тазалығына өз үлесімізді қосып қайтқан болатынбыз. Бұл акциямыздың мақсаты, Қазақстан Республикасының азаматтарының, яғни отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту және қазақ жастарына бейбіт өмірдің оңай берілмегенін түсіндіру.

 

 

 

СМЖ құжаты Н.15/1-33-2018

   

Есеп

Баспа 4
Еңгізу күні

 Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің   

 « Заң » факультетінің өткізген 60-жылдық мерей тойына байланысты

Игі іс атты іс-шаралар есебі.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекетті университетінің Заң факультетінің студенттік деканатының ұйымдастыруымен өткізілген «Қайырымдылық жаса» атты іс-шара.

Қазақ халқы ертеден бір-біріне жанашыр, өзгеге тиіспеген, өзінің бауырын жылатпаған халық. Бірінің жағдайы болмаса басқа біреуі көмектесіп,өзгенің баласы жетім қалса өз бауырына басып, бөтенсітіп, жалғыз жылатып қалдырмаған. Жасаған жақсылығын еш уақытта қайта өзіне қайтаруын талап етпеген. Бір Аллаға сиынған, жанашыр қазақ халқы әлі күнге дейін «қазақ»-деген атқа кір келтірмей сақтап отыр.  

Тараз Мемлекеттік Универсітінің 60- жылдығына орай Заң факультетінің студенттік деканатының белсенді студенттерінің бастауымен Жамбыл облысы, Тараз қаласының орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне жағдайы жоқ, тағдырдың қатал күндерін бастан өткеріп жүрген бауырларымызға киім-кешек пен азық-түлік таратылды.

 

 

СМЖ құжаты Н.15/1-33-2018

   

Есеп

Баспа 4
Еңгізу күні

 Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің   

 « Заң » факультетінің өткізген 60-жылдық мерей тойына байланысты

Игі іс атты іс-шаралар есебі.

Заң факультетінің студенттік деканатының белсенді студенттері.

Оңтүстік өңірдегі жетекші ғылым мен білім ордасы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне – 60 жыл. Оқу орнының мерейтойына арналған салтанатты жиындарға университетті әр жылдары тәмамдаған танымал түлектері мен Ресей, Өзбекстан мемлекеттінің ғалымдары қатысты.

Тараз Мемлекеттік Университетіне 60 жыл толуына орай университетімізде түрлі құттықтау іс-шаралары жүргізілген болатын. 2018 жылдың қазан айының 4-ші жұлдызында Заң факультетінің белсенді суденттерінің атсалысуымен Тараз Мемлекеттік Университетіне 60-жыл толуына орай флеш-моб ұйымдастырылды. Білімнің алтын ордасы, қаншама студенттің арманы болған университетімізді 60 жыл мерей тойымен шын жүректен құттықтаймыз. Университеттің гүлденуі мен болашағына Заң факультетінің белсенді студенттері өз үлесін қуана-қуана қоспақ.

 

СМЖ құжаты Н.15/1-33-2018

   

Есеп

Баспа 4
Еңгізу күні

 Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің   

 « Заң » факультетінің өткізген 60-жылдық мерей тойына байланысты


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 179; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!