ОБЩИЕ ПРИНЦИПЫ РЕГУЛЯЦИИ ПУТЕЙ МЕТАБОЛИЗМА



I. Ақуыздардың жіктелуі. 1. Ақуыздар екі топқа бөлінеді: Жай – протеиндер Күрделі – протеидтер немесе холопротеиндер. Жай ақуыздар – гидролиз кезінде аминқышқылдарға дейін ыдырайды, яғни олар суббірліктердің полипептидтік тізбектерін түзетін тек аминқышқылды қалдықтардан ғана құралған. Жай ақуыздар бірнеше топтан тұрады: Протаминдер және гистондар. Сілтілі құрамы бар ақуыздардың үлкен тобы, өйткені олардың құрамында көп мөлшерде диамино-монокарбонды қышқылдар болады. Бұл ақуыздардың молекулярлық массасы аз және жақсы гидратталады. Протаминдерге қарағанда гистондардың сілтілік құрамы аз болады. Протаминдерге сальмин, клупеин ақуыздары жатады. Гистондар хромосомалардың қалыптасуына қатысады және оперон гендерінің қызметін реттеушілер. Глютелиндер және проламиндер. Өсімдік тектес ақуыздар, олар энзимдердің қасиеттерін көрсетеді және өсімдік тұқымының резервті ақуыздары болып табылады. Бұларға бидай клейковинасының ақуызы глиадин мен глютенин, күріштің ақуызы оризеин, жүгерінің ақуызы – зеин жатады. Глютеиндер – суда да, сұйылтылған бейтарап тұзды ерітінділерде де ерімейді. Альбуминдер және глобулиндер. Жай ақуыздардың ең көп тараған түрі. Оларға сүттің, қан сары суының, жұмыртқаның, бұлшық еттің ақуыздары жатады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы олардың әртүрлі ерігіштік қасиеттеріне байланысты, бұл оларды бөліп алу және фракциялау үшін пайдаланылады.

Протеиноидтар немесе склеропротеиндер.

Тірек тканьдердің суда ерімейтін ақуызы. Олар асқазан-ішек жолдарында асқорыту энзимдерінің әсеріне ұшырамайды, сондықтан адамның асына пайдаланылмайды. Бұл топқа дәнекер тканінің коллагені және эластині, шаштың, тырнақтың кератині жатады. Коллагенді суда көп қайнатқан кезде, коллагеннің қасиеті өзгереді, ол суда еріп, гель түзеді. Коллагеннің бұл өзгерген түрі желатин деп аталады.

Күрделі ақуыздар – бұлар екі компонентті ақуыздар, олар жай белоктан – апопротеиннен және ақуызды емес, аминқышқылды емес бөліктен, яғни простетикалық топтан тұрады. Күрделі ақуыздардың простетикалық тобы әртүрлі табиғаты бар қосылыстар түрінде болады. Өздерінің простетикалық тобының түріне байланысты жіктеледі:

Фосфопротеиндер.

Жай ақуыздан және апопротеинге сериннің ОН-тобы арқылы эфирлік байланыспен қосылған фосфор қышқылының радикалы түріндегі простетикалық топтан тұрады. Фосфопротеиндерге сүттің, казеиногені, ововителин, овальбумин, пепсин, фосфорилаза және басқа ақуыздар жатады.

Хромопротеидтер.

Оның простетикалық тобы – әртүрлі бояғыш қосылыстар түрінде болады. Ақуыздардың бұл тобына гемоглобин, миоглобин және цитохромдар жатады. Олардың құрамындағы гем және оның туындылары ақуызды емес компонент болып табылады. Хромотеидтерде простетикалық тобы рибофлавиндердің туындылары болатын флавопртиедтер, простетикалық тобы – ретиналь витамині болатын родопсин жатады.

Нуклеопротеидтер.

Оның простетикалық тобы нуклеин қышқылдары түрінде болады. 2 түрі бар: простетикалық тобы ДНК болатын дезоксирибонулеотидтер; простетикалық тобы РНК болатын рибонуклеотидтер. Нуклеин қышқылдары апопротеинге иондық байланыс арқылы қосылған. Нуклеопротеидтердің апопротеині –сілтілі жай ақуыздар протаминдерден немесе гистондардан тұрады.

Липопротеидтер.

Ақуыздар мен май тәріздес қосылыстардың комплексі түрінде болады, олардың құрылымы өте тұрақсыз. Липопротеидтер мембрананың қалыптасуына қатысады және қан сары суының тасымалдаушысы: альфа және бета – липопротеидтерін түзеді.

Глюкопротеидтер.

Оның 2 бар: гликопротеидтер және мукопротеидтер. Гликопротеидтер – простетикалық тобы бейтарап мукополисахаридтерден тұратын ақуыздар. Мукопротеидтер – муциндер және мукоидтар түрінде болады.

Металлопротеидтер.

Құрамына металл кіретін ақуыздар. Бұл топқа құрамында темірі бар трансферрин, ферритин, құрамында мыс бар церулоплазмин және т.б. ақуыздар жатады.

Қызметтері жағынан ақуыздар бірнеше топтан тұрады:

1. Тасымалдаушы ақуыздар.

2. Трофикалық ақуыздар.

3. Құрылымдық ақуыздар.

4. Жиырылушы ақуыздар.

5. Клетканың физиологиялық қызметін реттейтін ақуыздар.

6. Рецепторлы ақуыздар.

7. Ақуыздар – биокатализаторлар.

Рецепторлы ақуыздар сәйкес белгіні қабылдау және тасымалдау қызметін атқарады. Рецепторлы ақуыздардың ішінде гормондардың рецепторлары ерекше орын алады. Гормондар рецепторларының 3 түрі бар: мембраналық, цитоплазмалық және ядролық рецепторлар. Олардың барлығы бірнеше суббірліктерден тұрады және құрылымдық ұйымдастығының ең жоғары деңгейінде 3 локус құрайды:

· Сәйкес гормонды танушы және байланыстырушы;

· Тасымалдаушы;

· Эффекторлық.

II. Метаболизмдік реттелудің жалпы қағидалары

ОБЩИЕ ПРИНЦИПЫ РЕГУЛЯЦИИ ПУТЕЙ МЕТАБОЛИЗМА

Регуляция скорости протекания реакций определенного метаболического пути часто осуществляется путем изменения скорости одной или, возможно, двух ключевых реакций, катализируемых «регуляторными ферментами». Некоторые физикохимические факторы, контролирующие скорость ферментативной реакции, например концентрация субстрата (см. гл. 9), имеют первостепенное значение при регуляции общей скорости образования продукта данного пути метаболизма. В то же время другие факторы, влияющие на активность ферментов, например температура и pH, у теплокровных животных постоянны и практически не имеют значения для регуляции скорости процессов метаболизма. (Обратите, однако, внимание на изменение значения pH по ходу желудочно-кишечного тракта и его влияние на пищеварение; см. гл. 53.)


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 462; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!