Біліктілігі: 030101 «Фельдшер»



Quot; Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі" ШЖҚ КМК Мамандығы : 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

«Акушерия және гинекология»

пәні бойынша мемлекеттік емтиханның тәжірибелік бөлімінің

сұрақтары.

1. Муляжда гинекологиялық айнамен қарауды жүргізу.

2. Ұрық жолдасының бүтіндігін тексеру жәнебосанудың ІІІ кезеңі мен босанудан кейінгі ерте кезеңде қан кету мөлшерін анықтау.

3. Муляжда бөлінген ұрық жолдасының сыртқы бөліну әдістерін көрсету.

4. Фонтомда құрсақтағы баланың жүрек соғысын тыңдау,сипаттама беру.

5. Жатыр қуысын зондтауға құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу.

6. Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу.

7. Кольпоскопия. Құрал-жабдықтар мен медикаменттерді дайындау (сірке қышқылымен сынама, Шиллер сынамасы).

8. Биопсияға құрал-жабдықтарды дайындау және ассистент болу, материалды гистологиялық зерттеуге жіберуге дайындау.

9. Қынаптың артқы күмбезінің пункциясына құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу.

10. Гинекологиядағы рентгенологиялық зерттеу әдістері. Гистеросальпингография. Құрал-жабдықтарды дайындау. Ассистент болу.

11. Алғаш қабылдауға келген жүктінің жеке картасын толтыру. Анамнез жинау.

12. КОК әдісі бойынша кеңес беруді көрсету.

13. Фантомда жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеуді көрсету. Шынайы конъюгатаны есептеу.

14. Босану кезінде шатаралықты қолмен қорғауды көрсету.

15. Фонтомда бала жолдасының ажырауының 3 негізгі белгілерін көрсету.

16. Сүт бездерінің пальпациясын және өздігінен тексеруді муляжда көрсету

17. Жатыр қуысы қабырғаларын диагностикалық қыруға құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу.

18. Фонтомда сыртқы акушерлік зерттеуді жүргізіңіз (Леопольд-Левицкий әдісі)

19. Фантомда гонореяға жағынды алуды көрсету.

20. Папниколау бойынша онкоцитологияға жағында алу.

21. Фантомда іш айналымын өлшеуді және жатыр түбі биіктігін өлшеуді гравидограмма толтырумен көрсету .

22. Фантомда Вастен және Цангеместер белгілерін көрсету.

23. Фантомда ұрық жолдасын қолмен ажыратуды көрсету. Ұрық жолдасын бөліп шығару және жатыр қуысын қолмен тексеру.

24. Муляжда екі қолмен қынап- құрсақтық тексеруді көрсету.

25. Муляжда «қынаптық булау» іс-шарасын көрсету, «қынаптық дәрі себу» іс-шарасын көрсету

26. Муляжда «қынап қуысына дәрілік заттармен тампон еңгізу» іс- шараларын көрсету.

27. Муляжда босану жолдарын гинекологиялық  айнамен қарауды жүргізу.

28. Фантомда «Цовьянов – 1»  және «Цовьянов – 2» пособиясын көрсету.

29. Эклампсия кезінде күттірмейтін медициналық көмек көрсетудің іс-әрекет алгоритмі.

30. Шатаралық жыртылысын тігуге қажет құралдарды дайындау. Шатаралық жыртылуының І дәрежесінде тігуді көрсету.

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№1 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Муляжда гинекологиялық айнамен қарауды жүргізу.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: Қынап және жатыр мойынының жағдайын бағалау.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Пациенттен қуығын босатқанын сұрау.
3 Пациенттен шешінінуін сұрау.
4 Гинекологиялық креслоны дез. ерітіндіге малынған сүлгімен сүртіп, бір рет қолданатын жаялықты жаю.
5 Пациент гинекологиялық креслоға жатады (пациент арқасымен  жатады, аяқтары жамбас-сан-тізе буындарында бүгілген, арасы ашылған).
6 Жарықтың дұрыс бағытта түсуін қамтамасыз ету, жатыр мойнын толық қарау үшін.
7 Қолды антисептикпен тазарту.
8 Залалсыздандырылған қолғап кию
9 Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.
10 Стерильді стөлден немесе контейнердан гинекологиялық айналарды алу,пациентке көрсету.
11 Қасық тәрізді айнаны оң қолға алу,сол қолдың І,ІІ саусақтарымен жыныс еріндерін ашып, оң қолмен қасықша тәрізді айнаны қынапқа алдымен жамбастың тік өлшемінде енгізу , біртіндеп көлденең өлшемге ауыстыра отырып, қынаптың артқы күмбезіне жеткізу, қынаптың артқы қабырғасына орналастырып, сәл төмен басу. Осыдан кейін оң қолмен көтергішті алып, айнаға қарама қарсы бағытта еңгізу, жатыр мойнын жалаңаштау.
12 Қарау кезінде мән беру:а)қынап жағынан:қынап қабырғаларының түсін, патологиялық процестер,бөліністің сипаты:б)жатыр мойны жағынан: жатыр мойынының түсін, патологиялық процестердің болуына(полип, эрозия, лейкоплакия, эритроплакия және т.б.), жатыр мойны формасына(босанбаған әйелдерде конус тәрізді, босанған әйелдерде цилиндр тәрізді),сыртқы араң формасына(босанған әйелдерде сызық түрінде, босанбағандарда нүкте түрінде), жатыр мойнынан бөлінген бөліністердің сипатын мән беру.
13 Айналарды шығарамыз,№1 дез. ерітіндіге салу.
14 Қарау аяқталды,пациентке тұрып, киінуіне болатынын айту.
15 Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялау
16 Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялау
17 Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеу
18 Тексеру нәтижесін біріншілік құжаттарға тіркеу.
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

                                                                

 

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№2 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Ұрық жолдасының бүтіндігін тексеру жәнебосанудың ІІІ кезеңі мен босанудан кейінгі ерте кезеңде қан кету мөлшерін анықтау.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты:  Босанудың ІІІ кезеңінде жәнебосанудан кейінгі ерте кезеңде қан кетудің алдын алу.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 1. Бала жолдасын тегіс жерге аналық жағын жоғары қаратып қоямыз. Құрғақ дәкемен бетіндегі ұйыған қандарды сүртемізде қарауға кірісеміз:
2 2. Бала жолдасының аналық жағы сұрғылт - көк түсті, біргелкі, қатпарлардан тұрады.
3 Аналық жағының шетін, бөліктерінің түгелдігін анықтаймыз және оның бетінде патологиялық өзгерістер (кальцинаттар, майлар) болса анықтаймыз
4 3. Кіндік бауынан көтеріп, қабықшасын түзейміз, жарылған жерін анықтаймыз.
5 4. Кезекпен кіндікті қараймыз, бала жолдасының балалық бетін, тамырларды, қабыршақтарға өтіп кетпегенін және қосымша бөліктері бар жоғын тексереміз. 
6 5. Бала жолдасын қарап болғаннан кейін, оны өлшейміз (қалыптыда өлшемі: диаметрі 15-18 см, қалыңдығы 2-3 см, салмағы 500-600 грамм)
7 6. Қарау қорытындысын босану тарихына жазамыз.
8 7. Бала жолдасын гистологиялық тексеруге жолдама толтырамыз.
9 8. Бала жолдасын гистологиялық зерттеуге жолдаймыз.
10 1. Қан кету көлемін есептеу үшін бала туылып шыққаннан кейін, пациенттің жамбасының астына таза лоток қоямыз, онда ІІІ кезеңде кеткен қан жиналады және бала жолдасы бөлініп шығады.
11 2. Бала жолдасы бөлініп шыққаннан кейін пациент жамбас астына екінші таза лотокты қоямыз. Бұнда босанғаннан кейінгі ерте кезеңде кеткен қан жиналады (2 – 4сағат арлығында).
12 3. Кеткен қанды өлшейміз: а)бірінші лотоктағы қанды өлшегіш ыдысқа құямыз, өлшейміз- ол бала жолдасы кезеңінде кеткен қан болады қаны болады. б)екінші лотоктағы қанды өлшегіш ыдысқа құямыз,өлшейміз - ол босанғаннан кейінгі ерте кезеңде кеткен қан болып есептеледі
13  Қан жоғалту пайызын есептейміз
14 Қорытындысын босану тарихына тіркейміз (жалпы физиологиялық қан кету 0,5% дене салмағынан,400-500 мл-ден аспауы керек. Компенсирленген қан кету 1% дене салмағынан, декомпенсирленген 1,5% -ды құрайды).
15 Орташа баға

 

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№3 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Муляжда бөлінген ұрық жолдасының сыртқы бөліну әдістерін көрсету.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: Ұрық жолдасның бүтіндігін сақтай отырып, оны сыртқа бөліп шығару.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 2. Қуықтан зәрді катетермен шығарамыз.
3 3. Абуладзе тәсілі: іш қабырғасын ұзынша қатпар түрінде екі қолдың алақанымен аламыз, онда іш қабырғасының тік бұлшықеттері міндетті түрде бірге алынуы керек. Пациенттен күшенуін сұраймыз. Осы кезде бала жолдасы туылып шығады.
4 4. Гентер тәсілі: медбике пациенттің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Оңға ығысқан жатырды құрсақтың ортасына әкелеміз.Қолымыздың жұдырықтап, сыртқы жағымен жатырдың түбіне, түтікше бұрышына қарай орналастырамыз. Жатырды ішіне және төмен қарай ығыстырып, басында ақырын, артынан күшті қысым көрсетіп басамыз.
5 5. Креде-Лазаревич тәсілі: бұл тәсіл алдыңғы тәсілдерден нәтиже болмағанда қолданылады. Оңға ығысқан жатырды жатырды ортаңғы сызық бойына әкелеміз. Жатырды жиырылту үшін, оның түбін домалата уқалаймыз. Қолымызды жатырға келесі түрде орналастырамыз.Үлкен саусақ жатырдың алдыңғы қабырғасында, алақан жатыр түбінде, ал қалған төрт саусақ жатырдың артқы қабырғасында. Жатырды жоғарыдан төмен ығыстырып, қысым көрсететіп, бала жолдасының туылуын күтеміз.
6 6. Босанушының жағдайын бағалаймыз.
7 7. Жатыр түбін және жатырдың орналасуын бағалаймыз.
8 8. Іштің төменгі бөлігіне мұзды мұйық қою.
9 9. Бала жолдасын қараймыз
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№4 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Фонтомда құрсақтағы баланың жүрек соғысын тыңдау,сипаттама беру.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: Құрсақтағы нәресте жағдайын бағалау

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Пациенттен шешінуін сұраймын.
3 Кушетканы дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз.
4 Қолымды антисептикпен тазартамын.
5 Таза қолғап киемін.
6 Пациентке кушеткаға жатуын сұраймын, аяқтарын жазып, арқасымен жатады.
7 Стетоскопты дәкемен антисептикпен сүртемін.
8 Сыртқы акушерлік тексерудің тәсіліндерінің көмегімен: құрсақтағы баланың орналасуын, позициясын, позициясының түрін және келген мүшесін анықтаймын
9 Стетоскоптың кең бөлігін жүкті пациенттің іш қабырғасына, құрсақтағы баланың арқасы маңында, басына жақын жерден орналастырамыз.
10 Стетоскопты жалжыта отырып, жүрек соғысының анық естілетін жерін табамыз.
11 Сағаттың секундты бағдары немесе секундомермен ұрықтың жүрек соғу жиілігін 1 мин ішінде анықтаймын.
12 Құрсақтағы баланың жүрек соғысының жиілігін, реттілігін, анықтылығын бағалаймыз. Қалыпты жағдайда жүрек соғысы минутына 120 – 160рет.
13 Тексеру аяқталды, пациентке тұрып, киінуіне болатынын айтамын.
14 Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
15 Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
16 Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін
17 Ұрықтың жүрек соғысының мәліметтерін медициналық құжатқа тіркеймін.
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№5 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Жатыр қуысын зондтауға құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: диагностикалық.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Пациенттен шешінуін сұраймыз
3 Гинекологиялық креслоны дез.ерітіндіге салынған сүлгімен өңдейміз, бір рет қолданатын жаялықты жаямыз. 
4 Жатыр мойынын толық қарау үшін жарықпен қамтамасыз еттім.
5 Қолды антисептикпен тазартамыз.
6 Стерилді қ олғапты киеміз.
7 Зерттеуге байланысты кезектілікпен, стерилді үстелшеден жатыр қуысын зодтауға арналған стерилді құралдарды жинаймыз - сыртқы жыныс мүшелерін өңдеуге арналған корнцанг - қынап пен жатыр мойнын қарауға арналған гинекологиялық қасық тәрізді айна мен көтергіш - қынап пен жатыр мойнын өңдеуга арналған корнцанг - Мюзо қысқышы ( оқ тәрізді қысқыш) жатырдың жоғарғы ерінінен бекіту үшін -жатыр зонды - дәкелі және мақта тампондары - дәрігер үшін стерилді қолғаптар 1% йоданат ерітіндісі бекіткеннен кейін жатыр мойнын өңдеу үшін.
8 Пациенттен бірреттік бахиланы киуін және гинекологиялық креслоға жатуын сұраймыз.
9 Сыртқы жыныс ағзаларын корнцангқа қысылған мақтадағы антисептикпен өңдейміз.
10 Жатыр қуысын зондтағанда жасағанда ассистент болдым.
11 Зерттеуден кейін құрал-жабдықтарды дез.ерітіндісі бар № 1 контейнерге салдым.
12 Зерттеу аяқталды. Пациентке бірреттік төсемді бердім.
13 Пациенттің жағдайын бағаладым.
14 Пациентке тұруына, киінуіне көмектестім.
15 Жаялықты В классы бойынша ҚЖК утелизациялаймыз.
16 Қолғапты В классы бойынша ҚЖК утелизациялаймыз.
17 Қолымызды антисептикті қолдана отырып өңдейміз.
18 Алынған мәліметтерді біріншілік құжатқа тіркейміз
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№6 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты:  Қынаптың тазалық дәрежесін анықтау.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Гинекологиялық креслоны дез. ерітіндімен сүртіп, таза жаялық төсейміз.
3 Әйелден шешініп, гинекологиялық креслоға жатады (әйел арқасымен жатады, аяқтары жамбас-сан-тізе буындарында бүгілген, арасы ашылған).
4 Жарықтың дұрыс бағытта түсуін қамтамасыз етеміз.
5 Қолымызды тазартамыз, заралсыздандырылған қолғап киіп, әйелге көрсетеміз.
6 Сыртқы жыныс мүшелерін қарап болғаннан кейін, стерильді стөлден гинекологиялық айналарды, заттық шыныны, Фолькман қасықшасын аламыз.
7 Сол қолдың І,ІІ саусақтарымен жыныс еріндерін ашып, оң қолмен қасықша тәрізді айнаны қынапқа алдымен жамбастың тік өлшемінде енгіземіз де, біртіндеп көлденең өлшемге ауыстыра отырып, қынаптың артқы күмбезіне жеткіземіз, қынаптың артқы қабырғасына орналастырып, сәл төмен басамыз. Осыдан кейін оң қолмен көтергішті алып, айнаға қарама қарсы бағытта еңгіземіз, жатыр мойнын жалаңаштаймыз.
8 Фолькман қасықшасымен не бір рет қолданатын таяқшалармен қынаптың артқы күмбезінен бөліндіні алып, заттық шыныға ұзыннан жағамыз.
9 Қынаптық айналарды шығарамыз.
10 Процедура аяқталды, әйелге тұрып, киінуіне болатынын айтамыз.
11 Қолымызды және қолданған құралдарды жуамыз, осыдан кейін құралдар мен қолғапты дез. ерітіндіге саламыз (бір рет қолданатын қолғапты контейнерге саламыз).
12 Қолғапты шешіп, бір рет қолданатын қолғапты контейнерге саламыз , қолды жуып, сүлгімен сүртеміз
13 Жолдамаға: бөлім аты; әйел аты жөні; жасы; мекен жайы; жұмыс орны; күні; диагноз; дәрігердің аты жөні жазылады.
14 І тазалық дәрежесі Эпителиалды жасушалар және қынаптық Дедерлейн таяқшалары ІІ тазалық дәрежесі Эпителиалды жасушалар және қынаптық Дедерлейн таяқшалары, лейкоциттер және comma variabile. ІІІ тазалық дәрежесі Дедерлейн таяқшалары өте аз, лейкоциттер көп , comma variabile кокктар. ІV тазалық дәрежесі Дедерлейн таяқшалары жоқ. Көптеген кокктар, лейкоциттер, tichomonas vaginalis, гонококктар .
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№7 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Кольпоскопия. Құрал-жабдықтар мен медикаменттерді дайындау (сірке қышқылымен сынама, Шиллер сынамасы).

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: Жатыр мойыны патологиясын диагностикалау.

Клиникалық дағды орындау алгоритмі Баға ( max 5 балл)
1.  Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2. Гинекологиялық креслоны дезерітіндімен өңдеу.  
3. Қолды жуу және антисептикпен өңдеу.  
4. Гинекологиялық креслоға бір рет қолданылатын төсеніш жаю, жарықтың түсуін қамтамасыз ету.    
5. Стерильді қолғап кию.  
6. Манипуляцияға арналған үстелшені дайындау: Корнцанг 2 дана. Қасық тәрізді айна және көтергіш.  Дәкелі салфеткалар Дайындау керек :  кольпоскоп, спирт 70%; резеңке қолғап; концентрирленген сірке қышқылы; сода ерітіндісі;  
7. Сыртқы жыныс ағзаларын дәкелі корнцангпен фурацилиннің 1:5000 ерітіндісімен өңдеу.    
8. Стерильді үстелден айналарды алу және бекітілген ереже бойынша қынапқа енгізу, жатыр мойынын жалаңаштау.    
9. Кольпоскоппен қарау: кольпоскопияның бірінші этабы қынапты қарау, бұл патологиялық түзілістерді анықтауға мүмкіндік береді.    
10. Екінші этап: Жатыр мойынынын қарау. Қалыптыда жатыр мойыны тегіс, жылтыр және алқызыл түстес болады.    
11.   Жатыр мойынында патологиялық өзгерістер анықталса сірке қышқылымен сынама немесе Шиллер сынамасын жүргізеді.    
12. Сірке қышқылының 3 % ерітіндісімен сынама жасау. Сірке қышқылды мақта тампонда жатыр мойынына басады.Сірке қышқылының әсерінен эпителий ісінеді, эпителий астындағы қантамырлар тарылады, тіндердің анемизациясы жүреді, бұл үрдіс кольпоскопта түсі өзгерген аймақ түрінде көрінеді. Жатыр мойыны эпителиі 1-2 минут ішінде ағарады, ал 2 минуттан кейін қалпына келеді. Қалыпты жағдайдағы тамырлар қысқа уақытқа жоғалады, ал атипті тамырлар өзгермейді.    
  13. Шиллер сынамасы: Жатыр мойынын 3% Люголь ерітіндісімен(2 гр калий йодид, 1 гр йод, дистилденген су 100 гр ) өңдейді. Сау жасушалар гликоген қорына бай болғандықтан сол аймақтағы тін  қою қоңыр түске боялады. Ал патологиялық өзгерген аймақ боялмайды. Бұл йоднегативті аймақ деп аталады.  

 

14.

Айналарды шығару және айналар мен корнцангты №1 дез.ерітіндіге салу. Содан кейін №2 дез.ерітіндіге салу.  
Бір реттік төсем мен қолғапты  КБУ «Б» санатына жою.
15. Науқастың тұруына көмектесу.  
16. Қолды жуу, өңдеу.  
17. Алынған нәтижелерді кольпоскоп журналы мен амбулаторлы картаға тіркеу.    
  Орташа балл                                                                       

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

 

 

                                                                                               

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№8 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Биопсияға құрал-жабдықтарды дайындау және ассистент

болу, материалды гистологиялық зерттеуге жіберуге дайындау.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: ____________

Мақсаты: диагностикалық.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 2. Пациенттен шешінуін сұрадым.
3 3. Гинекологиялық креслоны дез. ерітіндімен сүртіп, бір рет қолданатын жаялық төсейміз.
4 4. Жатыр мойнын толықтай қарау үшін жарықпен дұрыс қамтамасыз еттім.  
5 5. Қолымды антисептикпен өдеймін.
6 6. Стерильді қолғап киемін.
7 7. Стерильді столда зерттеуге сай стерильді құрал жабдықтарды және биопсияға материалдар дайындаймын. - -Сыртқы жыныс мүшелерін өңдеуге арналған корнцанг. - -Жатыр мойнын және қынапты қарауға арналған айна мен көтергіш. - -Стерильді дәкелі томпонмен қынап пен жатар мойнын сүртуге арналған корнцанг - -2 Мюзо қысқышы(оқ тәрізді қысқыштар) жатыр мойнын фиксациялау үшін - -Зақымдалған жатыр мойнынан тін алуға арналған конхотом немесе скальпель - -Жараға кетгутты тігісті салуға арналған ине ұстағыш және доға тәрізді ине - -Жатыр мойнына тігіс салуға арналған кетгут - -Қайшылар - -Дәкелі және мақталы томпондар - -Дәрігерге стерильді қолғап - -2,0 мл щприц 0,25 % новокаин ерітіндісі - -70% этил спирті - -Жатыр мойнынан алынған тінді жууға арналғандәкелі матамен лоток - -5 формалинмен құты - -Гистологиялық зерттеуге жолдама
8 Пацентке бір реттік бахила киуін өтінемін және гинекологиялық креслоға жатуына көмектесемін
9 8. Корнцанг және дәкелі томпон көмегімен антисептикпен сыртқы жыныс ағзаларын өңдедім.
10 9. Биопсияны жүргізу барысында дәрігерге ассистент болдым.
11 Барлық қолданған құралдарды № 1 дез.ерітіндіге салдым
12 Операция аяқталды.Пациентке бір реттік төсенішті бердім.
13 Пациент жағдайын бағаладым.
14 Пациентке тұруына,киінуіне көмектестім, ұсыныстар жасадым
15 Жаялықты В класының қауіпсіз жоюға арналған контейнеріне тастадым.
16 Алынған материалды ағын судың астында жуып 5% формалин ерітіндісіне саламын
17 Қолғапты В класының қауіпсіз жоюға арналған контейнеріне тастадым.
18 Қолымды антисептикпен өңдедім.
19 Гистологиялық зерттеуге жолдама толтырдым
20 Операция мәліметтерін «кіші операциялар» журналына тіркедім
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№9 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Қынаптың артқы күмбезінің пункциясына құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: диагностикалық (түтіктік жүктілік диагностикасы)

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 2. Пациентке шешінуін сұраймыз
3 3. Гинекологиялық креслоны дез.ерітіндіге салынған сүлгімен өңдейміз,бір рет қолданатын жаялықты жаямыз.
4 Жатыр мойынын толық қарау үшін жарықпен қамтамасыз еттім.
5 4. Қолымызды антисептикпен тазартамыз.
6 5. Стерильді құрал жабдықтарды дайындаймыз.
7 6. Зерттеуге байланысты кезектілікпен, стерилді үстелшеден қынаптың артқы күмбезінің пункциясына қажетті стерилді құралдарды жинаймыз - сыртқы жыныс мүшелерін өңдеуге арналған корнцанг - қынап пен жатыр мойнын қарауға арналған  гинекологиялық қасық тәрізді айна мен көтергіш - қынап пен жатыр мойнын өңдеуга арналған корнцанг - Мюзо қысқышы ( оқ тәрізді қысқыш) жатырдың артқы ерінінен бекіту үшін -жансыздандыру және артқы күмбез пункциясына арналған ұзын ине 13-14 см - дәкелі және мақта тампондары - дәрігер үшін стерилді қолғаптар 0,25% новакаин ерітіндісі -10,0 жансыздандыру үшін, тесілген жерді өңдеуге 1% йоданат ерітіндісі, қан жинау үшін пробиркалармен штатив
8 7. Пациенттен бірреттік бахиланы киуін және гинекологиялық креслоға жатуын сұраймыз.
9 8. Сыртқы жыныс ағзаларын корнцангқа қысылған мақтадағы антисептикпен өңдейміз.
10 9. Қынаптың артқы күмбезінің пункциясын жасағанда ассистент болдым.
11 Зерттеуден кейін құрал-жабдықтарды дез.ерітіндісі бар № 1 контейнерге саламыз.
12 Инедегі сұйықтықты пробиркаға құямыз.
13 Зерттеу аяқталды. Пациентке бірреттік төсемді бердім.
14 Пациенттің жағдайын бағаладым.
15 Пациентке тұруына, киінуіне көмектесіп, кресло каталкамен палатасына апардым.
16 Жаялықты В классы бойынша ҚЖК утелизациялаймыз.
17 Қолғапты В классы бойынша ҚЖК утелизациялаймыз.
18 Қолымызды антисептикті қолдана отырып өңдейміз
19 Алынған мәліметтерді біріншілік құжатқа тіркейміз.   
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№10 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Гинекологиядағы рентгенологиялық зерттеу әдістері. Гистеросальпингография. Құрал-жабдықтарды дайындау.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: диагностикалық .

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы ( max 5 балл)
1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру. Гистеросальпингография жүргізуге жазбаша келісімін алу.  
2. · Процедура алдында қынапты өңдеу. · Зерттеу алдында 1 күн бұрын кешке және процедура алдында 2 рет тазалау клизмасын жүргізу. · Зерттеуге 30 мини қалғанда премедикация мақсатында спазмолитик енгізу, түтіктік-жатырлық сфинктр спазмының алдын алу үшін. · Көрсеткіш бойынша кешке зерттеу алдында контрассты затқа сынама жасау.  
3. Жарықтың түсуін қамтамасыз ету.  
4. Креслоны дез.ерітіндімен өңдеу.  
5.  Қолды жуу, антисептикпен өңдеу. Қолғапты кию.  
6. Стерильді үстелшені дайындау: ü корнцанг 2 дана ü қасық тәрізді айна және көтергіш ü оқ тәрізді(Мюзо қысқышы) қысқыш ü жатырлық ұштық(наконечник) ü шприц 10 гр ü мақталы дәкелер ü контрассты зат ü стерильді перчаткалар дәрігерге ü 70% спирт  
7. Креслоға төсеніш салу  
8. Процедура барысында дәрігерге ассистент болу, қажет құралдарды беріп тұру, айналарды ұстау  
9. Антисептик ерітіндісімен мақталы шарикпен корнцангпен сыртқы жыныс ағзалары мен әйел санының санының ішкі бетін өңдеу. Қолданылған корнцангты дез.ерітіндіге тастау.  
10. Екінші корнцанг көмегімен мақта шарикпен жатыр мойнын 70 % спиртпен өңдеу.  
11. Жалпы бекітілген ережебойынша айналарды енгізу. Жатыр мойнынын жалаңаштау.  
12. Фиксация мақсатында оқ тәрізді қысқышты жатыр мойнының алдыңғы ерініне салу және жоғары қарай тарту.  
13.  Жатырға жатыр мойны арқылы жатыр ұштығын енгізу, оны ішінде 4-5 мл рентгеноконтрасты заты бар шприцпен жалғастыру.  
14.  Рентгеноконтрасты зат толық енгізілгеннен кейін жатыр ұштығын алып тастайды. Сыртқы араңды оқ тәрізді қысқыштармен қысады.  
15. Қынаптағы қалған қалдық контрассты затты сүртеміз.  
16. Науқас арқасында жатқан қалпында рентгенологиялық суретке түсіреді  
17.  Егер жатыр түтіктерінің өтімділігін тексеру керек болса 5-7 минуттан кейін қайтадан рентген суретке түсіреді.  
18. Қажет болса 15-20 мин кейін үшінші рет рентген суретке түсіреді, егер контрассты зат жатыр түтігінде тұрып, іш қуысында анықталмаса, 24 сағ кейін қайтадан рентген суретке түсіреді.  
19. Әйелді каталкада тасымалдайды. Төсекке жатқызады.  
20.  Операциядан кейін құралдарды №1 дез.ерітіндіге салу. Содан кейін №2 дез.ерітіндіге салу.  
21. Қолғап пен төсеніштерді «Б» сыныбына жою.  
22. Қолғапты шешу және қолды өңдеу  
23. Кіші операциялар журналы мен медициналық документтерге зерттеуді тіркеу.  
  Орташа балл  

 

 

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№11 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Алғаш қабылдауға келген жүктінің жеке картасын толтыру. Анамнез жинау.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты:  әйелді жүктілігіне байланысты тіркеуге алу және анамнез жинау.

 

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы ( max 5 балл)
1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Форма 111/у- жүктінің жеке картасын дайындау.
2. Келесі кезектілікпен жүктінің жеке картасын толтыру. Төлқұжаттық бөлімін толтыру. ü Тіркеу картасының номері ü Аты- жөні, тегі ü Жасы ü Ұлты ü Мамандығы ü Тұрғылықты мекен-жайы ü Жұбайының төлқұжаттық мәліметтері
3. Шағымын сұрастыру: жүктілік кезіндегі шағымдары- етеккірдің тоқтауы, етеккір циклінің бұзылысы.
4. Anamnes morbi : етеккір тоқтауымен қатар тағы қандай шағымдар мазалайды, қаншаға созылды және жыныстық қатынас өмірі жайлы сұрастыру.
5. Anamnes vitae : жануяда нешінші бала, балалық, жасөспірімдік кезендегі дамуын, жалпы ауырған ауруларын, операция, жарақаттар болуын анықтайыз. Туберкулез, Боткин ауруы, жыныстық жолен жұғатын ауруларын анықтаймыз. Зиянды әдеттердің бар-жоқтығын сұраймыз.
6. Anamnes special жинаймыз: етеккір қызметі (менархе, келуі, тұрақталуы, реттілігі, ұзақтығы, ауырсынуы) жыныстық қатынас (неше жастан, некесі), бала көтеру қызеті (алдында болған жүктіліктер ағымы, аяқталуы, асқынулары, босанудан кейінгі кезең ағымы мен асқынулары) қандай контрацепция әдісін қолданатыны жайлы сұрау. Басынан өткерген гинекологиялық сырқаттары жайлы сұрастыру.(сальпингоофорит, эндометрит және т.б.) және емделді ме, емделсе нәтижесі қандай болды.
7. Жалпы қарау: АҚҚ, пульс есептеу. Дене салмағы мен бойы. Ағзалар мен жүйелер жағдайын бағалау.
8. Акушерлік қарау: сүт бездерінің жағдайы, жүктіліктің мүмкін белгілерін анықтау. Жамбастың сыртқы өлшемдерін алу, Соловьев индексін анықтау. Егер жүктілік 20 аптадан артық болса, іш айналымы мен жатыр түбі биіктігін өлшеу. Айнамен қарау: қынап пен жатыр мойынының түсін , патологиялық өзгерістер бар жоқтығына көз жеткізу және бөліністердің сипатына мән беру. Қынаптық зерттеу: жатыр орналасыуы мен көлеміне, жатыр мойыны мен қынап күмбездерінің жағдайын бағалау
9. Қан тобы мен резус-факторды тіркеу. Барлық тағайындалған зерттеулерді қажет графаларға тіркейміз.
10. Науқаспен қоштасамыз.
  Орташа балл

 

 

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№12 клиникалық дағдыны бағалау парағы

                                  КОК әдісі бойынша кеңес беруді көрсету.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: Контрацепцияның гормоналды әдісі жайлы кеңес беру.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Өзімізді таныстырамыз.
3 Репродуктивті мақсатын пациенттан сұраймыз: · -неше бала сүйгісі келеді, · -босанулар арасында үзіліс болғанын қалай ма немесе мүлдем -босанғысы келмей ма · -келесі босануды қашан жоспарлайды.
4 Жалпы репродуктивті анамнез жинаңыз: · -жасы және отбасы жағдайы · -жүктілік саны, және босанулар · -тірі баласының саны және жынысы, · -қандай контрацепция әдісін бұрын қолданған, қаншалықты ұзақ, неге тоқтатты, қолданумен қиындықтар болды ма. · -Қазіргі кезде қолданатын әдіс қандай.
5 5. КОК қолдануға абсолютті қарсы көрсетілген жағдайлар бар ма сұраймыз: · -Жүктіліктің күмәнді белгісі бар ма · -Омыраумен емізу кезеңі және босанудан кейінгі 6 ай мерзімінде(тек қана комбинирленген таблеткалар үшін) · -бауырдың ауыруы  · -Көп темекі шегеді, жасы 35 асқан · -Жүректің қантамыр жүйесінің ауруы (тромбоз,инсульт, инфаркт т.б.) · -Активті шылым шегу · -Жасы 35 жас немесе одан жоғары · -Қант диабеті (20жылдан аса прогрессирлеуші) · -Айқын бас ауруы(бас с ақинасы) · -Айқын ААҚ жоғарлауы(гипертония) · -Сүт безі қатерлі ісігі (қазіргі таңда немесе бұрын болған)  · -Бауыр ісіктері Егер әйелде абсолютті қарама-қарсылықтар болса –КОК ты қолдануға болмайды және дәрігермен басқа әдісті таңдауы керек.
6 6. Бұл таблеткалар эффективтілігі жайында айтыңыз: Тиімділігі 99.9%, егер дұрыс қолданса
7 7. КОК тың әсер ету механизмі туралы айтыңыз: -овуляцияны тежейді(жұмыртқа жасушасының жетілуі және сыртқа шығуын) · -цервикальді шырышты қоюландырады, сперматозойдтардың өтуіне кедергі келтіреді. · -Жатырдың шырышты қабатын өзгертеді,ұрықтанған жұмыртқа жасушасын бекуін тежейді · -Жатыр түтіктерінде сперматозоидтардың қозғалуын төмендетеді.
8 8. КОК-тардың басқа контрацепциялардан артықшылықтарын көрсету. · -Күшті әсер ету · -Организмге кері әсері аз(әйелдердің көбісіне дәрілер қауіпсіз) · -Жыныстық қатынасқа байланысты емес · -қолдануға қолайлы · -әйел дәрілерді қолдануды өз бетімен үзе алады
9 9. Гармондық контрацептивтердің кері әсерін айтыңыз. · -Күнделікті қолдануда тәртіппен өз-өзін бақылауды қажет етеді. · -ЖЖЖА мен ЖИТС – ті қорғамайды. · -Аздаған кері әсерлері бар · -Көп шығынды · -Толықтырып отыруды қажет етеді · кейбір медиккоменттермен бірге қолдануда әсері төмендейді: ü -Тырысуға қарсы препараттар (фенобарбитал, тегретол, диллантин және т.б) ü -Антибиотиктер (гризеофульвин, рифампицин , ампициллин, тетрациклин)
10 10. 3 айдан кейін кететін КОК- тың кері әсерлерін айтыңыз. · -жүрек айну · -сүт бездерінің ауырсынуы · -қан кетулер мен етеккір кезіндегі жағылған бөлінділер, бастың айналуы · -бас ауруы · -салмақ қосу · -безеу
11 11. Жедел дәрігерге баруын қажет ететіін пациенттің келесі симптомдарына мән беріңіз: · -көру мен естудің бұзылуы · -іш аумағындағы қатты ауырсынулар · -әлсіздік, қозғалыстың шектелуі, тітіркенгіштік · -кеуде қуысының ауырсынуы, ентігу, жөтел · -аяқтың ауырсынуы · -таблетканы 4 апта қабылдағанда қандай да бір қан кетулердің болмауы.
12 Пациентқа КОК рецепін жазыңыз.
13 . Пациентпен сұрақты талқылаңыз: КОК қалай дұрыс қабылдау керек. ü -Күніне бір таблеткадан. ü -Күнделікті бір уақытта қабылдау керек.  ü -Бірінші таблетканы етеккір циклының алғашқы 5 күнінде бастау керке, егер 5 күннен соң бастаса, 7 күн бойы мүшеқап қолдану қажет.  ü -Орамдағы барлық таблеткаларды бітіру. ü -Етеккір қабылдаудың 4 аптасында немесе апталық үзіліс кезінде басталады.  ü -Келесі орамды алдыңғысы біткеннен кейін бірден бастайды, еш үзіліс болмауы қажет. (орамда 28 таблетка болған жағдайда) немесе бір апта үзіліс жасау керек, егер орамда 21таблетка болса.  ü -Таблетканы қабылдағаннан кейін 30 минут ішінде құсқан болса, ол тағы бір таблетканы қабылдау керке немесе сақтантырушы әдісті (мүшеқап) 7 күн бойы қолдану керек.   Таблетканы босатқан жағдайда не істеу керек : -Егер белсенді таблеткадан біреу босатса: таблетканы есіне түскен кезде қабылдау ( ол күніне 2 таблетка ішу керек дегенді білдірседе) және орамның барлығын графикке сәйкес қабылдауды жалғастыру.  -Егер белсенді таблеткадан 2 не одан көп босатса: 2 таблеткадан графикке сәйкес келгенге дейін қабылдау, және орамды бітіру, әдеттегідей мүшеқапты 7 күн бойына қолдану. 
14 Пациенттен сұрағы бар ма екенін сұраймыз , болса жауап беріңіз
15 Пациентке қабылдауға қашан келетінін айтыңыз: · -Бірінші рет 3 айдан соң бақылау қарауға. · -Егер еш мәселе болмаса, қарауға 6-12 айдан соң келуін айтамыз. · -Асқынулар мен қиындықтар болса , пациент дереу дәрігерге қаралу керек. 
16 Қандай да бір мәселе туындаса қабылдауға келуін айтыңыз.
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№13 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Фантомда жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеуді көрсету

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: диагностикалық.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Пациенттен шешінуін сұраймыз.
3 Кушетканы және жамбас өлшегішті дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз
4 Қолымызды антисептикты қолдану арқылы өңдейміз.
5 Таза қолғап киеміз
6 Кушеткаға жатуын сұраймыз (пациент аяқтарын жазып, арқасымен жатады) .
7 Қолымызға жамбас өлшегішті аламыз.
8 Пациенттің оң жағынан бетімізбен қарап тұрамыз.
9 Екі қол саусақтарымен мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы өскіндерін тауып аламызда, сол жерді өлшейміз. Distantia spinarum мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы өсінділерінің арақашықтығы, қалыпты жағдайда 25-26см. тең.
10 Мықын қырларымен саусақтарымызды жоғары қарай жылжытып, оның ең алшақ нүктелерін табамыз. Distantia cristarum мықын сүйегінің қырының ең алшақ орналасқан нүктелеренің аралығы, қалыпты жағдайда 28-29 см тең.
11 Қолымызды сан сүйегігің ұршық үстіне апарамыз, сол жерді өлшейміз. Distantia trochanterica сан сүйек ұршық бұдырларының аралығы, қалыпты жағдайда 30-31см. тең.Егер пациенттің салмағының үлкен болуынан ұршықты табу қиын болса, пациенттен аяқтарының басын қозғалтуын сұраймын.
12 Сыртқы тік өлшемді анықтау үшін, пациентді қырынан жатқызамыз, үстіңгі аяғы жазылған, астыңғы аяғы сәл бүгілген.
13 Жамбас өлшегіштің бір түймесін симфиздің жоғарғы қырына, екінші түймесін сегізкөз ойысына орналастырамыз. Coniugata externa симфиздің сыртқы жоғарғы қырының ортасынан, сегізкөз ойысының ортасына дейінгі аралық 20см және одан жоғары.
14 Шынайы конъюгатаны анықтау үшін бірінші Соловьев индексін анықтау керек. Ол үшін білезік буының сантиметрлік лентамен өлшейміз, қалыпты жағдайда Соловьев индексі 14,5-15 см.
15 Шынайы коньюгатаны анықтау үшін, Соловьев индексі 14-15 см (сүйектер қалындығы орташа) болса сыртқы коньюгатадан 9 см алып тастаймыз, диагональді коньгатадан 1,5 см алып тастаймыз.
16 Егер Соловьев индексі 15 см-ден жоғары (сүйектер қалың) болса сыртқы коньюгатадан 10 см алып тастаймыз, диагональді коньгатадан 2 см алып тастаймыз
17 Егер Соловьев индексі 14 см-ден төмен (сүйектер жұқа) болса сыртқы коньюгатадан 8 см алып тастаймыз, диагональді коньгатадан 1,5 см алып тастаймыз.  
18 Тексеру аяқталды, пациентке тұрып, киінуіне болатынын айтамын.
19 Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
20 Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
21 Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін
22 Тексеру нәтижесін біріншілік құжаттарға тіркеймін.
Орташа баға

 

 

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

 

                                                                                                                            

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№14 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Босану кезінде шатаралықты қолмен қорғауды көрсету.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: шатаралықты жыртылыстан қорғау.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі. Баға ( max 5 балл)
1. Босану кезінде ұрық тың басы жыныс саңылауын жарып шыққан уаыттан бастап «шатаралықты қорғау» пособиясын қолданады. Ол 5 моменттен тұрады.
2. 1-момент-  бала басының ерте шалқаюының алдын алу. Ол үшін босанушының оң жағынан тұру керек, сол қолдың алақанын әйелдің қасағасына орналастырады, ал саусақтарының ұшымен тез арада түсіп және шалқайып келе жатқан баланың басын абайлап ұстап, тежейді. Нәтижесінде бала басы неғұрлым кіші өлшеммен шығады -32 см. Бұл өлшем кіші қиғаш өлшем арқылы өтеді.
3. 2-момент- шатаралықтың кернеулігі мен созылу дәрежесін азайту. Ол үшін бала басы жарып шыққан уақыттан бастап, ышқыну кезінде оң қолдың 4 саусағын жыныс еріндерінің сол жағына баланың басына орналастырамыз, ал бас бармақ оң жақ жыныс еріндері аймағында орналасады. Саусаұтардың ұшымен жұмсақ тіндерді ақырындап баса отыру керек, бұл шатаралықтың шектен тыс керілуіне жол бермейді. Ышқынулар арасында оң қолдың бас және сұқ саусағымен жыныс саңылауын жарып шығып келе жатқан бала басының аймағындағы вульварлы сақинаны және оның артқы-бүйір бөліктерін төмен шатаралыққа қарай бағыттаймыз.
4. 3-момент- ышқыну жоқ кезінде бала басын жыныс саңылауынан шығару. Баланың басының маңдайы жыныс аңылауын жарып шыққан уақыттан бастап, фиксация нүктесі (шүйде асты ойысы) пайда болғанға дейін әйелден күшенбеуін сұраймыз, қолы кеудесіне орналасады. Шүйде бұдыры жыныс саңылауын жарып шыққан уақыттан бастап, оң қолдың сұқ саусағының көмегімен вульварлы сақинаның бүйір бөліктерін төбе сүйектерінің төмпектерінен төмен түсіреміз. Одан кейін баланың басын сол қолмен ұстап, ақырындап шалқайтады, бұл кезде оң қолдың саусақтары шатаралықтан баланың маңдайы мен бетін шығарады.
5.   4-момент- иық белдеуі шығатын уақытта шатаралықты шектен тыс керілуден сақтау, бала басының сыртта, иықтардың іште бұрылыс жасау. Бала басы дүниеге келгеннен кейін әйелге күшенуін сұраймыз. Бұл кезде бала иығы іштей бұрылыс жасап әйелдің санының ішкі бетіне бетімен қарайды. Фиксация нүктелері пайда болып, иықтар дүниеге келеді. Егер иықтардың туылуы кідірсе, басты самай аймағында екі қолмен ұстап, әйел күшенген кезде баланың басын 90 ͦ бетімен әйелдің санына бұрамыз. Осы уақытта иық іште бұрылыс жасап жатады. Баланың басын ақырындап төмен басады, иық қасаға астына келгенше.  
6. 5-момент- иықтарын босатып, денесінің дүниеге келуі. Сол қолдың көмегімен баланың басын әйелдің қасағасына бағыттап көтереміз, ал оң қолдың көмегімен артқы иықтан шатаралық тінін босатамыз. Баланыі иық белдеуі дүниеге келгеннен кейін оны екі қолмен ұстап, саусақ ұштарын қолтықастына орналастырамыз да баланы ақырын жоғары қарай көтереміз, бала дүниеге келеді.
7. Жылу тізбегін сақтай отырып, баланы әйелдің ішіне жатқызу.  
Орташа балл

 

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№15 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Фонтомда бала жолдасының ажырауының 3 негізгі белгілерін көрсету.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: Жатыр қабырғасынан ұрық жолдасы ажырауының клиникалық белгілерін анықтай білу.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 2. Шредер белгісі: бала туа салысымен жатыр пішіні домалақ, түбі кіндік бойында болады. Бала жолдасы жатыр қабырғасынан сырылған кезде жатыр тығыздалады, түбі кіндіктен жоғары көтеріліп, оңға қарай ауытқиды. Бала жолдасы жатырдың төменгі сегментіне түскендіктен, қасаға сүйегінің үстінде жастықша сияқты төмпешік пайда болады. Жатыр пішіні құм сағатқа ұқсайды.
3 3. Кюстнер Чукалов белгісі: қасаға сүйегінің үстінен алақан қырымен басқанда, бала жолдасы жатыр қабырғасынан сырылмаған болса,қынаптан шығып тұрған кіндік қалдығы ішке қарай тартылады.Егер жатыр қабырғасынан бала жолдасы сырылған болса, кіндік қалдығы өзгеріссіз қалады.
4 4. Альфельд белгісі: жыныс саңылауында кіндік қалдығындағы лигатура (қысқыш) бала жолдасы жатыр қабырғасынан сырылған кезде, 8 – 10 см-ге және оданда көпке төмен түседі.
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№16 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Сүт бездерінің пальпациясын және өздігінен тексеруді муляжда көрсету.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: Сүт безінің ісік алды, қатерлі және қатерсіз ісік ауруларын ерте диагностикалау.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Пациенттен белге дейін шешінуін сұраймын.
3 Қарауға мүмкіндік туғызатындай жарықпен қамтамасыз етемін.
4 Қолды антисептикпен тазартамын.
5 Таза қолғапты киеміз.
6 Пациентке бетімен қарап тұруын және желкесінде саусақтарын қиылыстырып ұстауын ұсынамыз.
7 Әрбір сүт безін 4 квадрантқа бөлемін (жоғары-ішкі, жоғары-сыртқы, төменгі-ішкі, төменгі-сыртқы).
8 Сүт бездерінің тері түсін, көлемін, квадрант бойынша формасын бағалаймын.
9 Еміздіктер мен ареоланың жағдайы мен формасын бағалаймын.
10 Қосымша емізік барын жоққа шығарамын. 
11 Пациенттен бір уақытта кеуде бұлшықеттерін қатайтып екі қолын бүйіріне тіреуін сұраймын
12 Оң жақ қолымды жоғарғы бөлігіне ал сол жақ қолымды сүт безінің төменгі бөлігіне орналастырамын.
13 Жоғарғы сыртқы квадранттардан бастап оң жақ қолдың ортаңғы үш саусақпен сүт безінің пальпациясын жүргіземін жоғарыдан төменгі бағытқа,әрбір квадрантты сағат тілі бойынша мұқият пальпациялаймын.
14 Үлкен және сұқ саусақтармен әрбір емізікті қысып сүт немесе басқа бөліністің жоқтығын қараймын.
15 Пациентке қарсы тұрып, қолдарын иығыма салуын сұраймын.
16 Кеуде бұлшықеттерін қырымен және қолтық асты ойысында орналасқан лимфатикалық бездерді пальпациялаймын
17 Пациентке теріс қарап тұруды сұрап, саусақтың алақанды беткейімен бұғана асты және бұғана үсті лимфатикалық түйіндерін пальпациялаймын.
18 Пациентке сүт бездерін өзі пальпация жүргізуді үйретемін.
19 Қолғапты В класс ҚЖК- ға утелизациялаймын. Қолымды антисептикпен өңдеймін.
20 Алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасаймын.
21 Пациентке сүт бездерін өзі пальпациялауға мүмкіндік беретін нұсқаулық беремін, және ай сайын зерттеп тұруын ұсынамын.
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№17 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Жатыр қуысы қабырғаларын диагностикалық қыруға құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: емдік және диагностикалық.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 2. Пациенттен шешінуін сұраймыз
3 3. Гинекологиялық креслоны дез.ерітіндіге малынған сүлгімен өңдеп, бетіне бір рет қолданатын жаялықты төсейміз.
4 4. Жатыр мойынын толық қарау үшін жарықпен қамтамасыз етеміз.
5 5. Қолды антисептикті қолданып өңдейміз.
6 6. Стерилді қолғапты киеміз.
7 7. Зерттеуге байланысты кезектілікпен, стерилді үстелшеден жатыр қуысын зодтауға арналған стерилді құралдарды жинаймыз - сыртқы жыныс мүшелерін өңдеуге арналған корнцанг - қынап пен жатыр мойнын қарауға арналған гинекологиялық қасық тәрізді айна мен көтергіш - қынап пен жатыр мойнын өңдеуга арналған корнцанг - 2 Мюзо қысқышы ( оқ тәрізді қысқыш) жатырдың жоғарғы ерінінен бекіту үшін - темір жатыр зонды - Гегар кеңейткіші № 5-12 - кюреткалар жиыны №2 және №4 , № 6 - дәкелі және мақта тампондары - дәрігер үшін стерилді қолғаптар 1% йоданат ерітіндісі бекіткеннен кейін жатыр мойнын өңдеу үшін. мұзды қапшық                 қырындыны алу үшін дәкелі сүлгімен лоток 5% формалин ерітіндісімен флокон гистологиялық зерттеуге жолдама
8 8. Пациенттен бір реттік бахила киуін өтініп,гинекологиялық креслоға жатуын сұрадым.
9 Корнцанг және мақталы томпон көмегімен сыртқы жыныс ағзаларын антисептикпен өңдейміз
10 Айнаның ұстағышының астына эндометрий қырындыны жинауға арналған дәкелі салфеткамен лоток қоямыз
11 9. Жатыр қуысы қабырғаларын диагностикалық қыруда дәрігерге ассистент болдым
12 Зерттеуден кейін құрал-жабдықтарды дез.ерітіндісі бар № 1 контейнерге салдым.
13 Операция аяқталды. Пациентке бір реттік төсемді бердім.
14 Пациенттің жағдайын бағаладым.
15 Пациентке тұруына, киінуіне көмектестім, каталкамен палатасына тасымалдадым.
16 Жаялықты В классы бойынша ҚЖК утелизациялаймыз.
17 Қырындыны дәкелі сүлгіге алып , қаннан ағынды суда тазарттым
18 Эндометрий тінін 5 % фармолин ерітіндісі бар флаконға салдым
19 Қолғапты В классы бойынша ҚЖК утелизациялаймыз.
20 Қолымызды антисептикті қолдана отырып өңдейміз.
21 Гистологиялық зерттеуге жолдама толтырамыз
22 Алынған нәтижелерді «Кіші операциялар» журналына тіркейміз
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№18 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Фонтомда сыртқы акушерлік зерттеуді жүргізіңіз (Леопольд-Левицкий әдісі).

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: ұрықтың орналасуы, келіп тұрған бөлігі, позиция, түрі, келіп тұрған бөлігінің кіші жамбас астауына қатынасын анықтау.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Пациенттен шешінуін сұраймын.
3 Кушетканы дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз.
4 Қолымды антисептикпен тазартамын.
5 Таза қолғап киемін.
6 Пациентке кушеткаға жатуын сұраймын, аяқтарын жазып, арқасымен жатады.
7 Пациенттің оң жағынан бетімізбен қарап отырамын.
8 І тәсіл мақсаты: жатыр түбі биіктігі мен құрсақтағы баланың жатыр түбінде орналасқан ірі бөлігін анықтау. Ол үшін екі қолдың алақандарын жатырдың түбіне орналастырып, алдымен жатыр түбі биіктігін анықтаймыз. Осыдан кейін сипау арқылы жатыр түбіндегі ірі бөлігін табамыз. Жиі жатыр түбінде баланың жамбасы орналасады, ол қолымызға жұмсақ, аумақты, қозғалысы шектелген болып білінеді.
9 Алақанымызды жатырдың бүйір қабырғаларына, кіндік бойына орналастырамыз. Екі қолдың алақандарымен кезек пальпация жасап, жатырдың бір бүйірінен жазық, ұзақ, біргелкі баланың арқасын анықтаймыз. Ал жатырдың ІІ бүйірінен баланың бұдырлы, қозғалмалы майда мұшелерін сипап білуге болады.
10 ІІ тәсіл көмегімен құрсақтағы баланың орналасу позициясы мен позиция түрін анықтадым
11 ІІІ тәсіл мақсаты: құрсақтағы баланың келген мүшесін анықтау. Шаттың жоғарғы жағына оң қолымыздың үлкен саусағын бір жағынан, қалған 4 саусақты екінші жағынан орыналастырамыз. Қолымызды баяу қимылдатып баланың келген мүшесін сипап қараймыз. Егер келген мүшесі тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, онда бала басымен келгенін білдіреді.
12 ІY тәсіл мақсаты: құрсақтағы баланың келген  бөлігінің кіші жамбас қуысына қатынасын анықтау. Ол үшін пациенттің аяғына бетімізбен қарап тұрамыз. Екі қолдың алақанын жатырдың төменгі сегментіне екі жағынан орналастырамыз. Саусақтардың ұштарын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан баланың ірі бөлігінің жамбас қуысына қатынасын анықтаймыз.
13 Тексеру аяқталды, пациентке тұрып, киінуіне болатынын айтамыз.
14 Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
15 Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
16 Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін
17 Ұрық мәліметтерін медициналық құжатқа тіркеймін.
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№19 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Фонтомда гонореяға жағынды алуды көрсету.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: жағындыда спецификалық қоздырғыш гонококкты анықтау.

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Пациенттен шешінуін сұраймын.
3 Кушетканы дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз.
4 Қолымды антисептикпен тазартамын.
5 Таза қолғап киемін.
6 Пациентке креслоға жатуын сұраймын, аяқтары тізе буынында бүгілген және ашылған.
7 Қажет құралдарды дайындаймыз: гинекологиялық айналар, Фолькман қасықшасы не бір рет қолданатын таяқшалар, заттық шынылар.
8 Гинекологиялық айна мен көтергішті енгізіп жатыр мойны мен қынап қабырғаларын жалаңаштаймыз (қасық тәрізді айнаны кіші жамбас шығаберісінің тік өлшемінде қынапқа еңгізіп, көлденең өлшемге ауыстырып, шатқа басамыз)
9 Бір рет қолданатын таяқшамен немесе Фолькман қасықшасымен үрпіден жағынды алып, заттық шынының бір шетіне, жағамыз.
10 Осы қасықшанын таза жағымен жатыр мойны каналынан жағындыны алып, заттық шынының орасына, көлдененінең жағамыз.
11 Қынаптың артқы күбезінен жағынды алып, оны заттық шынының бір шетіне нүкте түрінде жағамыз.
12 Қынаптық айналарды шығарамыз
13 Егер бартолин бездері мен парауретральды бездер де қабыну белгілері болса, ол жерлерден де жағынды алып, жолдамада қай жерден алынғанын жазамыз.
14 Процедура аяқталды, әйелге тұрып, киінуіне болатынын айтамыз.
15 Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
16 Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
17 Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін
18 Жолдаманы толтырып, зертханаға жолдаймыз. Онда: мекеме және бөлім аты; жағандының аты, әйел аты жөні; жасы; мекен жайы; жұмыс орны; алынған күні; алынған жері; дәрігердің аты жөні жазылады.  
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№20 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Муляжда онкоцитологияға жағынды алуды көрсету, зертханаға жолдама толтыру.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: Жатыр мойыны ісік алды ауруларын диагностикалау

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Онкоцитологияға жағынды алынатынын,нәтижесі қашан дайын болатынын айтамыз.
3 Пациенттен шешінуін сұраймын. 
4 Гинекологиялық креслоны дез. ерітіндімен сүртіп, бір рет қолданылатын жаялықты жаямын .
5 Пациентті гинекологиялық креслоға жатуын сұраймын, дұрыс қарауға мүмкіндік туу үшін жарықтың дұрыс бағытта түсуін қамтамасыз етемін.
6 Қолымды антисептикпен тазартамын.
7 Залалсыздандырылған қолғап киемін.
8 Залалсыздандырылған столдан гинекологиялық айналарды аламын және абайлап қынапқа енгіземін.
9 Эйр шпательінің ұзын ұшын жатыр мойынының сыртқы араңына орналастырып, сағат тілімен бағыттас 3600 айналдырамыз.
10 Эйр шпаельінің екі жақ бетіндегі алынған жағындыны заттық шыныға біркелкі қылып жағамыз. Егер патология ошақтарын көріп тұрсаңыз ол жерлерден де жэағынды алып, басқа заттық шыныға жағу керек.
11 Заттық шыныны тез арада бекіту керек. Ол үшін фиксацияға арналған 96% спирт қолданылады.
12  Енді цито щетка(щетка-эндоьранш) көмегімен цервикальды өзектен оны сағат тілімен үш рет алға және сағат тіліне қарама қарсы екі рет артқа толығымен айналдыра отырып жағынды аламыз.
13 Жағындыны біркелкі етіп щетканы айналдыра отырып заттық шыныға жағамын
14 Жағындыны 96% спиртке салып фиксациялаймын.
15 Айналарды қынаптан алып №1 дез ерітіндімен контейнерге саламын
16 Пациентке тұрып, киінуіне болатынын айтамын.
17 Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын.
18 Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын.
19 Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін.
20 Зертханаға жолдама толтырамын: Мед мекеменің аты, жағындының тағайындамасы: онкоцитологияға жағынды. Аты жөні, жасы, мекен жайы, диагноз, соңғы етеккір күні, жағынды алынған күн, дәрігер немесе акушер қолы.
21 Қарау қорытындысы біріншілік құжатнамаға тіркеймін.
22 Жағындыны жолдамамен зертханаға жолдаймын.
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

 

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№21 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Фантомда іш айналымын өлшеуді және жатыр түбі биіктігін өлшеуді гравидограмма толтырумен көрсету.

Пән: Акушерия және гинекология

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 «Фельдшер»

Студенттің аты-жөні:_________________________________ Топ: _____________

Мақсаты: ұрықтың құсақішілік дамуын бағалау және өлшеу нәтижелерін гравидограммаға тіркеп үйрену

Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі Бағасы (макс- 5)
1 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
2 Пациенттен шешінуін сұраймын.
3 Кушетканы дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз.
4 Қолымды антисептикпен тазартамын.
5 Таза қолғап киемін.
6 Пациентке кушеткаға жатуын сұраймын, аяқтарын жазып, арқасымен жатады.
7 Сантиметрлі лентаны дәкемен антисептикпен сүртемін.
8 Сыртқы акушерлік зерттеудің бірінші әдісін орындап жатыр түбінің биіктігін тауып аламын.
9 Сантиметрлік лентаның бір ұшын қасаға сүйегінің үстіне қоямыз, екінші ұшын жатыр түбіне дейін апарамыз.
10 Сантиметрлік лентаны жүкті пациенттің арқасының астынан өткізіп, алдыңғы жағында кіндік бойында қоямын және қатты тартып іш аумағын өлшеймін.
11 Тексеру аяқталды, пациентке тұрып, киінуіне болатынын айтамыз.
12 Жаялықты В классты ҚЖК- ға  утелизациялаймын
13 Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
14 Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін
15 ЖТБ және ІА тексеру нәтижесін гравидограммаға тіркеймін.Гравидограмманы ІІ және ІІІ триместрлерде әр келу сайын толықтырамыз. ЖТБ сантиметрмен вертикальды бағытта ал гестациялық мерзімді горизонтальды бағытқа жазамыз.
Орташа баға

Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________

МКА төрағасы: _______________       ______________________________

                                      (қолы)                                    (Т.А.Ж.)

МКА мүшесі: ________________       ______________________________

                                      (қолы)                                     (Т.А.Ж.)

" Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"

ШЖҚ КМК

№22 клиникалық дағдыны бағалау парағы

Фантомда Вастен және Цангеместер белгілерін көрсету.

Пән: Акушерия және гинекология

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 395; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!