Берілген концентрация бойынша ерітінді дайындау



Зертханалық жұмыс Бей органикалық қосылыстардың кластары Жұмыстың мақсаты                                                 Бейорганикалық қосылыстардың негiзгi кластары, оларды алу жолдары,  химиялық қасиеттерін зерттеу.                                                                                                                             Жұмыстың мазмұны: а) қышқылдық оксидтер мен негiздiк  оксидтердiң сумен әрекеттесуі; б) ерiмейтiн гидроксидтердi алу жолдары; в) гидроксидтердiң берiктiгi; г) орта тұздарды алу; д) негiздiк тұздарды алу; е) амфотерлiк гидроксидтердi зерттеу.  Техникалық қау і псіздік : химиялық реактивтермен жұмыс істегенде өте сақ болу қажет. Қажетті  қондырғылар мен реактивтер : а) жанарғы; б) тұздардың, қышқылдардың, негіздердің ерітінділері; в) фенолфталеин, оксидтер.                                                       Жұмыстың теориялық негізі Оксидтер дегеніміз екі элементтен тұратын, біреуі міндетті түрде оттегі болып келетін күрделі заттар.  Оксидтер үш топқа жіктеледі: негіздік, қышқылдық және амфотерлі.  Негіздік оксидтерге К2О, СаО, ВаО, СuО т.б. қышқылдық оксидтерге: СО2, SО3, Р2О5, СІ2О7 т.б.; амфотерлі оксидтерге АІ2О3, ВеО, Сr2О3 т.б. жатады. Негіздер дегеніміз бір немесе бірнеше гидроксил тобымен байланысқан металл атомдарынан тұратын күрделі заттар. Мысалы: NaOH, КОН, Са(ОН)2 және т.б. Қышқылдар дегеніміз сутегі атомдары мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Мысалы: НСІ, HNO3, H2SO4, H3PO4. Тұздар дегеніміз металл атомдары мен қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар. Олар орта, қышқылдық, негіздік және қос тұздар болып жіктеледі. Қалыпты немесе орта тұздарға: NaCl, FeCl3, CaCl2, KNO3. Қышқылдық тұздарға:NaHCO3, Ca(HCO3)2, KHSO4. Негіздік тұздарға: CuOHCl, CuOHNO3, AlOHCl2 ; қолданбалы химия кафедрасы Жұмыстың барысы  1- тәжiрибе: Металл оксидтерi мен бейметалл оксидтерінiң сумен әрекеттесу реакциясы. а) Екi пробиркаға 2-3 мл дистилденген суды құйыңыз және бiреуiне СаО, екiншiсiне ВаО кiшкентай шпательмен оксидтерiн салыңыз. Әрбiр пробиркаға 1-2 тамшы фенолфталеин тамызып, негiздер түзiлгенiн анықтаңыз. Реакциялар теңдеуiн жазыңыз. б) Пробиркаға 2-3 мл дистильденген су құйып, оған Кипп аппаратынан көміртек диоксидін жіберіңіздер. Химиялық теңдеулерді молекулалық, иондық түрде өрнектеңдер. 2-тәжiрибе: Нашар еритiн мыс, никель және темiр гидроксидтерiн алу Үш пробиркаға 2-3 мл: 1-не мыс, 2-не никель, 3- не темiр (III) тұзының ерiтiндiлерiн құйыңыз. Әрбiр пробиркаға натрий гидроксидiнің 2н ерітіндісін тұнба түзiлгенше қосыңыз. Орындалған реакцияның теңдеулерін жазыңыз. Түзiлген тұнбаның түсiн жазып көрсетiңiз. Тұнбаларды сақтаңыз! 3-тәж i рибе: Гидроксидтерд i ң бер i кт i г i 2-шi тәжiрибе бойынша алынған мыс, никель, темiр гидроксидтерiнiң тұнбаларын абайлап қайнағанша қыздыру керек. Қай гидроксид түсiн өзгерттi, себебi не, қай гидроксид ыдырады? Реакция теңдеулерін жазыңыз. Тұнбаларды сақтаңыз! 4-тәжiрибе: Мыстың (ІІ) , никельдің (ІІ) және темiрдің (III) орта тұздарын алу 3-шi тәжiрибе бойынша алынған гидроксидтер тұнбаларына азот қышқылын қосыңыз. Тиiстi реакциялардың теңдеулерiн жазыңыз. 5-тәжірибе. Мыс пен кобальттың негiздiк тұздарын алу а) Екi пробиркаға 2-3 мл-ден мыс сульфатының ерiтiндiсiн құйыңыз. 1- ші пробиркаға көк тұнба түзiлгенше 2-3 мл натрий гидроксидiн (С(NaOH)=2моль/л) қосыңыз. 2-ші пробиркаға натрий гидроксидiн (С(NaOH)=0,5моль/л) тамшылатып аспан түстi көк тұнба түзiлгенше қосыңыз (әрбiр тамшыдан соң араластыру керек). Екi пробиркадағы тұнбаны абайлап қайнағанша қыздыру керек. Неге бiрiншi пробиркадағы тұнба қараяды, ал екiншiсiндегi тұнба өзгермейдi, соған түсiнiк берiңiз және тиiстi реакциялардың теңдеулерiн жазыңыз. б) Кобальт хлоридiнің (II) ерiтiндiсiне тамшылатып натрий гидроксидiн (С(NaOH)=0,5моль/л) тұнба түзiлгенше қосыңыз (әрбiр тамшыдан соң араластырып отыру керек). Тұнбаның түсi қандай? Осы тұнбаны ерітіндісімен бірге екi пробиркаға тең бөлiңiз. Бiреуiне натрий гидроксидiнiң тең көлемiн құйып содан кейiн қыздырыңыз. Басқасына тұз қышқылының ерiтiндiсiн тұнба толық ерiгенше қосыңыз. Тиiстi реакциялардың теңдеулерiн жазыңыз. қолданбалы химия кафедрасы 6. Қышқыл тұздар а) Пробирканың 1/3 бөлігіне кальций гидроксидін құйып, оған Кипп аппаратынан көміртектің диоксидін тұнба түзілгенше және ол ерігенше жіберіңіз. б) 6a –тәжірибеден алынған кальций гидрокарбонатын 3 пробиркаға бөліп құйыңыз. 1-ші пробирканы лайланғанға дейін қыздырыңыз.                       2-ші пробиркаға кальций гидроксидін, 3-ші пробиркаға натрий карбонатын құйыңыздар.   7-тәжiрибе: Амфотерлiк гидроксидтердiң қасиеттерi а) 2-3 мл алюминий тұзының ерiтiндiсiне тамшылатып отырып, араластыру арқылы натрий гидроксидiн (С(NaOH)=0,5моль/л) тұнба түзiлгенше қосыңыздар. Тұнбаны ерiтiндiмен бiрге екi пробиркаға бөлiңiз. Бiреуiне артығымен натрий гидроксидiн (С(NaOH)=2моль/л), ал екiншiсiне тұнба толығымен ерiгенше тұз қышқылын қосыңыз. Екi пробиркадағы да тұнба еріп кетуі қажет. Неге екi пробиркадағы да тұнба ерiп кетеді? Гидроксидтiң амфотерлiк қасиетiне анықтама берiңiз. б) Осы сияқты бақылауларды мырыш, хром тұздарын алып орындап көрсетiңiз.                                                                                         Жұмысты өндеу: Лабораториялық дәптерге тәжірибелердің атын, реакциялардың молекулалық, иондық теңдеулерін және алынған заттардың ерекше қасиеттерін (тұнбаның түсі, газдың иісі т.б.) жазыңыз.   Бақылау сұрағы: 1. Тұздарды алудың 10 түрлі әдістерін жазып көрсет. 2. Бес-бестен бейорганикалық заттардың кластарына мысал келтір.              Қолданбалы химия кафедрасының отырысында 17.08.2016ж.       №1 хаттамасында    бекітілді     қолданбалы химия кафедрасы № 2 зертханалық жұмыс Мырышты ң эквивалентт i к молярлық массасын анықтау Жұмыстың мақсаты Тәжірибеде мырыштың эквиваленттік молярлық массасы қышқылдан сутектi ығыстыру арқылы анықталады. Жұмыстың мазмұны: а) эвдиометрдің газ шығармайтындығын тексеру; б) тәжирібе жүргізу; в) бөлініп шыққан сутектің көлемін өлшеу және қалыпты жағдайға    келтіру; г) мырыштың эквиваленттік молярлық массасын тауып және салыстырмалы қатені есептеу.   Қажетті қондырғырлар мен реактивтер: 1. Эвдиометр; 2. Өлшенген мырыш түйіршігі; 3. Тұз қышқылының ерітіндісі; 4. Дистилленген су; 5. Барометр;   Жұмыстың теориялық негіздері. Эквивалент дегеніміз реакция кезінде орнын баса алатын, қосып алатын, бөліп шығаратын бір сутек ионының немесе ТТР кезіндегі бір электрон эквивалентіне тең заттың бөлшегі. Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2­ Бұл ТТзР реакциясында 2-электрон қатысады. Бір электронға сәйкес реакция ½ Zn + HCl = ½ ZnCl2 +½ H2­   яғни, бір электронға 1/2 атом Zn, бір молекула HCl,  1/2 молекула ZnCl2 және 1/2 молекула H2 сәйкес келеді. Бұдан Э (Zn) =½ Zn; Э (HCl) = HCl; Э (ZnCl2) = ½ ZnCl2; Э (H2) =½ H2­ 2NaOH + H2SO4 = 2H2O + Na2SO4 бұл реакцияға 2 ион сутегі қатысады, сондықтан бір сутегі ионына NaOH + ½ H2SO4 = H2O + ½ Na2SO4 сәйкес келеді. Сондықтан Э (NaOH) = NaOH; Э (H2SO4) =½ H2SO4;   қолданбалы химия кафедрасы   Э (H2O) = H2O; Э (Na2SO4) = ½ Na2SO4 Зат мөлшерінің бірлігі - моль. Моль – 6,02.1023структуралық элементі бар атом, молекула, ион, эквивалент заттың мөлшері. Сонымен эквиваленттік моль дегеніміз - құрамында 6,02. 1023эквиваленті бар зат мөлшері. Бір эквиваленттік мольдің массасы заттың эквиваленттік молярлық массасы деп аталады. Мэ, г/моль. Біз қарастырған мысалдағы заттардың мольдік массасы: МЭ(Zn)= ½ M(Zn)= 1/2.65=32,5 г/моль Мэ(HCl)=M(HCl) = 36,5 г/моль    Заттың эквиваленттік молярлық массасын табу үшін төмендегі формулаларды қолданамыз: А) жай заттар үшін Мэ=М/В мұндағы М-берілген заттың молярлық массасы; В - атомның валенттілігі. Б) күрделі заттар үшін   Мэ=М/В.n мұндағы М-берілген заттың молярлық массасы; В-атомның валенттілігі; n-молекуладағы функционалдық топтың саны. Мысалы: МЭ(Al) = 27/3 = 9 г/моль                                 МЭ(H2SO4) = 98/2 = 49 г/моль МЭ(Al2(SO4)3) = 342/3.2 =57 г/моль   Барлық заттар бір-бірімен эквиваленттеріне сәйкес әрекеттеседі. Эквиваленттер заңы: Реакцияға түсетін заттардың массасы олардың эквиваленттеріне тура пропорционал болады. m1/m2= МЭ1/ МЭ2   Егер әрекеттесуші заттар ерітінді түрінде болса, онда эквиваленттер заңы былай өрнектеледі: сэк1.V1= сэк2.V2; мұндағы сэк1 және сэк2-ерітіндінің молярлық концентрациясының эквиваленті, моль/л; V1 мен V2-әрекеттесуші ерітіндінің көлемі, мл.  Жұмыстың орындалуы. Жұмысты орындаудың алдында эвдиометр аспабының жұмысқа дайындығын (газ шығармайтындығын) тексеру керек. Ол үшiн: 1. Теңестіретін түтіктен воронка арқылы бюретканы нольдік бөліміне дейін сумен толтырып, аспаптағы ауаны ығыстыру қажет. 2. Содан кейін бюретканы штативке бекiту керек. Егер аспап жұмыс iстеуге дайын болса, алғашқы кезде бюреткадағы су аздап төмен түседi де, одан кейiн тұрақты деңгейде қалып қояды. Егер аспап дұрыс болмаса бюреткадағы су үздiксiз төмен түсе бередi. 3. Оствальд пробиркасындағы тармақтың біреуіне мырышты өлшеп салыңыз, ал екінші тармаққа тұз қышқылын құйыңыз. қолданбалы химия кафедрасы 4. Оствальд пробиркасын төңкеріңіз, сонда қышқыл мырыш бар тармаққа төгіледі, екеуінің арасында реакция басталады. 5. Реакция нәтижесінде бөлініп шыққан сутек бюреткадағы суды ығыстырады. Теңестіретін түтікті реакция барысында төмендету қажет. Сонымен қатар түтік пен бюреткадағы су бір деңгейде болу керек, яғни аспаптағы газ қысымы атмосфералық қысымға жақын болуы қажет. 6. Мырыш толық ерігеннен, бюретка арқылы бөлініп шыққан сутектің көлемін эвдиометр арқылы өлшеу керек.                                                                                                                             3              1. Көлемі 50 мл бюретка;              2. Екі тармақты пробирка (Оствальд                      пробиркасы); 2                3. Теңестіретін сауыт ретінде қызмет                      атқаратын ашық  түтік; 1              4. Штатив.   4      1- сурет. Сутегінің көлемін есептеуге арналған                                                       кұрылғы -  эвдиометр   Алынған нәтижелердi өндеу мен есептеу. 1. Металдың массасы (m) - г; 2. Бөлiнген сутектiң көлемi (V) - мл; 3. Атмосфералық қысым ( Р) - кПа. Р0 = 101325 Па = 760 мм. с. б.; 4. Абсолюттiк температура (Т) - 273 + t0 C; 5. Тәжірибе температурасы (t0 , C); 6. Тәжірибе температурасындағы су буының қысымы (W) – кПа; 7. Аспаптың ішіндегі сутектің қысымы (P-W) – кПа ; 8. Қалыпты жағдайға келтірілген сутектің көлемі - V0 (H2).                Металл ығыстырған сутектiң көлемi :  сутектiң парциалдық қысымы: РН2 = P - W. Металдың эквиваленттік массасын табудың б i р i нш i жолы . Металл ығыстырған сутектiң көлемiн Менделеев - Клапейрон теңдеуi бойынша қалыпты жағдайға келтiредi:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      немесе       Мұндағы Т = t  273 - абсолюттiк температура, Р0 = 760 мм с. б. немесе 101,325 кПа; Т0 = 273 К. Vc(H0) - ығысқан сутектiң қалыпты жағдайдағы көлемi. Сутек молекулалары молiнiң массасы 2г қалыпты жағдайда 22,4л көлем алса, атомдар молiнiң массасы 1г - 11,2 л немесе 11200 мл көлем алады. қолданбалы химия кафедрасы   Металдың эквиваленттiк массасын МЭ мына формула бойынша табамыз:                                 МЭ(Zn) =m(Zn) . 11200/ V0(H2) Металдың эквиваленттік массасын табудың ек i нш i жолы. Бұл әдiс бойынша Менделеев-Клапейрон теңдеуi арқылы РV=m/MRT сутектiң массасын тауып, оны эквиваленттер заңының теңдеуiне  қою арқылы металдың эквиваленттiк массасын табады. 10. Тәжірибенің салыстырмалы қатесін табу:   Бақылау сұрағы: 1. Мыс қосылыстарында бір және екі валентті болады. Мыстың атомдық массасы мен валенттіліктерін пайдаланып, бір және екі валентті мыстың эквиваленттерін анықтаңыздар. 2. 1г металл 1,78 г күкіртпен қосылады. Күкірттің эквиваленті 16 г/моль екенін еске алып металдың эквивалентін есептеп шығарыңыз.         Қолданбалы химия кафедрасының 17.08.2016 ж.  отырысында №1   хаттамасында  бекітілді                                                                                     қолданбалы химия кафедрасы                                     № 3 зертханалық жұмыс                   Химиялық реакцияның жылдамдығы   Жұмыстың мақсаты Химиялық реакцияның жылдамдығының заттардың концентрациясына және температураға тәуелді екенін зерттеу. Жұмыстың мазмұны а) Тиокүкірт қышқылының ыдырау жылдамдығының тиосульфаттың концентрациясына байланысты өзгеруі; в) Тиокүкірт қышқылының ыдырау жылдамдығының температураға байланысты өзгеруі. Жұмыстың теориялық негіздері  Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз – уақыт бірлігіндегі заттың концентрациясының өзгерісі. υ  = (c2 – c1)/ (t2 - t2) =Dc/Dt Химиялық реакцияның жылдамдығына көптеген факторлар әсер етеді: реагенттердің концентрациясы, температура, катализатор, сыртқы басқа да әсерлер, әрекеттесуші заттардың табиғаты. Химиялық реакциялардың концентрацияға тәуелділігі әрекеттесуші массалар заңы арқылы өрнектеледі. Заң: “Химиялық реакциялардың жылдамдығы әрекеттесуші заттардың стехиометриялық коэффициенттерінің дәрежесіндегі концентрацияларының көбейтіндісіне тең”.   aА + bВ = сС   реакциясы үшін, әрекеттесуші массалар заңының формуласы мынадай:   υ =k caAcbB Химиялық реакциялардың температураға тәуелділігі Вант-Гофф ережесімен сипатталады: “Температураны әрбір 100С ұлғайтқанда, химиялық реакцияның жылдамдығы 2-4 есе артады”. Бұл жұмыста химиялық реакцияның жылдамдығы тиокүкірт қышқылының ыдырау реакциясы арқылы зерттелінеді. Тиосульфат натрийға күкірт қышқылын қосқанда төмендегідей реакция жүреді: Бұл жұмыста химиялық реакцияның жылдамдығы тиокүкірт қышқылының ыдырау реакциясы арқылы зерттелінеді. Натрий тиосульфатына күкірт қышқылын қосқанда төмендегідей реакция жүреді: қолданбалы химия кафедрасы Na2S2O3 + H2SO4 = H2S2O3 + Na2SO4, тез жүретін саты H2S2O3 = H2SO3 + S¯, баяу жүретін саты                                                                                                                   H2SO3 = SO2 ­+ H2O, тез жүретін саты   Жиынтық теңдеу былай жазылады:   Na2S2O3 + H2SO4 = H2S2O3 + SO2­+ S¯ + Na2SO4   Бұл реакцияның жылдамдығы баяу жүретін екінші реакцияның жылдамдығына тәуелді. Баяу жүретін сатыда түзілетін коллоидты күкірт ерітіндіні лайлайды. Тиосульфат ерітіндісіне күкірт қышқылын қосқан кезден бастап, ерітіндідегі ең алғашқы лайлану пайда болғанға дейінгі уақыт – реакция жылдамдығын көрсетеді. Қажетті реактивтер мен приборлар: А) Натрий тиосульфаты ерітіндісі, с = 0,0025моль/л; Ә) Күкірт қышқылының ерітіндісі, с = 0,0025моль/л; Б) Пробиркалар, шыны таяқша; В) Секундомер; Г) Пипеткалар.  Жұмыстың орындалуы 1-тәжірибе. Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігі. Пробиркаға өлшеуіш пипетканың көмегімен 1мл натрий тиосульфаты ерітіндісін (с = 0,0025моль/л) және 2 мл дистилденген су құйыңыз, басқа пробиркаға 1 мл күкірт қышқылының ерітіндісін (с = 0,0025моль/л) құйыңыз. Осыдан кейін Na2S2O3 ерітіндісіне  H2SO4  ерітіндісін қосып бірден секундомер арқылы  қышқылды қосқан уақыттан бастап лайлану пайда болғанға дейінгі уақыт аралығын дәл анықтаңыз. Осы тәжірибені  натрий тиосульфатының көлемін көбейте отырып, тағы да екі рет қайталаңыз (тәжірибені кесте мәліметтерімен сәйкес жасаңыз).   № Na2S2O3 мл H2O Мл H2SO4 мл Жалпы ерітінді мл Реак-цияға кететін уақыт, сек Реакция жылдамдығы 1/t 1 1 2 1 4     2 2 1 1 4     3 3 - 1 4       1/t-күкірттің түзілу жылдамдығы; t-секундпен берілген уақыт Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін көрсететін график тұрғызың. қолданбалы химия кафедрасы 2-тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі Үш пробиркаға 2 мл натрий тиосульфаты ерітіндісін, басқа үш пробиркаға күкірт қышқылы ерітіндісін құйып алыңыз. Сосын Na2S2O3 және H2SO4  ерітіндісінің бір жұбын су моншасына салыңыз. 1-ші жұбын бөлме температурасында жасаңыз. Ерітінділерді 1 минут ұстаңыздар. Пробиркаларды судан шығармастан Na2S2O3 ерітіндісіне H2SO4  ерітіндісін жылдам қосыңыз. Қосқан уақыттан бастап тұнба пайда болғанға дейінгі уақытты секундомердің көмегімен дәл анықтаңыз. Осы тәжірибені су моншасының температурасын 100С арттыра отырып, 2 рет жасаңыз. Тәжірибе нәтижелерін кестеге толтырыңыз, салыстырмалы жылдамдықты есептеңіз. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігін көрсететін график тұрғызыңыз.     № Na2S2O3    Мл H2SO4        мл Температура t, 0C Уақыт, τ Реакция жылдамдығы, 1/τ    1 2 2 t     2 2 2 t+10˚     3 2 2 t+20˚       Бақылау сұрақтары: 1. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Әрекеттесуші массалар заңы, оның математикалық өрнегі. 2. Жылдамдық константасы дегеніміз не? Бұл өлшемнің физикалық мағынасы қандай және оған қандай факторлар әсер етеді? 3. Вант-Гофф ережесі, математикалық өрнегі. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті дегеніміз не? 4. Берілген теңдеулердің оң және сол бөліктерінің реакция жылдамдықтарының өрнегін жазыңыз. 1) 2SO2 + O2 = 2SO3      2) N2 + 3H2 = 2NH3               Қолданбалы химия кафедрасының   17.08.2016 ж.  отырысында   №1 хаттамасында  бекітілді   қолданбалы химия кафедрасы №4 зертханалық жұмыс Қайтымды реакциядағы тепе-теңдіктің ығысуы Жұмыстың мақсаты Заттың концентрациясының тепе-теңдіктің ығысуына әсерін зерттеу.   Жұмыстың теориялық негізі Көптеген химиялық реакциялар соңына дейін жүрмейді. Мұндай реакцияларды қайтымды реакциялар деп атайды. Қайтымды реакцияларға қайтымдылық белгісі « қойылады. Мысалы: А + В « С + Д Белгілі бір уақыттан кейін қайтымды реакцияларда тепе-теңдік орнайды. Тепе-теңдік дегеніміз - тура және кері реакцияның жылдамдығы теңескен кездегі жүйенің күйі. Тепе-теңдікті ығыстыруға болады. Тепе-теңдікті тура және кері бағытқа ығыстыруға болады. Тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципі арқылы іске асады. Заттың концентрациясын өзгерту арқылы тепе-теңдікті ығыстыруды қарастырайық.   Қажетті реактивтер: А) Калий роданидінің ерітіндісі, С=0,0025моль/л; Ә) Темір(ІІІ) хлориді ерітіндісі, С=0,0025моль/л; Б) Калий хлоридінің түйірлері; В) Пробиркалар   Жұмыстың жүру барысы: Екі пробиркаға 5 мл-ден калий роданиді С=0,0025моль/л мен темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін С=0,0025моль/л құйыңыз. Оларды бір-біріне құйып, араластырыңдар. Ерітінді қандай түске боялды? Алынған жалпы ерітіндіні тең етіп 4 пробиркаға бөліп құйыңыз. І-пробиркадағы ерітіндіні эталон ретінде қалдырыңыз. ІІ-пробиркаға 1 мл қаныққан темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін, ІІІ-пробиркаға 1 мл калий роданидінің ерітіндісін құйыңыз. IV-пробиркаға калий хлоридінің бірнеше кристалдарын салыңыз. Әрбір пробиркадағы түстің өзгеруін бақылаңдар, эталон ерітіндімен салыстырыңыз.   Тәжірибеден алынған нәтижелерді жазу : Бақылау нәтижесі төмендегідей жазылады: · Қайтымды реакцияны жазып, тура және кері реакцияның тепе-теңдік константасының өрнегін жазыңдар; · Қай зат ерітіндіге қызыл түс беріп тұр? · Ерітіндінің түсі темір(ІІІ) хлориді, калий роданиді ерітінділерін құйғанда және калий хлоридінің кристалдарын салғанда қалай өзгереді? · Әрбір әсерге байланысты химиялық тепе-теңдіктің ығысуын сипаттап айтып беріңдер. қолданбалы химия кафедрасы Бақылау сұрақтары: 1. 2CH3COONa + H2SO4 « Na2SO4 + 2CH3COOH қайтымды реакцияның сол жағындағы заттардың біреуінің концентрациясын азайтқанда, тепе-теңдік қай бағытқа ығысады?   2. 2CO +O2 « 2CO2 +Q тепе-теңдікті солға ығыстыру үшін не істеу керек? 3. H2 + I2 « 2HI реакциясына қатысатын заттар концентрациялары төменгідей болғанда [H2] = 0,5 моль/л, [I2] = 0,1 моль/л, [HI] = 1,8 моль/л реакция тепе-теңдік күйге келеді. Сутегі мен иодтың бастапқы концентрацияларын және тепе-теңдік тұрақтысын табыңыздар.                                  Қолданбалы химия кафедрасының 17.08.2016 ж.  отырысында №1 хаттамасында  бекітілді қолданбалы химия кафедрасы № 5 зертханалық жұмыс

Берілген концентрация бойынша ерітінді дайындау

.

Жұмыстың мақсаты

Химиялық ыдыстармен жұмыс істеуге үйрету және құрғақ тұздардан берілген концентрацияда ерітінді дайындау біліктілігін қалыптастыру

Жұмыстың мазмұны

Концентрациясы әртүрлі ерітінділер дайындау.

 Қауіпсіздік ережесі

Жұмысты жасау кезінде химиялық реактивтерді ұқыпты қолдану, реактивтердің зертханалық столға және киімге төгілмеуін қадағалау керек.  

Теориялықнегізі

Ерітінділер дегеніміз – екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын, құрамы өзгермелі гомогенді(біртекті) жүйе.

Ерітінділердің маңызды түрі – сұйық ерітінділер.

Ерітінділер еріген заттан және еріткіштен тұрады. Ерітінді құрамы еріген затпен еріткіш мөлшерімен анықталады. Ерітінді концентрациясын сипаттау үшін жиі қолданатын бірнеше әдістер бар.

1)Еріген заттың массалық үлесі w (В) дегеніміз еріген заттың массасының m(B) ерітінді массасына mжалпы қатынасы:

                           w (В) = m(В)/mжалпы немесе w (В) = 100×m(В)/mжалпы (%);

 

2) Молярлық концентрация с(В) дегеніміз 1 л ерітіндідегі еріген заттың мөлшері:

 

с(В) = n(В)/Vер-ді, (моль/л);

 

қолданбалы химия кафедрасы

3) Моляльдік концентрация дегеніміз 1 кг еріткіштегі еріген заттың мөлшері:

 

b(В) = n(В)/mер-ш, (моль/кг);

 

4) Нормальдік концентрация дегеніміз 1 л ерітіндідегі еріген заттың эквиваленттік зат мөлшері:

с( В) = n( В)/Vерітінді, (моль/л);

мұндағы, n( В)-эквиваленттік зат мөлшері.

 

5) Титр дегеніміз 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамы:

, (г/мл)

Қажетті қондырғылар мен реактивтер:

а) аналитикалық таразы;

б) ұнтақтағыш фарфор ыдыс;

в) өлшеуіш колба 200 мл.

г) 100 және 300 мл стақандар

д) ерітінділер құюға арналған шыны ыдыс;

е) 25, 50 мл мензуркалар;

ж) натрий хлориді;

з) дистилденген су.

Жұмыстың жүру барысы

1. Берілген концентрациядағы тұздың массасын есептеу.

Мысалы: 10 % 200 г натрий сульфатының ерітіндісін дайындау үшін:

 

100 г ерітіндіде 10 г Na2SO4

200 г ерітіндіде m г Na2SO4

 

 г. Судың массасы 200 - 20 = 180 г.

Таразыда 10 г Na2SO4 өлшеп, 200 мл колбаға салып, белгі қойылған жерге дейін суды араластыра отырып, құйыңдар.

Кестеден 10 % Na2SO4 ерітіндісінің тығыздығын табамыз:

ол 1,091 г/см3 тең. Ерітіндінің массасы: m = V× p = 1000 × 1,091 = 1091 г

100 г ерітіндіде   10 г Na2SO4

1091 г ерітіндіде m г Na2SO4

 

 қолданбалы химия кафедрасы

 

 г.

 

 моль/л

 

Осы сияқты басқа концентрацияларды есептеңіздер.

 

Бақылау сұрақтары;

1. 1 л ерітіндіде 10,6 г натрий карбонаты бар. Осы ерітіндінің молярлық, нормальдық, моляльдік концентрацияларын есептеңіздер.

2. Калий гидроксидінің ерітіндісін дайындау үшін 5,6 г КОН 500 г суға ерітілді. Моляльдік концентрациясы мен мольдік үлесін есептеңіздер.

Қолданбалы химия кафедрасының

17.08.2016 ж.  отырысында

№1 хаттамасында  бекітілді

 

 

қолданбалы химия кафедрасы

№ 6 зертханалық жұмыс

Электролитт i к диссоциация және иондық процестер

Жұмыстың мақсаты

Әлсiз және күштi электролиттердiң қасиетiн зерттеп, олардың алу   жолдарымен танысу және иондық теңдiктi жазып үйрену.

 

Жұмыстың мазмұны

1. Ерітiндiлердiң электрөткiзгiштiгi.

2. Иондық процестер.

3. Қышқыл мен негiздердiң химиялық белсенділіктерін салыстыру.

 

Жұмыстың теориялық негізі

Электролиттер - сулы ерiтiндiде және балқымаларда ионға диссоциацияланатын заттар. Әлсiз электролиттер қайтымды тепе-теңдiк түзіп өте аз иондарға диссоциацияланады. Күшті электролиттер иондарға толық ыдырайды. Электролиттік сандық сипаттамасын алу үшін диссоциация дәрежесі ұғымы енгізіледі:

                                          д

 

Мұндағы,  - диссоциациялану дәрежесі, сд - диссоциацияға ұшыраған молекуланың концентрациясы, с - ерітіндінің бастапқы концентрациясы. Әлсіз электролиттердің диссоциациясы қайтымды процесс. Мысалы:

 

                             СН3СООН СН3СОО- + Н+

 

Диссоциациялану константасы (Кд) әлсiз қышқылдың, негіздің, ал ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) нашар еритiн тұздар мен гидроксидтердiң сипаттамалары болып келеді. (Кд және ЕК-нiң мәндерi кестелерде берiлген).

 

қолданбалы химия кафедрасы

Қолданылатын реактивтер мен аспаптар

1. Стакандар - 7, көмiр стержендерi мен шам, электрошнур мен вилка.

2. Қант, сірке қышқылы, азот қышқылы, аммоний гидроксидi, натрий гидроксидi, калий нитраты ерітiндiлерi және дистилденген су.

3. Темiр(III), мыс, аммоний тұздарының, натрий силикатының, аммоний молибдатының, натрий карбонатының, натрий ацетатының, калий иодидiнің, кальций карбонатының ерiтiндiлерi.

 

Жұмыстың барысы

1-тәжiрибе. Ерiтiндiлердiң электрөткізгіштігі

Ерiтiндiлердiң электрөткізгіштігін білу үшiн қышқылдардың, тұздардың және гидроксидтердiң судағы ерітінділері алынады. Көлемi 100 мл 7-стаканға 20-30 мл ден кестеде көрсетiлген ертiндiлердi құйып алады да көмiр электродтар батырылады, электр тоққа қосылады, электр шамының жану күшiне қарап электролиттің күшi туралы қорытынды жасалады.

 

1-кесте

Электролит Электр шамының жану күші
1  Қанттың ерітіндісі  
2  Дистилденген су  
3  Сірке қышқылы  
4  Азот қышқылы  
5  Аммоний гидроксиді  
6  Натрий гидроксиді  
7  Калий нитраты  

 

Не үшін ерітiндiлердің концентрациялары бiрдей етіп алынған?

Зерттелген ерітiндiлердiң электрөткізгіштігі неге әртүрлi? Осы электролиттердiң диссоциациялану теңдеулерін жазып, әлсiз электролиттердiң диссоциациялану константасын Кд анықтаңыз.

2-тәж i рибе. Иондық процестер.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 1719; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!