Учебная программа по предмету «Русский язык» 5 страница



2) «Қазақстанның жер аймағын аралаймыз» – 8 сағат (Тілдік бөлім: Салт және сабақты етістіктер. Модаль сөздер. Мақсат, мекен үстеу. Туынды сөздердің жазылуы. Етістіктің келер шағы. Ілік септіктегі сөздердің жазылуы. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Сарыарқа, Жетісу, т.б. Қазақстанның жер аймақтары туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Қазақстанның жер аймақтары туралы ақпараттарды оқу. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Өзінің туған өлкесі туралы айту. Монолог-суреттеу (қала мен даланың табиғатын сипаттап, оның ерекшеліктерін баяндау). Жазылым. Жер аймақтарына байланысты тірек сөздерге бойынша мәтін. Туған өлкенің табиғи ерекшеліктері туралы мәтіндер жаздыру. Тілдесім. Жер аймақтары туралы пікірлесім. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Қазақстан жер аймақтарының шаруашылығы туралы пікірлесу).

25. Әлеуметтік-мәдени ая – 24 сағат:

1) «Ғарыш айлағында», «Қазақ ғарышкерлері: Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев» – 8 сағат (Тілдік бөлім: Жалпы және жалқы есімдер. Термин сөздердің орфоэпиясы.Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Байқоңыр ғарыш айлағы, қазақ ғарышкерлері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: ғарышкерлер, ғарыш кемелері туралы мәтіндер. Айтылым. Қазақ ғарышкерлері туралы мәліметтер. Жазылым. Байқоңыр ғарыш айлағы, оның маңызы, ғарыш кемесі, ғарышкерлер туралы мәтін. Тілдесім. Қазақстанның ғарыш саласы туралы пікірлесім. Қазақ ғарышкерлері туралы сұхбат. Тілдесім. Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан ғарыш саласының дамуы туралы мәтіндер);

2) «Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам» – 8 сағат (Тілдік бөлім: Жалпы және жалқы есімдер. Қаратпа сөздер. Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Сайлау, депутатқа үміткер туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Электронды дауыс беру туралы ақпараттық мәтін. Депутатқа үміткер. Қазақстан Парламенті туралы ақпарат-мәтіндер. Айтылым. Қазақстан Парламенті туралы мәліметтер. Жазылым. Қазақстан Парламенті туралы мәтін. Тілдесім. Қазақстан Парламентіне сайлау жүйесі туралы пікірлесім. Депутатпен сұхбат. Тілдесім. Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақтың үш биі: Төле, Қазыбек, Әйтеке);

3) Сән үлгілері – 8 сағат (Тілдік бөлім: Сапалық және қатыстық сын есімдер. Есімше. Біріккен сөздердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Жастар киімі, мектеп формасы және сәнге байланысты ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Сән орталықтарының ақпараттық-жарнамалық (буклет, киім үлгісі жинақтары, жарнама қағазы,т.б.) мәтіндері. Айтылым. Монолог: Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы мәліметтер. Диалог: Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Жазылым. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы мәтін. Киіну әдебі туралы сұхбат жазу. Тілдесім. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы пікірлесім. Ателье, киім дүкені қызметкерлерімен сұхбат. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Жастар киіміндегі ұлттық нақыштар туралы сұхбат. Киімге қатысты мақал-мәтелдер);

26. Оқу-еңбек аясы – 26 сағат:

1) « Әлемдегі өнертапқыштар», «Қалта телефоны», «Компьютер: айдасы мен зияны» – 10 сағат (Тілдік бөлім: Қазақ тіліндегі калька сөздер. Неологизмдердің емлесі. Салалас құрмалас сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютер туралы ақпараттар. Қазіргі заманғы компьютерлердің мүмкіндіктері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютер туралы ақпараттық мәтін. Компьютерлердің жетілдірілген мүмкіндіктері, компьютердің пайдасы мен зияны жайлы баяндау, хабарлау, жарнама сипатындағы мәтіндер. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы диалогтік мәтіндер. Диалогтік мәтіндер. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютер туралы туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютер туралы уралы мәліметтер. Жазылым. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютерлер туралы мәтін. Тілдесім. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютері туралы пікірлесім. Қалта телефоны қызметі туралы пікірлесім-сұхбат. Дүкен қызметкерлерінен компьютер түрлері туралы қажетті мәліметтер алу. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ өнертапқыштары туралы мәтіндер);

2) « Ғылым әлемінде», «Тәуелсіз Қазақстан ғалымдары» – 6 сағат (Тілдік бөлім: Термин сөздер. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазақстан ғылымының дамуы туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: қазақстан ғалымдары туралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Қазақстан ғалымдары туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Қазақ ғылымы және ғалымдары туралы мәліметтер. Жазылым. Тәуелсіз Қазақстан ғалымдарының туралды мәтін. Тілдесім. Қазақстан ғылымы мен ғалымдары туралы тілдесім. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ғылым-білім туралы мақал-мәтелдер, мәтіндер);

3) «Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын» – 10 сағат (Тілдік бөлім:

Публицистикалық стиль. Қысқарған сөздердің емлесі мен орфоэпиясы. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлімі: Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының, өзге де тілдесетін адамдардың сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған өз еліндегі оқу жүйесі туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндердегі өз еліндегі оқу жүйесі туралы жарнамалық, анықтамалық ақпараттар. Айтылым. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы мәліметтерді айту. Жазылым. Өз еліндегі оқу жүйесіне байланысты білетінін мәтін түрінде жазу. Сұрақтарға жауап жазу. Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы пікірлесім. Білім саласы қызметкерлерінен өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Еліміздің оқу жүйесі туралы пікір алмасу).

 

 

4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтижелер

 

27. Лексика бойынша:

1) берілген ойдың мазмұнына қарай қажетті сөздердің қолданылуын;

2) фразеологизмдердің мағынасын дұрыс ажыратуды;

3) мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды;

4) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс.

28. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:

1) түбірлес сөздердің мағыналық байланысын;

2) сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін білуі тиіс.

29. Грамматика бойынша:

1) сөздердің түрлену формаларын;

2) стилдің түрлерін білуі тиіс.

30. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым:

нақты, анық айтылған ақпараттардың мазмұнын түсіну;

радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсіну;

аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын;

2) оқылым:

әртүрлі тақырыптарда ұсынылған мәтіндерді оқып түсіну;

оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, баяндау;

мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мағыналық бөліктерге жіктей алу;

ғылыми-көпшілік, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптардағы материалдарды оқып талдау, ой қорыту дағдыларын меңгеруі тиіс;

3) айтылым:

өзінің сезімдерін, көзқарасын, ой-пікірін, армандарын жеткізе алу;

түрлі жағдаятқа сәйкес көзқарасын білдіру;

затты, құбылысты суреттеп, сипаттап айта алу дағдыларын;

4) жазылым:

өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгіме жазу;

пунктуация ережелерін сақтау;

ұсынылған мәтіндер бойынша жоспар түзу, тезис жазу дағдыларын меңгеруі тиіс;

 5) тілдесім:

әртүрлі жағдаятта диалогтік, полилогтік сұхбаттарға қатысу;

таныс жағдаяттарда сұхбатқа өздігінен араласу;

үнтаспада жазылған сұрақтарды тыңдап түсіну, сол туралы өз қөзқарасын білдіру;

оқыған мәтін бойынша өз пікірін айту дағдыларын меңгеруі тиіс.

 

 

5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтижелер

31. Лексика бойынша:

1) сөздің тура және ауыспалы мағынасын;

2) синонимдік қатардан сөз таңдай;

3) тұрақты тіркестер, мақал мен мәтелдер, афоризмдердің аражігін ажырата;

4) омоним, антоним, синоним сөздердің қолданылу орындарын;

5) өндірістің, ғылымның, техниканың, өнер мен мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін терминдерді;

6) лексикографиялық сөздіктерді қолдану тәсілдерін;

7) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс.

32. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:

1) қосымшалардың түрлерін ажырата;

2) туынды сөздердің түрлерін жіктей;

3) қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілдерін ажырата білуі тиіс.

33. Грамматика бойынша:

1) сөз таптарының грамматикалық категорияларын;

2) сөз таптарының сөйлемдегі синтаксистік қызметін;

3) құрмалас сөйлемнің түрлерін;

4) құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылықтарын;

5) стилдің түрлерін білуі тиіс.

34.Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым:

аудиотаспадан тыңдалған диалог пен полилогті түсініп, онда айтылған сөз мазмұнын жеткізе білу;

тақырып бойынша тыңдалған пікірге, ойға баға беру;

радио, телеарналарда берілетін хабарлардың мазмұнын түсіну;

аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын меңгеруі тиіс;

 2) оқылым:

мемлекеттік тілде жазылған құжаттарды оқып түсіну;

мәтіннен өзіне керекті мәліметті бөліп ала білу;

оқудың нақты мақсатына сай әртүрлі стильдегі мәтіндерден негізгі ойды ажырата алу дағдыларын меңгеруі тиіс;

3) айтылым:

оқыған әңгіменің мазмұны, тақырыбы туралы айтып беру;

өз бетінше газет-журнал материалдарынына шолу жасап, негізгі ойды анықтай алу;

интернет желісінен қажетті ақпаратты тауып, оны өз сөзімен баяндай алу дағдыларын меңгеруі тиіс;

 4) жазылым:

жеке адамға қатысты құжаттарды сауатты толтыру;

ұсынылған тақырып бойынша шығармашылық сипатта мәтін құрай алу;

реферат жұмысында дәйексөздерді кіріктіру және әдебиеттерді рәсімдеу дағдыларын меңгеруі тиіс;

 5) тілдесім:

ұсынылған тақырып бойынша полилогқа қатысу;

диалогтің түрлеріне сай пікірлесе алу;

үнтаспадағы диалогті тыңдап, өз сөзімен айтып беру;

нақты тақырыпта сұхбат құрастыра алу;

әңгімені жалғастыру, пікір таластыру дағдыларын меңгеруі тиіс.

 

 

6. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Тұлғалық нәтижелер

 

35. 10-11-сынып оқушыларының:

1) Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына құрмет көрсетуінен;

2) жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен;

3) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға қабілеттілігінен;

6) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан көрінеді.

 

 

7. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер

 

36. 10-11-сынып оқушыларының:

1) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;

2) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;

3) мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба алуынан және оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдануынан;

4) өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;

5) мәселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алуынан;

6) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;

7) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен;

8) күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұқбаттаса алуынан; белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан;

9) тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатысып, өз ой-пікірлерін білдіруінен;

10) тілдесім әрекетінде қазақ тілінің сөз мәдениеті нормаларын сақтап қолдануынан;

11) тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрінеді.

 

Учебная программа по предмету «Қазақ әдебиеті»

(общественно-гуманитарное направление)

 

1. Түсінік хат

 

2. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

 2. «Тілдер туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде қазақ тілді емесмектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде меңгерту міндеттерінен туындайтын, сондай-ақ еліміздің әрбір оқушысы қазақ халқының тілі, әдебиеті, мәдениеті бойынша неғұрлым мол сусындап, оны тану және құрметтеу деңгейіне жетуіне оңтайлы жағдай тудыру қызметін орындаудан өріс алатын қағидаттар осы өзге тілді мектептерге арналған қазақ әдебиеті пәні оқу бағдарламасының негіздерін құрайды.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 418; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!