Учебная программа по предмету «Русский язык» 9 страница



13. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:

1) XIX ғасырдың I жартысындағы әдебиет жалпы шолу -1 сағат (XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы. Кенесары Қасымов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістер және оның әдебиетте жырлануы. Қазақ еліндегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қоғамдық санаға ықпалы. Қазақ даласындағы қоғамдық өзгерістер мен өмір құбылыстарын өлең, жыр, толғауларына арқау еткен қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмажан сияқты ақындардың шығармашылықтары. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихында әртүрлі ағымдардың пайда болуы. «Зар заман» ақындарының шығармаларына ортақ сарындар);

әдебиет теориясы: романтизм;

пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті;

2) Дулат Бабатайұлы «Еспембет» дастаны- 2 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Дулат – ХІХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр жағынан байыта түскен, көркемдік тәсіл тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ірі ақын.Дулат өлеңдеріндегі адам образдары, табиғат бейнесі. «Еспембет» дастанының тақырыбы мен сюжеттік желісі. Дастандағы Еспембет образын сомдаудағы ақынның шеберлігі (жанама мінездеу, суреттеу). Еспембет дастанындағы соғыстың жалпы панорамасы, сол сияқты жеке көріністерді, жекпе-жек ұрыстарды сипаттаудағы ақындық шеберлік. Дастандағы Ақбөрте тұлпардың образы. Дулат жырларының көркемдік ерекшеліктері);

әдебиет теориясы: мінездеу, суреттеу;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «Бес ғасыр жырлайды» кітабы;

3) Махамбет Өтемісұлы «Ереулі атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдері -2 сағат (Ақынның өмір сүрген дәуірі, ақын өлеңдерінен көрініс табатын халықтың арман-тілегі. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесі. Поэзиясындағы реалистік, романтикалық сипат. Көркемдік ерекшелігі мен жанры. Ақын шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны.

Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдері – ұрпақтан-ұрпаққа ұлттық сана-сезім мен отаншылдықты жалғастыратын, елдік пен ерлікті суреттейтін шығармалар. Өлеңдеріндегі өзінің ақындық, батырлық болмысы, жан дүниесі, мақсат-мұратының жан-жақты көрінуі. Өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен тіл айшықтары);

әдебиет теориясы: ассонанс, символ, аллитерация, параллелизм, метафора, риторикалық сұрақ;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Құрманғазы. «Кішкентай» күйі), электрондық оқулық (Махамбет туралы телесабақ);

өзіндік ізденіс жұмыстары:М.Шаханов. «Нарынқұм зауалы» поэмасы;

4)Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы -1 сағат (Түркістан қаласы маңында дүниеге келген суырыпсалма ақынның шығармаларында ХІХ ғасырдың орта тұсындағы патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік өмірдің шынайы суреттелуі. Шортанбай – еңбекші бұқараның азапты ауыр тұрмысын, әділетсіз билік өкілдерінің зұлымдығын әшкерелеген ақынның бірі. Ақынның өзінен бұрын өткен игі жақсылардың іс-әрекетін аңсап, тәлім-тәрбие мәселесін ескі салт-жоба, шариғат тұрғысынан қарастыруы. «Зар заман» толғауында шарасыздық күйге түсу, келер күннен жамандық күту, болашақтан үміт үзу идеясының басымдығы);

әдебиет теориясы: эпитет, теңеу, метафора, синекдоха;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

5)Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым» өлеңі -2 сағат (Сүйінбай Аронұлы – қазақтың ХІХ ғасырдағы көрнекті ақындарының бірі, ақындық айтыстың ірі өкілі.Сүйінбай – қазақ поэзиясын мазмұны, түрі, тақырыбы жағынан байытуда өзіндік орны бар ақын. Ол – халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да, әділ сыншы. «Бөрілі менің байрағым» - елдік рух пен ерлік тақырыбына арналған, ерліктің әнұраны іспеттес өлеңі);

әдебиет теориясы: теңеу, әсірелеу;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Жолдасбеков. Асыл сөздің атасы.         - Алматы, 1996;

6)Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы, Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы шығармашылықтары -1 сағат (ХІХ ғасыр поэзиясы – өз дәуірінің шындық жайларын жинақтап қамтыған көркемдік шежіре. Осы кезеңде өмір сүрген ақындар шығармаларында замана шындығының көрінісі, елдік, ізгілік, адамгершілік тақырыптары, сарындастық пен талант ерекшеліктері. Ақындар шығармаларынан көрінетін терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық. Ең бастысы, қоғамдағы әділдікті, халықтың бақытты болашақ өмірін аңсауы);

әдебиет теориясы: троп түрлері;

пәнаралық байланыс: музыка өнері, Қазақстан тарихы;

7) Шоқан Уәлиханов«Ыстықкөл күнделігі», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері»-2 сағат (Шоқанның өмірі мен шығармашылығы. Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші, тұңғыш ғалым, публицист, саяхатшы-географ. «Ыстықкөл күнделігі» - қырғыз елін жете зерттеуге қатысуынан, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болған экспедициясы нәтижесінде туған еңбегі);

әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызы;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, орыс әдебиеті,             театр (С.Мұқанов. «Шоқан Уәлиханов» пьесасы);

8)Ыбырай Алтынсарин «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңі, «Әке мен бала», «Талаптың пайдасы» әңгімелері -2 сағат (Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. Жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына өзектестігі, демократиялық-ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінде оқудың, ғылым-білімнің пайдасының баяндалуы.

Ыбырай – қазақ балалар жазба әдебиетін дамытушы және қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы. «Әке мен бала» әңгімесінің тәрбиелік және тәлімдік мәні. Мазмұнының өнегелік жағына ерекше мән берілуі. Әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі);

әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту.

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

9)Абай Құнанбайұлы«Әсемпаз болма әр неге», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңдері, «Қараңғы түнде тау қалғып», «Теректің сыйы», «Татьянаның хаты», «Онегиннің хаты» аудармалары, -6 сағат(Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы. «Әсемпаз болма әр неге», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» - жас ұрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өсиет өлеңдері. Өлеңдерінің негізгі идеясы - ғылымды меңгеру, адам бойында қайырымдылық пен адалдық, қайрат пен ақылдың болуын насихаттау және жат қылықтардан бойын аулақ ұстау. Абай шығармашылығындағы аударманың орны. Абай өзі өте жоғары бағалап, сүйіп оқыған Пушкин, Лермонтов, Крылов туындыларын қазақша сөйлетуі);

әдебиет теориясы: лирика ұғымын кеңейту;

пәнаралық байланыс: электрондық оқулық («Дара Абай – Дана Абай» телесабақ), музыка («Абай» операсынан фрагменттер), бейнелеу өнері (Ә.Қастеев. Жас Абай), орыс әдебиеті (А.С. Пушкин шығармалары);

10)Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны -1 сағат (Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүниежүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің өнер-білім, адамгершілік, болашақ, махаббат туралы лирикалық өлеңдері. «Еңлік-Кебек» дастаны – эпикалық жанрда жазылған көлемді шығармасының бірі. Дастанда ақынның демократиялық-гуманистік көзқарасының көрінуі. Кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі, поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы. Ел ішіндегі оқиға желісінің поэмаға арқау болуы. Дастандағы батыр Кебек пен сұлу қыз Еңліктің бейнелері);

әдебиет теориясы: дастан туралы ұғым;

пәнаралық байланыс: театр («Еңлік-Кебек» пьесасы), кино («Шәкәрімнің соңғы күзі»);

өзіндік ізденіс жұмыстары:М.Мағауин «Бес арыс» кітабы;

11)Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» -2 сағат (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – ақын, ақылгөй, данышпан, философ. Шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз бостандығы және халық бостандығы мәселелері. Өлеңдерінің басты тақырыбы мен идеясы – жастарды оқуға, білім алуға, мәдениетті мықты ел болуға үндеу. Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін – дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды («Ер Көкше», «Сайын батыр», т.б.) жинап, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы);

әдебиет теориясы: дастан туралы ұғымды дамыту, рторикалық сұрау;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті;

12) Мағауия Құнанбаев «Медғат – Қасым» поэмалары -1 сағат (Өмірі мен шығармашылығы. Әкесі Абайдың әсерімен орыстың классикалық әдебиетін оқып, үлгі алуы. Абайдың берген материалдары және кеңесі бойынша «Еңілік – Кебек», «Медғат – Қасым» поэмаларын жазуы. Мағауия қазақ әдебиетіне романтикалық поэманың үлгісін енгізуші. «Медғат–Қасым» - қазақ жазба әдебиетіндегі өзге халық өмірінен алып жазған көркемдігі жоғары, алғашқы романтикалық поэма. Поэманың композициясы, бейне жасау тәсілдері, тілдік кестесі);

әдебиет теориясы: романтизм;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті;

13) Жамбыл Жабаев «Шағым» өлеңі -2 сағат (Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы. Өлеңдерінің көркемдік сипаты. Сыншылдық-сатиралық сарын. «Шағым» – Жамбылдың ақындық жолындағы кедергілерді жеңуге деген қайсарлығын, ақындық айтқыштығын танытатын алғашқы өлеңдерінің бірі);

әдебиет теориясы: сатира туралы ұғымды кеңейту;

пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, кино «Жамбылдың жастық шағы», 1996 ж., сценарий авторы М.Жолдасбеков; режиссері Қ.Қасымбеков;

14. ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығы жалпы шолу - 4 сағат (ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар шоғыры. Жаяу Мұса, Мұхит, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтар – тума талант, табиғи дарын иелері. Олардың поэзия, музыка саласындағы мол мұрасы. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мұхит, Әсет, Үкілі Ыбырай, Естайлардың әрқайсысы әуен-сазын өзі шығарған аса көрнекті сазгер, өзі орындайтын ұлы әнші, өлеңдерін де өзі тудырған тамаша ақындар Біржан сал: «Ләйлім», «Жанбота», «Көкек», «Жамбас сипар» өлеңдері;

Ақан сері:«Сырымбет», «Балқадиша», «Маңмаңгер», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Жақсы мен жаман», «Ләйлім шырақ», «Құлагер»;

Жаяу Мұса: «Сұрша қыз», «Ақ сиса», «Көгершін», «Хаулау».

Балуан Шолақ: «Ғалия», «Желп-желп», «Кенже қоңыр», «Дікілдек».

Үкілі Ыбырай: «Гәкку», «Шалқыма», «Қалдырған».

Әсет Найманбаев: «Арғынмын, атым – Әсет арындаған», «Тоты», «Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Адамның жасы жөнінде»);

пәнаралық байланыс: музыка, электрондық оқулық.

14. Қорытынды – 1 сағат.

15. Шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат Шығармашылық жұмыстарға – 2 сағат. Сыныптан тыс оқыған шығармалар туралы әңгіме – 2 сағат .

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

16. 11-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 34 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2 сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.

17. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:

1) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, жалпы шолу -1 сағат (ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы. 1905-1907 жылдардағы революция мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ел өміріне әсері, әдебиет пен мәдениеттің дамуына ықпалы. ХХ ғасыр басындағы әдебиетте жаңа жанрлардың пайда болуы. Қазақ тіліндегі басылымдардың жарық көруі және елдің рухани дамуына әсері. Алғашқы қазақ романының өмірге келуі. Проза жанрының классикалық үлгіде дамуы. Әдеби бағыттардың пайда болуы); Әдебиет теориясы:әдеби ағымдар мен бағыттар туралы түсінік;

2) Ахмет Байтұрсынұлы«Қырық мысал», «Маса» жинақтары -2 сағат(Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Маса» жинағындағы өлеңдердің мазмұны мен мәні. Аудармалары. «Қырық мысал»);

әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық: А.Байтұрсынов (мұражайлық телесабақ, 2009);

3) Міржақып Дулатұлы «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ» өлеңдері, -1 сағат (Өмірі мен қоғамдық қызметі. «Оян, қазақ» жинағына кірген өлеңдеріндегі азаттық идеясы);

 әдебиет теориясы:роман, эпикалық жанр;

4) Сұлтанмахмұт Торайғыров«Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдері-1 сағат (Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. ХХ ғасыр басындағы демократтық-ағартушылық әдебиеттің көрнекті өкілі. Ақын лирикасындағы азаматтық сарын және әлеуметтік қайшылықтарды суреттеуі. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі. Өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы);


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 322; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!