Учебная программа по предмету «Русский язык» 3 страница



 

 

4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтижелер

 

27. Лексика бойынша:

1) берілген ойдың мазмұнына қарай қажетті сөздердің қолданылуын;

2) фразеологизмдердің мағынасын дұрыс ажыратуды;

3) мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды;

4) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс.

28. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:

1) түбірлес сөздердің мағыналық байланысын;

2) сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін білуі тиіс.

29. Грамматика бойынша:

1) сөздердің түрлену формаларын;

2) стилдің түрлерін білуі тиіс.

30. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым:

нақты, анық айтылған ақпараттардың мазмұнын түсіну;

радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсіну;

аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын;

2) оқылым:

әртүрлі тақырыптарда ұсынылған мәтіндерді оқып түсіну;

оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, баяндау;

мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мағыналық бөліктерге жіктей алу;

ғылыми-көпшілік, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптардағы материалдарды оқып талдау, ой қорыту дағдыларын меңгеруі тиіс;

3) айтылым:

өзінің сезімдерін, көзқарасын, ой-пікірін, армандарын жеткізе алу;

түрлі жағдаятқа сәйкес көзқарасын білдіру;

затты, құбылысты суреттеп, сипаттап айта алу дағдыларын;

4) жазылым:

өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгіме жазу;

пунктуация ережелерін сақтау;

ұсынылған мәтіндер бойынша жоспар түзу, тезис жазу дағдыларын меңгеруі тиіс;

5) тілдесім:

әртүрлі жағдаятта диалогтік, полилогтік сұхбаттарға қатысу;

таныс жағдаяттарда сұхбатқа өздігінен араласу;

үнтаспада жазылған сұрақтарды тыңдап түсіну, сол туралы өз қөзқарасын білдіру;

оқыған мәтін бойынша өз пікірін айту дағдыларын меңгеруі тиіс.

 

 

5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтижелер

31. Лексика бойынша:

1) сөздің тура және ауыспалы мағынасын;

2) синонимдік қатардан сөз таңдай;

3) тұрақты тіркестер, мақал мен мәтелдер, афоризмдердің аражігін ажырата;

4) омоним, антоним, синоним сөздердің қолданылу орындарын;

5) өндірістің, ғылымның, техниканың, өнер мен мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін терминдерді;

6) лексикографиялық сөздіктерді қолдану тәсілдерін;

7) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс.

32. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:

1) қосымшалардың түрлерін ажырата;

2) туынды сөздердің түрлерін жіктей;

3) қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілдерін ажырата білуі тиіс.

33. Грамматика бойынша:

1) сөз таптарының грамматикалық категорияларын;

2) сөз таптарының сөйлемдегі синтаксистік қызметін;

3) құрмалас сөйлемнің түрлерін;

4) құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылықтарын;

5) стилдің түрлерін білуі тиіс.

34.Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым:

аудиотаспадан тыңдалған диалог пен полилогті түсініп, онда айтылған сөз мазмұнын жеткізе білу;

тақырып бойынша тыңдалған пікірге, ойға баға беру;

радио, телеарналарда берілетін хабарлардың мазмұнын түсіну;

аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын меңгеруі тиіс;

 2) оқылым:

мемлекеттік тілде жазылған құжаттарды оқып түсіну;

мәтіннен өзіне керекті мәліметті бөліп ала білу;

оқудың нақты мақсатына сай әртүрлі стильдегі мәтіндерден негізгі ойды ажырата алу дағдыларын меңгеруі тиіс;

3) айтылым:

оқыған әңгіменің мазмұны, тақырыбы туралы айтып беру;

өз бетінше газет-журнал материалдарынына шолу жасап, негізгі ойды анықтай алу;

интернет желісінен қажетті ақпаратты тауып, оны өз сөзімен баяндай алу дағдыларын меңгеруі тиіс;

4) жазылым:

жеке адамға қатысты құжаттарды сауатты толтыру;

ұсынылған тақырып бойынша шығармашылық сипатта мәтін құрай алу;

реферат жұмысында дәйексөздерді кіріктіру және әдебиеттерді рәсімдеу дағдыларын меңгеруі тиіс;

5) тілдесім:

ұсынылған тақырып бойынша полилогқа қатысу;

диалогтің түрлеріне сай пікірлесе алу;

үнтаспадағы диалогті тыңдап, өз сөзімен айтып беру;

нақты тақырыпта сұхбат құрастыра алу;

әңгімені жалғастыру, пікір таластыру дағдыларын меңгеруі тиіс.

 

 

6. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Тұлғалық нәтижелер

 

35. 10-11-сынып оқушыларының:

1) Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына құрмет көрсетуінен;

2) жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен;

3) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға қабілеттілігінен;

6) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан көрінеді.

 

 

7. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер

 

36. 10-11-сынып оқушыларының:

1) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;

2) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;

3) мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба алуынан және оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдануынан;

4) өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;

5) мәселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алуынан;

6) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;

7) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен;

8) күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұқбаттаса алуынан; белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан;

9) тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатысып, өз ой-пікірлерін білдіруінен;

10) тілдесім әрекетінде қазақ тілінің сөз мәдениеті нормаларын сақтап қолдануынан;

11) тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрінеді.

Учебная прграмма по предмету «Қазақ тілі»

(естественно-математическое направление)

1. Түсінік хат

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы              23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген. 

2. Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Тіл және әдебиет» білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән.

3. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын жоғары буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.

4. Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш білім деңгейінде қарапайым деңгей 1-3-сыныптарды қамтыса, негізгі және орта деңгейлер                  4-сыныптан бастап оқытылады да, 9-сыныппен аяқталады. Ортадан жоғары деңгей 10-11-сыныптарды қамтиды.

5. 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –қазақ тілде емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ортадан жоғары деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік, дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат.

6. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Бұл үш тілді қатар білуге арналған тіл саясатына сәйкес мемлекеттік тілдің доминанттық рөлін күшейтуге келіп саяды. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, өзге тілді мектептің негізгі орта деңгейінде қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.

7. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде Қазақстан Республикасындағы оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептердің 1-11-сыныптарында қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды. Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді:

1) 10-11-сыныптардағыОртадан жоғары деңгей-В 1 екі игерімді қамтиды:

тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В 1.1 – 10-сынып;

тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В 1.2 В 1.2 – 11-сынып.

8. Қазақстан Республикасы халқының контингенті мен қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі негізге алынды:

 1) еуропалық жүйеге сәйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің 1-11 сыныптары бойынша сараланды;

2) негізгі және орта деңгейлердің тіл игеру игерімдері айқындалды;

3)негізгі және орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді;

4) оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар негізгі және орта деңгейлердің ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша сараланды;

5) әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша нақтыланып ұсынылды.

9. Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады.

10. Оқу пәнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынас нормаларын игерту.

11. Оқу пәнінің міндеттері:

1) жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, лингвомәдениеттанымдық, этномәдени және әлеуметтік тұрғыдан кеңейтіп, қазақ тілін игертудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;

2) оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

3) оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығын дамыту;

4) мәдени-әлеуметтік, қоғамдық-саяси тақырыптардағы оқу материалдарымен жұмыс аясында оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

12. Тілді меңгеру деңгейлерін игерімдерге жіктеу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асырылады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.

13. Қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын іріктеудеқатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды:

1) үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология сабақтастығы тұрғысынан оқытуды қамтамасыз етеді;

2) оқытудың әрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылай алу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді;

3) пәнаралық байланыс ұстанымы мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және қосалқы ойды ажырата алу және т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс) жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;

4) түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында жоғары сынып оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық үйлесімді жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты болып табылады;


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 261; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!