Дисфагиялар кезіндегі диагностикалау алгоритмі



$$$061

Әйел 34 жаста қатты тамақты жұтудың қиындауына, кеудесінің төменгі үштен бір бөлігіндегі ауру сезіміне, алдыға еңкейгенде ішкен тамағын шырыш пен сілекеймен бірге құсу, және түнгі уақыттағы регургитация, түндегі жөтел мен жүдеуге шағымданады.

Көрсетілгендер ішіндегі инструментальды зерттеулердің ЕҢ тиімдісі қайсысы?

А) Кеуде торының шолу рентгенографиясы                          

В) Эзофагогастродуоденоскопия

С) Өңеш манометриясы

D) Рентгеноконтрастты эзофагография

Е)  Бернштейн тесті

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., 2005 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$0 62

Ер адам 56 жаста, қатты тамақты жұтудың қиындауына, сұйық тамақ ішкенде шашалуға, сол жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, тамақпен кекіруге, дауысының қарлығуына, салмақ жоғалтуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: жүдеу. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, мойын лимфа түйіндері ұлғайған.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?                                                                                                                   А) Шекаралы дивертикул                                                                                                          В) Өңеш рагі

С) Фариногоэзофагеальды ахалазия

D) Баррет өңеші

Е) Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., Мухин Н.И., Моисеев В.С., 2005 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

$$$063

Әйел 35 жаста, тамағындағы “түйір” тұрғандай сезімге, қатты тамақты жұтудың қиындауына, сұйық тамақ ішкенде шашалуға, аяқ-қолдарының тоңуына, кезеңді түрде кешке қарай дене температурасының 370С дейін көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: қолының білектерінің тері жабындысы тығыз, аузы құралып келе жатқан кисет тәрізді. Жалпы қан талдауы: эритроциттер 3х10 12 /л, Hb 85 г/л, өңеш рентгеноскопиясы – төменгі үштен бір бөлігінің гипотониясы анықталады.

Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді болып табылады?

А) Месалазин

В) Купренил

С) Инфлексимаб

D) Метотрексат

Е) Преднизолон

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}=(Рациональная фармакотерапия заболеваний органов пищеварения. Под общей редакцией В.Т.Ивашкина. Москва, «Издательство «Литтера», 2003, 1044 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$064

Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды емдеу үшін төменде көрсетілген препараттардың ішінде қайсысын тағайындау дәйектемелі медицина ұстанымымен ЕҢ негізделген болып табылады?

А) Рабепрозол

В) Кларитромицин

С) Амоксициллин

D) Фамотидин

Е) Алюминий фосфаты

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=( Рациональная фармакотерапия заболеваний органов пищеварения. Под общей редакцией В.Т.Ивашкина. Москва, «Издательство «Литтера», 2003, 1044 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= ZO

 

$$$065

Әйел 56 жаста жұтудың бұзылуына, кеудесінің төменгі үштен бір бөлігіндегі ауру сезіміне, құсуға шағымданады. Көрсетілген симптомдар 3 айдан бері мазалайды, жүдеген. Контрастты затпен өңешті рентгенологиялық зерттегенде контрасты барий қоспасыныңасқазанға өтуі бұзылған, өңеш кеңейген, асқазанның газдық қапшығы анықталмайды. 

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді емдеу әдісі қандай?

А) Кардиодилатация

В) Ниссенбойынша фундопликация

С) Ботулотоксинді интрамуральды енгізу

D) Консервативті ем

Е) Эндоскопиялық резекция

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}=(Рациональная фармакотерапия заболеваний органов пищеварения. Под общей редакцией В.Т.Ивашкина. Москва, «Издательство «Литтера», 2003, 1044 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$066

Ер адам 65 жаста, метотрексат қабылдау фонында қыжылдау, өңештен тамақ өткенде ауру сезімі пайда болды. Эндоскопия жүргізгенде өңеш-асқазан өткелінен жоғарыға қарай жуып тастаушы қызыл түсті цилиндрлік эпителидің ұзын учаскесі анықталған.

Төменде көрсетілгендер ішінде емнің ЕҢ маңызды мақсаты болып табылады?

А) Жара пайда болуының алдын-алу

В) Өңеш стриктурасының алдын-алу

С) Аденокарциноманың алдын-алу

D) Қан ағудың алдын-алу

Е) Дисплазияның алдын-лу

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., Мухин Н.И., Моисеев В.С., 2005 г. )

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

А сқазан диспепсия кезіндегі диагностикалау алгоритмі

$$$067

Ер адам 40 жаста, бронх демікпесімен 10 жылдан астам ауырады. Тұрақты түрде холинолитиктер, ингаляциялық ГКС, бета-агонистер, теофиллин қабылдайды. Соңғы күндері қыжылдау, дисфагия, түнгі уақытта кеуде артындағы күйдіруді байқайтын болды.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?

А) Кандидозды фарингит

В) ЖИА, күш түсу стенокардиясы

С) Көмей стенозы

D) Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

Е) Асқазанның жара ауруы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Окороков А. Н. Лечение болезней внутренних органов: Т. 1. М.: Мед. лит., 2000)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

$$$068

36 жасар ер адам, тамақтан кейін 1,5-2 сағаттан соң эпигастральды аймақта пайда болатын ауру сезіміне, асқазанның қышықыл бөліндісімен, жеңілдік әкелетін құсуға, қыжылға шағымданып келді.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ бірінші орындағы зерттеу әдісі қандай?

А) Асқазан секрециясын зерттеу

В) Асқазан рентгеноскопиясы

C) Эзофагогастродуоденоскопия

D) Бернштейна тесті

Е) Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., Мухин Н.И., Моисеев В.С., 2005 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$069

Әйел 40 жаста, жиі аш қарынға кезеңді түрде пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, кекіруге, іштің жоғарғы бөлігінің кернелуіне, лық толу, жайсыздық сезіміне шағымданады. Көрсетілген симптомдар 5 айдан бері мазалайды, нервтік күштенуде күшейе түседі. Қан талдауында: эритроциттер 4,5х1012 /л, Нb-128 г/л, лейкоциттер 4,5х109 /л. Эзофагогастродуоденоскопияда: асқазан мен 12 елі ішек шырышты қабаты қызғылт түсті, таза. Жасырын қанға нәжіс теріс.   

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?

А) Функциональды диспепсия

В) Созылмалы гастрит

С) Асқазанның жара ауруы

D) Созылмалы дуоденит

Е) Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., 2005 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

$$$070

Ер адам 20 жаста, көбінесе түндегі эпигастридегі ауру сезіміне, қыжылдауға, құсуға  шағымданады. Эзофагогастродуоденоскопияда: 12-елі ішек буылтығы тыртықты жара үрдісіне байланысты деформацияланған. Төменгі қабырғасында диаметрі 7мм, терең, жан-жағы қабынған жара анықталады. Ер адам жатақханада тұрады, бұрында дәрігерлерге қаралмаған.

Көрсетілгендер ішінде қандай жүргізу тактикасы ЕҢ тиімді?

А) Амбулаторлы емдеу

В) Госпитализациялау

С) Күндізгі стационарда емдеу

D) Үй стационары

Е) Оқудан үзбей емдеу

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., 2005 г )

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$071

Асқазан жарасы ЕҢ жиі қайда орналасады?

А) Кіші иінінде

В) Үлкен иінінде

С) Антрум

D) Кардия

Е) Қақпақша

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Окороков А. Н. Лечение болезней внутренних органов: Т. 1. М.: Мед. лит., 2000)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= ZO

 

$$$072

Әйел 32 жаста, кезеңді жайсыздыққа және лық толу сезіміне, эпигастральды аймақтағы кернелу сезіміне шағымданады.Көрсетілген симптомдар 6 айдан бері мазалайды. Жалпы қан талдауында: эритроциттер 5х1012/л, Нb-128 г/л, лейкоциттер 4,5х109 /л. Эзофагогастродуоденоскопияда: асқазан мен 12 елі ішек шырышты қабаты қызғылт түсті, таза. Грегерсена реакциясы теріс.   

Көрсетілгендер ішінде берілген жағдайдың ЕҢ ықтимал себебі не?

А) Тітіркенген ішек синдромы

В) Тұз қышқылының гиперсекрециясы

С) Алиментарлық ағаттық

D) Helicobacter pуlori болуы

Е) Асқазанның қозғалту қызметінің бұзылысы

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., 2005 г )

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

ЖТД тәжірибесіндегі іштегі ауру синдромын диагностикалау алгоритмі

 

$$$073

46 жасар әйел, майлы тамақ ішкеннен 2 сағаттан кейін кенеттен басталған оң жақ қабырғаастындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауру сезімі оң иық пен жауырынның оң жақ бұрышына берілетін күйдіргендей, кергендей сезімді.. Екі рет құсқан, жеңілдік болмаған.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ бірінші орындағы зерттеу әдісі қандай?

А) Эзофагогастродуоденоскопия

В) Өт қапшығын ультрадыбысты зерттеу

С) Ретроградты панкреатохолангиография

D) Ұйқы безінің томографиясы

Е) Құрсақ қуысының рентгенографиясы

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=( Б.И.Шулутко, С.В.Макаренко «Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней». Санкт-Петербург, 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$074

Ер адам 55 жаста, тамақ ішкеннен 1 сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тұйық, әлсіз интенсивті, жиі ауру сезімі шыңында қыжылдау және жеңілдік әкелетін құсумен бірге жүреді. Терең пальпацияда эпигастрий аймағында әлсіз ауру сезімі анықталады.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?

А) Қақпақша стенозы

В) Созылмалы панкреатит

С) Асқазанның жара ауруы

D) Созылмалы атрофиялық гастрит

Е) Асқазан рагі

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., Мухин Н.И., Моисеев В.С., 2005 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

$$$075

Әйел 70 жаста, оң жақ қабырғаастындағы кенеттен пайда болған керіп ауыратын, оң жақ бұғанасына берілетін ауру сезіміне, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Осыған ұқсас ұстама 1 жыл бұрын болған. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғайған, Мерфи симптомы оң, бұлшықеттік қорғаныс симптомы анықталады. Қан талдауында: лейкоциттер - 15х109 /л, ЭТЖ - 20 мм/сағ, жалпы билирубин 35 ммоль/л. Ультрадыбысты зерттеуде: жалпы өт түтігінде конкремент бар.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ лайықты зерттеу әдісі қандай?

А) Ауыз арқылы литолитикалық терапия

В) Экстракорпоральды  литотрипсия

С) Лапароцентез

D) Лапароскопиялық холецистэктомия

Е) Ашық холецистэктомия

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Окороков А. Н. Диагностика болезней внутренних органов: Т. 6. Диагностика болезней органов пищеварения: - М.: Мед. лит., 2002.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$076

3 апта бұрын миокард инфарктін алып, үйде реабилитация өткен 69 жасар ер адамда кіндік жарығының қысылуы пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүректің соғу жиілігі минутына 80 рет, Артериальды қан қысымы – 140/90 мм.,с.б.б.

Көрсетілгендер ішінде қандай жүргізу тактикасы ЕҢ тиімді?

А) Жарықты үйде абайлап орнына салу

В) Жөндеу және бандаж кию

С) Жарық тұсына мұзбен бірге грелка қою

D) Емхана хирургын кеңеске шақыру

Е) Хирургиялық аруханаға жатқызу

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., Мухин Н.И., Моисеев В.С., 2005 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$077

32 жасар әйел, аспазшы, жедел ауырды, жақында жұмыртқа жеген. Қалтырау, қызба, кіндік тұсындағы кескендей ару сезімі, екі рет құсу, жиі ( 8 ретке дейін) іш өтуі, айқын әлсіздік бар. Бозарған, артериалдық қан қысымы – 100/70 мм.с.б.б., Жүректің соғу жиілігі – минутына 110 рет. Іші кіндік маңы аймағында әлсіз ауру сезімімен.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?

А) Жедел энтерит

В) Дизентерия

С) Тағамдық токсикоинфекция

D) Сальмонеллез

Е) Холера

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Виноградов А.В. Дифференциальный диагноз внутренних болезней. А. В. Виноградов.-М., 2001)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

$$$078

26 жасар ер адамда, баспамен ауырғаннан кейін кіндік маңы тұсында және іштің оң жақ төменгі квадрантында ұстамалы, пальпацияда күшейе түсетін ауру сезімі, әлсіз құрсақтың тітіркену симптомы, сұйық нәжіс, артралгиялар пайда болды. Қарап тексергенде терісінде қызыл ұсақ нүктелі бөртпелер анықталды.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Түйінді периартериит

Б) Жедел аппендицит

С) Аденоматозды полипоз

D) Тромбоцитопениялық пурпура

Е) Геморрагическиялық васкулит

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., Мухин Н.И., Моисеев В.С., 2005 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

Сарғаю синдромы кезіндегі диагностикалау алгоритмі

$$$079

32 жасар ер кісі, инженер-химик, өндірісте бензолмен жұмыс істейді, күніне 2-3 сағаттан, жұмыс стажы 7 жыл. Анамнезінде: 2 ай бұрын В гепатитінің жеңіл түрімен ауырды.

Төменде көрсетілген ұсыныстар ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?

A) Денсаулық жағдайынабайланысты жалақы сақтаусыз демалыс

B) Басқа жұмысқа ауысу

C) Кезекті демалыс

D) Санаторлық-курорттық ем

E) Бұл өндірісте жұмыс істеу

{Дұрыс жауабы}=В 

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= ZO

 

$$$080

45 жасар ер кісіде ауру сезімсіз сарғаю пайда болды, содан кейін күңгірт түсті зәр, нәжісінің түссізденуі, терінің қышуы пайда болды. Объективті: Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырады. Бауыры 11-10-9 см, тығыз, ауырады. Қарап зерттегенде: бауырды ультрадыбысты тексергенде өт өзектерінің кеңеюі, бауырдың үлкеюін, 3,0х2,0 см кистаны анықтады. Жалпы қан анализінде: эозинофилдер 10%; Кацони терілік сынамасы және латекс агглютинация реакциясы – оң.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Өт-тас ауруы

B) Эхинококкты киста

C) Ұйқы асты безі басының жаңа түзілісі

D) Стеноздаушы холангит

E) Фатеров емізікшесінің жаңа түзілісі

{Дұрыс жауабы}=В 

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

$$$081

41 жасар ер кісі, мұғалім. Запыранмен құсуға, оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезіміне, дене қызуының 38,50 дейі көтерілуіне шағымданады. 2 күн бойы ауырады. Анамнезінде алкоголді шамадан көп пайдалану, емдәмді бұзу. Объективті: тері жабындылары сары-сұр түсті, Кер нүктесінің ауырсынуы, бауыр өлшемдері 10-9-8 см. Қан анализі: лейкоциттер – 20,0х109г/л, жалпы қан билирубині – 180 мкмоль/л, тікелей – 150 мкмоль, зәрде билирубинге реакция оң, стеркобилинге реакция – теріс; аланинаминотрансфераза – 0,46 мкмоль/л.

Алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Өт-тас ауруы  

B) Созылмалы вирусты гепатит

C) Созылмалы алкогольды гепатит

D) Ұйқы асты безі басының ісігі

E) Созылмалы панкреатит

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$082

48 жасар әйел. Терінің сарғыш түске боялуына, лезде салмақ азаюына, себебсіз әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде жатыр фибромиомасы. Объективті: бауыр өлшемдері 11-10-9 см; билирубин 60 мкмоль/л, тікелей – 40 мкмоль/л; тікелей емес 20 мкмоль/л; аланинаминотрансфераза – 0,87 ммоль/л, сілтілі фосфатаза 160 ед/л. Бауыр биопсиясы тағайындалды.

Қандай морфологиялық өзгеру ЕҢ болжамды?

A) Үлестің шеті бойынша «баспалдақты» некрозы

B) Гепатоциттерде регенерация үрдісі

C) Портальді тракттың бастапқы фиброзы

D) Үлес ішінде қабыну инфильтраты

Е) Үлестердің шамалы дистрофиясы

{Дұрыс жауабы}= А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

$$$083

36 жасар ер кісі. Кезеңмен пайда болатын бет терісінің, қол ұшының, аяқ ұшының сарғаюына, жүрек айнуға, кекіруге, іш қатуына шағымданады. Анамнезінен: бала кезінен ауырады. Объективті: терісі бозғылт-сары түсті, қабақтың ксантелазмалары, склералары – қалыпты. Қанда жалпы билирубин – 40 мкмоль/л, тікелей емес билирубин – 40 мкмоль/л, аланинаминотрансфераза – 0,16 мкмоль/л, аспартатаминотрансфераза – 0,22 мкмоль/л. 

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Талассемия

B) Пигментті гепатоз

C) Созылмалы гепатит

D) Гемолитикалық анемия

E) Инфекционды мононуклеоз

{Дұрыс жауабы}=В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

$$$084

52 жасар ер кісі, тренер. Байқаусыз пайда болған терінің сарғаюына, қышуға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Объективті: тері жабындылары, склерасы сарғайған, қышыну іздері. Пальпацияда: панкреатодуоденальді аймақ ауырады, бауыр өлшемдері 11-10-9 см, тығыз, ауру сезімсіз. Қан анализінде: эритроциттер 3,6х1012/л, Hb 110 г/л, ЭТЖ 40 мм/ сағ, билирубин 120 мкмоль /л, тікелей – 80 мкмоль/л; аминотрансфераза – 0,26 ммоль/л, сілтілі фосфатаза 500 ед/л; зәрі күңгірт, билирубин – оң.

Қандай зерттеу әдісін ЕҢ бірінші кезекте өткізу керек?

A) Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеуін

B) Бауырдың пункционды биопсиясын 

C) Бауырдың допплерді ультрадыбысты зерттеуін

D) Құрсақ қуысын рентгенологиялық зерттеуін

E) Құрсақ қуысын компьютерлі томографиясын

{Дұрыс жауабы}= А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 169; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!