Б) менингококкты назофарингит  8 страница



d) сол балтырының тілмесі, эритематозды˗буллезді түрі;

e) сол балтырының біріншілікті тілмесі, эритематозды˗буллезді түрі,орташа ауырлық ағымы.

 

423. Г. науқас, 57  жаста, жедел ауырды, дене температурасы39,5˚С дейін жоғарлады, қалтырау. Аурудың екінші күні оң жақ балтырында ауырсынулар, гиперемия пайда болды, үштен ортанғы бөлігінде нақты шектелген терісінің қалынданғаны көрінді. Молдірсұйықтығы бар көпіршіктер қалыптасты. Аурардың алдында балтырын соғып алған. Бұрын осындай өзгерістер болмаған, бірак жиі баспаның көріністері болған, көп жыл бойы сол жақ балтырының терең көк тамырларының тромбофлебиті бар.

 Ықтимал диагнозды көрсетіңіз:

a) флегмона

b) түйнеме

C) тілме

d) эризипелоид

e) тромбофлебит

 

430. Науқас С., 39 жаста, 2 күн бұрын ауырған, аузын ашқанда және жұтынғанда ауырсынуын байқаған. 2-ші күні температура 38,2°С көтеріліп, тершеңдік. Аузын аша алмау, жұтынғанда ауырсыну 1 рет арқа бұлшықеттерінің тырысуын байқады. Бір апта бұрын қолын тот басқан шегемен жарақаттап алған. Ауруханаға түскенде: температура 38,3°С, шайнау бұлшықеттерінің тризмі, көзі шүңірейген, арқа бұлшықеттері, алдыңғы іштің бұлшықеттері, аяқ-қол ірі бұлшықеттері тонустары жоғары. Пульс 96 мин., АД 105/65 мм сын.бағ., тыныс алуы 26 мин. Қарау кезінде бұлшықет тырысуы ұзақтығы 1 минут, цианоз, көп терлеу, пульс 140 мин., тыныс алуы 42 мин., есі сақталған.

Болжамды диагнозды атаңыз.

a) Кенелік энцефалит

b) Менингококкты менингит

c) Ботулизм

d) Сал ауруы

e) Сіреспе

 

431. 42 жастағы ер адам әлсіздікке, ұйқышылдыққа, жұмысқа қабілеттігінің төмендеуі шағымдарымен дәрігерге келді. Науқастың 5 жыл бұрын Эфиопияда болғандығы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер қажет? 

a) Нәжіс микроскопиясы

b) Жыныс мушелерінен алынған жағындының микроскопиясы

c) Қан жағындысының микроскопиясы

d) Ликвор және лимфа түйіндері пунктатының микроскопиясы

e) Бұлшықет биоптатының микроскопиясы

 

432. Науқаста африкандық ұйқы ауруы анықталды. Қандай жәндік жұқпаның жұғу факторы болып табылады?

a) Вольфартов шыбыны

b) Бөлмелік шыбын

c) Көк шыбын

d) Цеце шыбыны

e) Төсек қандаласы

433. Науқас И., 20 жаста, оң жақ балтырының, табанының сырқырап ауратының айтты. 12 сағаттан кейін аузын аша алмау, жұтқыншақ, мойын бұлшық еттерінің спастикалық жийырулуы, шайнау бұлшық еттерінің тырысулары, тершендік қосылды.

Анамнезінен белгілі: екі апта бұрын саяжайында жөндеу жүргізген, оң өкшесімен тот басқан шегеге басты. Медициналық көмекті сұрап бармаған, жарақатты йод ерітіндісімен оңдеген.

Қарағанда: жағдайы ауыр, есі сақталған, жалғасуда. Тризм, «сардониялық» күлімсіреу, аурусынатын желке бұлшық еттерінің тырысулары. АҚ=120/80 мм сын.бағ. Пульс 96/мин. Диурез сақталған. Дене температурасы 36,8°С. Оң өкшесінде – іріндеген жарақат.

Болжамды диагноз қандай?

a) Кенелік энцефалит

b) Менингококкты менингит

c) Ботулизм

d) Сал ауруы

e) Сіреспе

434. Науқас В., 37 жаста, сабанға қораның төбесінен құлағаннан кейін тізесін жарақаттап алған. Жарақатқабіріншілікті хирургиялық өңдеу жасалды. Жылқы ақуызына сезімталдық сынамасы оң болғандықтан сіреспеге қарсы сарысу енгізілмеді. Науқаста 1 аптадан кейін пайда болған тризм, дисфагия, «сардониялық» күлкі және шүйде бұлшықетінің тырысуларына байланысты сіреспе диагнозы қойылды. Науқас қай бөлімшеде емделуі қажет? 

a) Жұқпалы аурулар

b) Хирургиялық

c) Кардиологиялық

d) Гастроэнтерологиялық

e) Жан сақтау

435. Науқас В., 18 жаста, аурудың 5ші күні ауруханаға мынадай шағымдармен келіп түсті:дене температурасының жоғарлауы, басының ауыруы, тітіркенгіштікке, тершеңдікке, бет және мойын аймағындағы тартып ауырсынуына, жұтынудың қиындауына, қозғалыстың шектелуіне, арқа бұлшықетінің тырысуына.

Объективті: тері жамылғысы бозғылт, өкпе тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 24, жүрек тондары тұйықталған, пульсі-82 соққы минутына, АҚ 120/80 мм. сын.б. Дене температурасы 37,6°С, тризм, қол-аяқтары мен арқа бұлшықеттерінің болар болмас гипертонусы. Менингеальді белгілер жоқ.

Эпиданамнезінен: науқас 1 ай бұрын ауылға әжесіне қонаққа барған. Бақшада алма жинап жүріп сатыдан құлап,оң жақ балтырын жарақаттап алады. Жарақатына мән бермей, алмаларын жинап жүре береді.

Шұғыл терапия тағайындаңыз:

a) Глюкоза-тұзерітінділері.

b) Сіреспеге қарсы сарысу.

c) Сіреспеге қарсы анатоксин.

d) Плазмоферез, гемосорбция.

e) Горомональді терапия.

 

436. Науқас 25 жаста аурудың 5ші күнінде жеткізілді. Ауру біртіндеп басталды. Температура субфебрилді. Аузын ашуының қиындауына, мойын және арқадағы тартып ауырсынуына, қатты тершеңдікке шағымданады. Арқа бұлшықетінің қысқа уақытқа тырысуы байқалды.

 Эпиданамнез: 1 ай бұрын ауылға барған- шөп орған, арықтан су ішкен. Бақшаны қазып жүргенде,аяғын жарақаттап алған.

Болжамды диагнозды анықтаңыз:

a) Кенелік энцефалит

b) Менингококты менингит

c) Ботулизм

d) Сал ауруы

e) Сіреспе

 

437. Науқас И., 35 жаста, неврологиялық стационарға мынадай диагнозбен келіп түсті:оң жақ бет жүйкесінің парезі. 13 күн бұрын жерге құлағанда оң жақ мұрын қанатын тері жамылғысымен бірге жарақаттап алады. Терапевттік көмекке жүгінбеген. 

Түскен кезде ауыз ашуының қиындауы, мимикалық бұлшық еттерінің тартып ауырсынуы, соған байланысты науқас келбеті «сардониялық күлкіге» ұқсады.

Осы аурудың мүмкін болатын жұғу жолын анықтаңыз:

a) Жуылмаған жеміс пен көкөністерді тамаққа қолдану;

b) Жұқпаланған жарақаттың болуы;

c) Ауа-тамшылы;

d) Жыныстық;

e) Көптеген маса шағулары.

 

438.28 жастағы науқаста аурудың басты көрінісі болып кезеңді дене бұлшықеттерінің тырысулары болып табылады. Аузы күлкіде тартылған, 1-1,5 см ғана қиындықпен ашылады. Есі анық, температурасы қалыпты, бұлшықеттік гипертонус. Сол жақ білегінде электротравмадан кейінгі IV дәрежелі жазылып баражатқан күйік.

Болжамды диагнозды көрсетіңіз:

a) құтыру

b) жарақаттық ботулизм

c) сіреспе

d) энцефалит

e) ми қанайналымының бұзылысы

 

439.46 жастағы ер адам трактордан құлап, терең жарақат алады.Сіреспеге қарсы сарысуды келесі жағдайда енгізуге болмайды:

a) соңғы сіреспелік анатоксин енгізілуі 12 жыл бұрын болған

b) сіреспелік анатоксинді қабылдамаған

c) өмір бойына сіреспелік анатоксиннің 2 инъекциясын қабылдаған

d) иммунизацияның толық курсын және 2 жыл бұрын ревакцинация қабылдаған

e) 5 жыл бұрын сіреспеге қарсы сарысу енгізілген

 

440.Науқас Т., 62 жаста,бақшада жұмыс істеп жүргенде оң жақ табанының терең жарақатын алады. Әлсіздік пайда болды, жарақат маңы тартылып кернелді.2 күн өткен соң ауызын ашу мен шайнаудың қиындауын, жұтыну кезінде ауырсынуды байқады. Кейін бет бұлшықетінің кернелуі мен көкірегінде қысу сезімі болды. Медициналық көмекті шақырды. Ұзақ уақыт алкоголь ішеді.

Болжамды диагнозды атаңыз:

a) ботулизм

b) энцефалит

c) сіреспе

d) құтыру

e) алкогольді энцефалопатия

 

441.Науқас К., 64 жаста, 2 апта бұрын ауыл шаруашылық жұмыстарын істеп жатқанда сол жақ балтыр жарақатын алды. Әлсіздік пайда болды, жарақат маңы тартылып кернелді. 2 күн өткен соң ауызын ашу мен шайнаудың қиындауын, жұтыну кезінде ауырсынуды байқады. Кейін бет бұлшықетінің кернелуі мен басын бүгуінің қиындауы, көкірегінде қысу сезімі болды. Температурасы қалыпты.

Болжамды диагнозды атаңыз:

a) ботулизм

b) сіреспе

c) менингит

d) құтыру

e) сал ауруы

 

442. Науқас В., 25 жаста,аузының ашылуының қиындауына байланыстыемханаға стоматологқа көрінген. Стоматолог өзгеріс таппады, бірақ науқас 3 см ғана аузын аша алғандықтан оны неврологқа жібереді. Невролог сіңірлік рефлекстердің жанданғанын байқап, науқасқа,тау жалбызы мен шүйгіншөп тыныштандыратын микстурасын ұсынған. Келесі күні науқас ауызын толық аша алмағандықтан және тыныс алуының қиындауына байланысты, емханаға терапевтке келеді. Температура 37,5ºС. Терапевт амбулаторлық картада «дәлелді емес күлкі» түрінде көрінетін адекватты емес қылығын көрсетеді. Көмек көрсетілмегеннен, науқас хирургқа көрінген, ол 10 күн бұрын науқас футбол ойнап жүргенде сол жақ балтыр жарақатын алғанын анықтайды. Жалпы қараудан кейін диагнозды қояды:

a) ботулизм

b) сіреспе

c) менингит

d) құтыру

e) сал ауруы

 

443.Науқас 32 жаста, тізе, балтыр-табан буындарының аймағындағы ауырсынуға, дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Буын ауыруы 3 жыл мазалайды. 6 жыл бойы сауыншы болып жұмыс істейді.

Жағдайы қанағаттанарлық.Т-37,5°С. Микрополиаденит. Оң жақ тізе буыны ісінген, қозғалысы шектелген, ауырсынады. Жүрек тондары тұйық. Рs 78 соққы минутына.АҚ-100/60 мм.сын.бағ.Іші жұмсақ. Бауыры үлкейген, көкбауыры пальпацияланбайды.

Болжамды диагноз:

a) жеделше сарып

b) жедел сарып, компенсация

c) созылмалы сарып, субкомпенсация

d) біріншілікті-латентті сарып, декомпенсация

e) резидуальді сарып

 

444. Науқастағы келесі лабораторлы зерттеу нәтижесінде болатын тактиканы анықтаңыз:

Жалпы қан анализі: НВ – 146 г/л, эр. – 4,2 ∙ 1012/л, лейк. – 3,2 ∙ 109/л, т/ө – 4%, с. – 33%, лимф. – 63%, ЭТЖ – 10 мм сағ.

 Қанды Райт реакциясына тексеру 2.03 – 1:200;7.03 – 1:3200.

a) Диспансерлік есепке алу

b) вакцинация        

c) ПТР жүргізу

d) СЭСке шұғыл хабарлама жіберу

e) Зертханалық талдауларды қайталау

 

445. Науқас дәрігерге ұйқышылдыққа, тез шаршағыштыққа, арықтауға, қызбаға шағымданды. Жақында Африкаға барып келген. Диагнозды нақтылау үшін қандай зертханалық зерттеу жүргізу керек?

a) Қан мен лимфа түйіндері пунктатының жағындының микроскопиясы

b) Биохимиялық қан талдауы

c) Серологиялық реакция

d) Жалпы қан талдауы

e) Биологиялық әдіс

 

446.Науқас Н., 46 жаста, сауыншы, жедел ауырды, дене температурасы көтеріліп, қалтырау мен тершеңдік пайда болды. Жұмысын істеуін жалғастарды. Аурудың 15ші күні түскенде: температура 38,6 ºС, жағдайы қанағаттанарлық, ЖСЖ 100 рет мин., АҚҚ 105/70 мм сын.бағ., бауыр мен көкбауыры улкейген.Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораторлы зерттеу қажет?

a) Райта реакциясы

b) Кумбса реакциясы

c) Вассермана реакциясы

d) Хофф-Бауэра реакциясы

e) Пауля-Буннеля реакциясы

 

447.Науқас М.,40 жаста, маманы - сауыншы. Жедел ауырды. Жоғары температура, қалтырау, тершеңдік пайда болды. Аурудың 15ші күні түскенде: температура 38,6 ºС, жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі 100 соққы минутына, ырғақты, толымдығы қанағаттанарлық. Жүрек тондары таза. Өкпе патологиясыз. Бауыр мен көкбауыры пальпацияланады.  

Науқастағы сарыптың түрін көрсетіңіз:

a) Латентті

b) Жедел

c) Жеделдеу

d) Созылмалы

e) Резидуальді

448.Науқас А., 36 жаста, ауылдың ветеринар дәрігері, дәрігерге жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бұлшықет пен буындардағы ауырсынуға шағымданды. 2 апта бұрын ауырды. Соңғы 3 күн дене температурасының жоғарлауын 38,5-39ºС, қалтырау, көп мөлшерде терлегенін байқады. Объективті тексергенде: мойын, қолтықасты және шап лимфа түйіндерінің үлкейген. Гепатоспленомегалия.

Болжамды диагноз?

a) Іш сүзегі.

b) Бөртпе сүзегі.

c) Токсоплазмоз.

d) Сарып .

e) Лептоспироз.

 

449. Науқас Д., 40 жаста, сауыншы. Дәрігерге соңғы кездегі дене температурасының аздап жоғарлауына, қалтырауға, тершендікке, омыртқа жотасы бойы аурусынуларға, денеге түсетін ауырлықтан кейін күшеетін тізе, шынтақ, білек буындарындағы аурусынуларға, олардың қозғалусы шектелгенге шағымданып келді. Соңғы жыл бойы аурады.

Қарағанда: шап, колтық асты, жақ асты лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыры ұлғайған. Оң жақ шынтақ буын аймағында - бурсит, бел аймағында - ауырсынатын, диаметрі 1,5-2,0см дейін фиброзиттер, қолдарының бұгу және жазылу бұлшық еттері аздап ісінген, гиперемияланған; қозғалысы шектелген, ауырсынуыме. Науқасқа этиотропты ем ретінде қандай препарат тағайындау қажет?

a) тетрациклин

b) пенициллин

c) фуразолидон

d) декарис

e) фансидар

 

450.Науқас 32 жаста, ауыл тұрғыны, мал ұстайды. Жедел ауырды, дене температурасы 38ºС, оң жақ иық буынында ауырсыну, тершеңдік. Тері жамылғылары ылғалды, гепатомегалия. Оң жақ иық буыны ісінген. Гиперемия және жергілікті температура жоқ.

Тексерудегі қателікті табыңыз:

a) Бруцеллезге транспортты ортаға қанды себу

b) Райт және Хеддлсон реакциясына қан

c) Қанның биохимиялық талдауы

d) Жалпы қан анализі

e) Сарыпқа нәжіс,зәр себу

451.Ауыл тұрғынының дене температурасы 7 күн бойы 38ºС тан 39,5˚Сқа дейін көтерілді.  

Тексеру кезіндегі қателікті табыңыз:

a) сүзек-парасүзекті ауруларға қанды, нәжісті, зәрді себу

b) Бернетт және Провачек риккетсияларымен КБР қан талдауы

c) Райт және Хеддльсон реакциясына қан талдауы

d) Қанды тазалыққа тексеру

e) Нәжіс пен зәрді дизентерияға себу

 

452.Науқас С., 42 жаста, 10 күн бұрын жедел ауырып, қалтырап, дене температурасы 40ºС дейін көтерілді. Бұлшықеттік ауырсыну мен буындағы ауырсыну, көп мөлшерде терлеу мазалады. Ары қарай құйымшақ, тізе буынында ауырсыну сезімі пайда болуына байланысты емхана дәрігеріне қаралды.

Температурасы 39,7ºС. Кішкентай лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырсынусыз, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Буындары сырттай өзгермеген. Тізе буынындағы қозғалысы ауырсынулы. Бауыр 2 см қабырға доғасынан шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланады. Науқас эмоционалді лабильді, тітіркендірулі.

Қандай эпиданамнез бойынша науқаста сарып екеніне күмәнданамыз?

a) Қайнаған сүт ішкен.

b) Ауыру алдында жуылмаган құлпынай жеген.

c) Науқас мамандығы бойынша ветеринар дәрігері.

d) 3 ай бұрын аппендицит бойынша операция жасалған.

e) Холецистит диагнозы бойынша диспансерлік есепте тұрады.


Дата добавления: 2018-05-13; просмотров: 1095; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!