Б) менингококкты назофарингит  3 страница



Қандай ауру туралы ойлау керек?

а) тұмау, менингизм;

б) менингококты менингит;

в) серозды менингит;

г) субарахноидальдықан құйылу;

д) екіншілік іріңді менингит.

 

295.Науқас К., 20 жаста. Жедел ауырған: температурасы жоғарылаған, бас ауруы, бұлшықеттерінің ауруы пайда болған. 2 күні дәрі мен тағам ішумен байланысы жоқ құсу, менингиальды белгілер қосылды.

Люмбальды пункция: ликвор мөлдір, жиі тамшылармен ағады, цитоз – 200, белок – 0,99%, Панди реакциясы ++. Клеткалық құрам: 90% лимфоциттер, 10% нейтрофилдер. Қант – 3,70 ммоль/л.

Қандай ауру туралы ойлаған дұрыс?

а) тұмау, менингизм;

б) менингококты менингит;

в) серозды менингит;

г) субарахноидальдықан құйылу;

д) екіншілік іріңді менингит.

 

296.Науқас Н., 25 жаста, 25 қыркүйекте мойын аймағындағы фурункулға шағымданып түскен. Ауруға дейін бір апта бұрын туысқандарына ауылға барған, кенеттен ауырған сиырды союға көмектескен.

Мойынның бүйір бөлігінде – диаметрі 1,5 см карбункул бар, ол қабыну білігімен қоршалған, ал ортасында – қара қабыршақ бар. Мойын мен бұғанаасты аймағы ісінген. Дене температурасы – 38,80С.

Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностика әдісін жүргізу қажет?

а) Қанның үлкен тамшысының микроскопиясы;

б) Қанды стерильділікке себу;

в) Жара бөліндісін бактериологиялық себу;

г) Туляремиялық антигенмен РСК;

д) Провачек риккетсияларымен РПГА.

 

297.Берілген ликвор анализінің көрсеткіштері қандай ауруға тән: бұлыңғыр, ақшыл-сары түсті. Цитоз - 4500 мкл, нейтрофилдер - 89%, белок - 2.2 г/л, қант шамалы төмендеген.

а) Энтеровирусты менингит;

б) Туберкулезді менингит;

в) Субарахноидальды қан құйылу;

г) Менингококты менингит;

д) Қызылшалық менингит.

 

298.Ветеринарлық санитар 58 жаста, ауру сиырды мәжбүр союға қатысқан, «пневмония» диагнозымен аудандық ауруханаға жолданған. Қарау кезінде температурасы 38,5°С, оң жақ қолдың бас бармағында қанық-қызыл түсті диаметрі 1 см жара анықталды, қабыршақпен, қолы қатты ісінген. Оң жақ қолтықасты аймағында ауырмайтын үлкейген лимфа түйіндер жинағы анықталды.

Диагнозды көрсетіңіз:

а) Бруцеллез;

б) Туляремия;

в) Жұқтырылған жара, лимфаденит;

г) Түйнеме;

д)  Кенелік бөртпелі сүзек.

 

299.Науқас Я., қыз бала, 16 жаста, ауруының 3-ші күні клиникаға келіп түсті. Жедел ауырған: маңдай-төбе аймағында бас ауруы, мұрын бітелуі, бір рет құсу, ернінде – ұшықтық бөртпе, адинамия. Ауру басталғаннан 2 күннен кейін жағдайы нашарлап, температурасы – 39,6 0С болып, мұрнынан қан аққан. Жамбас терісінде жұлдыз тәрізді некроз аймақтары бар геморрагиялық бөртпелер бар. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың кілегей қабаты гиперемияланған. Пульс жиілеген, АҚҚ төмендеген, бауыры мен көкбауыры ұлғайған. Менингиальды симптомдар айқын. 

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?

а) Жалпы қан талдауы;

б) Жалпы зәр талдауы;

в) Қанның биохимиялық талдауы;

г)       Ликвордың талдауы;

д) Қақырықтың микроскопиясы.

 

 

300. Ауру интоксикация, әлсіздік, бас ауруы, құсу, төменге және аяққа қарай өрбіген ортасында некрозы бар түрлі көлемді геморрагиялық бөртпемен көрініс берсе жағдайды келесідей бағалайды:

а) кенелік бөртпе сүзек

б) бөртпе сүзек

в) іш сүзек

г) менингококкцемия

д) жалғантуберкулез

301. 23 жасар науқас, аурудың 2-күнінде жедел жәрдем көлігімен ессіз жатқан жағдайда стационарға жеткізілді. Дене темперарурасы 39,2°С. Рефлекстері сақталған . желке бұлшықеттері қозғалмалы. Бөрпе жоқ. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Пульс минутына 56 рет, ырғақты, күштүспеген . АҚ 100-70 мм рт.ст. Қандағы лейкоцитоз 23х103 в 1 мкл-ге дейін, анэозинофилия, ЭТЖ 40 мм/сағатына. Қай диагноздың болу мүмкіншілігі жоғары:

а) Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба

б) Іріңді  менингит

в) серозды менингит

г) бөртпе сүзек

д) субарахноидальді қанқұйылу

 

302. 19 жасар науқас, жедел ауырған, дене температурасы 39°С, тамақ ашуы, қатты бас ауруы, құсу мазалайды. Қарап тексеру кезінде қол аяқтың геморрагиялық бөртпелері, склераларға қан кету анықталған. Қатты менингеальді синдром білінген.Менингококкты инфекция диагностикаланған.

Менингококкты инфекцияның қай формасы екенін көрсетіңіз:  

а) менингит

б) менингоэнцефалит

в) аралас

г) назофарингит

д) менингококкцемия

 

303. 19 жасар науқас, дене температурасының 40°С-қа дейін көтерілуімен , күн соңына қарай қатты қақсау мазалап, жедел ауырған. Қол аяқтың дистальді бөліктерінде майда нүктелі бөртпе пайда болған. Менингеальді симптомдар жоқ. Ауырар алдын 7 күн бұрын ринитпен ауырған.

Қай диагноздың болу мүмкіншілігі жоғары:

а) іш сүзек

б) бөртпе сүзек

в) аденовирустыжұқпа

г)  тұмау

д) менингококктыжұқпа

 

 

304.менингеальді симптомокомплекспен ауырған науқас аурудың 2-күнінде ликвора цитозында 8000 (95% нейтрофил), ақуыз 1,1 г/л, жағындыда клетка ішінде орналасқан диплококтар анықталған.Қай диагноздың болу мүмкіншілігі жоғары:

а) туберкулезді менингит

б) менингококкты менингит

в) екіншілікті  менингиттісубарахноидальді

г) энтеровирусты менингит

д) кенелік энцефалит

 

 

305.Денісау әйелді ВИЧ-диагностикумды ИФА әдісімен тексергенде келесі нәтижелер алынды: 5.09 дан  – оң, 12.09 дан  – теріс.

Ары ақарай жүргізілетін ісшараны атаңыз:

а) иммунограмма тағайындау

б) эпиданамнезді анықтау

в) жұқпалы аурулар ауруханасы жатқызу

г)  ИФА реакциясын тағайындау

д)СЭС-ке жедел хабарлама беру

 

306. Жайлаудан ауыр жағдайдағы 47 жасар науқас А. жеткізілді. Новосибир облысының колхозында шопан болып жұмыс жасайды. Оңшықшыт сүйек доғасындадиаметрі 2-3 см тығыз ауымайтын негiзде майда көпiршiкпен қоршалған қара қабыршақтану бар. Iсiк бетті алады, төстiктiң төменгi үштен бiрiне дейiн алдыңғы төс қабырға бойынша таралады.Шажырқай лимфа түйіндері ұлғаймаған. ЖЖЖ 120 рет 1 минутта., АҚ – 90/50 мм сын. бағ., температура – 39,6°С.

Қайдиагноздың болу мүмкіншілігіжоғары:

а) Бет карбункулы

б) оба

в) туляремия

г) түйнеме

д) тілме

 

307. 50 жасарнауқас, аурудың 1-шi күніндеклиникағатүстi. Түскенкезде: жағдайыауыр, температурасы39°С,теріжәнешырыштықабықтардың цианозы, ентiкпе.Бет терісінің, мойын, жоғары дене бөлігінің ісінуі, мұрынның оң жақ қанатты айналасында сарысулы қара қабыршақтану,тері гиперемияланған. Ісік айналасы ауырмайды.

Қай диагноздың болу мүмкіншілігі жоғары:

а) тілме

б) флегмона

в) түйнеме

г) эризипелоид

д) обаның терілік түрі

 

308. Науқас Р 60 жаста, аурудың 5-күнінде қанағаттандырарлық жағдайда ауруханаға түсті.Аурудыңбасында оң жақ сирақтың төменгі бөлігінде қара қызыл қышымалы дақ пайда болып кейінен ол құрғақ қабықпен қапталған. ісік сирақ-табан тамырының айналасында пайда болған. Анамнезден ауырар алдында базардан алынған жүннен тоқылған шұлық кигені анықталған. Ауруқанаға түскен кезіндесол жақ аяқ сирақтың төмен жағында айналасы бірнеше көпіршікті серозды сұйықтығы бар,құрғақ қабыршақты ауырмайтын жара болған. Сол жақ сирақ ісінген.

Дұрыс диагнозы көрсетіңіз:

а) сол жақ сирақтың трофическалық жарасы

б) жұқпамен асқынған қажалған жер

в) түйнеме

г) тілме

д) туляремияның терілік түрі

 

309. Науқас қабақтарының және конъюктиваның ісінуіне, сол көзіндегі күшті аурусыну сезімінің барына ауруханаға шағымданып келді. Ота жасаған кезде көзінен ұзындығы 60мм дөнгелек құрт алынды. Африкада болғаны анықталды. Аурудың тасымалдаушысын атаныз:

а) Mansonia тұқымдастығынан маса

б) Шіркей

в) Chrysops тұқымдастығынан сона

г) бүрге

д) бәкене шыбын

 

 

310. Осындай нәтижелер алынғанда Сіздің тактикаңыз қандай: ИФА АИВ антигенді  20.05 тен – оң нәтиже ; ИФА АИВ антигенді 27.05тен –теріс нәтиже; ИФА АИВ антигенді 1.06-дан – оң нәтиже?

а) Иммунограмма тағайындау

б) Эпиданамнезаді анықтау

в) Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

г)  иммуно-блот реакциясын тағайындау

д) СЭС-ке жедел хабарлау

 

311. Науқас қышынуға, бөртпелердің пайда болуына, терінің депигментациясына, лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Көзінде филяриялар анықталған. Онхоцеркоз диагнозы қойылған. Кім Onchocerca тұқымдастығының филярийларын тасымалдайды.

а) соналар

б) масалар

в) Бәкене шыбындар

г) есекқұрттар

д) шіркейлер

312. Африкада маусымдылық жұмысшылардың арасында Onchocerca жұмырт құрттарымен шақырылатын көз алмасының зақымданулары тіркелген. Қандай жәндіктердің көзін жою керек?

а) Anopheles

б) Phlebotomus

в) Pediculus

г) Pulex

д) Simulium

 

313. Йеменнен келген студенттің оң жақ аяғының табан жағы аурады, ісінген. Терінің астында ақ түсті жіп тәрізді, варикозды көк тамырға құсайтын, ұшында диаметрі 1 см көпіршігі бар. Мүмкінді диагноз?

а) Онхоцеркоз

б) Тениоз

в) Дракункулез

г) Вухерериоз

д) Аскаридоз

314. Госпитальға оң аяғының ауырғанына және ісінгеніне шағымданған науқас жатқызылды. Терісінің астында ұшында көпіршігі бар жіп тәрізді төмпеншек байқалады. Науқас өткен жылы Йеменге сапарға барды, қайнамаған су ішкен. Мүмкін болатын диагноз?

а) Дракункулез

б) Трихинеллез

в) Парагонимоз

г) Гименолепидоз

315. Тілші, ұзақ уақыт Үндістанда жұмыс істеді. Оралғаннан кейін оң жақ тізе асты аймағындағы тері астылық клетчаткасында жіптәрізді валик пайда болды, ұшында - некротикалық массаларға толған көпіршік. Бұл қандай гельминтоз?

а) дракункулез

б) Трихинеллез

в) Аскаридоз

г) Энтеробиоз

д) Описторхоз

 

316. Науқас, 10 ай бұрын азиялық мемелекеттен келген, су жиналалатын құрылыста жұмыс істеді. Оң жақ аяғының ісінуіне байланысты ауруханаға жатқызылды. Бірнеше күн өткеннен сон оң аяғының терісінің бетінде көпіршік байқалды және астмалық ұстамалар, жүрек айнулары, құсу, бастың айналуы пайда болды, кейін есің жоғалтты. Мүмкіндік диагноз қандай?

 

а) Химиялық күйік

б) Аскаридоз

в) Бронхиальдық астма

г) құршаяннын шағуы

д) Дракункулез

 

317. Науқас Суданда ұзақ іссапарда болды. Қайтып келгеннен бір ай өткеннен сон офтальмологқа көздеріндегі ауысынуға, қабақтарының ісінулеріне, көз жасының ағуына, көру қабілеттігінің төмендеуіне шағымданып келді. Көз конъюктивасының астында өлшемі 50-70 мм, мөлдір түсті, жіптәрізді денелі гельминт анықталды. Мүмкіндік диагноз қандай?

а) Бругиоз

б) Онхоцеркоз

в) Трихоцефаллез

г) Лоаоз

д) Вухерериоз

 

318. Шетел азаматында зерттеу кезінде лоаоз анықталды. Оны қандай жолмен жұқтырды?

 

Өзенде шомылғанда

Балық жегенде

Ластанған қол арқылы

Соналар шаққанда

Масалар шаққанда

 

319. Африкадан келген студент ішінің төменгі бөлігінде және зәр шығарғанда ауырсынуларға, зәрінде қанның бар болуына шағымданады. Зәрінде эритроциттер және бір полюсінда тікенесі бар ірі (120 мкм) сопақша жұмыртқа анықталды. Қоздырғыштыатаңыз:

Opisthorchis felineus

Schistosoma haematobium

Trichocephalus trichiurus

Onchocerca volvulus

Paragonimus ringer

 

320. Йеменнен келген студент қызда іші аурады, дене температурасы жоғары. Осыдан бұрын денесі қышыған, әлсіздік, бас ауруы болған. Үйінде тоғанда шомылды және кір жұды. Мүмкіндік диагноз қандай? 

Шистосомоз

Аскаридоз

Тениоз

Энтеробиоз

Парагонимоз

 

321. 25 жастағы науқас бас ауруына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, тұрақсыз көңіл күйіне, бір ай ішіндегі қызбаға, түндегі тершеңдікке, 10% асқан дене салмағының жоғалтуына, бір ай ішіндегі қоспасыз жиі сұйық нәжіске Қарағанда: терісі бозарған, себореятәрізді дерматит, аузының шырышты қабатында ірімшіктенген жамылғы, афтозды стоматит. Мойын артқы, аксилярлы, желкелік лимфа түйіндері ұлғайған, ауырмайды. Өкпелерде тыныс алуы қатты, бірлі-жарым құрғақ сырылдар. Тыныс алуы мин. 20, жүрек соғуы 84, АҚ 110/70. Бауыр, көкбауыры ұлғайған. Артқы тесіктің айналасында - көптеген ұсақ көпіршіктер. Аяқтарының дистальды бөліктерінде терінің сезімталдығының төмендеуі байқалды. Анамнезінен: бес жылдың ішінде - тәртіпсіз жынысты қатынастары, тамырішілік есірткіні қабылдау. Берілген белгілер қандай индикаторлы ауруға байланысты?  

Кандидоз

Крупозды өкпе қабынуы

Ұшықвирусты жұқпа

Сүзекті-парасүзекті жұқпа

Лимфагранулематоз

 

322. Шистосомоздар ең таралған тропикалық гельминтердің қатарына жатады. Санитарлы-эпидемиялық шараларға қарамас, Африка, Азия, Оңтүстік Америка мемлекеттерінде соңғы онжылдықта шистосомозбен науқастағандардың саны көбейді. Осыған не себепті?  

жерді мелиорациялау

су қоймалардың ластануы

шистосомалардың дәрі-дәрмектерге тұрақтылығы

халықтың сауатсыздығы

балықпен тамақтану

 

323. Науқас Г., жасы 29-да , әлсіздікке, шырышты қақырықты жөтелге, көкірек куысында ауырсыну, қалтырау және температураның 39 ᵒС-ға дейін жоғарылауына шағымданумен келіп түскен. 5 ай ішінде 12 кг жоғалтқан.

Тері жабындылары таза , таңдай, жұтқыншақтың артқы қабырғасында ақ түсті өңез. Жақасты лимфа түйіндері диаметрі 1 см-ге дейін, сол жақ

бұғана асты шұңқырында 0,3 см пальпацияланады, ауырмайды, қозғалмалы. Тыныс алуы минутына 16 рет, жауырын бұршынан дыбыс тұйықталады, тыныс қатайған. Пульс минутыга 76 рет соғады. Анамнезден науқастың созылмалы тонзилит, аднекситпен ауыратыны, ал алдын гепатитпен ауырғаны белгілі болды. Соңғы 5 жылда шетелдік азаматтармен, сонымен қатар африкалықтармен, жыныстық қатнаста болғаны анықталды. Қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?


Дата добавления: 2018-05-13; просмотров: 1217; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!