Зерттеу такырыбы бойынша сараптамаларлы жіктеу.



Қылмыстық іс жүргізу заңы (ҚІЖК –нің 249, 250, 255 - баптары) және Қазақстан Республикасының «Сот сраптамасы туралы» Заңы (Заңның 8 - бабы) сараптамаларды жіктеуді мына іс жүргізу істері бойынша қарастырады:

-         қатысатын сарапшылардың саны бойынша (жекелік және комиссиялық)

-         пайдаланатын арнаулы білімдердің сипаты бойынша (біртекті және кешенді)

-         жүргізілетін зерттеулердің көлемі бойынша (негізгі және қосымша)

-         жүргізудің жалғастығы бойынша (бастапқы және қайталама).

Жеке сараптаманы сарапшы жеке өзі жүргізеді (ҚІЖК – нің 249 – бабы 1-б).

Комиссиялық сараптаманың мынандай айрықша белгілері бар:

-         оны бір мамандықтық екіден кем емес сарапшылары жүргізеді. Егер сарапшылар комиссиясына екіден көп адамды енгізсе ол жөнінде ҚІЖК – де көрсетіледі (ҚІЖК – нің 249 – бабы 3-б);

-         оны жүргізу күрделі зерттеулер қажеттілігі жағдайында болады;

-         сараптаманы жүргізу әрбір сарапшының толық көлемде зерттеу жүргізуді және тұжырымдарды шығару мен қорытынды беру кезінде шешімді алқалы қабылдауды қарастырады.

Біртекті сараптама оны жүргізу процесінде арнацулы білімдерді пайдаланудың біртектілігімен сипатталады.

Кешенде сараптаманың ерекшелігі іс үшін мәні бар бір мән – жайды анықтау үшін, арнаулы ғылыми білімдердің әр түрлі мамандықтағы сарапшылары негізінде зерттеу үшін, демек, әр түрлі мамандықтағы сарапшыларды тарту қажеттілігі болып табылады.

Кешенді сараптамаға тән белгілер:

1.        өндіріске әр түрлі мамандықтағы бірнеше сарапшының қатысуы;

2.        сарапшының жеке өзінің, сонымен бірге басқа сарапшылардың жүргізген зерттеулері негізінде қорытынды беру.

Кешенді сараптама, көбінде, сарапшылардың алдына қойылған негізгі міндеттерді шешу үшін қажетті аралық міндеттерді шешу кезінде, сараптамалардың бірнеше кластарының теориялық және әдістемелік ережелерін қолданумен қамтамасыз етілетін жаңа интеграциялық міндеттерді шешу үшін жүргізіледі.

Кешенді зерттеу дегеніміз, біртекті комиссиялық немесе жеке сараптамалар шеңберінде бір обьектіні зерттеу үшін әдістер кешенін пайдалану болып табылады.

Қосымша сараптама тек негізгі сараптама жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қосымша сараптаманы жүргізудің негіздемесі сарапшы қорытындысынң жеткілікті түрде айқын немесе толық болмағаны, сондай – ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелер туындауы болып табылады.Қосымша сараптама тек екінші емес, сонымен бірге үшінші және солайша ретпен кете беруі мүмкін.

Қорытындының қосымшасы дегеніміз қорытындыда жоқ, бірақ жүргізілген зерттеулерден шығатын тұжырымдар мен олардың негіздемелері.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптаманы тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл осы обьектілерді зерттеу және дәл осы мәселелерді шешу үшін тағайындалады.

Қайталама сараптама тағайындалған кезде сарапшының алдына бұрын қолданылған зерттеу әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақ қойылуы мүмкін.

Қайталама сараптама тағайындаудың бір даулы негіздерінің бірі оны жүргізу кезінде болған іс жүргізудің елелі бұзушылықтарын анықтау болып табылады.

Сот сараптамасынын даму багыты

Сот сараптамаларының орнығуы мен дамуының заңдылықтары жалпы теория аумағындағы, сондай – ақ жалпы ғылыми заңдар ерекшелігінің көрінуіне сәйкес өтетін білімнің даму процестеріне негізделеді.

Сарапшылық практиканың негізі болып табылатын ғылыми білімнің дамуы үшін сарапшылық білімнің дифференциациясы мен интеграциясы және ғылыми танымдағы субьектілік – обьектілік қатынастары заңының үлкен мәні бар.

Дифференциация мен интеграция факторларының әрекетін сот сараптамасы саласындағы білім дамуының талдау және синтетикалық үрдістері анықтайды. Олардың әрекеттерінің бағыттары «зат + обьект - әдіс» танымдық жүйенің барлық элементтері болып табылады. Дифференциация факторы тереңдеу үрдісін, обьектілер туралы білімдерді нақтылауды, олардың байланысы мен қарым – қатынастарын көрсетеді.

Сот сараптамасындағы білім дифференциациясының базалық нысаны обьектілер түрлерімен сәйкес олардың шоғырлануы, обьектілердің жақтары мен қасиеттеріне сәйкес зерттеу бағыттарының бөлшектенуі болып табылады.

Дифференциация соңынан обьект бойынша зерттеу тақырыбының бөлінуі, оның нақтылануы, сарапшылық зерттеу аясына таным құралдарын тарту болады. Дифференциация процестері білімдердің қорытындылауы, кешенділігі, нығыздалуы талаптарын көрсететін интегративтік процестермен жалғасады.

Сараптамалардың жаңа түрлерінің пайда болуы кезіндегі дифференциация туындауының мысалы сот компьютерлік – техникалық сараптаманың дамуы болып табылады.

Қазіргі уақытта сараптаманың мынандай түрлері бар:

1.        Аппараттық – компьютерлік сараптама, оның тақырыбы компьютерлік жүйенің техникалық құралдарын зерттеу кезінде анықталатын нақты деректер болып табылады.

2.        Бағдарламалық – компьютерлік сараптама, оның тақырыбы зерттеуге ұсынылған компьютерлік жүйенің программалық жасауын құру мен пайдаланудың заңдылықтары болып табылады.

3.        СКТЭ – нің негізгі түрі ретіндегі ақпараттық – компьютерлік сараптама, оның тақырыбына «компьютерлік жүйедегі ақпараттық процестерді ұйымдастыру үшін пайдаланушы дайындаған немесе бағдарламамен туындаған ақпаратты іздеу, табу, талдау және бағалау» барысында нақты деректерді анықтау кіреді.

4.        Компьютерлік – желілік сараптама, оның тақырыбы іс бойынша шындықты анықтау үщін тергеушінің тапсырмасы бойынша желілік және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға байланысты фактілер мен жағдайларды зерттеуді қамтиды.

5.        Телематематикалық сараптама, «оның тақырыбы қылмыстық не азаматтық іс бойынша қандай да бір факті немесе оқиға туралы ақпараттың материалдық жеткізгіштері ретіндегі телекоммуникация мен жылжымалы байланыс құралдарын зерттеу кезінде арнаулы танымдар қолдану негізінде анықталатын нақты деректер болып табылады».

осы кезеңде сот сараптамаларының орнығу және даму процестері кейбір ерекшеліктерге ие болады.Мысалы, сот –сарапшылық бөлуде артықшылық рөлді обьекті емес, іс бойынша дәлелдеуге жататын қандай да бір мән – жайлардың сарапшылық таным деңгейіндегі бейнесі болып табылатын, соңында талданатын оқиға механизмінің элементтерімен анықталатын зерттеу тақырыбы атқарады.

Адам психикасы мен психофизиологиялық процестері күйінің сот сараптама тектерінің шегінде өзіндік дербес деңгейіндегі мына түрлерін: сот психологиялық – криминалистік; сот инженерлік – психофизиологиялық; сот психологиялық – филиологиялық сараптамаларды қалыптастыру мен бөлу болып табылады..

Билет№30

1. Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу

Қылмыстық іс жүргізу заңы (ҚІЖК-нің 249, 250, 255-баптары) және Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңы (Заңның 8-бабы) сараптамаларды жіктеуді мына іс жүргізу істері бойынша қарастырады:

—       қатысатын сарапшылардың саны бойынша (жекелік және комиссиялық);

—       пайдаланатын арнаулы білімдердің сипаты бойынша (біртекті және кешенді);

—       жүргізілетін зерттеулердің көлемі бойынша (негізгі және қосымша);

—       жүргізудің жалғастығы бойынша (бастапқы және кайталама).

Жеке сараптаманы сарапшы жеке өзі жүргізеді (КІЖК-нің 249-бабы 1-6.). Комиссиялық сараптаманың мынадай айрықша белгілері бар:

-         оны бір мамандықтағы екіден кем емес сарапшылары жүргізеді (мамандандыру).

-         оны жүргізу күрделі зерттеулер қажеттілігі жағдайында болады (пайдаланылатын әдістеменің аса қиындығы, іс үшін сараптама нәтижелерінің аса мәнділігі) (ҚІЖК-нің 249-бабы 2-6.);

-         сараптаманы жүргізу әрбір сарапшының толық көлемде зерттеу жүргізуді және тұжырымдарды шығару мен қорытынды беру кезінде шешімді алқалы қабылдауды қарастырады.

           Заң қайталама сараптамаларды, сондай-ақ адамның есі дұрыстығы туралы сұрақ бойынша сот-психиатриялық сараптамаларды жүргізудің міндетті комиссиялық тәртібін көздейді (ҚІЖК-нін 249-бабы 3-б.).

           Біртекті сараптама оны жүргізу процесінде арнаулы білімдерді пайдаланудың біртектілігімен сипатталады.

           Кешенді сараптаманың ерекшелігі іс үшін мәні бар бір мән-жайды анықтау үшін, арнаулы ғылыми білімдердің әр түрлі салалары негізінде зерттеу үшін, демек, әр түрлі мамандықтағы сарапшыларды тарту қажеттілігі болып табылады (ҚІЖК-нің 249-бабы 1-6.).

Кешенді сараптамаға тән белгілер:

1)       өндіріске әр түрлі мамандықтағы бірнеше сарапшының қатысуы;

2)       сарапшының жеке өзінің, сонымен бірге басқа сарапшылардың жүргізген зерттеулері негізінде қорытынды беру.

           Кешенді сараптама, көбінде, сарапшылардың алдына қойылған негізгі міндеттерді шешу үшін қажетті аралық міндеттерді шешу кезінде, сараптамалардың бірнеше кластарының (тектерінің, түрлерінің) теориялық және әдістемелік ережелерін қолданумен қамтамасыз етілетін жаңа міндеттерді шешу үшін жүргізіледі.

           Бірінші кезеңде талданатын оқиға механизмінің элементтерін анықтауға бағытталған күрделі интеграциялық міндеттер кешенді сараптамаларды жүргізу арқылы іске асырылады, содан соң, технологияны өңдеу және тиісті сот-сарапшылық саланы қалыптастырғаннан кейін, сот-сарапшылық білімнің бір аумағында жинақталатын сараптамалар қатарына көшеді.

           Осы айтылғанның көрінісі объектілердің бірыңғай шығу көзі мен өзара түйіспелі әрекет ету фактісін анықтау бойынша міндеттер базасында қалыптастырылған материалдар, заттар мен бұйымдардың криминалистік сараптамасының пайда болуы мен дамуы болып табылады. Дәл осылайша көлік құралдарының соқтығысу кезінде түйіспелі ситуацияның жалпы механизмін анықтау бойынша интеграциялық міндеттер де сот көлік-трасологиялық сараптаманы құрудың алғышарты болды.

Кешенді сараптамалар біртекті разрядқа өтпей, ұзақ мерзім тұрақты сипатта болуы мүмкін. Оларға, негізінде, сараптамалардың әр түрлі кластары қарастыратын арнаулы ғылыми білімді пайдалануды талап ететін ведомствоаралық сараптамалар жатады. Оның мысалы, ЖКО сәтінде көлік құралының рөлінде отырған адамды анықтау бойынша кешенді медициналық-криминалистік сараптамалар болып табылады.

Кешенді сараптаманы іс бойынша сараптамалардың кешені мен кешенді зерттеуден айырып білу керек. Сараптамалар кешені дегеніміз, бір, сонымен бірге әр түрлі объектілерді зерттеуді көздейтін бір іс бойынша жүргізілетін сараптамалардың қатарын түсінеміз. Мысалы, кісі өлтіру істері бойынша, негізінде, сот-медициналық, трасологиялық, материалтану, молекулярлық-генетикалық сараптамалар тағайындалады.

Кешенді зерттеу дегеніміз, біртекті комиссиялық немесе жеке сараптамалар шеңберінде бір объектіні зерттеу үшін әдістер кешенін пайдалану болып табылады. Мысалы, металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдар металлографиялық, рентгенографиялық және спектрлік әдістерді пайдалануды көздейді.

Қосымша сараптама тек негізгі сараптама жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қосымша сараптаманы жүргізудің негіздемесі сарапшы қорытындысының жеткілікті түрде айқын немесе толық болмағаны, сондай-ак осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелер туындауы болып табылады (ҚІЖК-нің 255-бабы 1-6.). Қосымша сараптама тек екінші емес, сонымен бірге үшінші және солайша ретпен кете беруі мүмкін.

Сарапшы қорытындысының анық еместігі онын тұжырымдарының дәл еместігінен көрінеді және ол қорытындыны түсіндіру арқылы жойылады.

Сарапшының қорытындысын түсіндіруі оның көрсетулері арқылы:

-         сарапшының таңдаған әдістемесінің;

-         оның қолданған ғылыми-техникалық кұралдарының;

-         анықталған белгілерінің;

-         сарапшының бағалау критерийлері және олардың жиынтығының;

-         жеке терминдер мен тұжырымдарының мағынасы мен мәні ашылады.

Егер сарапшы алдына қойылған сұрақтардың кейбіреуін шешусіз қалдырып, олардың көлемін азайтып, барлық объектілерді зерттемеген кезде қорытынды толық емес болып есептеледі. Тапсырма көлемін азайтумен көрінген осы аталған толық еместік сарапшы тұжырымына өздігінен сенімсіздік келтірмейді.

Қорытындының қосымшасы дегеніміз қорытындыда жоқ, бірақ жүргізілген зерттеулерден шығатын тұжырымдар мен олардың негіздемелері.

Қосымша сараптаманы тағайындау әрдайым бұрын жүргізілген зерттеуге қатысты сұрақтардың тууымен байланысты бола бермейді. Оның негізі тергеу қажеттілігінің кеңеюінен, оның ауқымына жаңа объектілерді енгізумен болған қосымша сұрақтардың қойылуы болып табылады.

Әдебиеттерде мұндай зерттеулердің табиғаты жөніндегі сұрақ біржақты шешілмейді. Бір авторлар (Ю. К. Орлов, А. Р. Шляхов) мұндай жағдайларда қосымша сараптама жүргізу кажет десе, екіншілері (И.В. Виноградов, Г.И. Комаров, Н.А. Селиванов) жаңа, жеке өзіндік қажет деп есептейді.

Біздің ойымызша, проблеманы дұрыс шешуді Ю.К. Орлов ұсынған секілді. Ол қосымша сараптаманың мақсатынан шығу керек, ал оның соңы үнемділік (мұндай жағдайларда сарапшы объектіге қайталама зерттеу жүргізбей-ак, бастапқы қорытындыға сілтеме жасайды) болып табылады деп әділ есептейді. Сондықтан да, егер жаңа сұрақтарды шешу кезінде белгілі бір шамада алдындағы зерттеулердің нәтижелері пайдаланылуы мүмкін болса, онда сараптама қосымша болып табылады.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптаманы тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл осы объектілерді зерттеу және дәл осы мәселелерді шешу үшін тағайындалады (КДЖК-нің 255-бабы З-б.).

Қайталама сараптама тағайындалған кезде сарапшының алдына бұрын қолданылған зерттеу әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақ қойылуы мүмкін.

Сарапшы қорытындысының дұрыстығы іс бойынша жиналған өзге дәлелдемелерді онымен салыстыру кезіңде бағаланады.

Сарапшы қорытындысының негізділігін бағалау оны оқып зерттеу мен бағалау кезінде жүргізіледі. Процесті жүргізуші орган мына мән-жайларға: сұрақтардың сарапшының ғылыми кұзыретіне кіруіне; оның зерттеу міндеттерін дұрыс түсінуіне; зерттеудің толықтығы мен жан-жақтылығына; зерттеу нәтижелерінің жасалған тұжырымға сәйкестілігіне назар аударады. Осы аталған шарттардың кез келгенін бұзу қорытындыны негізсіз деп тануға негіз болып табылады. Осы аталған себептер бойынша қорытындының негізсіздігін процестің кез келген құқықтық өкілеті бар қатысушысы мәлімдей алады.

Сарапшының қорытындысымен келіспеу себептері көбінде:

—       құзыреттілігі мен объективтілігі күмән тудыратын сарапшының жеке басы туралы деректер;

—       алғашқы мәліметтердің күмәнділігі;

—       қорытынды мен іс бойынша өзге дәлелдемелер арасындағы қарама-қайшылықтардың болуы;

—       жүргізілген зерттеу сапасының тиісінше болмауы болып табылады.

Қайталама сараптама тағайындаудың бір даулы негіздерінің бірі оны жүргізу кезінде болған іс жүргізудің елеулі бұзушылықтарын анықтау болып табылады. Бұл негіздеме заңмен көзделген, алайда мұндай жағдайда іс жүргізу бұзушылықтарына дифференциалды түрде келу кажет. Егер олар жойылмайтын болса (мысалы, сараптамаға бұрмаланған жалған заттай дәлел-демелер болған), онда сарапшының қорытындысы дәлелдемелер қатарынан шығарылады және еленіп бағаланбайды. Мұндай жағдайда жаңа тағайындалатын сараптама бастапқы сараптама болады.

2. Қылмыстык іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сараптама тагайындау

Сот сараптамасы іс жүргізу құқығының институты болып табылады, сондықтан оны тағайындау және жүргізу мәселелері процессуалдық заң нормаларымен реттелген. Мысалы Қазақстан Республикасы ҚПК 270 бабына сәйкес, сараптама іс үшін маңызы бар жағдайлар бойынша арнайы ғылыми білімнің негізінде, сарапшының іс материалдарын зерттеу нәтижесінде алынуы мүмкін болған жағдайларда тағайындалады. Мұндай білімнің қылмыстық сот өндірісіне қатысушы өзге адамдарда да болуы, қылмыстық процессті жүргізуші адамды тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттілігінен босатпайды. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, сот сараптамасының процессуалдық институт ретіндегі ерекшелігі, қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау үшін сараптама жүргізусіз қажет болғанда, ол қылмыстық істі қозғағанға дейін тағайындала алады (ҚР ҚПК 242 бабының 2 бөлімі). Мұнымен қатар Сотқа дейінгі тергеу (істі сотта қарау) кезінде заңда белгіленген арнайы жағдайларда қылмыстық процессті жүргізіп отырған орган алдында сараптаманы тағайындау туралы шешімді қабылдау немесе қабылдамау жөнінде мүмкіндік болмайды, басқаша айтқанда мұндай кездерде сараптама міндетті түрдетағайындалуы керек. Мысалы ҚР ҚПК 241 бабына сәйкес мыналарды анықтау қажет болғанда сараптаманы тағайындау және жүргізу міндетті болып табылады:

ҚПК 271-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау

1. Егер iс бойынша:

1) өлiмнiң себептерiн;

2) денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;

3) iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмаған немесе күмән туғызған жағдайларда, күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;

4) күдіктiнiң, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық процесте өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өзі қорғау қабiлетi күмән туғызғанда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн;

5) жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетi күмән туғызған жағдайларда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн;

6) iстiң басқа дәлелдемелерімен анық белгіленбейтін өзге мән-жайларын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау және жүргiзу мiндеттi.

2. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамның психикалық жай-күйiне күмән туындаса, сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау мен жүргiзу міндетті.

Сотқа дейінгі тергеу барысында барлық жағдайда сот сараптамасы институтын қолдану үшін оны жүргізуге негіздер бар екендігін ескеру керек. Бұған нақты (фактические) және құқықтық (юридические) негіздер жатады. Сот сараптамасын тағайындаудың нақты негізі процессуалдық статусы бойынша жүргізушісі сот сарапшысы болып саналатын, қылмыстық істі қозғау немесе алдын ала тергеу барысында арнайы ғылыми білімді қолдану болып табылады.

Сот сараптамасын жүргізудің құқықтық негізі оны тағайындау туралы қаулы немесе анықтама болып табылады. Мысалы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңының 23 бабына сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi органның, соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуiнде жатқан органның (лауазымды адамның) заңда белгiленген тәртiппен шығарылған сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасын жүргiзу үшiн негiз болып табылады.

Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот-сараптамалық зерттеулер жүргiзу және сарапшының қорытынды беруi үшiн қажеттi зерттеу объектiлерiн және iс материалдарын ұсынады.

Тiрi адамдарға сот сараптамасы ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Егер сот сараптамасы ерікті түрде жүргізілетін болса, онда сот сараптамасы органына сот-сараптамалық зерттеуге еркін білдіретін құжат жазбаша түрде берілуі керек. Егер сот сараптамасы кәмелетке толмаған немесе сот арқылы әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған адамға қатысты тағайындалса, онда сот сараптамасын жүргізуге келісім олардың заңды өкілі немесе қорғаншы және қамқоршылық органдары арқылы беріледі.

Тірі адамдарға мәжбүрлі түрде сот сараптамасын жүргізуге заңда тікелей көрсетілген жағдайларда болады. Процессуалдық заңға сәйкес алдын ала тергеу кезінде сот сараптамасын тағайындау субъектілері анықтаушы, тергеуші, прокурор болып табылады, прокурор сот сараптамасының нәтижесі қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін сараптама тағайындайды. Белгіленген тәртіпте сараптама тағайындау белгілі бір себептерге байланысты мүмкін болмағанда, сот сараптамсын бір реттік тағайындау заңда қарастырылған. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңының 12 бабы сот сараптамасын бір реттік тәртіптетапсыру мүмкіндігін келтірген. Онда мыналар келтірілген:

1) заңда көрсетілген сот сараптамалары түрлерiнiң тiзбесiнде көзделмеген сот сараптамасын тағайындау;

2) заңда көрсетілген жағдайларда шет мемлекеттің сот сарптамасы саласындағы маманын сарапшы ретінде тарту. Бұл жағдайда шет мемлекеттердің сот сарапшыларының қатысуымен сот сараптамасын жүргізу ҚР азаматтық іс жүргізу Кодексімен, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен және осы Заңмен белгіленген тәртіпте іске асырылады;

3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiнің, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын тиiстi мамандықтағы барлық сот сарапшыларының бас тартулары қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргiзуден дәлелдi түрде шеттетiлген жағдайларда тапсырылуы мүмкiн.Сонымен, заң сот сараптамасын бір реттік тәртіпте тапсыруды тек ерекше жағдайлар үшін қарастырған.

3. Сарапшыдан жауап алу тәртібі.

ҚПК 285-бап. Сарапшыдан және маманнан жауап алу

1. Сарапшыдан немесе маманнан жауап алу:

1) сарапшының немесе маманның қорытындысына байланысты іс үшін елеулі мәні бар, қосымша зерттеуді қажет етпейтін мәселелерді анықтау;

2) сарапшы, маман қолданған әдістерді және пайдаланылған терминдерді нақтылау;

3) қорытындының құрамдас бөлігі болып табылмайтын, бірақ сарапшының немесе маманның сотқа дейінгі процеске қатысуына байланысты басқа да фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат алу;

4) сарапшының немесе маманның біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

2. Сарапшы мен маманнан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.

3. Сарапшыдан, маманнан олар қорытынды бергенге дейін жауап алуға тыйым салынады.

4. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған, өзінің қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себептері бойынша жауап алынбайды.

Қорытынды бергеңнен кейін, осы қорытындыньң мәні бойынша қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшыдан жауап алу күқығы КІЖК-нің 253,355-баптарында көзделген.ҚІЖК-нщ 253-бабына сәйкес егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде .анық болмаса, қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмейтіңдей олкылықтары болса немесе сарапшы қолданған әдістер мен терминдерді нактылау қажет болса, сарапшыдан аталған мән-жайлар бойынша жауап алынады.Сарапшыдан жауап алу хаттама толтыру арқылы ресімделеді.

Сарапшыдан жауап алу тек оның берген қорытындысының түсініктемесі, толықтыруы мен нақтылауы болғандықтан, са-рапшы қорытынды ұсынғанға дейін жауап алуға жол берілмейді.

Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында немесе сот отырысында істі алдын ала тындау барысында шығарылған қаулы бойынша сараптама жүргізген сарапшыдан жауап алу-дың кейбір ерекшеліктері болады.

Сотта сарапшыдан жауап алуға байланысты сарапшыны шақырту және оның сотта болу тәртібін қараған жөн.

Сарапшыны шақыру туралы мәселе басты сот талкылауын тағайындау кезіңде немесе басты сотталқылауында тікелей соттың өз бастамасы бойынша не процеске қатысушылардың өтініші бойынша шешіледі. Аталғандардың негізі ҚІЖК-нің 302-бабы 2-бөлігі 4), 6) тармақтары болып табылады.

Сарапшыны сотқа шақыру тек қажетті жағдайларда ғана жүзеге асырылуы тиіс. Жалпы танылған пікір бойынша ондайлар мыналар болуы мүмкін:

1)       қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде сарапшы қорытыңдысының аса манызы;

2)       соттың сарапшы қорытыңдысымен немесе оның корытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасымен келіспеуі, сондай-ақ сарапшы корытындысының дұрыстығына күмәні;

3)       сарапшы қорытыңдысының жеткілікті түрде анық немесе толық еместігі;

4)       сараптама жүргізу арқылы қосымша туындаған сұрақтарды шешу мүмкіндігі;

5)       бір сұрақтар бойынша сараптама жүргізген сарапшылар арасыңда келіспеушіліктің немесе комиссиялық (соның ішінде кешенді) сараптама жүргізген сарапшылар комиссиясы мүшелері арасындағы келіспеушіліктің болуы;

6)       аддын ала тергеуде жүргізілген сараптама қорытындыларымен айыпталушы немесе жәбірленушінің келіспеуі және олардьщ сотта сараптама жургізу туралы дәлелді өтініші.

Сарапшыдан жауап алу кезінде соттың реттеушілік рөлінің маңызы бар, өйткені жауап алу сарапшылық қорытындының объективтілігі мен негізділігін анықтауға ықпалын тигізе ме, жоқ әдде сарапшының жеке басы мен кәсіби дәрежесінің беделін түсіру актісіне айналама, соған байланысты болады.

Сарапшы қорытыңдысын зерттеу барысы сот отырысы хаттамасыңда көрсетіледі.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 376; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!