Сот сарапшысы біліктілігін беру. 14 страница



Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде судья өзінің бастамасы немесе процеске қатысушылардың өтініштері бойынша басты сот талқылауында сараптаманы тағайындау қажеттілігі туралы мәселені шешеді. Егер алдын ала тергеу барысында арнаулы ғылыми білімді пайдаланумен зерттеуді қажет ететін мән-жайларды анықтау үшін сараптама жүргізілмеген болса, онда сотта сараптаманы тағайындау және басты сот отырысына сараптама жүргізу тапсырылатын хабардар адамды шақыру туралы шешім қабылданады. Тиісті әрекеттердің мүмкіндігі ҚІЖК-нің 302-бабы 2-бөлігі 4),6) тармақтарынан көрінеді.

Сотта сараптаманы тағайындау ҚІЖК-нің 354-бабы талаптарын ескере отырып ҚІЖК-нін 32-тарауында баяндалған ережелер бойынша жүзеге асырылады.

Басты сот талқылауы барысының дәйектілігінен шыға отырып, ең алдымен, осы істі жүргізуге бұрын қатыспаған хабардар адамды сарапшы етіп тағайындау туралы мәселені шешіп алу керек, өйткені ҚІЖК-нің 341-бабына сәйкес сарапшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру сот тергеуінін және тиісінше сотта сараптаманы тағайындаудың алдында болуы керек.

Төрағалык етуші сараптаманы кімге тапсыратындығын хабарлады десек, содан кейін осы аталған адамға қарсылык білдіру және өз-өзіне қарсылық білдіру жөнінде өтініш болмаған кезде, сот іс бойынша адамды сарапшы ретінде тарту туралы қаулы шығарады. Мұндай қаулы соттын кеңесу бөлмесіне кетпей-ақ шығарылуы мүмкін. Әрі карай сарапшыға оның іс жүргізу өкілеттігі түсіндіріледі, оған ҚК-нің 352-бабы бойынша көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертіледі.

Соттергеуін жүргізу кезінде сарапшыға дәлелдемелерді зерттеуге қатысу құқығы берілген. Сарапшы сот отырысында төрағалық етушінің рұқсатымен сараптама мәніне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға: жауап алынатын адамдарға сұрақ беруге, қылмыстық істін материалдарымен танысуға, сараптама мәніне қатысты барлық сот іс-әрекеттеріне қатысуға құқығы бар (ҚІЖК-нің 354-бабы 4-6).

Сарапшының дәлелдемелерді зерттеуге қатысуы ол жүргізетін сараптаманың негізіне салынатын алғашкы мәліметтердің барынша толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар.

Төрағалық етуші сарапшының барлық аталған құқықтарының сақталуын және онын сот тергеуінде белсенді қатысуын қамтамасыз етуі керек, өйткені дәл осыдан сарапшылық зерттеудің объективтілігі, толықтығы мен негізділігі көрінетін болады.

Дәлелдемелерді зерттеуге сарапшының қатысуы белсенді және мақсатқа лайық болуы керек. Сонымен бірге, оның дәлелдемелерді қабылдау түсінігінің бағыттылығы оны сараптама тақырыбына жатпайтын эпизодтарды қарау уақтысында, сот тергеуіне қатыспауға мүмкіндік береді.

Сарапшы сот тергеуіне қатыса отырып, өзінің арнаулы ғылыми білім шеңберінен шықпауы, құқықтық сипаттағы сұрақтарды қоймауы керек.

Сотта сараптама жүргізудің практикасы сарапшының іс мән-жайларын зерттеуге қатысуы, негізінде, заттай дәлелдемелер мен кұжаттарды және сот отырысында жауап алынатын адамдарға қойылатын сұрақтарды қарауға қатысуы арқылы іске асырылатындығын айғақтайды. Сарапшының қоятын сұрақтарының бағыттылығының жалпы ұксастығы кезінде олар жүргізілетін сараптама түрлеріне байланысты белгілі бір шенберде түрленуі мүмкін.

Іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін, төрағалық етуші сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады. Қойылған сұрақтар жария етілуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың пікірлері тыңдалуға тиіс. Тараптар сарапшылық зерттеу объектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсынуға құқылы. Оларды мұндайлардың қатарынан шығарғанда, сот дәлелді қаулы шығаруға міндетті (ҚІЖК-нің 354-бабы 5,6-6.).

Сарапшы тиісті әдістеменің, қажетті алғашқы мәліметтердің, өзінің ғылыми құзыретінің болмауы себептеріне байланысты шешудің мүмкіндігі жоқ сұрақтарға соттың және өзге қатысушылардың назарын аудара отырып, ұсынылған мәселелерді талқылауға қатысуы керек.

Әрі қарай сот сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады, төрағалық етуші оны жария етеді және көшірмесін, сондай-ақ зерттелінетін объектіні сарапшыға тапсырады.

Алдағы сарапшылық зерттеудің қиындығын ескеріп, сот тараптардың пікірлерін тыңдап болып, тексеру жүргізу үшін қажетті уақытқа сот отырысын кейінге қалдыруға құқылы.

Сот сараптамасы тікелей сотта, сондай-ақ сарапшылық зерттеуді жүзеге асыруға қажетті жағдайлар бар өзге де жерлерде жүргізілуі мүмкін.

Зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша сарапшы қорытындыны жазбаша түрде береді және оны сот мәжілісінде жария етеді, содан кейін одан жауап алу ҚК-нің 355-бабында көзделген ережелер бойынша жүргізілуі мүмкін.

Сарапшының қорытындысы іске тігіледі.

Сотта сараптаманы өткізу оның алдын ала тергеуде жүргізілмеген және сотпен алғашқы реттағайындалған жағдайларда ғана емес, сонымен бірге сараптама алдын ала тергеу сатысында жүргізілген кезде де жеке өзіндік іс жүргізу әрекеті болып табылады.

Осыған қарағанда, сотта жүргізілетін сараптама әрдайым негізгі және бастапқы болады. Сотта негізгі немесе бастапқы сараптамаларды жүргізгеннен кейін қосымша және қайталама сараптамалар тағайындалуы мүмкін, оны ҚІЖК-нің 354-бабы 10-бөлігінің мазмұнынан көруге болады, соған сәйкес ҚІЖК-нің 255-бабында көзделген жағдайларда сот талқылауында сараптаманы жүргізуге сәйкес, сот қосымша немесе қайталама сараптама тағайындауға құқылы.

Іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу барысында қорытынды берген сарапшы сотқа шақырылған жағдайда, сот қорытындыны жария еткен соң, егер ол күмән келтірмесе, сараптама тағайындамауға және сарапшыдан жауап алумен шектелуге құқылы (ҚІЖК-нің 354-бабы 11-6.).

Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңы апелляциялық сатыда сараптама тағайындаудың мүмкіндігін қарастырады, ол ҚІЖК-нің 410-бабы 1-бөлігінде көрінеді.

Тиісті мәселелер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы «Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы» № 16 Нормативтік қаулысында түсіндірілген.

Апелляциялық сатыдағы сот тараптардың өтініші немесе өз бастамашылығы бойынша, егер іс бойынша: сотталушының ақыл-есінің дұрыстығына немесе қылмыстық іс жүргізуде әз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілетіне күмән туғанда, оның психикалык жай-күйін; іс үшін маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабілетіне күмән туған жағдайда, жәбірленушінің, куәнін психикалық жай-күйін анықтау қажет болғанда сот-психиатриялық сараптама тағайындауға құқылы.

Егер істегі бар және сот отырысында зерттеуді қажет етпейтін қосымша ұсынылған материалдар бойынша сараптама жүргізу мүмкін болған жағдайларда ғана апелляциялық сатыдағы сот өзге сараптама тағайындауы мүмкін.

Егер апелляциялық тәртіпте істі қарау кезінде сарапшылық зерттеу қажет деп анықталса, бірақ оны жүргізу үшін бір мән-жайларды анықтау немесе қосымша материалдар, сарапшылық зерттеу объектілерін жинау талап етілсе, онда мұндай жағдайларда сот актісін қайтарғаннан кейін тек бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауы кезінде сараптама тағайындалуы мүмкін.

3.Сарапшылық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу.

Сарапшылық зерттеу – сарапшының сараптамаға ұсынылған объектілерді зерттеу процесі. Ол жеке міндеттердің сипаты бойынша ажыратылатын, бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып тұратын сатылардын тұрады:

-         дайындық (сарапшылық тексеруді қосқанда);

-         сот сараптамасының объектілерін бөлек зерттеу сатылары;

-         салыстырмалы зерттеу сатылары;

-         зерттеу нәтижелерін бағалау және сарапшының қорытындыларын тұжырымдау сатылары. Сарапшының қорытындысы – іс жүргізу құжаты, онда жүргізілген зерттеудің нәтижелері баяндалады, қойылған сұрақтардың біреуіне болса да жауап өз мәнісі бойынша беріледі немесе тұжырымның біреуі болса да сарапшының бастамасы бойынша жасалады. Сарапшы өз атынан жазбаша қорытынды жасап, оның өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді.

Сарапшының қорытындысы үш бөлімнен тұрады, олар: кіріспе, зерттеу және тұжырым.

Сарапшы қорытындысының кіріспе бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс: сараптама атауы, оның нөмірі, материалдар келіп түскен және қорытыны жасалған күні; сараптама тағайындаған адам; сараптама жүргізудің негізі; зерттеу объектілерінің тізбесі; жеткізу тәсілі, зерттеуге түскен объектілер орамасының түрі; сарпашының алдына қойылған мәселелер: сарапшы туралы мәліметтер – тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, ғылыми атағы, лауазымы; көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы өзінге ескертілгені туралы сарапшының қол қоюымен куәландырылған белгі.

Зерттеу бөлімінде сараптама объектілерінің жай-күйі, қабылданған зерттеу сұлбасы, пайдаланған зерттеу әдістері мен оларды қолданудың техникалық шарттары туралы, сарапшы жүргізген эксперимент нәтижелері туралы, зерттеу барысында пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер мен анықтамалық әдебиеттер туралы, жүргізілген зерттеудің нәтижелерін сарапшылық бағалау туралы мәліметтер көрсетіледі.

Тұжырымда қойылған сұрақтарға сарапшының жауаптары баяндалады, Әрбір сұраққа өз мәні бойынша тұжырым беріледі немесе себептерін көрсете отырып оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.

Билет№27

1. Сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастыру.

ҚПК14-бап. Жеке басқа қолсұғылмаушылық

1. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алуға, күзетпен қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда ғана және күзетпен қамауға алынған не үйқамаққа алынған адамға сотқа шағым жасау құқығын бере отырып, соттың санкциясымен ғана күзетпен ұстауға және үйқамаққа алуға жол берiледi. Адам соттың санкциясынсыз жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстап алынуы мүмкiн. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi.

 ҚР сот-сараптама қызметi туралы заң, 36-бап. Адамды сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастырудың негіздері мен тәртібі

1. Егер адамға қатысты сот сараптамасын жүргізу сот-сараптамалық зерттеулерді стационар жағдайында жүргізуді көздейтін болса, ол сот сараптамасын тағайындау туралы қаулының, ұйғарымның негізінде тиісті медициналық ұйымға орналастырылады.

2. Күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға сот шешімі бойынша ғана жол беріледі.

Күзетпен ұсталмайтын адамды сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға сот шешімі бойынша немесе прокурордың санкциясымен жол беріледі.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның болатын орны туралы оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірін, басқа туыстарын немесе жақын адамдарын, ал олар болмаған кезде аталған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органын жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге міндетті.

37-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде адамның медициналық ұйымда болу мерзімдері

1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, адам сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымда отыз тәулiкке дейiнгi қажетті мерзiмге орналастырылуы мүмкiн.

2. Ерікті түрде сот сараптамасына тартылған адам үшін көрсетілген мерзімді ұзартуды оның келісімімен, сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелдi өтiнiшхаты бойынша жүзеге асырады.

3. Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзiмiн ұзарту Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның онда болу мерзiмiнiң, сондай-ақ осы мерзiмдi ұзарту тәртiбiнiң бұзылуына аталған адам, оның қорғаушысы, заңды өкiлi немесе iске қатысуға жiберiлген өзге де өкiлдер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.

2.Сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі.

38-бап. Сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі

1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:

1) іс бойынша мәліметтер алу мақсатында олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);

2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;

3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.

2. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы жүргізілетін адамды, баламалы әдістерді қоса алғанда, қолданылатын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері туралы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдері мен жанама әсерлер туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Аталған хабарлама сот сараптамасы жүргізілетін адамның тиісті өтінішті мәлімдеген заңды өкіліне де беріледі.

3. Сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 271; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!