Юридический статус Предприятия



Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы «28» желтоқсандағы №274 шешімімен бекітілген   ЖАРҒЫ «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Аққайың» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны   2

Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Аққайың» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі-Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынының ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2. Кәсіпорын Ырғыз аудан әкімдігінің 25 желтоқсан 2009 жылғы                 № 241 қаулысымен қайта құрылды.

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы  Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - құрылтайшы) болып табылады.

4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субьектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы  Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

6. Кәсіпорынның атауы: «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Аққайың» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

7. Кәсіпорынның орналасқан жері: индекс: 030400, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Ұзақбай Құлымбетов көшесі, 12 ғимарат.

2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.9. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

10. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

11. Кәсіпорын қызметінің мақсаты: Әр баланың жеке тұлғасының дамуы үшін қолайлы жағдайлар құру, олардың эстетикалық, психологиялық қолайлылығы мен дене дамуын нығайту, балалар мүддесі мен ата-аналар сұранысына орай олардың қабілеттерін дамыту, мектепке оқытуға дайындық болып табылады.

3

 

12. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

- балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтының құндылықтарына қатыстыру;

- баланың жеке тұлғасының жан-жақты дамуы, оның мүдделерін қанағаттандыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қабілеттерін дамыту;

- балаға қоғамдық-әлеуметтік, табиғи ортада жемісті іс-әрекет жасауға және өмір сүруге мүмкіншілік беретін, жеке тұлғаның әлеуметтік-рухани сапаларын қалыптастыру.

- коммуникативтік, танымдық, ойын және де басқа да белсенділіктерін ынталандыру, білім алуға қажеттілігін қалыптастыру;

- талапкерлік, білімпаздық, өзін шығармашылық танытуға қабілетін дамыту;

- әр баланың эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз ету, өзін қолайлы түйсінуін дамыту;

- қажетті жағдай туғызу, салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, жан-жақты интелектуалды және жеке тұлғаның дамуына;

-ата-аналарға көмек ретінде психологиялық кеңес беру пунктін ұйымдастыру баланың толық дамуына;

13. Негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін Кәсіпорын мыналарға құқылы:

- өз қызметтерінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған Ырғыз аудандық білім бөлімінің эксперттік ғылыми – әдістемелік кеңесімен бекітілген қосымша, адаптивтік, авторлық бағдарламаларын қолдануға;

-балаларды тәрбиелеу және оқыту әдістерін,түрін және тәсілдерін таңдауға;

-Қазақстан Республикасы үкіметімен белгіленген ретімен, негізгі білім беру іс-әрекеті аумағында оқыту және т.б. ақылы қызмет көрсетуге;

Қосымша қаржы көздерін таратуға:

14. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

15. Кәсіпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

4. Оқу процесін ұйымдастыру, қабылдап алу, жинақтау тәртібі

16. Кәсіпорынның тәрбиеленушілер контингенті Кәсіпорынның типіне және балалардыңжастарына сай құрылады. Кәсіпорынға 1-5 жас аралағындағы балалар қабылданады.

Кәсіпорында мектепке дейінгі топтар бар.

17. Топтардағы балалар саны Қазақстан Республикасының «Мектепке дейінгі мекемелер қызметтерін ұйымдастыру тәртібі» туралы Ережесіне сәйкес

 

 

4

 

анықталады. Топтардың толтырылуы балалардың категориясы және жасына байланысты белгіленеді:

Бір жастан бес жасқа дейін – 125 бала.

18. Өтініштерді есепке алу, мектепке дейінгі мекемеге қабылдау үшін жолдама рәсімдеу және беру тәртібін тиісті саланың Уәкілетті органы белгілейді. Баланы Кәсіпорынға қабылдау тиісті саланың Уәкілетті органы жолдамасы, баланың даму тарихының көшірмесі, эпидемиологиялық ортасы туралы учаскелік дәрігердің анықтамасы негізінде жүргізіледі.

19. Кәсіпорын мен тәрбиешілер, олардың ата-аналары (заңды өкілдер) арасындағы қатынастарды реттеу және рәсімдеу келісім – шартта көрсетіледі. Балаларды күтіп бағу үшін төлемді тиісті саланың Уәкілетті органы бекітіп, келісім-шартта белгіленген ретпен өтіледі.

20. Баланың орны келесі жағдайларда сақталады:

1) бала сырқаттанып қалған уақытта;

2) ата-анасының біреуіне еңбек демалысы берілгенде;

3) оқу маусымы басталған уақытта ата-анасының еңбек демалысына байланысты ақысыз демалыс 15 күннен артық берілмейді;

4) балаға ұзақ мерзімді ақысыз демалыс анасы бала күтіміне байланысты үйде отырған жағдайда беріледі;

5) жазғы уақыттарды балалардың санының азаюына және бөбекжайға қатысым деңгейі төмендеген жағдайда балалар басқа топтарға ауыстырылады;

6) жазғы мезгілде баланы екі ай мерзімге дейін сауықтыру кезінде.

21. Басшының балаларды мектепке дейінгі ұйымнан шығаруы Құрылтайшының және тиісті саланың Уәкілетті органының келісімімен мынадай жағдайда жүргізіледі:

1) баланы күтіп бағу үшін төлем ақының ай сайынғы төлемнің уақытылы жүргізілмеу (1 айдан артық);

2) дәлелді себепсіз және әкімшілікті ескертпей баланың келмей қалуы;

3) мектепке дейінгі ұйымда болуына кедергі болатын баланың жағдайы туралы медициналық қорытынды бойынша және тиісті саланың Уәкілетті органның өкілеттілігіне қатысты болады.

22. Оқыту және тәрбиелеу қазақ тілінде жүреді.

23. Оқыту тәрбиелеу ісі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде жасалған оқу жоспарлары және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады және Жарғымен анықталады. Кәсіпорын тиімді оқыту – тәрбиелеу істерін қамтамасыз ету үшін педагогтарға (баланың шығармашылық, рухани және денесін дамытып, адамгершілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыру) білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы орталық атқару орындары бекіткен оқыту, тәрбиелеу және сауықтырудың таңдау тәсілдерін енгізу, баламалы авторлық бағдарламаларын қолдануды таңдау құқығын береді.

 

 

5

 

24. Кәсіпорынның жұмыс тәртібін педагогикалық қызметкерлерге арналған нормативтік оқу жүктемесін негізге ала отырып: бес күндік                       (10,5 сағат) және сенбі, жексенбі, мереке күндерін – демалыс күндері деп Құрылтайшы бекітеді.

25. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі келісім-шартта анықталады.

26. Тәрбиеленушілердің білім деңгейін бағалай келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады:

1) жас шамасына сәйкес балалардың білім, дағды, іскерлік деңгейлері;

2) баланың мектепке дайындығы;

3) Кәсіпорынды аттестациялау кезінде;

4) Қазақстан Республикасы заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да бақылау түрлері.

Тәрбиеленушілердің оқу жүктемелері, сабақтардың ұзақтық тәртібі Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен анықталады.

27. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының                   59 бабына сәйкес бес жылда бір рет аттестациядан өтеді.

Аттестация өткізілу кезінде:

1) Кәсіпорынның мемлекеттік, жалпы білім беру стандарттарын орындауы;

2) Кәсіпорынның білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын, біліктілік талаптарын сақтауы;

3) Кәсіпорын өз қызметінде білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы қаралады.

28. Кәсіпорында білім беру қызметін жүргізу құқығы оған қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаны  берген сәттен бастап туындайды.

 

 

5. Кәсіпорынды басқару

29. Құрылтайшы:

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

30. Тиісті саланың уәкілетті органы

 

 

6

 

1) кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

2) кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

3) кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

4) кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

5) кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

6) кәсіпорынның басшысын тағайындайды және лауазымынан босатады;

7) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

31. Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша уәкілетті орган:

1) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

2) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

3) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

32. Кәсіпорынды заңды тұлға ретінде тікелей басқаруды тиісті саланың Уәкілетті органмен тағайындалатын меңгеруші тұлғасындағы басшы жүзеге асырады.

33. Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары тиісті саланың өкілетті органымен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімделеді.

34. Кәсіпорын басшысы дара басшылық қағидатымен іс-қимыл жасайды және Кәсіпорын қызметіне барлық мәселелерді оның заңнамалармен және осы Жарғымен нақтыланған құзыреті шегінде өз бетінше шешеді.

35. Басшы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі және мүлкінің сақталуы үшін жеке дербес жауап береді.

36. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

37. Басшысы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық орындарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

 

 

                                               7

 

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлық ақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

6. Кәсіпорынның мүлкі

38. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

39. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

40. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

41. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

42. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

 

7. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

43. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

 

 

8

8. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

44. Кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінінен жарғылық жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.

 

 

9. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

45. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

46. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

 

10. Кәсіпорынның жауапкершілігі

47. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде, оның міндеттемелері бойынша

Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

 

11. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

48. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

49. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

12. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

50. Кәсіпорынның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылдың 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге, ұйым жұмысшыларын, қазыналық кәсіпорын жұмысшыларына еңбек ақы төлеу жүйесіне сәйкес белгіленеді.

 

9

13. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

51. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

52. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған кәсіпорынның ақшасы, кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

14. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

53. Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды тиісті саланың Уәкілетті органының ұсынымы бойынша Кәсіпорынның құрылтайшысы қаулысымен енгізіледі.

 

15. Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

 

54. Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Аққайың»

бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық

қазыналық  кәсіпорыны меңгерушісі:                                  Ш.Байжиенова

 

 

Утверждено решением

                                                               Аппарат акима Иргизского

                                                                   сельского округа Иргизского

                                                                   района Актюбинской области

№274 от «28» декабря 2017 года

 

 

УСТАВ

государственного коммунального казенного предприятия ясли «Аққайың» государственного учреждения «Аппарат акима Иргизского сельского округа Иргизского района Актюбинской области»

 

2

Общие положения

 1. Государственное коммунальное казенное предприятие ясли «Аққайың» государственного учереждения «Аппарат акима Иргизского сельского округа Иргизского района Актюбинской области» (далее - Предприятие) является юридическим лицом в организационно- правовой форме государственного предпрятия на праве оперативного управления .

2. Предприятие внов создано постановлением акимата Иргизского района от 25 декабря 2009 года №241

3. Учредителем предприятия является государственного учереждения «Аппарат акима Иргизского сельского округа Иргизского района Актюбинской области».

4. Права субъекта права государственной  коммунальной  собственности в отношении имущества Предприятия осуществляет государственного учереждения «Аппарат акима Иргизского сельского округа Иргизского района Актюбинской области» (далее - уполномоченный орган по государственному имущесту).

5. Органом, осуществляющим управление Предприятием является государственное учреждение «Аппарат акима Иргизского сельского округа Иргизского района Актюбинской области» (далее - уполномоченный орган соответствующей отрасли).

6. Наименование Предприятия: Государственное коммунальное казенное предприятие ясли «Аққайың» государственного учереждения «Аппарат акима Иргизского сельского округа Иргизского района Актюбинской области».

7. Местонахождение Предприятия: 030400,Республика Казахстан, Актюбинская область, Иргизский район, Иргизский сельский округ , с.Иргиз ул. Узакбай Кулымбетова, здание 12.

                             

Юридический статус Предприятия

8. Предприятие считается созданным и приобретает прав юридического лиц с момента его государственной регистрации.

9. Предприятие имеет самостоятельный баланс, счета в банках в соответствии с законодательством, бланки, печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и наименованием Предприятия.   

10. Гражданско-правовые сделки, заключаемые Предприятием и подлежащие обязательной государственной или иной регистрации в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан, считаются совершенными с момента регистрации, если иное не предусмотрено законодательными актами Республики Казахстан.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 281; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!