Технологиялық өлшеу



Әртүрлі өлшеулермен адам баласы өмірге келгеннен бастап араласқан. Өлшеуді техникалық құралдардың көмегімен жүргізеді. Аты аталған техникалық құрылғыларды өлшеу жүйелері деп атайды. Сонымен, өлшеу үшін, өлшеу әдістерін жүзеге асыру үшін пайдаланатын техникалық құрылғыларды - өлшеу құралдары деп атайды.

Өлшеу құралдарының өзгеруі адам қоғамының өзгеруіне тікелей байланысты. Себебі, XX ғасыр өндіріс орындарының, ғылым мен техниканың шапшаң жылдамдықпен өркендеген кезі болды. Сондықтан да өндірістің, ғылымның одан әрі дамуы дәлдікпен өлшеуге тікелей байланысты екендігі белігілі болса керек.

Өлшеу техникасы объектідеөтіп жатқан көптеген процестер туралы мәліметтер жинау үшін пайдаланылады. Технологиялық процестерде қолданатын өлшеу құралдарын және де өлшеу әдістерін бір сөзбен айтқанда технологиялық өлшеу деп айтады. Әртүрлі өндірістерде болып жатқан технологиялық процестерді басқару үшін олардың температурасын, қысымын, деңгейін, шығынын, концентрациясын өлшеу керек.

Объектерде жүріп жатқан технолгиялық процестердің температураларын, қысымдарын, шығындарын, деңгейлерін өлшеуді жылу – техникалық өлшеуге жатқызады.

Ал, заттың құрамын, физика-химиялық қасиетін өлшеуді физика – химиялық өлшеу деп атайды.

Электрлік мәндерді өлшеу - электрлік өлшеуге жатады. Сонымен, технологиялық өлшеу өзінің құрамына жылу – техникалық, физика - химиялық, электрлік өлшеулерді біріктіреді.

Өндірістегі процестерді автоматтандыру дегеніміз - сол технологиялық операцияны адамның көмегінсіз техникалық кұралдардың басқаруымен іс жүзіне асыру.

Өндірісті автоматтандыру автоматты түрде технологиялық параметрлерді тексеруден, автоматты басқарудан және автоматты түрде процестің параметрлерін берілген мөлшерде (деңгейде) ұстаудан тұрады.

Автоматты түрде технологиялық параметрді бақылау өндірістігі автоматтандырудың ең алғашқы сатылырының бірі болып есептелінеді.

Хк
Хк
 
 
 


 

4.1. сурет. Автоматты түрде бақылау жүйесі. 1- сезгіш элемент; 2- көрсеткіш құрал; 3- тексеру объектісі.

 

Бұл суретте (4.1. сурет) автоматты түрде бақылау жүйесі көрсетілген. Енді біз автоматты түрде реттегіш жүйенің жұмыс істеу мүмкіншілігін сурет арқылы көрсетейік:

Z
Хк
 
Кері әсер
y
Yтапс
 
 
3
 

 


 

 

4.2. сурет. Автоматты түрде реттегіш жүйе. 1- сезгіш элемент; 2- басқару объектісі; 3- реттегіш құрал; 4 – орындау механизмі.

 

4.2. суретте автоматты түрде реттегіш жүйенің схемасы көрсетілген. Автоматты түрде процестерді реттеудің себебі, ол технологиялық процестің дұрыс жүруіне әртүрлі кедергілердің әсер етуінен деп түсінуге болады. Сондықтан да сигналымен y сигналдарының арасында түзу сызықты байланыстың жоқтығы.

Сезгіш элемент технологиялық параметрдің мәнін өлшейді. Яғни, xk мәнін y - сигналы өзгерткіштің (сезгіш элементтің) көмегімен y сигналына айналады. Бұл сигнал көрсеткіш құралға, сонымен қатар, реттегіш тетікке келіп түседі. Реттегіш тетікке y сигналынан басқа, y (тапсырма) сигналы да келіп түседі. y т сигналының мәні бізге алдын - ала белгілі және де керекті мөлшерде болады. Сондықтан реттегіш тетіктен шығатын Z сигналының мәнін белгілі бір мөлшерде өзгертіп отыруға болады. Z сигналы орындау аспабына келіп, Хк сигналының мәнін бізге керекті, ыңғайлы түрде өзгертеді.

 

 

2 дәріс. Тақырыбы мен жоспары: Автоматты бақылау жүйелері. Автоматты бақылау жүйелерінің міндеттері. Температураны өлшеу және бақылау. Температураны өлшеу принциптері. Манометрлік термометрлер. Термоэлектрлі түрлендіргіштер. Кедергі термометрлері. Температураны бақылау приборлары.


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!