Манометрлік термометр.



 

Объекте жүріп жатқан технологиялық процестердің температурасын өлшеу үшін төмендегі өлшеу құралдарының тобын ұсынуға болады:

· манометрлік термометрлер;

· термоэлектрлік термометрлер;

· кедергі термометрлері;

· пирометрлер.

Манометрлік термометрдің жұмыс істеу принціпі өлшеу жүйесінің ішіндегі сұйықтың, газдың қысымы мен объектің температурасының арасындағы байланысқа негізделінген. Сезгіш элементтің рөлін атқаратын жылу баллоны 1.

Сезгіш элемент 1 (11.1.сурет) капиляр түтік 2 арқылы өлшеу құралына 3 жалғанады.

Samson фирмасының температураны реттейтін манометрлік термометрі –10 оС пен 250 оС аралығында судың, будың және мұнай өнімдерінің температураларын белгілі бір деңгейде реттеуге қолданылады.

Өлшеу құралдарының 3 ішінде температураның мәніне байланысты қысымның өзгеруін сезетін манометрлік пружина бар. Жылу баллоны 1 үлкен қысымға, температураға және коррозияға төзімді металдардан жасалынады.

Сұйықтық манометрлік термометр. Термобаллон 1 температурасы өлшенетін объекте орналасады. Өлшенетін температураның мәні технологиялық процеске сәйкес өзгергенде жүйедегі (термобаллон, капиляр түтігі) қысымның мәні соған пропорционал өзгереді.

Жүйедегі қысымның мәні болса, төмендегі теңдікпен өрнектелінеді:

(11.1)

мұндағы газдың 0 және қысымы; - қысымның термиялық коэффициенті,

Термомеметрлік сұйық ретінде сынап,толуол спирті, метаксилол, кремний органикалық сұйықтар қолданылады. Сұйықтық манометрлік термометрлерді пайдаланған кезде жылу баллонының 1 өлшеу құралы 3 қарағанда орналасуына байланысты қатенің пайда болуы мүмкін. Егер осы айырмашылық h болып, баллондағы сұйықтың тығыздығы ρ болған жағдайда, онда жүйедегі осы деңгейге байланысты қосымша қысымның мәні:

 

 
 
 
 
(11.2)

тең.

 

11.1.сурет. Samson фирмасының температураны реттегіш манометрлік

термометрі.

Жылу баллоны өлшеу құралына қарағанда жоғарыда орналасса, онда жүйедегі жалпы қысымнан (11.2) теңдігінің мәні алынып тасталынады. Егер жылу баллоны өлшеу құралына қарағанда төменде орналасса, онда жүйедегі жалпы қысымға (11.2) теңдігінің мәні қосылады. Осының нәтижесінде өлшеу құралы объектегі нақты температураның мәнін көрсетеді. Температураны өлшеу шегі -150 пен +300 0 С аралығымен шектелінеді.

Газды манометрлік термометр. Мұндай манометрлік термометрлерде жұмысшы газ ретінде азот, аргон, гелий жиі қолданылады. Объектің температурасы өзгерген кезде жылу баллоны мен капилляр түтігіндегі қысымның мәні Клайперон теңдігіне сәйкес өзгереді:

, (11.3)

Осы теңдікке сәйкес температура мен қысымның арасында түзу сызықты байланыстың барлығын көруге болады. Бұл болса өлшеу құралының шкаласы түзу сызықты деп тұжырым жасауға мүмкіншілік береді. Температураны өлшеу шегі -200 пен +600 0 С аралығымен шектелінеді.

Конденсациялы манометрлік термометр. Бұл термометрдің баллоны мен капилляр түтігінің 2/3 бөлігі жұмысшы сұйығынан тұрса, қалған 1/3 бөлігі осы сұйықтың буымен толтырылады. Жұмысшы сұйық ретінде фреон, ацетон, хлорлы метал, этилбензолдар қолданылады. Өлшеу құралының шкаласы түзу сызықты емес. Температураны өлшеу шегі -50 мен +300 0 С аралығында.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 22; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!