Лшеу құралдарының қателері



 

Енді өлшеу құралдарының абсолюттік, салыстырмалы, келтірілген қателеріне түсініктеме берейік.

Өлшеу құралының абсолюттік қатесі деп сол өлшеу құралының көрсетіп тұрған шамасының мәні мен оның нақты мәнінің арасындағы айырмаға тең шаманы айтады:

∆хқ ₌ хқ н, (3.3)

мұндағы хқ, өлшеу құралының көрсетуі; хн, өлшенетін шаманың нақты мәні.

Өлшеу құралдарының салыстырмалы δқ қатесі деп, сол өлшеу құралының абсолюттік қатесінің өлшенетін шаманың нақты мәніне қатынасын айтады:

Δδқ . (3.4)

Өлшеу құралдарының келтірілген Δққатесі деп, сол өлшеу құралының абсолюттік қатесінің сол шаманың нормалаушы мәніне (хмахмин) қатынасын айтады:

Δк= . (3.5)

Мысалы: Өлшеу құралының абсолюттік, салыстырмалы және келтірілген қателерін анықтаңыздар. Егер өлшеу құралының көрсету бағанасының мәні 0оС пен 150 оС аралығында, өлшеу құралы 120оС көрсетіп тұр да және оның нақты мәні 120,6оС тең.

∆хқ = 120-120,6 =-0.6 оС,

Δδқ = -(0.6: 120,6)*100 =- 0.5 %,

Δк = -(0.6:150)* 100 = - 0.4 %.

Өлшеу құралдарының технологиялық параметрлерді өлшеген кезде ол параметрге сыртқы ортаның тиетін әсерлері болатындығы белгілі. Сондықтан өлшеу құралдарының қателері негізгі және қосымша қателер деп екіге бөленеді.

Өлшеу құралының негізгі қатесі технологиялық параметрді қалыпты жағдайда өлшегенде пайда болатын қатені айтады. Өлшеу құралдарын қолданған кезде қосымша қателердің пайда болу себебі, сол өлшенген өлшемге белгілі бір дәлдікпен анықтауға кері әсер ететін факторлардың бар болуынан, яғни қалыпты жағдайдың өзгеруіне байланысты.

Көптеген технологиялық параметрлерді өлшеу үшін әртүрлі құрал - жабдықтар пайдаланылады. Мысалыға, өлшеу құрылғылары, өлшеу қондырғылары мен өлшеу жүйелері. Жоғарыдағы аталған құрал - жабдықтардың ішінде технологиялық параметрлерді өлшеу үшін жиі қолданылатыны өлшеу құрылғылары. Бұл кұрылғыларды өлшеу процестерінде өз алдына жеке және де өлшеу қондырғылары мен өлшеу жүйелерін қоса пайдалануга болады.

Өлшенетін мәліметтердің (бағдарлама) формасының үлгісіне байланысты өлшеу құрылғылары өлшеу құралдары және өлшеу өзгерткіштері болып екіге бөлінеді.

Өлшеу құралдары дегеніміз - өлшенетін мәліметтерді (1.1. сурет) ыңғайлы түрде көрсететін кұрал-жабдық. Бүкіл мәліметтер, әдетте, жылжымалы көрсеткіш тетік, не болмаса, көрсеткіш таблодағы 1 сан арқылы операторға ұсынылады.

Өзгерткіштер дегеніміз - өлшенетін мәліметтердің көзі болып табылатын және алыс жерге жеткізетін сигналдың көзі ретінде пайдаланылатын өлшеу құралы. Өзгерткіште технологиялық процестердің, өзгеруіне байланысты пайда болатын бағдарламалар айнымалы немесе тұрақты ток, болмаса кернеу ретінде ұсынылады. Не болмаса, сығылған сұйықтың, газдың қысымы түрінде, көрсеткіш құралдарға жеткізіліп отырады.

 

3.1.сурет. Siemens фирмасының өлшеу құралы. 1- шкала.

 

Токтың күшін өлшейтін өлшеу құралын амперметр, температураны - термометр, қысымды - манометр деп атайды.

Кез – келген өлшеу құралдарын және автоматты басқару құралдарын Хk сигналын (кіру) Y сигналына (шығу) өзгерткіш есебінде қарауға болады. Өлшеу жүйелеріне талдау жасау үшін өлшеу құралдарын жоғарыдағыдай етіп көрсету автоматты басқару теориясын ойдағыдай пайдалануға мүмкіншілік береді.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!