Тозаңдандырылған наносымдар



Тозаңдандырылған наносымдар басқа материалдар табаншасында түзіледі, мысал ретінде тоқ өткізбейтін табаншадағы металл атомдарының қатары ретінде. Бұл әдетте бу- сұйық – қатты дене күйіндегі наносым көзі атомдарын лазерлік абляциялау көмегімен жүзеге асырылады. Алдымен шикізат көзі канализатормен әрекеттеседі. Шикізат көзінің атомдары канализаторға енеді және оны қанықтырады. Аса қанығу кезінде олар қатты күйге ауысады және наносымның кристалдарына айналады. Наносымның ұзындығы шикізат атомдарын беру арқылы реттеліп отырады. Бір материалдан наносым ғана алып қоюға болмайды, сонымен қатар тозаңдандыру кезінде әртүрлі материалдардан түзілетін аралық материалдардың кристалдарын да алуға болады. Дәл осы жолмен электрлік сызбалардың жартылай өткізгіштеріне арналған наносымдар алады.

Наносымдар негізіндегі электрлік сызбалардың компоненттерін алу үшін жеке наносымдарды легирлейді (яғни басқа химиялық заттардың қоспаларын қосады.) және р- типті және n-типті жартылай өткізгіштер алынады. Содан кейін р- n типті ауысуды р- типті сымды n-типті сыммен қарапайым физикалық байланыстыру немесе әртүрлі материалдармен легирлеу арқылы тіркейді. Мысалы, р- n типті ауысуды бір ғана сымның көмегімен алуға болады. Ауысулар жасалғаннан кейін бірнеше р- n типті ауысулар көмегімен логикалық затворлар жасауға кірісуге болады.

Нанотехнологияның көптеген артықшылықтарын іске қосу арқылы өткізгіш және жартылай өткізгіш наносымдар көмегімен болашақ компьютерлер үшін өте маңызды бөлшектер жасалынады.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!