Екінші түрі - ААИЖ аутосомды –рецессивті түрлері



Біріншілік иммундық тапшылықтың бұл тобына 13-ші хромосомада орналасқан, тирозинкиназа ZAP-70генінің мутациясы себеп болатын иммундық тапшылығы жатыр. Бұл фермент Т – және В лимфоциттерге пролиферативті белгіні беруін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде науқастарда лимфоциттердің дифференциялануы бұзылады, ең алдымен CD8 Т-лимфоциттер саны азаяды. Аутосомды –рецессивтік тұқымқуалау түрі тән.

Зертханалық тексеруде: жалпы Т-лимфоциттер санының, әсіресе CD8 жасушасының азаюымен сипатталатын, айқын лимфопения анықталады. Функционалдық сынамалар лимфоциттердің бласттық трансформациялаушы серпілісі, лейкоциттердің миграциясын тежеуші серпілісі, Т – жасушалық цитокиндер өнімдері, жоғары сезімталдықтың баяу түрінің арналған терілік сынамасы төмендеген. Сонымен қатар, В- лимфоциттердің және сарысулық иммуноглобулиндердің барлық класының мөлшері күрт төмендеуі байқалады.

ИТЖ осы түрінің клиникалық көріністері вирустық, бактериялық немесе қарапайымдылар табиғаты бар қайталамалы жұқпалы аурулардың, микоздың болуымен байқалады. Науқастар жүдеген, оларға дамудың кідіруі тән. Өмір сүру ұзақтығы 1-2 жылдан аспайды.

Емі: сүйек кемігін және тимусын ауыстыру, иммуноглобулиндерді көктамырға енгізу, бағаналы қан жасау жасушаларын ауыстыру.

 

Аутосомды –рецессивтік тұқымқаулуа түрімен кездесетін ААИЖ басқа мысалы, лимфоциттердің дифференциялануына қатысатын пуриндік метаболизм ферментінің тапшылығымен сипатталатын аралас ИТЖ болып табылады.

a) Алдымен аденозиндезаминаза ферментінің генетикалық ақауымен сипатталатын ААИЖ түрі көзге түседі. Ақау 20хромосомада орналасқан. ААИЖ бұл варианты барлық ААИЖ-тің 50%- ын құрайды. АДА ферменті эритроциттер мен лимфоциттер дифференциялануының реттелуіне қатысады. АДА қызметінің бұзылысы, лимфоциттердегі ДНҚ түзілуін тежейтін, соның әсерінен көбеюіне бөгет жасайтын, метаболиттердің жиналуына әкеледі. Нәтижесінде Т- және В- лимфоциттердің жойылуы, әсіресе жаңа түзілген тимоциттердің күшті зақымдануы байқалады.

Зертханалық тексеруде: Т және В – лимфоциттер мөлшерінің азаюы салдарынан, айқын өршімелі лимфопения, сарысулық иммуноглобулиндер мөлшерінің күрт төмендеуі анықталады.

Емі: науқастарға тазартылған бұқаның АДА ферменті мен полиэтиленгликоль қоспасын қолданады. Полиэтиленгликоль бұқа ферментінің иммуногендігін азайтады және ағзада ұзақ сақталуына әсерін тигізеді.

ААИЖ дәл осы түрі гендік терапия көмегімен табысты емделген адамның алғашқы ауруы болып табылады. 1990жылы АҚШ-да бұл емдеудің алғашқы табысты тәжірибесі жасалды. W.F. Anderson дәрігері өзінің әріптестерімен бірге, ААИЖ осы түрімен сырқаттанған 4 жасар Ashanti Desilva деген қыз балаға гендік терапия курсын жүргізген. Ретровирусты вектор арқылы, қыз баладан алынған сүйек кемігінің жасушаларына қалыпты адамның АДА ферментінің генін енгізген, содан кейін осы жасушаларды науқасқа қайта енгізген. Бұл процедураны жылына 4 рет жасау нәтижесінде, науқас толық емделіп шыққан. Ашанте қазір 14 жаста, дені сау, мектепте оқиды, спортпен шұғылданады, құрбыларына қарағанда жиі сырқаттанбайды. 2000жылдың басында гендік терапия әдісімен 10-ға жуық адам емделген.

b) Пуриндік метаболизмнің басқа ферментінің – пуриннуклеозидфосфорилаза тапшылығымен сипатталатын ААИЖ түрі кездеседі.

Осы ферменттің ташылығында лимфоциттерде нуклеозидтер, алдымен дезоксигуанозин жиналады, оған Т- лимфоциттер өте сезімтал келеді. ПНФ тапшылығы кезінде Т- лимфоциттердің жойылуы басым болады. Тұқымқуалау түрі – аутосомды – рецессивтік.

Зертханалық тексеру кезінде айқын лимфопения байқалады, Т –лимфоциттер мөлшері қарқынды түрде азаяды, ал В –лимфоциттердің саны қалыпты. Сарысулық иммуноглобулиндердің деңгейі төмендеген.

Клиникалық көрінісі ААИЖ басқа түрлеріне ұқсас келеді. Қосымша зақымданулар ішінде жиі кездесетін неврологиялық симптомдар және аутоиммундық гемолитикалық анемияның дамуы.

 

 

2. Атаксия – телеангиоэктазия (Луи – Барр синдромы)

Аралас иммундық тапшылықтың осы вариант патогенезінің негізінде, 11хромосомада орналасқан гендер мутациясы жатыр. Олар жасушалық циклдың бақылауының бұзылысын және хромосоманың тұрақсыздығын шақырады. Ауру аутосомды – рецессивтік түрі бойынша тұқым қуалайды. Ер балалар мен қыз балаларда бірдей жиілікте кездеседі. Клиникалық көріністер жиі өмірдің екінші жылында байқалады.

Луи – Барр синдромында орталық жүйке жүйесі, лимфоидтық және эндокриндік жүйелердің, терінің, шырышты қабаттың, асқазан-ішек жолдарының зақымданулары орын алады. 35-45%науқастарда ақыл –ойының кемістігі байқалады.

Ауру ерте жаста басталады, бірақ тек 5-7 жасында ғана анықталады. Сырқаттанған балалар өмірінің алғашқы айларында, иммундық тапшылықтың белгілері көрінеді: респираторлық жұқпаларға, жиі бронх – өкпелік жүйелердің зақымдануына, пиодермияға, отит, пиелонефрит, синуситтерге, конъюктивитке бейім болады. Қатерлі ісіктің даму қаупі жоғары. Көптеген жұқпалардың нәтижесінде балалардың өсуі әлсіз, ауыршаң, физикалық және ақыл – ойының дамуында кемістік байқалады.

Патогномдық симптомдардың бірі көз алмасының конъюктивасында майда қантамырлардың кеңеюі – телеангиоэктаздар болып табылады. Телеангиоэктаздар көз қабағында, құлақ жарғағында, жақта, мұрында, мойында, аяқ –қолда, шынтақ буындарында, тізе асты шұңқырларында орналасуы мүмкін.

Басқа патогномдық симптомы атаксия болып табылады. Сырқаттанған балаларда жүрісінің тұрақсыз, икемсіз, сенімсіз қылықтардың, жиі сүрінудің болуы байқалады. Атаксия 1,5-2 жасында нәрестелер жүре бастаған кезде айқын көрінеді. Сонымен қатар, сөйлеу бұзылыстары, гиперкинездер, бет – аузының тыржиуы байқалады. 50% жағдайларда, бассүйек нерв қызметінің бұзылыстары болады.

Тимус гипоплазиясы, көкбауырдың, таңдайлық бадамшалардың, лимфа түйіндердің көлемінің кішіреюі тән.

Зертханалық тексеруде: жасушалық және гуморалдық иммунитеттің тапшылығы анықталады. Лимфопения байқалады, онда Т – лимфоциттер санының азаюы басымырақ болады. ФГА- ға лимфоциттердің бласттрансформациялау серпілісі едәуір төмендейді. 75 % науқастарда IgA, IgE, IgG2 деңгейлері күрт төмендейді. Альфа – фетопротеиннің жоғарылауы тән.

Емі: кешендік, құрамына тимус гормондары және иммуноглобулиндермен орынбасушы терапиясы кіреді. Сүйек кемігін немесе бағаналы қан жасау жасушаларын ауыстыруы мүмкін.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!