Созылмалы шырышты – терілік кандидоз.



Созылмалы шырышты – терілік кандидоз екі жыныстың да адамдарын зақымдайды, оған аутосомды – рецессивтік тұқымқуалаушылық түрлері тән. Патогенезінің негізінде Т – лимфоциттердің Candida антигендеріне селективтік жауабының тапшылығы жатыр. Бұл кезде гуморалдық жауап бұзылмаған. Аурудың негізінде жатқан генетикалық ақаудың орналасуы белгісіз. Науқастар 20-30жыл өмір сүруі мүмкін, бірақ саңырауқұлақ ауруларына жиі шалдығады.

Зертханалық тексеруде: ауыр кандидоз фонында Т – лимфоциттердің толық анэргиясы(терілік сынама бойынша), бірақ шеткі қанда олардың мөлшері қалыпты. Candida антигендеріне лимфоциттердің бласттық трансформация серпілісі күрт төмендеген, бірақ ФГА- ға және аллогенді жасушаларға жауабы қалыпты. Сонымен қатар, лимфоциттердің және жұқпаның қоздырғышы жоқ антигендерге қарсы өндірілген лейкоциттердің миграциясын тежеуші фактордың белсенділігі қалыпты. В – лимфоциттердің және сарысулық иммуноглобулиндердің деңгейлері қалыпты немесе аздап жоғарылаған.

Сөйтіп, созылмалы шырышты – терілік кандидоз Т – лимфоциттердің және Т – митогендерге және басқа да антигендерге лимфоциттердің бласттық трансформациялаушы серпілісінің қалыпты кезінде, Т – лимфоциттердің белсенденуі және Candida albicans антигендеріне қарсы цитокиндердің өндірілуінің азаюы негізінде, Т –жүйесінің жауап қайтаруының ақауы нәтижесінде пайда болады.

Емі: саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды, тасымалдау факторын (трансфер - фактор), аутологиялық лимфоциттерді құю және ұрықтың тимусын көшіріп отырғызу табысты қолданған.

 

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 24; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!