Тақырыбы: Дүние жүзі халықтарының географиясы



Дәрістің жоспары:

1. Халық саны, ұдайы өсуі

2. Демографиялық саясат

Мақсаты: дүниежүзі халқының саны мен ұдайы өсуі, жастық-жыныстық құрылымымен танысу, демографиялық саясаты жайында баяндап түсіндіру.

 

Халық санағы. Халық саны туралы нақты ақпарат ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық санақтары нәтижесінде ғана белгілі болғандықтан, ерте кезеңдердегі ғана емес, тіпті орта ғасырлардағы адам саны жөніндегі мәліметтер де тек шамамен алынады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымызда тұрғындарының саны 3 млн адамнан аспаған деп шамалайды.

Дүние жүзі халқының саны. Демографиялық көрсеткіштер. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәуелділігімен, жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады.

Әсіресе ХХ ғасырда халық санының айрықша жылдамдатуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы – 3 млрд, 1976 жылы – 4 млрд, 1987 жылы – 5 млрд, ал 1999 жылы – 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады.

Дүние жүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін

Абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады.

Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлу арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп – қонуына экономикалық және саяси алғы шарттар, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарлауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.

Дегенмен елдер мен аймақтарды абсолютті көрсеткіштер бойынша салыстыру мүмкін емес. Сондықтан салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер, яғни 1000 адамға шаққандағы промилле (%0) есібмен өлшенетін жалпы корфициенттер пайдаланылады. Олардың ең жиі қолданылатындары – туу коэфициентті (елдегі бір жыл ішінде туғандар санының халықтың жалпы санына қатынасы); өлу коэффициенті (елдегі 1 жыл ішінде қайтыс болғандар санының халықтың жалпы санына қатынасы); табиғи өсу коэффициенті (елде бір жыл ішінде туғандар мен қайтыс болғандар айырмасының халықтың жалпы санына қатынасы); сәдилер өлімінің коэффициенті (жыл ішіндегң 1 жасқа толмағандар өлімінің үлесі); адамның өмір жасының орташа ұзақтығы. Демографиялық көрсеткіштер дүние жүзінің аймақтапрына айырмашылық жасайды.

Халық санының ұдайы өсуі. Демографиялық саясат. Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды. Әдетте, халықтың ұдайы өсуінің 3 типін ажыратады.

Халқытың ұдайы өсуін реттеу мақсатында мемлекеттік деңгейде демографиялық саясат жүргізіледі. Демографиялық саясат – елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында ме,млекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізетін шараларының жиынтығы.

Халықтың жастық – жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары.

Халықтың жастық – жыныстық құрамы. Халықтың жастық құрамын анықтаудың қолданбалы маңызы бар. Белгілі бір аумақтағы тұрғындарды жасы бойынша топтастыру нәтижесінде халықтың өсіміне және оның болашақта еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу мүмкіндігіне болжам жасауға болады. Әдетте, демографтар халықтың жас құрамын анықтауда 1 жастағы, 5 жастағы және 10 жастағы жас топтарын ажыратады. Жалпылама баға беруде ірілендірілген топтамалар (0-14 жас; 15-59 жас; 60 жастан әрі) жасалады.

Демографиялық көрсеткіштердің әр түрлігіне байланысты халықтың жастық құрымының аумақтық ерекшеліктері айқын байқалады. Осыған сәйкес, халықтың жастық құрамының 3 типі анықталған:

1) алға басушы (прогрессивті) тип – халқытың жалпы санында балардың үлесі жоғары

2) тұрақты тип – балалар мен егде адамадар санының тепе- теңдігі

3) кері – кетуші (регрессивті) тип – халықтың жалпы санында егде адамдар үлесін артуды

Еңбек ресурстары. Қоғамның басты өндіргіш күші болып табылатын еңбек ресурстары анықтауда және елдің болашақта ресурстың осы айрықша түрімен қамтамасыз етілуіне болжау жасауда халықтың жас құрамын білудің маңызы зор. Өйткені адамның жасы – оның еңбекке жарамдылығынң негізгі көрсеткіші. Халықаралық ұйымдардың анықтауы бойынша, еңбекке жарамды жас 15 – 65 жасқа дейінгі кезеңді қамтиді.

Еңбек ресурстарына елдегі еңбекке жарамды жастағы адамдарды барлығы (мүгедектер мен еңбекке қабілетсіз адамдардың басқалары) және еңбекке жарамды жастан асқан немесе оғын жетпеген болса да жұмыс істеп жүргендердің жиынтығы енеді. Жалықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша, ХХ ғасырдың соңына қарай еңбк ресурстарын дүние жүзі халқындағы үлесі 61,2% құрайды. Еңбек ресурстарының маңызды көрсеткіштерінің бірі – экономикалық белсенді халық үлесі. Экономикалық белсенді халық қатарына өндірістік және өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер және жұмыс істегісі келетін (яғни, еңбекпен қамтамасыз ету мекемелерінде арнайы тіркеуден өткен) жұмыссыздар жатады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойыншва, шамамен, 2,8 – 3 млрд адам, яғни, бүкіл халықтың 45% экономикалық белсенді халық болып табылады.

 

Методикалық нұсқау: Дәріс мазмұнын игеру үшін дүние жүзіндегі халықтың саны мен ұдайы өсуі, халықтың құрамы мен құрылымына назар аударып, елдердің жүргізетін демографиялық саясатына мән беру қажет.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Вавилов В.Е. Экономическая и социальная география мира: учеб-ное пособие. М.: Гардарики, 2006, - 175с.

2. Воронин В.П., Кондакова Г.В., Подмолодина И.Н. Мировое хозяйство и экономика стран мира: учебное пособие для вузов / М.: Финансы и статистика, 2008. – 240 с.

3. Гладкий Ю.Н., Сухоруков В.Г. Экономическая и социальная гео-графия зарубежных стран: учебник. – М.: Академия, 2008. – 464с.

4. Максаковский В.П. Географическая картина мира: в 2 кн. Кн. I: Общая характеристика мира / В.П. Максаковский. — М.: Дрофа, 2008.-495с.

5. Максаковский В.П. Общая экономическая и социальная география. Курс лекций: в 2 частях. Часть 1. / В.П. Максаковский. — М.: Владос, 2009. – 368 с.

6. Пирожник И.И. Геополитика в современном мире: учебное пособие / И.И. Пирожник. – Мн.: ТетраСистемс, 2008. – 272 с.

7. Социально-экономическая география зарубежных стран. /Под ред. В.В. Вольского. – М.: Дрофа, 2003. – 560 с.

 

 

Дәріс №6

Тақырыбы: Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүние жүзілік шаруашылық Дүние жүзілік шаруашылық салаларының географиясы

Дәрістің жоспары:

1.ҒТР ұғымы.

2.Географиялық еңбек бөлінісі

3. Дүние жүзілік шаруашылық салаларының географиясы

ҒТР құрылымы. Адамзат қоғамының ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдіруіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми – техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүние жүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми – техникалық революция (ҒТР) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегейлі өзгерткен «секіріс» ретінде бағаланды. Оның адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді қдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми –техникалық прогрестен айырамашылығы – белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. ҒТР – дің негізгі белгілері. Ғылым мен білімс адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техникамен технологияларды еңгізу арқылы оларда ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. Ғылымның аса қарқынды дамуы нәтижесінде тікелей өндіргішг күшке айналуы ҒТР – дің басты белгісі болып табылады.

Ғылыми – техникалық революцияның екінші белгісі - өндірістің ьехникалық базасының түбегейлі өзгеруі. Ғылым мен қндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми -өндірістік кешендер пайда болып, дамуда.

ҒТР – дің шаруашылық құрылымына ықпалы. ҒТР дүниежүзілік шаруашылықтың өсу қарқынынң жеделдете түсумен қатар, оның құрылымына да елеулі ықпал етті. ХХ ғасырдың ортасынан бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен еңгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді. әлеуметтік – экономикалық дамыдың басты факторларлың біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады.

ҒРТ ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалды.

Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барынша күті ықпал етуде. өндірістің орналасуында басты орын алып келген ресурстық фактор өзінің дәстүрлі маңызын жоғалтуда.

Өндірістің аумақтық орналасуының байырғы үлгісін (кәсіпорындардың ескі өнеркәсіп аудандарына шоғырлануы) шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады.

Сонымен, ғылыми – техникалық революция біртұтас жүйеге айналған қазіргі заманғы дүние жүзілік шаруашылықтың құрылымына жан – жақты ықпал етеді. Соның нәтижесінде кейбір дәстүрлі салалардың дамуы бәсеңдеп, керісінше, ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалардың маңызы артуда.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!