Дамушы елдерге сипаттама беру



Дамушы елдер тобын саны жағынан көп, өте ала-құлалығымен ерекшеленетін елдер құрайды, олардың барлығы дерлік Азияда, Африка мен Латын Америкасында орналасқан. Бұл елдерге экономиканың көп салалығы, әлеуметтік және аумақтық айырмашылықтар, халықаралық еңбек бөлінісінде шикізатты өндіру мен сыртқа шығаруға мамандануы, отарлық экономика сарқыншақтарының сақталып қалуы тән болады. Дамушы елдер экономикасының ала-құлалығы әсіресе қазіргі заманғы индустриялық елдер мен әлеуметтік-экономикалық даму жағынан артта қалған мешеу елдер экономикасындағы айырмашылықтардан айқын көрінеді. Даумшы елдерде экономикасының ауқымына халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік экономикалық даму деңгейіне байланысты бірнеше топшаға жіктейді. Олар мыналар: Жетекші дамушы елдер, оған: Қытай, Үндістан. Ерекшеліктері: Халық санының көптігі, арзан еңбек ресурстары, экономикалық әлеуетінің жоғарылылығы, жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштердің төмен болуы, шаруашылық құрлымының күрделілігі, бай мәдени қор.

Жаңа индустриялық елдерге Корей Республикасы, Малайзия, Сингапур, Бразилия, Мексика, Аргентина. Ерекшеліктері: Шетел инвестициясымен жоғары технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономиканың, әсіресе өнеркәсіптің жоғарғы қарқынмен дамуы.

Екпежер шаруашылық елдері: Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доменика Республикасы, Гаити, Шри-Ланка. Ерекшеліктері: агроклиматтық жағдайлардың қолайлылығы, шетел қаржысының басымдылығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, халықтың әл-ауқатының төмендігі.

Мұнай экспорттаушы елдер: Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла. Ерекшеліктері: Жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жоғары болуы, жаңа технологиялардың енгізілуі, қаржы экспорты.

“Жалға пәтер беруші” елдер: Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Панама. Халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысында орналасуы, салық жеңілдігі, қаржы және қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы.

Даму деңгейі төмен елдер: Мұхит аралдары, Африка, Азияда орналасқан 48 ел. Ерекшеліктері экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмендігі, табиғи өсудің жоғарылығы, аграрлық сектордың басымдылығы, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы. Сонымен қазіргі заманғы дүни жүзілік шаруашылыққа елдің әлеуметтік экономикалық даму деңгейінің әр-түрлігінен айқын көрінетін аумақтық айырмашылықтар тән болады.

Әрбір мемлекеттің экономикалық географиялық орны оның экономикалық дамуының басты факторларының бірі болып табылады.

Оның ішінде мысалы: Қазақстан Республикасының экономикалық- географиялық орны физикалық-географиялық орнының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Олар: Еуразия материгінің ортасында, Атлант, Тынық мұхиттарынан бірдей қашықтықта. Үнді мұхитынан біршама алыста орналасуы, ішкі континентальдық орнына байланысты табиғат жағдайлары тәуелді болуы: айқын қатты-континентальдық климат көпшілік ішкі өзендердің теңіздермен мұхиттарға құймауы, территориясынан батыс және солтүстік ауа массаларының кедергісіз ауысуы, шығыс және оңтүстік Қазақстан шекарасындағы таулардың Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы тау беткейлерінде жауын-шашынның шоғырлануы климаттық тосқауыл болды. Сонымен бірге Қазақстанның шаруашылығын тиімді орналастыру мен территориялық ұйымдастыру үшін экологиялық географиялық орын ерекшелігін де білген дұрыс.

Қазақстан әкімшілік-территориялық тұрғыда 14 облысқа, 5 әлеуметтік-экономикалық ауданға бөлінеді. Сонымен бірге Астана, Алматы, Приозерск, Байқоңыр қалалары өз алдына әкімшілік территория болып есептеледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы толығы мен анықталып, екі жақты Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Өзбекстан, Қазақстан-Түркіменстан, Қазақстан-Қырғызстан келісімдеріне қол қойылды және мемлекеттік шекара туралы соңғы нүкте 18 қаңтар 2005 жылы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын айқындайтын, әлемдегі ең ұзын шекара болып саналатын қашықтығы 7591 шақырымдық шекара мәселесі рәсімделіп, халықаралық құжатқа Ресей Президенті В.В Путин мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев қол қойды.

Қазақстан Республикасының территориясының көлемі-2724,9 мың ш.ш., яғни дүние жүзі елдерінің ішінде 9 орын алады. (Ресей-17075, Канада-9976, Қытай-9600, Бразилия-8512, Австралия-7682, Үндістан-3288, Аргентина -2767 ш.ш). Көлемі жағынан салыстырып қарасақ ТМД елдерінің, Ресейден басқа 10 мемлекетінің территориясы, немесе Еуропалық Одақтың алғашқы 12 мемлекетінің барлық территориясынан асып түседі.

Қазақстан территориясы. Солтүстік ендіктің 400 және 550 аралығында, 45 және 55 шығыс бойлығы аралығында яғни шығыс жартышартағы қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде, орналасқан. Солтүстік шекарасы Казан, Мәскеу, Каунас сияқты қалалармен бір ендікте жатса, ал оңтүстік ендігі Мадрид, Стамбул, Баку қалаларымке сәйкес келеді, яғни субтропикалық белдеуге өтетін аралықта жатыр. Республиканың табиғат жағдайы мен ресурстары көбіне оның территориясының көлеміне, географиялық орнына байланысты болып келеді. Қазақстан территориясы екі дүние жүзі бөлігінде: Еуропа мен Азияда орналасқан. Олардың шекарасы Батыс Қазақстандағы Мұғалжар тауларының шығыс бөктері, Ембі өзенінің арнасы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауы арқылы Ресейдегі Кума-Маныч ойысымен Керчь шығанағына жалғасады.

 

Методикалық нұсқау: Дәріс мазмұнын игеру үшін дүние жүзі елдерін экономикасы дамыған және дамушы елдерге топтастырып, сипаттама беру керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Вавилов В.Е. Экономическая и социальная география мира: учеб-ное пособие. М.: Гардарики, 2006, - 175с.

2. Воронин В.П., Кондакова Г.В., Подмолодина И.Н. Мировое хозяйство и экономика стран мира: учебное пособие для вузов / М.: Финансы и статистика, 2008. – 240 с.

3. Гладкий Ю.Н., Сухоруков В.Г. Экономическая и социальная гео-графия зарубежных стран: учебник. – М.: Академия, 2008. – 464с.

4. Максаковский В.П. Географическая картина мира: в 2 кн. Кн. I: Общая характеристика мира / В.П. Максаковский. — М.: Дрофа, 2008.-495с.

5. Максаковский В.П. Общая экономическая и социальная география. Курс лекций: в 2 частях. Часть 1. / В.П. Максаковский. — М.: Владос, 2009. – 368 с.

6. Пирожник И.И. Геополитика в современном мире: учебное пособие / И.И. Пирожник. – Мн.: ТетраСистемс, 2008. – 272 с.

7. Социально-экономическая география зарубежных стран. /Под ред. В.В. Вольского. – М.: Дрофа, 2003. – 560 с.

 

 

Дәріс №3

Тақырыбы: Халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық экономикалық байланыстар. Халықаралық ұйымдар олардың рөлі.

Жоспары:

1. Біріккен ұлттар ұйымы және онымен байланысты үкіметаралық мекемелер.

2. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АТЭХА).

3. Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы (ЮНЕСКО).

4. Солтүстік Атлантика Келісім Ұйымы (НАТО).

Мақсаты: Халықаралық ұйымдардың қызмет ету тиімділігі мен ондағы мемлекеттердің келісімге келу дәрежесін бақылау.

Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) - халықаралық бейбітшілік пен кауіпсіздікті сақтап, нығайту және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында егемен мемелекеттерді ерікті негізінде біріктіретін ең ықпалды халықаралық ұйым «Біріккен Ұлттар» деген атты АҚШ – тың президенті Франклин Рузвельт ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде ұсынған. Ал БҰҰ – ның құрылған ресми күні 1945 жыл болып табылады, сол жылы оның Жарғысына қол қойған мемлекеттердің көпшілігі осы жарғыны бекіткен болатын. Жарғыда БҰҰ болашақ ұрпақтарды соғыс апаттарынан қорғау үшін, тең құқықтылықпен халықтардың өзін-өзі билеуі принципін құрметтеу негізінде ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту үшін, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуге жәрдемдесу үшін құрылған деп жазылған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы оның жарғысын мойындап, орындауға әзір Бұған барлық бейбіт сүйгіш мемлекеттер мүше бола алады. Бүгінде оған дүниежүзінің 180-ге жуық елі мүше. БҰҰ ның басты органдары: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Халықаралық сот және Секретариат. БҰҰ –ның орталық мекекмелері Нью - Йорк қаласында.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АТЭХА) - БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес құрылған халықаралық ұйым. Оның басты мақсаттары, біріншіден, дүние жүзі елдерінің ядролық қауіпсіздіктің тиісті нормаларын сақтай отырып, атом энергиясын неғұрлым кеңінен қолдануына жету, екіншіден атом энергиясын пайдалануы соғыс мақсаттарына айналып кетпеуін қадағалау. АТЭХА атом энергиясының ұлттық бағдарламаларын жүзеге асыруда, сондай-ақ радиациялық апаттар болған жағдайда үкіметердің өтініштері бойынша ақыл – кеңес беріп, көмектесіп отырады. АТЭХА кең көлемді қауіпсіздік бағдарламасын қабылдаған, онда ядролық қондырғылардың қауіпсіздігі, радиациялық қондырғыш, адамдардың денсаулығы, радиоактивті қалдықтар, ядролық қалдықтар, ядролық отын және басқаларына қатысты шаралар көзделген. Штаб – пәтері Вена қаласында.

Бірікен Ұлттардың азық – түлік және ауыл шаруашылық ұйымы. (ФАО) - БҰҰ – ның бұл мамандырылған мекемесінің міндеттері мыналар: дүние жүзіндегі ашаршылыққа қарсы күрес; адамдардың тамақтануын жақсартуға және тұрмыс деңгейін көтеруге жәрдемдесу; азық түлікпен ауыл шаруашылғы өнімдерінің бөлінісі жүйесін жетілдіру. Штаб пәтері Рим қаласында.

Халықаралық еңбек ұйымы - (ХЕҰ) БҰҰ –ның мамандандырылған ұйымы, ХЕҰ –ның Жарғысына сәйкес мынадай мақсатары бар: адамдардың еңбек және тұрмыс жақсарту, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа жетуге жәрдемдесу. ХЕҰ –да жалақы, жұмыс күні, жұмысқа жалдануға болатын жас шегі, әлеуметтік сақтандыру, еңбек жағдайлары және т.б. мәселелер бойынша халықаралық конференциялар талдап белгіленеді. Штаб – пәтері Женева қаласында.

Біріккен ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) БҰҰ –ның мамандандырылған мекемесі. ЮНЕСКО қызметінің ауқымы көптеген мәселелерді қамтиды, олар:

· Сауатсыздыққа қарсы күрес;

· Білімді қаржыландыру және жоспарлау;

· Дамушы елдерде инженер-техниктерді даярлайтын орталықтарды құру;

· Ғылым саласында халықаралық ынтамақтастықты дамыту жөніндегі шаралар;

· Адам құқықтары саласындағы және бейбітшілікті нығайту проблемалары жөніндегі зерттеулер;

· Ғарыштық байланысты білім беру мақсатында пайдалану.

Штаб пәтері Париж қаласында.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДС). БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі, «Барлық халықтардың барынша жоғары денсаулық деңгейіне жетуін» көздейді. БДС аураларға қарсы шараларды, оларды жою жолындағы күресті ұйымдастырады (мысалы, безгек пен шешекті жою жолындағы халықаралық науқан), инфекциялық және басқа да ауруларға қарсы күресте дамушы елдерге көмек көрсетеді, Карантин және эпидемиологиялық бақылау, дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау, есірткілерді салаларындағы халықаралық шаралар өткізеді. Штаб пәтері Женева қаласында.

Халықаралық валюта қоры (ХБҚ) - БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Антигитлерлік коалиция елдерінің экономикалық конференциясының шешімі негізінде ІІ дүние жүзілік соғыс аяқталысымен құрылған. ХБҚ-ның мақсаттары:

· Елдердің халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу.

· Мүше мемлекеттердегі валюта, қаржы саясатын үйлестіріп, оларға кредиттер беріп отыру.

ХБҚ-ның штаб пәтері Вашингтонда.

Бүкіл дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (БМҰ) БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесінің негізгі мақсаттары метеорологиялық бақылау станцияларының желісін құруда және бірыңғай нормаларын талдап белгілеуде, жылдам ақпарат алмасу жүйесін құруда халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету; Метеорологияның авиацияда, теңіз навигациясында су көздерін пайдалануда, ауыл шаруашылығында және басқа салаларда қолдануына жәрдемдесу. БМҰ «Бүкіл дүниежүзілік ауа райы қызметін» құрды. Ол жер үстіндегі қадағалаулардың метеорологиялық спутниктердің, бүкіл дүниежүзілік және аймақтық метеорологиялық орталықтар жүйелерінің мәліметтерін пайдалануға негізделген. Штаб пәтері Женева қаласында.

Еуропалық Одақ (ЕО, ортақ рынок) Батыс Еуропалық 12 елдің экономикалық топтасуы. Франция, ГФР, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия (1992 жылғы қалпы) одаққа қатысушылардың арсындағы саудада кеден алымдарын жою, үшінші елдерге қатысты келісілген сауда саясатын жүргізу, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік салаларында шараларды бірлесіп өткізу, ортақ экономикалық және әлеуметтік саясатты үйлестіріп отыру арқылы тауарлардың, капиталдар мен жұмыс күшінің ортақ рыногын құру мақсатымен ұйымдастырылған. Көптеген ЕО-ның ассоциацияланған мүшесі деп аталатын мәртебесі бар. Одақтың шеңберінде оған кіретін елдердің салалық халықаралық ұйымдары: Еуропалық көмір мен болат бірлестігі (ЕКББ) және Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық (Еуратом) жұмыс істейді. Одақтың штаб пәтері Брюссельде.

«Үлкен жетілік» - бұл дүние жүзінің нарықтық экономикасы бар жетекші жеті ел. АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия және Канада. Олар Еуропалық қауымдастық өкілінің қатысуымен жыл сайынғы жоғары дәрежедегі экономикалық кеңестерді өткізіп отырады.

Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) - нарықтық экономикасы бар 24 елдің қоғамдастығы. Бұл елдерге Аустралия, Аустрия, АҚШ, Бельгия, Грекия, ГФР, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Ирландия, Исландия, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Түркия, Ұлыбритания, Финляндия, Швейцария, Швеция жатады. Ұйымның негізгі мақсаты – қатысушы елдердің экономикалық саясатын, соның ішінде дамушы елдерге көмектесу мәселелері жөніндегі саясатын үйлестіріп отыру. ЭЫДҰ-ның штаб пәтер Парижде.

Мұнай Экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) - мұнай өндіру, экспорттау және сауда шарттары саласындағы іс-қимылды үйлестіру үшін бір топ дамушы елдер күшімен құрылған ұйым. ОПЕКке 13 мемлекет мүше. Алжир, БАӘ, Венесуэла, Габбон, Индонезия, Ирак, Иран, Катар, Кувейт, Ливия, Нигерия, Сауд Аравиясы, Эквадор. ОПЕКтің штаб пәтері Венада.

Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы - (АСЕАН) аймақтық ұйым құрамына Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Бруней кіреді. АСЕАН-ның көздеген мақсаты – мүше елдердің экономикалық өсуін, әлеуметтік прогрессі мен мәдени дамуын жеделдету және Оңтүстік Шығыс Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату. Таяуда ғана артта қалып келген олар, қазір қауырт өрлеп келе жатқан АҚШ пен Жапонияның өте маңызды экономикалық серіктері болып отыр. Штаб пәтері Бангкок пен Джакартада.

Американ мемлекеттер ұйымы. Батыс жарты шардағы мемлекеттердің аса ірі ассоциациясы. Оған Америка континентінің 30-ға тарта елі (АҚШ-ты қоса) кіреді. Штаб пәтері Вашингтонда.

Африка бірлігі ұйымы (АБҰ) – Африканың тәуелсіз мемлекеттерінің аса ірі және неғұрлым ықпалды мемлекетаралық саяси ұйымы. Континенттің 50-ден аса мемлекетін біріктіреді. АБҰ-ның негізгі мақсаттары.

· Африка елдері арасындағы жан-жақты саяси және экономикалық қатынастарды дамыту;

· Олардың халықаралық аренадағы ынтымағы мен бірлігін нығайту;

· Континентте отаршылдықтың барлық түрлерін жою;

· Елдердің тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығы қорғау;

Штаб пәтері Аддис-Абебада.

Достастық (Бұрынғы ұлттардың Британ достастығы) – Ұлыбритания мен оның тәуелсіз мемлекеттер болған бұрынғы отарларының арасындағы ассоциацияның өзінше бір түрі. 20-дан астам мемлекет бар. Достастықтың қызметі осы елдер премьер-министрлерінің жүйелі түрде өткізіліп тұратын конференциялары арқылы, сондай-ақ белгілі бір проблемалар бойынша тұрақты комитеттер құру арқылы жүргізіледі. Алайда, бұл конференцияларда консультациялық роль ғана атқарады, Достастыққа кіретін елдер міндетті түрде орындайтындай шешімдер қабылдамайды.

Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО). Батыстың 15 мемлекетінің әскери-саяси одағы (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Исландия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Грекия, Түркия, ГФР). Дүние жүзінің тұйықталған әскери-саяси топтасулары жүйесінде мұның өзі жетекші одақ. Оның ресми мақсаты – бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жалпыға бірдей бейбітшілікті қолдау. Варшава Шартты Ұйымы бытырағаннан кейін НАТОға қатысушы елдер өздерінің доктринасын өзгертіп Еуропада ұжымдық қауыпсіздіқ жүйесін құруға ұмтылуы тиіс екені анық. НАТО ның штаб пәтері Брюссельде.

 

Методикалық нұсқау: Дәріс мазмұнын игеру үшін халықаралық ұйымдардың қызмет ету тиімділігі мен ондағы мемлекеттердің келісімге келу дәрежесін анықтау қажет.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Вавилов В.Е. Экономическая и социальная география мира: учеб-ное пособие. М.: Гардарики, 2006, - 175с.

2. Воронин В.П., Кондакова Г.В., Подмолодина И.Н. Мировое хозяйство и экономика стран мира: учебное пособие для вузов / М.: Финансы и статистика, 2008. – 240 с.

3. Гладкий Ю.Н., Сухоруков В.Г. Экономическая и социальная гео-графия зарубежных стран: учебник. – М.: Академия, 2008. – 464с.

4. Максаковский В.П. Географическая картина мира: в 2 кн. Кн. I: Общая характеристика мира / В.П. Максаковский. — М.: Дрофа, 2008.-495с.

5. Максаковский В.П. Общая экономическая и социальная география. Курс лекций: в 2 частях. Часть 1. / В.П. Максаковский. — М.: Владос, 2009. – 368 с.

6. Пирожник И.И. Геополитика в современном мире: учебное пособие / И.И. Пирожник. – Мн.: ТетраСистемс, 2008. – 272 с.

7. Социально-экономическая география зарубежных стран. /Под ред. В.В. Вольского. – М.: Дрофа, 2003. – 560 с.

 

 

 

 

Дәріс № 4

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 22; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!