Дүние жүзінің жер және су байлықтар



Мыңдаған жылдар бойы тірі және өлі табиғаттың өзара әрекетінің нәтижесінде түзілген топырақпен жер қоры тірі ағзалармен ауылшаруашылық өндірісінің негізі болып табылады.Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 28% өңделетін жерлер (егістіктер, бақтармен плантациялар) 70% шалғындармен жайылымдар 2% көпжылдық жасыл желектер құрайды.Табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне сай өңделетін жерлермен жайылымдар әркелкі таралған. Соңғы 100 жылда адамзат өркениеті басқа кезеңдерінде игерілгендей мөлшерде өңделетін жерлер игерілді. Сондықтан қазір өңдейтін жер қорының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік жоқ. Оны тек орманды кесіп тазарту арқылы жүзеге асыруға болады. Қазіргі кезеңде халықтың санының артуы мен өндірістің қарқынды дамуына байланысты елдімекендермен жолдар салып кен орындарын игеруге байланысты өңделетін жерлердің көлемі кему үрдісі байқалуда.

Агротехникалық шараларды дұрыс жүргізбеудің салдарынан өңделетін жерлердің дегродациялануынан өнімділігі төмен жарамсыз жерлер (бедленттер) көбеюде. Адамзат өркениетінің даму барысында 2 млрд.га өнімді жерлер деградацияланып жойылған. Сондықтан топырақты қорғаудың негізгі мақсаты оның құнарлығын сақтау болып табылады.Жылудың немесе ылғалдың жетіспеуіне байланысты жер бетіндегі топырақ қорының ¾ бөлігі өнімділігі төмен болып табылады.

Топырақ жамылғысының жартысынан жуығы шөлді-шөлейтті аймақтарда шоғырланған.Топырақ эрозиясының әсерінен жылына 6-7 млн. га құнарсызданып, 1,5 млн. га жер батпақтанып, тұзданып жарамсыз жерге (бедлентке) айналды. Қазіргі кезеңде әр 10 жылда топырақтың беткі құнарлы қабатының өнімділігі 70% кемиді.Топырақтың құнарсыздануы ылғалды тропикпен экваторлық белдеуде мол түсетін жауын-шашынның, шөлді шөлейтті аймақтарда шаңды дауылдардың әсерінен жүреді.

Бүгінгі таңдағы адам әрекетінен шөлдену үрдісі қарқынды жүруде. Дүниежүзіндегі антропогендік шөлдердің ауданы 9 млн. га. Оған қоса дүниежүзінің жер қорының тағыда 19% шөлдену қаупі төнуде.

Жер шарындағы орман байлықтарының жалпы қоры 4000 млн. га тең ол жер бетінің 30% алып жатыр. Жер бетіндегі ормандар түр құрамы мен таралған аймақтарына сай екі белдеуге бөлінеді. Олар қылқан жапырақты ағаштар басым солтүстік және 97% жалпақ жапырақты ағаштардан тұратын оңтүстік орман белдеулері. Жер шарындағы ормандар материктері мен аймақтарда әркелкі таралған. Орман алқаптарының ауданының ірілігі жөнінен Латын Америкасы ерекше көзге түседі. Ірі орманды елдердің қатарына Ресей, Канада, Бразилия, АҚШ, Индонезия, Заир тағыда басқа біраз елдер жатады. Ірі аймақтардың ормандылық көрсеткіші Латын Америкасы жоғары, Австралия төмен болуымен көзге түседі. Орман мен қамтамасыз етілуі жағынан аумағының 50% орман алып жатқан орманды, орташа орманды және ормансыз елдер болып үшке бөлінеді. Экваторлық, ылғалды тропиктік аймақтарда және қоңыржай белдеудің орман зонасында орналасқан елдер орманмен жақсы қамтамасыз етілген. Оңтүстік орман белдеуінің 2/3 бөлігін экваторлық ормандар алып жатыр. Ағаштың қоры жөнінен Ресей (75 млрд. м3) Бразилия, Канада, АҚШ жетекші орын алады. Ормандылық көрсеткіші жағынан француз Гвианасының сурикамның аумағының 90%, Гаяна мен Габонның 80% астамын, Малайзия, Жапония, Мьянманың, Индонезия, экватордың Бразилияның Финляндия мен Швецияның 60% астамын, Ресейдің 45% орман алқаптары алып жатыр. Солтүстік және Оңтүстік орман белдеулерінің аралығындағы аридті климатты шөлейтті аймақтардағы елдерде орман аз Қазақстан аумағының 10% жуығын орман алқаптары алып жатыр. Бахрейн, Катар, Ливия, Чад, Египет, БАӘ сияқты елдерде орман мүлдем жоқ. Экваторлық және субэкваторлық ормандардың 33% Бразилия, 10% Индонезияның, 10% Кайр, Колумбия, Перу, Үндістанның аумақтарында орналасқан. Қазіргі кезеңде жер бетінде жылына 11-12 млн. га орман кесілуде. Орман ағаштарын кесудің қарқыны табиғи жолмен қалпына келуден 10 есе артық болуда.Ганти, Ямайка және Сальвадорда ормандар мүлдем жойылған. Дамушы елдердің барлығының халқы ағашты отын ретінде пайдаланады. Біріккен ұлттар ұйымының азық түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) бағалауы бойынша 2000 жылы ағаш отынның тапшылығынан 2 млн адам зардап шекті. Аталған мәселе дамушы елдердің халқының тең жартысынан астамына тән.

Адамның физиологиялық қажеттілігін өтеуге тәулігіне 2,5 литр су жеткілікті. Жер щарының беткі ауданының 60% тұщы суы ауыз су жетіспейтін аймақ болып саналады. Дүниежүзі халқының төрттен бір бөлігі судың тапшылығын байқайды.1 млрд. халық тұщы судың жетіспеуімен ластануынан зардап шегуде. Тұщы су өнеркәсіппен ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Су қорының 96% дүниежүзілік мұхит суы алып жатқанымен ол ішуге ғана емес техникалық қажеттіліккеде пайдалануға жарамсыз.

Тұщы сумен қатар Дүниежүзілік мұхиттың байлықтарын тиімді пайдалану адамзаттың келелі мәселелерінің біріне айналды.

Жердің беткі ауданының 71% алып жатқан мұхит суында жер бетіндегі көптеген азалар пайда болып олардың эволюциялық дамуы жүзеге асты. Жануарлардың 75% мұхит суында пайда болған. Мұхит биомассасының құрамына тірі ағзалардың 150 мың түрі кіреді.Дүние жүзілік мұхит жер бетінде тіршіліктің қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Ауадағы оттегінің 50%, адамға қажетті азықтың ақуыздың 20% береді. Болашақта адамдарды тұщы сумен қамтамасыз етеді. Мұхит суын тұщыландыру әдісімен қазіргі кезде Кувейт, Алжир, Ливия, Бермут аралдары АҚШ, Ресей, ТМД елдерінің кейбір бөліктері өздерін тұщы сумен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар алып Айсбергтерді тұщы суды тапшы аудандарға сүйреп әкелу мәселелері жобалануда.

Дүниежүзілік мұхиттың маңызды байлықтарының бірі биологиялық және минералды байлық болып саналады. Зерттеулерге қарағанда дүниежүзілік мұхиттың биологиялық байлықтары 30 млрд адамды асырауға жетеді. Дүниежүзілік мұхиттың табанында минералдық байлықтардың мол қоры бар. Мұхит табынан дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 4 бөлігі өндіріледі. (3100 млн) 770 млн) Налибия мен ОАР жағалауындағы құмдардан Алмаз, тыңайтқыш өндіруге қажетті миллиондаған тонна фософр конкрециясы өндіріледі. 1999 жылдан бастап жаңа Гвинеяда мұхиттарынан мыс, темір, мырыш, алтын, күміс кендерінің мол қорын өндіру жобасы жүзеге асырала бастады. Дүниежүзіндегі су қорының 96% дүниежүзілік мұхиттың 2% жуығы жерасты суының, 2% жуығы мұздықтардың тек 0,02% материктердің беткі ағын суларының үлесіне тиеді.

 

Методикалық нұсқау: Дәріс мазмұнын игеру үшін дүниежүзінің табиғат ресурстарына экономикалық тұрғыдан баға беріп, дүниежүзінің минералдық, энергетикалық, жер және су ресурстарына сипаттама беріп, қоршаған орта мәселелеріне тоқталу қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Вавилов В.Е. Экономическая и социальная география мира: учеб-ное пособие. М.: Гардарики, 2006, - 175с.

2. Воронин В.П., Кондакова Г.В., Подмолодина И.Н. Мировое хозяйство и экономика стран мира: учебное пособие для вузов / М.: Финансы и статистика, 2008. – 240 с.

3. Гладкий Ю.Н., Сухоруков В.Г. Экономическая и социальная гео-графия зарубежных стран: учебник. – М.: Академия, 2008. – 464с.

4. Максаковский В.П. Географическая картина мира: в 2 кн. Кн. I: Общая характеристика мира / В.П. Максаковский. — М.: Дрофа, 2008.-495с.

5. Максаковский В.П. Общая экономическая и социальная география. Курс лекций: в 2 частях. Часть 1. / В.П. Максаковский. — М.: Владос, 2009. – 368 с.

6. Пирожник И.И. Геополитика в современном мире: учебное пособие / И.И. Пирожник. – Мн.: ТетраСистемс, 2008. – 272 с.

7. Социально-экономическая география зарубежных стран. /Под ред. В.В. Вольского. – М.: Дрофа, 2003. – 560 с.

 

 

Дәріс № 5


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!