Дүниежүзінің энергетикалық ресурстары



Бастапқы (энергетикалық) байлықтарға көмір, жанғыш тақтатас, шымтезек су энергиясы мен атом энергиясымен ядролық ХХ ғасырдың басына дейін ағаш энергетикалық байлық саналып келді содан кейін оны біртіндеп көмір алмастырды.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап оны мұнаймен табиғи газ, атом энергисы алмастырды. Қазіргі кезде әр 14-15 жыл сайын энергияны тұтыну мөлшері екі есе артуда.

Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің соңғы МИРЭС деректеріне сәйкес жер қойнауынан өндірілетін органикалық отынның дәлелденген (барланған) қоры 1220 млрд.т. Органикалық отынның қорының 60% таскөмір, 27% мұнаймен табиғи газ, қалғанын тақтатас, қоңыркөмір, шымтезек пен ағаш құрайды. Қазіргі кезеңде дүние жүзінде өндірілетін бүкіл отынның 30% таскөмір, 67% мұнаймен газ, 3% ядролық отын мен энергияның балама көздері құрады.

1990 жылдардың соңында дүниежүзіндегі мұнайдың барланған қоры 130-140 млрд немесе 200 млрд.т. шартты отынды, табиғи газ 140 трлн м3 немесе 150 млрд. т. шартты отынды құрады. Дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 77% жалпы қорының 41% ОПЕК-ке мүше елдердің үлесіне тиеді. 1960 жылы дүниежүзінде өндірілген мұнайдың көлемі 1053 млн т. табиғи газдың көлемі 454 млрд. м3 болса 2000 жылы ол көрсеткіш 3400 млн.т., 2420 млрд. м3 құрады.

2000 жылғы мұнайдың дәлелденген қоры мүмкіндігі бар мұнай қоры 45 жылға жетеді. Негізгі экспорттаушы елдер Сауд Аравиясындағы мұнай қоры шамамен 90, Кувейдтікі 140, Ирандікі 70 жылдан кейін таусылады. 1990 жылдардың ортасындағы дүниежүзілік энергетикалық кеңестің бағалауы бойынша (МИРЭС) таскөмір мен қоңыр көмірдің өндіруге мүмкіндігі бар қоры 4850 млрд.т. шартты отынды құрайды.

Көмірдің барлық түрлерінің қоры жөнінен шетелдердің ішінде АҚШ, Ресей, ҚХР, ОАР, Австралия, ГФР, Үндістан жетекші орын алады. Алуға мүмкіндігі бар таскөмірдің 30% АҚШ-та, (1/4), ТМД елдерінің аумағында (1/5) астамы ҚХР (1/5) және ОАР шоғырланған.

Дүниежүзіндегі уранның қоры 2,4 млн. т. барлық жұмыс істеп тұрған ядролық энергетикалық реакторлар жылына 58 мың тонна байытылған уранды тұтынады. Уранның қазіргі қоры 40 жылға жетеді. АЭС ядролық отын ретінде уран мен плутонды қайта байытып қолдану мүмкіндігінде ескеру қажетті.

Дәстүрлі емес энергия көздері (жел, күн, толысу, қайту күшінің, мұхит ағыстарының және жердің ішкі энергиясы) пайдаланудың маңызы зор.Энергетикалық байлықтарды пайдалану өркениеттің дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!