Дүниежүзінің минералды байлықтары.



Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің базасы болып табылатын минералды шикізаттарды тұтыну жылдан жылға артып барады. Дүниежүзінде жыл сайын жер қойнауынан 100 млрд т. жуық алуан түрлі минералды шикізаттар мен отын өндіріледі.

Халық шаруашылығында пайдаланылатын жер қойнауындағы көл, теңіз табанына шөккен пайдалы қазбалардың есепке алынған немесе барланған қорын Табиғат байлықтарын топтастыру, табиғат байлықтарын экономикалық тұрғыдан бағалау минералдық байлықтар (ресурстар) дейміз.Кенді пайдалы қазбалар қара металлдар (темір, марганец, хром, титан, ванадий), түсті металлдар (мыс, қалайы, мырыш, вольфрам т.б.) болып екі ірі топқа бөлінеді. Кенсіз пайдалы қазбаларға жанбайтын қатты тау жыныстары мен минералдар химиялық және металургиялық шикізаттар, асыл тастар жатады.

Минералдық байлықтардың жер шарында таралуына әр түрлі тектоникалық үрдістермен геологиялық кезеңдердегі түзілу жағдайлары әсер етеді. Ежелгі тақталардың кристаллды жыныстары жер бетіне шығып жатқан қалқандарында кенді және кенсіз минералды пайдалы қазбалар шоғырланған тау аралық тектоникалық ойыстар мен тақталардың иіндерінде мұнай, табиғи газ, тас көмір, жанғыш тақтатас пен хелогендік төгінді тұз кендері таралған.

Ғалымдардың есептеуі бойынша дүниежүзіндегі темірдің қоры 150 жылға, мұнай 100 жылға, таскөмір 600 жылға, алюминий –60-70, мыс 60, уранның өнеркәсіптік қоры 50 жылға жетеді деп саналған.Ғылым мен техниканың даму үрдісіне, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, жаңа кен орындарын игеруге байланысты олардың қорының мөлшері де өзгеруде. Қазіргі кезеңде дүниежүзілік мұхиттың түбінен (табанынан) темірдің, марганецтің, мыс пен кобальттың басқада минералдық байлықтардың кен орындары табылған. Ғалымдардың есептеуі бойынша жер қойнауынан қазылып алынған шикізаттың 10% дайын өнімге айналып, қалған 90% биосфераны ластап табиғи ландшафтны бұзады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!