Дүниежүзінің табиғат байлықтарын экономикалық тұрғыдан бағалау.



Биосфераның адам әрекетінен өзгеруі қарқынды түрде жүріп жатыр. Ғылым мен техниканың жедел дамуы адам өмірінің барлық салаларында (өндірісте, көлікте, қызмет көрсету т.б.) ірі сапалық өзгерістердің болуына әсер етті.Қазіргі кезеңде адамзат климатының қолайсыздығына байланысты бұрын қоныстануға мүмкіндік болмаған полярлық аймақтар мен биік таулы алқаптар қарқынды игеріле бастады.

Табиғат жағдайлары мен байлықтары өнеркәсіппен ауыл шаруашылық өндірісін дамыту үшін қажет. Табиғат байлықтарын топтастырудың көптеген түрлері бар.Қорына қарай барлық табиғат байлықтары сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді. Кез-келген мемлекеттің шаруашылық салаларының ресурстық базасы ретінде табиғат байлықтарымен қамтамасыз етілуінің маңызы зор.

Табиғат байлықтарын топтастыру, табиғат байлықтарын экономикалық тұрғыдан бағалау. Қазігі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сай табиғат байлықтарын өндірісте тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтауды табиғат байлықтарын экономикалық тұрғыдан бағалау дейміз. Табиғат байлықтарын экономикалық тұрғыдан бағалау төмендегі көрсеткіштерді анықтауға негізделеді:

1. Пайдалы қазбалардың қорының мөлшері олардың таралуы мен шоғырланған аумақтары;

2. Сапалық құрамы, пайдалы элементтерінің үлесі;

3. Жату жағдайы мен пайдалану мүмкіндіктері;

4. Өнім бірлігі жұмсалатын шығын;

5. Пайдалы қазба өндірілетін аумақтың қоныстануы дәрежесі мен игерілетін деңгейі;

6. Көліктік жағдайы;

7. Қоршаған ортаға қойылатын талаптар.

Дүниежүзі елдерінің барлығында табиғат байлықтарының жекелеген түрлерінің қорларымен толық қамтылмаған және олардың қорыда әркелкі.Қытай, АҚШ, Ресей, Бразилия, Үндістан, Австралия сияқты аумағы ірі елдер ғана минералды, орман, су, жер байлықтарымен толық қамтамасыз етілген.

Дүниежүзінің көптеген елдері табиғат байлықтарының бір немесе бірнеше түрлерімен ғана жақсы қамтамасыз етілген.Мысалы: Таяу және Орта Шығыс (Сауд Аравиясы, Кувейт, Ирак, Иран т.б.) мұнай мен табиғи газдың, Замбия, Чили, Заир-мыстың, Марокко мен Науру фосфордың қорларының молдығымен ерекшеленеді.Табиғат байлықтарының қоры мен оны пайдалану мөлшерінің арақатынасын табиғат байлықтарымен (ресурспен) қамтамасыз етілу дейміз.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!