Дамыған елдер типінің экономикалық-әлеуметтік даму деңгейлеріне қарай сипаттау



Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүние жүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда: 1) ел экономикасының типі; 2) жерінің ауданы және оның игерілуі деңгейі; 3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы; 4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) көлемі мен құрылымы; 5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы; 6) елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады. Аталған көрсеткіштердің біріне қарап, елдің типін анықтау жаңсақтық болады, сондықтан ел аралық салыстырулар жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі.

Дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (“Париж клубы”) мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмірі жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының “ашықтығы”, ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән болады. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік жиынтық өнімнің жартсынан астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына “көрінбейтін экспорт” (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!