Дүние жүзі картасындағы өзгерістер



Дүние жүзі картасындағы өзгерістер әр түрлі сипатта болады. Олардың біразы сандық өзгерістер, бұлар соғыста басып алу, мемлекеттердің өз еркімен келісуі және тағы басқа себебінен болатын аумақтық қосылулармен не айырылуларымен байланысиы. Кейде жекелеген елдер арасындағы көршілік қатынастарды сақтау үшін құрлық үлескілері айырбасталатын жағдайлар да болады.

Енді біраз өзгерістер - сапалық өзгерістер. Оларда аумақ әдетте өзгермейді. Мұның мәнісі бір қоғамдық-экономикалық формацияның орнына басқасының келуі, бұрынғы отар елдердің мемлекеттік тәуелсіздікке жетуі, жаңа мемлекеттік құрылыстың орнауы және т.т. Кейде сандық өзгерістерге сапалық өзгерістер қосылады.

Дүние жүзінің картасындағы сандық өзгерістердің көбіне бұрынғы замандардағы жағдай екендігі айдан анық: ол кездерде соғыстар мемлекет аралық таластарды шешудің үйреншікті амалы болатын,жаңа жерлер үсті - үстіне ашылып игеріліп жатты, отаршыл империялар қалыптасып жатқан заман болды. Империалистік елдер арасында отарларды басып алу, шикізат негіздері мен өнім өткізетін рыноктарды қаратып алу жолындағы күрес шиеленісе берді.

Ел мен елдің арасындағы қайшылықтар әбден шиеленісіп «жұдырық құқығы» олардың саясатының басты құралына айналатын кезде басталып кететін соғыстар дүние жүзі катасындағы ең ірі - ірі аумақтық өзгерістерге себеп болып отыр.

Алайда аумақ үшін болатын таластарды соғыс арқылы шешу бүгінде келмеске кеткен амал екенін өмір айқын көрсетті. Ядролық қару бар заманда мұндай жол біздің планетаны адазаттың алып моласына айналдыру қатеріне ұшыратады.

Сонымен,дүние жүзінің қазіргі саяси картасы – оның мыңдаған жылдар бойғы дамуының қорытындысы: ондағы сандық өзгерістердің орнын бірден - бірге сапалық өзгерістер басуда, ал қазіргі процестердің мәні де осында: аумақ үшін таластарда, халықаралық жанжалдарды бейбіт реттеу, диалогпен шешу жолы - үшінші мыңжылдықтың басында бүкіл адамзатқа ортақ жол.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!