Дүние жүзі картасындағы өзгерістер.



Дәріс №1

Тақырыбы: Дүние жүзі елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы пәні.Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері

Жоспары:

Дүние жүзі елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы пәні.Мақсаты мен міндеттері.

Дүние жүзі саяси-картасының қалыптасу кезеңдері.

Дүние жүзі картасындағы өзгерістер.

 

Мақсаты: Дүние жүзі елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы пәнінің мақсаты мен міндеттері айқындау.Қазіргі дүние жүзі картасы және оның қалыптасу кезеңі мен саяси картадағы соңғы өзгерістермен танысу.

«Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» басқа да ғылымдармен байланыса келе, келесі мәселелерді қарастырады. Дүние жүзі елдері дүние бөліктерін бөле тұра біздің планетамыздағы мемлекеттердің пайда болуында ерекше орын алады. Сонымен қатар «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» жер шарындағы мемлекеттердің пайда болуын, саяси жағдайын, табиғат ресурстарын, халқын, шаруашылығын, өнеркәсібін, көлік кешенін,жалпы адамзаттың ғаламдық пролемалары туралы қарастыратын болғандықтан экономикалық ғылымдармен өте тығыз байланысты. Жер шарындағы барлық мемлекеттердің пайда болуынан бастап ондағы экономикалық тұрақтылық пен дамудың жалпы заңдылықтарын ашатын жалпы геология және палеогеография, геоморфология, климотология, биогеография, гидрология, топырақ географиясы, геоэкология, жалпы ландшафттану, табиғатты қорғау және тиімді табиғатты тұтыну ғылымдары негізінде оқытылады.

Курстың мақсаты: «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясының» зеррттеу нысанасын, оның даму тарихын және өзге ғылым салаларымен байланысын, мемлекеттердің қалыптасуы мен әлеуметтік даму сатысындағы орнын және басқа да шаруашылық салаларында қолдануды, әлеуметтік экономикалық зерттеудегі әдістемелік принциптерді қарастырады.

Курстың міндеті: Дүние жүзіндегі мемлекеттердің экономикалық даму деңгйін анықтай отырып, бір-бірімен салыстыра білу керек.

Курсты оқыту процесінде студенттер дүние жүзі елдері туралы жалпы мәліметтерді меңгеріп, қазіргі заманда дүние жүзілік нарықта алатын орындары мен атқаратын іс-әрекеттері туралы оқып біле алады.

Дүние жүзі саяси картасының қалыптасу үрдісі өте ұзақ. Еңбектің қоғамдық бөлінісінен, жеке меншіктің шығуынан және қоғамның таптарға бөлінуінен бастап бұл процестің мыңдаған жыл тарихы бар. Өзінің дамуында дүние жүзінің картасы талай тарихи дәуірлерді бастан өткерді, осы себепті оның қалыптасуының кезендері болған деуге болады. Олардың саралануы бүкіл дүниежүзілік тарихты кезең-кезеңге бөлуге негізделуі тиіс,ал бұл тарих қоғамдық даму дәуірлерінің алмасуының заңды үрдісі болып табылады.

Дүние жүзі саяси картасының қалыптасуында ежелгі, ортағасырлық, жаңа және ең жаңа кезендерді саралауға болады. Мұндай кезеңдерге бөлу саяси картаның дамуының барынша сан алуан беталыстарының бәріне, әрине қамти алмайды, мұның есесіне оның негізгі заңдылықтарын бейнелейді. Ол 4 кезеңге бөлінді:

Ежелгі кезең (ж.с. V ғасырына дейін) құл иеленушілік құрылыс дәуірін қамтиды. Жердегі алғашқы мемлекеттер Ежелгі Египеттің, Карфагеннің, Ежелгі Грекияның, Ежелгі Римнің және басқаларының дамуымен және күйреуімен сипатталады. Бұл мемлекеттер дүниежүзілік өркениетке үлкен үлес қосты. Мұнымен бірге сол кезең өзінде аумақтық өзгерістердің басты құралы соғыс, күш қолданамын деп қорқыту болды.

Орта ғасырлық кезең (V-ХV ғ.ғ.). Дүние жүзінің қалыптасуының бұл кезеңінде феодализм дәуірімен байланысты. Феодалдық мемлекеттің саяси функциялары құл иеленушілік құрылыс кезіндегі саяси өкімет ұйымынан гөрі күрделі де мол блып шықты. Ішкі нарық қалыптасып, шаруашылықтар мен өңірлердің оқшауланушылығы жойылды. Феодалдық мемлекеттердің аумақтары жаулап алуды кездеушілігі де айқын көрінді. Ұлан-ғайыр құрлық жерлер (атап айтқанда Еуропа) әр түрлі мемлекеттер арасында түгел бөлісінді. Киев Русі, Византия, Мәскеу мемлекеттері, «Қасиетті Рим империясы», Португалия, Англия, Германия - ортағасырларда болған мемлекеттердің әсте толық емес тізбегі осындай.

Жаңа кезең (ХV-ХVI ғ.ғ. межесімен бірінші дүниежүзілік соғысы біткенге дейін) Дүние жүзінің қалыптасуының бұл кезеңінде капитализмнің пайда болуы, өрлеулі және орнығуының тұтас бір тарихи дәуіріне сәйкес келеді. Феодалдық және капиталисттік қоғамдық - экономикалық формациялардың түйілісінде болған Ұлы географиялық ашулар дәуірінің өзі - ақ картаны көп өзгерткен еді. Ол еуропалық отарлаушылық басқыншылықтың және халықаралық шаруашылық байлныстардың бүкіл дүние жүзінде тарауының бастамасын жасады. «Толысқан» капитализм аумақтық өзгерістерге барынша түрткі болды, бұл кезде ол дүниежүзілік үстем жүйеге айналды, шикізатты үсті - үстіне көп қажет еткен ірі фабрика - зауыт өнеркәсібі өркендеп, жаңа көлік құралдары пайда болды.

Дүние жүзінің саяси картасы әсіресе ХІХ - ХХ ғ.ғ. межесінде тым тұрақсыз болды, бұл уақытта жетекші елдер арасында дүние жүзінде аумақтық бөлісуді көздеген күрес күрт өршіді. Мысалы, 1876 жылы Африка аумағының 10% ғана Батыс Еуропа елдеріне тиесілі болса, 1900 жылы бұл көрсеткіш 90% жетті. ХХ ғасыр басталған кезде мұндай бөліс түгел айақталып, бұдан былайғы уақытта оны енді күшпен ғана қайта бөлуге болатын еді.

Дүние жүзінің қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы бірінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуымен және 1917 ж. Ресей Қазан төңкерілісінің жеңілуімен байланыстырылды. Онда үш дәуір анық байқалды, бұлардың межелері, біріншіден - екінші дүниежүзілік соғыстың бітуі (1945 ж.), екіншіден - КСРО-ның, Югославияның ыдырауы және Шығыс Еуропадағы өзгерістер (80 – 90 жылдар межесі).

Бірінші дүние жүзінің саяси картасы КСРО-ның пайда болуымен және Еуропадағы елеулі аумақтық өзгерістермен сипатталды. Австрия - Венгрия империясы ыдырады,көптеген мемлекеттердің шекаралары өзгерді, егемен мемлекеттер: Польша Финляндия, Чехославакия, Югославия және т.б. құрылды. Ұлыбританияның, Францияның, Бельгияның, Жапонияның отарлық иеліктері ұлғайды. Екінші кезең ең алдымен отрашыл империялардың ыдырауымен және олардың орнында Азияда, Африкада, Латын Америкасы мен мұхит аралдарында жүзден астам тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуымен сипатталады. Ақыр соңында үшінші кезең біздің көз алдымызда басталып отыр. Бұрынғы біртұтас КСРО мен Югосавияның бір кездегі республикалары дүние жүзі саяси катасының қалыптасуына іс жүзінде жаңа бет қосты.

Дүние жүзі картасындағы болашақ өзгерістерінің ауқымы ең алдымен көп ұлтты елдердегі этностық - мәдени процестердің бұдан арғы барысымен, әртүрлі елдер мен халықтардың экономикалық, ғылыми - техникалық және мәдени байланыстарының сипатымен анықталатын болады.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!