Параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед) 16 страница



тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог - шебера":

"педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды,

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.

 21-параграф. Жатақхана тәрбиешісі

303. Лауазымдық міндеттері: Сыныптан тыс тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарын жатақхана өткізеді және ұйымдастырады.

Жатақхананың жалпы тәрбиелеу процесінде педагогтік талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді.

Дене тәрбиесі процесінің, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесі жұмысының дамуын үйлестіру жөнінде, білім алушыларға салауатты өмір салтының ережелерін енгізу жөнінде жұмысты жүзеге асырады.

Бала құқығын іске асыруға ықпал етеді, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Ата-аналармен немесе қамқоршылармен қарым-қатынасты үзбей жалғастырады.

Білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді.

Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.

304. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,

басқарудың инновациялық әдістерін,

әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін,

оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

305. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімі (орта арнайы, орта кәсіптік), жұмыс стажына талап қойылмайды.

Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі мамандығы бойынша педагог-шебер – 5 жыл.

Және (немесе) біліктілігі орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл.

305. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатыса білуі,

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі,

сандық білім беру ресурстарын қолдануы;

2) "педагог-модератор":

"педагог" педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа:

оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс.;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды:

білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

4) "педагог - зерттеуші":

"педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог - шебер":

"педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды.,

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.


Дата добавления: 2020-11-15; просмотров: 161; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!