Н.А.Масюкова бойынша жобалау:



A. тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік -бағдарлы әрекет;

B. гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу;

C. білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы;

D. қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт;

E. педагогикалық және ғылыми–зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы.

51. Өзінің көпфункционалдық сипатына сай педагогикалық жобалауды төмендегі сапалардың қайсысын қолдануға болмайды:

A. Қаржы құралы ретінде

B. Білім беру құралы ретінде 

C. Оқыту/тәрбиелеу құралы ретінде

D. Процедуралар ретінде

E. Дамыту түрі ретінде

52. В.П.Бедерханова да жобалаудың көптеге тәжірибелік нұсқаларын талдай оттырып, жобалауды қандай екі үлкен бағыттарға ажыратады?

A. интенсивтік сипаттағы жобалар жасау және жобалау әрекеттері.

B. инновациялық ойындар мен жобалау жиындары.

C.  ситуативтік, әлеуметтік,

D. мәдени және тұрмыстық

E. қоғамдық және экзистенциалдық

53. Педагогикалық жобалаудың жаңарту нысанына, мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты бүгінгі таңда негізгі неше түрі белсенді дамып келеді:

A. Бір

B. Екі

C. үш

D. Төрт

E. бес

54. Әлеуметтік – педагогикалық жобалау неге бағыталады?

A. олар әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;

B. адамдар мен олардың қарым – қатынастарын білім беру үрдісі барысында жаңарту;

C. ол білім сапасы мен нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның институттарын инновациялық өзгертуді жобалаймыз

D. жобалау нысанының тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады.

E. нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді.

55. Психологиялық – педагогикалық жобалаудың мақсаты:

A. олар әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;

B. адамдар мен олардың қарым – қатынастарын білім беру үрдісі барысында жаңарту;

C. ол білім сапасы мен нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның институттарын инновациялық өзгертуді жобалаймыз

D. жобалау нысанының тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады.

E. нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді.

56. Білім беруді жобалау арқылы нені белгілей аламыз?

A. олар әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;

B. адамдар мен олардың қарым – қатынастарын білім беру үрдісі барысында жаңарту;

C. ол білім сапасы мен нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның институттарын инновациялық өзгертуді жобалаймыз

D. жобалау нысанының тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады.

E. нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді.

57. Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?

A. жобалау нысанының тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады.

B. нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді.

C. берілген контексте қолданылатын тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді көздейді.

D. жобаның тәжірибеде қолдануға дайын түрін сипаттайды.

E. адамдар мен олардың қарым – қатынастарын білім беру үрдісі барысында жаңарту;

58. Жобалаудың мазмұндық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?

A. жобалау нысанының тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады.

B. нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді.

C. берілген контексте қолданылатын тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді көздейді.

D. жобаның тәжірибеде қолдануға дайын түрін сипаттайды.

E. адамдар мен олардың қарым – қатынастарын білім беру үрдісі барысында жаңарту

59. Жобалаудың технологиялық деңгейі нені құрастыруға бағытталады?

A. жобалау нысанының тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады.

B. нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді.

C. берілген контексте қолданылатын тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді көздейді.

D. жобаның тәжірибеде қолдануға дайын түрін сипаттайды.

E. адамдар мен олардың қарым – қатынастарын білім беру үрдісі барысында жаңарту

60. Процессуалдық, үрдістік деңгей нені құрастыруға бағытталады?

A. жобалау нысанының тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады.

B. нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді.

C. берілген контексте қолданылатын тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді көздейді.

D. жобаның тәжірибеде қолдануға дайын түрін сипаттайды.

E. адамдар мен олардың қарым – қатынастарын білім беру үрдісі барысында жаңарту

61. Белгілі бір ауқымды проблеманы болжау барысында төмендегі жобалау алгоритмі қандай ретпен орындалады:

A. Hақтылау – болжау – жобалау – жоспарлау - баға беру

B. Болжау - нақтылау – жобалау – жоспарлау - баға беру

C. Жобалау - нақтылау – болжау – жоспарлау - баға беру

D. Жоспарлау - нақтылау – болжау– жобалау –- баға беру

E. баға беру - нақтылау – болжау – жоспарлау- жобалау 

62. Жобаланатын нысанды өзгерткеннен кейінгі нәтижесін көре білу және сонымен қатар, сол нәтижеге жету барысын нақты үрдіс ретінде көре білу дегеніміз:

A. Мақсат қою

B. Жоспарлау

C. Болжау

D. Баға беру

E. Hақтылау

63. Педагогикалық жобалаудың негізгі нәтижелері не болып табылады?

A. жобалар мен бағдарламалар

B. Бағдарлама мен жоспарлар

C. Сабақ жоспарлары мен күнтізбелік жопарлар

D. Зерттеулер мен нәтижелер

E. Жобалар мен кітаптар

64. Жүйе құрамындағы басқарушы және басқарылушы компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес күтілетін нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі –

A. Басқарылушы жағдайлар

B. Басқарудағы жоспарлау

C. Бағынудағы нәтижелер

D. Басқарудағы жобалау

E. Басқарудағы зерттеулер

65. Әкімшілік басқару түріндегі жүйенің жобалау объектісі ретіндегі жағдайы:

A. Жүйенің қанағаттанарлық жағдайы

B. Кейбір бөліктері мен компоненттерінің қанағаттанарлықсыздығы

C. Қанағаттанарлықсыз, жүйенің жаңа қызметтерін қажет етеді

D. Қанағаттанарлықсыз, жүйенің жаңа түрлерін қажет етеді

E. Кейбір бөліктері мен компоненттерінің қанағаттанарлықтығы

66. Оңтайлылылық басқару түріндегі жобалау қызметі:

A. Жүйені белгілі бір нормаға сай жетілдіру

B. Тұтастық ішінен жаңа құрылымның қызметі мен орнын анықтау

C. Жүйенің түрін өзгерту

D. Жаңа қасиеттерін, байланыстар мен қызметтерін дамыту

E. Жүйенің түрін өзгертпеу

67. Инновациялық басқару түріндегі жобалау жиілігі:

A. Жоспарлау логикасы мен аясына сай

B. Бағдарламалау мен құрастыру логикасы мен аясына сай

C. Болжау мен модельдеу логикасы мен аясына сай

D. Жобалаудың өзінің логикасы мен аясына сай

E. Бағдарламалау логикасы мен аясына сай

68. Дамыта басқарудағы жобалау қызметі:

A. Жаңа қасиеттерін, байланыстар мен қызметтерін дамыту

B. Жүйені белгілі бір нормаға сай жетілдіру

C. Тұтастық ішінен жаңа құрылымның қызметі мен орнын анықтау

D. Жүйенің түрін өзгерту

E. Жүйенің түрін өзгертпеу

69. Берілген талаптарға сай педагогикалық ұжымның дамуын қамтамасыз ететін ұйымдастыру мен оның тиімділігін аталған көрсеткіштер арқылы бағалау арқылы жобалаудың тиімділігін қамтамасыз етеді қандай жобалар болып табылады?

A. мақсаттық - бағдарлы  жобалар

B. мақсаттық - бағдарлы дамыту жобалар

C. микро – жобалар

D. Нақты жоба

E. болжаулық жобалау

70. Инновациялық өзгерістерді жобалау да төмендегі талаптардың қайсысы  ескер ілмеу і қажет:

A. Жобаның бұрын қолданылғаны анықталады

B. Жобаның күтілетін нәтижелері алдын ала белгіленеді;

C. Жобаның тиімділігі мен оны жүзеге асыруға жұмсалатын ресурстар алдын ала сәйкестендіріледі;

D. Жобалау барысындағы тәуекел жағдайлар алдын ала ескеріледі;

E. Ұжымда жаңа құрылымдар жасалу мүмкіндігі қарастырылады.

71. Жобаның негізгі бөлімдері не жатпатыны:

A. Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары мен кезеңдері;

B. Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр кезеңнің нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру;

C. Жобаның жалпы нәтижесі мен өміршеңдігін бағалау;

D. Әдебиеттер тізімі

E. Жоспарланған бюджеті.

72. Жағдайды талдау, проблема қою жобаның қай кезеңінде көрсетіледі?

A. Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары мен кезеңдері;

B. Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр кезеңнің нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру;

C. Кіріспе бөлімі

D. Жобаның жалпы нәтижесі мен өміршеңдігін бағалау;

E. Жоспарланған бюджеті.

73. Ұйым үшін өзекті болып табылатын проблеманы айқындау арқылы оны шешудің нақты жолдары көрсетіледі, сонымен қатар, олар қоғамдық - тарихи, ұлттық, жергілікті ерекшеліктер мен талаптарға сәйкес болуы міндетті нешінші қадам?

A. Алғашқы қадам.

B. Екінші қадам

C. Үшінші қадам

D. Төртінші қадам

E. Бесінші қадам

74. Жағдайды талдау мен проблема қою арқылы жобаның мақсат – міндеттері нақтылан ып, ресурстарға баға беріл уі нешінші қадамда жүзеге асады?

A. Алғашқы қадам.

B. Екінші қадам

C. Үшінші қадам

D. Төртінші қадам

E. Бесінші қадам

75. Қалыптасқан жағдайға сай проблеманы шешу жолдарын, мақсат –міндеттерін, ресурстарын талдау негізінде жасалатын жобаны мазмұндық – құрылымдық сипаттау кезеңі нешінші қадам?

A. Алғашқы қадам.

B. Екінші қадам

C. Үшінші қадам

D. Төртінші қадам

E. Бесінші қадам

76. PEST-талдаудың принциптері:

A. Жүйелілік, шынайылық, проблеманы белгілеу және мақсат қою.

B. Жүйелілік, проблеманы белгілеу және мақсат қою.

C. Жүйелілік, шынайылық және мақсат қою.

D. Жүйелілік, шынайылық, проблеманы белгілеу

E. Жүйелілік, шынайылық

77. Жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін жоба жетекшілерінің (басшылардың, педагогтардың, білім алушылардың) құзыреттіліктерін дамытуға ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыру арқылы арнайы ұйымдастырылып, тұрақты түрде қызмет істейтін семинарлар, немесе, оқу-тәжірибелік алаңдар мен зертханаларды ұйымдастыру арқылы мүмкін болады . Бұл педагогикалық жүйелерді дамытуды көздейтін жобалау ды  тиімді ұйымдастыру дың нешінші шарты?

A. Бірінші шарты, 

B. Екінші шарт, 

C. Үшінші шарт,

D. Төртінші шарт

E. Бесінші шарт

78. Педагогикалық жүйені басқаруды жобалау қызметі қатаң құрылымданбаған матрицалық, немесе иерархиялық – матрицалық болуын талап етеді, өйткені, мақсатты бағдарлы жобалау технологиясы құрылымы иерархиялыққа бағытталмайды, т ұтастық пен жүйелікке негізделеді және қозғалмалы болады, яғни, әртүрлі деңгейлердегі жобала р уақытша басқару құрылымдары арқылы жүргізілу мүмкін. Бұл педагогикалық жүйелерді дамытуды көздейтін жобалау ды тиімді ұйымдастыру дың нешінші шарты?

A. Бірінші шарты, 

B. Екінші шарт, 

C. Үшінші шарт,

D. Төртінші шарт

E. Бесінші шарт

79. Аталған дардың қайсысының орындалуы педагогикалық жүйенің жаңа сапасын, бірлесіп үйрену мен бірлесіп білім алуға бағытталған қарым – қатынастар мен құрылымдарды дамытатын, қатысушылардың субъектілік позицияларын қалыптастыратын, мақсат қою және оны жүзеге асырудағы жаңа әрекеттерді тудыратын тиімді басқару тетігі жобалаудың тиімді ұйымдастырылуына негіз болады ?

A. шарттардың

B. Жағдайлардың

C. Заңдардың

D. Баптардың

E. салдардың

80. Квалиметриялық сараптама  дегеніміз қандай сараптама?

A. бұл тексерілетін мәліметтердің белгіленген сапалық нормалары негізінде қатаң процедуралармен тексеру.

B. жобаны бағалауға тартылатын эксперттердің мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал тәжірибесіне қатысты сараптама.

C. Жобаға қатысушылардың мәртебесі мен кәсіби беделін бағалауға тартылатын сараптама.

D. бұл тексерілетін мәліметтердің белгіленген сапалық нормалары негізінде жай процедуралармен тексеру.

E. жобаны бағалауға тартылатын эксперттердің мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал тәжірибесіне қатыссыз сараптама.

81. Статустық сараптама дегеніміз қандай сараптама?

A. бұл тексерілетін мәліметтердің белгіленген сапалық нормалары негізінде қатаң процедуралармен тексеру.

B. жобаны бағалауға тартылатын эксперттердің мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал тәжірибесіне қатысты сараптама.

C. Жобаға қатысушылардың мәртебесі мен кәсіби беделін бағалауға тартылатын сараптама.

D. бұл тексерілетін мәліметтердің белгіленген сапалық нормалары негізінде жай процедуралармен тексеру.

E. жобаны бағалауға тартылатын эксперттердің мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал тәжірибесіне қатыссыз сараптама.

82. Жоба жетекшісі не сәйкес емес қасиеттер қатарына:

A. лидерлік және харизматикалық қасиеттер;

B. команданы іске жұмылдыра алатын, олардың қабілеттерін дамыта алатын, адамдардің өзіне және бір–біріне өзара сенімділік жағдайын тудыра алатын;

C. тұйықтық және ысырапшылдық

D. маман ретіндегі құзіреттілігі ғана емес, коммуникативтік қабілеттері де жоғары болуы жатады.

83. Басқару үрдісінің тағы бір маңызды кезеңі жоспарлау қандай сипатта орындалады?

A. индикаторлық сипатта

B. қатаң сипатта

C. демократиялық сипатта

D. авторитарлық сипатта

E. либералдық сипатта

84. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық қандай деңгейінде мемлекет деңгейіндегі білім беру жүйесінің өзгерістерін қамтиды, оның нәтижелерінің тиімділігін тарихи уақыт өлшемімен ғана бағалауға болады ?

A. Стратегиялық деңгей

B. Институционалдық деңгей,

C. Технологиялық деңгей

D. Болжаулық деңгей

E. Салыстырмалы деңгей

85. Белгілі бір білім беру ұйымдары, басқару құрылымдары, немесе, белгілі бір білім беру жүйесіндегі салалық өзгерістерді қай деңгей қарастырады ?

A. Стратегиялық деңгей

B. Институционалдық деңгей,

C. Технологиялық деңгей

D. Болжаулық деңгей

E. Салыстырмалы деңгей

86. Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауға қажетті ресурстары қатарында не жатпайды?

A. білімдік, ақпараттық,

B. материалдық-техникалық,

C. пайдалы қазбалар

D. қаржылық

E. адам ресурстары

87. Mақсатты анықтау дегеніміз –

A. Жан-жақты әрекеттерді жопарлау

B. өткенді саралау

C. қазіргіні айқындау

D. күтілетін нәтижелердің сипаттамасын тексеруге, өлшеуге болатындай етіп көрсету.

E. Салыстырмалы зерттеу жүргізу

88. Жобалау қызметі негізінде педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен оған сәйкес барлық құрылымдардың белгілі бір проблеманы шешудегі мақсаттарын біріктіріп, күтілетін нәтижені мазмұндық, әдіс - тәсілдік, ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ететін қандай жобалары жасалады ?

A. Трансцендентік

B. мақсаттық - бағдарлы дамыту

C. микро – жобалар

D. Нақты жоба

E. болжаулық жобалау

89. Өзгерістердің жүзеге асыр удың бірінші кезең інде :

A. жобалау нәтижесінде жүйені басқарушылардың құзыреттілік сапаларын дамыту деңгейі. 

B. білім беру процесінде, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан іс – әрекеттерді, қарым-қатынастарды өзгере бастауы, дамуы.

C. білім беру процесінде, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан басқару қызметтері – мақсат қою, міндеттер мен күтілетін нәтижелерді жаңаша нақтылау жүзеге асырылады.    

D. жүйенің ұйымдастырушылық өзгерістері, жаңа сапаға өтуі –педагогикалық жүйенің мақсатқа сәйкес даму өзгерістері жүзеге асырылады.

90. Ұйымдағы басқару субъектілері (педагогтар, білім алушылар, ата - аналар бірлестіктері, т.б.) ұжымды басқаруға қатыстырылып, түрлі деңгейлердегі жүйелерде ұйымдастырушылық - құрылымдық өзгерістер пайда болады, педагогикалық әрекеттердің мазмұны мен әдістері жаңарып, педагогтар тарапынан білім беру процесінде, сабақтардың құрылымына өзгерістер енгізіле баст ауы қай кезең?

A. Бірінші кезеңде

B. Екінші кезеңде

C. Үшінші кезеңде

D. Төртінші кезеңде 

E. Бесінші кезеңде

91. Білім беру мекемелері жүйесін пайдалана отырып жеке білім алу бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру ресурстары н қалай атаймыз?

A. педагогтарды негізгі адам ресурстары ретінде басқару ресурсы;

B. ғылыми–әдістемелік ресурстар;

C. ұйымдастырушылық–педагогикалық ресурстар;

D. ақпарттық ресурстар;

E. әлеуметтік–педагогикалық ресурстар;

92. Сонымен қатар, жобалардағыдай, даму бағдарламасында қандай мағлұматтар берілуі талап етіл мейді:

A. педагогикалық ұжымның сол кезеңде кол жеткен нәтижелері туралы;

B. одан жоғары нәтижелерге жетудің мүмкіндіктері туралы; жоғары нәтижелерге жетудегі кедергілерді анықтау

C. жобаға қатысушылардың жанұя құрамы

D. кедергілерді болдырмауға қажет ресурстар туралы.

93. Оқушы үшін жобалау әрекетіне қатысу оған не береді?

A. оның өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылуына ықпал етеді

B. педагогикалық міндеттерді орындау құралы

C. білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық сапалар

D. Мінез-құлқындағы өзгерістер

E. Пән бойынша бағалар

94. Мұғалім үшін ол жобалау әрекетіне қатысу оған не береді?

A. оның өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылуына ықпал етеді

B. педагогикалық міндеттерді орындау құралы

C. білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық сапалар

D. Мінез-құлқындағы өзгерістер

E. Пән бойынша бағалар

95. Оқушылар жобасының «өнімі»:

A. оның өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылуына ықпал етеді

B. педагогикалық міндеттерді орындау құралы

C. білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық сапалар

D. Мінез-құлқындағы өзгерістер

E. Пән бойынша бағалар

96. Креативтілік деңгейін диагностикалауда адамның қандай қасиеті бағаланады?

A. «дұрыс» жауапты таңдай білуі емес, проблеманы анықтай алуынан бастап, оны шешудің бірнеше тың жолдарын күтпеген, бұрын қарастырылмаған жағынан ұсына білуі бағаланады.

B. «дұрыс» жауапты таңдай білуі

C. Алгоритм бойынша жұмыс жасау білігі

D. Өз бетімен жұмыстану қабілеті

E. Космосқа қызығушылығы

97. Жасөспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының қандай міндеттеріне сай келеді?

A. Психологиялық және педагогикалық

B. Экономикалық және экологиялық

C. психологиялық және әлеуметтік

D. Жаратылыстану және математикалық

E. әлеуметтік және философиялық

98. Жобалау әрекетін қалай қарастыру қажет?

A. Білім беру нәтижесі

B. Мұғалімнің негізгі әрекеті

C. Оқушының негізгі оқу әрекеті

D. білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде

E. Көрнекі құрал

99. Жобаны SWOT- талдауда қандай берілген   сапаларының қайсысы қарастырылмайды?

A. стратегиясы

B. мықты жақтары

C. әлсіз жақтары

D. қауіпті жақтары

E. мүмкіндіктері

100. Кімнің еңбектерінде жобалау әдісінің негізі қаланып, оның «тәжірибе» ұғымы арқылы таратылғаны белгілі?

A. Генисаретский О.И.

B. Новиков А.М.

C. Маркузе Г.

D. Алексеев Н.Г.

E. Д. Дьюи

                                            Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары

(Оқулықтың 297-328 беттеріндегі сұрақтар бойынша)

 

 

жауабы жауабы Жауабы жауабы Жауабы
1. А 23 C 45 D 67 C 89 A
2. А 24 D 46 B 68 D 90 C
3. D 25 E 47 A 69 A 91 C
4. C 26 A 48 C 70 A 92 C
5. C 27 A 49 D 71 D 93 A
6. A 28 B 50 E 72 C 94 B
7. C 29 C 51 A 73 A 95 C
8. D 30 A 52 A 74 B 96 A
9. E 31 A 53 C 75 C 97 C
10. A 32 B 54 A 76 A 98 D
11. D 33 A 55 B 77 B 99 A
12. E 34 B 56 C 78 D 100 E
13. A 35 C 57 A 79 A    
14. C 36 E 58 B 80 A    
15. C 37 A 59 C 81 B    
16. A 38 E 60 D 82 C    
17. D 39 D 61 A 83 A    
18. A 40 C 62 A 84 A    
19. D 41 A 63 A 85 B    
20. B 42 A 64 D 86 C    
21. A 43 A 65 A 87 D    
22. B 44 D 66 D 88 B    

 

ҚОСЫМША 1

 

Білім беру ұйымдарын дамытуға арналған жобаларды бағалау әдістемелері

Зерттеудің нәтижелері төмендегі көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы бағаланады.  Біріншіден, педагогтар мен түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйе басқарушыларының жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіктерінің көрсеткіштері алынады, олар:

Педагогикалық жүйелерді дамытуға негіз болатын инновациялық жобалау стратегиясын құрастыра білуі;

Мақсаттық - бағдарлы жобалаудың тұтас циклын ұйымдастыра білуі;

Жобалардың тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері;

Одан әрі аталған сапалардың қалыптасқандығын қандай көрсеткіштер арқылы бағалауға болатыны анықталды. Ол проблемалық мәселе бойынша  құрастырған жобалары және оларды бағалау қөрсеткіштері.

« SMARТ - талдау» әдістемесі н пайдалан у

 Қатысушылардың аталған бағыттарда ұсынған жобалары мен олардың тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер ретінде «SMARТ - талдау» әдістемесі пайдаланылды (Кесте 14), (Specific - өзектілігі айқындалуы, нақтылығы; Measurable - өлшеуге болатындығы; - Achievable – қолжетімдігі; Related – шынайылығы;  Times-bound - уақыт шектеулерінің белгіленуі):

 

Кесте 14  − Жобаларды бағалаудың «SMARТ - талдау» картасы үлгісі

 

Өлшемі Көрсеткіштері

Сәйкестігін бағалау( 3– 1 балл аралығы)

1 2

3

Өзектілігі Жобалау қызметі ұйымның жұмысындағы белгілі бір қиындықтар туғызып отырған проблемаларды анықтап, оны тиімді шешуге бағытталған болуы тиіс. Басым бағыттарды айқындау, талдау жасау арқылы негіздеу және шешу жолдарын ұсыну, жобалау қызметінін маңызды мәселеге бағытталғанын көрсетеді.

Ескерту:

Әрбір көрсеткіш бағаланады. Толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес– 2 балл, сәйкес емес– 1  балл.

Өлшемдері болуы Жобалау қызметінің нәтижесі қалыптасқан жағдайды өзгертетін, не жетілдіретін болуы керек. Ол үшін алдын ала анықтау алуды қажет ететін сұрақтар: 1) жобалау қызметінің қандай көрсеткіштері нәтижелер деп есептеледі; 2) оларды қандай параметрлер арқылы өлшеуге болады және олар немен өлшенеді?
Қолжетімдігі

Жобалау қызметінің қолжетімдігі стратегиясын жүзеге асыру барысында оның күтілетін нәтижелерінің алдын ала анықталуы және оны орындау жолдары мен механизмдерінің нақты кезеңдері мен алгоритмінің жасалуынан белгілі болады.

 
Шынайылы -ғы

Жобалау қызметі жүйенің ішкі қажеттігі және сыртқы орта талаптарына сәйкестігі, оны іске асыратын лайықты адамдар тобы белгіленуі, жобалаудың мазмұны мен технологиясы, қажетті ресурстары анықталуы. Осы әрекеттердің болуы жобалаудың шын мәнінде жүзеге асырылуына мүмкіндік жасайды.

 
Уақыт шектеулері -нің белгіленуі

Бұл жобалау қызметінің басталу және аяқталу мерзімдерін, орындау барысындағы аралық кезеңдерді және әрбір аралық кезеңнің мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің нақты белгіленуінен көрінеді.

 
Күтілетін кедергілер дәрежесінің анықталуы

Жобалау қызметі барысында осыған ұқсас тәжірибелерді зерттеу және талдау арқылы алдын ала болжау әрекеттеріне сүйене отырып, болуы мүмкін кедергілер мен қиындықтардың, одан шығатын жолдардың алдын ала белгіленуі.

 
Жалпы бағасы

 

 
       

  

Бұл көрсеткіштер нәтижесі төмендегі бағалар бойынша анықталады: толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес – 2 балл, сәйкес емес – 1 балл. Жобаның сәйкестік формуласы: К = Кф : Км.

Ондағы белгілер:

К – Жобаның талаптарға сәйкестігі;

Кф – факт бойынша жобаның жинаған жалпы балл саны;

Км –максималдық мүмкін балл саны.

Бұл деңгейді бағалауда төмендегі көрсеткіштері пайдаланылады:

өте төмен – К < 0,45;

төмен– 0,45 < К < 0,65;

жеткілікті– 0,65 < К < 0,85;

қажетті – К > 0,85.

Қосымша бағалау көрсеткіші ретінде жасалған жобаның өміршеңдігін анықтау алынды.Оның мәнісі жоба жетекшілерінің алдына қойылған міндеттерді орындап, жобаны жасағаннан кейінгі жағдайын анықтау болып табылады. Бұл жоба әрі қарай жалғасуы мүмкін бе, ол үшін қандай ресурстары бар, қандай ресурстар қажет? Қандай бағыттарда жалғасын таба алады? Жобалаудың қателіктері мен тәуекелдері талдана ма? Міне, осындай талдаулардың болуы жобаның өміршеңдігін көрсетеді.

Сонымен қатар,бұл көрсеткіштер жоба жетекшілерінің жобалауды ұйымдастыру әдістемесін қаншалықты меңгергенін жасаған жобаларына қарап бағалауды ғана көздейді, сондықтан оны жоба жетекшілерінің алған білімдерінің нәтижелері деп қана қарастыру қажет.

 

 

ҚОСЫМША 2

Жобалау ә рекетін сипаттайтын түсініктер

Проблема Іс-әрекеттің негізі (адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынас, пәндер, күнделікті және т.б.)
Проблеманы суреттеу Адамдардың қарым-қатынасы, пәндер және т.б.
Проблеманы талдау Жағдайларды бөліп, әрқайсысын мұқият қарастыру  
Проблемның себебі Жағдайдың жалпылама сипаттамасы (субъект үшін маңызды тұрғысынан)  
Мүдделілер Адамдар, топтар немесе ұйымдар олар жағдайдың өзгеруін(+) немесе өзгермеуін қалайды(-)  
Ықпалы Мәселеге қатысты мақсатқа бағытталған адамдардың әрекеті
Негізгі проблема Екі түрлі жағдайдың қарама-қайшылығы
Қайшылықтар Құбылыс, баға, мәлімет, т.б. бір-біріне сәйкессіздігі
Мәселені талдау Мәселенің пайда болуын анықтау және оны жоюдың жолы
Проблеманы шешудің басқа да жолдары Қалыптасқан жағдайды өзгертудің түрлі бағыттары  
Мақсат Күтілетін түпкілікті нәтиже
Жобаның нәтижесі Қалыптасқан жағдайдың өзгеруі
Көрсеткіштер Жоспарланған нәтижеден көрінеді
Тәуекел Алынған нәтижелердің кейбіреуі жағымды нәтиже бермейді
Тәуекелді талдау Жобалауға ықтималды түрде ықпал ету жағдайлары
Тәуекелді жоспарлау Оларды болдырмау жоспары  
Тәуекелді болдырмау жоспары Альтернативті іс - әрекет жоспары, ол өз кезегінде нәтижені алуға септігін тигізеді
Міндеттер Ағымдық нәтижелерді белгілеу (қалыптасқан жағдайды өзгерту), олар мақсатқа жету үшін жүзеге асырылуы тиіс  
Технология Барлық тәсілдерді жоспарлау бірнеше жағдайларда бірдей нәтижеге әкеледі
Қадамдар Уақыт өтсе де өзгермейтін әрекеттер
Жоспар Тәсілдерді қолданудағы бірізділік
Ресурстар Нақты мәселені шешудегі қолданылатын ресурстар  
Өнім Адамдардың еңбегі нәтижесінде пайда болатын нәтиже   
Өлшемдер Өзгерістердің деңгейін анықтайтын көзқарастар  

ҚОСЫМША 3

   Магистратураға ендірілген « Білім беру ұйымдарын басқарудағы жобалау» элективтік курсының сабақ мазмұны мен кестесі

Дәріс сабақтарының мазмұны

№1 дәріс тақырыбы: Қазіргі жүйелерді басқару: өзгерістер мен даму жағдайындағы басқарудың ерекшіліктері

Мақсаты: менеджмент негізінде басқару жайында түсінік қалыптастыру

Тірек ұғымдар: өзгерістер, басқару, менеджмент, жобалау

Жоспар

Басқару жайында жалпы түсінік. Менеджмент – қолданбалы гуманитарлық (әлеуметтік-мәдени) пән.

Басқару түрлері. Талдау. Жобалау. Зерттеу.

3. Дамуды зерттеу және басқару.

4. Талдау және зерттеу басқару түрлері ретінде.

 

№2 дәріс тақырыбы: Басқарудың теориялық негіздері

Мақсаты: басқару әрекетінің негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: басқару жүйесі: ұйымдастыру, талдау, жобалау, зерттеу

Жоспар

«Басқару әрекеті» ұғымы. Басқару әрекетінің қызметтік бөліктері.

Білім беру ұйымдарын басқарудың негізгі міндеттері.

Басқару тәжірибесінің жүйесі: ұйымдастыру, талдау, прожект (болашақ туралы түсініктер), зерттеу.

 

№3 дәріс тақырыбы: Жобалау басқару тәжірибесі ретінде. Жобалау әдістері мен құралдары

Мақсаты: басқарудағы жобалау әрекетінің орнын белгілеу

Тірек ұғымдар: жобалау, жобалау әдістері

Жоспар

Жобалау – басқару технологиясы.

Жобалау әдістеріне жалпы сипаттама: экстраполяция әдісі, ресурстық талдау әдісі, шешім қабылдау әдісі, проблемалық талдау әдісі, стратегиялық жоспарлау әдісі.

 

№4 дәріс тақырыбы: Әлеуметтік жобалау ресурстары

Мақсаты: әлеуметтік жобалау ресурстарын ұғындыру

Тірек ұғымдар: «бастапқы» ресурстар, стратегиялық ресурстар

Жоспар

Жобалаудағы «бастапқы» және стратегиялық ресурстар.

Ресурстармен жұмыс жасау көрсеткіштері.

Ресурстармен жұмыс жасау принциптері.

 

№5 дәріс тақырыбы: SWOT – талдау сызбасы мен принципін қолдану

Мақсаты: SWOT – талдау жайында түсінік қалыптастыру

Тірек ұғымдар: SWOT – талдау, PEST – талдау

Жоспар

SWOT – талдауға жалпы сипаттама.

PEST – талдау – SWOT талдаудың құрамдас бөлігі.

SWOT- талдау- басқару әрекетінің шарты.

 

№6 дәріс тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инновацияларды басқару

Мақсаты: инновацияларды басқару әрекетінің негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: инновация, әлеуметтендіру, мәдениеттендіру

Жоспар

Өзгерістерді басқару: жобалау объектілері және жобалау объект ретінде.

Инновацияларды басқару: әлеуметтендіру және мәдениеттендіру.

№7 дәріс тақырыбы: Жобалауда тұжырымдама жасау

Мақсаты: тұжырымдама жасау негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: тұжырымдама, жоба тұжырымдамасы

Жоспар

Жобалау жүйесінде тұжырымдама жасаудың орны мен мәні.

Жобалау жұмысында «ситуацияны талдау-тұжырымдама жасау» қатынасы. «Тұжырымдама жасау – мақсат қою»

Тұжырымдама жасау процесінің технологиялық құрылымы.

 

№8 дәріс тақырыбы: Жобалауда мақсат-міндеттер қою

Мақсаты: жобалау әрекетінде мақсат қою негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: мақсат, міндет

Жоспар

Мақсат қою – ұйымдастыру және нақтылау құралы.

Міндеттер – жобалау әрекетін жоспарлау шарты.

Мақсат қоюдан міндеттерге көшу.

      

№9 дәріс тақырыбы: Стратегиялық жоспарлау

Мақсаты: стратегиялық жоспарлау ұғымымен таныстыру

Тірек ұғымдар: стратегия, стратегиялық жоспарлау

Жоспар

Стратегия ұғымы. Стратегиялық жоспарлау ұғымы. Жоба – «стратегия» құралы.

Стратегиялық жоспарлау түрлері.

Стратегиялық жобалау тұрғылары.

 

№10 дәріс тақырыбы: Стратегиялық жобалар түрлері

Мақсаты: стратегиялық жобалар түрлерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: жобалау стратегиялары

Жоспар

Дәстүрлі жобалау стратегиялары: қорғау (протекционисттік) типі, провокациялық типі.

Жүйелі жобалау стратегиялары: прецедент стратегиясы, гуманитарландыру стратегиясы.

№11 дәріс тақырыбы: Стратегиялық жоспарлаудағы жобалау

Мақсаты: стратегиялық жоспарлауда жобалаудың орнын белгілеу

Тірек ұғымдар: стратегиялық жоспарлау, жобалау технологиясы

Жоспар

Стратегиялық жоспарлаудағы жобалау тұрғысы

Жобалау идеологиясы және жобалау әрекеті

Жоба және бағдарлама.

 

№12 дәріс тақырыбы: Институционалдық жобалау және білім беру саясаты

Мақсаты: институционалдық жобалаудың тәжірибесімен таныстыру

Тірек ұғымдар: институционалдық жобалау, білім беру саясаты, инновациялық жобалар

Жоспар

Дамуды институционалдық жобалау (аймақтар мен қалалар).

Халықаралық инновациялық жобалардың (технополис, технопарк және т.б.) тәжірибесін талдау.

Институционалдық жобалаудағы адам капиталының орны.

№13 дәріс тақырыбы: Бизнесті жобалаудың теориялық негіздері

Мақсаты: бизнесті жобалаудың теориялық негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: бизнес-жоспар

Жоспар

«Бизнес-жоспар» ұғымы. Бизнес-жоспар – ұйымдастырылған жоба.

Бизнес-жоспар жобаның идеясын әлеуметтендіру құралы ретінде.

Бизнес-жоспар жобасының құрылымы мен қызметі

 

№14 дәріс тақырыбы: Бизнесті жобалау

Мақсаты: бизнесті жобалаудың теориялық негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: бизнес-жоспардың мақсат-міндеттері

Жоспар

Жобалау құрылымындағы дәстүрлі бизнесті жоспарлаудың орны

Бизнес-жоспардың мақсат-міндеттері, қызметі

Бизнес-жоспардың типтік құрылымы

 

№15 дәріс тақырыбы: Жобаны бағалау

Мақсаты: бизнесті жобалаудың теориялық негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: жобаны бағалау

Жоспар

Мақсаттарды жүзеге асыру негізінде жобаның тиімділігін бағалау

Мақсат ұжымдық жұмыстың нәтижесі ретінде.

Семинар сабақтарының мазмұны

 

№ 1 семинар тақырыбы:

Даму – европалық мәдениеттің феномені

Жоспар:

«Өзгеріс» ұғымының мәні: эволюция, қайта өндіру, даму және т.б.

Өзгерістер субъектілері және олардың әлеуметтік – мәдени негіздері.

Даму идеясы- мәдениет феномені. Даму – басқару әрекетінің мақсаты.

№ 2 семинар тақырыбы:

Басқару тәжірибесі

Жоспар:

Басқару тәжірибесі түрлеріне жалпы сипаттама.

Басқару тәжірибесінің басқару міндеттерімен байланысы.

Ұйымда басқару қызметтерін шоғырландыру мүмкіндіктері.

№ 3 семинар тақырыбы:

Жобалаудың негізгі сызбасы

Жоспар:

Қызмет жасау, қайта өндіру және даму басқару тәртібі.

Басқару тәртіптерінің ұйымдастыру, талдау, жобалау және зерттеумен жүйелілік байланысы.

Басқару құрылымында «дамуды басқару» бөлігінің орны.

№ 4 семинар тақырыбы:

Жобалау ресурстары

Жоспар:

Жобалаудағы «бастапқы» ресурстар: адамдар, білім, қаржы, материалдық-техникалық база, ақпарат.

Классикалық ұйымдар ресурстары мен жобалаудағы ресурстар.

Коммуникация және ұжымдық жұмысты ұйымдастыру құралы – жоба.

№ 5 семинар тақырыбы:

SWOT – талдау сызбасы мен принципін тәжірибеде қолдану

Жоспар:

Білім беру саласында SWOT – талдауды қолдану тәжірибесі.

PEST – талдау. Сыртқы орта жайында мәліметтерді Ұйым миссиясы/Жоба мақсаттарына қатысты іріктеп алу.

№ 6 семинар тақырыбы:

SWOT – талдау сызбасы мен принципін тәжірибеде қолдану

Жоспар:

Ситуацияны талдау және мәселені белгілеу – жобалаудың негізі.

Позициялық, тарихи, ұғымдық және жүйелік талдау – жоба алды жұмыстардың негізі.

№ 7 семинар тақырыбы:

Әлеуметтік жобалауда тұжырымдама жасау әдістемесі

Жоспар:

Тұжырымдама – мәдениеттің құрамдас бөлігі.

Мәселе – тұжырымдаманың практикалық негіздемесі.

Ситуацияны талдау және оны тұжырымадамаға айналдыру.

№ 8 семинар тақырыбы:

Қазіргі білім беру тәжірибесінің тұжырымдамалық негіздері

Жоспар:

Мазмұн: ұғым, тұрғылар, ситуацияны талдау.

Білім беру және кадрларды даярлау мәселесі.

Білім берудің тасымалдаушы және коммуникациялық қызметтері.

№ 9 семинар тақырыбы:

Тұжырымдама – жобаны ірілендіру әдісі

Жоспар:

Қазіргі білім беру теориясы мен тәжірибесінде тұжырымдама жобаны ірілендірудің құралы ретінде.

Жобаны «ойлап табу» және жүзеге асыру кеңістіктері.

Жобалаудың стратегиялық тереңдігі.

Жобаны жүзеге асырудың бағдарламалық нәтижелері.

№ 10 семинар тақырыбы:

Жоба тұжырымдамасын жасау

Жоспар:

Жоба тұжырымдамасын жасау жұмыстарын ұйымдастыру.

Коммуникация әдісі.

Тарихи зерттеу әдісі

№ 11 семинар тақырыбы:

Жобалау әрекетіндегі мақсат-міндеттерді белгілеу

Жоспар:

Іс-әрекетті ұйымдастырудың «міндеттерді белгілеу» формасы

Менеджмент тарихы мен теориясындағы Ф.Тейлор және Л.Гилберттің зерттеулері.

Міндет – жобалау әрекетінің элементі.

Педагогикалық тәжірибеде және басқару саласында «міндеттерді белгілеу» формасының орны мен қызметі.

№ 12 семинар тақырыбы:

Жобалау әрекетіндегі мақсат-міндеттерді белгілеу

Жоспар:

Мақсат және мақсат қою ұғымдарының мәні. Құндылықты және теологиялық мақсаттар.

Жоба мақсаттары өзгерту және даму құралы ретінде.

Мақсат қоюдың ұзақмерзімді (стратегиялық) сипаты.

Кейбір міндеттерді түзету және стандарттау технологиясы: мақсаттың көпфункционалдығы.

№ 13 семинар тақырыбы:

Жобалау әрекетіндегі мақсаттың алатын орны

Жоспар:

Мақсат жобалау жұмысында ұйымдастыру және түзету құралы ретінде.

Жобаның ішкі және сыртқы ортасында серіктестерді іздеу.

Манифест, доктрина, миссия, мақсат. Мақсат – ұжымдық жұмыстың нәтижесі.

Мақсаттар жайындағы декларацияның коммуникативтік және бұқаралық сипаты.

№ 14 семинар тақырыбы:

Басқару әрекетін жобалауды презентациялау

Жоспар:

Жобаға қатысушыларға қатысты мақсат қою.

Жеке жобалардың мақсатын негіздеу.

Жеке жобаны презентациялау

№ 15 семинар тақырыбы:

Жоба аясындағы бизнес-жоспарды презентациялау

Жоспар:

Жеке жоба аясындағы бизнес-жоспарды презентациялау.

 

Магистранттың оқытушы басшылығымен жүргізілетін өздік жұмысы бойынша тапсырмалары

1. Жобалаудың негізгі сызбасы: ситуацияны талдау, жоба ойын тұжырымдау, жобаның мақсатын белгілеу, жобаны жүзеге асыру.

2. Ұйымдастыру – басқару тәжірибесінің түрі ретінде.

3. Талдау – басқару тәжірибесінің түрі ретінде

4. Жобалау – басқару тәжірибесінің түрі ретінде

5. Зерттеу – басқару тәжірибесінің түрі ретінде

6. Ұйымдастыру-басқару жұмысының «бастапқы» ресурстары.

7. Жеткілікті деңгей принципі – бастапқы ресурстарды талдау принципі.

8. Үйлесімділік принципі – бастапқы ресурстарды талдау принципі.

9. Басқару әрекетіндегі стратегиялық ресурстар.

10. Жобалау әрекетінде талдау және проблеманы анықтаудың алатын орны.

11. SWOT – талдау. Жобаның әлсіз және күшті жақтары.

12. Бастапқы ресурстар мен стратегиялық мақсаттардың сәйкестігі.

13. Жобаның болжамын (идеясын) құрастыру.

14. Жобалау әрекетіндегі мақсат-міндеттерді белгілеу.

15. Стратегиялық жоспралудағы жаңа тұрғылар.

16. басқару әрекетіндегі көшбасшы моделі.

17. Жаңа менеджер тұлғасы. Моделі.

18. Жобаны презентациялауға дайындық.

19. Жоба аясындағы бизнес-жоспар.

20. Жеке жобаны қорғау.

Магистранттың өзіндік жұмысын ұйымдастыру тапсырмалары

1. Белгілі бір ұйымда (мысалы, жоғары оқу орны, мектеп, жеке кәсіпорын және т.б.) болып жатқан процестердің қайсысы қызмет ету және қайта өндіру тәртібіне, қайсысы даму тәртібіне, дамуды басқару тәртібіне жататындығын анықтаңыз. Талдау кестесі.

2. Белгілі бір ұйымның (мысалы, жоғары оқу орны, мектеп, жеке кәсіпорын және т.б.) қай бөлімдеріне (департаменттеріне) қызмет ету, қайта өндіру, даму, дамуды басқару қызметтері жүктелген? Бұл қызметтер бөлімдердің/департаменттердің жалпы басқару тәжірибесімен (ұйымдастыру, талдау, прожект, зерттеу) қандай байланыста болып отырғандығын анықтаңыз. Талдау. Қорытынды.

3. Болашақ даярлайтын жобаңызға қажетті ресурстардың түрлерін көрсетіңіз.

4. Сіздің жобаңыз үшін «бастапқы» ресрустардан (қаржы, техникалық база, кадрлар және т.б.) басқа қандай жобалау ресурстары маңызды болып табылады.

5. Сіздің жобаңыз үшін сыртқы ортаның қандай экономикалық және саяси факторлары (процесстер, даму бағыттары, ағымдар, жағдайлар) анықтаушы мәнге ие? Неліктен? Дәлелдеңіз.

6. Сіздің жобаңыз үшін сыртқы ортаның қандай білім беру факторлары (процесстер, даму бағыттары, ағымдар, жағдайлар) анықтаушы мәнге ие? Неліктен? Дәлелдеңіз.

7. Сіздің жобаңызды білім беру саласына қатысты жоба ретінде қарастыруға мүмкіндік беретіндер қандай себептерді көрсете аласыз? Дәлелдеңіз.

8. Жобаны жүзеге асырудың мүмкін болатын нәтижелері жайындағы мәселе сіздің жобада қаншалықты ойластырылып, үйлестірілген? Дәлелдеңіз.

9. Сіздің жобаңыздың жүзеге асырылатын аймақтағы, қаладағы қазіргі мәдени процесстер жайындағы түсініктерге қалай әсер етуі мүмкіндігі жайында түсіндіріңіз. Неліктен?

10. Сіздің жобаның жаңалығы неде? Жоба тәжірибеде бар модельдерден несімен ерекшеленеді?

11. Төменде берілген анықтамалардың қайсысы, сіздің пікіріңізше, «мақсат» ұғымының мәніне сәйкес келеді? Неліктен?

Мақсат – бұл білім беру желісінің әрекетін сақтау және қолдау.

Мақсат – бұл білім беру ұйымының қолда бар (қалған) адами, ақпараттық және материалдық ресурстарын ,   даму технологияларын тәжірибеге енгі зу үшін пайдалану.

Мақсат – бұл білім беру ұйымдарын ақпараттандыру.

12. Сіздің жобада белгіленген мақсаттарға қарай отырып, ситуацияның даму бағыттарының қайсысы проблемалық екендігін және оларға жоба аясында қалай әсер жасалатындығын түсінуге болады ма?

13. Сіздің жобаның жасалған тұжырымдамасын және белгіленген мақсаттарын салыстырыңыз. Белгіленген мақсаттарды ситуацияны тұжырымдамалық тұрғыдан ұғыну және оған саналы-сыни көзқарастың нәтижесі деп айта аласыз ба? Неліктен?

14. Сіз таңдаған стратегия жүйелік, протекционистік, провокациялық немесе басқа тұрғылар аясында ма?

15. Сіздің жобаны қай типке жатқызуға болады? Неліктен сіз осы типті таңдадыңыз.

16. Сіздің стратегиялық таңдауларыңыз қандай негізде жасалды: әлеуметтік-мәдени ситуацияға байланысты ма немесе сіздің дүниетанымдық көзқарастарыңыз негізінде ме?

17. Сіздің жобаңызд жүзеге асыруға қажетті негізгі субъектілерді және олардың қызығушылықтарын белгілеңіз.

18. Сіздің жобаны жүзеге асыру серіктестер қажет пе? Оларды жобаға қатыстыру стратегияларын ойластырдыңыз ба?

19. Сіздің жобаны жүзеге асыруда жобаның мақсаттық тобы және жобаны презентациялайтын мақсаттық топ арасында айырмашылықтарды белгілейсіз бе? Сіздің пікіріңізше, осы айырмашылықтар жобаларды модернизациялауда қандай мәнге ие?

20. Сіздің жобаңызға қандай инвесторлар қажет? Сіздің бизнес-жоспардың мақсаттық тобы кімдер болып табылады?

ҚОСЫМША 4

«Жобалау қызметі нәтижесіндегі педагогикалық жүйенің өзгерістерін бағалау» әдістемесі

Білім беру ұйымын жобалау негізінде дамыту өзгерістері неден көрінетіні және қалай өлшенетіні қарастырылып, оның тиімді жолдары анықталады. Педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарының мақсатқа сәйкес даму өзгерістерінің деңгейін, динамикасын, жалпы нәтижелерін қорыту үшін «Жобалау қызметі нәтижесіндегі білім беру ұйымынң өзгерістерін бағалау» әдістемесі мен оның өлшемдері мен көрсеткіштері төмендегідей белгіленеді:

Жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы;

Жүйедегі қызметтік (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау) және құрылымдық (басқару субъектілері, құралдары, мазмұны) компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігі, өзін - өзі дамытудың тиімді ұйымдастырылуы;

Жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, өзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдың қалыптасуы.

Осылайша, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау қызметін ұйымдастыру негізінде педагогтарды ұжымның басты ресурстары ретінде дамытудың өлшемдері мен көрсеткіштері төмендегідей айқындалды:

А. Жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы.

Көрсеткіштері:

басқарушы тарапынан кіші жүйе басшыларына, педагогтарға ұйымның

даму стратегиясын, құндылықтық бағыттарын, мақсаты мен жоспарларын, күтілетін нәтижелерін хабардар етуі;

жүйені дамытудағы кіші жүйелер мен педагогтардың мақсат- міндеттері белгіленуі;

кіші жүйелермен кері байланыс ұйымдастырылуы;

кіші жүйелердің, педагогтардың жоспары болуы, оның жүйені дамыту мақсатымен сәйкес болуы;

педагогтар мен кіші жүйе нәтижелерінің жалпы жүйе мақсатына сәйкестігі;

білім беру нәтижелерінің педагогтардың

әдіс - тәсілдерін анықтаудағы басым бағыттар ретінде пайдаланылуы;

нәтижелерді бағалау өлшемдері мен көрсеткіштерін бірлесе құрастырылған әдістемелері болуы, ішкі және сыртқы бағалау жүйелері жасалуы.

білім алушылар мен педагогар нәтижелерінің мониторингі

В. Жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігі, өзін- өзі дамытудың тиімді ұйымдастырылуы;

Көрсеткіштері:

Ұйымға қойылатын жаңа талаптарға сай педагогтар әлеуетін анықтау, жүйелеу және дамытуды жоспарлау;

ұйымның күнделікті және болашақ қажеттіктеріне орай педагогтардың әлеуетін дамытуды жүзеге асыру;

педагогтардың мақсат- міндеттерінің орындалуына, бастамаларын қолдауға, иновациялық қызметтерін жүзеге асыруға қолдау жасауы;

педагогтардың өзіндік анықталуына, өз бетімен білім алуына және өзін-өзі дамытуына жағдайлардың болуы;

жеке педагогтардың және топтардың танымдық әрекеттерін қолдау, оған мүмкіндіктер туғызу;

қосымша білім алу құрылымдары, зертханалар, мүдделі топтар болуы және адамдардаң қанағаттанғандық бағасы;

С. Жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, өзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдың қалыптасуы.

Шығармашылық бірлестіктердің, оған қатысушылардың саны өсуі;

Жалпы жүйені мен кіші жүйелерді дамытуда педагогтардың, білім алушылардың, ата- аналардың бастамалары туындауына, олардың жүзеге асырылуына мүмкіндіктер жасалуы;

Ұжым мүшелерінің жобалық өзгерістерді қолдауы;

Бірлескен ғылыми-әдістемелік, технологиялық жобалар ұсынылуы, ендірілуі;

Жаңа ізденістік жобалар нәтижелерін ендіру әдістемелері қалыптасуы;

Педагогтар мен білім алушылардың түрлі қауымдастықтары пайда болуы

Жобалар сайыстарына қатысушы педагогтар мен білім алушылардың көбеюі, нәтижелері

Ұжым мүшелерінің түрлі деңгейлердегі жетістіктері, жүлделі орындары.

Сонымен қатар, аталған өлшемдердің деңгейлері белгіленді.

Төмен деңгей жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы алғашқы деңгейі ретінде анықталды. Бұл көрсеткіш қажеттікті анықтауға, тиімді шешімдер қабылдаудың жеткіліксіз деңгейін, ұжымды дамытудағы мақсаттар бірлігі болмауын, жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігін қамтамасыз ету, өзін- өзі дамытуды тиімді ұйымдастыруға басқарушылардың ынтасы төмендегін көрсетеді. Сонымен қатар, жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, өзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдыңболмауы, жүйелі басқарудағы компонеттердің бірлігі мен білім беру ұйымы нәтижелілігінің арасындағы байланыстарды байқай алмаушылық та осы деңгейдің айқын көрінісін білдіреді.

Орта деңгей ұжымның мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы ұйымдастыру қажеттігін ұғыну деңгейі ретінде анықталды. Бұл көрсеткіш деңгейі жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігін қамтамасыз ету, өзін- өзі дамытуды тиімді ұйымдастыруға ұмтылыстардың болуынан, ұжымды дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу мен жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттерді, өзара қолдаушылық қарым - қатынас пен шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға басқарушылардың ықыласты болуынан білінеді. Аталған деңгейде жүйелі басқару компонеттердің бірлігі мен білім беру ұйымы нәтижелілігінің өзара тәуелді екенін көре біледі.

Жеткілікті деңгей ұжымның мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығын ұйымдастыруды тиімді жүргізу, жұмыс деңгейін талдап отыру, басқару деңгейінің жеткілікті дәрежеде қалыптасқанын білдіреді. Бұл деңгейде жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігін қамтамасыз ету, өзін- өзі дамыту шараларына басқарушылар тарапынан жаңа көзқарастар пайда болып, ұжымды жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттерді, өзара қолдаушылық қарым - қатынас пен шығармашылыққа бағытталған жаңа идеяларды жобалау қызметі негізінде тәжірибеге енгізу іске асырылады. Сонымен қатар, онда жүйелі басқару компонеттердің бірлігі мен білім беру ұйымы нәтижелілігінің өзара тәуелді екенін көре білу ғана емес, табысты нәтижелерге қол жеткізілуі жүзеге асырылады.

 

Әдістемелік нұсқау

Төменде берілген жауаптар ретіндегі тұжырымдардың Сіздің педагогикалық ұжымда қалыптасқан жағдайға сәйкестілігін 10 - баллдық шкала бойынша бағалауыңызды сұраймыз. Егер тұжырым сіздің ұжымда қалыптасқан жағдайға мүлдем сәйкес болмаса, сіз оны 0 деп бағалайсыз, ал қалыптасқан жағдайға толықтай сәйкес болса, онда 10 деп бағалайсыз. Ал, олардың арасындағы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 сандары жауаптардың сәйкестік және сәйкессіздік деңгейлеріне байланысты қойылады.Егер тұжырымда «барлық педагогтар...», немесе, «әрбір педагог...» деп берілген болса, онда Сіздің бағаңыз берілген тұжырымға педагогтардың шын мәнінде қанша бөлігі сәйкес келетінін анықтайды. Егер тұжырымда «әрқашан...», «барлық жағдайларда...» деп берілген болса, онда Сіздің бағаңыз берілген тұжырымға қалыптасқан жағдайлардың қаншалықты бөлігі шын мәнінде сәйкес келетінін анықтайды.

Жауап беру барысында ұзақ ойланбауға тырысыңыз. Әрбір тұжырымды бір - бірімен байланыссыз бөлек қарастырыңыз және оларды талдауды бағалап болғаннан кейінге қалдырыңыз. Баға беру кезінде шыайы болуыңыз қажет, Сіздің жауабыңыз ұйымның деңгейін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретінін есіңіде ұстауыңыз сұралады.

 

Ұжымдағы барлық педагогтар өз жұмысын жақсы атқаруға тырысады                  0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Педагогтар ұжымдағы барлық адамдар да өз жұмысының нәтижесін жақсартуын маңызды деп есептейді   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Ұжымдағы әр педагог өз мамандығы бойынша барлық жаңалықтарды біліп отыруға ұмтылады .  0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Өз жұмысына жауапкершіліксіз қарайтын педагог, біздің ұжымда қолдау таппайды 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Ұжымдағы педагогтардың өз қызметтерін белгілеуі үшін  директор мен оның орынбасарларының көмегі қажет емес 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Педагогтар ұжымдағы барлық маңызды шешімдер қабылдауға белсене қатысады  0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда қазіргі заман педагогы қадай болуы тиістігі туралы бірыңғай түсінік қалыптасқан.  0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда мұғалімдер арасында келіспеушілік болмайды                 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда жұмыс істейтін мұғалімдер басқа жерлерге қарағанда өз мүмкіндіктерін кеңінен жүзеге асыра алады 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы педагогтар туралы балаға білім бере алмайды деп айтуға болмайды   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы барлық педагогтың өз жұмысын жақсарту үшін не істейтіні туралы нақты мақсаттары бар. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы әркім өзінің кәсіби деңгейін көтеру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы әрбір педагог басшылардың бақылауынсыз өз жұмысын жақсы атқара алады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Педагогтар жүктемесін бөлу кезінде басшылардың араласуын қажет ететін проблемалар болмайды 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы барлық педагогтар жыл бойы атқарған жұмыстың қорытындысын талқылауға белсене қатынасады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Ұжымдағы барлық педагогттар білім беру ұйымының алдына қойылатын мақсатпен келіседі. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Педагогтар арасында сабақ кестесіне қатысты өзара келіспеушілік болмайды 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Ұжымдағы барлық педагогттар - өзі істейтін білім беру ұйымының патриоттары 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Педагогтар арасында өзі істейтін білім беру ұйымының беделін жоғарылатуға ұмтылмайтын адамдар жоқ деуге болады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Біздің ұжымдағы барлық педагогттар ұйымның бұдан да жақсы қызмет ету мүмкіндігі бар екенін және ол үшін не істеу қажеттігін біледі. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Ұжымдағы педагогттар өздері білетін педагогикалық жаңалықтар туралы ұжымдағы әріптестерімен үнемі бөлісіп отырады 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Көптеген педагогтар ұйым үшін маңызды жұмыстарды өз міндеттеріне тікелей қатысты болмаса да өз еріктерімен орындай алады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Бір - біріне қол ұшын беру, өзара көмек көрсету біздің ұжымдағы барлық педагогтарға тән қасиет.  0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Егер білім беру ұйымы басшыларының шешімі ұжым мүшелерінен қолдау таппай жатса, оның басқа да ұтымды жолдары қарастырылады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Ұйым жұмысының жалпы қорытындыларын бағалау кезінде педагогтар арасында өзара келіспеушілік болмайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Ұжымдағы педагогтар арасында кез - келген жұмыс бабындағы келіспеушіліктер конфликт жағдайларына дейін бармайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Педагогтарды біздің ұжымнан кетуіне, не басқа ұжымға ауысуына дейін апаратын себептерді табу қиын. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Біздің ұжымдағы барлық педагогтар өз жұмыстарының нәтижесіне жоғары талаптар қояды 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Біздің ұжымда бір де бір адам өзі үшін оңай болмаса да, ұйым үшін маңызды жаңалықтарды ендіруге қарсы болмайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Өз білімін өзі одан әрі жетілдірумен айналыспайтын педагог біздің ұжымда қолдау таппайды 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы барлық педагогтар үшін де жауапкершілік қасиеті - ортақ деуге болады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы педагогтар әртүрлі білім беру сатыларында қызмет атқарса да, бір бірінің проблемаларын жақсы біледі. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Ұжымға белгілі бір жаңалықтар ендірілетін болса, ол барлық педагогтардың талқылауынан өткізіледі. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Біздің ұжымда білім беру ұйымы үшін аса маңызды проблемаларды түсінуде бірлік бар деуге болады.   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы педагогтар арасында бір - біріне түсіністік көзқарас қалыптасқан 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы педагогтар үшін басқа ұжымда жұмыс істеу қызықты болмауы мүмкін. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы әрбір педагог өз жұмысында мақтан етуге болатындай нәтижеге жетуге ұмтылады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда педкеңестер мен жалпы жиналыстарда өзара сын - пікірлер айту және жұмысты жақсарту туралы нақты ұсыныстар білдіру үнемі болып тұрады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы педагогтар өздерінің кәсібилігін көтеруге мүмкіндік беретін адамдармен кездесуге және олардан үйренуге үнемі әзір тұрады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда кейбір сәтсіздіктер болған жағдайларда ешкім де өз жауапкершілігін басқаларға аудармайды.   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы педагогтар әріптестерінің ұсыныстары мен кеңестерін ренжіместен, дұрыс қабылдай алады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы әрбір педагог басқа әріптестерінің өз жұмысын қалай атқарып жатқанына көңіл аударады, өйткені әркімнің өз міндетін жақсы атқаруынан жалпы ұйымның нәтижесі қалыптасатынын түсінеді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Барлық педагогтар қазіргі білім беру ұйымдарына қойылып отырған жаңа талаптарды түсіне біледі. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы педагогтар жұмыстан тыс уақыттарда да бір - бірімен үнемі араласып тұрады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымды өзгелермен салыстыратын болса, әрбір педагог оның басқалардан көптеген артықшылығы бар екенін көре алады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің білім беру ұйымындағы кез - келген білім алушының сабақ үлгерімінің төмендеп кетсе, сол топта, сыныпта сабақ беретін әрбір педагог оның себептерін талдауға және жағдайды түзетуге міндетті түрде араласады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда өте жақсы шығармашылық ахуал қалыптасқан.   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Өз білімі мен кәсібилігін жеткілікті деңгейде деп есептейтін педагог біздің ұжымда қолдау таппауы мүмкін. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда адамдардың өзіне тапсырылған іске жауапкершіліксіз қарау жағдайлары болмайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Ұжымға келген жаңа адамдардың тез бейімделуіне, өз жұмысымен және басқа адамдармен танысып кетуіне педагогтар қолдау көрсетеді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Білім беру ұйымы басшылары жұмыс сапасын бағалау барысында барлық ұжым мүшелерінің пікірлерін үнемі есепке алып отырады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда білім беру ұйымының болашағын көре білу барлық педагогтарға бірдей тән. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы педагогтар арасында бір - бірін қабылдамау және түсінбеу деген мүлдем болмайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда педагогтарға ұнамайтын нәрселер оларға ұнайтын нәрселерге қарағанда аз деуге болады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы әрбір педагог басқа әріптестерінің өз жұмысын қалай атқарып жатқанына бейтарап қарамайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Әрбір педагог егер өзі жұмысты жақсарту үшін ұсыныстар білдіретін болса, оны әріптестерінің қолдайтынына және қызығушылықпен қабылдайтынына сенімді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Кәсіби құзыреттілік біздің ұжымда өте жоғары бағаланады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Тәжірибелі педагогтар ұжымдағы өз әріптестеріне көмекке келуге әрқашан әзір тұрады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Білім беру ұйымы басшылары алдында бір топта бірлесіп жұмыс істейтін педагогтар арасындағы келіспеушілікті реттеу туралы мәселелер мүлдем болмайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы педагогтар егер білім беру ұйымы басшылары белгілі бір педагогқа қатысты қате шешім қабылданды деп есептесе, бұл шешімнің қайта қаралуына қол жеткізеді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда білім беру ұйымындағы оқу -тәрбие үрдісі қалай ұйымдастырылуы қажеттігі туралы қалыптасқан бірыңғай түсінік бар. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы педагогтардың өзара қарым – қатынасы татулық пен сыйластықққа негізелген деуге болады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы педагогтар үшін басқа ұжымдарға қарағанда кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға жақсы жағдайлар жасалған. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы педагогтар топта, немесе, сыныпта үлгерімі төмен білім алушылардың болуын өзінің және өзге әріптестерінің кемшілігінен деп есептейді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы әрбір педагог жаңашыл болуды жетістік деп санайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы әрбір педагог  өзгелерден үйренуді артық көрмейді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы  педагогтар өз жұмысындағы кемшіліктердің себебін сырттан іздемейді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы бір топта , емес сыныпта сабақ беретін педагогтар бір команда ретінде жұмыс істейді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Егер педагогтар арасында жұмыс барысындағы келіспеушіліктер болып жатса, олар білім беру ұйымы басшыларының қатысуынсыз шешіледі. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда білім беру ұйымындағы педагогтар ме білім алушылар арасындағы өзара қарым -қатынас туралы қалыптасқан бірыңғай түсінік бар. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы әрбір педагог  ұжымдағы өзге әріптестерінің жетістіктерін өзінің жетістігі ретінде қабылдайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы педагогтарға көп нәрселер ортақ болғандықтан, олардың біреуінің басқа білім беру ұйымына ауысуы өте сирек келеді 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы әрбір педагог егер оның сабақ беретін  пәнін ұнатпайтын білім алушылар барын білсе өте қиналады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы әрбір педагог үшін өзін - өзі дамытудың  нақты мақсаты және оны жүзеге асыру жоспарының болуы аса маңызды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы әрбір педагог өзінің және өзгелердің міндеттері - өз кәсіби құзыреттіліктерін дамыту деп есептейді.   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы әрбір педагог егер білім алушы өзіне тиісті бағдарламаны нашар меңгеретін болса, оны педагог ретіндегі өзінің кемшілігі деп қарайды.   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы педагогтар белгілі бір жаңа міндеттерді орындау барысында ортақ тілді тез таба алады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы педагогтар білім беру ұйымының қандай оқу бағдарламаларын жүзеге асыру қажеттігін анықтауға белсенді араласады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда   педагогтардың жұмыс сапасын бағалау өлшемдері туралы қалыптасқан бірыңғай түсінік бар. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Педагогтардың өзара түсіністік және сыйластық қарым -қатынасын - біздің ұжымның жетістік көрсеткіші деуге болады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Басқа ұжымдарда педагогтар үшін біздің ұжымнан артық жағдайлар жасалған деуге болмайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымдағы әрбір педагог бітірушілердің жоғары оқу орнына түсу емтихандарын жоғары деңгейде тапсыруларына мүдделі. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Өзі жұмыс істейтін білім беру ұйымының дамуына немқұрайлы қарайтын педагог ұжымдағы әріптестерінен қолдау таппайды.  0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
 Біздің ұжымдағы педагогтарды тексеру барысында белгілі бір жұмыс бағыттарын жақсарту қажет болса, олар оны тез арада жүзеге асыруға ұмтылады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұйымдағы әрбір педагог білім беру ұйымының түпкілікті нәтижесіне өзінің жауапкершілігін сезінеді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда педагогтардың өзі білетін кәсіби ақпаратты өзгелермен бөлісуден бас тарту жағдайлары болмайды. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Білім беру ұйымын басқарудың авторитарлық стилін біздің ұжымдағы педагогтар ешуақытта қабылдамайды.   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда   білім беру ұйымы басшылары мен педагогтар ұжымы арасындағы қарым –қатынастардың қандай болуы туралы қалыптасқан бірыңғай түсінік бар. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Біздің ұжымда бір – бірімен пікірлері қарсы келетін топтарға бөліну мүлдем жоқ. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Педагогтар біздің ұжымда қалыптасқан ахуалды жоғары бағалайды.   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 

        Жоғарыдағы көрсеткіштердің берілген критерийлерге сай болуы білім беру ұйымындағы педагогтармен жұмыстың нәтижелік деңгейлерін көрсетеді деп белгіленді. Олар төмендегі жауаптер кестесі бойынша белгіленеді және бағаланады.

Жауаптар кестесі

 

А

В

С

а1 а2 а3. в1 в2 в3 с1 с2 сз
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 32 33 34 35 36
37 38 39 40 41 42 43 44 45
46 47 48 49 50 51 52 53 54
55 56 57 58 59 60 61 62 63
64 65 66 67 68 69 70 71 72
73 74 75 76 77 78 79 80 81
82 83 84 85 86 87 88 89 90
S = S= S = S = S = S = S= S = S =

А =

В =

С =

Бұл әдістемені пайдалану туралы нұсқаулыққа сай «А», « В», « С» әріптік белгілері персоналды басқарудың берілген компоненттеріне сәйкес келеді.

Кестені пайдалану әдістемесі:

Қатысушылар берген жауаптарының нәтижесін 11- кестедегі бағандарға толтырады. Әр бағанның ең жоғары қосындысы  100 -ден аспайды.

4. Ұйымның сипаттамасын баған бойынша жиналған сумманы 10- ға бөлу арқылы шығарады..

Сонда айқындалған сипаттамалар  0 мен 10 -ның арасында өзгеріп отырады..

8 бен 10 арасы дамудың жоғары деңгейін білдіреді, 5 пен 7 –нің арасы орта деңгейді, ал 0 мен 4 - тің арасы төмен деңгейді білдіреді.

 Ұйымның толықтай сипаттамасы төмендегі формулаға сай есептеліп шығарылады:

   _____________

А= √ а1 2+ а2 2 + а3 2

         3

             _____________

В =√ в1 2+ в2 2 + в3 2

         3

             ___________

С =√ с1 2+ с2 2 + с3 2

         3

· Бұл жерде де А, В және С бөліктерінің сипаттамалары    0 ден 10- ның аралағында өзгереді..

· Ұйымның даму деңгейінің (ҰДД) интегралдық бағасы төмендегі формуламен шығарылады. 

          ____________

ҰДД = А2 + В2 + С2

                              3

· ҰДД мәнінің 8- ден жоғарылығы дамудың жоғары деңгейін білдіреді, 5 пен 7 –нің арасы орта деңгейді, ал 0 мен 4 - тің арасы төмен деңгейді білдіреді.

.

 * В.С Лазаревтың әдістемесі біздің зерттеу тақырыбына бейімделген үлгімен берілген. Алынған жері: Лазарев В.С. Системное развитие школы, М.,2002,б.275


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 922; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!