Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 38 страница



Келесі кезеңде тақырып бойынша аудиториядағы жаңа теориялар және практикалық ақпараттармен танысу, өз тәжірибесін тұжырымдамалық схемалармен байланыстыру (абстрактілік тұжырымдау).

Практикалық жұмыста меңгерген жаңа теорияларын бірлескен топтық жобалау қызметінде пайдалану (тәжірибеде белсенді пайдалану).

Зертхана бағдарламасының модульдік мазмұны.  Модульдің мақсаты - «жобалау тәжірибесін» басқарудың педагогикалық жүйелерді және оның барлық компоненттерін дамыту және оған өзгерістер ендіру құралы ретінде пайдалануға жоба жетекшілерін дайындау.

Жобалау қызметін әлеуметтік тұрғыдан қарастыру аса қажет, оның мәні - жүзеге асырылатын әрбір жобаның білімдік мазмұнын ғана емес, оның әлеуметтік ролін, яғни, жобалау нәтижесінің оған қатысушылар мен ұйымдастырушылардың, жалпы ортаның дамуы мен өзгерістеріне ықпал ететін ұғыну, бағалау деген сөз. Жобалау қызметінің әдіснамасын ұғыну оның барлық кезеңдерін рет-ретімен меңгеруден – тұжырымдамасын, мақсаты мен міндеттерін құрастыру, ресурстарын анықтаудан бастап, оның іс-әрекеттік жоспарын жасап, әкімшілік - ақпараттық қолдау құрылымын жасауға дейінгі әрекеттерді қамтиды.

  Модуль мазмұнында басқару тәжірибесіне тән талдау, зерттеу, ұйымдастыру сияқты элементтер мен олардың байланыстары да қарастырылады (Кесте – 13). 

 Қатысушылар жобалар негізінде өзіндік талдау және зерттеу бағыттарын құрастырады. Сонымен қатар, олардың жеке жобалары өздерінің мамандығы бойынша пәндік таңдау курстарын құрастыруға немесе педагогикалық ізденіс тақырыптарын белгілеуге негіз бола алады.

Кесте – 13 

Жобаның компоненттеріне сай зертханалық жұмыс мазмұны

 

Жобаның компоненттері Көпсатылы өзгерістер алгоритмі Зертханалық жұмыс мазмұны
1 2 3
Жағдайды талдау   Жаңа өзгерістерге қажеттік пайда болуы   Жобаны орындауға қажеттік неліктен пайда болды? Жобалау алдындағы талдау Жоба тұжырымдамасын жасау
Проблеманы анықтау Проблеманы анықтау Неліктен бұл проблеманы шешу маңызды болып отыр?  
Мақсат қою   Бірлесіп бір шешімге келу  Мақсат қою Жобалаудағы іс әрекеттер қандай мақсатты орындауға бағытталады? Ол берілген проблеманы шешуге қаншалықты байланысты? Жобалауда орындалатын әрекеттер қалыптасқан жағдайды қалай өзгертеді?

                                               Кестенің жалғасы

1 2 3
Күтілетін нәтижелерді анықтау   Стратегияларды көре білу     Жобаны орындау барысында қандай нақты нәтиже алынуы тиіс? Жоба аяқталған соң педагогикалық жүйеде қандай оң өзгерістер болады деп күтіледі? Белгіленген міндеттердің орындалуы мақсатқа жетуді қалай қамтамасыз етеді?  Берілген міндеттерді орындау үшін қандай нәтижелер (олардың сандық және сапалық сипаттамасы) алынуы тиіс?
Жобаны жүзеге асыру, орындау Ұжымға өзгерістер мәнін түсіндіру Жобалау топтарын құру , ынталан дыру   Жобалар  құрастыру: оның тиімділік көрсеткіштерін белгілеу, Варианттарын қарастыру арқылы тиімді жобаны бекіту Жобалуды орындаушылар күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қандай шаралар орындалуы тиіс?
Ресурстарды тиімді пайдалану   Қандай ресурстар: адамдар, материалдық құралдар, қызметтер – жобалау барысындағы шараларды орындау үшін қажет болады? Бұл ресурстар қандай көздерден түседі (орындаушылардан, тапсырыс берушілерден, қатысушылардан, ұйымдар, мемлекет, жеке қорлар, т.б.)?
Бақылау, нәтижені бағалау Жетістіктерді байқау мен кемшіліктер   Жасалған жобаларды талдау, тиімділеріне баға беру, күтілетін нәтижеге сәйкессіздерін анықтау, себебін талдау, түзетуге ұсыну
Кері байланыс Жетістіктердің ұйым бекітілуі   Тиімді жобаларды тәжірибеге енгізу, көпшілікке тарату, әдістемелік технологияларын, құралдарын жасау туралы ұсыныстар қабылдау
Қорытынды   Жобаларды презентациялау, бағалау

 

Оқу зертханалық жұмысы соңында жоба жетекшілері жасалған жобаларды қорғау үшін топ ішінде талдап, талдау карталары үлгісінде өз жобаларының тиімділігі туралы сараптамалық талдаулар жасалады. Үздік деп танылған жобалар ашық қорғауға ұсынылып, оған қалаулары бойынша педагогикалық ұйымдар өкілдері қатыстырылады. Жобаларды қорғау үшін төмендегі құжаттар жиынтығы дайындалады:

1. Ұйымды дамытудың мақсатты бағдарлы жобасының тұжырымдамасы;

2. Ұжымда талданып, рәсімделген жобаның мазмұны;

3. Жобаның тиімділігіне жасалған сараптама.  

Қорыта келе, жобалау зертханасы негізінде жоба жетекшілерін ғана емес, ойлау деңгейі жоғары, өз бетімен аса жауапты проблемаларды шеше алатын құзыреттілігі бар педгогтарды, лидерлерді дайындау, сонымен қатар, өміршең, өзекті жобалар құрастыру да мүмкін екені дәлелденді.   

 

 

Тапсырмалар

1. Дэвид Колбтың «тәжірибе арқылы оқыту»    әдістемесі бойынша белгілі бір тақырыпты игерудің модулін жасаңыз

2. Оны төмендегі оқу кезеңдеріне бөліп көрсетіңіз:

3. Тәжірибе (ситуация);

4. Рефлексия (ұғыну, болған ситуацияны түсіну);

5. Түсініктерді жинақтау (тұжырымдар құрастыру, кейбір қажетті шешімдер қабылдау);

6. Тәжірибені жобалау

7. Өзіңіз құрастыратын зертхана бағдарламасының модульдік мазмұнын алдыңғы тақырыппен («Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы») байланыстыра жоғарыдағы үлгімен кестені толтырыңыз.

 

Жоба компоненттері Сатылық дамыту алгоритмі Зертханалық жұмыс мазмұны
Жағдайды талдау    
Проблеманы анықтау    
Мақсат қою    
Күтілетін нәтижені анықтау    
Жүзеге асыру    
Ресурс пайдалану    
Бақылау, бағалау    
Кері байланыс    
Қорытынды    

                                                

 

Бесінші тарау бойынша сұрақтар мен тапсырмалар

 

  1. Қазіргі заман ерекшеліктеріне байланысты басқарушылар құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар
  2. Білім берудің құзыреттілік нәтижелерінің Халықаралық деңгейде анықталуы
  3. Джон Равен бойынша құзыреттілік сипаттамалары
  4. Бүгінгі білім беру ұйымдарын басқару ерекшеліктері
  5. Білім беру ұйымдарын басқарушылардың құзыреттіліктері
  6. Басқарушылар құзыреттіліктерін қалыптастырудағы жобалаудың орны
  7. Жобаларды басқарушыларды арнайы жобалау зертханасында дайындаудың маңызы
  8. Өз жұмысыңызға байланысты, немесе, өзіңізді қызықтыратын тақырыпты зерттеуге арналған жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұнын құрастырыңыз. Оның қысқаша негіздемесі, мақсаты мен болжамы, кезеңдері және сатылық қадамда бойынша жүргізу алгоритмі болуына көңіл аударыңыз.
  9. Жобаны жеке немесе топпен ортақ тақырыпта орындауға болады.

10. Жобаны міндетті түре өзіңіз оқитын немес жұмыс істейтін білім беру ұйымы жұмысын дамытуға байланысты болуы тиіс.

11. Дэвид Колбтың «тәжірибе арқылы оқыту»    әдістемесі бойынша белгілі бір тақырыпты игерудің модулін жасаңыз

12. Оны төмендегі оқу кезеңдеріне бөліп көрсетіңіз:

– Тәжірибе (ситуация);

– Рефлексия (ұғыну, болған ситуацияны түсіну);

– Түсініктерді жинақтау (тұжырымдар құрастыру, кейбір қажетті шешімдер қабылдау);

– Тәжірибені жобалау

13. Өзіңіз құрастыратын зертхана бағдарламасының модульдік мазмұнын алдыңғы тақырыппен («Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы») байланыстыра жоғарыдағы үлгімен кестені толтырыңыз.

 

Жоба компоненттері Сатылық дамыту алгоритмі Зертханалық жұмыс мазмұны
Жағдайды талдау    
Проблеманы анықтау    
Мақсат қою    
Күтілетін нәтижені анықтау    
Жүзеге асыру    
Ресурс пайдалану    
Бақылау, бағалау    
Кері байланыс    
Қорытынды    

 

 

Бесінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер

 

 

  1. Шляйхер А. Экономика знаний: почему образование-ключ к успеху в Европы. //Вопросы образования.  −2007. −№1. −С.28.
  2. Болонская декларация « Европейском регионе высшего образования». −Болонья, 1999.
  3. Болонский процесс: поиск общности европейских систем высшего образования (Проект TUNING) /под научной редакцией д.п.н., профессора В.И. Байденко. − Москва-Астана, 2006. −6 с.
  4. «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы».
  5. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының Жобасы. Жалпы орта білім беру. Негізгі орта білім беру. Бастауыш білім беру. −Астана, 2008.
  6. Делор Ж. Образование: сокрытое сокровище. UNESCO, 1996., с. 37
  7. Равен Дж. Компетентность в современном обществе: пер. с англ. −Москва: Когито-центр, 2002. −С.212.
  8. Маркова А.К. Психология профессионализма. – М.: МГФ «Знание», 1996. −С. 7.
  9. Минцберг Г., Альстрэнд Б., Лэмпэл Дж. Школы стратегий / пер. с англ, под ред. Ю.Н.Каптуревского. Серия «Теория и практика менеджмента». – CПб.: «Питер», 2001. -336 с.
  10. Фрумин И.Д. Тайны школы: заметки о контекстах. − Красноярск, 1999. −С.76.
  11. Barber, М. Consistently high performance: Lessons from the world’s top performing school systems // McKinsey&Company. June 2007.
  12. Фуллан Майкл. Новое понимание реформ в образовании − Moscow: «Prosvesheniye», 2006. −С.59.
  13. Kotter John P. Chaos, Wandel, Leading Chandge / пер.на нем.Führing. − Düsseldorf, 1997. − S.66.
  14. Колб Д. Еxperiential learning, 1984 , Интернет материалы: http://www.learningfromexperience.com.

 

 

 

                                       Тест сұрақтары

1. Жобалауды әлеуметтік – мәдени әрекет түріне жатқызған ғалым:

A.  Генисаретский О.И.

B. Новиков А.М.

C. Маркузе Г.

D. Алексеев Н.Г.

E. Данилов М.А.

2. Жобалауды жүзеге асыру кезеңін бүгінгі оның идеологтары қалай бағалады?

A. адамның қайта құру әрекеттері

B. адамның іс-әрекеті

C. Адамның мінез-құлқы

D. Адамның жоспары

E. Адамның жұмысы

Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады?

A. Осы шақтан өткенді бағалайды

B. Осы шақтан қазіргіні саралайды

C. Осы шақтан тарихқа бағамдайды

D. Осы шақтан болашақты жоспарлайды.

E. Осы шақтан алдағы бір жылды жоспарлайды

4. Жобалаушының қоршаған ортаға қатынасы төрт мазмұндағы кеңістікке шығуы деуге болады. Олар:

A. ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық

B. ситуативтік, әлеуметтік, қоғамдық және экзистенциалдық

C. ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық

D. ситуативтік, байланыстық, мәдени және экзистенциалдық

E. өзгермелі, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық

5. «Трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы мен оның өлшемдерін жасаған кім?

A. Генисаретский О.И.

B. Новиков А.М.

C. Маркузе Г.

D. Алексеев Н.Г.

E. Данилов М.А.

6. Дәстүрлі «жобалау» ұғымы энциклопедиялық сөздіктерде не мағына береді?

A. техникада, құрылыста, т.б. өндірістік салаларда белгілі бір бұйым жасау, немесе ғимарат салуға қажет құжаттардың –суреттер, есептеулер, т.б. –жиынтығы деп қарастырылады.

B. «педагогикалық және ғылыми–зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы»;

C. тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік -бағдарлы әрекет;

D. гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу;

E. білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы;

7. А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау типтері, немесе салалары бойынша қалай бөлінбейді:

A. техникалық,

B. ұйымдастырушылық,

C. тәрбиелеушілік

D. экономикалық,

E. білім беру

8. А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде жобалау кластары, немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша:

A. Мега, меза

B. Мини, мульти, мега

C. Моно, поли

D. Mоно , мульти, мега

E. Макро, микро

9. Моно жобалау дегеніміздің сипаттамасы:

A. дербес жобалаудың белгілі бір масшабтағы түрліше дара жобалау

B. бірнеше дербес жобалардан тұратын дара жобалау

C. бірнеше дербес жобалардан тұратын кешенді жобалау

D. екі жобадан түратын жоба

E. дербес жобалаудың белгілі бір масшабтағы түрліше кешенді жобалау

10. Мульти –жобалау:

A. бірнеше дербес жобалардан тұратын кешенді жобалау

B. дербес жобалаудың белгілі бір масшабтағы түрліше дара жобалау

C. дербес жобалаудың белгілі бір масшабтағы түрліше кешенді жобалау

D. екі жобадан түратын жоба

E. бірнеше дербес жобалардан тұратын дара жобалау

11. «Жобалау» ұғымының білім беру саласында қатысты оның түрлері:

A. инвестициялық, инновациялық,

B. білім беру, ғылыми –зерттеу, аралас

C. инвестициялық, аралас

D. ғылыми –зерттеудегі жобалау, педагогикалық жобалау, әр білім алушының оқу әрекетінде қолданылатын жобалау

E. инновациялық, білім беру, ғылыми –зерттеу

12. Жобалау» – (орыс тілінде «проектирование»), латынның projektus қандай сөзінен шыққан?

A. Жарық, күн шапағы

B. Артқа көз жүгірту, саралау

C. Даму, қалыптасу

D. Жасаймын, қолымнан келеді

E. Aлға қарай тастау, алға жүру


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 1169; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!