Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 36 страница



Әлемдік білім реформаларын зерттеушіМ.Фуллан былай дейді: «егер біз нәтижелі мектеп басшыларын дайындағымыз келсе, онда біз оларға мектепті алға тарту мақсатында өз жұмысын жақсартатын, және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қабілеттерін дамытуға барлық жағдайды туғызымыз керек, өйткені, «білім беру ұйымы басшысынан барлығы да инновациялық өзгерістердің қозғаушысы және оның бастушысы болады деп күтеді. Тәжірибеден белгілі, көбінесе тек басшының өзі ғана мектептің табысты болуының негізгі күші болып табылады, сонымен қатар, оларды осы рольге дайындау үшін жасалған мүмкіндіктер де өте көп емес».    

Басқару теориялары мен тәжірибелері туралы шетелдік, отандық зерттеулердегі басқарушылардың біліктілігі мен қабілеті, құндылықтары мен ұстанымдарына қойылатын талаптарды жүйелеу және қазіргі білім беру жүйесін басқарудың жаңа талаптарына сай білім беру ұйымдарын басқарушылардың құзыреттілігін төмендегі сапалармен белгілеуге болады:

– карым - қатынас құзыреттілігі (сыртқы, ішкі байланыстар, өзара қарым - қатынастар, өзара әрекеттесу, , т.б.);

– ақпараттық құзыреттілік (ақпарат алмасу, ақпараттарды өңдеу және пайдалану, ақпарат көздерімен жұмыс, т.б.);

– кызметтік басқару құзыреттілігі (проблеманы анықтау, мақсат қою, жоспарлау, шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, т.б.);

– адам ресурстарын дамыту құзыреттілігі (ұжым мүшелерін қолдау, кадрлармен жұмыс, педагогтарды дамыту, ынталандыру, т.б.).

Шетелдік зерттеушілер еңбектерінде қазіргі заман басшылардың құзыреттілігіне берген сипаттамалары, әсіресе, адам ресурстарын басқару құзыреттілігін дамыту туралы еңбектер көбірек кездеседі.

Зерттеушілер еңбектерінде берілген тұжырымдар бойынша посткеңестік елдердегі білім беру ұйымдарын басқарушыларға тән   құзыреттіліктерді талдау  барысында олардың көбіне басқарушылық қызметтің іс- әрекеттік компоненттерін қамтитынын байқауға болады. Соған орай, бүгінде түрлі деңгейлердегі білім беру ұйымдарын басқарушылардың  қарым - қатынас, ақпараттық және қызметтік басқару құзыреттіліктерін дамыту қажетті үрдіс екенін көрсетіп отыр.  

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білім беру ұйымдарында көбінесе, басқарушылардың өзіндік дамуын және оған өзі басқарып отырған педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін тиімді құралдарды бірі – жобалау технология сы жеткіліксіз дәрежеде пайдаланылады. Оның себебі, жобалаудың өзіне тән ерекшеліктері бойынша оны нәтижеге бағытталған әрекеттер және ресурстарды анықтай отырып, белгілі бір логикамен ұйымдастыра білу керек. Соған орай, оны жүзеге асыру басқарушылар мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттіліктері болуын қажет етеді.

Педагогикалық жүйелердің барлық құрылымдарында өзгерістерді жүзеге асыратын түрлі деңгейлердегі басқарушылар  мен педагогтар екенін белгілі, сонымен қатар, өзгерістердің тиімділігі мен нәтижесі олардың жобалау қызметін ұйымдастыра білу деңгейіне байланысты.

Білім беру ұйымдарын басқарушылар мен педагогтардың жоба жетекшілері ретінде жобалау әрекеттерін меңгеруі педагогикалық әрекеттерді сапалы және түбегейлі өзгертуге, педагогтар мен білім алушылардың тың идеялар мен жаңа іске ынталануына, жаңа жобаларды белсенділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сондықтан, бүгінгі таңда түрлі деңгейлердегі басқарушылардың жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіліктерін   арнайы қалыптастыру қажеттігі бар.

Жоба жетекшілерін арнайы даярлау оқу зертханалары арқылы жүзеге асырылады. Жобалауды үйренуге арналған оқу- тәжірибелік зертханасының мазмұны мен әдістемесін құрастыру, жүзеге асыру, қорытындылау, немесе, жоба жетекшілерін дайындау сатысы болып табылды.

Педагогтар мен басқарушылардың жобалауға қатысуы оларды ізденіске, өздерінің зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, білім беру мазмұнын жаңартуға ықпал етеді. Жобалауды ұйымдастыра білу инновациялық өзгерістер жағдайында педагогтардың кәсіби әрекеттерінің маңызды бөлігіне айналатыны сөзсіз.

Оқу зертханаларындағы мақсатты бағдарлы үйрету жобаларын жүзеге асыруда басқарушылар мен педагогтардың өздерінің іс - әрекет барысында құзыреттіліктерін дамыту, олардың оқу тәжірибелік әрекеттерін ұйымдастыруға назар аударылады. Оқыту мазмұнын айқындау үшін жобалауды басқарушылардың бойында дамытуды қажет ететін сапалары, өзгертетін және қайта құратын сапалары анықталады, сөйтіп, аталған сапалар жобалаудың объектілері болып белгіленеді.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Қазіргі заман ерекшеліктеріне байланысты басқарушылар құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар

2. Білім берудің құзыреттілік нәтижелерінің Халықаралық деңгейде анықталуы

3. Джон Равен бойынша құзыреттілік сипаттамалары

4. Бүгінгі білім беру ұйымдарын басқару ерекшеліктері

5. Білім беру ұйымдарын басқарушылардың құзыреттіліктері

6. Басқарушылар құзыреттіліктерін қалыптастырудағы жобалаудың орны

7. Жобаларды басқарушыларды арнайы жобалау зертханасында дайындаудың маңызы

2.Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны

Жобалау зертханасының мазмұндық және технологиялық құрылымы   жобалауды   екі тұрғыдан қамтиды. Біріншісі, зертхана негізінде жобалауды білім беру ұйымдарын дамытудың инновациялық түрі ретінде ендірудің  мазмұнын түсіндіру.   Екінші сі,  зертхана  жұмысының әдістемесін толық бере отырып, білім берудің құзыреттілік нәтижелерін қалыптастыру  технология сын сипаттау.

 Білім беру ұйымдарында жоба жетекшілерін дайындауға бағытталған жобалау зертханаларын ұйымдастыру үшін қызмет етіп тұрған құрылымға матрицалық негізде  арнайы оқу зертханалары, шығармашылық топтар, т.б. қызметтер ендіріледі. Оны жүргізуге кәсіби маманданған психолог – педагогтар, арнайы шақырылған жобалау кеңесшілері, жоғары оқу орындары ғалымдары мен зерттеушілер тартылуы мүмкін. Жобалау мақсатына орай тьютор–әдіскер, кеңесші, менеджерлер, оқу бағдарламалары жетекшілері, тренерлер – семинарлар жетекшілері, т.б. мамандарды даярлауға болады. Шағын ұйымдарда арнайы дйындалған тьютордың өзі менеджер, әдіскер - кеңесші ретінде педагогтарды оқытуды жобалау, жоспарлау, жүзеге асыру және тиімділігін бағалау қызметтеріне жетекшілік жасай алады.

Жобалау зертханасын ұйымдастырудың қысқаша негіздемесі. Жобалауды ұйымдастыра білу инновациялық өзгерістер жағдайында педагогтар мен басқарушылардың кәсіби әрекеттерінің маңызды бөлігіне айналуда. Білім берудегі жобалаудың педагогикалық әрекеттерді сапалы және түбегейлі өзгертуге, педагогтар мен білім алушылардың тың идеялар мен жаңа іске ынталануына, жаңа жобаларды белсенділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні оны тәжірибеге енгізу қажеттігін алға қойып отыр. Педагогтар мен басқарушылардың, білім алушылардың жобалар жасауға қатысуы оларды ізденіске, өздерінің зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, білім беру мазмұны мен әдістемелерін жаңартуға ықпал етеді.

Инновациялық үрдістерді ендірудегі проблемалар педагогтар мен басқарушылардың әрекеттік құзыреттілігін дамыту қажеттігіне байланысты екені белгілі. Б.Д. Элькониннің айтуынша, кез келген құзыреттіліктің әрекет барысында пайда болатынын, қалыптасатынын және оның адамның әрекетке араласуының өлшемі екенін ескерсек, жобалаудың адамды дамыту әрекеті ретінде бүгінгі білім беруде маңыздылығы орасан зор деуге болады. Сондықтан, педагогтардың жобалауға тікелей қатысуы педагогикалық әрекеттің мазмұны мен түріне жаңалықтар әкеледі.

Білім беру үрдісінің дәстүрлі түрдегі білім мен ақпаратты меңгерту мазмұны мен жаңа талаптарға сай субъектілердің белсенді әрекетін ұйымдастыру тәжірибесі арқылы білім беру мазмұны арасындағы айырмашылықтар айқындала бастады. Соған орай, педагогикалық теориялар мен тәжірибеде олардың бірінен екіншісіне өту қажеттігі мен оны жүзеге асыру жолдары көптеп қарастырылуда. Жобалау әрекет барысында пайда болатындықтан, оны дайын күйінде қолдану мүмкін емес және жобалау алгоритмін меңгерген педагогтар оны білім беруде өзіндік идея мен технология ретінде, анықталған кезеңдерге сай орындалады.

Оқу зертханасын ұйымдастыру мақсаты: жоба жетекшілерінің құзыреттілігін дамытудың мазмұны мен әдістемесін құрастырып, тәжірибелік сынақтан өткізу.

Болжамы: Зертхана жұмысында жоба жетекшілерінің өз ұйымындағы жағдайларды талдай білу, проблеманы және оны шешу жолдарын анықтау, жоба құрастыра білу және оны нақты кезеңдерімен жүзеге асыру, оның тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері қалыптасады, өйткені теориялық білім алу және тәжірибелік жұмыстар қатысушылардың жобалау қызметін тікелей өздері ұйымдастыру барысында орындалады.

Жұмыс кезеңдері және міндеттері:

Дайындық кезеңінде атқарылатын жұмыстар:

– Жобалау қызметін ұйымдастыру шарттарын анықтау;

– Модульдік бағдарлама мазмұны мен әдістерін айқындау;

– Зертхана жұмысының нәтижелік өлшемдерін белгілеу;

Жүзеге асыру кезеңінде гі жұмыстар:

– жоба жетекшілерін білім берудегі жобалау түрлерімен, ерекшеліктерімен таныстыру;

– жоба жетекшілерін жоба технологиясының алгортмі бойынша дайындау, оны жүзеге асыру, нәтижесін бағалауды үйрету;

– қатысушыларға білім беру процесіндегі жобалау; түрлі шараларды жобалау; субъектілердің белсенді әрекеттерін жобалау; инновациялық өзгерістерді жобалау технологиялары мен әдістемелерін өз тәжірибелері арқылы меңгеруге мүмкіндік жасау;

– қатысушыларды өз әрекеттеріне рефлексия жасай білуге үйрету;

– жобаның тиімділік өлшемдері мен сараптама жасау әдістемесін жасау.

Бағалау, қорыту кезеңінде гі жұмыстар:

– жобаларды презентациялау, жасалған өлшемдер бойынша бағалау;

– жоба жетекшілерінің өз ұйымдарындағы өзгерістер динамикасын анықтау;

– жоба жетекшілерін даярлаудағы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау;

– жоба жетекшілеріне арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау.

Жобалау зертханасына қатысушылар – мақсатты түрде дайындалатын жоба жетекшілері, олардың қатарында: білім беру ұйымдары директорлары, директорлардың орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктер жетекшілері, түрлі деңгейдегі әдіскерлер, универитет оқытушылары, бөлім жетекшілері бола алады. Соған орай, зертхананың бағдарламалық модулі  білім беруді басқарудағы, әдістемелік жаңартудағы, өзігінен оқыту жобалары, т.б. жобаларды дайындау, құрастыру, жүзеге асыру, нәтижесін бағалау жолдарын үйретуге құрылады.

Зертхана барысында жоба жетекшілерінің  жұмыс бағыттарына, немесе сұраныстарына қарай (білім беру ұйымын басқаруда, әдістемелік жұмыста, тәрбие жұмысында, оқыту процесінда, зерттеу әрекеттерінде, т.б.) проблемаларын анықтау, жоба алды талдау, мақсатты бағдарлы жобалар арқылы өзгерістер ендіру, оларды бағалау құзыреттіліктері өздерінің жобаларын жасау арқылы қалыптасады және тәжірибеде бекітіледі.

   Осыған байланысты қатысушылар жобаны дайындауда өздері қызмет істейтін білім беру ұйымдарындағы проблемаларды анықтап, дамыту жолдарын белгілейді. Сөйтіп, олар өз саласын жетілдіру проблемасы бойынша мақсатты бағдарлы жоба тақырыбы таңдалды.

Зертханалар бағдарламасының мазмұнын құрастыру үшін қойылған мақсатқа сай күтілетін нәтижелер айқындалады, олар, мысалы, төмендегі құзыреттіліктер болуы мүмкін:

1. Білім беру ұйымдарының проблемасын анықтап, оның шешу жолдарын жобалай білу

2. Жобаның мазмүны мен ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы оны жүзеге асырылуын қамтамасыз ете білуі;

3. Оқу, зерттеу, әдістемелік, т.б.  жобаларды ұйымдастыра білу;

4. Жобалардың тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері;

Осы бағытта жобалау зертханасы мазмұны не үшін оқыту керек? (мақсаты), нені оқыту керек? (оқыту мазмұны) және қалай оқыту керек? (әдістемесі) сұрақтарға тұтастықпен жауап беретін құрылымы жасалды.

Түрлі педагогикалық жүйелердің басқарушылары болып табылатын жоба жетекшілерін оқыту зертханалары дәстүрлі кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан мүлдем өзгеше, ең басты ерекшелігі – белгіленген мерзімге сабақтан босатуды қажет етпейді, оқыту білім беру ұйымындағы тәжірибемен – педагогтардың негізгі қызметімен – ұштастыра жүргізіледі. Соған орай, оқыту процесі үшін төмендегі ұйымдастырушылық талаптарды алдын ала ескеру қажет.

1. Жобалау әдістемесін оқыту бағдарламасының модульдік мазмұны белгілеп алу.

2. Оқыту процесі кредиттік – модульдік жүйеде жасалуы мүмкін, бұл жағдайда жобалық жұмыстар сәйкесінше 40 % теорияны, 60 % өз бетіндік жұмысты құрайды, оның 50 %ы жобалар туралы жеке кеңес беру түрінде жоспарланады;

3. Оқыту модулі бір оқу жылына жасалып, 1 кредитті құрайтын 45 астрономиялық сағат болып белгіленеді, оның 15 – зертханада, яғни, аудиториялық; 15 сағаты - жобалық, немесе, өз ұйымындағы практикалық жұмыстардың мен жеке кеңес беру; қалған 15 сағаты - қатысушылардың өз беттерімен жобалар құрастыру мен оны тәжірибеде жүзеге асыруға берілетін сағаттар.

4. Оқыту зертханалары міндбетті түрде қатысушылардың өз жобаларын қорғап, оларды белгіленген өлшемдерге сай бағалаумен аяқталады.

Жобалау зертханаларын ұйымдастырушылар алдында екі жақты міндеттер қойылады, біріншіден, қатысушылардың жобалау әдістемесін меңгеруін, екіншіден, олардың негізгі жұмысындағы проблеманы анықтай отырып, оның мақсатты бағдарлы өзгерістерін қамтамасыз ететін жоба ұсынуына жағдай жасау. Осылайша, жобалау зертханаларының құндылығы қатысушыларды жаңа технологиялармен «қаруландырып» жіберуде ғана емес, сонымен қатар, олардың негізгі жұмысында ұйымдастырушылық өзгерістердің болуына ықпал ету болып табылады.

Жобалау зертханалары білім беру ұйымын (оқыту үрдісін, әдістемелік жұмысты, т.б.) сатылық қадамдар бойынша дамыту моделі ретінде жасалып, ондағы әрбір қадамы өзара тікелей байланыстырылды. (Сурет 14). Бұл модельдің  алгоритмі төмендегі сатыларды қамтиды:

1. Жаңа өзгерістерге қажеттік пайда болуы

2. Проблеманы анықтау

3. Бір шешімге келу

4. Стратегиялар мен мақсатты көре білу

5. Ұжымға өзгерістер мәнін түсіндіру

6. Жобалау топтарын құру

7. Ынталандыру.

8. Жетістіктерді байқау

9. Жетістіктердің ұйымда бекітілуі

 


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 528; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!