Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 31 страница



Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті қызметтік роль де атқарады, яғни оқушылар жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу әрекетінде, қарым – қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда, проблеманы шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ бұлар негізінен оқу үрдісінде ғана қолданылады.

Білім берудің төмендегі сипаттамалары бар екені белгілі, олар:

- кеңістік пен уақыт ішінде орындалады;

- коммуникация түрлері арқылы орындалады;

- бағалау түрлері қолданылады;

Білім берудің әрбір сатысы белгілі бір деңгейде аяқталып отырады. Мысалы, бастауыш мектепті аяқтауда емтихан тапсырмайды, келесі сатыға өтуге таңдау жасалмайды. Ал негізгі және орта мектеп оқушылары өз сатысын аяқтауда квалификациялық сынақтан, емтиханнан өтуге міндетті. Сондықтан негізгі және орта білім сатылары белгілі бір білім мазмұнын игере отырып, осы нәтижені аяқтауға тиіс болады.

Бастауыш мектеп оқушылары үшін жобалау жұмысын класс ішінде, бірнеше пәндерден ұйымдастыруға болады, бұл кеңістік олар үшін әзірге жеткілікті. Кейде мектеп ауласы, мектеп ішінде пайдаланылады. Негізгі және орта мектептерде білім беру кеңістігі класпен де, мектеппен де шектелмейді. Олар білім берудің түрлі бағыттары: қосымша білім, ЖОО даярлық, т.б. бағыттарда еркін оқи алады.

Жобалау логикасында құрастырылған білім беру үрдісі оқушыларға оқу – тәжірибелік жұмыста еркіндік береді, бұлар әдетте пәндік кеңістіктің аясын кеңітуге жағдай жасайды.

Дәстүрлі оқытуда класс – бұлжымас оқу бөлмесі, сабақ – бұлжымас оқу түрі, сондай – ақ, кабинеттік жүйе (химия лабораторияларымен, биология, өсімдіктер, жануарлар әлемімен, физика – лабораториялық құрал - жабдықтарымен) пайдаланылады. Бастауышта оқушының барлық іс - әрекеттері мұғаліммен қатынасқа құрылса, негізгі және орта мектептерде – пән бойынша оқшаулану басым, яғни пәндік кеңістікке құрылады.

Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді. Онда білім беру кеңістігі оқу жобасының құрылымына байланысты таңдалады.

- жоба идеясы оқу процесінде, немесе басқа да ситуацияларда пайда болуы мүмкін;

- жобаны орындаудың өзі кластағы сабақтан тыс, жобаның мазмұнына сай орында атқарылады. Мысалы: зертхана, кітапхана, интернет – класс, т.б.

- жобаның нәтижесін презентациялау. Бұл жобаның мазмұнына сәйкес арнайы тематикалық сабақ, не мереке, конференция, фестиваль, т.б.

Бұлардың барлығы да алдын ала жоспарлау арқылы орындалады. Мысалы, бастауышта 1 – 2 күн бұрын жоспарланса, 5 – 6 сыныпта 2 апта айналасында (мысалы, бір пән көлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9 сыныпта – 1 тоқсан, одан да көп мерзімдік жобалар ұсынуға болады.

       Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін дамытылуын неден көруге болатынын қарастырайық. Олар:

Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы оны орындау мүмкіндігін ескере отырып жасалуы;

Оқушы (топ):

- тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін дайындайтын уақытын, өз мүмкіндіктерін талдайды;

- тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның уақытын, орындаушыларын көрсетеді, уақыт бөледі;

- тапсырманың кейбір бөліктерінен мүмкіндікке қарай бас тарта алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, уақыт аз, т.б.);

Осылайша, міндеттерді орындаудан – оның кезеңдерін жоспарлау, бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру сияқты жұмыстар жалғастырылады.

       Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар төмендегі жұмыстарды орындайды:

- тақырып таңдайды;

- жұмысты орындау жолдарын таңдайды;

- жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін жоспарлайды;

- жоба өнімін жасайды;

- қорытынды өнімнің нәтижелерін көрсетудің түрлерін анықтайды;

Жобалаудың әрбір кезеңіндегі әрекеттерін оқушылар өздері құруы тиіс, әр кезеңнің басталғанын көрсететін «белгі» де тұруы керек.

Білім берудің әрбір кезеңіне тән жобалау әрекетінің ерекшеліктері бар. Жобаның идеясы мен оны жүзеге асырудың бірлігі – оның айнымас белгісі, ол – білім беру жобасына ғана емес, жалпы жобалардың бәріне тән белгі. Білім берудің үш сатысына да ортақ жобалау қабілеттілігін қалыптастыру – бұл:

бастауышта: іс - әрекет амалдарын іздеу, анықтау (бұл кезеңде жоба идеясы оқушыға емес, мұғалімге тән);

негізгі мектепте: идея мен оны орындаудың бірлігін қатаң сақтау, орындау туралы шешім қабылдау, жүзеге асырудың тиімді жолдарын таңдау, нәтижелік өнімді алу және оны презентациялау;

жоғары сыныпта: өзінің білім алу троекториясын жобалау;

Осылайша, бастауыш пайда болып, жинақталған іс - әрекеттер амалдары негізгі мектепте жобалау әрекетін ұйымдастыруға негіз болады. Негізгі мектепте оқушылардың оқу – тәжірибелік жұмысты өз бетімен орындау қабілетін дамыту жобалау кеңістігін құру арқылы жүзеге асырады. Негізгі мектепте алған жобалауға қабілеттілік жоғары класта оқулық өзіндік білім алу троекториясын жасауға, жобалауға мүмкіндік береді. Бастауышта алған білім нәтижелері негізгі мектепте алатын нәтижелерінің құралына айналса, бұлар жоғары мектеп нәтижелерін орындауға құрал болады. Мектептің әр сатысындағы жүргізілетін осы жұмыстар жобалаудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жобалау мектепте ешуақытта оқу әрекетінен тыс болмайды және ол жалпы мектепшілік жұмыстарда бөлек ұйымдастырылмайды, бірлескен әрекет арқылы орындалады. Бұл жалпы тәрбие жұмысына тиімді ықпал етеді. Мысалы:

1 – кезең: пәндік білімдер оқу барысында қалыптасады;

2 – кезең: олар оқу жобасының құралына, ресурсына айналады;

3 – кезең: одан жобаны орындау оқушының өз бетіндік оқу – тәжірибелік әрекеттеріне негіз болады;

Осылайша, оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланыс пен бірлесе жүргізуі оқушының өз бетімен оқу – тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыруға, қалыптастыруға негіз болады.

Білім берудің тұтастығы принципі оқу және жобалау әрекетінің жоспарланған нәтижесін қамтамасыз етеді. Егер жобалау оқудан тыс болса білім нәтижелері қалыптасуы мүмкін емес. Осы себепті жобалауды оқыту процесіне ендіру қажет, ол оқушылардың әрекеттерінің екі полюсін көрсетеді.

оқу – жобалық;

өз бетімен, еркін – регламенттелген;

бағаланады – бағаланбайды;

еркін – қадағаланады;

авторлық – нормативтік;

сынаулық – нәтижелік;

Бастауыш мектепте бұл қарама – қайшылықтар тек көріне бастайды, олар оқытудың кеңістігіне, түріне, қарым – қатынасқа өзгерістер енгізіле бастағаннан көрінеді. Негізгі мектепте оқушы көптеген дамытушылықтық, өз бетіндік әрекеттерге пәндер арқылы емес, өзінің танымдық әрекеттері арқылы өзін, өз мүмкіндіктерін аша бастайды. Аталған қарама – қайшылықтың бір түрінен екінші бір түріне өту барысында оқушы көптеген оқу – танымдық әдіс – тәсілдер мен олардың түрлерін таңдай, түсіне алады, қажеттікке қарай қолдана бастайды. Олардың барысында өз бетіндік әрекеттерге үйренеді.

Негізгі мектепте алған өз әрекеттерін таңдай білу, өзгелермен қарым – қатынасқа түсе білу тәжірибесі жоғары сыныптарда өз әрекеттерін қойылған мақсатқа байланысты ұйымдастыра біледі, жоспарлай алады және жүзеге асырады.

Қорыта айтқанда, бастауыш сыныпта оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін бағыттар анықталады. Сондай – ақ оқушылар міндетті, нормаланған және еркін, өз бетімен жасалатын жұмыстарды ажырата алады және өз бетіндік әрекеттерін ұйымдастыра алады.

Негізгі мектептің ерекшелігіне сай оқушылар оқу пәндері және сыныптан тыс жұмыстарда өз бетіндік әрекеттерін қалыптасқан жағдайына сай ұйымдастыра алады, бұндай әрекеттердің жиынтығы оқу – тәжірибелік жұмысында өз бетімен жұмыс әрекет істей алуын қалыптастырады.

Жоғары кластарда оқушы өз әрекеттерін, өздерінің оқу міндеттерін өздері ұйымдастыра алатын болады. Ол сабақтан, мектептен тыс жұмыстарды да қамтиды.

Негізгі мектептің күтілетін нәтижелерінің орындалуы оқушының мектеп бітіру факті емес, негізгі мектепті нәтижелі бітірудің көрсеткіші – олардың жоғары сыныпқа барғанда бұдан бұрын алған білімі жоғары сыныптағы оқыту – тәжірибелік міндеттерді шешудің құралы бола алуы болып табылады.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

1. Жобалау әрекетін ұйымдастырудағы жас ерекшеліктерін ескерудің маңызы

2. Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттерінің үйымдастыру жолдары

3. Жасөспірім шақтағы оқушылар үшін жобалаудың мәні

4. Жобалау әрекеті және білім берудің кеңістігіндегі өзгерістер

5. Білім берудің әрбір кезеңіне (бастауыш, негізгі, жоғары сыныптар) тән жобалау әрекетінің ерекшеліктері

6. Оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланысы

7. Жобалаудағы білім берудің әрбір кезеңінің сабақтастығы

 

 

6. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі

Жобалау өзінің негізгі сипаттамасы бойынша жеке де, топта да орындалатын әрекет екені белгілі. Бірақ оқыту барысында көбіне топпен орындауға қолайлы болғандықтан мұғалімдер осы бағытта пайдаланады. Соған орай, жобалауды оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге үйретуге мүмкіндік беретін әрекет деп қарастырамыз.

Бұл кезде оқушылардың мектептен кейін де бірлесіп ойлайтынын, ойын арқылы топтық әрекеттер орындалатынын айта отырып, бұл жобалаудан бұрын басталды деуге негіз бар. Алайда, бірлесіп білім алу, оқыту әрекеттері барысындағы коммуникациялық қатынастар шын мәнінде жобалау арқылы орындалады. Дәстүрлі оқытуды алатын болсақ, онда бірлесе оқу, білімді топпен игерудегі оқушылар арасында коммуникация жоқ деуге болады. Коммуникация бұл жағдайда тек мұғалім мен оқушы арасында жүреді.

Белгілі ғалым Д.Б.Эльконинның айтуынша, достыққа негізделген тұлға – аралық қатынастар жасөспірім шақта пайда болып дами береді, бұл қатынастардың өзі оқушылардың негізгі әрекетін құрайды. Бірақ белгілі бір мақсатқа негізделмеген мазмұнсыз қарым – қатынас, өзара әңгімелесу олардың бір – бірімен коммуникациялық қарым – қатынасты тиімді дамытпайды. Егер топ белгілі бір мақсатқа сай бір идея негізінде проблеманы шешуге әрекет етіп, оны жүзеге асыруға ұмтылғанда ғана өзара достық, сыйластық, түсіністік орта қалыптасады. Ал ешбір мағынасыз, еш қажеттіксіз жиналып, қарым –қатынасқа түсетін, қараусыз топтар өз ішінде бір – бірімен келіспеушілікте болып, қарама – қайшылықтар болуы мүмкін. Оқушылар әдетте бір ортақ проблеманы шешу мақсатында тиімді қарым – қатынас құра алады.

       Бүгінгі халықаралық талаптар тұрғысынан қарасақ, топпен жұмыс жасай білу қазіргі мамандар (қай сала болса да) үшін аса маңызды сапалық қасиет деп есептеледі. Командалық жұмыс түрі кез келген әрекеттің ажырамас бөлігі, сондықтан, көптеген тренингтер мен бизнес – семинарларда осыған қажетті дағдыларды үйретуге көңіл аударылады, осы тақырыпта көптеген басылымдар шығарылуда.

       Топпен жұмыс тек топтағы адамдардың қарым – қатынасымен шектелмейді, оның барысында жобалауға қатысушылардың бойында жаңа сапалар қалыптасады. Олар: командада жұмыс жасай білуі. Бұл өзінен өзі пайда болмайды. Команда, әдетте, белгілі бір маңызды міндетті орындау үшін құрылады. Жобалау барысында бірнеше міндеттерді кезегімен орындау көзделетін болған соң, оның мерзіміне, маңыздылығына, қажеттігіне байланысты командалар құрамы өзгеріп отырады. Бұл команда құрамының өзгеруін емес, олардың ролдерінің үнемі ауысып отыратынын білдіреді. Оның тағы бір маңызды жағы – онда лидерлер пайда болып, жобаның бөліктерін орындауға жауапкершілікті лидер алады, ал қалғандары орындаушылық қызмет атқарады. Лидердің жобаны ұйымдастырудағы ролі өте жоғары.

       Осыған орай, топтың өз ішінде үнемі өзара міндеттерді бөлісу туралы: бір жұмысты атқарған кездегі лидер, келесі бір жұмыс барысында тек орындаушыға айналады. Бұл, әсіресе, күрделі ұйымдасқан жобаларға тән жағдайлар және олар оқушылардың тәжірибесі жеткілікті болуын қажет етеді. Ал, қысқа, шағын жобаларды орындауда аз құрамды топта лидерлер ауысуы, болмауы да мүмкін.

       Кейбір жағдайларда топтың командалық жұмысы үйлеспесе, лидерлік пен міндет бөлісу проблемаларын шешу қиын болады. Ол кезде педагогтардың араласуы, түрлі педагогикалық коррекция (түзету) қажет болады, тіпті топ құрамын қайта таңдау, немесе жобалау мазмұнын өзгерту сияқты қатаң шаралар қолдануға да болады. Сондай – ақ, тұлғаарлық қатынас қиындауы, топтағы түсінбестіктер болса, педагог команданы таратып та жібере алады. Екіншіден, топпен жұмыс барысында топішілік бірлескен жұмыс атқарудың «ережесін» орындау да қажет. Біздің тәжірибемізден алсақ, оқушылар жобалау барысында қарапайым ережелер құрастырып, оны бұлжытпай орындауға тырысады. Бұл кез – келген коммуникацияның жалпы принциптерін құрайды:

Мысалы:

- бір адам сөйлегенде қалғандары тек қана тыңдайды;

- ойға шабуыл, ой бөлісу кезінде бірін – бірі сынауға болмайды;

- сөйлеуші пікір өте түсінікті болуы керек;

- кез - келген пікір берушіні түсіністікпен, кең пейілмен қабылдау керек;

- кімнің атына болса да, қандай жағдай туса да ренжітетін, намысына тиетін сөздер айтылмауы керек;

- ақпарат туралы көзқарас (келісемін (келіспеймін), ұнайды (ұнамайды), оны жеткізушілік деген көзқарасты білдірмейді);

- топтағы пікірталас барлық адамға да сұрақ қою еркіндігін береді және сөйлеуші берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Топтың жұмысты жүргізу тәртібі бойынша ең әуелі барлық сөйлеушілерге пікір беруге мүмкіндік білдіреді және одан соң сұрақ – жауапқа көшу орындалады, сондай – ақ «ой қозғаудан» - қорытынды жасауға қарай жүру тәртібі сақталады.

       Топтық қарым – қатынас пен пікірталасты ұйымдастырудың бекітілген ережесі жоқ және оны сақтауда барлық жағдайда мүмкін емес.

       Солай болса да, жобалау әрекеті – білім беру кеңістігінде оқулығы дұрыс қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыратын әрекет. Оның маңызды әдісі бар, яғни, топпен жұмыс басталмас бұрын оқушыларға топтық қатынас ережелері жасалып, қабылдануға мүмкіндік жасалатын әдісі. Ол әдістер белгілі бір символдар арқылы бекітіліп, пікірталас басталғанда оның нақтылануы талап етіледі.


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 469; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!