Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 9 страница



Ғылыми–әдістемелік әдебиеттерде «жоба», «жобалау» ұғымдарынан тарайтын түрлі сөз тіркестері мен терминологиялық түсініктер көбеюде. Олар бір қарағанда мәндес сияқты болғанымен әрқайсысының қолдану аясы бар, сондықтан жобалау әрекеті барысында пайда болуы мүмкін қайшылықтарды болдырмау мақсатында нақтылауды қажет етеді. Оларды төмендегі сипаттары бойыша ажырата аламыз:

− «жобалық» – бұл сипат белгілі бір нәрсенің жоба аясында қолданылатынын түсіндіретін, жоба категориясына жататынын білдіретін ұғым, мысалы, жобалық шешім, жобалақ құжаттар, жобалық тұрғы, жобалық мәдениет, т.б.

− «жобалай алушылық» – бұл сипат адамның ой түріндегі объект бейнесінің тәжірибеде іске асырылу моделін көре алатын қабілеті. Ол белгілі бір әдістер мен процедуралар негізінде іске қосылатын тұлғалық сапасы ретінде көрінеді, мысалы, жобалай алатын ой-сана, жобалай алу әдістемесі, жобалай алуды тексеру, т.б.

− «жобалаушылық» – бұл сипат ерекше әрекет ретіндегі жобалауға жататын ұғымдарды білдіреді, мысалы «жобалаушылық кезең» деп белгілі бір үрдістегі жобалау әрекетін пайдалануға мүмкіндік бар кезеңді, «жобалаушылық біліктілік» –жобалау қызметін іске асыру мүмкіндігін білдіреді.

Жобалау түрлерін классикалық сипаттағы инженерлік -техникалық жобалау, әлеуметтік жобалау деп қарастырсақ, білім берудегі жобалау әлеуметтік жобалаудың бір түрі ретінде гуманитарлық жобалау деуге болады. Оны дәлірек түсіндіру үшін гуманитарлық жобалардың мәнісін айқындап алу керек. Атынан белгілі болып тұрғандай, гуманитарлық жобалаудың мән - мақсаты адам табиғаты мен адами қатынастардың ерекшеліктеріне сай жаңғыртулар жасау болып табылады. Ғалымдар білім берудегі жобалаудың екі стратегиялық түрін белгілейді, олардың бірі – әлеуметтік ортаға және оның жағдайларына бейімделу, басқаша айтқанда, педагогтардың білімнің әлеуметтік өзгерістерге жауап беру түрлері деуге болады; екіншісі –өз құндылықтарына, мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес жетілдіру немесе жаңарту, қайта құру.      

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде жобалау туралы бірнеше түсініктер берілген, мысалы «педагогикалық жобалау –оқушы мен тәлімгердің алдағы іс - әрекетінің негізгі құрылымдарының жасалымы, бұл оқытушы әрекетінің тиімділігін арттырады» делінсе, «жобалау әдісі» – оқушыны бірте -бірте күрделене түсетін практикалқ тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі» деп тұсіндіріледі. Енді «жоба» ұғымына келсек, қазақ тілінде оны «жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге тиісті нысандардың макеттері, есептеулері және ұстанымды дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады».

Білім беру саласы қоғам дамуының деңгейін анықтайтын әлеуметтік және әлеуметтік мәдени технология және іргелі сала. Бұл тұрғыдан қарастыру арқылы жобалау мен ғылыми зерттеудің ортақ идеясын болатынын дәлелденеді. Оның мәні:

– объектінің құрылым ішінде пайда болуы;

– кейін оның зерттеу пәніне айналуы;

– оның кешенді және көп пәнді болуы;

– зерттеу элементтерімен қатар жобалау элементтерінің қамтуы;

– жобалық идеяның тиімділігінің бағалануы және оның салдарының талдануы;

– ғылыми зерттеу позициясымен қатар басқару субъектілерінің өзара байланысы.

Білім берудің тұтас саласы да жобалау пәні бола алады, бұнда тәжірибелік зерттеулер жүргізілуі эксперименттердің жобалық бағдарламалық түрі пайда болуына алып келеді.

В.В. Давыдов пен Ю.В.Громыко ғылымилықтың жаңа жобалық – бағдарламалық түрін белгіледі. Оның негізіне ғылыми сипаттама беру (модельдеу), жаңа фрагменттер мен жүйелер құрастыру алынады. Жобалау пәні ретінде әлеуметтік –мәдени әрекеттер жүйесінің мәдени – тарихи түрлері алынады, бағдарламалау пәні ретінде тәжірибенің даму үрдісі алынады. Аталған В.В. Давыдов пен Ю.В.Громыконың тұжырымдамасын білім берудегі жобалаудың мета –әдіснамасы деп есептей аламыз және ол дәстүрлі педагогикалық үрдістің тұтас адам құндылықтарына көшуін белгілейді. Оның жобалау негізінде қолданылу шарттары төмендегідей қарастырылады:

1) белгілі бір білім мекемесі деңгейінде тәжірибелік зарттеудің зерттеудің қажеттігін анықтау;

2) білім саласындағы дәстүрлі нормативтік қызметтермен қатар инновациялық тәжірибелік алаңдардың болуына жағдай жасау;

3) білім беру саласындағы тәжірибелік жаңғыртулардың құралы ретінде жобалық әрекеттерді алу.

Айта кететін жайт, білім берудегі жобалау инновациялық жобаларды барлық білім беру ұйымдарына міндеттеуге тиіс емес. Бұл жағдайда басқару маниулятивтік сипатта болып, білім беру ұйымдары бірдей сипат алуы мүмкін.

Білім беруді жаңарту білім беру жүйелерін жобалау әдіснамасына, әртүрлі білім мекемелері сипатын және олардың өзін –өзі дамыту әрекеттерін қолдайтын құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі тиіс. Білім беруді дамытудың перспективалық бағыты ретіндегі жобалау идеяларын В.И. Слободчиков білім берудегі инновациялық әрекеттері тұрғысынан зерттейді. Ол инновациялық әрекеттерді:

– белгілі бір әлеуметтік тәжірибе кеңістігінде;

– дәстүрлі нормалардың жаңа әлеуметтік күтінімдерге сәйкес болмауынан пайда болған проблемаларды шешуге бағытталған әрекеттер ретінде;

– жаңа инновациялық тәжірибені, оның мәдени рәсімделуі мен берілу механизмін түсіну және қабылдау әрекеті ретінде;

– қалыптасқан тәжірибені жаңартуға бағытталған әрекет ретінде қарастырады

Мысалы, зерттеу әрекеттері «мақсат –құрал – нәтиже» схемасы бойынша бар нәрсені зерттеу түрінде болатын болса, басқару әрекеттері «бағдар – әрекет – бақылау» түрінде, ал жобалау әрекеттері логикасы «идея –орындау – рефлексия» түрінде жүзеге асырылады. Жобалаудың өзіне тән ресурстары бар, олар:

интеллектуалдық, ерік – жігерлік;

адами позициялық;

ұйымдастырушылық;

басқару;

кәсіби – әрекеттік

материалдық – қаржылық, т.б

  Инновациялық жобалау төмендегі өзара байланысты қызметтерді қамтиды, олар:

– ғылыми –зерттеу әрекеттері, немесе жаңа білім ашу, игеру;

– жобалау әрекеттері, немесе жаңа білімді технологияда пайдалану арқылы тағы да жаңа білім құрастыру;

– білім беру әрекеттері, немесе субъектілердің өз тәжірибесі негізінде өзіндік білімді игеруі;

Осылайша, жаңа әлеуметтік –мәдени жағдайлар ұлттық білімнің жаңа бейнесін қалыптастыра бастады, оның мәні мен белгілері –қоғамдық тәжірибенің өз бетіндік түрі, тарихи тәжірибенің универсалды түрде берілуі, адамдық мәннің қалыптасуы мен күшеюінің жалпы тарихи –мәдени түрі.

Білімнің аталған жаңа бейнесіне сәйкес оның құрылымы өзгереді, білім саласы құрылымының көрінісі үш қырынан байқалады, олар:

білім беру ортасы –білімнің әлеуметтік –мәдени мазмұны ретінде;

білім беру институттары – білім беру субъектілері әрекетінің ұйымдастырылған жүйесі ретінде;

білім беру үрдісі – білім беру субъектілері әрекетінің мазмұны мен нақты жолдары ретінде;

білім беру саясаты – білім беру қызметін басқа жүйелер арасында қамтамасыз ету;

білім беруді басқару – оның тұтас қызмет етуін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

Жобалаудың философия, мәдениеттану, әлеуметтану және психология ғылымдарының әдіснамасында орын ала бастауы оны гуманитарлық тұрғыдан қарастыруды алып келді. Н.Г.Алексеев Ю.В.Громыко, В.А.Никитин зерттеулерінде жобалау туралы білім берудегі инновациялардың мәдени түрі деген түсініктер де берілді.

 Жобалау түрлерін классикалық сипаттағы инженерлік – техникалық жобалау, әлеуметтік жобалау деп қарастырсақ, білім берудегі жобалауды әлеуметтік жобалаудың бір түрі ретінде гуманитарлық жобалау деуге болады. Оны дәлірек түсіндіру үшін гуманитарлық жобалардың мәнісін айқындап алу керек. Атынан белгілі болып тұрғандай, гуманитарлық жобалаудың мән –мақсаты адам табиғаты мен адами қатынастардың ерекшеліктеріне сай жаңғыртулар жасау болып табылады. Г.П.Щедровицкий білім берудегі жобалаудың екі стратегиялық түрін белгілейді, олардың бірі – әлеуметтік ортаға және оның жағдайларына бейімделу, басқаша айтқанда, педагогтардың білімнің әлеуметтік өзгерістерге жауап беру түрлері деуге болады; екіншісі –өз құндылықтарына, мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес жетілдіру немесе жаңарту, қайта құру.

Бүгінгі әдебиеттерде жобалау – «алда болуы тиіс нәрсенің өте қысқаша және өте нақты сипаттамасын жасау әрекеті», бұл жерде ең маңызды нәрсе – бір нәрсенің болашақ сипаты туралы, оның қолжетімдігі туралы мақсаттық –құндылықтық ұстаным болуы. Басқаша айтқанда, адамның ойлау әрекетінің қалыпты өз шеңберінен шыға алуы – трансценденттенуі – ойлау қызметінің дамытушылық функциясы іске асырылады.

Жобалауға – педагогикалық жобаны жасау және жүзеге асыру үрдісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқыту технологиясы – деген түсініктер берушілер де бар. Жобалау әдістерімен оқыту үрдісінен педагогикалық қоғам оқытудағы жобалауға, немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге (О.И.Газман), жобалау негізіндегі білім беруге (Г.Ильин) көшу жүзеге асырылуда. Бұл үрдісті жобалық ортаның білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжіибеге белсенді түрде еніп келеді. 

Білім беруді басқарудағы жобалауға туралы зерттеушілер пікірлері төмендегідей болып келеді. «Педагогикалық жобалау» түсінігі В.Безруковтың анықтамасы бойынша «гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу».  

И.А.Колесникова: «жобалау – тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік -бағдарлы әрекет»;

А.П.Тряпыцина: «жобалау – білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы»;

Е.С.Заир-Бек: «жобалау– қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт»;

Н.А.Масюкова; «жобалау – педагогикалық және ғылыми–зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы»;

Олардан басқа жобалауға «педагогикалық жоба құру және жүзеге асыру үрдісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқыту технологиясы» деген түсініктер берушілер де бар. Бүгінгі күні жобалау әдістерімен оқыту үрдісінен оқытудағы жобалауға, немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге, жобалау негізіндегі білім беруге көшу жүзеге асырылуда. Бұл үрдісті жобалау ортасының білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типтік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжіибеге белсенді түрде еніп келеді. 

И.А.Зимняя білім берудің жобалылығын білім тенденциясының болашағы ретінде қарастыра отырып, оны айқын байқалып келе жатқан пәндік – бағдарлы оқыту жүйесінің тұлға әрекетіне бағытталған жобалық – құрастырушылық оқытуға ауыса бастауымен түсіндіреді.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы
  2. Д.Дьюи мен В.Килпатрик еңбектерінде «жоба» түсінігінің қарастырылуы.
  3. Жобалау – педагогикадағы демократиялық қатынас құралы ретінде.
  4. Посткеңестік елдер педагогикасында жобалау әдістерінің таралуы.
  5. Педагогикалық әрекеттері құрылымына жобалау компоненті ендірілуі
  6. Жобалау әрекетінің педагогикалық мәні.
  7. «Жоба», «жобалау» ұғымдарының педагогикалық мәні анықталуы.
  8. В.В.Давыдов пен Ю.В.Громыко анықтаған жобалық – бағдарламалық үрдістің педагогикада қолданылу шарттары.
  9. Педагогикалық жобалаудың логикасы мен ресурстары.
  10. Педагогикадағы инновациялық жобалау әрекеттері.
  11. Глоссариймен жұмыс

2. Педагогикалық жобалаудың зерттелуі мен түрлері. 

Белгілі жүйетанушы О.Г.Прикоттың ғылыми зерттеулерінде   педагогикалық жүйелер қазіргі білім берудегі жобалаудың қолданбалы қызметінің әдістемелік базасы бола алады және білім беру саласын дамытудағы ізденістерді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

Педагогикалық жобалауды жүйелік тұрғыдан қарастыру тұжырымдамасы негізінде өткен ғасырдың 80 жылдары ене бастады. Олар Ю.К.Бабанский, В.С.Ильин, В.П.Беспалько,т.б. педагогикалық үрдістегі жүйе құраушы идеялары негізінде пайда болды. Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қарастыру олардың педагогикалық әрекеттерді жобалауға жаңа көзқарастарын көрсетеді. Ондағы мақсат мұғалімнің жобалық әрекеттері оқушыны дамытуға бағытталғандығын байқатады. И.П.Волков өз еңбегінде болашақ педагогтың үш кәсіби сапасы – пәндік, педагогтық және жобалау кәсіптерін болуын құптайды. Жобалау білім саласындағы кәсіби әрекеттердің жетекші компоненті болып табылады, сонымен қатар ол білім беруді басқаруға да бағытталады. М.А.Данилов педагогикалық үрдістегі жобалаудың негізгі бағыттарын жасай отырып, П.Ф.Каптеревтің идеяларын қайта жаңғыртты. Оның мазмұны педагогикалық үрдістің ішкі жақын – педагогикалық үрдіс логикасын, педагогикалық зерттеу логикасын, педагогикалық перспектикалық ойлау логикасын болашаққа қатысты құрастыру болатын. Автордың ойынша болашаққа бағытталған педагогиканың басты шарты жаңа жаңарған педагогикалық сана болып табылады.

Жобалау өзгермелі кезеңдердегі даму тенденцияларының жан – жақтылығы жағдайында педагогикалық жүйенің стратегиялық бағдарларын үнемі қамтамасыз етіп отырады. Олар:

жүйені белгілі бір қызметтері, қарым –қатынастары және қасиеттері деңгейінде жетілдіріп отырады;

жүйенің жаңа қарым – қатынастарын, қасиеттерін және икемділігін қалыптастыратын компенсаторлық қызметтер дамытып отырады;

тұтас құрылым құрамында пайда болатын жаңа жүйелердің қызметі мен орнын қарастырады;


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 675; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!