Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 6 страница



Жобалау қызметі мен әлеуметтік жобаларды басқару бағдарламалары алдын-ала жасалатын болғандықтан жобалауды болжау мақсатында да пайдалануға болады, оны болжаулық жобалау деп те атайды. Жобалауды әлеуметтік ортада шағын топтарда қолдану әрекеті басқарушылық ықпал етудің бір түрі деп қарастырылады, бұл жерде жобалау басқарудың бөлігі деп есептеледі. Жобалау идеялары мен әлеуметтік жобаларды басқарудың жақындастырылуы әлеуметтік жобалаудың пайда болуына әкелуде, бұл көптеген әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарының нақтылануға әсер етеді.

Жобалаудың тағы бір қызметі – келісу, келісіп әрекет жасауды қамтамасыз ету. Қалыптасқан үрдіс негізінде қызмет атқаратын кез келген сала, соның ішінде, әлеуметтік салалар бірнеше әрекет түрлерінен тұратын күрделі ұйымдастырылған жүйеден тұрады.

әлеуметтік жүйелердің әрбір бөлігі үшін өз нормативтері мен заңдылықтары біртұтас әрі мызғымас сипатта болады. Бірақ жбаны басқарушы үшін жүйенің әрбір бөлігі тұтас жүйенің компоненттері болып есептеледі. Осы жағдайларды есепке ала отырып, жобаны басқарушы түпкілікті нәтижеге жету барысында, немесе оған жеткен жағдайда жүйенің әрбір бөліктерінде болуы мүмкін өзгерістерді алдын – ала ескеріп, өзара сәйкестендіру қызметтерін үнемі жүргізіп отыруға міндетті. Жобаны басқарушының іс – әрекеті бағдарламасы, немесе әрекеттерді дамыту бағдарламалары құрастырылған соң жобалау қызметі басталады.

Әлеуметтік жобалаудың бірнеше механизмдері бар. Мысалы, жүйедегі негізгі үрдістің күрделендіруі оның барлық бөліктерінде де сол әрекеттердің белгілі бір деңгейде жүргізілуіне, әр бөліктің өзіндегі әрекеттердің нәтижесін қамтамасыз етуге әкеледі. Мысалы, педагогикалық жүйелерде бұл сипатты мектепке дейінгі, бастауыш мектептегі, орта мектеп, одан әрі жоғары мектеп бөліктеріндегі оқыту әрекеттерімен қамтамасыз етілуінен көруге болады. Ал олардың біріктірілуі негізінде біртұтас талап пайда болатыны белгілі.

Басқарудың жоғарыдағы процессуалдық қасиеттері жобалауға да тән, сонымен қатар, қазіргі жағдайда жеке адамдар шешімін ғана емес, ұжымдық қарым-қатынасты, бірнеше адамдар мен топтардың көзқарастарын ескеруді қажет етеді. Оның бүгінгі күн талаптарына сай сипаты–топтық, алқалық, немесе клубтық басқару түрінің кеңінен қанат жаюынан көрінеді.

 Әлеуметтік жүйелерде мемлекеттікке қарағанда қоғамдық фактор бағдарламалық тұрғысынан жетекші ролге ие болса, онда басқарудың қоғамдық түрі, ал мемлекеттікке бағынышты позицияда болса, мемлекеттік-қоғамдық басқару сипатына ие болады. Бұл жерде «қоғамдық» деген түсінік тұрғындардың тарихи, мәдени–ұлттық және тілдік қоғамдасуы ретінде қарастырылады, оны бүгінгі жағдайда әлі де дамыту қажеттігі белгілі. Сондықтан, қазіргі кезеңдегі басқарудың тек мемлекеттіктен түрінен гөрі, мемлекеттік-қоғамдық және қоғамдық-мемлекеттік түрлері болғаны жөн.  

Осылайша, жобалау қызметінің басқаруға объект болатын басқарылушы әрекетті дамыту, қайта жаңғыртуды көздейтін негізгі қызметі ретіндегі процессуалдық сипаттамасының әдіснамалық негіздері қалыптасуымен қатар, жобалау қызметі технологиялық жағынан да қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік жобалау даму барысында мәдениет пен ғылымға қатысты ерекше қатынастарымен сипатталады. Мысалы, О.И.Генисаретский мәдени үрдістерді тиімді басқаруда әлеуметтік жобалауға сүйену арқылы мәдениеттің әлеуметтік қызметін жетілдіру, рухани мәдениетті әлеуметтік – мәдени жүйенің дербес саласына айналдыру мүмкін болады дейді.

Осылайша, жобалау феномені мен оның дамуын тек басқару тұрғысынан ғана емес әлеуметтік - мәдени көзқарастар тұрғысынан қарастыру қажеттігіне назар аударылуда. Мысалы, жобалау барысында мәдени үрдіс «бізге тәуелсіз күйінде емес, біз ықпал ете алатын объект жағдайында қарастырылады, бірақ бұл жерде біздің әрекетіміз - жобалар мен бағдарламалар - сол объектінің табиғатына сай болуы міндетті» дейді. Бұлар жобалаудың бүгінгі педагогикалық парадигмаға сәйкес келеді және әлеуметтік дамудың абстарктілік болашағында емес, әрекеттің жақын даму аймағында орындауға толық мүмкіндік бар қызмет деуге негіз болады.

Жобалаудың әлеуметтік – мәдени тәсілдеріне тән белгілері:

– әлеуметтік - мәдени тәсілдер конструктивті және нақты болуы тиіс;

– әлеуметтік – мәдени тәсілдер тұтас объектіге дербес бағытталып, жобалау амалдарының көп варианттылығы мен мүмкіндіктерін көбейтеді; 

– әлеуметтік құбылыстар жай ғана қайта құру объектілері болып қарастырылмайды, сондықтан үрдіске тартылған әрбір адам ұжымдық әрекеттің белсенді қатысушысы болып табылады және әрбір субъектімен тығыз байланыста болады.

– әлеуметтік - мәдени тәсілдер өз объектілері мен субъектілері қатысатын үрдістерді өмір сүру ортасынан бөлек қарастырмайды, ол нақты қалыптасқан тарихи ортадағы әлеуметтік үрдіс пен құбылыс тұрғысынан зерттеледі.

– әлеуметтік – мәдени тәсілдер мен оған қатысты жобалау әрекеттері көп вариантты, өзгермелі болады, және үрдіс барысында да пайда болған жағдайларды есепке алу арқылы жаңа жобалық шешімдер қабылдануы, басқа нұсқаларды негізге алуды да жоққа шығармайды.

– әлеуметтік – мәдени тәсілдер әлеуметтік саясат, бағдарламалар, жобалаулар механизмдері негізінде жүзеге асырылады, олар өз кезегінде ұйымдастырушылық, басқарушылық, инновациялық бағдарламаларды қажет ете алады. Бұл жағдайда әрбір әлеуметтік – мәдени тәсілдің тиімді қызмет етуі соған сәйкес технологияны жүзеге асыруға байланысты болады.

– әлеуметтік – мәдени тәсілдер біртекті процедура емес, ол бағдарламалық әрекеттердің сценарийін құрастыруды қажет етеді. Мысалы, жүйені жаңарту қажет болса, оны түгелдей өзгерту ме әлде жартылай жаңарту ма, немесе бұрынғы жүйе сипатына қайта оралу ма, нақтыланып алынады, сөйтіп барлық әрекеттер мақсатқа сай құрылады.

Осы жерде «жаңарту» - модернизациялау түсінігін нақтылайтын болсақ, «түгелдей жаңарту» үшін - алдыңғы қатарлы мәдени үлгіге бағытталу, оны құрастыру және жүзеге асыру бағдарламасын жасау, ресурстарын айқындау, орындалуын қамтамсыз ету әрекеттері жасалады. Ескеретін нәрсе, түгелдей жаңарту бағдарламасы реформаны жақтаушы күштер мен қоғамды жаңартуға мүдделі элиталарға сүйенеді. 

 «Жартылай жаңарту» таңдалған жағдайда бірнеше факторларды назарға ала отырып, инновациялық ұсыныстарға түзетілулер жасалады. Ол факторлар қатарында: тарихи жағдайлар, дәстүрлер мен құндылықтар, түрлі топтар мүдделерін ескеру, ұжым дайындығы мен бейімділігін анықтау т .б. жатады. Бұл жерде назарға алынуы тиіс екі жағдай бар, олардың бірі - әлеуметтік амалдардың негізгі субъектілерінің белгілі бір деңгейдегі мәдениеті болуы, екіншісі-олардың жаңартуға бағытталған өзгерістердің қажеттігін түсінуі және қолдауы. Өтпелі кезең тұрғысынан алғанда жартылай жаңарту проблеманы шешудің дәстүрлі сипаттарымен де, түгел жаңартудың кейбір талаптарымен де мәмілеге келе алады, өйткені ол бейімделу сипатын да көздейді.

Жобалау қызметін тиімді ұйымдастыруды қарастыратын болсақ, оны екі бағытта түсіндірушілер барын көруге болады. Біріншісі – нормативті болжау нақты әлеуметтік зерттеулерге сүйенетін болғандықтан ол жобалау мен басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді десе, екінші бағыттағылар - жобалау барысында әлеуметтік ғылымға тым сүйенбеу керек деп есептейді.

Әлеуметтік жобалаудың негізгі бағыттары мен стратегияларын талдау жобалау қызметінің түрлері туралы білімдерді нақтылайды. Жоғарыдағы екі бағыт та жобалау онтологиясы туралы ортақ түсінікке келе алады. Мысалы, дизайнды жобалауды алсақ, ол заттар әлемін түсіндіреді, ұйымдастырудағы жобалауды алсақ, ол – шешім қабылдау, әрекеттер жүйесі, басқару процедуралары, ақпараттар желісі сияқты ұйымдастырушылық түсініктерді береді. Аталған екі түрлі жобалау әрекетінде де әлеуметтік проблемалар шешіледі, әлеуметтік үрдістер жүреді, бірақ, біріншісінде заттық әлемдегі жобалау, екіншісінде ұйымдастырушылық жобалау әрекеттері орындалады.

Осыдан келіп, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауды қарастырғанда да оның онтологиясына - әрекетке, өзара қатынасқа, педагогикалық жүйе мен нормаларға, педагогикалық ұйымдастыруға - басты назар аудару қажеттігі туындайды. Сөйтіп, жобалау әрекетінің әлеуметтігін оның жобалау онтологиясы болуы қажеттігімен түсіндіре аламыз.

Дәстүрлі және дәстүрден тыс жобалау әрекеттерін қарастыратын болсақ, әдіснамалық тұрғыдан қарағанда олар қарама – қарсы ұғымды береді. Дәстүрлі сипатта жобалау мен оны құрастыру, дайындау үрдістері бір – бірінен ажыратылады, жобалау объектісінің барлық қызметтері белгіленеді, олар морфологиялық құрылымына сәйкес жоспарланады, ең соңынан, жобаланған объектіге қажетті техникалық конструкциялар жасалады.

Ал, дәстүрден тыс жобалау әрекеттері үшін дәл осы амалдардың барлығы да орындалуы шарт емес, оның негізгі сипаттамасын былайша бере аламыз:

− жаңа объект не объектінің жаңа сапасының идея түрінде ойластырылуы; 

− берілген идеяны талдау, синтездеу, құрастыру, үйлестіру, нақтылау процедуралары негізінде жоба құрастыру;

− жобаны жүзеге асыруға дайындық;

− жобалау онтологиясы (жобаның тәжірибедегі әрекеттермен байланысы, ғылыммен қарым -қатынасы, құндылықтарға қатынасы, т.б.)

Әлеуметтік жобалаудың әлеуметтік жоспарлаудан, әлеуметтік бағдарламалаудан, мақсаттық – бағдарламалық әдістен айырмашылықтары қандай десек, тәжірибеде олардың барлығы да араласып, тіпті өзара біріктіріліп те келетіні белгілі. Шын мәнінде, басқару ғылымының онтологиясында жоспар жобаның бір түрі деп, ал мақсаттық – бағдарламалық әдісте жоспарлаудың бір түрі деп те қарала алады, өйткені олардың барлығы да белгілі бір құрылымға негізделіп, жүзеге асыруды көздейді. Сөйте тұра, нақты ерекшеліктері де бар, өз онтологиясына сәйкес, жоба тұтас объектіні қарастырады, оның құрылымы мен қызметін сипаттайды. Жоспар өз объектісінің белгілі бір уақыт аралықтарында орындайтын қызметтерін белгілей отырып, оның келесі жағдайға өтуін көздейді, ал бағдарлама белгілі бір объектінің бір сапдан екінші сапаға өтудегі алгоритмделген тапсырмаларды білдіреді. Мақсаттық – бағдарламалық әдісті бағдарлама мен жоспардың өзгеше жүйелік – құрылымдық нұсқасы деуге болады.

Әлде де нақтылай түсу үшін жобалаудың тағы бір сипатына тоқталу қажет, атап айтқанда, әсіресе дәстүрден тыс жобалау әрекеті барысында ғылыми зерттеулер жүргізу, инженерлік есептеулер, жоспарлау мен бағдарламалау элементтері үнемі қолданылады. Осы сияқты бағдарламалау барысында да осындай әрекеттер жүргізіліп отыратыны белгілі. Бірақ оны жобалаудың ғылыми зерттеушілікке, бағдарламаның жоспарлауға айналуы дей алмаймыз, өйткені әрбір әрекет өз үрдісінің кезеңдері мен құралдары ретінде басқа сапалардың белгілерін пайдалана алады. Сондықтан, жобалауды жоспарлаумен немесе бағдарламамен ғана түсіндіруге болмайды.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

1. Әлеуметтік жобалаудың қалыптасуы және дамуы.

2. Т.М.Дридзенің әлеуметтік жобалау технологиясына берген сипаттамасы.

3. Әлеуметтік жобалар және оларды басқару.

4. О.И.Генисаретскийдің мәдени үрдістерді тиімді басқарудағы әлеуметтік жобалаудың ролі туралы анықтамасы.

5. Жобалаудың әлеуметтік – мәдени тәсілдеріне тән белгілерін атаңыз.

6. Жобалау барысында «жаңарту», «түгелдей жаңарту», «жартылай жаңарту» түсініктерінің нақтылануы.

7. Әлеуметтік жобалаудың негізгі бағыттары мен стратегиялары

8. Дәстүрлі және дәстүрден тыс жобалау әрекеттеріне сипатама.

9. Әлеуметтік жобалаудың әлеуметтік жоспарлаудан, әлеуметтік бағдарламалаудан, мақсаттық – бағдарламалық әдістен айырмашылықтары.

10. Тақырып бойынша глоссарийді толықтырыңыз.

5. Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны

Адам ресурстарын дамыту мәселелері соңғы кездердегі зерттеулерде кеңінен қарастырылуда. Әлеуметтік жүйелерді зерттеумен айналысатын «Мак Кинзи» компаниясы адам ресурстарын дамытудың бүгінгі заман талабына сай жеті факторын ұсынып отыр, олар ағылшын тілінде «7S» моделі ретінде ұйымдар тәжірибесіне енгізілуде.

strategy – стратегия;

skills – құзыреттік, қабілеттілік;

shared values – ортақ құндылықтар;

structure – құрылым;

systems – жүйелілік;

staff – қызметкерлер;

style – басқару стилі.

Бұл модель Бенг Карлофф атап көрсеткендей, «ұйымды дамытудың нақты жолдарын беруімен емес, қазіргі кездегі ұйымдарды дамытудың жүйелік моделін» ұсынуымен құнды болып табылады.   

Шетел компаниясының осы әдісіне сүйене отырып, ресей ғалымдары да адам ресурстарын тиімді басқарудың «5С» деп аталатын моделін құрастырған (cурет 3).

Оның мазмұнын төмендегі түсініктер құрайды:

Стратегия. Адам ресурстарын басқарудың стратегиясын жасау;

Жүйелілік (система). Адам ресурстарын басқарудың жүйесі: мақсаты, қызметі, құрылымы, тиімділігін бағалау;

 

Сурет 3 − Адам ресурстарын тиімді басқарудың «5 С» моделі

           

Қызметкерлер (сотрудники). Қызметкерлерді таңдау, бейімдеу, баға беру, дамыту, босату;

Ынталандыру (стимулирование). Басқарушылардың қызметкерлерді ынталандыру мен мотивациясын артырудағы біліктіліктері;

Ортақ құндылықтар (совместные ценности). Ұйымда корпоративтік мәдениет пен ортақ құндылықтарды қалыптастыру және оны басқару.   

Әлемдік менеджмент теориясы соңғы кездері басқарудағы адам ресурстары мәселесіне өте көп көңіл бөлуде, оны ХХ ғасырдың аяғына қарай қоғамның экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуындағы өзгерістерге сай басқару тұжырымдамаларының жаңаруымен байланыстыра аламыз (кесте 1). Кестеден көрініп тұрғандай, 20- 40 жылдары кадрларды басқаруда адам тұлға ретінде емес, белгілі бір мақсатты орындауға жұмылдырылатын еңбек етуші күштер деп қарастырылды. Соған орай кадрларды басқаруда олардың есебін жүргізу мен әкімшілік- бақылау ғана көзделді. Одан кейінгі 50- 70 жылдары дами бастаған ғылыми- техникалық прогресс кезеңі өндірісті басқарудың жаңа технократиялық талаптарын туғызып, қызметкерлердің тиімді қызметін қамтамасыз етудегі, техникалық жаңалықтарды игерудегі біліктіліктерін арттыру қажеттігі пайда болды. Бұл кезде еңбек қатынастарының субъектісі, тұлға ретінде персоналды басқаруға негізделген жаңа тұжырымдамалық мазмұн қалыптасты.


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 749; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!