Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 5 страница



Жобалаудың жоғарыда аталған үш аспектісінің синтезі осы екі үрдісті де қамтиды. Мысалы, білім беру ұйымын басқарудың мәдени – инновациялық сипатын алатын болсақ, оның технологиялық циклы білім берудегі тәжірибені қайта жаңғыртуға деген әлеуметтік сұраныс қабылдаудан басталып, инновациялық жобалау арықылы жүзеге асырылады. Тәжірибелік – бағытталған ғылыми контекстегі жобалау педагог – практиктердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге қажеттіктерінен пайда болады, яғни ол да әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабатынан шығады. Осы екі жағдайда да болашақтағы инновациялық қайта құрулардың мәдени түрі ретінде жобалау қызметі алынады. Бұл контекстердің негізгі айырмашылығы идеалдық құрылым қабатында дей аламыз, өйткені, осы жерде ғана жобаланып отырған нысан өзінің басымдық тұрпатына сай идеалдық құрылымына ие болады. Ол ерекшеліктер төменде  2-суретте берілген.

4 – идеалдық құрылым қабаты

З– мәдениет түрлері қабаты

2– әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабат

1– менталдық түрлер қабаты

 

 Сурет 2 − Жобалаудың білім беру мен ғылыми әрекеттердің мәдени- инновациялық түрі ретіндегі схемасы

 

Атап айтқанда, жобалаудың мәдени контексті философия арқылы қамтамасыз етіледі, басқару контекстіндегі жобалау қызметі әдіснамалық қамтамасыз етіледі, ал, ғылыми контекстегі жобалау әрекеттері білім саласына қызмет ететін педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарының идеалдық құрылымдарының сипатын алады.

Мысал үшін, педагогикалық тәжірибенің даму барысында кем дегенде үш мәдени - инновациялық құрылым қалыптасты деп айта аламыз. Біріншісін, катехезистік, діни педагогика деуге болады, оның базалық мазмұны діни ритуалдар мен символдар аясындағы тәртіп пен әрекеттермен байланыстырамыз. XVI ғасырдың аяғында Ян Амос Коменский идеяларының ықпалымен екінші, эпистемологиялық педагогикалық құрылым қалыптасты. Оның негізгі мазмұны объектіге бағытталған оқыту болса, басты девизі «барлығына да барлық білімді беру» болып танылды. Бұл құрылым осы күнге дейін оқытудың негізіне алынып келеді, яғни, мәдениет тасымалдау құралы ретінде теориялар мен модельдерді оқытуды, білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік-мәдени түрі ретінде класс-сабақ жүйесін негізге алады. Үшінші педагогикалық құрылымды инструменталдық, немесе технологиялық атауға болады. XVIІІ ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында пайда болған құрылым білім мазмұнына негізінен құралдар мен әдіс- тәсілдер ұсынған болатын.

Бүгінгі кезең педагогикада мүлдем жаңа құрылым қалыптасып келе жатқанын көрсетіп отыр, оның негізіне жоғарыда аталған құрылымдарға қарағанда білім, білік, дағдылер мен қажетті сапалар синтезі ретінде қалыптасып келе жатқаны белгілі.

Жобалауды дайындау және құрастыру кәсіби мәдениеттерде пайда болған таңбалар түрлері–теориялар, модельдер, түсініктер, ұғымдар, формулалар мен алгоритмдер негізінде жасалады. Бұлардың барлығын ұйымдастырудың ең жаңа және тиімді құрылымы барлық бұқаралық қарым–қатынас саласында, басқару мен экономика саласында, ақпараттық қызмет көрсету мен білім беру салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан – технологиялар сипатында болады. Жеке – даралық жағдайда бірде–бір ғылым саласы, не теория мен тәжірибе, немесе бір мамандықтың ғана шеңберінде барлық технологиялық цикл қамтамасыз етілуі мүмкін емес, сонымен қатар, олардың әрқайсысының өміршеңдігі өз қызметінде сыртқы әрекеттерді қабылдай алушылық қабілеттілігіне тығыз байланысты. Осыдан келіп, қазіргі заманға тән технологиялық мәдениеттен алатын орнын анықтау субъектінің жобалауды немесе бағдарламалауды құрастыру мен жүзеге асырудағы ролін белгілеуі болып есептеледі.

Субъектінің өз мүмкіндіктерін анықтау немесе жүзеге асыру үшін мәдени-техникалық деп шартты түрде аталатын циклдың төмендегі позицияларының бірін өзіне алуға қабілетті болуы тиіс. Олар осы циклды құрайтын мәдени түрлердің қорын сақтаушы, таратушы, жүйелеуші, құрушы және ұйымдастырушы рольдерінің бірін атқарады. Ол қызметтер сипаты төмендегідей:

− мәдени қорын сақтаушы– мәдени үрдісті, дәстүрлі қалыпты ұстану, инновацияны қабылдамау;

− таратушы– сан түрлі жаңалықтардың бір ғана бағытын ұстану және оның мәдени және әлеуметтік маңызын көтере отыры, таратылуын белсенді ықпал ету;

− жүйелеуші– таратушының қызметіне қарама–қарсылық мақсатында мәдени жаңалықтарды жүйелеу, түрлерге бөлу, теориялар құрастыру;

− құрушы–бұл кейде өзінің сипатына сайжаңалықтар тудырушы деп аталады; 

− ұйымдастырушы– жоғарыда аталған барлық позициядағы субъектілер қызметін келістіру, үйлестіру және ұйымдастыру қызметі.

Жоғарыда аталған позициялардың ішінен мәдениет құрушы тұрғысын қарастыратын болсақ, ол көбіне жобалаушының позициясына сәйкес келеді. Ол үшін «мәдениет– өзінің айналаға көзқарасын білдірудің, өзіндік тәжірибесін жариялаудың, өз түсінігін көрсете отырып, оны дәлелдеудің орны болып табылады». Бұл жерде парадигмалық–құндылықтық негіздеме басты орын алады, ал соның негізінде ұжымдағы келісімге келудің принципі – коммуникативтік, немесе әр адаммен тіл табысу арқылы келісім жасалынады. Коммуникативтік принциптің сипаттамалық белгілері ретінде кәсіби позициялардың мазмұнымен алмасу, тақырыпты жалпылау талдау, талдау кезінде барлық қатысушылардың позициялары тең сақталуы, бір бірінің құндылықтық позицияларын түсіну және қабылдау сияқты адамдардың әлеуметтік болмысының ерекше түрі алынады. Осыған орай, «адамның мәдениеті оның белгілі бір ортада өзін ұстай алуынан көрінбейді, бұл қасиеттер оның тәрбиелілігі мен дәстүрді сақтауына байланысты..., адамның мәдениеті оның өзіне бейтаныс жағдайға немесе құбылысқа тап болған кезде оны басқа да құбылыстар қатарына қоя ма, әлде ерекше құбылыс деп есептей ме, немесе, жат құбылыс ретінде жойып жіберуге тырыса ма, әлде қажетсіз деп қабылдамай ма, содан білінеді» деген пікілер де бар.

Ұйымдастырушы позициясы үшін мәдениет дәстүрлілік пен инновациялықтың күресі ретінде көрінеді. Жаңа мен бұрынғының арасындағы қарым –қатынас дамуының төмендегі бағыттары белгілі болып отыр, олар: экспанция, ассимиляция, даму, шығармашылық, алмасу, қайталану, аннигилиция.

Жобалаудың дамыту мақсатын көздейтінін ескере отырып оның мәдениет түрлері қабатындағы түсінігін анықтап алу қажет. Мәдениет контекстінде дамыту дәстүрлілік пен инновациялықтың өзара келісімі негізінде пайда болатын жаңа түзілім деп қарастырылады. Мәдениетті ұйымдастырушының назары ең алдымен жобалаудың құралдары мен механизміне, білім берудегі жобалардың жүзеге асырылуына аударылады. Сонымен қатар, жобалаушының өзі ұстанған және таңдаған жобалау әрекетін транформациялау және нормаландыру тәсілдеріне де қатысты болады. Мысалы, оларды ретімен қарастырып көрейік:

− ұйымдастырушының басымдық позициясы дәстүрлі мәдениет түрінде болып, оған қатысушылармен қарым–қатынас жеке бас тұрғысынан жасалса, онда жобалау әрекеті формальды түрде орындалады;

− ұйымдастырушының корпоративтік-қолөнершілікке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі жобалаудың үлгісі ретінде өміршеңдігі мен нәтижелілігін дәлелдеген жобаның нормаларын алып, оны дәлме–дәл сақтауға тырысады;

− ұйымдастырушының кәсіби мәдениетке негізделген түрі жобалау әрекетін нормалауда ізденістік зерттеулердің мәтіндік жазбалары мен мен теориялық зерделенуіне назар аударады;

− ұйымдастырушының бүгінгі заман талабына сай технологиялық мәдениетке негізделген түрінің басым назары жобалаудың жаңа технологиялық жолдары мен мәдениетін, атап айтқанда, жобалау әрекетінің технологиялық сызбаларын құрастыру мен беруге аударылады.

Жобалаудағы негізгі идеяны беруді нормаландыру тәсілдерінің бір–бірінен айырмашылығын салыстыратын болсақ, кәсіби мәдениетке негізделген түрде – мәтін ретінде, корпоративтік–қолөнершілікке негізделген түрде – қатаң үлгі ретінде, ал технологиялық мәдениетке негізделген түрде – негізгі идея экрандық бейнеде, немесе көрініс түрінде болып келеді. Бұл – жобалаудың басты белгілерінің бірі, өйткені, жобалау арқылы қайта жаңарту үрдісі берілген үлгіні қайталауға да, мәтіндік сипатты құрастыруға да ұқсамайтын үрдіс. Экрандық бейне, немесе көрініс ретіндегі идеяның ерекшелігі семиотикалық таңбалау құралдары–схемалар, сызбалар арқылы әртүрлі тұрғыдағы идеялар мен ойларды бірыңғай көріністерге айналдыру мүмкіндігінде деп есептеледі.

Сөйтіп, мәдениет контекстінен, дәлірек айтқанда, технологиялық мәдениет тұрғысынан қарастырғанда, жобалауды инновацияларды тасымалдаудың негізгі жолы деуге болады. Сонымен қатар, оны орындаушылардың өзара коммуникативтік және тұлғалық құзыреттік қарым-қатынастарының болуы және жобалау барысында міндетті түрде технологиялық сызбалар мен идеяларды қарастыру көрініс ретінде пайдаланылуы тиіс.

Егер жобаны жүзеге асыру жүйенің белгілі бір бөлігіне өзгеріс әкелетін болса, бағдарламаларды жүзеге асыру жүйеге белгілі бір үрдісті, әрекеттерді алып келеді. Мысалы, жобалық бағдарламалар күрделі, кешенді жобаларды құрастырумен қатар оларды ұйымдастырушылық - технологиялық жүзеге асырады.

 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар  

1. «Ұйымдастырушылық мәдениет» нені білдіреді және оның өзгерістерін немен түсіндіруге болады?

2. Ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалауға негізделген түрі қалай пайда болды?

3. Ұйымдастырушылық мәдениеттің даму кезеңдеріне В.А.Никитиннің сипаттамасы.

4. ХХ ғасырда ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуында қандай қайшылықтар анықталды?

5. Н.Г.Алексеев бойынша жобалауды жүзеге асыруда қандай кезеңдер болды?

6. Жобалау негізінде инновациялық үрдістерді мәдени дамыту тәжірибесінде қалыптасқан бағыттар.

7. Жобалаудың негізгі қарастырылатын  контекстері мен оларды синтездеу үлгілерін сипаттаңыз.

8. Жобалау арқылы жаңа мәдениет тудыру және білім беру мен ғылыми әрекеттердің мәдени инновациялық түрі ретіндегі схемаларына талдау жасаңыз.

9. Педагогикалық тәжірибенің даму барысындағы үш мәдени - инновациялық құрылымға сипаттама беріңіз.

10. Жобаларды құрастыру мен жүзеге асырудағы субъектінің (ұйымдастырушының) жетекші ролі.

11. Осы бөлім бойынша қандай ұғымдарды глоссарий құрамына енгізуге болатынын анықтап, анықтамалық сөздікті жалғастырыңыз.

4. Әлеуметтік жобалау

Бүгінде әлеуметтік басқару, әлеуметтік жоспарлау, әлеуметтік және ұйымдастырушылық үрдістер мен құрылымдарды құрастыру және жобалау, дизайнерлік және архитектуралық жобалаулар топтарының тәжірибелері қалыптасып, жедел дамуда. Олардың басты ерекшелігі-бір жағынан, ондағы объектілер әлеуметтік тұрғыдан сипатталғанымен, екінші жағынан, әрекеттердің орындалу стратегиялары жүйелік- техникалық, квазиинженерлік және жобалық сипатта орындалады.

Осындай ғылыми ізденістерде пайда болған жаңа бағыттарды әлеуметтік құрастырулар деп атау шартты түрде деуге болады, өйткені, әлеуметтік зерттеулер көмегімен біз әлеуметтік объект туралы біле аламыз, әлеуметтік құрастыру (модельдеу) оның даму бағытарын айқындап береді, ал әлеуметтік жобалау оны жүйелік тұрғыда тиімді түрде қайта құру жолдарын көрсетед. Олар әлеуметтік құрастырудың бірнеше принциптерін белгілейді, олар, жоғарыда айтылған – алдын –ала талдау жасау, объектіге жүйелі сипаттама беру, мақсат қою және оған жету жолдарын анықтау, жүзеге асыру әрекеттері. Бұл жерде құрастыру идеясын көздейтін түйінді сөздер де анықталған - «әлеуметтік зерттеулер», «болжау», «тиімді түрде қайта құру», «жүйелік тұрғы». Осылайша, әлеуметтік инженерия саласын құрайтын жаңа әрекет негізделіп, ол жалпы түрде «әлеуметтік жобалау» деп көрсетіліп жүрсе де жаңа әрекеттің нақты атауы болған жоқ.

Жаңа атаудың қажеттігі сол кездегі қоғамдық санада пайда болған жаңа құбылысты – ұйымдастыру әрекетіндегі инженерлік парадигманың орнына келіп жатқан жобалау парадигмасын – «әлеуметтік құрастыру» терминімен түсіндірудің жеткіліксіз болуынан еді. Сөйтіп, 70 - 80– жылдары бұл әрекеттің жаңа атауы - «әлеуметтік жобалау» ретінде қалыптасты.

Әлеуметтік жобалау бір біріне теориялық қағидалары бойынша тығыз байланысты екі бағытта дамуда, бірі –философияға негізделсе, екіншісі әлеуметтану ғылымына сүйенеді. Олардың екеуіне де ортақ болып отырған тұжырым - әлеуметтік жобалау әлеуметтік инженерияның бір түрі ретінде өзекті әлеуметтік проблемаларды шешудің тиімді құралы ретінде қызмет етуі қажет деп есептелуі.

Осылайша қарастыру арқылы әлеуметтік жобалаудың мәнін өз қайшылықтары, проблемалары мен дағдарыстары бар қалыптасқан қоғамдық тәжірибе емес, алға мақсат қылып қойылған, таңдап алынған идеалды деп есептелетін тәжірибе деп түсіндіреді.

Т.М.Дридзенің айтуынша, «болжаулық, немесе проблемалық - мақсаттық жобалау әлеуметтік –экономикалық даму мақсаттарына сай болашақтағы әлеуметтік проблемаларды қолда бар ресурстарды ескере отырып шешу жолдарын жасауға бағытталған әлеуметтік технологияға жатады. Жобалаудың мақсаты – басқарушылық шешімді алдын -ала ғылыми негіздеу...». Автор сонымен қатар, аталған технологияның ғылым мен тәжірибеде сол кезде терең қарастырылмағанын «үш бөліктен тұратын - болжау - жобалау – бағдарлама, немесе жоспарлау - басқару жүйесінде ортаңғы бөліктің, яғни әлеуметтік жобалау бөлігінің болмауынан» деп түсіндіреді, - өйткені дәл «сол бөлікте әлеуметтік үдерістерді басқарудың тиімділігін арттыратын ғылыми негіздемелердің үлкен резерві жатыр» дейді. Жобалаудың осы сипаттары әлеуметтік басқаруды ғылыми негіздеумен тығыз байланысты әлеуметтік проблемалар мен міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобалар құруға мүмкіндік туғызады.


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 607; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!