Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 4 страница



Осылайша, басқарудың субъективтік факторларына сай жаңа қоғамдағы қайта құрудың барлық күрделі құрылымдарында олардың жүйелік байланыстарын сақтап және жүйелік қасиеттеріне сүйене отырып, жобалаудың мүмкіндіктерін талдау, ұйымдастырушылық қызметінің мәнін ашу қажеттігі бар деп есептеледі.

Күрделі жүйелердегі   жобалау   стратегиялық бағдарға сай жүйе құрылымдарының өзгермелі жағдайларда дамуына мүмкіндік береді, атап айтқанда:

жүйені белгілі бір қызметтері, қарым -қатынастары және қасиеттері деңгейінде жетілдіріп отырады;

жүйенің жаңа қарым - қатынастарын, қасиеттерін және икемділігін қалыптастыратын қосымша қызметтерді дамытып отырады;

тұтас құрылым құрамында пайда болатын жаңа жүйелердің қызметі мен орнын қарастырады;

белгілі бір қызметтердің, қарым –қатынастардың және қасиеттерінің өзгерістерге түсуіне сәйкес жүйенің түрленіп отыруын қамтамасыз етеді;

Көрсетілген бірінші және екінші қызметтер арқылы жүйенің типтік ұқсастығы қамтамасыз етіледі, жобалау нәтижелерінің алдын ала белгіленетіндігі де осыдан болады.

Жобалау қызметінің негізі болып табылатын «жоба» түсінігінің өзі де ғылымда түрліше қарастырылғанан көруге болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, әрекеттік тұрғыдан қарастыру жоба –жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. Жалпылай келгенде, жоба – «белгілі бір уақыт ішінде жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған, ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде өзгерту» деген пікірге сай дей аламыз, өйткені бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін көрсетеді.

  Трансформациялық үрдістің кездейсоқ сипатын болдырмау үшін басқарудағы жобалау қызметі жүйенің түрін өзгерту қызметін атқара алады.Бұл жердегі жобалаудың атқаратын ролі – дәстүрлі тұтастық ішінен жаңа құрылымның қызметі мен орнын анықтау болып табылады. Сонымен қатар, жаңа құрылымның қолданылуына қажетті жағдайлар жасалмаса, онда ол іске де аспауы мүмкін. Жаңалықтың әкімшілік нұсқауларымен жүйеге ендірілуі нәтижелі болмайтыны тәжірибеде дәлелденіп жүргені белгілі.

Жүйе элементтерінің сандық көрсеткіштеріне белгілі бір мақсатпен ықпал ету олардың сапалық өзгерістеріне әкеледі, соған орай, біртіндеп қасиеттері өзгереді, одан кейін қарым -қатынастары, одан әрі жүйенің қызметтері өзгереді. Осы тұрғыдан қарастыру бірте - бірте жүйенің өзін - өзі ұйымдастыруын, ішкі және сыртқы байланыстары мен қарым - қатынастарын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік салаларды дамыту мақсатына жобалаудың сай ресурстық ұйымдастыру тиімділігін пайдалану идеясы. Өзгермелі ортада құрамындағы элементтердің күрделі, әрі көпжақты өзара байланысы мен өзара әрекеттесулері жағдайында күрделі жүйелердің жоғары деңгейдегі тиімді қызметін қамтамасыз ететін тетіктерді күні бұрын дәл анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар, басқаруды қатаң тәртіпте ғана ұстау әдісі оның жұмысын баяулатып, өзіндік дамыту, жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндіктерін тежейді. Ал, алдын - ала белгіленген мақсатты нақты бағдар ретінде пайдалану күрделі жүйелердің икемділігін және өзіндік ұйымдастырылуын, оның барлық деңгейлердегі кіші жүйелерінің іс - әрекеттеріндегі дербестікті дамытудағы түрлі қатынастардың өзара үйлесімділігін қамтамасыз ететін құрал болып табылады.

Жүйелік тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастырудың басты ерекшелігі – ондағы басты жауапкершілік қызметтік міндеттерді атқару емес, қойылған мақсатқа жетуді көздейтін жобалау қызметін реттеу болып табылады. Күрделі жүйелер құрамындағы кіші жүйелерде нақты мақсатқа жету жолдарының мазмұндық түрлілігіне байланысты басқару жүйесі компоненттерінің мақсаттық - бағдарлы құрылуы қызметтік бағдарлылыққа қарағанда тиімді екені сөзсіз.

Жүйелерді басқарудағы мақсатқа бағдарлы ұйымдастырушылық құрылым қалыптастырудағы жобалаудың мәнісі әрбір кіші жүйенің басқару құрылымы мен деңгейлеріне дербес мақсат пен міндеттер қоюда болып табылады, ал бұл мақсат - міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, қазіргі замандағы күрделі әлеуметтік жүйелерді, соның ішінде білім беруді жаңғыртуға қатысты өзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты ендіріліп жатқан жобалау - әлі де теориялық зерделеу, оны білім саласында одан әрі пайдаланудың жолдарын айқындау қажеттігі бар жаңа қызмет.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Жобалауға тән белгілер қандай?

2. Жобалау категориясын айқындайтын ұғымдар мен түсініктер.

3. «Жобалау» түсінігінің мәні.

4. Жобалауды теория мен тәжірибеде пайдалану идеялары

5. Жобалаудың тәжірибелік–бағдарлы ғылым ретінде қарастырылуы.

6. Жобалауды  ұйымдастырушылық мәдениеттің жаңа түрі ретінде қарастыруға мысал келтіріңіз.

7. Жобалауды жүйелі ой - әрекет әдіснамасы негізінде қалыптасатын басқару қызметі ретінде  қарастыру мүмкідігін мысал арқылы дәлелдеуге тырысыңыз.

8. Жобалауды әлеуметтік салаларды дамыту мақсатына сай ресурстарды тиімді ұйымдастыру қызметі ретінде қарастыру мақсатында белгілі бір мақсатты ала отырып, оның ресурстарын мақсатқа сай ұйымдастыруды жобалаңыз.

9. Жобалау қызметінің жүйені дамытуда тиімді механизм екенін өзіңіз білім алатын, не жұмыс істейтін білім беру ұйымын мысалға ала отырып дәлелдеп көріңіз.

10. Осы бөлім бойынша қандай ұғымдарды глоссарий құрамына енгізуге болатынын анықтап, анықтамалық сөздікті жалғастырыңыз.

 

 

3. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.

Өркениет дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде ұйымдастырушылық әрекеттердің негізгі түрлері пайда болды, оны бүгінгі зерттеушілер ұйымдастырушылық мәдениет деп белгілеп отыр. Қазіргі әлеуметтік жүйелерде ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалауға негізделген түрі пайда болуын ғалымдар түрліше түсіндіреді. Мысалы, ХХ ғасырда әлеуметтік–мәдени жүйелерді интеллектуалдық ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыру мен жүзеге асыру теориялары кеңінен тарай бастады. Сонымен қатар, оның негізіне тек теориялық білімдер емес, көбіне осы бағыттарды тәжірибелік талдау қызметтері алынғаны байқалады. Бұған дейінгі ұйымдастырушылық мәдениетте теориялық таңбалаудың жаңа түрлері – модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б. – жасалған болатын, кейін бұлардың барлығы да жаңа теориялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша таңбалар түрінде пайда болған жаңа теориялар мен технологиялар алынатын өнімді ғана емес, жалпы технологияларды, бағдарламаларды жобалау қызметін ұйымдастырудың басты түріне айналды.

В.А.Никитин дәстүрлі ұйымдастырушылық мәдениетті адамзат қоғамы дамуының ең алғашқы кезеңдері деп қарастырып, ондағы әрекет жолдары мен амалдарын сол қоғам тұрғысынан сипатттайды. Корпоративтік - қолөнерге бағытталған ұйымдастырушылық мәдениеті ортағасырлық діни иерархия құрылымы, қалалар мен университеттер жағдайларындағы білім мен дағдыларға үйрету әдістері түрінде қарастырылады. Одан кейінгі кәсіби (ғылыми) ұйымдастырушылық мәдениетті барлық бағыттардағы кәсіби орталарды біріктіретін әрекет ретінде ғылым алынады, кәсіби мәдениеттің негізіне ғылыми білім қойылып, барлық материалдық және рухани өндірістердің негізіне білім мен ғылым жатқызылды. Сөйтіп, бірнеше ғасыр бойына ұйымдастырушылық мәдениеттің кәсіби түрі жетекші роль атқарып келді.

ХХ ғасырдың аяғына қарай ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуында қайшылықтар пайда бола бастады, олар:

− ғылыми құрастырылған дүниенің біртұтас бейнесі мен ғылымның өзі туындатқан парадигмалар ауысуынан пайда болған ғылыми білімнің құрылысы арасындағы қайшылық;

− ғылыми білімнің қарыштап дамуы, оны өндірудің технологияландырылуы, дүниенің біртұтас бейнесінің өзгеруіне, соған сәйкес, кәсіби бағыттардың бірнеше мамандықтарға бөлшектеніп кетуі;

− қоғамның тегіс салалануымен қатар, көпмәдениеттіліктің дамуы, әр мәдениеттің өз тарихы мен өзін танытуға ұмтылуы бұрынғы «жаппай европалану» үрдісінен мүлдем бөлек қалыптасуда. Сонымен қатар, дәстүрлі ғылыми модельдер мүмкіндіктерінің шектеулі, универсалды болмауы ұйымдастырушылық мәдениеттің технологиялық (жобалық -технологиялық) түрін қажет ете бастады.

Осы үдерістер өзімен бірге әлемдегі саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени ситуациялардың тұрақсыздануы мен өзгермелілігін алып келді, сөйтіп, бірінен соң бірі пайда болып жатқан жаңа жағдайлар тәжірибенің де үнемі өзгеріп отыруын қажет етіп отыратыны белгілі болды.

Жобалаудың иновациялықты дамытудағы ролі. «Инновация» термині ғылымға XIX ғасырдан бері қоғам дамуын көрсететін қажетті көрсеткіштерінің бірі ретінде белгілі болды. Ең әуелі бұл ұғым антропология және этнография ғылымдарында пайдаланылып, мәдени өзгерістерді зерттеулер барысында «дәстүрлі» деген түсініктің қарама қарсы мәні ретінде қолданылды. XX ғасырдың басында «инновациялық жаңғыртулар» терминін экономика саласы кеңінен пайдаланып, шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік табыстарын қамтамасыз ететін элементтер комбинациясы ретінде қарастыра бастады. 30-жылдардан бері бұл түсінік менеджерлер арасында белгілі бір «фирманың инновациялық саясаты» термині ретінде кеңінен тарап, инновация «дәстүрлі» үғымына қарама қарсы колданылатын болды.  

Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы екі кезеңді бөліп көрсетеді. Оның бірінші кезеңі қоғамдағы жалпы өзгерістермен тығыз байланысты болып, жобалау қызметінде еркіндіктерге ие болған кездермен сипатталады. Бұл кезеңде стихиялық жобалау тәжірибесі, әсіресе білім беру саласында, кеңінен қанат жайып, өз «жобаларын» құрастыру мен ұсыну жаңашыл мұғалімдерден бастап білім мекемелеріне дейін орын алды. Осы жағдайларды талдау қорытындылары жобалау тәжірибесі мен оның мәдениеті қалыптаспағандығын көрсетіп, жобалауға мәдени түр беру, оны мәдени тәжірибеге айналдыру міндетін алға қойған болатын. Сөйтіп, жобалаудың екінші кезеңі басталды, ресейлік және отандық ғалымдар осы кезеңнен бастап жобалаудың педагогикадағы инновациялардың мәдени түрі деп белгіленуіне негіз қалыптасты деп санайды.

Жобалаудың мәдени контекст алуы оны басқа ғылымдар тұрғысынан, соның ішінде, педагогикалық - психологиялық тұрғыдан, педагогика тарихында қалыптасқан үрдістерге сай зерделеуге мүмкіндік берді. 

 Инновациялық үрдістерді жобалау негізінде мәдени дамыту тәжірибесі екі түрлі бағытта қалыптасқандығын айта кету керек. Біріншісін эмпирикалық деуге болады, ол – бәсекеге қабілетті жобаларды таңдау мақсатында тиімді жобаларды құрастыруға үлгі ретінде қолдануға болатын жобалаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іріктеп алу жолы. Екіншісі, процестерді дамытуды көздейтін жобалар үшін қажетті арнайы заңдар мен заңдылықтарды теориялық зерделеу болып табылады.

Даму барысында жобалау басқару қызметі контекстіне де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым контекстіне және инновациялардың мәдени түрі ретіндегі контексте қарастырылады. Осы аталған үш контекст өз сипаттамаларына сай ортақ негізге ие бола тұра, теорияда да, тәжірибеде де бір-бірінен бөлек талданып келеді. Қазіргі замандағы қоғам мен әлеуметтік құрылымдар реформаларының, соның ішінде білім беруді жаңартуға қатысты өзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты берілген   контекстерін синтездеу арқылы жобалауды негіздеуге болатыны айқындалады. Бұл жобалау қызметін басқарудағы инновациялардың мәдени түрі ретінде де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым ретінде даму жолдарын айқындаудағы негізгі әдістер мен технологиялар ретінде де, басқарудың негізгі процедурасы ретінде де қарастыруға мүмкіндік береді.

Аталған синтезді жүйелі ой-әрекеттері теориясының әрекетті өзгерту және мәдениет тудыру схемасына сүйене отырып көрсетуге болады. Осы схема бойынша өзгерістердің түрлі әлеуметтік-мәдени ситуацияларда пайда болатын қайшылықтарын жаңа инновациялық қызмет ендіру арқылы реттеуге болатыны дәлелденген, бұл инновациялық қызмет жобалау болып табылады.  

Төмендегі суретте (1-сурет) мәдениет түрлері мен (3) әлеуметтік-мәдени және ұйымдасқандық қабаттарына оларды түгел қамтитын (4) идеалдық (абстрактылық және ойлау негізіндегі ғана) құрылым мен (1)менталдық түрлер қабаттарын қосады. Ондағы жоғарыға бағытталған сызықшалар арқылы көтерілу үрдісті берілсе, төменге қарай бағытталған сызықшалар орындалу, жүзеге асырылу үрдісін көрсетеді.  

4 – идеалдық құрылым қабаты

З– мәдениет түрлері қабаты

2– әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабат

1– менталдық түрлер қабаты

 

Сурет 1 − Жобалау арқылы жаңа мәдениет тудыру схемасы

 

Сурет қоғам ұйымдастырылуының бірнеше қабаттарға бөліну принциптерін көрсетеді және олар екі үрдістің – көтерілу және орындалу, немесе жүзеге асырылу – жүруі мүмкін екенін білдіреді. Бірінші үрдіс әлеуметтік қабаттан мәденилікке, одан әрі идеалдыққа өтуді білдірсе, екіншісі, идеалдық, яғни идея ретіндегі болмыстың мәдени және әлеуметтік түрлерін ұйымдастыру арқылы бойына ала отырып менталитетте, салт пен дәстүрлерде бекітілуі болып табылады. Н.Г.Алексеев атап көрсеткен білім берудегі инновациялық қозғалыстарды мәденилендіру жолдары осы көтерілу үрдісіне де, жүзеге асырылу үрдісіне де сәйкес келеді дей аламыз. Өйткені, жобалау қызметі үздік үлгілерін іріктеп алу көтерілу үрдісіне, ал жобалауды технологиялық құрастыру мен теориялық зерделеу жүзеге асырылу үрдісіне тән құбылыстар.


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 614; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!