Позитивизм философиясы: Конт, Спенсер, Милль

Философияның объектісін, пәнін және қызметтерін сипаттаңыз. Ғылыми таным философиясының мәнін жән мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу. Сократ: “Философия – ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету”. Геродот: “Философия – білімді, ақылдылықты сүю”. Аристотель: “Философия – ғылымдар негізі”. Осы анықтамаларға сүйене отырып, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo – сүйемін, sophia – даналық дегенді , басқаша айтсақ, даналыққа құштарлық дегенді білдіреді. Философия бүкіл әлемді және оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам саласын тұтас құбылыс ретінде алып, жалпы заңдылықтарын ашады, белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны. Философияның негізгі мәселесін сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек. бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма деген онтологиялық сұрақ қояды. екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмай ма деген гносеологиялық мәселе көтереді.Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.Философияның зерттеу объектісі- бүкіл әлем, тұтас универсум   Философияның басы – таңдану. Сократ “Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін” дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады. Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: ¨ Аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; ¨ Праксиология – адам шығармашылығы туралы ілім; ¨ Антропология - адам туралы ілім; ¨  Логика - дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім. ¨ Гносеология - таным туралы ілім; ¨ Онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); Философияның басты бағыттары Материализм -материя мен сананың арақатынасында материяны алғашқы деп санайтын философиялық бағыт. Дуализм – философиядағы компромистік бағыт, материалды және рухани – екі тәуелсіз субстанциялардың болатындығын мойындайтын бағыт. Идеализм – сана мен материя арақатынасында сананы алғашқы деп санайтын философиялық бағыт   Философияның пәндері: 1. Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т.б. философиялық мәселелері). 2. Антропология философиясы - адам болмысы. 3. Мәдениет философиясы - мәдениет әлемі. 4. Тарих философиясы. 5. Құқық философиясы - мемлекеттік заңдар әлемі. 6. Дін философиясы. Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Бұл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап тереңдетсек, онда оның көп қырлылығын көреміз. Философияның қызметіне оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз. Философияның дүниетанымдық қызметі - әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкін7дігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.  Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі - бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия - танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді. Философияның теориялық ойлау қызметінің мәні, әсіресе философия тарихын зерттеудегі даналыққа байланысты. Философияның сыни-талап қызметі - қоршаған дүниенің және білімнің барлығына күмән келтіру, дүниеде жаңа пайда болғанның ерекшеліктерін іздеу, қайшылықтарын ашу, таным шекарасын кеңейту, білімді модернизациялау және анықтығын ұлғайту. Сын басқа пәндерді ғана емес, философияның өзін де қамтиды. Философияның аксиологиялық қызметі (гр. axios - құндылық) - бізді қоршаған әлемді, заттар мен құбылыстарды әр түрлі құндылықтар - әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, т. б. - тұрғысынан бағалау.  Философияның аксиологиялық қызметі, әсіресе, тарихтағы ұлы өзгеріс кезінде, орта ғасыр басындағы Рим империясының қирауынан кейін құндылықты жаңа діннен іздеу, қайта өрлеудегі реформация, капитализмнің дамуының дағдарысы (ХІХ-ХХ ғғ.), социализмнің тұйыққа тірелуіне (ХХ-ХХІ ғғ.) байланысты ерекше күшейеді. Философияның әлеуметтік қызметі - қоғамның пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін, қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдендіру жолдарын көрсетеді Философияның әлеуметтік қызметі - қоғамның пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін, қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдендіру жолдарын көрсетеді.. Философияның гуманитарлық қызметі - гуманистік құндылықтар мен идеяларды адамға және қоғамға енгізеді, моральдің ықпалын нығайтады, адамның қоршаған ортаға бейімденуін, өз өмірінің мәнін табуды қарастырады.     Философияның болжаушылық қызметі - дүние мен адам туралы философиялық білімге сүйене отырып, материяның, сананың, тану процесінің, адамның, табиғаттың және қоғам дамуының тенденциясының жетістіктерін анықтап, болжайды. Философияның қызметтері бір-бірімен диалектикалық өзара қарым- қатынаста болады. Олардың тұтастық бірлігі - философиялық білімнің спецификасы мен мәнін көрсетеді. Ғылыми таным философиясын білімге еркіндік, тәуелсіздік тән. Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi. Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды.   2. Ғылыми таным философияның объектісін, пәнін және қызметтерін анықтаңыз. Ғылыми таным философиясының мәнін жән мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу. Сократ: “Философия – ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету”. Геродот: “Философия – білімді, ақылдылықты сүю”. Аристотель: “Философия – ғылымдар негізі”. Осы анықтамаларға сүйене отырып, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo – сүйемін, sophia – даналық дегенді , басқаша айтсақ, даналыққа құштарлық дегенді білдіреді. Философия бүкіл әлемді және оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам саласын тұтас құбылыс ретінде алып, жалпы заңдылықтарын ашады, белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны. Философияның негізгі мәселесін сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек. бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма деген онтологиялық сұрақ қояды. екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмай ма деген гносеологиялық мәселе көтереді.Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.Философияның зерттеу объектісі- бүкіл әлем, тұтас универсум   Философияның басы – таңдану. Сократ “Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін” дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады. Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: ¨ Аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; ¨ Праксиология – адам шығармашылығы туралы ілім; ¨ Антропология - адам туралы ілім; ¨  Логика - дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім. ¨ Гносеология - таным туралы ілім; ¨ Онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); Философияның басты бағыттары Материализм -материя мен сананың арақатынасында материяны алғашқы деп санайтын философиялық бағыт. Дуализм – философиядағы компромистік бағыт, материалды және рухани – екі тәуелсіз субстанциялардың болатындығын мойындайтын бағыт. Идеализм – сана мен материя арақатынасында сананы алғашқы деп санайтын философиялық бағыт   Философияның пәндері: 7. Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т.б. философиялық мәселелері). 8. Антропология философиясы - адам болмысы. 9. Мәдениет философиясы - мәдениет әлемі. 10. Тарих философиясы. 11. Құқық философиясы - мемлекеттік заңдар әлемі. 12. Дін философиясы. Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Бұл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап тереңдетсек, онда оның көп қырлылығын көреміз. Философияның қызметіне оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз. Философияның дүниетанымдық қызметі - әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкін7дігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.  Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі - бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия - танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді. Философияның теориялық ойлау қызметінің мәні, әсіресе философия тарихын зерттеудегі даналыққа байланысты. Философияның сыни-талап қызметі - қоршаған дүниенің және білімнің барлығына күмән келтіру, дүниеде жаңа пайда болғанның ерекшеліктерін іздеу, қайшылықтарын ашу, таным шекарасын кеңейту, білімді модернизациялау және анықтығын ұлғайту. Сын басқа пәндерді ғана емес, философияның өзін де қамтиды. Философияның аксиологиялық қызметі (гр. axios - құндылық) - бізді қоршаған әлемді, заттар мен құбылыстарды әр түрлі құндылықтар - әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, т. б. - тұрғысынан бағалау.  Философияның аксиологиялық қызметі, әсіресе, тарихтағы ұлы өзгеріс кезінде, орта ғасыр басындағы Рим империясының қирауынан кейін құндылықты жаңа діннен іздеу, қайта өрлеудегі реформация, капитализмнің дамуының дағдарысы (ХІХ-ХХ ғғ.), социализмнің тұйыққа тірелуіне (ХХ-ХХІ ғғ.) байланысты ерекше күшейеді. Философияның әлеуметтік қызметі - қоғамның пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін, қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдендіру жолдарын көрсетеді Философияның әлеуметтік қызметі - қоғамның пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін, қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдендіру жолдарын көрсетеді.. Философияның гуманитарлық қызметі - гуманистік құндылықтар мен идеяларды адамға және қоғамға енгізеді, моральдің ықпалын нығайтады, адамның қоршаған ортаға бейімденуін, өз өмірінің мәнін табуды қарастырады.     Философияның болжаушылық қызметі - дүние мен адам туралы философиялық білімге сүйене отырып, материяның, сананың, тану процесінің, адамның, табиғаттың және қоғам дамуының тенденциясының жетістіктерін анықтап, болжайды. Философияның қызметтері бір-бірімен диалектикалық өзара қарым- қатынаста болады. Олардың тұтастық бірлігі - философиялық білімнің спецификасы мен мәнін көрсетеді. Ғылыми таным философиясын білімге еркіндік, тәуелсіздік тән. Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi. Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды.   3. Ғылыми танымның антика дүниесінде қалыптасуы туралы айтыңыз. «Антика философиясы» − мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясы. Антика дәуірі батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антика философиясы өзінің бастауын б.з.д. 7-6 ғасырдан алып, оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. Антик философиясы мәселелерін келесі тақырып түрінде анықтауға болады: космология (натурфилософтар), оның контексіндегі раелды шындық «физис» (табиғат) және космос (тәртіп), мораль (софистер) адам танымы және оның ерекше қабілеті нақтыланған тақырып болды. Антикалық философияның мынадай кезеңдерін ажыратады: архаика, натурфилософия, классика және эллинистік кезең. Натурфилософияның қалыптасуына әсер еткен пифагорлық мектептің өкілі Гераклит (б.д.д. 544-480 жж.) алғашқы болып бір философиялық принциптің негізін қалаған. Ол бұл дүниедегі барлық нәрсе қажеттілікпен және тағдыр заңдылықтарына бағыну арқылы жүзеге асады деп пайымдаған. Адамдардың логосты, яғни ғылымды зерттеуі оларға дүниеде болып жатқан құбылыстарды түсінуге мүмкіндік береді. Гераклиттің үйретуінше, «Логос – дана, ақыл − ол дүние шындығы». Адамдардың көпшілігі логосқа тән ойланбайды. Тек қаны таза, иманды және жақсы адамдар ғана ортақ ақиқатты және логос дүниені басқаратындығын мойындап, соған сенеді. Гераклит үшін таным тек факт жиннау емес, заттардың ақиқатын іздеу, ал оны табу бәрінің қолынан келмейді. «Логостық» дүние басқаруына қарамастан, көптеген адамдардың ойы Логостан өзгеше. Олар затттың ақиқатын білу (даналық, философиялық білім) қажеттілігін білгірлік және тапқырлықпен шатастырады. Антик философиясында ерекше орынды софистер (Протагор, Горгий, т.б.) алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күнәлармен айыптайды. Шындығында софистика б.з.д. 5 ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне объективті әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамудың алғышарттарымен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс береді. Олар адам мәселесін зерттеп, «Адам – бар нәрсенің өлшемі» деген аксиоманы енгізді. Алайда софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады. Мұны іске асырған Сократ болды, сондықтан оны антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел ортасы» деп те атайды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мәні – ақыл-ойға негізделген белсенділік және адамгершілік бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталады. Байлық, даңқ, билік, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғышарттары. Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын да қалыптастырды: адам өз бақытының да, бақытсыздығының да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсетпеу төңкерісін теориялық тұрғыда негіздеп қана қоймай, өз өлімінің дерегі арқылы да оған мәңгілік өмір сыйлайды. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеуі, танымды нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы – оның этикасының осы тұжырымдары индивид автономиясын жария етті. Атомистік мектептің өкілі Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.) танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді: 1. Сезім арқылы танып-білу, 2. Ақылмен танып-білу. Ежелгі грек материалист-философы Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады. Сонымен қатар, Платон да таным мәселесін зерттеді. Платонның таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұштастыратын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқан, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырса, ал риторика – абсолютке жетудің логикалық емес жолы. Платонның адам концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тән), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәнгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр түрлі мифтер түрінде сипатталады. Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса, онда Ақиқат пен Игіліктің жоғарғы құндылықтарын негізделген шынайы мемлекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі — Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады. Антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық-жүйелілік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып, алғашқы философиялық ой-пікірдің қалыптасып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.   4. Ғылыми таным мәселелерінің Ежелгі Үнді философиясында қойылуын баяндаңыз. Ежелгі Үнді философиясы. Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы — Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады. Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үнді қоғамы әлеуметтік стратификациялануда төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. 1. Брахмандар – Абыздық варна, ой еңбегімен шұғылданды 2. Кшатрийлер − Әскери ақсүйектер тобының варналары , әскери істермен шұғылданды 3. Вайшьялар − Егінші-варналар, жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен шұғылданды 4. Шудралар − Төменгі варна, қара жұмыспен шұғылданды Атап өтетін бір ерекшелік — варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін. Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі — жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды. Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері: 1) ғылыми оймен байланысының аздығы; 2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы; 3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы; 4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі; 5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді: · Ригведа − Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды. · Брахмандар − Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді. · Араньяктар − Орман тақуаларының кітаптары. · Упанишадтар − Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.   5. Ғылыми таным мәселелерінің ежелгі Қытай философиясында қойылуын түсіндіріңіз. Қытай өркениеті- Шығыстың ең ежелгі өркениеттерінің бірі. Зерттеушілер ақылды адам бұдан 200 мың жыл бұрын қазіргі Қытай жерінде пайда болған дейді. Ежелгі қытайдағы философиялық ойлау барлық табиғат жанды, жанның жетекшісі аспан болып табылады, ал адам- табиғаттың бөлігі және дүние орталығы деген мифтен өз бастауын алады. Тең құқықты ғаламның бір бөлігі әлемге үндес. Олардың алдында мынадай мәселе тұрды: дүниемен, қоғаммен және өз-өзімен бірге өмір сүру. Бұл- барлық қытай мифологиясының негізгі идеясы және ежелгі мәтіндердегі дәлелддеу алған басты философиялық қағида. Біздің дәуірімізге дейінгі IX-VII ғғ қытай мифтерінің барлығы даналар жазған «Таулар мен теңіз кітабына» енгізілген. Ол «қытай білімділігінің классикалық кітаптарына», тарих, элита, поэзия, философия, заңдылықтар негізі бойынша мәліметтер жиынтығына кезек береді. Бұл- «Әндер кітабы», «Тарих кітабы», «Тәртіп кітабы», «Көктем мен күз кітабы». Көне Қытай философиясы, Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді. 1) Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. 2) Келесі ерекшелігі – философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған мәселесі – адам, оның бойындағы ізгілік пен зұлымдық мәселесі болды. Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.Олардың бастысы – Конфуций мектебі, ол б.д.д. екінші мыңжылдықтан бастап, ХХ ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарды.Ежелгі Қытай қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындары еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасы (семья) тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдындаәртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді. Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды.Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу, т.б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды. Бірақ ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа – мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі.   6. Ғылыми танымның дамуына ортағасырлык араб мұсылман философиясының қосқан үлесін қарастырыңыз. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет антикварлы мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетфінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді. Орта ғасырлардағы философия мен ғылымның дамуынаэнциклопедист-ойшыл ибн Сина (980 – 1037ж)зор үлес қосты. Әл-Фарабидің кейбір идеяларын одан әрі жалғастырған ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күресті. Философия мен теологияның ара жігін ажыратып, олардың мәртебесі туралы идеяны ибн-Рушд қосақиқаттылық туралы теориясында одан әрі жалғастырды. Философия дамуындағы рационалистік бағытты шығыстың Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-Раванди сынды танымал ғалымдары мен философтары дамытты. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары сопылық дүниетаным негізінде тың тұжырымдар жасады. Нақты өмірдегі рухани бөлектену орын алатынын ескере отырып, сопылықтың данагөйлері рухани-адамгершілік тұрғыда толысудың жолын ұсынды (қ. Сопылық). Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: І.А. Иасауи, А.Иүгінеки (XI ғасыр), ибн Араби (1165 – 1240ж), әл-Хуруфи (1339 – 93/94ж), Әнуар Қасими (XIV ғасыр), Мағриби (XV ғасыр), Рузбехан Богли (XVIII ғасыр), т.б. болды. Сопылық ілімнің өкілдері Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы тұратыны туралы идеяларды насихаттайдыАристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль — Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді. Аль — Кинди (800 — 870 ж.ж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль — Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль — Киндиге күпірлікпен қарады. Аль — Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған. Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль — Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты. Аль — Киндиге қарама — қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар. Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы – Авиценна, 980 — 1037ж) ортағасырдағы тәжік философы, дәрігері және ғалымы. Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім кітабы» («Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина каноны» және т.б. еңбектердің авторы. Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура, көне дүние философиясы мен ғылымын арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі ықпал жасайды. Ол өзінің философиялық ілімінде Аристотельдің материалистік және идеалистік бағытын ұстады, ал кейбір мәселелерде аристотелизмнен бас тартып, неоплатонизм жағына шығады. Аристотельдің логикасын, физикасын және метафизикасын жетілдірді. Ол материяның мәңгілігін мойындады, оған бір тектес заттардың әрқилы себептері деп қарады және астрлогиямен басқа да сәуегейліктерге қарсы шықты. Әл — Фараби мен Ибн Синаның перипатетизмінен қатарласа суфизм ілімі де көрініс тапты. Суфизм – (араб. суф-жүн, суфи-жүннен тоқылған шекпен) – Исламда 8 — 9 ғ.ғ. пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. Ертеректегі Суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тән болды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналадағы заттар мен құбылыстар оның эманациясы дей отырып, Суфизмнің ізбасарлары өмірдің ең жоғарғы мақсаты адам жанының Құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрімен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. «Құдаймен бірігу», Суфизм ілімі бойынша, діндарлардың өзін — өзі ерекше шабыттану жағдайына жеткізген кезінде ғана іске асады. Суфизмнің көрнекті өкілдері Әл — Ғазали (1059 — 1111), Суфи Алаяр (1720 жылдарда өмір сүрді), Ахмет Яссауи. Қожа Ахмед Яссауи (шамамен 1093 – 1166 — 67 ж.ж.) – түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркстан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған. Оның есімі Түркстанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Ахмед Яссауидің мистикалық танымының түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының мұсылманшылыққа бет бұруына айтарлықтай әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасатты сөздер жинағы) 12 ғасырдағы жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын асыл мұра болып табылады.Ахмед Яссауи 62 жасқа келгенде, «Пайғамбар жасына жеттім, пайғамбардан артық күн көруге қақым жоқ»,- деп, жер астына – халуаға (халуа- жалғыздықта болу) түседі. Өмірінің аяғына дейін өз ғұмырын сол халуада өткізіп, бар уақытын Хақ (Құдай) жолына арнайды.Ортағасырлардағы мұсылмандардың философиялық және эстетикалық идеялары европалық ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасына елеулі ықпал етті.   7. Әл-Фараби философиясындағы философиясындағы таным мәселелерінің мәнін ашыңыз. Әбу Насыр Әл-Фарабинемесе Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) философияда әл-Киндимен қоса, Аристотельдің ізін қуып, басып озған. Әл-Фараби көптеген антикалық философтарды сынап, жетістікке жеткен; аударды, жинады және Аристотельдің «Органонын» жинақтап, ортағасырлық идеологияның сұранысы бойынша Стагириттің логикалық ілімдерін жетілдіріп, оған пікір жазған. Оның музыка, логика және басқа да ғылым салаларын жеткілікті меңгергені соншалық, оны әлі күнге дейін Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз», яғни біріншіден басып озды деп атайды. Ғылым саласында ол метафизиға көп көңіл бөліп, оны «ғажайып ғылым» деп атаған. Бұл пән жаратылысты зерттейтін болғандықтан, алдымен Аллаһты басты негізге алады. Әл-Фараби Құдайды тану тек философтардың қолынан келеді дейді. Оның топтастырған ілімі бойынша бірінші орында – тіл туралы ғылым, яғни грамматика, екіншісі – логика. Фараби үшін – жай ғана ілім емес, ол – грамматикамен ұштасып жатқан өнер. «Логиканың парасаттылықпен және ақылымыз жететін объектілерімен байланысы грамматиканың тілмен байланыстылығы сияқты» дейді. Логика- негізінде аристотельдік «Органон» заңдары жатқан дұрыс ойлай білу ғылымы. Ол- кез келген ғылымды игере алуға көмекші. Үшінші бөлім бүтін ғылым саласының жиынтығы негізделетін математика, арифметика, оптика, астрономия, астрология. Әл-Фараби арифметика мен геометрияны теоретикалық және салыстырмалы деп бөледі. Бұл ол өмір сүрген дәуірдің ғылым деңгейін көрсетеді. Оның «жұлдыздар туралы ғылымына» астрономия, астрология, физикалық география салалары кіреді, яғни Жердегі тіршілік көзі бар және жоқ жерлер туралы ілім. Қорытынды, төртінші бөлімде гносеология мен онтология негізге алынып жазылған физика және метафизика қарастырылады. Келесі бөлімдерде музыка, ауырлық күші ғылымы, құрылыс өнері қарастырылған. Бқһұлар тіпті әл-Фараби зерттеген салалардың жартысы ғана, аталған ғылым салалары антикалық және ортағасырлық философиямен салыстырғанда шығыс перипатетиктерінің әлдеқайда алда екендігін аңғартады. Философия тарихында Батыс елдерінің европоценртизмін үстем етіп көрсетіп, Шығыс философия қағидаларына немқұрайлы қатынас қалыптасты да, оларға пессимизм, иррационализм тән деп есептелінді. Дегенмен, философия тарихында «Еуропа Шығысты арабтар арқылы таныды» деген қағида бар екенін естен шығармайық. “Азаматтық саясат”, ”Аристотель философиясы” еңбектерінде Әл-Фараби әлемнің негізіне айналған бастапқы болмысты алты сатыдан тарқатып көрсетті. · бірінші негіз – Алла, · екінші – аспан әлемі денелерінің өмір сүру сатысы, · үшінші – іс-әрекетшіл ақыл-ой, · төртінші – рух, · бесінші – форма, · алтыншы – материя.  Әлемде заттар мен құбылыстардың өзгеруінің, дамуының өз табиғи заңдылығы бар. Оларға философиядағы диалектиканың категориялары тән. Алламатерияның тіршілігіне бақылау жасамайды. Алла мен материяны әлемнің екі қарама-қарсы полюсына қою Әл-Фараби философиясында ғана орын алды. Табиғаттың құбылыстары өздігінен дамиды, сондықтан материя өзі мен өзі өмір сүреді. Болмыстың пайда болуының сатылары туралы ілімді сырттай және құрылымды түрде қалыптастыра отырып, неоплатонизмнің мәніне қарама-қарсы еркін ойлауға қарай бағытталған ой түзеді. Жаратылыстану ғылымдарының дамуы жаңа табиғи-ғылыми методологияның қажеттігін тудырды. Осы негізде Әл-Фараби жалпы философиялық мәселелерді методологиялық деңгейлерге дейін көтерді және де дүниетанудың тәсілдері мен әдістерінің жаңа түрін табуды басты мақсат етіп қойды. Фараби философиясындағы адамның танымдық қабілеті ерекше қойылады. Оның пікірінше, тек адамға ғана дүниені тану құштарлығы тән, өйткені оның дамуы ғана ақиқатқа жеткізетін білім жүйесі болып табылады. Сыртқы ортаны, табиғатты тану, өзін-өзі тану арқылы ғана адам ең жоғарғы құндылыққа айналады. Таным адамның мәні немесе оның мәнінің бір әрекеті. Фарабидің пікірінше, бүгінгі өмір негізінде алсақ, дүние мен адам бірлігі туралы ой-тұжырымдардың синтезі ғылыми таным үшін өте қажет. Өйткені жалпы әлем туралы адамның дүниетанымында нақты жүйеленген, тарихилық пен логикалықтың бірлігі негізінде қалыптасқан білім теория болмаса ғылыми таным да болмас еді. Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін, ұстаздық жасайтын адмдарды өте жоғары бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші адам – „мәңгі нұрдың қызметшісі”. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған оттың көзі” – деген Фараби. Әл-Фараби адамгершіліктің басты мақсаты - бақыт дейді. Ал оны ғылыми танымсыз және еріксіз тану мүмкін емес. Ерік-сезімдік таныммен, еркіндік-логикалық ой санамен байланысты. Сонымен қатар Әл-Фараби ілімінің бір қыры да көне Грекиялық Аристотель мен Платон еңбектеріне герменевтикалық талдаулар жасаудан басталады және кейінгі батыс еуропаға оның еңбектерін таныстырушылардың бірі ретінде тынамал. Ол әлемдік рухани кеңістікте Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған (мүмкін, шындығында, бірінші болар). Ол 200-дей еңбек жазғанмен, оның бізге келіп жеткені 70-тейі ғана: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Логикалық трактаттар», «Музыканың ұлы кітабы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» т.б.   8. Ғылыми танымның дамуына Ортағасырлық христиан философиясының қосқан үлесін бағалаңыз. Жалпы көпшілікке ортақ пікір бойынша, орта ғасырлық философияның өзі екіге бөлінеді: 1) патристика (2-8 ғғ.); 2) схоластика (9-15 ғғ.). Патристика кезеңінің өзі үшке бөлінеді: ерте патристика (2-3 ғғ.), толысқан патристика (4-5 ғғ.), соңғы патристика (5-8 ғғ). Схоластика да шартты түрде екіге бөлінеді: 1) ерте схоластика (11-12 ғғ.). 2) толысқан немесе соңғы схоластика (13-14 ғғ.). Бұл схоластика орта ғасырдан кейін де жаңа заманға дейін неосхоластика немесе «екінші схоластика» деп аталып жалғасын тапты: 1) контрреформация (15-16 ғғ); 2) католиктік реставрация (18-19 ғғ); 3) неотомизм (20 ғ).  Орта ғасырлық Еуропада бір дін – христиандық (оның католиктік тармағы), бір шіркеу (рим епископы – пап басқарған), бір тіл (латын) үстемдік құрды.Орта ғасыр философиясының басты ерекшелігі – дінге арқа сүйеп, дінге тәуелді болғаны, діннің сойылын соққаны. Философияның мұндай кіріптар хәлін әдебиетте «философия – Құдай сөзінің қызметшісі» деген формуламен білдіреді.Орта ғасыр философиясының басты нысаны – Құдай болды: теоцентризм (грекше theos - Құдай деген сөзден шыққан). Құлиеленушілік қоғамнан кейін, оның орнына Еропа елдерінің барлығында жуық дерлік феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алуына байланысты орта ғасыр философиясын негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Б.д. ІІ ғ. бастап, алғашқы христиан ойшылдарының ілімдерін жинақтап, кейін апологетика деп аталып кеткен діни-философиялық бағыттар пайда бола бастады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тациан,Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс т.б. Олардың ойынша барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай –нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Апалогетиктер христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру керек деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері орта ғасыр философиясының келесі сатысы-патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.Патристика (лат.Pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (3-6ғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Майлондский, А.Блаженный. Осы кезеңдегі философиялық ілім «схоластика» (лат. Scholostica — мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:1.Балауса     схоластика (ІХ-ХІІ ғасырлар).Негізгі өкілдері: А.Кентерберийский, Пьер Абеляр. Бұлар ақыл –ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді, универсалийлерге (лат.Unuversalia-жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемділігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсілді қалыптастырды.2.Кемеліне жеткен схоластика(ХІІІ ғасыр). Аритотельдің еңбектері латын тілінде болса да, көшілік арасына тарап, ғылым мен философияның теологиядан бөлініп (Әл – Фараби мен Ибн- Рушдтың «екі ұдайы ақиқат теориясы» негізінде), философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып, кең етек алған кезеңі болды. Негізгі өкілдері: Ф.Аквинский, Д.Скотт. 3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ –ХҮ ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды дамуының арқасында теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластиканың әлсіреген кезі болды. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан т.б.Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог – схоласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.) болды. Негізгі еңбегі: «Бар және жоқ». Патристика антикалық философияның аяқталуынан және гностиктермен, басқа да еретиктермен идеялық күрес нәтижесінде қалыптасты. Бірінші сатыда апологеттердің ықпалы күшті болды. Бұндағы негізгі тұлғалардың бірі – Ориген христиандық дін негізінде тұтас философия жасауға талпынды. Патристиканың бұл кезеңдегі өрлеу барысы каппадокикалық үйірмемен байланысты: Василий Великий, Григорий Богослов, Григорий Нисский т.б. Бұл ақыр соңында Дамаскиннің идеяларымен қорытындыланды. Патристикалық онтология абсолютті болмыс ретіндегі құдай идеясының айналасына тоаптастырылды. Патристика пұтқа табынушылық политеизмді, гностикалық дуализмді жоққа шығара отырп, жалпы алғанда, монотеизмді қорғайды да, креационизм арқылы стоиктердің және неоплатоншылдықтың пантеизміне қарсы қойылады. Бұл дәуірдегі басты ерекшелік – философиялық ойдың теоцентристік сипаты. Яғни, тео-құдай, центр-орталық деген мағына болып табылатын болса, құдайды басты түсінікке шығара отырып, идеяларды негіздеу, бүкіл рухани мәдениеттің өзегіне айналдыру алаңы белең алды.   Бұл дәуірде құдайдың қасиеттері мен белгілерін позитивті білім бойынша дәйектеуді негізге алатын, жарату құбылысын тану арқылы жаратушыны тануды жолға қоятын «болмыс аналогиясы» қағидасын басшылыққа алатын – «катафатикалық теологиямен» қатар, құдай абсолют ретінде атрибуттарды иеленбейді және оған анықтама берілмейді, сапалылық пен болмыстың сыртында болады деген – «апофатикалық теология» қалыпасты. Ғарыш жаратудың нәтижесі, сондықтан жаратушыдан төмен тұрады, материя жаратылған және жаратушы арқылы игеріледі деген бағдар ұстанылды. Патристикада әлем құдайдың игілікті жаратуынан және мақсатқа ұмтылатын кемелділік болып саналады. Космологиясындағы басты идея телеологизмге келіп саяды, ол – әлемдегі заттардың үйлесімділігі мен өзара қатынастылығы, ғарыштың қатаң иерархияға құрылғандығы, әлемді эстетикалық тұрғыдан ақтау т.б. идеялармен қамтамасыз етіледі.   9. Ренессанс дәуірінің ғылыми жаңалықтары туралы баяндаңыз. Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-ХVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты. Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше рінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмнің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.    Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып қарайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді- Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған ілім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады. Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Қайта өркендеу дәуірінде Натурфилософия Дж. Бруно, Б.Толезио, Дж.Кампанелла, Дж.Кардано,Ф.Парацельс, Ф.Патрици есімдерімен байланысты пантеизм, гилозоизм негізінде дамыды. Бұл кезеңдегі Натурфилософия табиғатты біртұтас қарау принципін ұсынып, бірқатар терең мәнді диалектикалық қағидалар (мысалы, өзгерістің қайнар көзі қарама-қарсы бастамалардың күресінде деген ілім) тұжырымдады. Бірақ табиғатты түсіндіру астрологиялық, алхимиялық, мистикалық түсініктерге толы болды. 17 – 18 ғасырларда механистік жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуына байланысты табиғатты талдамалы және метафизика тұрғыдан зерттеу басым болып, Натурфилософия ғылымнан шеттетілді. Классикалық неміс философиясында Натурфилософия негізгі пәндердің біріне айналып, өз заманындағы жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін объективтік идеализм тұрғысынан тұжырымдамақ болған Ф.В. Шеллинг философиясынан елеулі орын алды. Ол диалектикалық полярлық идеясы арқылы дүниенің біртұтастығының жіктелуі мен жоғары формалардың төмен формалардан дамып жетілуін түсіндірмек болды. Қайта өрлеу дәуірі – философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды. Қайта өрлеу дәуірі философиясының негізгі белгілері: -антропоцентризм және гуманизм – адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою; -шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу);  -кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар аудару;  -Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жиналықтар) түсіну; -тұлғаның алғашқы қатарға қойылу;-әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы. Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағытта дамыған – неоплатондық бағыт болды. Аталған бағыттың мақсаты – Платон ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді жойып, бір жүйеге келтіру, әрі қарай дамыту. Неоплатоншылдар Платон идеясына сүйене келе, схоластикаға өздерінің жаңа философиялық жүйелерін қарсы қоя отырып Құдай рөлін төмендетті. Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар бағытының белді өкілдері Н. Кузанский және Джованни Пико дела Мирандола. Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясында басты ерекшелік адамға деген бет бұрыс егер антикалық философияда басты проблема табиғат космологиялық өмір болса, ал қайта өрлеу дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты проблемалары көтеріледі. Философия ғылым ретінде түсіндіріледі және оның мақсаты адамның өмірде орнын табу. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік боды. Яғни басты тұлға құдай емес ал адам. Құдай баолық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Қайта өрлеу дәуірінің ортасы негізі қайта өрлеу дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта адам ерікті өзінің болашағын жасаушы тұлға ретінде қарастырылды.   10. Ф.Бэконның эксперименталдық тәжірибенің танымдағы ролі туралы идеясын түсіндіріңіз. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл — ағылшын философиясының негізгі өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы Френсис Бэкон (1561-1626 ж.ж.) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида» т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі — қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал жан, рух т.б.ғылыми тұрғыдан танып-білуге болмайтын болғандықтан — нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты нақты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп — табынушылық , жалған эксперимент екендерін түсінулері керек. Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі — индукция. Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және олар бір- бірімен байланыста болмайды. Ф.Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты – экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу. Ф.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды.Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «әртүрлі металл түрлері балқитын болса, онда бұл барлық металдардың балқу касиетіне ие екенін көрсетеді.") деп түсіндіреді Фр.Бэкон. Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар: · «өрмекші жолы» · «құмырсқа жолы» · «ара жолы». «Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады. «ой өрнегін өз ойларынан тоқиды». «Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніш білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше). Бұл әдіс те біржақты. «Таза эмпирктер» өз назарын практикалық тәжірибеге, түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға аударып, білімнің сыртқы көрінісін, мәселені сыртынан, «қиғашынан» ғана көріп, мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін түсіне алмайды. «Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы. Осы жолды ұстаған зертеуші философ «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолдарының» жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады. «Ара жолын» ұстана отырып фактілерді жинап, жалпылап (мәселеге «сыртынан» қарап), ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің «ішіне» үңіліп, мәнін түсіну қажет. Бэкон пікірінше танымның ең дұрыс жолы – индукцияға негізделетін (фактілерді жинау және жалпылау, тәжірибе жинау) заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ақылмен түсінудің рационалистік тәсілдерін пайдаланатын эмпиризм. Фр.Бэкон философиясы ағылшын философиясына, Жаңа Заман философиясына, одан кейінгі дәуірлер философиясына үлкен әсер берді: -философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізі қаланды; -гносеология (таным туралы ілім) философияның қосалқы саласы болудан жоғары көтеріліп, онтология (болмыс туралы ілім) деңгейіне жетті, және кез-келген философиялық жүйенің басты екі бөлімінің біріне айналды; -философияның жаңа мақсаты анықталды – адамға оның өз әрекетінде практикалық нәтижелерге жетуіне көмектесу (осылайша Батыс философиясы жанама түрде болса да болашақ америкалық прагматистік философияның негізін қалады); -ғылымдарды жіктеуге талпыныс жасалды.   11. Р.Декарттың рационалистік таным теориясын сипаттаңыз. Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық 2. гносеологиялық 3. этикалық рационализм Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды. Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер. Рене Декарт (1596 -1650) – француз философы, математик, физик және физиологы. Ла Флеш діни коллегиясында оқыды. Математикада аналитикалық геометрияның негізін салған. Механикада қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалығын атап көрсетті, әсерлесу мен жалпы әсердің заңын тұжырымдады, сондай-ақ серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Ол космологияда ғылым үшін жаңа идея – Күн системасының табиғи дамуын жетілдірді, әлем құрылымына және аспан денелерінің пайда болуына жағдай тудыратын космологиялық катигория қозғалысының негізгі формасын оның ұсақ бөлшектерінің құйынды қозғалысы деп білді. Декарт дамуды тек механикалық заңдылық деп түсінді, бұл болжам табиғатты диалектикалық тұрғыдан түсінуге ықпал етті. Декарт материаны кеңістікпен теңестірді. Бұл қандайда болмасын кеңістікте зат бар, бос кеңістік болмайды, ал тығыздық пен геометриялық қасиеттер дененің бір мәнін құрайды. декарт материалистік физика іліміне дуалистік идея тән: қозғалысқа жалпы себепші – құдай, ол материяны қозғалыс және тыныштықпен қоса жасады, және материя қозғалыс пен тыныштықтың бірдей жалпылама санын сақтайды. Физиологияда рефлекстік актының алғашқы ғылыми сипаттамасы – қимылдар тетіктерінің нобайын жасады. Декарт бойынша мәні кеңістік болып табылатын денеден жанның айырмашылығы оның ойлау қабілетінде. Декарт та Бэкон сияқты білімнің міндеті адамның табиғат күштеріне үстемдік етуінде, техникалық құралдарды ойлап табу және жасауында, себеп пен салдарды танып білу, адам табиғатын жетілдіру деп білді. осы міндетті орындау үшін бәріне күдіктене қарау керек деп білді. Бұл күмән барлық нәрсені танып білуге болмайды деген сенімсіздіктен туған жоқ, керісінше, ол білімнің дұрыс бастамасын тудыру үшін қажет. «Күмәнданамын, яғни ойланамын, ойланамын яғни өмір сүремін» (Cogito, ergo sum) деген қағиданы осындай бастама деп есептеді. Сөйтіп, ақиқат білімнің тамыры ақылда деп есептеді де, теоретикалық ойлаудағы тәжірибенің мәніне мүлдем көңіл бөлмеді. Декарт таным ілімінде математикалық білімнің логикалық сипатын біржақты түсіндіру нәтижесінде қалыптасқан рационализмнің негізін қалады. Декарт үшін математикалық білімнің жалпыға бірдей, қажетті сипаты ақылдың өз табиғатынан туындайтын болғандықтан, ол таным процесінде мүмкіндігінше толық ұғыммен тануға болатын қағидаларға сүйенген дедукция роліне баса мән берді. Декарттың ақылдың дұрыстығы және туа біткен идеялар туралы ілімі (мұндай идеяларға құдай, жандық және тәндік субъстанция туралы ойлары жатады) идеализмге ықпал етті. Танымдағы сананың алғашқылығы, ақылдың сезімдік қабылаулардан тәуелсіз екендігін мойындады. Егер ақыл ақиқат әдісті пайдаланатын болса, барлығынан ақиқат білімді ала алады. Мұндай әдіс ретінде Р. Декарт дедукция деп көрсетті. Оның әдіс туралы ілімі «Әдіст туралы пікір» (1637) шығармасында жазылды. Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Декарттың философиядағы үлесі мынадай: 1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді; 2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды; 3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді; 4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды. Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді: 1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.); 2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.); 3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді; 4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды; 5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады; 6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады. Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды. Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді: 1.материалды (заттар), 2. рухани (идеялар). Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б. Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған. Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады. Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды. Р.Декарт «философияның негізгі сұрағын» да дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде, с ана ма? Таласы мағынасыз. Материя мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі – материалды және рухани – субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды – олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық салаларында шын білімге қол жеткізуге болады. Рационалистік – дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынады: 1.Зерттеу барысында бастапқы қағидалар ретінде тек ақиқат, шын, ақылмен және логикамен дәлелденген, ешбір күдік туғызбайтын білімдерді ғана пайдалану; 2.Күрделі мәселені қарапайым бөлшектерге, бөліп қарастыру; 3.Белгілі және дәлелденген сұрақтардан белгісіз, дәлелденбеген сұрақтарға жүйелі түрде өту; 4.Зерттеудің жүйелілігін, логикалық тізбегін қатаң сақтап, сол тізбектегі бірде-бір зерттеу бөлшегін тысқары қалдырмау. Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер. Ол білімдер екі түрде: 1.Ұғымдар; 2.Пікірлер түрінде беріледі. Туа біткен ұғымдарға жататындар: «Құдай» (бар); «сан» (бар); «ерік»; «тән»; «жан»; «құрылым», т.б. Туа біткен пікірлер: «бүтін өз бөлшектерінен үлкен»; «жоқтан ештеңе пайда болмайды»; «бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес», т.б. Декарт практикалық танымды жақтады: Декарт бойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс: 1.адамның қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейту және тереңдету; 2.ол білімдерді адам мүддесі үшін табиғатты барынша пайдалануға қолдану; 3.адамды жетілдіруге және 4.түпкі мақсат - адамның табиғатқа үстемдігіне пайдалану.  12. Б.Спинозаның таным теориясын баяндаңыз. Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық 2. гносеологиялық 3. этикалық рационализм Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды. Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер. Бенедикт Спиноза (1632 – 1677) – нидерлант философы-материалист, пантеист және атеист. Екі ірі еңбегі белгілі – « Діни-саяси трактат» (1670) и«Этика» (1675). Амстердамның еврей шіркеу қауымынан дінге еркін көзқарасы үшін аластатылды. Философиядағы геометириялық әдістің негізін салды. Білімнің мақсаты табиғатты меңгеру және адамды барынша жетілдіру деп есептеді. Бостандық туралы ілімін қалыптастырды. Ол қажетілік шеңберінде адам бостандығының қалай мүмкін болатындығын дәлелдеді. табиғат туралы ілімін жасап, Декарт дуализіміне қарсы болды. Спиноза табиғат - өзіне-өзі себепші, ол өзінің болмысы үшін ешнәрсені де қажетсінбейді деп тұжырымдады. Табиғат – субъстанция, өзі атағандай ол – құдай. Субстанциядан шектелген жеке заттар дүниесін ажырататын – модустар. Субъстанция біртұтас, модустар шексіз көп. Шексіз ақыл ғана шексіз субъстанцияны тани алады. Спиноза бойынша адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жан модусы туралы ілімінде Спиноза адамның күрделі психологиялық өмірін зердеген және ынтықтыққа яғни аффектілерге – қуанышқа, қайғыға, құмарлыққа әкеп шектеді. Ол бостандықты ақылмен теңестірді. Бостандық белгілі бір себептерге тәуелді екендігін мойындады. Спеноза ілімі бойынша бастандықта халық бұхарасы емес, тек ақыл иесі болуы мүмкін. Спиноза таным теориясында рационализм бағытын жалғастырды. Ол рационалды танымды жоғар қойып, сезімдік танымды екіншіге, ал тәжірбиенің рөлін төмендетті.айқындық пен дәлдікті ақиқаттың критерийі деп жариялады. Спинозаның атеизм мен еркін ойшылдықты дамытудағы ролі зор. Діннің негізгі мақсаты – табиғаттың тану емес, адамдарды өнегілі өмір сүруге шақыру деді. Сондықтан дінде, мемлекет те ой бостандығына қиянат жасамауы тиіс. Қоғам туралы ілімінде Гоббсті жалғастырушы. Одан айырмашылығы биліктің жоғарғы түрі монархия емес, демократиялық билік деп көрсетті және мем. шексіз билігін бостандық талаптарымен шектеді. Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы. Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні: 1.субстанция мәселесі; 2.таным теориясы; 3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері. Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне. Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада: 1.жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ; 2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар; 3.ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды; 4.Табиғат – Құдай – бір; 5.Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ; 6.Құдай Табиғаттың ішінде; 7.Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады; 8.«Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай – «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды; 9.жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның – Табиғат + Құдайдың «модустары» - көріністері ғана; 10.модустар тіршілігінің сыртқы көрінісі – біртұтас субстанция (Табиғат + Құдай), модустар. Оған бүтіндей тәуелді. Модустар кеңістікте және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар. Ал Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар: 1.тіршілік етеді; 2.дербес, ештеңеге тәуелді емес; 3.өз-өзінің ішкі себебі бар (модустар сияқты сыртқы емес); 4.көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері (ойлау мен дәйектілік) Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті; 5.уақыт пен кеңістікте шексіз; 6.мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды); 7.қозғалыссыз. Гносеология мәселелерін зерттей келіп Спиноза танымның үш сатысын жіктейді: 1.тікелей адам танымынан бастау алатын және ешбір сыртқы себептерге (сезім, тән, т.б.) тәуелді болмайтын «таза түрдегі таным» - танымның жоғарғы түрі; 2.ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным; 3.қоршаған дүниенің санада бейнеленуі нәтижесінде қалыптасқан таным. Спиноза пікірінше, ол білімдер айқын емес, толық емес, терең емес, дәлелмен негізделмеген. Бірақ олар ақиқат білім алуда үлкен рөл атқарады. Спиноза этикасының өзекті мәселелері: 1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы. Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді: 1.субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді; 2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді; 3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді; 4.адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді; 5.жаны азаттықты қалғаныме, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді (Спиноза тілінде – «рухани автомат») болып табылады; 6.сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру – бостандыққа апаратын жол; 7.бостандық – бұл танылған қажеттілік. Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар орындалуы қажет: 1.Табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу; 2.Аффектілерден (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет, өйткені олар бостандыққа кедергі жасап, адамды қажеттілік бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді. Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!.»   13. И.Канттың таным теориясының агностицизмін ашыңыз. 14. Фихте мен Шеллингтің таным теориясының ерекшеліктерін көрсетіңіз. 15. Идеалистік теорияны Гегельдің таным теориясы тұрғысынан түсіндіру. Георг Вильгельм Фридрих Гегель немістің идеалист философы (1770 – 1831 жж.). 1801 жылы Иен университетінде жоғары лауазымға ие болып, «Фихте мен Шеллингтің философиялық жүйелерінің айырмашылығы» атты еңбегін жазды. 1807 жылы «Рух феноменологиясы» туындысын жариялады. 1812-1816 жылдары «Логика ғылымы» еңбегін жазып шықты. Ал Берлиндегі кафедрада жұмыс жасаған кезінде ол «Құқ философиясының очерктері», 1827-1830 жылдары энциклопедиялар өнімдерін тудырды. Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың теңдiгiнен бастайды. Ал онда оның Шеллингтiң философиясынан айырмашылығы неде?,- деген сұрақ пайда болуы мүмкiн. Расында да, Шеллинг , жоғарыда көрсеткендей, Абсолюттiң ойлау мен болмысының тепе-теңдiгiн мойындады. Бiрақ, сол тепе-теңдiктен шығудың қайнар көзiн ол белгiсiз бiр құдiреттi күштен көредi де, оны тек қана эзотерикалық (құпия) жолмен сезiнуге болатынын айтады. Ал Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдiгiн ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсiнуге болатынын айтады. Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап, философияға тарихи көзқарасты еңгiзедi. Сонымен қатар, дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады. Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель “ақиқат - алдын-ала құйылып қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес², оған жету үшiн жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей бiлiп, игеру керек екенiн айтты. Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң орасан зор философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол - абсолюттiк бiлiм, таза ұғым - шынайы болмыстың өзi. Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол “Логика ғылымы² арқылы бередi. Сонымен қатар, абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан өтiп, iс-әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегенiмiз, Гегельдiң ойынша, немқұрайлы сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты - өзiнiң тiкелей сезiмдiк сатысынан өтiп, Феникс құсы сияқты өзiн қайта жаңару үшiн жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретiнде қайта дүниеге келу болып табылады.   Рух дегенiмiз - шектелген сана, ойлай алатын қабiлетi бар пәнде, яғни - адам. Бiрақ, ол табиғаттан шықса да, Гегельдiң ойынша, оның туындысы емес - ол өзiнiң өзiндiк нәтижесi. Рух өзiнiң алғы шарттарынан - логикалық идея мен сыртқы табиғаттан - өзiн тудырады. Сонымен, абсолюттiк идея ең алдымен таза логикалық дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның iшiнен адамзат осы тұрғыдан қарағанда, Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады.  Гегель жүйесі 3 бөліктен тұрады: 1) Логика (онтология) әлемді жаратуға дейінгі Құдай болмысы; 2) Натурафилософия – материалдық әлемдегі құдайдың жатсынылуының мазмұны; 3) рух философиясы –Құдайдың өзінің жаратуынан адамдық рухта өзіне қайта оралуы, өзге болмыстан рухтың қайтып оралуы тек адамда ғана, субъективті рух өзінің танылған санасын, өзінің жеке рухани субстанциясын сәйкес деп танымайды, объективті рух қоғам құрған құқ, мораль, құлықтылық арқылы өзінің құрылуында осындай эволюцияны бастан өткізеді. Сондықтан объективті рухтың құрылуында абсолютті рухтың үш формасы бар; байыптау, елестету, білім. Тарих еркіндіктің санадағы прогресімен бірге әлемдік рухтың өзін тану процесі. Сонымен, Гегельдiң абсолюттiк идеализм жүйесiнiң қабырғалары осылай қалыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдiң философиялық жүйесiн объективтi идеализм бағытына толығынан жатқызуымызға болады. Кантпен салыстырғанда Гегель трансценденталды алғышарттарды тарих құрастырады деп санады, өйткені ол Абсолюттік Идея дамуының интерсубъективті процесі болып табылады. Абсолюттік Идеяның өзіндік дамуын Гегель өзінің “Рух феноменологиясында” (1807 ж.) түсіндіреді. Ол бойынша бұл процесс екі деңгейде көрінеді: индивидтің санасы деңгейінде (сезімталдықтан философиялық білімге дейінгі сананың қозғалысында) және тарих деңгейінде (антикалық дәуірден Наполеон заманына дейін). Гегель әр түрлі формалар арқылы өзіндік санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруін көрсетеді. Абсолюттік Идеяның өзіндік дамуының бүкіл осы күрделі драмалық жолын индивидтің қалыптасуы мен даму процесі ретінде қарастыруға болады және оның барысында индивидтің көзқарасы, санасы, тәжірибесі өзгеріп, оның болмысының “негіздері шайқалады”. Сананың өзгерісі процесінде Гегель гносеологиялық теориялардың мазмұнын, олардың шектеулілігін анықтай отырып, сыни тұрғыда қарастырады. Сонымен қатар ол танымның әр түрлі формалары арасындағы өткелдерді сипаттай отырып танымды қалай пайда болғаны тұрғысынан баяндайды. Сананың пайда болу процесін анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзін-өзі тану күрделі диалектикалық процесс деген тоқтамға келеді. Ақиқат өзгермейтін нәрсе емес және абсолюттік біліммен мәңгіге берілмейді, оған таным процесінде жетуге болады және ол әрекетпен байланысты. Осы орайда табиғатқа дейiн таза ақиқат ретiнде өмiр сүрген “абсолюттiк идея² - ол не?деген сауал пайда болуы мүмкін. Бұл сауалды уақытында Гегельдiң лекцияларын тыңдаған оқушылары да қойыпты, - деген аңыз бар. әрине, ол басқаша сөздермен айтылған Құдай идеясы. Тек христиан дiнiндегi Құдайға қарағанда, оның денелiк адамдық қасиеттерi жоқ, ол таза логикалық идея ғана. Сонымен, бiз Гегельдiң жасаған философиялық жүйесiн неше-түрлi философиялық категориялармен (ұғымдармен) әсемделген нәзiк дiни көзқарас десек те болғаны. Егер бiз Гегельдiң философиясындағы алғашқы абсолюттiк идеяны сызып тастап, өзiмiздiң Дүние жөнiндегi ой-өрiсiмiздi мәңгi өмiр сүрiп жатқан “ұлы мәртебелi Табиғаттың² өзiнен бастап, тiршiлiк әлемiн, тiптi сана-сезiмi бар адамның өзiн соның туындысы ретiнде қарасақ, онда бiз таза материалистiк көзқараста болар едiк.   16. К.Маркстың тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіруінің мәні мен мазмұны. тарихты материалистік тұрғыдан түсіну дегеніміз диалектикалық тәсілді қоғамдық өмірді зерттеу ісіне қолданғандық тың нәтижесінде пайда болатын терең ері жан-жақты ілім. Ол барлық қоғамдық қатынастарды өзара бірлікте, даму үстінде қарастырады. Олардың ішінен экономикалық қатынастарды шешуші маңызы бар қатынастар ретінде қарастырады. Қоғамдық даму өндірістік тәсілдің негізінде, яғни ендіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму диалектикасының негізінде жүзеге асып отырады. Бұл орайда қоғамдық - экономикалық формациялар қоғамдық дамудың негізгі сатылары болып табылады. Экономикалық қатынастардың жиынтығы қондырғының (саяси. идеологиялық т.б. мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық сананың, өнердің, дамуының, философиялық т.б.) негізі болып табылады. Антагонистік қоғамда тап күресі - дамудың қозғаушы күші іспеттес. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың арасындағы сәйкессіздік тап күресі арқылы көрінеді. Таптар арасындағы қайшылықтар шырқау шегіне жеткенде әлеуметтік революция "бұрқ" етеді, сөйтіп ескі қоғам жаңа қоғаммен алмастырылады. Капиталистік қоғамды жете зерттеген Маркс пен Энгельс, тарихтың алғышарттары осы қоғамның жойылуымен аяқталып, шын тарих еңбекшілердің азаттық алуынан басталады, деген ұйғарымға келген-ді. Ондай ниетке қол жеткізетін нәрсе — әлеуметтік революция, жүмысшы табының үстемдігін орнататын революция, ал жүмысшы табының диктатурасы өз кезегінде талассыз қоғам құрудың бірден-бір кепілі. Міне, қысқаша тұжырымдағанда тарихты материалистік тұрғыдан түсінудің мәні осындай. 40-шы жылдардың ортасында Маркстік философия қалыптасты. Маркстік философиясының негізгі сипаттары: 1. Диалектикалық әдіс материалистік принциппен біртұтас бірлікте қарастырылады. 2. Тарихи процесс материализм тұрғысынан табиғи, заңды процес ретінде түсіндіріледі. 3. Әлем тек түсіндіріліп қана қоймайды, оны өзгертудің жалпы методологиялық негіздері зерттеледі. Философиялық зерттеулер жалаң ұғымдардан гөрі адамдардың материалдық – практикалық іс - әрекеттеріне бағытталады. 4. Диалектикалық – материалистік көзқарастар пролетариаттың, барлық еңбекшілердің мүддлері мен байланыстырылады. К.Маркстің философия мен әлеуметтік ғылымға енгізген екі маңызды жаңалығы бар, оның бірі – қосымша құн теориясы, екіншісі тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру. Маркстің пікірінше, адам табиғат қойнауынан әмбебап табиғи жан болып шықпайды. Ол тарихи процестің барысында әмбебап тіршілік иесіне айналады. Адамды жануарлар әлемінен бөліп тұратын, басқаша айтсақ, оны тіршілік баспалдағының жоғары сатысына көтеретін санасы, ақыл – ойы емес, өзіне қажетті құрал – жабдықтарды өндіру, жасау икемділігі. Осының арқасында адам табиғатты игереді, оның кеңістігі мен уақытында өз мүддесі мен талап игілегіне сай өзіндік екінші табиғаты жасайды. Осының барысында өндірісітік қатынастар қалыптасады. Осы өндірістік қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейін қоғамның басқа жүйелеріне базис, негіз болатын экономикалық жүйені құрайды. Мемлекеттік, қоғамдық институттар, қатынастар қондырма ролін атқарады. Базис пен қондырма бір – біріне әсер етеді. К.Маркс тарихи процестегі қайталанып отыратын заңдылықтарды анықтау мақсатында қоғамдық – экономикалық формация ұғымын ұсынды. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірудің мәні: -    қоғам дамуы өндірістік қатынасқа негізделеді (өз еңбегін сату, материалды өндіріс, үлестіру); -    өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің деңгейі мемлекет пен қоғамдық институтардың, қоғамдық қатынастардың базисі; -    мемлекет пен қоғамдық институтар қоғамдық қатынастар экономикалық базиске қатысты қондырма рөлін атқарады; -    базис пен қондырма бір-біріне өзара ықпал етеді; -    базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері пайда болады. формациялардың түрлері пайда болады. Қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері: 1. алғашқы қауымдық құрлыс 2. Құл иеленші қоғам; 3. Феодалдық қоғам; 4. Капитализм 5. Социалистік (коммунистік) қоғам. -    экономиканың, материалды өндірістің, өндірістік қатынастардың деңгейі мемлекеттің тағдырын, тарих барысын анықтайды.   17. Ф.Энгельстің еңбектеріндегі таным диалектикасының мәнін ашыңыз. Фридрих Энгельс (1820 жылғы қарашаның 28-і – 1895 жылғы тамыздың 5-і) — неміс революционері және пәлсапашысы. Ол өзінің көбірек белгілі досы және әріптесі Карл Маркспен бірге коммунизм теориясын дамытып, Коммунистік партияның манифесі атты еңбекті жазды (1848). Сонымен бірге Енгелс Маркстың қайтыс болғанынан кейін Капиталдың екінші және үшінші томдарын өңдеп, баспаға әзірледі. Таным-адамның ажырамас, тылсым қасиеттерініқ бірі. Өйткені көрсем, білсем деген ниет оны өзі дамыған сайын мазалай береді. Осындай мазасыздық, тынымсыз іздену, ұдайы қарману адам баласын жетілдіре түседі, жетілген сайын ол таным көкжиегін кеңейте, ұлғайта береді. Дүниені танып, игеріп, оны білу үшін адамдардың қарапайым өзіндік тәжірибесі, сонымен қатар ол тәрбиеленген мәдени-әлеуметтік ортаның ерекшеліктері де маңызды роль атқарады. Дегенмен, дүниенің терең байланыстары мен тұрақты қасиеттерінің қыры мен сырын білу үшін адамның қарапайым танымының аясы тар, мүмкіндігі мардымсыз болады. Сондықтан, адам арнайы ғылыми, кәсіби білім алуға ұмтылады, яғни танымның ғылыми деңгейіне көтерілуге тырысады.Маркстiң еңбек адам санасының қалыптасуы мен дамуының материалдық негiзi деген, сондай-ақ адамзат қоғамының дамуындағы экономиканың басымдылығы туралы идеялары Ф.Энгельстiң (1820-1895 ж.ж.) “Маймылдың адамға айналу процесiндегi еңбектiң рөлi”, “Отбасының, жеке меншiктiң жəне мемлекеттiң шығу тегi” (1884 ж.) деген еңбектерiнде жалғасын тапты. Ф.Энгельс өзiнiң осы соңғы еңбегiнде қоғамдағы отбасы мен əйел статусының меншiк формалары мен өндiрiс тəсiлдерiнiң эволюциясының ықпалымен тарихи дамудың барысында өзгерiстерге ұшырағанын дəлелдеуге тырысады. Ф.Энгельс отбасы мен неке формаларының эволюциясы қандай жолмен жүзеге асатынын, əйелдердiң эксплуатациясы мен маргиналдануының күшейгенiн жан-жақты ашып бердi. Ф.Энгельс экономика негiзiндегi гендерлiк рөлдердiң (еркек жəне əйел) айырмашылығы туралы пiкiрталастың қалыптасуына ықпал етiп, əйел статусы мен оның эмансипациясы, дəстүрлi неке институтының өзгерiсi мен əйелдердiң еркектергебағыныштылығын жою туралы мəселелердi көтердi. Ф.Энгельс сондай-ақ табиғаттың диалектикасы, болмыстың субстанциясы ретiндегi материя туралы идеяларды, материя қозғалысының формаларының классификациясын, материяның атрибуттары ретiндегi уақыт пен кеңiстiк туралы жағдайды, əлемнiң материалдық тұтастығы туралы идеяларды жасап шығарды (“Анти-Дюринг”, “Табиғат диалектикасы”). Ф.Энгельстiң пiкiрiнше, диалектика – бұл табиғаттың, қоғамның жəне адамзат ойлауының жалпы байланысы мен дамуы туралы iлiм. Диалектикалық даму – бұл материалдық процестердiң, қоғамдық жүйелердiң, сондай-ақ теориялық идеялардың өзгерiсiнiң күрделi, қайшылықты, үдемелi процесi. Сонымен, бүкiл əлем – бұл өзгерiстер мен алмасулардың үнемi жəне шексiз процесi, ал осы өзгерiстердiң қайнар көзi қарама- қайшылықтардың күресi болып табылады. Ф.Энгельс “Анти-Дюрингте” диалектикалық дамудың жалпы заңдарының сипаттамасына арнайы тоқталады: қарама- қайшылықтардың бiрлiгi мен күресi заңы, сандық мөлшерден сапаға көшу заңдылығы, терiстеу заңы. Егер қарама-қайшылықтардың бiрлiгi мен күресi өзгерудiң өзiндiк қозғалысы механизмiн ашса, саннан сапаға өту заңы жаңаның қалыптасу механизмiн сипаттаса, ал соңғысы, яғни терiстеу заңы дамудың бағытын сипаттайды. Бұл заңдар тұрғысында даму бағыты бар, үдемелi, қайшылықты, секiрмелi жəне керi қайтпайтын сипаттағы жаңа түзiлiмдер процесi ретiнде, өзiндiк даму ретiнде көрiнедi. Сонымен, Энгельстiң ойы бойынша диалектика оның қандай екендiгiне (онтология), қалай ол танылатындығына жəне санада бейнелену формасына (таным теориясы мен диалектикалық логика) қарай даму туралы iлiм болып табылады. Диалектика философияның үш бөлiмiнiң тұтастығы болып табылады: онтология, гносеология жəне диалектикалық логика. Диалектикалық логиканың өзi дамушы теориялық ойлаудың заңдары туралы iлiм. Ал теориялық ойлау адамның практикалық əрекетiн идеалды-шығармашылық жəне сыни тұрғыда қайта қалпына келтiру болып табылады. Осылай адам практика процесiнде “ненi” жəне “қалай” өндiретiнiн бiлуге қабiлеттi. Қозғаушы күштерге, негiздерге, шарттарға теориялық талдау жасаудың негiзiнде жəне практикалық əрекет арқылы əлемдi түбiрлi өзгертуге болады. Осылайша табиғатты, қоғам мен ойлауды теориялық философиялық талдау Энгельстi адамзат қауымдастығы өмiрiнде экономика басым рөл атқарады деген ойға əкелдi, ал сана мен оның мазмұнына талдау жасау алғаш рет адамзат əрекетiнiң заттанған формаларын игеру арқылы жүргiзiлдi. Егер Маркс қоғамда əлеуметтiк қайта құру жолымен адам санасын өзгертiп, “əлеуметтiк психоаналитик” (Э.Фромм) ретiнде көрiнсе, ал Энгельс табиғат пен қоғам философиясын белсендi-шығармашылық жəне теориялық ойлаудың материалдық негiзi ретiнде дəлелдеуге тырысты. Бұл теориялық ойлау өзiнiң материалдық-табиғи негiздерiнiң iшкi логикамен ұғынған жағдайда əлеуметтiк қайта құрылымдар жасауға қабiлеттi. Сонымен, К.Маркс пен Ф.Энгельстiң қоғам, табиғат жəне теориялық ойлау заңдылықтарын ашуы, қоғамдық даму барысындағы экономиканың басымдылығын түсiндiруi, индивид санасының заттай практикалық əрекетке тiкелей бағыныштылығын дəлелдеуi жəне тағы басқа идеялары батыстық əлемнiң көптеген жақтаушылық жағынан болсын, даттаушылық жағынан болсын, өзiнiң теориялық- идеялық ықпалын тигiздi.   18. Позитивизмнің бірінші тарихи формасының таным теориясын баяндаңыз.

Позитивизм философиясы: Конт, Спенсер, Милль

XIX ғасырдың соңына таман капитализм дәуірі алға тартқан мәселелерге Жаңа дәуір философиясының жауап беруге қауқары жетпеді. Кезінде француздың моралист-философы Ф.Ларошфуко ғылымдағы арзан сынға және соқыр фанатизмге өзінің бағасын бере келіп, философияның ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсеткен болатын: «философия өткен өмір мен болашақтың қиындықтарын, ауыртпалықтарын жеңді, бірақ қазіргі өмірдің ауыртпалығынан жеңілді». Бұл сөз ғасырлар тоғысында тоқырауға ұшыраған жаңаеуропалық метафизиканы мейлінше дәл көрсетеді.

ХХ ғасырдың басында Еуропада философияға тағы бір кезекті «төңкеріс» әкелген позитивизм бағыты (қоғамға практикалық пайда әкелетін, тек жекелеген ғылымдарға ғана қатысты позитивтік білімдер) пайда болды. Бұл бағыттың өкілдері «бұрынғы» философия ғылыми емес, тым ойшыл деді. Сол себепті ол жаратылыстану және нақты ғылымдар секілді тексерілген білімге сүйенуі қажет, сөйтіп практикалық пайда әкелуі тиіс. Философия тек деректерді зерттеп, ешқандай бағалауға жол бермеуі керек, зерттеулерінде ғылыми құралдарға жетекшілік етуі қажет. Бұл бағыттың негізін қалап, «Позитивті философия» курсында оның басты ұстанымдарын ұсынған Огюст Конт (1798-1857 жж.) болды. Ол ұстанымдар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы көптеген позитивтік теориялар мен тұжырымдарға негіз болды. Позитивизм XVIII ғасырдағы француз Ағартушылық философиясының орнын басқан болатын. Ағартушы-энциклопедистер секілді Конт ғылымнан культ жасап, оның мүмкіндіктеріне шексіз сенімін білдірді. Ойлаудың ғылыми әдістері қолданылатын салалардың шексіз көп екендігін айтты (метафизиканы қосқанда). Олар жасаған ғылымдардың жіктемесін көп жағдайда энциклопедистердің өсиетінің жүзеге асырылуы ретінде қарастыру керек. Жіктемеде ғылымдар табиғи иерархиясына қарай бөлінеді: математика – астрономия – физика – химия – биология – әлеуметтану. Оның ойынша, осы ғылымдардың байланысын қарастыратын «жалпы» ғылымды «философия» деп атау орынды. Алайда оның дәстүрлі метафизикамен еш байланысы болмауы тиіс, себебі олардың зерттеу пәні мен әдістері екі түрлі болып келеді.

Ғылым мен философияны салыстыра келіп, Конт ғылымға практикада қолданылатын позитивті, дәлелденген білімдердің көзі деген анықтама береді. Ал философия «білімдердің жалпы жүйесі» болғандықтан да ғылымға қажет емес. Ол «синтетикалық» ғылым, сол себепті де жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін жинақтаумен айналысуы керек. Ол «әрбір ғылым – өзіне-өзі философия» болып табылады. Позитивистердің «Метафизика жойылсын, физика жасасын!», деген ұраны мен адамзаттың діни, метафизикалық және ғылыми ойлауының дамуындағы «үш кезең заңының» шығу төркіні де осында жатыр.

О.Конт дүниеден озған соң, позитивистік ойлардың орталығы Англияға ауысты. Ең алдымен ол логик Джон Стюарт Милльдің (1806-1873 жж.) есімімен тығыз байланысты болды. «Силлогистік және индуктивтік логикалық жүйелер» атты еңбегінде ол ағылшын эмпирикасының негізін салушы Ф.Бэконның индуктивтік логикалық әдістерін әрі қарай дамытты.

Біздің біліміміз сезім арқылы келетін тәжірибелеріміз деген ұстанымды – біздің бақылауымыздағы құбылыстар ғылыми заңға қалай айналады деген сұрақты алға тартты. Оның ойынша, эмпирикалық пен теориялық пайымдаулардың арасында айтарлықтай принциптік айырмашылық жоқ.

Милль адамның жүріс-тұрысын механистік, физикалық тұрғыдан түсіндірушілерді сынады. Себебі ол кезде адамның еркіндігі, сондай-ақ адамгершілік таңдау мүмкіндіктері ескерілмейді. Утилитарист ретінде Милль мынадай пікірлер айтады: адамдар барлық нәрседен пайда көруге тырысады, себебі адамдар адамгершілік әрекеттерді орындауы керек, сондықтан «адамгершілікке жат әрекет еткенше, пайда көрген тиімдірек».

Ағылшын философы әрі әлеуметтанушы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) «Негізгі бастаулар», «Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде», «Әлеуметтанудың негіздемесі», «Этиканың негіздемесі» атты бірқатар еңбектердің авторы. Ол биологиялық эволюция туралы идеяны Дарвиннен бұрын айтқан болатын. Табиғат әлеміндегі тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу ұстанымдарын қалыптастырды. Ол эволюция туралы идеясын табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстар мен процестерге – ғарышқа, органикалық және бейорганикалық табиғатқа, тіпті социумға да тән деп есептеді. Оны әлеуметтанудағы екі бағыттың – «органицизм» мен «эволюционизмнің» негізін қалаушы ретінде атап көрсетуге болады. Бұл екі бағыт әлеуметтік прогресті қоғамдық құбылыстардың интеграциялану және дифференциациялану процесі ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.

Осы екі бағыттың негіздеріне сүйене отырып, Спенсер алғашқылардың бірі болып жүйелердің жалпы теориясын жасауға тырысты. Құрылымдық-функционалдық және эволюциялық талдау нәтижелері оған әлеуметтік жүйелердің құрылымы мен қызметіне тән бірқатар маңызды ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді. Нақтылап айтқанда, қоғамның әлдеқайда күрделі түрлерінің пайда болуына әкелетін даму және құлдырау циклдері мен интеграциялану және дифференциациялану процесін тануға әкелді.

 

19. Позитивизмнің екінші тарихи формасы өкілдерінің концепцияларын сипаттаңыз.

20. Тұжырымдардың ғылыми сарапталғандығының өлшемі ретінде верификация принципінің енгізілу себебін түсіндіріңіз.

21. Дүниені дәстүрлі қабылдау мен көшпелі мәдениеттің ерекшеліктерін және олардың протофилософиялық білімде бейнеленуін бөліп көрсетіңіз (адам және ғарыш, эпостар, Қорқыт туралы аңыз, күй, салт-дәстүрлер).

22. Жыраулар шығармашылығының танымдық қырларын ашыңыз.

Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп, істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.
Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, –дейді М.Әуезов, –ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария –Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында "терең сыр" барын таниды. Олардың жырында "қыран құстың ұшқаны", "ақбөкеннің жүрісі", "жайдақ желдің желісі", "мөлдір қудың аққаны", "жел жетпейтін құландар жүйріктігі", "адам жанының жайма шуақ кезеңі" –бар-баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген.  Демек, жыраулар поэзиясы –халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарынжырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен.
Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын, үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық.
Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды.

Әдебиетімізді жаңа тарихи кезеңде, ел басына қиын қатер төнген шақта, екіталай кезеңде – XVIII ғ. бірінші жартысында жаңа, соны ой-толғанысымен, көркемдік сөз өрнегімен әрі қарай дамытқан Бұқар жырау. Оның жыр-толғаулары – сол тарихи дәуірдің көркемдік көрінісі.
XVIII ғ. әдебиетінен соның ірі өкілі Бұқар жырау поэзиясы монографиялық түрде арнайы өтіледі.

Қазақ жырауларының қай-қайсысын алсақ та, жыр-толғауларында айтылатын негізгі идея – ел бірлігін, өз отанын сүю, оны сыртқы жаулардан қорғау, батырлығы мен ақындығы сай келетін, сол кезеңнің өзекті, маңызды мәселелерін жырлай отырып, аз сөзбен көп мағына беретін толғауларының жас ұрпаққа тәлімдік-тәрбиелік, тағылымдық ерекше. Бүгін де тәрбие жұмысында кеңінен пайдалануға болады.

 

23. Адамның қалыптасуындағы ғылым мен білімнің ролі туралы Абай Құнанбаевтың көзқарастарын баяндаңыз.

Абай Құнанбаев (1845 - 1904) - ұлы ақын, жазушы, ағартушы, қоғам қайраткері, философ, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Абай философиясы қоғамда сенім, махаббат пен ақыл, адамгершілік, арлылық, жауапкершілік, өзгені құрметтеу, адамды сүю, білімге талаптану сияқты гуманистік құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Абай халыққа өлеңдері, қара сөздері, арқылы ұдайы ой салып, олардың көкірегін оятып, надандытқан, жаман қылықтардан сақтандырады, мәдениетті болуға, прогреске шақырады. Оның өмірі мен шығармашылығы руханилықтың жоғары үлгісі болып табылады. Абай философиясының басты ұраны "Адам бол!" қағидасына негізделеді.

Абай адамның қалыптасуында оқу мен білімді, ғылымды ең бірінші орынға қойды. "Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз" дегені немесе "Жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім" дегені осының айғағы. Абайдың ойынша, адамның ақылдылығы, саналылығы дүниені зерттеумен, оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру, Абайдың пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.

Абайдың ойынша, адам дүниеге келгенде екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - ішсем, жесем, ұйықтасам деген тәннің құмары, онсыз сәбидің тәні жанға қонақ үй бола алмайды, өзі де өспейді, қуат таппайды дейді. Екіншісі - білсем екен демек. Адам дүниенің һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса дендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай-хайуанның жаны болады,- деп жазды. Абайдың сөздеріне жүгінетін болсақ, адам өзге тіршілік иелерінен өзінің ақылымен, ерік-жігерімен және табиғи, әлеуметтік табиғатымен ерекшеленеді. Демек, адам жанының хайуан жанынан басты айырмашылығы да осында, ақыл мен ерік-жігерге ие болуында. Адамның білімге, даналыққа құштарлығы адамгершілік қасиет-сапаларға негіз болады, ақыл мен ғылым бар жерде екіжүзділік, алдау және тұрпайылық болмайды. Сол арқылы нағыз адами болмысқа ие болады.

Абай ғылым мен білімді әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын жол деп түсінді. Абай ғылымның әлеуметтік рөлін терең талдап, оны адамдардың жақсы қасиеттерімен байланыстыра қарады. қайрат, ақыл және жүрек үшеуін айтыстыра келеді де ғылымға жүгіндіреді:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек...

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек», -деп ақылды тереңдетіп, шалқыта түсетін, адамның жігерін, қайратын өсіріп, жөніне жұмсауға жол көрсететін, оны тасыта түсетін, жүректі де ізгілікке, адалдыққа, адамдыққа баулитын, адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын осы ғылым деген қорытындыға келеді. Ғылым жүректің әділеттілік, ұят, рақымшылық, мейірбандық қасиеттерінің артықшылығын қолдайды. Бұдан, Абайдың топшылауынша, адамның адам болып қалыптасуы, әділеттің орнауы, адамдардың  біліміне, ұятына, рақымшылдығына, мейірбандығына, әділдігіне байланысты. Ғылымды оны бақталастық үшін емес, ақиқатты білмек үшін үйрену керек - деп қорытады Абай.

Осылайша, Абай адамдарды ғылымды,білімді меңгеруге, дүниені түсінуге шақырды. Ғылым мен білімсіз екі дүниеде де жетістікке жету мүмкін емес деді. Қырық бесінші қарасөзі былайша аяқталады: "Ғаделет, махаббат, сезім кімде көбірек болса, сол кісі - ғалым, сол ғақил". Ал қырық бірінші сөзінде "Ғылымның жолдары бар, әрбір жолды үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе түзелер еді"- дейді.

 

24. ХІХ ғасырдағы қазақ Ағартушылығы классиктерінің ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.

Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист ғалым, шығыстанушы, саяхатшы,публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінігі үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлиханов шығармашылығын: қалыптасу кезеңі, кемелдену кезеңі деп екіге бөлуге болады. Шоқан Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңірі (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Уалиханов мәңгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты.

Дүниетанымдық көзқарасында Шоқан жалпы идеализм шеңберінен шыға алмағанымен, көп жағдайда материалистік көзқарасқа жақындады. Оның діни ұғымның тууы жөніндегі пікірі өте құнды. Діннің гносеологиялық тамырын ашты. Дін түрлерінің ішінде Уалиханов ислам мен христиандыққа қарағанда буддизмді «гумандық ілім» деп бағалады. Сондай-ақ, Шоқан Қырғыздардың Ыстықкөлге, Құлжаға сапар жасап, "Алтышаһар" еңбегін жазды. "Манас" эпосын зерттеп, ол туралы ғылыми пікірлер айтты. "Жоңғария очерктерінде" Шоқан Ферғана, Самарқан, Ташкент, Бұхара кітапханалары мен обсерваториясы XIII-XIV ғасырларда қирағанын өкінішпен айтады. Жалпы алғанда, Уалиханов дүниетанымы, оның шығармашылық мұрасы мен практикалық іс әрекеті орта Азия мен Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақ ағартушылығының көрнекті педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған елінің халық ауыз әдебиеті,прогрессивті орыс мәдениеті мен еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Уәлиханов секілді Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірденбір жолы ағартушылықта деп сенді және қазақстандағы халықағарту ісінің ұйымдастырылуы менм дамуына белсене араласты. Ыбырайдың ойынша, халықтың көзін ашу қазақ халқының болашағының кепілі болып табылады. Тек жаңа үлгідегі білім ғана халықтың экономикалық және адамгершілік дамуын қамтамасыз ете алады. "Білім дегеніміз, өзімізді қоршаған шындықты танып білу",-деп түйіндеді. Ол "толығымен ғылымға негізделген" білім арқылы халықтың көзін ашуға болатынын сенді.

 Ы.Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбектер жазбаған дегенмен, ағарту және қоғам мәселерін талқылауға арналған шығармаларында дүниеге көзқарастық пікірлер қалыптастырды. Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Мысалы «жаз», «өзен» деген өлеңдерді табиғаттың сұлулығы көк орай шалғынды көркі, күмістей сылдыраған суы көкжиектің мұнарланған сағымы шебер суреттеледі. Этикалық тәрбие жөніндегі пікірлерін, ой тұжырымдарын бағалы асыл мұра деуге болады.Ыбырайдың еңбектерінің маңызы әлі күнге дейін жойылған жоқ.

Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза,аудармалар мен әндерден тұрады. Абай-қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді дейзмге жақын.Абай дін басшыларымен діни надандықты, фатализммен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, қазақстан ағартушы демократтарының көбісінде кездесетіндей «нағыз» дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады. Дін басылардың насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды.

Осылайша, Абай адамның қалыптасуында оқу мен білімді, ғылымды ең бірінші орынға қойды. "Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз" дегені немесе "Жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім" дегені осының айғағы. Абайдың ойынша, адамның ақылдылығы, саналылығы дүниені зерттеумен, оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Таным тұрғысынан да Абай ғылымның, ақылдың рөлін жоғары бағалады. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру, Абайдың пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.

Абайдың ойынша, адам дүниеге келгенде екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - ішсем, жесем, ұйықтасам деген тәннің құмары, онсыз сәбидің тәні жанға қонақ үй бола алмайды, өзі де өспейді, қуат таппайды дейді. Екіншісі - білсем екен демек. Адам дүниенің һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса дендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай-хайуанның жаны болады,- деп жазды. Абайдың сөздеріне жүгінетін болсақ, адам өзге тіршілік иелерінен өзінің ақылымен, ерік-жігерімен және табиғи, әлеуметтік табиғатымен ерекшеленеді. Демек, адам жанының хайуан жанынан басты айырмашылығы да осында, ақыл мен ерік-жігерге ие болуында Адамның білімге, даналыққа құштарлығы адамгершілік қасиет-сапаларға негіз болады, ақыл мен ғылым бар жерде екіжүзділік, алдау және тұрпайылық болмайды. Сол арқылы нағыз адами болмысқа ие болады. Аталған ойлардың барлығы қазақ ағартушылық философиясының асыл мұрасы ретінде сақталып отыр.

 

 

25. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялыларының әлеуметтік-философиялық, қоғамдық-саяси және этикалық-гуманистік мәселелерді шешуге көқарасын ашыңыз.

ХІХ ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы – антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.

ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев.

Қазақ халқының философиялық дүниетанымының басты ктегориясы - өмір. Өмірдің құндылығын және оның мәнін анықтаушы – өмірмен диалектикалық бірлікті құрайтын өлім.

Араласу категориясы қазақ дүниетанымында адам мен қоғамның, адам мен адамның арасындағы қарым-қатынасты білдіреді.

Намыс – қазақ халқының түсінігінде ең жоғарғы адами қасиеттердің бірі, тіпті ең бастысы.

Парыз – адамды өз болмысын адамгершіліктік құндылықтарға сай қалыптастыруға мәжбүрлейтін этикалық категория.

Кісілік – адам болып өмір сүрудің жоғары деңгейі. Қазақтың “кісілік” ұғымы қазіргі “тұлға” (личность) ұғымына сәйкес деп ойлаймыз.

Біз осылайша қазақ дүниетанымының негізгі категорияларына ғана тоқталдық. Көзіміз жеткендей, қазақ халқының көшпелі өмір салтының негізінде қалыптасқан өзіндік философиялық дүниетанымы бар және ол терең мазмұнды, толыққанды категорияларда бейнеленген. Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.

Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.

Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Оның еңбектерінен себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады.

 Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды.

20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов. Ол қазақ халқының келешегін айқындауда құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін түзей алмаған халықтың болашағы жоқ» деген терең ой айтты. Қазақстан үшін 1917 жылдан бастап отаршылдықтың жаңа түрі – кеңестік құндылықтар қалыптаса бастап, коммунизм туралы ілім негізге алынды, маркстік-лениндік философия үстемдік етті. Мұндай жағдайда қазақ халқының даналық ой-пікірлерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап құлдық психологияның орнына демократия, өркениеттік құндылықтар орныға бастады. Қазіргі әдебиеттерде қазақ философиясы ұғымымен қатар «қазақстандық философия» деген ұғым қолданысқа енді. Ол Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары қалыптаса бастады, келе-келе «Қазақстандағы философиялық мектеп» деген түсінік орнықты, оның жетекшісі академик Ж.М.Әбділдин болды. Қазақстандық философтар неміс философиясын зерттеді, әсіресе, Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегі негізінде қалыптасқан диалектика, логика, таным мәселелерімен айналысты, диалектикалық логиканың өзекті мәселелерімен шұғылданып, бұл салада айтарлықтай нәтижелерге жетті. Қазақ философиясы туралы зерттеулер нышаны егемендікке аяқ басқан кеңестік жылдарда аңғарыла бастады, бірақ толық мүмкіндік Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап шындыққа айналды. Қазақ философиясының тарихы мен оның мәселелері туралы жүйелі ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, кандидат, доктор диссертациялар қорғалды, арнайы ғылыми кітаптар жазылды. Қазақ философиясын дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде әрі өркениеттік негізде зерттеу егемен елдің қоғамдық санасының жетіліп-толуының басты арнасының біріне айналып келеді.

 

26. Шәкәрім Құдайбердиевтің философия мен жаратылыстанудың арақатынасы туралы концепциясының мәнін ашыңыз.

Шәкәрім қазақ поэзиясының философия саласын дамытқан ақын. Оның қайбір поэзиялық шығармаларын алып қарасаңыз терең философиялық сырға толы болып келеді.Шәкәрім өзінің өлеңдер топтамасының алғашқы басылымына » Қазақ айнасы» деген образдық бейне қолданғаны тегін емес. Бұл сөз өнері — өмір сәулесі, өмір суреттемесі деген ақынның биікте терең философиялық әрі эстетикалық түсінік ұғымының көрінісі еді».

Шәкәрім орыс тілі арқылы сол тілге аударылған Шығыс, Батыс әлеміндегі рухани қазыналар көзін меңгеріп биіктей берді. Ол онымен шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырған. Жалпы Шөкәрім Абай ағасы секілді Орта Азия мен Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, екі ағым, екі бұлақ — Шығыс пен Европа мәдениеттерін біріктіру, төл ему, қатар сусындауға ықылас білдіру ғана емес, батыл қадам жасаған ұрпақтың алғашқы өкілдерінің бірі. Шәкәрім орыс жөне дүниежүзілік классикасымен Абай арқылы танысқаны анық. Ол құрметпен, мақтанышпен көбірек айтатын есімдер ішінде Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Толстой, Некрасов аттарын кездестіреміз.Шәкәрім осы аталған орыс ақын-жазушыларының шығармаларынан жақсы аудармалар жасайды. Ал меңгеріп алғаннан кейін орыс мөдениетін батыстың асыл қазынасына жетер баспалдақ ретінде жоғары өрлейді. Батыс философтары Шопэнгауер, Канттың философиялық ілімдері жайлы толғаулары соған куә.

Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.

Иә, жер-жаһанның оқуын түгесіп, отыз жылдай ізденумен жазған «Үш анық» атты ғылыми-пәлсәпалық трактатында Шәкәрім Құдайбердіұлы жаратылыстану ғылымындағы екі түрлі, бір-біріне қарама-қайшы дүниетаным – «әлемдегі нәрселердің бәрі өздігінен жаралған» дейтін материалистік және «барлықты (жанды мен жансызды) жаратушы Ие, құдіреті күшті себепші барын» жақтайтын идеалистік көзғарастарға талдау жасай келе, илаһи иланымды мансұқтайтын, жұмыр басты пендені имансыздықтың жолына итеріп жығатын атеистік албатылыққа дем беруші дарвинизм ілімін, эволюция теориясын бас көтертпес дәйектермен тас-талқан қылады. «Бұл кезде бүкіл Еуропа мойындап отырған сияқты Дарвин сөзіне қарсы дау айтқаныма орысша ғылым оқыған жастар тексермей, үстірт қарап, мені сөгуі мүмкін» дей келіп, кезінде эволюция ілімін сынаған неміс ғалымы Дидвар Дортманның кітабын оқып шығуға, салыстыра салмақтауға кеңес береді. «…біріне-бірі ұқсағандардың бәрін мынадан туып өзгерді дей беруді менің ақылым қабыл алмайды… жерден өскен өсімдік, хайуан себептеріне, топырақ, суы,ауасының өлшеуіне қарай біріне бірі ұқсас, ұқсаңқыраған, тіпті ұқсамаған болып өнген. Менің сөзімді сынау үшін даладағы, сортаңдағы, балаулы сайдағы, өзен бойындағы өсімдік, шөп, бұтаның бір арадағысының ғана бірі біріне ұқсағанын, ұқсаңқырағанын, тіпті ұқсамағандарын көріп, солардың топырақ, су, ауа сияқты себептерін тексеріп қараңыз. Егер Дарвин мен Маиеннің сөзі дұрыс болса, ол өсімдіктер де бірінен бірі туып өзгерген болып табылады. Меніңше, жылқы мен есектен қашыр туса да, екі жылқыдан қашыр тумайды. Бұл сөзімнің қорытындысы – тәмам барлықтың ата-анасы (Жаратушы иесі – М.І.) бір екені рас. Жаралған себептерінің ыңғайына қарай біріне бірі ұқсас не ұқсаңқырап, не тіпті ұқсамай жаралып жатыр. Бұл сөзді маймылдан туғанға арланып айтып отырғаным жоқ, қайта жаманнан жақсы туғанға қуанатын орным бар» деп, Дарвин ілімінің, «сатылап жоғарылау» теориясының табан тірер постулаттарының бірі – биологиялық түрлер мен ареал мәселесінің мәнісін қарапайым да қисынды дәйектемемен түсіндіріп береді. Содан соң Шәкәрім дүниеде ешнәрсе нәрсе жоғалмайды, тек қана түрін өзгертіп, өздігінен басқа нәрсеге айналып жатады, бірақ оны өзі сезбейдіге саятын айналыс теориясын, сондай-ақ ғаламдағының бәрі өз ішінен жаралған дейтін Литерие пәлсапасын; жан-жануарлар жаратушысыз, теңіздегі түрлерден тұқымдастық жолымен таралған дейтін Маиеннің уәжін; барлықты тәнмен сезінеміз,ал жоқты сезіне алмаймыз, сондықтан Жаратушы да, жан да жоқ дейтін Бюхнер дәйектемесін; тіршілік иелері бір-біріне ұқсамайды, әрқайсы өз уақыты келгенде өздігінен өсіп-өнген, содан-ақ жаратушы Құдірет иесі жоқ екенін білуге болады дейтін Демокриттің әртүрлілік теориясын жіктей келе, осынау «ғылым жетістіктерінің» маңдайын тасқа тіреп, мәңгіртіп тастаған ХХ ғасыр басындағы жаңалықтарды – магнетизм, спиритизм, телепатия құбылыстарын зерттеу нәтижелерін алға тартады. Яғни, көзіміз көріп, қолымыз ұстамаса да, «ақыл көзімен көретін»ақиқаттың бірі – жанның бар екендігін, оның ешқашан да жоғалмайтынын («…өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар») дәлелдеп шыққан жаратылыстану ғылымының тәжірибелерін жүйелеп, жіктей келе, мәжусилеу ежелгі грек «атомшыларынан» тек тартатын материализмнің терістеуін теріске шығаруды ғана мақсат тұтпайды, күллі адам нәсілінің ізгілікке көзін ашып, көңілін бұрар ахлақтың адал жолын нұскауға талпынады. «…ақырет – өлгеннен соңғы өмір жолы…

Бұдан біздің нақтылы айтарымыз Шәкәрім өзіне дейінгі бол- ған, өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Ыбырай, Абайға қарағанда, грек, Еуропа кәсіби философиясының тарихымен тікелей щұғылданып, оларды тек танып біліп қана қоймай өз пікірлерін, ойларын ортаға салып, айта отырып, өмірге қазақ кәсіби философиясының ірге тасын қалап, өзі де нағыз қазақтың алғаш кәсіби философы атанды. Сөйтіп қазақ философиясының деңгейін әлемдік философияның қатарына қосуға жақыңдата түсті. Біздіңше ұлттық философиялық тұғырнамамыздың бастауы, қалыптасуы осы кемеңгер ойшыл, ақын, философ Шәкәрім Құдайберді ұлынан басталады деп батыл айта аламын.

 

27. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерін сипаттаңыз: бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент

Ғылым және жаратылыстану эмпирикалық мен теориялық деңгейлерді енгізеді. Олардың біреуінің шеңберінде экспериментті материалды жинайды, ал басқасының шеңберінде гипотеза, заңдар және теориялар қалыптасады, сондай-ақ ғылыми жаратылыстану танымның әдістері және әдіснамалары қалыптасады. Алайда, бұл бөлу шартты сипатта болады немесе танымдық процестің бұл деңгейлері бір-бірін өзара толықтырады және өзара байланыса-тындығы айқын.

Эмпиризм (грек. empeiria – тәжірибе) – табиғат туралы білімнің дара және негізгі көздері ретінде сезімтал тәжірибені қарастыратын теория, оның шеңберінде барлық білімдер тәжірибеге және тәжірибе арқылы негізделеді.

Сезімтал тәжірибенің үш сатысы ерекшеленеді:

- қабылдау - сыртқы әлем құралдарының адамның сезу органдарына тікелей әсері;

- сезіну – объектінің анық бейнесін, онымен жанасу кезінде қалыптастыру;

- беру – сана шеңберінде сақталған және жаңадан өңделген объектінің жалпы бейнесін беру және оның ештеңесіз сезу органдарына әсері.

Эмпиризмнің теориялық негіздеулерін ағылшын философы Ф. Бэкон салды, ол табиғаттың шынайы танымын эксперименттік ғылыммен байланыс-тырады. Классикалық жаратылыстану негіздерін қалыптастыру үшін объектив-ті алғышарттар жасалды. 

Эмпиризм "заттардың табиғи сипатының" барабар анықталуын индукция-мен (лат. inductio - бағыттау), яғни дара фактілерден жалпы сипаттағы жағдайларға өтуін қамтамасыз ететін ой-тұжырым ретінде байланыстырады. Сондықтан, бэкондық әдіс "индуктивті эмпиризм" немесе "эмпирикалық индукция" деп аталады, соның көмегімен адамның мәнімен, сондай-ақ ғылыми танымның қалыптастыруға әсер ететін сыртқы факторлармен де байланысты жалған түсініктерден (идолдардан) босату міндеті қойылды. Осы "идолдарды" жеңу, Бэкон бойынша, "заттардың себептерін" шынайы тануға арналған жол.  

Эмпирикалық деңгейдің білімі екі негізгі әдіс - бақылау және сарапта-маны қолданумен байланысты. Бақылау – ғылыми зерттеулер үшін алғашқы материалды беретін, сыртқы әлемнің объектілерін мақсатқа сай бағытталған және ұйымдастырылған қабылдау, ол үшін таным объектісіне (табиғат) және таным субъектісінің (адам) сыртқы әсерінің болмауы тән болады. Бұл әдіс ғылыми білімді дамытудың алғашқы кезеңі үшін анықтаушы болды. Бақылау мысалы болып Күн жүйесінің планеталарын визуальды зерттеу болуы мүмкін. Бақылау техникалық жүйені (астрономиядағы телескоп) белсенді пайдалану кезінде экспериментпен тығыз тұтастырады. Жаратылыстану ғылымда тек ғылыми жаратылыстану танымды анықтайтын әдістердің біріне экспериментті айналдыру процесінде ғана мәртебеге ие болды.

Эксперимент – объектінің ұсынылатын тиісті өзгерісі немесе оны арнайы жасалған жағдайларда қайта жаңғыртуда ғылыми зерттеулер амалы. Эксперимент үшін зерттеу процесінде танушы субъектінің (ғалымның) белсенді араласуы тән.

Эксперименттің бірнеше нысандары тарихи жағынан ерекшеленді.

Ғылыми эксперимент. Рәсімдердің мынандай қатарын енгізеді, атап айтқанда, зерттеу объектісін атап өту; тәжірибенің "тазалығын" қамтамасыз ететін қажетті жағдайларды жасау, яғни сыртқы факторлардан салыстырмалы тәуелсіздікті жасау; алынған нәтижелерді өлшеу үшін техникалық жүйені пайдалану және бақылау процесі.

Ойлау эксперименті. Бұл заттар, құбылыстар немесе процестердің теориялық қарау нысаны, нақты ғылыми эксперимент, яғни ол қиын немесе практикалық жағынан мүмкін емес, онда танымның жалпы ғылыми әдістері "әрекет жасайды".

Математикалық эксперимент. Бұл - математикалық аппараттың көмегі-мен жаратылыстану ғылыми процестерді формальдандыру. Эксперименттің бұл нысаны XX ғ. екінші жартысынан бастап компьютерлік модельдеу – ғылыми-эксперименттік салада ЭЕМ пайдалануда көрініс тапты.

Эксперимент, әсіресе, ғылыми-зерттеу қызметінде, субъектінің танымдық мүмкіндіктерін арттыратын, неғұрлым күрделі техникалық жүйесін ұсынады. Егер, клетканың ашу жаңалығы микроскоп өнертабысынсыз мүмкін емес болса, онда оны неғұрлым тереңдетіп зерттеу электрондық микроскоп өнертабысын талап етті.

Эксперименттің қазіргі замандағы типі "виртуальды шындық" (лат. virtualis - мүмкінді), яғни нақты өмірде болмайтын, бірақ белгілі бір жағдай-ларда пайда болуы мүмкін объектілер немесе процестерді зерттеуге болады. Мысалға, "ғаламдық модельдеу" шеңберінде (ядролық қыс тұжырымдамасы) үшін мүмкін болатын термоядролық жарылыстардың зардаптары зерттеледі.

Эксперимент тікелей бақылауларды салыстыру бойынша эмпирикалық танымның маңызды неғұрлым дамыған нысанын білдіреді, оның шеңберінде ғылыми факт туралы ақиқатқа сай түсінік жасалады.

Ғылыми факт – бұл нақты құбылыс және оның адам санасындағы бейнесі, яғни оны ғылым тілінің көмегімен ( белгілеу, терминдер, графиктер және т.б.) сипаттау. Ғылыми фактінің маңызды қасиеттерінің бірі - оның дұрыстығы болып табылады. Ғылыми фактінің дұрыстығы әр түрлі эксперименттермен және әр түрлі экспериментшілермен оны қайта жаңғырту мүмкіндігімен байланысады. Бұқаралық ақпарат құралдары обырды қоздыратын ауруларды емдейтін медициналық препараттарды әзірлеу туралы жүйелі түрде хабарлап жатыр делік, алайда, осындай хабарлар ғылыми факт болып табылмайды немесе тәуелсіз эксперименттермен дәлелденбейді.

Ғылыми факт – тек тікелей алынған нәтиже ғана емес, алайда оның да интерпретациясы, сондықтан ғылыми факт – танымның теориялық деңгейінің сатысы.

Ғылыми фактілерді талдау "эмпирикалық талдап қорыту" ұғымына әкеледі. Эмпирикалық жалпылау – индукциялық жолмен жиналған және оларға (осы фактімен) қайшылықты емес фактілерге сүйенетін ғылыми қорытынды. Осы тектес жалпылаудың классикалық мысалдары: флоренциялық ғалым-натуралист Ф. Реди "жандыдан туған жанды" принципі, Д.И. Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық заңы.

Эмпирикалық жалпылаумен ғылыми гипотеза, яғни соңғы экспериментті дәлелдеуді талап ететін кейбір ұсыныстар өзара байланысты. Дегенмен, "гипотеза" және "эмпирикалық талдап қорыту" ұғымдары арасында маңызды айырмашылық болады: егер гипотеза оны құру үшін қызмет еткен фактілер шегінен шықса, онда эмпирикалық талдап қорыту ғылымда белгілі фактілердің біреуіне де қарсы болмауы тиіс. (В.И. Вернадский).

Эмпирикалық ұғымдар жүйесі - ғылыми факт, эмпирикалық талдап қорыту, гипотеза, сезімтал (эксперименттік) түсініктер негізінде объективті шындықта құбылыстар және процестердің өту ерекшеліктерін ашады, олардың маңызы теориялық білім шеңберінде анықталады.

 

28. Танымның теориялық деңгейінің әдістерін сипаттаңыз: анализ және синтез,индукция және дедукция, аналогия, абстрактілеу және идеалдау, тарихилық және логикалық, асбтрактылықтан нақтылыққа көшу, модельдеу

Теория зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айкындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теоретикалық деңгей әдістері:

Егер танымның эмпирикалық деңгейі болмыстың сезімтал көрінісімен артық байланысты болса, онда теориялық жағынан басым рационалдылыққа сүйенеді, оның негізі XVII-XIX ғғ. философиялық классикалық рационализм шеңберінде қаланған. Рационализмнің негізін салушылардың бірі Р. Декарт, "сезім кейде алдайды" эмпирикалық таным тиімділігінен бас тарта отырып, шынайы білім деңгейіне шығуды дедукциямен байланыстырады.

Таным ойлайтын «Менімен», яғни адам санасымен, ойымен байланысады. Танымның дұрыстығын және айқындылығын, талғамдылығын және жүйелен-діруді енгізетін шынайы ғылыми әдісті пайдалану классикалық жаратылыс-тануды қалыптастыру негіздерін дайындады.

Абстракттыдан нақтылыға өрлеу принципі. Таным шекті қарапайым ұғымдар мен түсініктерден аса күрделі және құрылымды мен нақтыларға өтумен байланысады.

Бір жағынан, танымдық процесс нақты объектіні зерделеуден оны аса жоғары теориялық деңгейде ойша бөлшектеуге жылжи алады. Әрі қарай, ойлау процесінде байытылған, нақты объектіге қайтып оралады. Екінші жағынан, объектіні зерделеуге қарама-қарсы жолмен де келуге болады, яғни оны (объектіні) бастапқыда - ойша, ал сонан кейін нақтылау керек.

Тарихи және логикалық бірлік принципі. Оның шеңберінде танымдық процестің негізгі бағыттарына басты назар аударылады.

Тарихи бірлік зерделенетін объектінің пайда болуы мен дамуының құрылымдық және функционалдық процестерін білдіреді. Логикалық бірлік сол процестермен, бірақ зерделеу объектісінде өзінің салыстырмалы аяқталған дамуын алған процестермен байланысқан. Егер жанды эволюциясын оның «шыңы» - адамның мысалында зерделесек, онда оның зерттеулері жанды объектілердің даму механизмдерінің ашылуына мүмкіндік туғызады, сол сияқты зерттеудің логикалық деңгейі оның өзімен бөлінбейтін өзара байланыста бола отырып, тарихи деңгейден озып кетуі мүмкін.

Жүйелілік принципі. Затты, құбылысты немесе процесті олардың барлық элементтерінің бірлігінде, өзара әрекеттесуі мен өзара байланысында талдау; жүйе элементтерін бірыңғай тұтас ретінде қарастыру болжанады.

Ғылыми танымның әмбебап принциптері (олардың кейбіреуі жоғарыда қарастырылған) жалпы ғылыми әдістер: индукция және дедукция, талдау және синтез, аналогия және ұқсастық, абстракциялау және дәріптеушілік, модельдеу және ой эксперименті, математикаландыру шеңберінде нақтыланады. 

Индукция және дедукция. Ғылыми индукция белгілі топтың заттары мен құбылыстары бөліктерінің елеулі қасиеттерінің қайталануы мен өзара байланысына, ал олардан жалпыға ортақ себептік байланыстарды айқындауға негізделе отырып, себептік байланыстарды анықтайды. Индуктивті ой қорытындылары сенімді білім бермейді, тек осындай білімді анықтауға ой «келтіреді».

Дедуктивті ой қорытындылары сәйкес алғышарттарда осындай болған жағдайда, сенімді білім білдіреді. Нақты танымда дедукция және индукция өзара байланысты. Дедуктивті әдістің конструктивтілігі адамның заттық-практика-лық және әлеуметтік-мәдени қызметімен байланысты, басқаша айтқанда, оның тиімділігі сәйкес эмпирикалық материалды жинақтаумен және теориялық түсіндірумен себептелген.

Талдау және синтез. Кейіннен жоғалған тұтастықты қалпына келтіру арқылы тұтасты құрамды бөліктерге бөлшектеудің ойша және нақты процесі.

Талдау (грек тілінен analysis - ажырату) – затты, құбылысты немесе процесті тану мақсатында құраушы элементтерге ойша бөлшектеуден тұратын, таным әдісі. Аналитикалық әдіс бөлікті тұтастың элементі ретінде тануға мүмкіндік береді.

Синтез (грек тілінен synthesis - қосылу) – объектінің көрсетілген элементтерін қандай да бір тұтасқа біріктірумен байланысты, қарама-қарсы ойлау операциясы. Талдау және синтез өзара байланыста болады.

Ғылыми объектілер мен нақтылық процестерін логикалық реттеу.

Жіктеу (латын тілінен classis - разряд және facere - істеу) – зерттелетін заттар, құбылыстар немесе процестерді анықталған белгілеріне сәйкес жекелеген топтарға бөлу әдісі. Жіктеу елеулі белгілері бойынша типология ретінде сипатталады, кез келген жіктеу нақты объектілерді тану процесінде жетіліп, айтарлықтай шартты және салыстырмалы болып табылады. Жіктеу – қорытындылау түрі.

Қорытындылау – ойлау амалы, оның шеңберінде болмыстың заттары, құбылыстары және процестерінің жалпы қасиеттері, белгілері мен сапалары айқындалады. Алынған қорытындыланған білім нақтылықтың тереңдетілген көрінісін білдіреді және зерттелетін объектінің мәніне әрі қарай терең кіруді куәландырады.

Аналогия және ұқсастық. Әр текті объектілер мен жүйелердегі ұқсас элементтерді табу.

Аналогия ғылым дамуының алғашқы кезеңдерінде сараптаманы және бақылауды айырбастады, антикалық дәуірде «ғылым алды» (натурфилософия) микрокосма (адам) және макрокосма (табиғат) тепе-теңдігінен шыққан. Кейінірек аналогия негізінде адам ағзасы және мемлекеттің ұқсастығы дәлелденді.

Ұқсастық – аналогия нұсқасы, алайда ол аналогты объектілерді, бірақ әр түрлі масштабта салыстыру үшін пайдаланылады, мысалы, «ұқсас-үшбұрыш-тарды», яғни біркелкі масштабталғандықпен сипатталатын, геометриялық фигураларды атап көрсетеді. 

 

29. Ғылыми танымдағы объективті, салыстармалы және абсолюттік ақиқаттың мәнін ашыңыз.

Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.

Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.

Абсолютті ақиқат

Абсолютті ақиқат деп езінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін бішмді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады.

Салыстырмалы ақиқат

Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Шынайы танымда әркашан субъектінін шарттылыктары мен ресурстары шектеулі: аспапты техникасы, қолданатын логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатка кол жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы акикаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлел- денуі, толыктырылуы мүмкін. Сондыктан ол жетілдіретін білім болып табылады. Абсолютті білім — шынайылыкка толык сәйкестігіне орай — бұлжымайтьш білім. Элементтері өзінің объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін ештеңе жоқ. Сырттай карағанда, абсолютті және салыстырмалы ақикаттар бір-бірін жокка шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы үдерісінде олар бір-бірімен қарама- кайшылықта емес, байланыста болады. Олардың байланыстары акиқатқа жетудің процессуалдық, динамикалык сипатында болады. Салыстырмалы акиқатта адамзаттың жиынтық білімінің тұрақты өсу үдерісін камтамасыз ететін, бұлжымайтын білімдердің элементтері жоқ десек, кателескен болар едік.И.Ньютонның классикалык механикасы танымның одан өрі даму барысында колданылудың шектеулі аясында ғана акикат, демек, салыстырмалы екендігі белгілі болды. Оның орнын, уакыт өте келе, күрделі теориялар — кванттык механика мен катыстылық теориясы басты. Солай болса да, классикалык механика адаскандык емес, абсолюттік акикаттың "ұрығы" бар акикат болып табылады. Ол нағыздыктың түрлі салаларында (аспан механикасы және техника) казір де табыспен қолданылады. Таным үдерісінде адамдар абсолюттік және салыстырмалы акиқаттарды қатар қолданады. Әрине, ақиқаттың өзі үдеріс болуына орай, танылған арсеналдың ішінде абсолюттік шындык көп емес және абсолюттік ақиқат сол арсеналдың екі полюсіне шоғырлануы сипат алған. Абсолютті ақикат салыстырмалы ақиқаттардың косындысынан тұрады. Қосынды деп бұл жерде, салыстырмалы ақиқаттардың белгілі бір мөлшерінің карапайым қосындысы емес, абсолютті білімнің кұрылымындағы салыстырмалы акиқаттың алатын мөлшерінің біртіндеп, үнемі өсуін айтамыз.

Ақиқаттың объективтілігі

Ақиқаттың объективтілігі — тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл әрекеттесудің; нәтижесінде (таным үдерісінде) объектінің де, субъектінің де әсерінен тұрады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім өзінің мазмұнын жоғалтады, ал білуші адамсыз — субъектісіз білімнің өзі жоқ. Рас, нағыздыктың білуші субъектіге тәуелді емес екендігі белгілі. Объективті шынайылықтың өзінде ешкандай ақиқат жоқ, онда тек өзінің қасиеттері бар нәрселер ғана бар. Ақиқат осы шынайылықты адамдардың тануының нәтижесінде пайда болады. Ол танылатын шынайылык туралы субъектінің білімі болып табылады. Сондықтан объективтік білім неғұрлым толығырак болса, соғұрлым таным субъектісінің белсенділігі жоғары болады. Бұған байланысты мынаны айтуға болады: ащщат — объективтілік пен субъективтіліктів; бірлігі, объективті шынайылықтың субъективті бейнесі. Ақиқат деген-үдеріс, ол объектіні бірден, түтасымен және толык келемде түсіну. Ақиқатка бірден және түтасымен қол жеткізу мүмкін емес, оның күрделі үдеріс екендігін сезіп түсінуге адамдар біртіндеп келді.

 

30. Ғылыми білімнің өсуі туралы К. Поппердің ілімін сипаттаңыз.

К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады.

1) ғылымды теориялық тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің динамикалық картинасын құрғанда ғана мүмкін;

 2) ғылыми білімнің өзінің табиғатынан тұтас, оны бір бірінен тәуелсіз эмпирикалық және теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;

3) философиялық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты – ғылыми білімдер тығыз байланыста. Философия ғылымның дамуына шек қоймайды, философиялық ой-пікірлер ғылымның “пәніне” айырылмастай кірген;

4) ғылыми теориялар бір бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда оларды салыстыруға болмайды;

5) ғылыми білімдерді өзгертудің мақсаты ақиқатқа жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.

 

Ғалымдар жаналықты ашқанда фактіден теорияға өтпейді, керісінше гипотизадан жалқы пайымдауға өтеді, яғни гипотетико-дедуктивті әдісті пайдаланады дейді. Поппер ғылыми принциптерді фактілер арқылы тексере алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны жоққа шығаруға талпыну керек.

Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады. Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады. Алғашқы кезеңде марксизм концепциясында ғылымилықтың белгісі болған, өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, қайшылықтары айқындала бастағанда, теорияны “құтқару” мақсатында ол қайшылықтарды түсіндірумен айналысып фальсификация принципін бұзды. Сондықтан, К. Поппер марксизмді жалған теория деп есептейді. Философия ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны мағынасыз деп айта алмаймыз. Фальсификация принципі арқылы ғылым мен философияның арасын ажыратамыз. Осы принцип, философиялық білімдер жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші.

Осы пайымдаулардың авторының философияны жақтап шыққаны байқалады, басқа позитивистер сияқты оны жоққа шығармайды, бірақ философияның пәні тарылған. Философия ғылым болғысы келсе сынмен айналасуы керек. Философиялық іс-әрекет “сыни рационализм” өкілдерінің пікірінше тек сындарлы әрекет.

Сонымен, К.Поппер ғылымды теориялық деңгейде тұтас жүйе ретінде талдауды ұсынады. Көрінген теория, ғылым статусын сақтағысы келсе, тәжірибе арқылы бекерге, жоққа шығарылуы керек.

 

31.Т.Кунның ғылыми революцияның құрылымы туралы теориясын сипаттаңыз.

Томас Сэмюэл Кун – американдық философ және ғылыми тарихшысы, ғылымға «парадигма» терминін енгізген, постпозитивтік ғылым философиясының басты өкілдерінің бірі. Негізгі шығармасы «Коперникиандық рефолюция» (1957), «Ғылыми революциялардың құрылымы» (1962), «Қара дене теориясы және кванттық үзіктілік» (1978) және т.б.

Ғылымның позитивистік дәстүріне ілескен Томас Кун ғылымның даму процесін кумулятивті (латынша comulatio - арту) үдеріс ретінде түсінуді, яғни үнемі жаңа ілімнің қосылып отыратынын қабылдамайды. Оның болжауынша, ғылымның дамуында айтарлықтай өзгерістер немес бұрын қабылданған және негізделген білімнің маңызды бөлігін де, ғылыми қоғамдастық қызметінің тәсілін де қайта қарастыруда «ғылыми өзгерістер» болмай қалмайды.

Кунның философиялық мұрасының негізі оның атақты «Ғылыми революциялардың құрылымы» аталатын еңбегі. Оның өткен ғасырдың 1960-шы жылдары пайда болуы батыс еуропалық философияда «жарылған бомба тәріздес» болды. Бұл еңбегінде ол Лакатостың (32-сұрақ) ғылымның дамуындағы непозитивтік және попперлік тұжырымдарға деген сыни көзқарасымен бөліседі. Оның басты назарында негізінен ғылымдағы жетекші түсініктердің ауысуы және өзгеру механизмдерін, ғылыми білімдердің қозғалысын ашу мәселесі болды.

   «Ғылыми революциялардың құрылымы» атты еңбегінде бүкіл ғылыми қоғам қабылдаған, белгілі бір уақыт ішінде проблема қою және оны шешу үлгісін қарастыратын ілгері теориялар мен зерттеу әдістерінің жиынтығы түсінілетін парадигма немесе «тәртіптік матрица» ұғымын пайдаланады.

Кун ғалымның қызметі қалыпты ғылым шеңберінде болжам жасау, пәнді кәсіби білім берген концептуалдық шек арқылы зерттеу деп санайды. Сондықтан да, қалыпты ғылым өзінің концептуалдық шегінен шығатын жаңа құбылыстар түрін болжамайды. Соған орай, қалыпты ғылым проблемасы жаңа деректер немесе жаңа теория жасау жаңалығы болса да, ірі жаңалықтарға принипті түрде бағдарланбайды. Ғалым оның шеңберінде барынша бағдарланғандықтан, жаңа бірдеңе ашу не жасауға ұмтылмақ түгілі, оларды қабылдауға да бейім емес.

Қалыпты ғылымдардың проблемалары парадигма анықтайтын шеңберден шығып кетпейді, сондықтан Т.Кун олардың үлгілері шешеу тәртібі болғандықтан, оларды бас қатыратын міндеттер деп атайды. Ғалымдарға олардың шешімін табу үшін өздерінің жеке өнертбыстарын сынау ғана қалады. Белгілі деректерді тексеру және анықтаумен, сондай-ақ болжалды немес өзгеше теориялар принципінде жаңа деректер жинаумен шұғылдану ғалым үшін қалыпты ғылымның тартымдылығын түсіндіреді.

Парадигма - барлық ғылыми қауымдастық қабылдаған ғылыми нәтиже. Оның көмегімен ғылыми проблемаларды қоюға және оны шешудің әдістерін қарастыруға болады. Парадигма ауысқан уақытта, ғылыми нормалар да ауысады. Әртүрлі парадигмалардың аясында қабылданған теорияларды салыстыруға болмайды, өйткені ғылымилықтың әртүрлі стандарттарына негізделген. Парадигма деңгейінде ғылыми біліммен, жалған білімнің арасын ажырататын нормалар қалыптасады.

Кун ғылымның дамуын парадигмалардың ауысуымен байланысты революциялық процесс деп біледі. Ғылым дамуы екі кезеңнен өтеді: қалыпты кезеңде ғылыми ғылым бір нақты парадигманың аясында дамиды. Осы уақытта эмпириялық фактілер жинақталады және қолданылып жүрген әдістердің көмегімен түсіндіріледі. Уақыт өткен сайын ғылыми қауымдастық қолданылып жүрген әдістермен принциптерге күмәндана бастайды, өйткені жаңа фактілер тұрақтанып қалған ғылыми тұжырымдарға қайшы келетіні байқалады. Осының нәтижесінде жаңа фактілерді түсіндірудің жаңа әдістері қалыптасады. Осыған байланысты ғылыми қауымдастық ескі парадигмадан бас тартып, жаңа парадигмамен санасуы керек. Осы сәтті Т. Кун ғылымның дағдарысы деп атайды. Ғылыми қауымдастықтың көпшілігі жаңа парадигма ғылыми мақсаттарды шешудің дұрыс амалын ұсынады деп сенуі керек.

Сенім ғылыми зерттеудің логикасында жатқан рационалдық негізге сүйенеді. Кейіннен Т. Кун парадигманы дисциплинарлық матрица ұғымымен алмастырды. Дисциплинарлық матрица осы нақты дәуірде басым ғылымилықты анықтайды, сонымен бірге ғалымнан белгілі ойлау тәсілін, мінез-құлқын қажет етеді.

Кун ғылыми дәстүр білімнің жедел толығуының қажетті шарты болып табылатынын көрсетті. Мысалы, қалыпты ғылым құндылығы оның дәлме-дәлдікті, сенімділікті және әдістердің кеңеюін тудыруымен бағаланады. Сөйтіп, қалыпты ғылым шеңберіндегі жаңа құбылыстарды зерттеуде ғалымдар ғылыми қоғамдастық қабылдаған парадигмаға сүйенеді. Ол ғалымдардың талдаудың стандартты тәсілдерін пайдалануын немесе құбылыстарды түсіндіруін анықтайды. Ғалымдарға ғылыми нәтижелерді салыстыруға және өзара түсінісуіне көмектеседі, ғылыми қоғамдастық қызметін қалыптастырады, заманауи ғылымдағы білім өндірісінде «индустрия» ұйымдастыру үшін жағдай жасайды.

  Ғалымдардың іс-әрекетінің қабылданған ережелерге сай жұмыс істеуінің арқасында олар қабылданған теориялардан келіп шығатын үміттерге – зерттеу нәтижесінде алынған шешімдердің кез-келген сәйкессіздігін сергектікпен сезе қояды. Кейде қалыпты ғылымның осы белгілі ережелері, продецуралары күткен үмітке сәйкес жұмыс істеуге қабілетсіз болып шығады. Кунның айтуынша, ғылымның дамуы дегеніміз «қалыпты ғылым» кезеңдерінің ауысу және ғылыми революция процесі. Процесте ескі парадигма ыдырайды да, балама тұжырымдамалардың бәсекелестік күрес нәтижесінде жаңасы бекітіледі.

Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді – кесілді қарама — қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті.

 

 

    Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі.

Бұл концепцияның мәні мынада. Ғылымды сипаттау үшін «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек «дисциплинарлық матрица» деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек.

Ғылыми қоғамдастық дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы.

Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағынада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадигмаларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс.

Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі.

  Парадигма ұғымының элементтерінің анықтамасын Т.Кун толық бермесе де, оларды жалпы түрде төмендегіше сипаттауға болады:

1) математикалық формада жазылған, бастапқы ұғымдар мен заңдарды қамтитын фундаменталдық теориялар;

2) табиғат туралы жалпы философиялық түсініктер және қазіргі ғылымда қабылданған ұғымдар мен олардың жүйесін бейнелеудің логикалық тәсілдері;

3) ғылыми қоғамдастықтың әрбір мүшесі өзіне қойылған ғылыми міндеттерді шешу үшін ұстанатын үлгілер мен эталондар.

 

 

32. И.Лакатостың қазіргі заманғы ғылыми білімнің өсу ерекшеліктері туралы ғылыми-зерттеу бағдарламалары концепциясын бағалаңыз.

Лакатош Имре Лакатос (1922-1974) - ағылшын ғылым тарихшысы, ғылыми білімнің дамуының заңдылыктарына бағытталған, ғылымның методологиясы және философиясындағы тарихи мектептің көшбасшыларының бірі. Өзінің зерттеулерінің мақсаты деп, білімнің өзгеру үрдісінің логика- нормативті қайта құрылуын және ғылыми теориялардың даму логикасын құру деп білген. 

Сыни қайта ойлау және попперлік идеяны (30 сұрақ ) әрі қарай дамыту оның шәкірті Имре Лакатостың (1922-1974)  еңбегі, ол философия ғылымының тарихилық бағытына шынайы берілген болатын. оның пікірінше, кез-келген әдіснамалық тұжырымдама тарихнамалық болуы тиіс. Ал оның бағасы ғылым тарихы ұсынып отырған тиімді қайта құру бойынша берілуі мүмкін. Сонымен қатар Лакатос танымның шынайы тарихын оның әлеуметтік-психологиялық мән-мәтінімен ғылыми танымды талдауда қолданылатын оның логикалық қайта құрылуын «ішкі тарих» дей отырып ажыратады.

Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуы арқылы жүреді. И.Лакатос ғылыми-зерттеу бағдарламасын екі кезеңге прогресс және регресс деп бөледі. Ғылыми қауымдастық көбінесе прогрессивті зерттеу бағдарламасын таңдайды, өйткені бағдарлама фактілерді түсіндіріп қана қоймай, белгісіз фактілерді болжауға көмектеседі.

Ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуын И.Лакатос ғылыми революция деп атайды. И.Лакатостың пікірінше ғылымның даму тарихы осы ауысып отыратын бәсекелес зерттеу бағдарламалардың күресі арқылы толық анықталады. И.Лакатос ғылымның ішкі және сыртқы даму тарихын айырады. Ғылымның ішкі тарихы идеялар мен методологиялардың ауысуы, ал сыртқы тарихы жеке тұлғалармен, ғылымды ұйымдастыру формаларымен байланысты, яғни ғалымдардың іс-әрекетіне тәуелді.

Ол ең алдымен өз ұстазының ғылымды философиялық зерттеу, ғалымның кәсіби қызметін айқындайтын, ғылымның тиімді негізін табуға жұмылдырылуы тиіс дегенімен келіседі. Бұл ойды ол «Ғылыми білімнің заңдылықтары мен фальсификационизмнің әдіснамасы» атты кітабында негіздейі. Лакатос белгілі бір логикалық талаптар тұрғасынан зерттеуге мүмкіндік беретін ғылымдарды ғана шынайы деп санайды. Олар эмпирикалық және теориялық ғылымдар болуы мүмкін. Бірақ олар ғылыми білімнің артуының негізгі жолдары болып табылатын логикалық ережелер мен заңдардың тұтастай қатарына бағынуы тиіс.

  Сонымен қатар, ғылыми тиімділік мәселесінің әдіснамамен байланысын айта отырып, ол тиімді негіздемелердің ғылымның попперлік үлгісіне қатысты дүдәмалдығын тұжырымдайды. Оның үстіне, Лакатостың айтуынша, білімді дәделдеу мәселесін шешуге талпыну негіздеулердің шексіз кері кетуіне әкеледі: кез келген ғылымды негіздеудің өз негізі болуы тиіс және т.б.

  Өзінің «Ғылымның тарихы және оны тиімді қайта құру» атты еңбегңнде Лакатос әдіснамалық доктринаның (бір мезгілде және тиімділік критерийлерінің) төрт типін анықтайды. Ол бастапқы үш әдіснаманы – индуктивизм, конвенционализм және фальсификационизмді ғылымды тиімді қайта құрудың сәйкестігі тұрғысынан тиімсіз деп таниды. Ғалымдардың танымдық қызметін, ғылыми зерттеудің логикасын бір көзқарас тұрғысынан зерттеуге және түсіндіруге мүмкіндің беретін негіздеулерді іздеу және ғылымның тарихи ілгерілеуі философты төртінші доктринаға – нақты теорияларды негіздеу проблемаларынан айналып өтуге болатын ғылыми-зерттеу бағдарламаларының тұжырымдамасына (ҒЗБ) әкеледі.

  Лакатоста Поппердің сыни рационализмі өзінің жағымсыз-бүлдіруші сипатын жойып, зерттейтін проблеманы көпшілік көзқарас тұрғысынан қарастыру үшін балама тұжырымдама жасайтындықтан, конструктивті болып шығады. ҒЗБ-ны ғылыми зерттеудің бастапқы пункті ретінд «теориялық ғылымның» автономдылығы мен нағыз танымдық рөлін көрсетуге мүмкіндік береді. Лактос бойынша, оған ғылыми-зерттеудің попперлік тұжырымдамасы мүмкіндің бермейді. Оның айтуынша, оның ғылыми-зерттеу тұжырымдамасы ғылыми білімді дамытудағы танымал үздіксіздікті және оның эмпирикалық деңгейден салыстырмалы тәуелсіздігін түсіндіруге мүмкіндік береді. ҒЗБ тұжырымдамасының шеңберіндегі ғылым дамуының үздіксіз сипаты соңғыны Т.Кунның «қалыпты ғылымымен» жақындастырады. Алайда одан айырмашылығы – Лакатос тұжырымдамасында ғылыми білімнің өсуі ғылыми қоғамдастық психологиясымен емес, осы процестің объективті логикасының көмегімен түсініріледі.

«Дәлелдеу және теріске шығару», «Фальсификация және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының әдіснамасы» деген еңбектерінде Лакатос ғылымның дамуын «бәсекелесуші бағдарламалар күресі» ретінде қарастырады. Зерттеу бағдарламаларын салыстырудың объективті өлшемі ретінде ол проблемалардың «прогрессивті немесе дегенеративті» жылжуын қабылдайды. Бірінші жағдайда, жылжу бағдарламасының эмпирикалық базисінің өсуімен бірге жүреді, ал екінші жағдайда – тиісінше оның таралуымен бірге жүреді. Сонымен қатар зерттеу бағдарламасының теориялық өсуі эмпирикалық өсудің алдын орап кетсе, онда зерттеу бағдарламасы прогрессивті болады. Басқаша айтқанда, жаңа деректерді ойдағыдай болжай алса, ол алға басады және бәсекелес бағдарлама бұған дейін айтып кеткен жаңа фактілерге кешіктіріп түсінік берілген жағдайда – ол кері кетеді. Бағдарламаның эвристикалық мүмкіндіктері таусылған кезде немесе бәсекелес бағдарламамен салыстырғанда аз болса, ол ғылыми айналымнан шығып қалады.

  Ғылыми-зерттеу бағдарламаларының идеясы философияны бүгінгі ғылымның сипатындағы терең өзгерістерді зерделеуге бағыттайды. Лакатос ғылымының тұжырымдамасында ғылыми зерттеудің айқын құрылымын ғылыми ойын ережелері ұйымдастырған әдіснамалық тұжырымдамасы алмастыратынын айта кету керек. Бұл ойына ережелерінің шындықпен байланысы мәселесі бойынша ол біржақты жауап бермейді.

 

33. Махаббатты философиялық талдау «пәні» ретінде сипаттаңыз.

Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.

Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде «Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш» деп білді.

Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.

· Сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махабаттың төменгі сатысы,

· рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.

Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда адамзат махаббаты атты тақырып өте маңызды философиялық ой кешулердің бірі болуы керек. Маххабат ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ сонымен бірге философиялық тұрғыдан ойлануды қажет ететін махаббаттың өлшемдері болады. Өнер образдардың тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен сөйлейді, яғни өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып отырғанымен, мұны олар әр түрлі мағынада айтады. Махаббат философиядан бұрынырақ пайда болған, бұл екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы маххабат ұғымының өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа деген құштарлықты білдіреді.

Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.

«Эрос» —сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.

«Рhilia» — сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.

«storge» — сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.

«Аgape» — термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді[1].

Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның эзотерикалық, тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де Махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша Махаббат — ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этик. ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан М. жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен Махаббаттың сипаты да түрліше.

Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар:

· Махаббат ол құмарлық;

· Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із қалдыратын ынтықтық сезім;

· Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты;

· Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған махаббат. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды

Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар:

1. махаббат ол көбінесе береді де, бірақ ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға деген махаббаты;

2. махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға деген махаббаты;

3. махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.

Махаббат философиясында махаббаттың мынадай түрлері бар, олар:

1. ата-ана мен бала арасындағы махаббат,

2. аналық махаббат,

3. әкелік махаббат,

4. ағалық махаббат,

5. өз өзіне деген махаббат,

6. құдайға деген махаббат және

7. жануарларға деген махаббат және т.с.с.

Құдайға деген махаббат - Фрейдтің ілімінше, діни махаббат бұл жыныстық құмарлықты рухани қызметке бағыттау. Ол құдайға сенетін адамдарды діни қиялдар әлеміне беріледі дейді, өйткені ол адам ләззат алады. Сондықтан Фрейд кейде дінді жыныстық құмарлықтың сублимацияланған жемісі дейді, кейде алғашқы табиғи құмарлықтарды басып тастаудың салдарынан пайда болған ұжымдық иллюзия дейді.

Ана махаббаты- Тең дәрежелілер арасындағы махаббаттың формалары болып табылатын ағалық және жыныстық махаббатқа қарама қарсы аналық махаббат бар. Негізінен ана мен бала арасындағы байланыс өзінің табиғаты жағынан тең дәрежеде емес, өйткені бала әрдайым көмекті қажет етеді де, ал ана әрдайым сол көмекті беріп отырады. Өзінің альтуристік және шексіз сипаттағы ана махаббаты – махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады және бүкіл эмоционалдық байланыстардың ішіндегі ең қасиетті сезім болып табылады.

Ағалық махаббат - Ағалық махаббат бұл махаббаттың барлық түрлерінің негізінде жатқан махаббаттың фундаментальды түрі. Ағалық махаббат ол жауапкершілік сезімінен, басқаға әрдайым көмектесуден, оған мейірімділік танытып, қамқор болудан көрініс табады

Еркек пен әйел арасындағы махаббат - Егер де аналық махаббат пен ағалық махббатта таңдау жоқ болса, немесе ана өз балаларының барлығын жақсы көруге немесе аға өз інілерінің барлығын жақсы көруге негізделсе, онда жыныстық махаббат бұлардан өзгеше. Мұндай махаббат терең дифференциацияланған, мұндағы махаббат таңдауға негізделген, адам бір ғана жалғыз адаммен тұтастықта болып, бас қосып бірігуге құмартады.

 

34. Адамның психоаналитикалық концепциясын баяндаңыз

Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын.

З.Фрейд тұлға туралы психологиялық ілімге маңызды ықпал еткен, басқа модельді ұсынды. Онда тұлға 3 компоненттен тұрады және олар терминдермен белгіленеді деп тұжырымдалған:

— «ИД» (ол), «ЭГО»(мен) және «СУПЕР-ЭГО»( менен жоғары).

— ИД ─ инстинктерді тасымалдаушы: ол санадан тыс және иррационалды бола тұрып, рахаттану ұстанымына бағынады.

-ЭГО ─ шынайылық ұстанымына бағынады, сыртқы әлемнің ерекшеліктерін, оның қасиеттері мен қатынастарын ескереді.

— СУПЕР-ЭГО ─ рухани стандарттарды тасымалдаушы. Бұл сыншы және цензор рөлін атқаратын тұлға бөлігі.

Егер ЭГО ИД-қа тиімді, ал СУПЕР-ЭГО-ға қарсы әрекет жасаса немесе шешім қабылдаса, ол өзін кінәлі сезініп, ұялып, өзін-өзі жазалайды.

ЭГО-ға қоятын әр түрлі инстанциялардың–ИД және СУПЕР-ЭГО ─ талаптары ұқсамайтындықтан, ол үнемі келіспеушілікте болады. Мұндай жағдай төзгісіз күштеу тудырады.

Бұл күштеуден ЭГО арнайы «қорғаныс механизмдері»─ ығыстыру, сублимация және т.б. арқылы құтылады.

Ығыстыру дегеніміз ─ тұлға қабылдамайтын, белсенді құбылыстарды жою.

Сублимация ─ тиым салынған жыныстық қуаттың басқа әрекет түрінде шығу механизмі.

Психоанализдің негізгі дәрежесі болып мотив дәрежесі саналады. Психоанализ адамның мінез-құлқының серіппелері мен қуат қоры туралы адамның өзі жайлы ұғымдарынан көбірек айтуға тырысты. Бірақ З.Фрейд мотивацияны санаға қарсы қойды.З.Фрейдтегі психикалық қуаттылық биологиялықты алмастырды және қоғамдық дамудың басты қозғаушы күшінің рөлін атқарды. Ағза да, қоғам да пішінделетін материал түрінде қарастырылды.

З. Фрейд жеке тұлғаның дамуының әр түрлі міндеттерін жүзеге асыратын кезеңдерін бөліп және анықтай отырып жеке тұлғаның даму теориясын тұжырымдады, және даму дағдарыстарын сипаттады; психолог бұл дағдарыстардың мазмұнымен жұмыс жасай отырып адамға интенционалдылыққа жетуге көмектеседі.

Эмоционалды және мінез-құлықты стереотиптерді тану үшін жеке тұлғаның қорғаныс механизмдерін оқи отырып жүзеге асыруға болады. Пситхоаналитикалық консультация клиент мәселесінің бастауын тануын ортаға қояды. Инсайт, саналы түрде түсіну тұлғалық өзгерістердің басталуына жиі жеткілікті болады.

Тұлғалық қақтығысты З. Фрейд Ол (Оно), Мен (Я), және Жоғары-Мен (Сверх-Я). Қазіргі теориялар модификациясында психолог міндеті Мен көмегімен белгілі қарсылықсыз Ол мен Жоғары-Мен арасында қатынасты адам табуы керек. Ол – санадан тыс облысы. Жоғары-Мен — әлеуметтену үрдісінде алған тұлға қасиеттері. Мен – Жоғары-Мен мен Олардың арасындағы сілтеуші. Әлді Мен Ол мен Жоғары-Мен арасындағы қатынасты жасаушы – интенционалдылыққа жетудің маңызды шарты.

 

35.Адамның қалыптасуы мен дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар арақатынасын анықтаңыз

Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық факторлармен әлеуметтік факторлардың алатын орны мен рөлі жайлы түрліше пікірлер болады және қазір де бар. Мәселен: Ч. Дарвиннің Ілімін насихаттауда көп еңбек сіңірген неміс биологы Геккель адам мен қоғамның дамуын негізінен анықтаушы биологиялық фаторлар, ал қоғам дамуымен адам эволюциясының қозғаушы күші тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу деп есептеді.

1869ж. Евгеника ілімінің принциптерінің тұңғыш тұжырымдаған Ф. Гальтон деген Дарвиннің немере інісі екенін жоғарыда ескрткенбіз. Сол Гальтон адамның болашақ ұрпақтарының тұқым қуалаушы сапаларын (денсаулығын, дарындылығын,ақыл-ой қабілеттерін) жақсартуға әсерін тигізетін факторларды зерттеуді ұсынды.

Әлеуметтік және биологиялық факторлардың жеке адамның эволюциясына тигізетін әсері жайлы қазіргі ғылыми әдебиетте бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт бар. Олардың бірі панбиологизм деп, ал екіншісі пансоциологизм деп аталады. Панбиологизм бағытын жақтаушылар адамның жеке басының дамуы бүтіндей генмен анықталады деп, биологиялық фактордың рөлін абсолюттендіріді. Ал пансоциологизмді жақтаушылар жеке адамдардың бәрі дүниеге келгенде бірдей гендік қабілетпен келеді, олардың қабілеттердің дамуында оқу-тәрбие басты, шешуші рөл атқарады деп есептейді.

Бұл мәселені қарастырғанда адамның жеке басының дамуының екі кезеңі бар екенін, ол эмбриондық және эмбриондықтан кейінгі кезеңдерден тұратынын ескеру керек. Бірінші кезең- бала туғанға дейін ана құрсағында өсіп-өнуі кезеңі. “Бұл эмбриондық кезеңде ,- деп жазады академик П.Н.Дубинин,- организмнің дамуы генетикалық программаға қатаң сәйкес жүреді де оған сыртқы физикалық және әлеуметтік ортаның әсері (анасының организмі арқылы) әлсіз болады. ” Эмбриондық дамудың ең басты кезеңінде-ақ ата-анасының көшкен, сөйтіп ДНК-ның хромосомдарында берік орныққан генетикалық программа іске аса бастайды. Дамудың әсіресе бұл ерте кезеңіндегі адамның эмбрионы мен басқа омыртқалылардың эмбрионының өсіп-өнуі өте ұқсас болады. Ал адамның эмбрионы мен маймылдардың эмбрионының ұқсастығының ұзақ сақталуы олрдың тарихи шығу тегінің бір екндігінің тағы бір дәлелі екндігі табылады.

Адамның қасиеттері, басқа тірі жануарлардікі сияқты, көбінше генотиптен тәуелді, ал олардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуі тұқым қуалау заңдылығының негізінде жүзеге асады. Дене құрылысы, бойы, сүйек құрылысының қаңқа ерекшеліктері, терісінің, көзі мен шашының түсі , бет-әлпеті сияқты көптеген дарындылық, ақыл-ой қабілеттері де тұқым қуалаудың нәтижесі болып табылады.

Адам мен табиғаттың дамуында биологиялық пен әлеуметтік факторлардың бірлігін көрсететін коэволюция шындығында бар. Ол ол ма, қайта адам табиғатпен бірлікте ғана дами алатынын ерекше атап көрсеткен жөн. Мұны орыс ғалымы В.И.Веронадский ХХ ғасырдың басында-ақ атап көрсеткен болатын, адам мен табиғаттың, оның ішінде адам мен биосфераның өзара тығыз байланыстылығын сол кісі тұңғыш ғылыми негіздеген болатын. Алайда басты мәселе биологиялық фактордың әлеуметтіке тигізетін әсері, адамның мінез-құлқы биологиялықтан қаншалықты тәуелді екндігінде. Биология, гендер әрине адамның мінез-құлқын айқындайды, бірақ ол өзінің биологиялық табиғатынан тыс шыға алмайды. Адамның жануарлар мен эволюциялық байланысы да бар, олрдың мінез құлқында белгілі бір ұқсастықта бар. Басқаша айтқанда, адамның әлеуметтік жаратылысының биологиялық негізі бар.

Адамның биологиялық жаратылысына әлеуметтіктің тигізетін әсерінің тағы бір жағы бар: адам бойындағы биологиядық қасиеттер мен әлеуметтік формада іске асып, әлеуметтік формада қанағат табады, яғни адам өмірінің табиғи биологиялық жақтары мәдени-әлеуметтік факторлар арқылы ғана “адамдыққа ” айналады. Бұл ұрпақ өсіру, тамақтану, сусындау сияқты т.б. таза биологиялық қажеттерді қанағаттандыруға да қатысты.

Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторларының адам дамуындағы рөлін түсіндірген кезде панбиологизм және пансоциологизм сияқты сыңаржақ теориялардан аулақ болған жөн, өйткені панбиологизмді бетке ұстаған кезде адам жануарлар деңгейіне дейін төмендетіледі, ал екінші сыңаржақ бағыты ұстанғанда адам түрінде көрінеді де оған сыртқы орта оның даму барысын жазады.

 

36.Орыс философиясындағы адам мәселесі

 Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі – Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.

Орыс философиясындағы негізгі бағыт – адам және оның өмірінің мәні болды. Атап көрсететін бір ерекшелік – жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі.

Л.Н.Толстойды - дүние жүзі ұлы жазушы ретінде біледі, бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып келе жатыр. Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің-шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе – адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде?Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі – «Исповедь» («Жан сыры» немесе «Тәубе», еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Ол адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар бағытынан адаса бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті төмендейді. Осы кезде адамға даналыққа. парасатқа негізделген философия ғылымының кемегі қажет. Әрине, философия өмірдің моні мәселесін түбегейлі шешіп береді деуге болмайды, бірақ философия құбылысты түсінуге, оған белгілі бір көзқарас қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс, күш береді.

В.С.Соловьев белгілі тарихшы, Ресей тарихы бойынша 29 том еңбек жазған ғалымның отбасында дүниеге келді, сондықтан оның рухани да-муына қажетті барлық жағдайлар жеткілікті болды. В. Соловьев философиясының нсгізгі идеялары туралы айтсақ: 1) В. Соловьевті ең әуелі бүкіл, адамзат тағдыры мазалады десек, қателеспейміз. Адамзат үшін жаңа жол табуға тырысқан В.Соловьев А.Блоктың сезімен айтсақ, «барлық жерде қолына үлкен қоңыр май шам ұстап жүрген секілді болды». Жеке адамның адамгершілігі ұялу, аяу ризашылық секілді үш қасиеттен тұрады, олар адамның рухани өміріні байлығын ашады деп түсінген Соловьев ұятты өте жоғары бағалайды. Декарт «Мен ойлаймын, яғни мен емір сүремін» демекші, Соловьев «Мен ұяламын, яғни мен өмір сүремін» дейді. Ұят – адамның іс-қылығын, бүкіл өмірін реттеуші.

Соловьев адам қызметінің айқындаушы негізі -оның өзінің ата-анасы мен балалары алдындағы парызын орындау деңгейі деп түсінді. Ол отбасының рөлін ерекше атап көрсетеді. Ізгілікке қызмет етуге, жеке эгоизмді жоюшы күш – отбасы деп түсінеді. Соловьевтің ойынша, жеке адам үшін басқа жұрттың бәрімен бірдей адамгершілікті қарым-қатынас жасау ете қиын шаруа.

Өз философиясының зерттеу объектісі туралы Николай Александрович Бердяев 1931 жылы Парижде жарық көрген «О назначеңии человека» еңбегінде былай дейді: «Адам мәселесі – философияның негізгі мәселесі. Гректердің өздері-ақ адам өзін-өзі танып білгенде ғана философиялық ойлауды бастайтынын түсінген болатын. Болмыс жұмбағының шешімі адамның өзінде».

Бердяев адамды екі дүниенің тұрғыны ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы және табиғатта өмір сүреді. Ол табиғатқа тәуелді, бірақ адам табиғатқа жаңа сипат береді. Адам табиғаттағы принципиалдық жаңа нәрсе. Бердяев адам мәселесін идеализм де, социологизм де, психопатология да шеше алмағандығын көрсетіп, өзінің философиясы арқылы адам өмірінің мәнін тереңдеп түсіндіруге тырысатынын айтады: «Қазіргі терминологиямен айтсақ, менің философиям экзистенциалистік тип». Бердяев философиясының басты категориясы Тұлға~(персона). Ол әрбір адамды қайталанбас, жалғыз, ерекше нәрсе, әлеуметтік жалпының элементі деп қарастырады. Ең басты құндылық – жалпы қоғамдаст ұжым, қоғам, мемлекет емес, адам, жеке тұлға. Бердяев Кант философиясына қарсы. Оның жалпыға арналған мораліне қарсы өзінің қайтал бас-индивидуальдік моралін қояды, топтық моральді қабылдамайды. «Самопознание» («Өзін-өзі танып-білу») еңбегінде ол былай дейді:

Бердяевтің өзі жеке адамды жалпы қоғамнан биік қойды, өзінің өмірін де осылай түсіндіреді: «ешқандай философиялық мектептерге қосылмай, индивидуальдік философияны ұстандым, рационализм мен оптимизмге қарсы күрестім. Менің философиям персоналистік, конфликт философиясы».

 

37.Орыс космизмі идеясын сипаттаңыз. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында орыстың философиялық ой-пікірінде ғарыштық философия пайда болды, оны орыс космизмі деп атады. Өкілдері:Н. Ф. Федоров, В. С. Соловьев, Н. Я. Умов, К. Э. Циолковский, В. И. Вернадский, П. А. Флоренский, Н. Г. Холодный, А. А. Чижевский.Олар адамның космоспен бірлігі мәселесі, адамның ғарыштық табиғаты және адам іс-әрекетінің ғарыштық маңызды сұрақтарын қарастырды. Космизм тұжырымдамасы көптеген жағдайда Ресейде көп танылған эволюциялық көзқарасқа сүйенеді.

Орыс космизмнің екі тенденциясы бар:

1. Қияли ойға байланысты немесе дінге сүйенген бағыт. Діни идеялар Н. Ф.Федоров, В. С Соловьев., П. А Флоренский. еңбектерінде көп.

2. Ғылыми немесе жаратылыстану іліміндегі прогреске байланысты. Оның өкілі В. И. Вернадский өзінің биосфера мен Ноосфера, Жер мен Әлем рөлі туралы ілімдерін жасады, К. Э. Циолковский ғарышты игеру теориясын ұсынды.

В. С. Соловьев (1853-1900 жж.) – орыс философы, діни қайраткер, публицист және ақын. Москва университетін бітірген. Оның шығармашылық өмірі үш кезеңге бөлінеді:

-70-ші жылдардағы теологиялық прогресшілдік.

-80-ші жылдардағы дүниежүзілік мемлекет утопиясы.

-90-шы жылдары, Эсхатологиялық (гр eshatos- соңғы және logos – ілім, сөз) көзқарастары.

Соловьев философиясының өзекті идеясы – барлығын біріктіру идеясы, оның негізгі қағидасы «құдайға барлығы бір». Барлығының бірлігі, бірінші кезекте, жаратушы мен жаратылғанның бірлігі. Соловьевтің құдайының адами кейіпі жоқ, ол дүниеде әрекеттенетін, ерекше ұйымдастырушы күш, «ғарыштық ақыл». Сонымен В. С. Соловьев ақылды сезімге қызмет етуге, дінді адам санасындағы рационалдық бастаманы тірек етіп, діни көзқарасты жаңа ғылыми жетістіктермен дәлелдеуге ұмтылады. Н.А. Бердяев (1874-1948) орыс діни философиясының көрнекті өкілі. Экзистенциалист оның философиясының негізі еркіндіктің – болмысқа қарағандағы басымдығы. Болмыс мәнін адам, адам арқылы ашып таниды. Ол діни мистика жолдарындағы жеке адамның «ішкі рухани» таза рухын азаттық үшін таптық күреске қарама-қарсы қойды. Ол алғашқы кезде марксизмге жақындап, кейінен діни философияға, персонализм мен экзистенциализмге бет бұрып, халықтың бірлігін, рухани бостандығын қолдады.

Экуменикалық қозғалыстың теориялық негізін салуға, бүкіл христиан шіркеулерін біріктіруге С. И. Булгаков(1871-1944 жж.) көп еңбек сіңірді. Ол қоғамдық дисгармонианы (үйлеспеушілік) оның әр құрылымының әр түрлі бастамаларды – экономикалық, саяси, рухани, өнегелік, т. б. ұстанып, дербес өмір сүруінен деп түсіндірді. Егер олардың бәрін бір негізде құрса, әлеуметтік организмнің қарсыласулары мәңгі жоғалар еді. Осы негіздің болуы керек: егер құдай абсолют болса, онда ол біртұтас.

Л. Шестовтың(1866-1938 жж.) ілімінде басты ой – сенім мен ақылдың түбегейлі қарсы болуы, сыйспау тезисі. Тек құдайға ғана сенуге болады, ол ешбір тиянақты мазмұнға ие емес. Көрінген танымдық әрекет күнәға тең, бұл интелектуалдылыққа қарсы ұмтылыс. Шестовқа, дінге өте ыңғайсыз адам ақылын, байланыстырушылық дәрежеден алып тастау үшін қажет болды. Сондықтан ол ақылдың кемістігін, болмыстың көп сипаттылығын бейнелей алмауын көп айтады. Бұл соңында ашық мистицизмге әкелді.

Екінші тенденция: космизм - қоршаған ортаны, адамды өзара байланыстағы бүтіндік деп қарайтын философиялық бағыт. А. Л. Чижевский (1897-1964 жж.) жердегі (биосфера) өмірдің дамуы тек ішкі себептердің әсерін ғана емес, сонымен бірге ғарыштың күшті әсеріне байланысты екендігін айтты. Жердегі болып жатқан процестерді айқындаушы Күн. Күннің белсенді қызметі хайуандардың жүріс-тұрысына, көтерілуі және қайтуы әлеуметтік катаклизмдерге – соғыс, революцияға әсер етеді. Ол өзінің идеяларын жай түсініктер емес, ғылым тілімен түсіндіруге тырысты, өлеңдер, көркем шығармалар жазды. Чижевскийдің философиясын батыста өзіндік ерекше ғылыми негізі бар деп есептеді. Бізде «күнге табыну» философиясын ғылыми емес, абсурд деп санады. Федоровтың «Жалпы іс» (Общее дело) философиясының негізгі тақырыбы - ішкі импульстік эволюцияның әсерінен адам іс-әрекетінің өрісінің тұрақты көбеюі, өзінің белсенділік сферасына космостық кеңістікті қосуы. Адам кеңістікті ғана емес, уақытты да игереді. Таным, тәжірибе және еңбектің арқасында мәңгілікті табады және өмірден кеткен ұрпақты өмірге қайтарады деген идеялары. Адам табиғатты игеріп, өзін бағындыра отырып, өзінің организмін өзгертуді, ғарышты игеруді мақсат етеді дейді.

К. Э. Циолковский (1857-1935 жж.) оның пікірінше, материя негізінде өте ұсақ бөліктер - атомдар, ұсақ емес конфигурациясында (кескін үйлесімі) әртүрлі материалдық денелер жасалады. Оның ғылыми-техникалық жобалары, қазіргі замандағы космонавтиканың қалыптасуына өте зор ықпал етті. Ол ақыл-ой және шығармашылық адамды космосқа көтереді, уақыт барысында оның физикалық табиғаты өзгереді, ол жоғарғы организмдерге жақындайды, жұлдызаралық кеңістікке орналасады деп болжады.

 В. И. Вернадский (1863-1945 жж.) Адамның эволюциялық барысында қоршаған табиғатты өзгерту іс-әрекеті күшейе түседі. Биосфера (өмір сферасы) әрдайым үздіксіз ноосфераға өтеді. Ноосфера – ақыл-ой сферасы, адамның өмірінде, оның материалдық және рухани мәдениетінде пайда болады. Ноосфера әрдайым ұлғаяды және болмыстың басқа да салаларына тарайды. Келешекте ноосфера жер үстінде жетекші болып қосмосқа ауысады деген ойларды айтып, биосфераның ноосфераға өтуінің әлеуметтік-табиғи негізгі алғышарттарын анықтады.

-Жер шарының әлемдік тарихын қамту және адамзатты бір тұтастыққа айналдыру.

-Байланыс құралы мен жетістіктерді айырбастауды қайта құру.

 -Энергияның жаңа көзін табу.

-Барлық адамдардың тұрмыс жағдайын көтеру және олардың теңдігіне жету.

 

38.Прагматизм философиясын сараптаңыз. Прагматизм (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.

Прагматизм бойынша қазіргі заман философиясы екі бағытта дауласуда, бірі рационализм (ақылшылдық), ол идеалды, сезімге бай, ақылға жүгінеді, үміткер, дінге сенеді, еркін ерік-жігерді дәріптейді. Енді бірі, эмпиризм (тәжірибешілдік), олар материалистер, суыққанды, сезімдік танымға мән береді, үмітсіз, атеист, себеп-салдар заңын (детерминизм) ұстанады. Прагматистер осы екеуінің арасынан жаңа жол тапқысы келеді, "тәжірибешілдік ойлау әдісі мен адамзаттық діни сенім дәстүрін лайықты үйлестіруді" дәріптейді.

Прагматистер шындыққа адал болуды жақтайды, бірақ дінге де сын айтқысы келмейді. Егер діндегі кейбір ұғым-түсініктердің тұрмыс үшін құнды екені мойындалса, онда діннің де рас екені дәлелденеді. Олар философиялық ойлауды жеке адамдық өмірдің нақты кешірмесіне дейін төмендетуді дәріптейді, бірақ діни сенімді сақтауды жақтайды. Олар әрі Дарвинизмді жақтайды, әрі дінді жақтайды, олар өздерін плюралистер деп атағанды ұнатады. Дегенмен, мысалы У.Джеймс те, басқа прагматистер де дінді этиканың тағаны деп есептемейді.

Прагматизм себепке қарағанда мақсатқа айырықша мән беруімен ерекшелеенеді. Олардың ойынша адам мақсат үшін өмір сүретін нәрсе. Адамның мақсаты адамның шындығын сомдайтын негізгі тетік. Ендеше мақсатты тану адамды танумен бірдей маңызға ие. Дегенмен, олар мақсат категориясы шегінде қамалып қалмай адамды өз мақсатына тегі қандай әрекет жеткізеді дегенді қазбалайды, мақсаттың адамда сенім болып орнығуына, белгілі бір әрекетте табысқа жеткізетін қозғалыс болып орындалуына айырықша назар аударады. Олардың ойынша ақиқат басқа емес, мақсатты дұрыс танытатын, адамға сенім беретін, практикалық тұрғыда адамды белсенді және табысты ететін білім. Егер кез келген білім адам үшіндік сипатқа ие болмаса, онда оның ақиқаттылығы да күмәнді. Ақиқаттың қайнары мақсатқа талпынған практика, ақиқаттың өлшемі, қозғаушы күші, бәр бәрі практика. Ендеше адамды өз мақсатына ең тез жылдамдықпен, ең қысқа уақытта, ең аз шығынмен, ең ыңғайлы жолмен мақсатына жеткізген нәрсе - шынайы құндылық, шынайы ақиқат. Адам баласы сондай ақиқатқа, құндылыққа талпынуы керек. Жалпы, АҚШ қоғамының табысты өмір салты қалыптастыруының негізгі тетігі прагматизмнің мақсатты негіз еткен өнімді қозғалыс идеясын ұстаным етуіне қатысты деп айтуға болады.

Прагматизмнің негізгі ұстанымдары:

-білім шындықты меңгерудің құралы, шындықты өзгертуге болады;

-нақты тәжірибе бәрінен маңызды, ереже мен ұстаным екінші орында;

-сенім мен түсініктің рас-жалғандығы оның әкелген нақты игілігіне байланысты;

-ақиқат идеяның табысты түрі, нәтижеге ие ететін, мақсатқа жеткізетін сана қозғалысы;

-теория әрекеттің болжалды қорытындысы, ол да құрал. Оның құндылығы әрекетті табысты ете алуына қатысты;

-адамның шындықты түсіндіруі шындықтың адамға пайдасы мен игілік өніміне байланысты;

-әрекет ережеден маңызды, ол қатып қалған ережені үздіксіз бұзып отырады;

-ұғымның мәні оның нәтижеге ие етуі, ақиқаттың құны оның қысқа уақытта, аз шығынмен, өте мол табысқа жеткізуі.

Прагматизм — шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия, ол парасатты ой мен логикалық әдісті практикалық істермен астастыруға тырысып, тәжірибеге жүгінеді. У.Джеймс (1842 — 1910) өзінің “Прагматизм” (1907) атты еңбегінде “Прагматикалық әдіс… әрбір ұғымды тиісті практикалық нәтижелерімен түсіндіруге тырысады. Егер бұл ұғым емес, басқа бір ұғым ақиқат болған күнде де біреу үшін одан қандай практикалық мән болар еді” деген пайымдауды тұжырымдап, бұл философия туралы анық түсінік береді. Джеймс еңбектерінде прагматизм қандай да бір теориядан туатын “практикалық нәтижелерді” салыстыру жолымен филоселосы таласты шешу тәсілі және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз — “біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет” дейді. Сөйтіп, прагматизмның “практика” мен ақиқатты субъективті тұрғыдан түсінуі оның ұғымды (идеяны) әрекет “құралы” (Дж. Дьюи) деп, ал танымды субъективтік “ақиқаттардың” жиынтығы (Ф.К.С. Шиллер) деп анықтама беруіне әкеліп тірейді. Бірақ прагматизм практикалық пайдалылық деп объективті ақиқатты практика өлшемімен дәлелдеуді емес, адамның жеке басының субъективті мүддесін қанағаттандыруды түсінеді. Шындықты түсіндіруде Прагматизм эмириокритицизммен үйлес “радикалды эмпиризм” позициясын ұстанады. Прагматизм объективті шындықты “тәжірибемен” барабар деп санап, танымның субектісі мен объектісін бөлуді тек тәжірибе шеңберінің ішінде жүргізеді.

 

39. Философиялық антропологияның негізгі мәселелері.

Антропология – адам туралы ілім. Гректің антропос – «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, антропология дегеніміз – адам туралы ғылым. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі.

Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы, ол адамды жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зерттейді.

ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетке тиісті антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүние мен адамды жаратқан күш-Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.

Философиядағы адам мәселесі фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды. Ертедегі Шығыс ойшылдарының көбі, өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған. Көне замандағы Мысырлықтар философиясының объектісі құдайлар мен әділеттік мәселесі деп біледі.

Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалды. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін тигізді.

Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Оның түпкі тұжырымы ретінде “аспан” концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғарғы рухани күшті де білдіреді. Конфуций ең алдымен адамның адамгершілік әрекетіне назар аударады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам мораль заңына — даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл қасиеттерді оқу үдерісінде жетілдіру тиіс деп жазады. Оқытудың мақсаты Конфуций концепциясына сай “идеалды адам”, “қайырымды ер” деңгейіне жету болып табылады. Ол деңгейге жақындау үшін әрбір адам бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі негізгісі “өзіңе қаламағанды өзгеге жасама” деген ережеге сай отбасы мен мемлекеттегі адамдар арасындағы идеалды қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы болып табылады.

Қоғам мен адам мәселесіндегі Фарабидің идеялық және адамзаттық мақсатын қарастыру ондағы адамзат туралы мәселесін аңықтайты. Фарабидің гуманизм мәселесі – ақыл-ой, бақыт және адам болмысына тән құндылықтар ретіндегі қайырымдылық ілімінде көрініс тапты.

Демокрит – адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі. Оның ойынша, адам – табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да жойылады. Оның айтуынша өмірдің мақсаты – бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес. Бақыт – бұл ең алдымен рухтың қуанышты және жақсы көңіл күйде болуы. Оның маңызды алғышары – ақыл-ой. Фараби адамға ең үлкен игілік әкелетін адамзат болмысының мақсаты мен мәні ретіндегі әрекетті түсінді. Саналы қабілет – адамның табиғи қасиеті, ол әрбір адамға ерекше тән және барлық адамдарға жалпы.

Тікелей антропологияға өту софистердің сыншыл, ағартушылық әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған Сократтың еңбегімен байланысты болды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады.

Осыған ұқсас мәселе қою тәсілін Абайдан да көре аламыз. Ол өзінің 43-ші сөзінде былай дейді: «Адам ұлылығы екі нәрсе: бірі – тән, бірі – жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсіби оны білмек керек. Ішсем-жесем демектің басы жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы – жибили. Ақыл, ғылым – бұлар кәсіби «құдай тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейік?» демек құдай тағалаға жала жауып өзін құтқармақ болғандығы. Бұл – ойсыз, өнерсіз надан адамның ісі. Оған құдай тағала көрме, есітпе, көргеніңді ескерме, есіңе сақтама деп пе? Ойын – күлкімен, ішпек – жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен әуре болда, ішіңдегі қазынаңды жоғалтып алып, хайуан бол, деген жоқ. Жан қуатымен адам хасил қылған өнерлерді де күнде тексерсең, күнде асады. Әрнешік тән қуатымен сырттан тауып, сыртта сақтайсыз, оның аты дәулет еді!»

 

40. Әлеуметтік философияның негізгі мәселелері.

ХІХ ғасыр философиясында әлеуметтік философия онтологияны, гносеологияны, философиялық антропологияны, этиканы толықтырып отыратын қосалқы пән ретінде дамыған. Дүрбелеңге толы ХХ ғасырда әлеуметтік философияның қоғамдық маңызы аса түскенін атап айтуымыз қажет. Әлеуметтік философия дегеніміз-қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Егер әлеуметтік философия қоғам туралы білімдердің жоғары дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы десек, онда социология осы білімдердің орта дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы.

 «Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.

Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық.

1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі — «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: “ әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді”.

Оның айтуынша әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін” зерттеумен айналысатын философиялық таным. “Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады”. Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық “әлемдерінің” – тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы.

С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтік философияның зерттеу аймағы – қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің құндылық қырларының жалпы өмірдің фундаментальды құндылықтарына қатынасы.

Қоғамды әлеуметтiк үйымдасқан материя ретiнде әлеуметтiк философия зерттейдi. Әлеуметтiк философия жалпы философиялық бiлiм жүйесiнiң бiр бөлiгi болып табылады. Оның объектiсi- әлеуметтiк әлем бүкiл оның көп түрлiгi мен бiрлiгiнде. Бiрақ қоғамды таным объектiсi ретiнде тек философия ғана емес басқада ғылымдар зерттейдi. Олар қоғамның жеке саласың қарастырады, «бөлiп» алғандай. Мысалы: юриспруденция- адамдардың қоғамда қалыптасқан заңдарға деген қатынастарың, жалпы құқықтық құбылыстарды зерттейдi, педагогика- педагогикалық құбылыстарды, бүкiл бiлiм беру және тәрбиелеу салаларың қамтиды, тарих- нақты белгiлi бiр кеңiстiк пен уақытқа қатысты оқиғаларды сипаттап, түсiндiредi.

Ал, әлеуметтiк философияның қарастыратың мәселелері келесi:

* әлеуметтiн жалпы даму заңдарың жалпы әлем қалыптасу жүйесiнiң бөлiгi ретiнде

* қоғамдық болмыс және адамдардың рухани дүниесiнiң ерекшелiктерiн, ұжымдық сананы

*әлеуметтiк құбылыстарға адамдардың құндылық қатынастарың, олардыңадамдардың қажеттiлiктерi мен мақсаттарына сәйкестiгiн.

Сонымен, әлеуметтiк философия әлеуметтiк әлемге деген өзiндiк көзқарасын қалыптастырады, ал мұны басқа жеке ғылымдар жасамайды, өйткенi олар көпқырлы әлеуметтiк құрылымның тек жеке үзiндiлерiн зерттейдi. Бiрақ, бұдаң адамның негiзгi мәселелерiн тек әлеуметтiк философия шешедi деген пiкiр қалыптаспау керек, өйткенi жеке ғылымдардың теориялары, олардың тәсiлдерi және олар арқылы алынған эмпирикалық деректер сiз әлеуметтiк философия өз мағынасынаң айырылады.

Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен пікірлер шырмауынынан шығып, адамның қоғамдық және индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты, ерекшеліктері, принциптері, мәні туралы қандай да бір нағыз сөзге ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның өзіне өз санасы көмегі арқылы ие болу формасы ретінде, өзін «жинақтауға» деген саналы рухани жігер ретінде көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі «дәуір талабына» жауап іздеу негізін құрайтындай кейбір сүйеніш болар теориялық-методологиялық конструкцияларды, терминдерді, категорияларды іздейді және табады.

 

41. Мәдениет философиясының негізгі концепцияларын сипаттаңыз.

Мәдениет философиясы — мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды. “Мәдениет философиясы” терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллеренгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды. Мысалы, неокантшылдар В.Виндельбанд пен Г.Риккерт “мәдениет туралы ғылымдар” мен “табиғат туралы ғылымдарды” ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы мәдениет пен табиғат арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық мәнін айқындады. Мәдениеттің теоретикалық ілімдерінің көптігі оны пайымдаудың барлық баламаларын көрсетеді. Олар әр түрлі ғылыми теориялар негізінде Мәдениет философиясының принциптері мен тәсілдерін айқындайды. Мәдениеттануда “дәуір мәдениеті”, “этнос мәдениеті”, “ұлттық мәдениет”, “христиандық мәдениет”, “мұсылмандық шығыс мәдениеті”, тағыда басқа ұғымдар көп кездеседі. Осы секілді ұғымдар әр түрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, әлеум., филос. көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін белгілі бір жіктелімге енгізіп, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі; Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белігілі бір аса құрметтелетін қасиеттер, құбылыстар жүйесі болды. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады. Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі. Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата-ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік бейімделуді философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі. Адам баласының тарихында қандай қиындықтар болса да адамды адам етіп қалдыратын рухани тіректер қалыптасты. Осы рухани тіректер бірте-бірте құндылықтарға айналды. Құндылықтар шындықты реттейді, оған мән, мағына, маңыз береді. Адамның қолынан жасалған нәрсенің бәрі бос әурешілік емес, олар белгілі бір мақсатқа бағытталған. Мақсатсыз қоғам, адам-тұл. Көне өнер бізді қызықтырады, толғандырады, өйткені, олар адамдардың бір кездегі пішінге, порымға, түрге, мәнге, мағынаға деген ұмтылысын білдіреді. Соны білу, игеру бізге де қажет. Бүгінгі адам баласы қол жеткізген биік деңгей, технологияның тың жетістіктері бұрынғы кәсіби шеберлік пен икемділікті жоққа шығармайды. Керісінше, оны білу, пайдалану кез келген жаңа технологияны кеңейтеді, байытады. Адам өмірінің мәні құндылықтар жүйесінің тұлғалық интеграциясы. Құндылық дегеніміз – адам қажеттілігініқ бейнесі. Ол зат немесе идея болуы мүмкін. Сондықтан құндылықтар материалдық немесе идеалдық деп екіге бөлінеді. 

Материалдық құндылықтар – еңбек құралдары мен тікелей тұтынатын заттар.

Рухани құндылықтар – философиялық, діни, эстетикалық, моральдық, құқықтық, саяси, идеялар. Барлық құндылықтар қоғамдық өндірістің нәтижелері. Кез келген құндылықтың екі сипаты – функциональды маңызы және тұлғалық мәні бар. Мысалы, машинаның болуы бір адам үшін мақтану объектісі, екінші адам үшін оның қызметінің бұлжымас бір бөлігі, құралы, үшінші адам үшін табыс көзі. Материалдық және рухани құндылықтардың қоғамдағы, адам өміріндегі маңызы әр түрлі, олардың бірнеше маңызды сипаттары бар:

Материалдық құндылықтар :

· Физикалық статусы;

· Техникалық құралы;

· Праксеологиялық - экономикалық формасы.

Рухани құндылықтар :

· Ақпараттың мағынасы мен сипаты;

· Материалдық іске асуы;

· Аксиологиялық функциясы;

· Әлеуметтік – экономикалық формасы.

Материалдық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, белгілі табиғи сипаттары мен қасиеттері бар әртүрлі табиғи материалдар. Олардан жасалатын заттардың техникалық құрылымына байланысты оның құндылығы анықталады. Белгілі бір техникалық тетікке немесе құралға айнала отырып, табиғи зат өндіріс барысында немесе адамның тікелей тұтынуында өзінің қажеттілігін көрсетіп отырады, сондықтан оның өндірістік – техникалық және тұтынылу функциясы туындайды. Материалдық құндылықтар қоғам дамуының барлық кезеңдерінде әрекет етеді. Рухани құндылықтар белгілі ақпараттық және ақиқаттық мағынамен сипатталады. Саяси, құқықтық, этикалық және басқа да идеялар дұрыс немесе бұрыс болуы да мүмкін, бірақ олар өзінінің құндылық табиғатын жоғалтпайды. Өйткені олар адамдардың әртүрлі уақыттағы және кеңістіктегі ұмтылыстарын білдіреді. Барлық идеялардың материалдық болмысы да бар, өйткені олар кітаптарда, мүсіндерде, архитектуралық құрылымдарда, өлеңдерде, әндерде, әртістердің ойындарында, үнтаспалар мен ноталық жазуларда көрініс береді. Идеялар құндылық аясында белгілі бір нақтылық функцияны орындайды, олар адамдардың арасындағы белгілі бір қатынастарды реттейді.

 

42. Диалектиканың негізгі заңдарын баяндаңыз.

Философияда ең негізгі екі әдіс бар: біріншісі ‑ диалектика болса, ал екіншісі ‑ метафизика болып табылады. Диалектика деген гректің сөзі «диалектикус», «әңгімелесу» деген сөз. Диалектика ‑ табиғаттың және әлеуметтік дүниенің дамуы туралы терең де жан ‑ жақты ілім. Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі - даму идеясы. Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бірдей байланыс жөніндегі ілім ретінде сонау ертеде - ақ пайда болды. Ертедегі барлық грек философтары Ф.Энгельс, туа біткен диалектиктерді, ал солардың ішінде Аристотель жан - жақты білімдар, кемеңгер ойшыл болды, ол диалектиканың ерекше белгілерін зерттеді. Ертеде диалектиканы қарсылас адамның пікірлеріндегі қарама - қайшылықты табу және оны жою арқылы ақиқатқа жету, яғни айтыса білудің әдісі деп түсінді. Кейіннен даму жөніндегі философиялық екі көзқарастың бірі таным әдісі мен болмыстың өзгеруін диалектика деп атады.

Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бірдей ілім ретінде ерте кезде пайда болған. Енді диелектика даму арқылы нені түсінетіндігіміз туралы мәселеге жауап беруіміз қажет. Өзгеріс атаулының бәрі бірдей даму бола бермейді. Даму деп - заттар мен құбылыстардың сапа жағынан өзгеруін, негізінен басқаға айналуын, біреулерінің құрып, екіншілерінің, жаңаларының тууын айтамыз дамудың жалпыға бірдей сипаты болады. Адамның айналасындағы барлық заттар мен құбылыстар - жұлдыздар мен өсімдіктер және адамның өзі де даму процесінде пайда болып, өзгеріп және дами береді. Қоғамдық өмір де терең өзгерістерге ұшырайды. Феодалдық құрылыстың орнына капитализм орнап, оның орнына социализм құрып, капитализмге қайта оралдық. Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі - осы даму идеясы.

Даму екі бағытта болады - прогресс және регресс. «Прогресс» - ол латын сөзінен «алға» жылжу деген сөз, ал «регресс» - кертартпа деген сөздің мағынасын білдіреді.

Дамудағы спираль ‑ терісті теріске шығару заңына сипаттамадағы дамуды бейнелеп түсіндіру үшін қолданған салыстыру. Даму кезінде әрбір құбылыстың өзгеру процесі өзінің «бұрынғы түріне» қайта оралғандай тәрізді, жоғары сатыдағы құбылыс төмендегі сатыдағының кейбір сипатын және ерекшелігін қайталағандай болады. Спиральдың әрбір жаңа орамы алдыңғы орамды қайталағандай тәрізді, бірақ ол жоғары сатыда өтеді. Даму процесінде кез‑келген объекті өзінің жойылу, бөліну, пайда болуынан тұрады.Бұл мәселелерге диалектиканың элементтері, яғни заңдары мен категориялары жауап береді.

Дамудың диалектикалық тұғырнамасының терең мәнін ашатын негізгі үш заңы бар. Олар: қарама ‑ қарсылықтың бірлігі мен күресі, сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысуы және терістеуді терістеу заңы.

Қарама ‑ қарсылықтар мен бірлігі мен күресі заңы ‑ материалистік диалектиканың мәнін, «өзегін» аңғаратын шындықтың және оны адам ойы тануының жалпы заңы. Кез - келген объекті қарама ‑ қарсылықтардан тұрады. Бұл заң ешқандай сыртқары күштерге жүгінбестен кез ‑ келген қозғалыстың активті ішкі «көзін» түсіндіреді, қозғалыстың өздігінен қозғалуын ұғынуға мүмкіндік береді.

Терістеуді терістеу заңы ‑ диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Тұңғыш рет Гегельдің идеалистік жүйесінде тұжырмдалған. Терістеудің терістеу заңы сабақтастықты, дамудың спираль тектестігін, жаңаның ескімен сабақтастық арқылы байланысын, дамудың жоғары сатысындағы бірқатар төменгі сатыларға тән кейбір қасиеттердің ерекше түрде қайталанатындығын көрсетіп, дамудың прогресті сипатын дәлелдейді. Диалектикадағы терістеу категориясы бір заттың басқа затқа айналуын осы кезде бірінші заттың өзгеріп екінші заттың құрамындағы тәуелді элемент күйіне көшуін көрсетеді. Бұл диалектикалық алыну деп атанған. Ол әрі қарай дамуға жол ашады және өткен сатылардың жағымды жақтарының бәрін сақтай алатын байланыс сәті ретінде көрінеді. Диалектикалық терістеуді құбылыстың ішкі заңдылықтары мен қайшылықтары тудырады, ол өзін ‑ өзі терістеу ретінде көрінеді. Қос терістеу немесе терістеуді терістеу арқылы көрінетін дамудың ерекшелігі диалектикалық терістеудің мәнінен келіп шығады.

Сапа мен сана өзгерістерінің өзара орын алмастыру заңы. Сапа мен сана болмыстың объективтік сипаттамасы. Олар адамның практикалық қызметтерінің принциптері. Олар өзара орын алмастыру арқылы даму процесі жүріп жатады. Сапа және сана өзгерістерінің өзара орын алмасытыру заңы болмыс пен ойдың жалпы формасы, адамның практикалық және танымдық қызметінің жалпы шарты.

Сапалық және сандық өзгерістердің өзара орын алмастыру заңы үлкен методологиялық және практикалық роль атқарады. Сандық өзгерістер белгілі бір сапа шеңберінде бірте ‑ бірте үздіксіз жүреді. Өз дамуының белгілі бір сатысында, екінші бір затқа айналады, яғни сандық өзгерістер толығымен сапалыққа ауысады. Ал ескі сападан көшу әдетте секіріс формасында өтеді. Секіріс нәтижесінде пайда болған жаңа сапа және сандық өзгерістер туғызады. Сапа және сандық өзгерістердің өзара орын алмастыруының негізгі себебі қарама ‑ қарсылықтардың бірлігі мен күресінде, қайшылықтың дамуы мен шешілуінде.

 

43.Сана ұғымын түсіндіріңіз және сана мен тілдің байланысын көрсетіңіз

Сана — пәлсапалық санат.

Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.

Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортаментікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи жәнеғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.

Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.

Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлітабиғи күштерде көрініс табады.

Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді.

Сана құрылымы.

Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы — психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.

Санасыз

Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардыңталабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

 

Санасыз әрекет

Санасыз әрекет — адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік — белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері (мотивтері).

Тіл және сананың арақатынасы.

Тілдің ой – санамен қарым – қатысы. Тіл мен ой – сананың бір – бірімен қарым – қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені филосовтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.

Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас.Бұл – менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман, 18-19 ғ.).

Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғылымы Ф.Э.Бенеке,19 ғ.). Бұл екі көзқарастың екеуі де тіл мен ойлаудың қарым – қатынасы жөніндегі мәселені жоққа шығарады, оны проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды.

Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы В.Гумбольдт, француз ғалымы Л.Леви – Брюль, 18, 19 ғ.).Бұл бихевиористік бағыт деп аталады.

Тіл мен ой – сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе – теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас.Тіл мен ой – сананың арақатысы жөніндегі бірден – бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.

Тіл мен сөйлеу бір – бірінен ажырамас бірлікте.Тілсіз сөйлеу жоқ, сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ.Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы.

Сөйлеу дегеніміз – тілді қатынас процесінде, өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз.

Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді? Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,- дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін психолингвистика болып табылады ,-дейді.

 

44. Сциентизм мен антисциентизмнің айырмашылықтарын айқындаңыз.

Қазіргі заман философиясы деп біз, негізінен, XX ғасырдың ғылымы мен философиясын түсінеміз, өйткені XXI ғасырдың басын-да ғана өмір сүріп жатқандықтан, философиялық деңгейде болып жатқандарды қорытындылау үшін, біз әлі жеткілікті рухани тәжірибе жинақтап үлгірген жоқпыз. Өткен ғасыр әлемдік тарихта қашанда оқшау тұрған қалпында сақталады. Біріншіден, ол таным және қоршаған әлемді өзгерту мәселесінде адамның орасан үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. Адамзат әйел-құдай Изиданың жамылғысындағы: «Мен бұрын болған, болып жатқан және болатын солмын және келуші бірде-бір тіршілік иесі менің жамылғымның етегін көтере алмайды» деген жазуды теріске шығарғандай. Өйткені нақ осы ғасырда табиғаттың ең бір құпия сыр-ларына адам даналығының ғажап енуі орын алды. Нәтижесінде, атомдық электр станциялары адамдардың бейбіт өміріне энергия беріп жатыр; интернет бүкіл жер шарын қамтыды; жер шарының кез келген нүктесінен ұялы телефон арқылы басқалармен хабар алысуға болады; жолдардың үстімен жүз миллиондаған машиналар жүйткіп, жүз мыңдаған ұшақтар аспанды шиырласа, ғарыш кемелері жерді айнала ұшып жүр. Осылардың барлығы да бір ғана XX ғасырда іске асты! Адамдардың өмір салтында орын алған ғаламат өзгерістер фи-лософияда сциентистік бағыт тудырып, ойшылдардың оптимистік дүниетанымын оятты. сциентизм (лат. scientia – білім, ғылым) – бұл негізінде аса жоғары мәдени құндылық және адамның Әлемдегі бағдарын анықтаушы фак-тор туралы ғылыми білім туралы ұғым жатқан идеялық ұстаным. Оның үстіне, ғылымның өзінің мұраты ретінде, әдетте, табиғат заңдарын танып білудегі жетістіктерінің және соған байланысты ғылыми-техникалық ілгерілеудің ықпалымен сциентизм пайда бола-тын нақты математикаландырылған жаратылыстану қарастырылады. Қарама-қарсы идеялық ұстаным – ол антисциентизм. Ол адамның әлемге қатынасының факторы сияқты мәдениет пен ғылыми таным саласындағы ғылымды және оның рөлін сын тұрғысынан бағалаудан көрінеді. Алайда біз «шыңдар қаншалықты биік болса, тұңғиықтардың да соншалықты тереңдігі» туралы нақылды әрдайым есте ұстауға тиіспіз.

АЭС-термен қатар атом бомбалары да пайда болды және оларды сы-нау адамдарға жасалды (Хиросима мен Нагасакиді еске түсіріңіз), ядролық полигондар, Чернобыль  АЭС-індегі жарылыс ғасырдың сциентистік қиялын түбірімен жоқ етті. Бұл философия саласында антисциентистік көзқарастардың пайда болуына әкеп соқтырды.

 

45. Сана мен бейсананың диалектикалық бірлігін анықтаңыз.

46. Қазіргі заманғы өркениет мәселелерін шешудегі ғылым мен техниканың ролін бағалаңыз.

Қазіргі заманғы ғылым зерттейтін объекті экспериментальді-теориялық іс-әрекеті негізінде жалпы және жан-жақты зерттеуді сипаттайды. Қазіргі заман ғылымының негізгі ерекшелігі белгілі жүйелерге негізделмейтін жаңа материалдарды іздеп табу болып табылды. Сондықтан зерттеушілер жаңа принциптер, таным категориялары мен тәсілдерін дамытуға, ғылымның мазмұнды құрылымының негізгі компоненттерінің радикальды алмасуына алып келетін ғылыми төңкеріске ғылым дамуының жаңа интенсивті жолдарын іздестіреді.

Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде, талдауда әртүрлі тәсілдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың арасында қазіргі қоғам өміріндегі бүгінгі өзгерістерді неғұрлым толық бейнелейтіні технологиялық детерминизм болып табылады. Технологиялық детерминизм – бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлі туралы көзқарастардың, постулаттардың біріккен жиынтығы. Шындығында да қазіргі өмірде теника мен технологияның маңызы және рөлі орасан зор.

“Адаммен бетпе-бет келген бұл мәселенің маңыздылығы сонша, - деп жазады К.Ясперс, - қазіргі уақытта техника біздің ахуалымызды түсінудің басты мәселесіне айналды. Қазіргі техниканың өмірдің барлық салаларына енгізілуін және оның біздің өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген салдарын қайта бағалау мүмкін емес. Техника мен технология бүгінгі қоғамның жедел дамуының маңызды факторына айналды және техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде-бір саласы қалмады. Қазіргі техника тіпті адамның терең тылсымдық жақтарына да ықпалын тигізеді. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын қою қажеттілігі туындайды.

Біздің өркениет шексіз көп техникаларды өндіріп шығарды, бірақ оның лингивистикалық-аналитикалық алуан түрі техника мәселесін шешіп бере алмайды. Философтардың, ойшылдардың, тарихшылардың, инженерлердің және көзі ашық азаматтардың парызы—“өркениет ретінде біз тудырған мәселелерге” жауап табу.

Болашақта адамзат өркениетінің дамуы қандай болмасын, мейлі ол ғарыштық дәуір, компьютерлік немесе ақпараттық және т.б. болсын, мұның бәрі адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатқандығын ескеруіміз қажет. Бұл мағынада техника философиясы ең алдымен адам философиясы деген американ философы Х.Сколимовскидің пікірімен келісуге болады.

 

47. Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін және олардың пайда болу себептерін атаңыз.

Ғаламдық проблемалар — әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:


· Ресурстар проблемасы;

· Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

· Энергетикалық проблема;

· Демографиялық проблема;

· Климаттың өзгеруі;

· Экологиялық проблемалар;

· «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

· Қауіпті ауруларды жою;

· Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

· Қылмыспен және терроризммен күрес;

· Наркобизнеспен күрес.


Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады. Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда.

Қазіргі таңда жаһандану, ең алдымен, бүгінгі орын алып отырған халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен серпінді техникалық прогресті қамтамасыз ететін өндірістік күштердің (көлік, байланыс құралдары, әлемдік компьютерлік желілер және т.б.) даму деңгейіне қатысты болып келеді. Осы орасан ғылыми-техникалық прогресс әлемнің бейнесін түбірімен өзгертіп, жаһандануға алып келді, алуан түрлі халықтарды бір-біріне жақындата түсті. Дегенмен, қазіргі жаһандану бір жақты сипатқа ие емес. Өте ауқымды болып келетін өндірістік-қаржы ресурстарының трансұлттық корпорациялардың қолына шоғырлануы оларды, шындығында, әлемнің нағыз қожасына айналдырады. Нәтижесінде трансұлттық мемлекеттер өз егемендігінен айрылып, өз елдерінің нарықтарындағы қаржы-экономикалық жағдайды бақылау тізгінін босатып алады. Бұл жаһандық мәселелердің біреусі ғана болып табылады.

48. Қазіргі заманғы философиядағы ақпараттық қоғам ұғымын талдаңыз.

Қоғамды ақпараттандыру процесі техникалық және технологиялық процестерді өз бойына біріктіре, жинақтай және қорыта отырып, тек технологиялық мәселе болудан қалады.Сондықтан “…ақпараттық қоғам адам болмысының мәнімен қатар құрылымын өзгертетіндіктен мыңдаған жылдар бойы философияның жұмбақ құбылыстары болып келген шығармашылықтың құпиялары мен адамзат ақыл-ойының терең тылсымдарына ену мүмкіншіліктері мен оны адами игеру деңгейлерін, тұлға жүйесін түбегейлі өзгертетін болғандықтан философияның көкжиегіндегі зерттеу аймағы болып қала береді”.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Ақпарат – адамды өмір сүру ортасына бейімдеуге бағытталған коммуникативтік үрдістің нәтижесі. Ақпараттық мәдениеттің қызметі – ақпаратты өндіру мен меңгеру үрдісін неғұрлым тиімді түрде жасау. Ақпарат және ақпараттық мәдениеттің мәні және қызметі тұлғаның әлеуметті және табиғи ортаның өзгеруіне сәйкес бейімділігін арттырады. Қазір әлеуметтік ортада жаңа ақпараттық қоғам құру мақсаты клммуникативтік үрдіске өзіндік ерекшеліктер мен өзгерістерін әкелді.

Ақпараттандыру жағдайында ақпараттық қоғамның құндылықтары, ұстанымдары, білімдері, нормалары таралып адам бойында ақпараттық мәдениет қалыптасады. Бұл адамды қауымдастықтың құрамдас бөлігіне айналдырады. Қазіргі жағдайда ақпарат басты құндылыққа айналып отыр, сондықтан тұлғаның әлеуметтенуі үшін ақпараттық мәдениеттің рөлі артуда. Ақпараттандыру жағдайында тұлғаны ақпараттық қоғамға мақсатты түрде әлеуметтендіру факторлары арқылы даярлау қажет.

Ақпарат түсінігінің астарында жинақталған, сақталған, өңделген мәліметтер жатыр. Бұл мәліметтер тікелей қолдануға және таратуға арналған. Ақпарат біздің өміріміздің барлық саласын қамтиды, ол сөйлеу мазмұнында, кітаптарда, журналдарда, теледидар мен радио хабарламаларында, бейне таспаларында кез-келген айналамызды қоршаған заттарға тән ерекшеліктерде кездеседі. Ақпараттарды адам сезу мүшелерімен қабылдайды да, кейінен ақпараттар медиа және орталық жүйке жүйесінде өңделіп сақталынады. Ақпарат негізінде қоршаған ортада болып жатқан жаңалықтармен байланысты тірі жандар арқылы және заттар арқылы беріледі.

 ХХ ғасырда қоғам өмірінде ақпараттандыру үрдісінің төмендегідей негізгі бағыттары орын алған болатын:

• микропроцессорлар мен электрондық есептеу машиналарының өндірісте, транспортта, тұрмыста жіне т.б. қоғамдық өмірде кеңінен қолдану;

• интеллектуалдық жұмыстардың сапасының артуы мен орындалу мерзімін қысқарту мақсатта автоматтандырылуы (ақпараттарды автоматты түрде іздеу, аудару және техникалық құралдар арқылы автоматты түрде басқару, жобалау, ғылыми зерттеулерде және т.б. салаларда жұмыстар жүргізу);

• ақпараттың таратылуы мен тасымалдану тиімділігін арттырып, қағаз үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатта көптеген қағаз баспа шығарылымдарын біртіндеп электрондық түрге айналдыру;

• әр түрлі ауқымды тасымалдау жұмыстарын тез және аз шығынмен шешуге мүмкіндік беретін жоғары дамыған электронды коммуникация жүйелерінің құрылуы (электронды пошта, электробайланыс желісімен сатып алу мен қаржылай есептесу, телеконференциялар және т.б.);

• ғаламдық ақпараттық-байланыс жүйесі-ғаламтордың құрылуы. Осы үдерістерге байланысты ақпараттық мәдениет ұғымының да ауқымы кеңейді.

Өркениеттің әрбір даму кезеңі қоғамда ақпараттың таралу деңгейін және жылдамдығын, жинақтау, сақтау, тасымалдау және іздеу түрлерін айқындайтын ақпараттың тасымалдаушы түрін белгілейді.

49. Ғылыми таным мен адамгершіліктің арақатынасын сипаттаңыз.

Біздің қазіргі жағдайымыздағы ғылыми-техникалық өркениет алдарынан туындаған адамгершілікке қарсыәреккетер ғылымға қарсы белсенді оппозицияны туғызды. Ғылым көпжағдайда қазіргі өркениеттің барлық жаман жақтары мен күнәлеріне жауапты болатын жағдайда қаралып келді.

Вернадский саналы ғалым ретінде ғылыми шығармашылық пен философия үшін ортақ негіздердің қажеттілігінің керек екенін түсінді. Мұндай негіз адамгершілік рухтың және дүниетанымның бүтіндіктерін шығармашылықтың әртүрлі түрлерінің арасындағы байланысы болып табылады. Ғаламның жасырын сырына ену үшін бір уақытқа адамзат жанының құпиясына да ену мүмкін емес. Ғылыми сананың жарығы философиялық сананың сәулесінсіз мүмкін емес. Сондықтан, Вернадский ғылым мен философияны адамзат дүниетануының өсуін біртұтас процесс деп қарау керектігін белгіледі.

Гуманизм (латын тілінде humanus – адамдық, адамгершілік)- адамның жеке тұлға ретінде құндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адамның қадір-қасиеті мен құқықтарын қадірлеуге қамтамасыз етуден тұратын басты құқықтық принциптердің бірі- оның иеліктеріне қамқорлық жасау.

Немістің классикалық философы Иммануил Канттың өмірлік қағидасы келесідей болған: «Адам әрқашан да мақсат болып, ешқашан құрал болмауы керек». Бұл сөздер бойынша дүниеде барлығы да адам үшін, оның игілігі үшін жасалуы шарт, алайда адамның қолымен немесе адамның арқасында белгілі бір мақсатқа жетуге тырысу – адамгершілікке жатпайды. Біз бар ұмтылысымызды қоғам игілігіне бағыштауымыз керек.

50. Ғылыми танымдағы ақиқат, жалған, адасуды салыстырыңыз және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз.

Ақиқат пен таным теориясы – аса маңызды тақырып. Өйткені, оны түсініп алмай біз өзге сауалдарға жауап іздей алмаймыз. Басқаша айтар болсақ, біз алдымен өзіміз үшін ненің ақиқат, ненің жалған екенін, шындықты өтіріктен айырудың жолдарын, бұл үшін қандай құралдар мен әдістер қажет екенін анықтап алуымыз қажет. Онсыз алға жылжи алмаймыз. Сондықтан ақиқат пен таным мәселесі айрықша маңызды.

Ақиқат жайындағы білім жинақтау принципіне бағынады. Артық білім бас жармайды, сондықтан оны жинай беру керек. Жинап қана қоймай, білімді ырымшылықтан, қалыптасқан сенімдер мен жалған нанымдардан, надандықтың қалдығынан тазарту қажет.

Ақиқат - алған білімнің шындыққа сәйкестігі. Егер сәйкес болмаса, білім жалған. Материализмде, идеализмде де осыны мойындайды, бiрақ шындық дегендi әртүрлi түсiнедi. Материализм үшiн, ол - бiзден тәуелсiз өмiр сүретiн объективтiк дүние болса, идеализм оны идеялар дүниесiнiң жай көмескi көлеңкесi, жалған дүние деп есептейдi.

Ғылыми танымда айғақ екі жақты роль атқарады: 1) Теорияны құру мен гипотезаны ұсынуда айғақтардың жиынтығы бұлардың эмпирикалық негізін құрайды; 2) Теорияларды бекіту мен жоққа шығаруда шешуші роль атқарады. Егер де теория мен айғақ сәйкес келмесе, теорияның жалғандығы мойындалады.

Адасу – белгілі бір парадигмадағы ой немесе ойлау жолы, олардың дұрыс екендігіне сенімділік болады, бірақ ол шындыққа мүлде сәйкес келмейтін таным нәтижесі. Адасу субъектінің объектіге сәйкес келе қоймайтын түсінігі, ол білім шектеулігіне, білімнің жекелеген сәттерін абсолюттендіруге байланысты өтуі болып шығады. Оның шын мәні бірден аңғарыла қоймайды. Психологиялық адасу құбылыстарды жеткілікті түсіндірмеуден немесе жоғары дәрежедегі субъективтіліктен болады. Бұл құбылыстар туралы дұрыс қорытындыға келмеуден шығады. Адасумен «жалған», «қателік», «өтірік», «адастыру» ұғымдары байланысты. Адасу былай бөлінеді: деректі жағдайға, затқа сәйкес еместік (материалдық қате) немесе логикалық заңдарға қайшы келеді (формальдік қате). Адасу көздері: алдын-ала сендіру, ақыл-ой қабілетінің жетілмегендігі, асығыстық, энергия жетіспеуі, ойлаудың бір жерге шоғырлануы, танымдық материалдың жетіспеуі, субъективті көңіл-күй, құмарлық, тәртіпсіз жүйелеу, асығыс жалпылау және т.б.

«Жалғандық» та шындыққа қарама-қарсы түсінік. Жалған логикада білімді шындыққа қарсы сипаттау үшін, білімнің шындыққа жету жолындағы қозғалыста білдіру үшін қолданылады. Жалғанның (квази деген термин бойынша түсініледі) шындыққа қарама-қарсылығы маңызды. Ол логикада шындықты ашу үшін салыстырылады. Ал адасу білімнің шындыққа жетуі үшін тарихи қозғалыс барысында ұшырайды. «Өтірік» – ақиқат түсінігіне қарсы этикада жиі қолданылатын категория. Өтірік – шындықты әдейі бұрмалау, ақиқатты танып, көре тұра оның орнына сәйкес еместі, өтірікті ұсыну. Өтіріктен адасу туады, адасу себебі жалған және өтірік мәліметтерге иланудан болады, бұны мәдени-қарым-қатынастық ортада адастыру де те атайды.

Адасу мен шындық диалектикасы – адасуды шындықтан арнайы бөліп алу керек, екінші жағынан салыстырмалы шындықтың бір бөлігі абсолютті шындық ретінде қабылданады деген тұжырымға келеді. Сондықтан да білім қашан да бір текті жалған, бір текті ақиқат емес. Мәселен кейбір болжамдар адасу болып шығуы мүмкін. Белгілі бір жағдайдағы ақиқат келесі бір жағдайда адасу және керісінше болып құрыла береді. Сондықтан адасу мен шындық арасындағы шек, салыстырмалы, өткінші, адасу мен жалған арасында ауыс-күйіс бола береді, бұнда «иә» немесе «жоқ» деген жауап алынбайды.


Дата добавления: 2018-09-23; просмотров: 3741; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!