Гинекология бойынша тестілер.

Тест акушерия и гинекология ГОСЭ

1. Нәрестенің жеке бөліктерінің өзара қарым-қатынасы –бұл:

*Мүшеикемділігі;

2. Леопольд-Левицкийдің бірінші тәсілінің көмегімен анықтайды:

*Жатыр түбінің тұру биіктігінің деңгейін және оның түбіндегі нәресте бөлігінің жатуын;

3. Нәрестенің арқасының жатырдың алдыңғы немесе артқы қабырғасына қатынасы:

*Түрі;

4. Нәресте білігінің жатыр білігіне қатынасы:

*Орналасуы;

5. Нәрестенің басы жатыр, арқасы артқа қараған-бұл:

*Баспен жатуы, артқы түрі;

6. Леопольд-Левицкийдің үшінші тәсілінің көмегімен анықтайды:

*Жату бөлігін және оның кіші жамбастың кіру жазықтығына қатынасын;

7. Нәресте арқасының жатыр бүйір қабырғаларына қатынасы:

*Позициясы.

8.  Нәрестенің ірі бөліктерінің (бас немесе бөксе) кіші жамбастың кіру жазықтығына қатынасы:

*Жатуы;

9. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілінің көмегімен анықтайды:

*Орналасуын, позициясын,түрін.

10. Леопольд-Левицкийдің төртінші тәсілінің көмегімен анықтайды:

*Жату бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын;

11.   Нәрестенің бөкселері жатыр, арқа алға қараған-бұл:

*Жамбаспен жатуы , алдыңғы түрі;  

12. Нәресте басының сагитталды жігінің кіші жамбас кіру жазықтығының қасаға симфизі және мүйіске қатысты орналасуы:

*Қондырылуы;

13. Бөкселері жатыр, нәрестенің арқасы оңға қараған –бұл:

*Жамбаспен жатуы, екінші позиция;

14.   Бөкселері жатыр, нәрестенің арқасы солға қараған –бұл:

*Жамбаспен жатуы, бірінші позиция;

15.   Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық:

*12,5-13 см;

16. Кіші жамбас қуысының кең бөлігінің түзу өлшемі:

*12,5 см;

17.  Мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қылқандарының арасындағы арақашықтық:

*25-26 см;

18. Мықын сүйектерінің қырларының арасындағы арақашықтық:

*28-29 см.

19. Кіші жамбас қуысының тар бөлігінің түзу өлшемі:

*11,5 см;

20.   Оң қиғаш өлшем- бұл арасындағы арақашықтық:

*Оң сегізкөз –мықын буынының және сол қасаға төмпесінің;

21.  Қасаға симфизінің жоғарғы шеті және сегізкөз үсті шұңқыр арасындағы арақашықтық:

*20-21 см;

22. Кіші жамбастың кіру жазықтығының оң қиғаш өлшемі:

*12 см;

23. Кіші жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығының көлденең өлшемі:

*10,5 см.

 

24.   Диагоналды конъюгата:

*12,5-13 см.

25.   Жамбастың қай өлшемдері 20-21 см-ге тең:

*Сыртқы конъюгата;

26.   Кіші жамбастың кіру жазықтығының сол қиғаш өлшемі:

*12 см;

27.    Шын конъюгата:

*11 см;

28. Қалыпты үлкен жамбастың өлшемдерін көрсетініз:

*25-28-31-20-11 см;

29. Сан сүйектерінің үлкен ұршықбастарының арасындағы арақашықтық:

*31-32 см;

30.   Кіші жамбастың шығу жазықтығының түзу өлшемі:

*9,5-11,5 см;

31. Кіші жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығының көлденең өлшемі:

*12,5 см;

32. Кіші жамбастың шығу жазықтығының көлденең өлшемі: 

*11см;

33. Кіші жамбастың кіру жазықтығының түзу өлшемі:

*11 см;

34. Кіші жамбастың кіру жазықтығының көлденең өлшемі:

*13,5 см;

35.   Шүйдемен жатуы, алдыңғы түрі:

*Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек алда;

36. Шүйдемен жатуы, екінші позиция , артқы түрі:

* Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта артта;

37.   Жамбаспен жатудың екінші позициясы, артқы түрі:

*Ұршықбас ара сызығы оң  жақ қиғаш өлшемде, сегізкөз сол жақта артта;

38. Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, нәрестенің арқасы алға қараған:

*Баспен жатуы, алдыңғы түрі;

39.   Шүйдемен жатуы, екінші позиция ,алдыңғы түрі:

*Сагитталды немесе жебетәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта алда;

40.   Сагитталды немесе жебетәрізді жік кіру жазықтығының көлденең өлшемінде, алға ығысқан, нәресте арқасы сол жаққа қараған:

*Бірінші позиция, артқы асинклитизм;

41.  Шүйдемен жатуы, артқы түрі:

*Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек артта;

42.   Жамбаспен жатуы, бірінші позиция, алдыңғы түрі:

*Ұршықбас ара сызығы сол жақ қиғаш өлшемде, сегізкөз сол жақта алда;

43.   Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, нәресте арқасы артқа қараған:

*Баспен жатуы, артқы түрі;

44.   Шүйдемен жатуы, бірінші позиция:

*Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жақта;

45.   Шүйдемен жатуы, екінші позиция:

*Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта;

46.   Шүйдемен жатуы, бірінші позиция, артқы түрі:

*Сагитталды немесе жебетәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта артта;

47.   Нәресте басының түзу өлшемі:

*12 см;

48. Нәресте басының үлкен еңбегінің алдыңғы бұрышы және шүйдеасты шұңқырының арақашықтығы-бұл:

*Кіші қиғаш өлшем;

49. Нәресте басының үлкен қиғаш өлшемі:

*13,5 см.

50.   Нәресте басы маңдайының шашты бөлігінің және шүйдеасты шұңқырының арақашығының шекарасы-бұл:

*Ортаңғы қиғаш өлшем;

51. Нәресте басының үлкен көлденең өлшемі:

*9,5 см;

52.  Нәресте басының шүйде төмпесі және иек ара қашықтығы-бұл:

*Үлкен қиғаш өлшем;

53.  Нәресте басының үлкен көлденең өлшемі-бұл арасындағы арақашықтық:

*Төбелердің (шекелердің) төмпелері;

54.   Нәресте басының тік өлшемі - бұл арасындағы арақашықтық:

*Үлкен еңбектің ортасы және тіласты сүйегі;

55. Нәресте иықтарының көлденең өлшемі:

*12 см.

56.   Нәресте басының түзу өлшемі – бұл арасындағы арақашықтық:

* Кеңсірік және шүйде төмпесі;

57. Нәресте басының кіші қиғаш өлшемі:

*9,5 см;

58.  Нәресте басының кеңсіріктен   шүйде төмпесіне дейінгі арақашықтық:

*Түзу өлшем.

59. Нәресте  басының ортаңғы қиғаш өлшемі:

*10,5 см;

60.   Нәресте басының үлкен еңбегінің ортасынан тіласты сүйегіне дейінгі арақашықтық - бұл:

*Тік өлшем;

61. Нәресте басының кіші көлденең өлшемі – бұл арасындағы арақашықтық:

*Таж жігінің ең алыс нүктелері;

62.   Нәресте басының үлкен қиғаш өлшемі – бұл арасындағы арақашықтық:

*Иег және шүйде төмпесі; 

63. Нәресте басының кіші көлденең өлшемі:

*8 см.

64. Нәресте басының кіші қиғаш өлшемі – бұл арасындағы арақашықтық:

*Үлкен еңбектің алдыңғы бұрышы және шүйдеасты шұңқыры;

65. Нәресте басының тік өлшемі:

*9,5 см;

66. Нәресте бөкселерінің көлденең өлшемі:

*9-9,5 см;

67. Кіші қиғаш өлшемге үйлесімді, бастың шеңбері:

*32 см;

68. Ортаңғы қиғаш өлшемге үйлесімді, бастың шеңбері:

*33 см;

69. Үлкен  қиғаш өлшемге үйлесімді, бастың шеңбері:

*40 см;

70. Түзу өлшемге үйлесімді, бастың шеңбері:

*34 см;

71.   Тік өлшемге үйлесімді, бастың шеңбері:

*32 см;

72. Иықтардың көлденең өлшемінің шеңбері:

*35 см;

73.  Бөкселердің көлденең өлшемінің шеңбері:

*28 см;

74. Distantia spinarum:

*25-26 см;

75. Distantia сristarum:

*28-29 см;

76.  Distantia trochanterica:

*30-31см;

77. Conjugataexterna:

*20-21см;

78. Босану каналының жұмсақ тіндеріне не кіреді, біреуінен басқасы:

*Аналық бездер.

79.  Кәріжілік-білезік буынының шеңбері:

*14 см.

80. Жүктіліктің соңында іштің шеңбері:

*90-100 см;

81. Жүктіліктің соңында баспен жатуы кезінде жатыр түбінің тұру биіктігі (ЖТТБ):

*32-34 см;

82. Жүктіліктің соңында жамбаспен жатуы кезінде жатыр түбінің тұру биіктігі (ЖТТБ):

*34-36 см;

83. Нәрестенің ұзынша орналасуы кездеседі:

*99,5 %;

84. Көлденең және қиғаш орналасуы кездеседі:

*0,5 %;

85. Баспен жатуы кездеседі:

*96 %;

86. Жамбаспен жатуы кездеседі:

*3,5%;

87. Нәрестенің қалыптыда жүрек жиырылуының жиілігі (ЖЖЖ):

*120-160 соққы 1 минутына;

88.  Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің бірінші негізгі сәті:

* Бастың кіші жамбас кіру жазықтығына өзінің жебетәрізді немесе сагитталды жігімен қиғаш немесе көлденең өлшемде қондырылуы;

89. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің бірінші қосымша сәті:

*Бастың болмашы  бүгілуі;

90. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің екінші негізгі   сәті:

*Нәресте басының кіші жамбас қуысына түсуі;

91. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің екінші қосымша    сәті:

*Нәресте басының  шүйдемен алға қарай ішкі бұрылысы;

92. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босанубиомеханизмінің үшінші негізгі сәті:

*Нәресте басының жаруы және жарып шығуы;

93. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің үшінші қосымша сәті:

* Нәресте басының жазылуы;

94. Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде босану биомеханизмінің бірінші негізгі сәті:

*Бастың кіші жамбас кіру жазықтығына өзінің жебетәрізді немесе сагитталды жігімен қиғаш немесе көлденең өлшемде қондырылуы;

 

95. Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде босану биомеханизмінің бірінші қосымша сәті:

*Бастың орташа бүгілуі;

96. Бастың ішкі бұрылысы аяқталғаннан кейін сагитталды немесе жебетәрізді жік жамбас түбінде қандай өлшемде орналасады:

*Түзу;

97. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде  нәресте басы кіші жамбастың кіру жазықтығына қандай өлшемімен түседі:

*Қиғаш немесе көлденең;

98. Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде нәресте басы қандай өлшемімен жарып шығады:

*Ортаңғы қиғашпен;

99. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде кіші жамбас қуысының тар бөлігінде сагитталды немесе жебетәрізді жік қандай өлшемде орналасады:

*Қиғаш, түзуге жақын;

100. Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде нәресте басыныңбекіту нүктесі болады:

*Шүйдеасты шұңқыр және маңдайдың шашты бөлігінің  шекарасы;

101. Бас кіші жамбас қуысының қай бөлігінде ішкі бұрылысты аяқтайды:

*Жамбас түбінде;

102. Босанудың қалыпты биомеханизмі кезінде бастың кіші жамбас қуысының кең бөлігіне түскен кезде сагитталды немесе жебетәрізді жік қай өлшемде орналасады:

*Жоғарғыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

103. Төбесімен жатуы кезінде бірінші болып не туады:

*Үлкен еңбек ;

104. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде өту нүктесі болып есептеледі:

*Кіші еңбек ;

105. Төбесімен жатуы кезінде тууында нәресте басы қандай қозғалыс жасайды:

*Қосымша бүгілу,жазылу;

106. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде бас қандай өлшеммен жарып шығады:

*Кіші қиғаш ;

107 . Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде нәресте басы жарып шығуда қандай қозғалыс жасайды :

*Бүгілу,жазылу;

108. Бетімен жатуы кезінде кіші жамбастың кіру жазықтығына нәресте басы қандай өлшеммен түседі :

*Тік ;

109. Нәрестенің иық белдігі қандай өлшеммен жарып шығады :

*Түзу ;

110 .Шын конъюгатаны төмендегі көрсетілген барлық өлшемдер бойынша анықтауға болады,біреуінен басқасы :

*Соловьев индексі;

111. Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде өту нүктесі болып

есептеледі :

*Кіші еңбек ;

112 .Төбемен жатуы кезінде өту нүктесі болып есептеледі :

*Үлкен еңбек ;

113 .Маңдаймен жатуы кезінде өту нүктесі болып есептеледі :

*Маңдай ;

114. Бетпен жатуы кезінде өту нүктесі болып есептеледі :

*Иек ;

 

115. Жамбастың тарылуының бірінші дәрежесі кезінде шын конъюгатаның өлшемін көрсетініз:

*11<9см;

116. Жамбастың тарылуының екінші дәрежесі кезінде шын конъюгатаның өлшемін көрсетініз :

*9<7см;

117. Жамбастың тарылуының үшінші дәрежесі кезінде шын конъюгатаның өлшемін көрсетіңіз:

*7<5см;

118. Жамбастың таралуының төртінші дәрежесі кезінде шын конъюгатаның өлшемін көрсетініз:

*5 см-ден аз;

119.Жалпы бір қалыпты тарылған жамбас үшін тән:

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

120.Жай жалпақ жамбас кезінде босану биомеханизмінің ерекшеліктері;

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

121.Жамбастың тарылуының қандай түріне осы өлшемдер (24-26-28-18-11-9)сәйкес келеді;

*жалпы бір қалыпты тарылғанға;

122. Жамбастың тарылуының қандай түріне осы өлшемдер( (24-25)-(25-26)-(28-29)-20-11-9)сәйкес келеді;

*көлденең тарылғанға;

123. Жамбастың тарылуының қандай түріне осы өлшемдер(26-29-30-18-11-9)сәйкес келеді;

*жай жалпаққа;

124. Жамбастың тарылуының қандай түріне осы өлшемдер(26-26-31-17-10-8)сәйкес келеді;

*мешелді жалпаққа;

125. Жамбастың тарылуының қандай түріне осы өлшемдер(24-25-27-16-9-7)сәйкес келеді;

* жалпы тарылған жалпаққа;

126.Жүкті әйелдің ерте токсикозының ауырлық дәрежесінің қандай кезінде амбулаторлық ем мүмкін болады;

*Жеңіл;

127.Жүкті әйелдің құсуының ауырлық дәрежесінің қандайы үшін зәрде ацетонның жоқтығы тән;

*Жеңіл;

128.Жүкті әйелдің құсуының емі үшін қолданылатын инфузиялық емінің құрамына кіреді;

*Жоғарыда көрсетілген барлық инфузиялық орталар.

129.Жүкті әйелдің құсуына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Таңертеңгі бір рет құсу;

130.Төмендегі көрсетілген барлық симптомдар жүктіліктің I-жартысындағы токсикоздың ауырлығы туралы көрсетеді, біреуінен басқасы:

*Бас ауруы;

131.Гестоздың патогенетикалық механизмдерінің пайда болуын көрсетеді:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

132.Гестоздың кешенді инфузиялық терапиясына төмендегі көрсетілгендердің барлық препараттары қолданылады, біреуінен басқасы:

*Дәрумен В1 тобындағы препараттар.

133.Эклампсия талмасы дамуы мүмкін:

*Жоғарыдағы көрсетілген кезеңдердің қайсысы болсада.

134.Гестоздың ауыр түрінің қарқынды терапиясы кезінде акушерлік шара-тәсіл мәселесін шешеді;

*Бірнеше сағат ішінде;

135.Гестоздар кезінде өкпені жасанды желдендірудің көрсетулері болып есептеледі:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс;

136.Қазіргі акушерияда жүкті әйелдерді эклампсиямен жүргізу кезінде В.В. Строгановтың жетілдірген барлық ұстанымдары пайдаланады, біреуінен басқасы:

*Қан жіберу;

137.Гестоздың ерте белгісі болып есептеледі:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

138.Гестоздың алдын алуын іске асырады осылардың көмегімен:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлық заттарымен.

139.Эклампсия кезінде шұғыл босандырып алу мақсатында төмендегі көрсетілген барлық әдістерді қолданады, біреуінен басқасын:

*Вакуум-экстракцияны;

140.Жүктілік кезіндегі эклампсияда дәрігердің оңтайлы шара-тәсілін көрсетіңіз:

*Шұғыл жағдайда кесар тілігі;

141.Жүктіліктің қай мерзімінен бастап ана организмінде темірдің қажеттілігі артады:

*16-аптадан 20 аптаға дейін;

142. Жүктілік кезінде тамақпен бірге түсетін темірді:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

143. Жүктілік кезінде теміртапшылық анемияның сенімді диагнозын негізінде қояды:

*Зертханалық зерттеу нәтижесі;

144. Гестациялық қант диабетінің дамуының қауіп-қатер тобына төмендегі көрсетілген барлық пациент әйелдерді жатқызуға болады, біреуінен басқасын:

*Гестозы бар  жүкті әйелдерді;

145.Қант диабеті кезінде жүктіліктің ең жиі асқынуын атаңыз:

*Нәрестенің ірі өлшемдері.

146.Қант диабеті кезінде кесартілігінің көрсетулері болып есептеледі:

*Жоғарыдағыкөрсетілгендердің барлығы дұрыс.

147. Қант диабеті кезінде жүктілікті көтеріп жүрудің негізгі шарты болып есептеледі:

*Жүктілік кезінде және оғанға дейін қант диабетінің толық компенсациясы (орны толыққан);

148.Жүктілік кезінде дамитын сарғаю, байланысты болуы мүмкін:

*Жоғарыдағы көрсетілген патологиялармен.

149. Холестаздық гепатоздың негізгі клиникалық симптомы болып табылады:

*Терінің қышуы ;

150.Бауыр аурулары кезінде жүктілік қарсы көрсету болып табылады немесе төмендегі барлық көрсетілген аурулар кезінде жүктілікті үзу қажет, біреуінен басқасын:

*жүкті әйелдердің холестаздық гепатозы;

151.Сығырлық (миопия) кезінде жүктілікті сақтау мүмкіндігі төмендегі көрсетілген барлық факторларға тәуелді, біреуінен басқасы:

*әйелдің балалы болу тілегіне.

152. Мезгіліне жеткен жүктілікте асқынған « соқыр ішек »( аппендицит) кезінде акушерлік шара тәсілі қарастырылады:

*босануды консервативті жүргізу.

153. Нәрестенің антенаталды инфекциялануының мүмкін болатын патогенетикалық механизмін көрсетіңіз:

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

154. Құрсақ ішілік инфекцияның клиникалық көрінісі осылардан тәуелді:

*жоғарыдағы көрсетілген  факторлардың барлығына.

155. Жаңа туған баланың  цитомегаловирустық инфекциясының классикалық көрінісі болып табылады:

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

156. Жүктіліктің ерте мерзімінде инфекцияланудыңтератогендік әсерін көрсетеді:

*жоғарыдағы көрсетілген  вирустардың барлығы.

157. Құрсақ ішілік инфекциялардың диагностикасының тікелей әдістеріне төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

* жүкті әйелдің қынабынан және жатыр мойнынан алынған бөлінділердің қоздырғышынидентификациялау (салыстыру).

158. Жүктілік кезінде дәрі-дәрмек заттардың мүмкін болатын зақымдау әсерінің түрлерін атаңыз:

*жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

159. Жүктіліктің екінші жартысында төмендегі көрсетілген барлық антибактериялық препараттарды қолдануға болады, біреуінен басқасын:

*левомицетин;

160. Нәрестенің алкоголдік синдромы төмендегі көрсетілгендердің барлығын өзіне қосады, біреуінен басқасын:

*нәрестенің ірі болып қалыптасу үрдісін.

161. Жедел плаценталық жеткіліксіздігінің негізгі себебі болып табылады:

*плацентаның бөлінуі;

162. Созылмалы фетоплаценталық жеткіліксіздіктіңдамуында негізгі рөлді атқарады:

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

163. Созылмалы плаценталық жетіспеушіліктің қалыптасуының қауіп-қатер факторларына жатады:

*жоғарыда көрсетілген факторлардың барлығы.

164. Нәресте бойының құрсақ ішілік кідіруінің диагностикасын, оның түрін және ауырулық дәрежесін анықтау мақсатында келесі фетометриялық параметрлерді пайдаланады:

*жоғарыда көрсетілген параметрлердің барлығын.

165. Үдемелі плаценталық жетіспеушілік кезінде орталық гемодинамикалық бұзылыстарды сипаттайтын өзгерістерге жатқызу керек:

*жоғарыдағы  көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

166.  Плаценталық жетіспеушіліктің терапиясы үшін қолданады:

*жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

167. Трансвагиналды  ультрадыбысты сканирлеу кезінде жатыр жүктілігінің диагностикасы мүмкін болады:

*етеккірдің 5-7 күндей кідіруі кезінде.

168. Нәресте дамуының іштен болған ауытқуларының тікелей (ұрықтық немесе нәрестелік) әдістерінің диагностикасына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*жүкті әйелдің зәрінде және қанның сары суындағы эстриолды анықтау;

169. Ультрадыбысты зерттеудің бірінші скрининг міндеті болып есептеледі:

*жоғарыдағы  көрсетілгендердің барлығы.

170. Антенаталды кардиотокографияны жүргізудің негізгі мақсаты болып есептеледі:

*жүрек жиырылуының жиілігі бойынша нәресте гипоксиясының ауырлық дәрежесін анықтау және дәлелдеу;

171. Қандай зерттеулерді жүргізу үшін амниоцентез қолданылады;

*жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

172. Жүктіліктің қай мерзімінде қанда хориондық гонадотропиннің ең көп шоғырлануы тіркеледі:

*8-10аптада;

Хориондық гонадотропиннің шоғырлануы жүктіліктің аяғына дейін әрқашанда болады.

173. Фетоплаценталық жүйемен қандай гормондар синтезделеді:

*жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

 

174. Амниоцентездің асқынулары төмендегі көрсетілгендердің барлығы болуы мүмкін, біреуінен басқасы:

*нәрестенің дамуының іштен біткен ақауларының  қалыптасуы;

175. Кордоцентез – бұл:

*нәрестенің кіндік бауының венасынан қанға сынама алу;

176. Кардиотокограмм анализі кезінде бағаланатын негізгі параметрлерді көрсетіңіздер;

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

177. Жүкті әйелдің организмінде эстрогендердің синтезі іске асырылады:

*жоғарыдағы  көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

178. Жүктілік кезінде прогестеронның және оның ізашарларының синтездері барлық мүшелерде жүреді, біреуінен басқасында:

*нәрестенің эпифизында ;

179. Эстрогендік әсерін бағалау үшін функциялық диагностиканың қай тестісін қолданбайды:

*Базалды термометрияны;

180.Акушерияда функциялық диагностиканың тестілерін қолдануға болады:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы үшін.

181.Эстрогендердің әсерінен төмендегі көрсетілгендердің барлығы жүреді, біреуінен басқасы:

*Базалды температураның жоғарылауы;

182.Эстрогендердің іс-әрекетінен төмендегі көрсетілгендердің барлық үрдістері жүреді, біреуінен басқасы:

*Аскорбин қышқылының зәрмен бірге шығуының жоғарылауы;

183.Жүктілік кезінде қынап жағындысында қандай жасушалар басым болады:

*Аралық ;

184.Температуралық тест мүмкіндік береді:

* Жоғарыдағы  көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

185.Екі фазалық етеккірлік цикл кезінде базалдық температураның ерекшеліктеріне тән:

* Жоғарыдағы   көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

186.Сары дененің функциясын бағалау үшін эндометрияны диагностикалық құруды жүргізу керек:

*циклдің 25-27 күні;

187.Жүктіліктің үйреншікті көтереалмаушылығы бар әйелдерді жүргізу бойынша арнайы кабинеттердің негізгі міндеті:

* Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы .

188.Жатырдың анатомиялық жағдайын төмендегі нәтижелері бойынша анықтауға болады:

* Жоғарыдағы   көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

189.Гипоталамды-гипофизарлық-аналық бездік жүйенің функциялық жағдайларын бағалау төмендегі  нәтижелердің  негізінде  берілуі мүмкін болады:

* Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

190.Жүктіліктің бірінші үш айлығында үйреншікті  жүктілікті көтереалмаушылық кезінде жүргізу  қажет:

*Жоғарыдағы  көрсетілгендердің  барлығы.

191. Жүктіліктің үйреншікті көтереалмаушылығы бар әйелдерге кешенді реабилитациялық шараларын жүргізуді бастау қажет:

*Өздігінен болған түсіктен кейін бірден;

192.Жүктіліктің қай мерзімі өткен соң ұзаққа созылған деп айтуға болады:

*287-290 күндей;

 

193.Мерзімі жүктіліктің 41 аптасы кезінде және жатыр мойнының «жетілгені»барда кардиотокограммада децелерация  жағдайы пайда болғанда дәрігердің шара тәсілі:

*Кесар тілігі операциясы арқылы босандырып алу;

194. Мезгілінен кеш босанудың бірінші кезеңінде нәрестенің созылмалы гипоксиясының ауырлығы арта берген жағдай кезінде дәрігердің іс-әрекеті:

*Шұғыл түрде кесар тілігі операциясын орындау;

195.Мезгілінен кеш босанудың екінші кезеңінде төмендегі көрсетілген барлық асқынулар болуы мүмкін,біреуінен басқасы:

*Қағанақ суының ерте ағуы.

196.Мезгілінен асқан нәресте үшін төмендегі көрсетілген барлық симптомдар тән,біреуінен басқасы:

*Көп лануго.

197.Босанудың бірінші кезеңінің басталуының белгілерін атаңыз:

*Ретті толғақтық пайда болуы;

198.Бірінші босанатын әйелдің  босануының бірінші кезеңінің орташа ұзақтығы болады:

*10-12 сағат;

199.Қайта босанатын әйелдің босануының орташа ұзақтығы болады:

*8-10 сағат;

200.Босанудың екінші кезеңінің басталуының белгілерін атаңыз:

*Жатыр ернеуінің толық ашылуы;

201.Бірінші босанатын әйелдің босануының екінші кезеңінің орташа ұзақтығы:

*1-2 сағат;

202.Қайта босанатын әйелдің босануының екінші кезеңінің орташа ұзақтығы:

*0,5-1 сағат;

203.Босануды жүргізу кезінде сусыз аралықтың ұзаруына артығырақ жол бермеу қажет:

*12 сағаттан;

204.Босануда қынаптық тексеру қандай мақсатта жүргізіледі:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

205.Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде жебе тәрізді немесе сагитталды жік жамбас түбінде қандай өлшемде орналасады:

*Түзу , шүйдемен алға қарай;

206.Перинеотомияға көрсетулер:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

207.Босану кезінде қынаптық тексеру жүргізіледі:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

208.Шұғыл түрде қынаптық тексеруді жүргізудің көрсетуі төмендегі көрсетілген барлық клиникалық жағдайлар болып есептеледі, біреуінен басқасы:

*Созылмалы фетоплаценталық жеткіліксіздік;

209.Босануды ауыртпау үшін қолданады:

*жоғарыдағы көрсетілген барлық әдістерді;

210.Ерте амниотомияны жүргізеді:

*Жайпақ нәресте қабында;

211.Бұтаралықтың жыртылуының ІІ дәрежесі бұзылыстарға әкелуі мүмкін:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

212.Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағудың ең жиі себебі жыртылу болып табылады:

*Жатыр мойнының;

213.Босану әрекетінің әлсіздігі сипатталады:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің бірі емес.

214.Нәресте басының кіші жамбастың қуысының тар бөлігінде орналасуы кезінде жамбастың қандай тану нүктелері пальпацияланбайды:

*Қасаға симфизінің төменгі үштен бірі;

215.Босану әрекетінің байланыссыздығы(дискоординациясы) кезінде байқалады:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;

216. Босану әрекетінің байланссыздығының қандай мүмкін болатын асқынулары:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

217.Жамбаспен жатуы кезінде кесар тілігінің көрсетулері төмендегі көрсетілген барлық клиникалық жағдайлар болып саналады, біреуінен басқасы:

*Нәрестенің даму ақаулары;

218.Жамбас түбінде бөкселердің болуы кезінде нәрестенің иық белдігі қайда орналасады:

*Кіші жамбастың кіру жазықтығының үстінде;

219.Жамбаспен жатуы кезінде босанудың бірінші кезеңінде төмендегі көрсетілген барлық асқынулар болуы мүмкін, біреуінен басқа:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

220.Клиникалық тар жамбастың диагностикасында қандай симптом жүргізуші болып есептеледі:

*Босанудың жақсы әрекетінің болуы кезінде нәресте басының үдемелі қозғалысының болмауы арқасында кіші жамбастың кіру жазықтығында тұруы;

221.Кесар тілігінен кейін жатырдағы тыртықтың жарамсыздығының қауіп -қатер факторы болып саналады:

*Жоғарыдағы  көрсетілгендердің барлығы.

222.Кесар тілігі операциясы орындалуы мүмкін:

*Жоғарыдағы  көрсетілген анастезиялық құралдардың кез келгенін қолдануға болады.

223.Кесар тілігінің қандай әдістемесі кең таралғаны болып есептеледі:

*Жатырдың төменгі сегментіндегі кесар тілігі;

224. Кесар тілігінің іріңді-сепсистік асқынуларының пайда болуының қауіп-қатер факторларына жатқызу керек:

*Жоғарыда көрсетілген  барлық факторлар.

225.Жатырдағы тыртықтын болуы кезінде жүктіліктің ағымы асқынады:

* Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

226.Жатырдың төменгі сегментіндегі кесар тілігінің артықшылығына жатқызу керек:

* Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы;

227.Жатырдың қауіпті жыртылуы  кезінде барлық операциялардың қарсы көрсетулері бар, біреуінен басқасында:

*Кесар тілігі;

228.Акушерлік қысқыштар салу кезінде шарттардың қайсысы негізгі  болып саналады:

*Бастың жамбас қуысында немесе жамбас түбінде орналасуы;

229.Сыртқы - ішкі акушерлік бұру төменде көрсетілген барлық  жағдайларға қарсы көрсету болып есептеледі, біреуінен басқасы:

*Егіз кезінде екінші нәрестенің көлденең орналасуы;

230.Акушерлік қысқыштарды салу қарсы көрсету болып есептеледі:

* Жоғарыда көрсетілген клиникалық жағдайлардың барлығында.

231.Краниотомия көрсетуі болып есептеледі:

*Нәрестенің гидроцефалиясында;

232.Нәрестені аяғына қарай классикалық акушерлік бұруды жасағаннан соң дәрігердің шара тәсілі:

*Жамбас жағынан нәрестенің экстракциясын жасау;

233.Босанудан кейін жатырдың жиырылуын бақылауды іске асыруға болады:

*Жоғарыда көрсетілген барлық әдістердің көмегімен;

234.Жатырдың субинволюциясының клиникасының сипаттамасы:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

235.Лохиометра – бұл:

* Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

236.Плацентаның бөліктерінің кідіруінің клиникалық суреттемесі сипатталады:

* Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

237.Лохиялар төмендегі көрсетілген барлық құрауыштарды(компоненттерді) ұстайды, біреуінен басқасын:

*Эндометрияның базалды қабатының жасушаларының элементтері.

238.Босанғаннан кейінгі жатырдың инволюциясының бұзылыстары қай жағдайда әбден анық көрінеді:

*Кесар тілігінен кейін;

239. І және ІІ дәрежедегі жыртылу кезінде бұтаралығының тігістерінің ашылуы және іріңдеуінің алдын алу мақсатында пайдалану қажет:

* Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

240.Лактацияны басу үшін қолданады:

* Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

241.Физиологиялық босанудан  кейін қай уақытта жаңа туған баланы емшек емізуге апаруға болады:

*Босанғаннан кейін тікелей;

242.Босанғаннан кейінгі бөлімшеде ана мен баланы бірге ұстау мүмкіндік туғызады:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығына;

243.Сүт шығуға төмендегі көрсетілген факторлардың барлығы мүмкіндік туғызады, біреуінен басқасы:

*Көп су ішуіне;

244.Сүт бездерінің қатаюының азаюы үшін қолданылады:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

245.Емізік сызатын емдеу және алдын алу үшін төмендегі көрсетілген барлық заттарды және әдістерді қолданады, біреуінен басқасын:

*Гормондық заттар;

246.Жаңа туған баланы ерте емшек емізуге апаруға болмайды:

*Жоғарыда көрсетілген барлық клиникалық жағдайларында.

247.Гипогалактия төмендегі көрсетілген факторламен байланыста  болуы мүмкін, біреуінен басқасы:

*Сүт безінің үлкен емес мөлшері;

248.Жаңа туған баланың гипербилирубинемиясы ең ашық көрінеді:

* Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс;

249.Жаңа туған балалардың өмірінің бірінші күндеріндегі   сарғаюының дамуы шоғырланудың жоғарылауымен байланысты:

*Жанама (байланыспаған) билирубинмен;

250.Жаңа туған балаларда гормондық криз көрінеді:

*Өмірінің 3-4 немесе 5-8 күндері.

251.Жаңа туған балалардың гормондық кризі төмендегі көрсетілген барлық симптомдармен бірге еріп жүреді, біреуінен басқасы:

*Ядролық сарғаю;

252.Жаңа туған баланың бірінші демалуының механизміне қандай факторлар қатысады:

* Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы ;

253.Жаңа туған баланың шекаралық жағдайларына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Транзиторлық гипертензия;

254. Жаңа туған баланың алғашқы дене салмағының, оның транзиторлық азаюынан кейін, тез қайта орнына келуіне мүмкіндік беретін факторларды көрсетіңіз:

* Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

 

255. Жетілген сау жаңа туған баланың алғашқы дене салмағының азаюы құрайды:

*3%-тен 10%-ке дейін;

256. Жаңа туған баланың алғашқы салмағының барша (тым көп) азаюы кездеседі:

*Өмірінің 3-4 күнінен бастап;

257. Жүктіліктің болжамалы (күмәнді) белгілеріне жатады:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің  барлығы.

258.  Жүктіліктің сенімді белгілері болып есептеледі:

*Жатырдағы нәрестені пальпациялау;

259. Өздігінен болған ерте түсіктің ( жүктіліктің I-үш айлығы) себебі төмендегі көрсетілген аурулардың барлығы болуы мүмкін , біреуінен басқасы:

*Истмико-цервикалды жеткіліксіздік;

260. Геморрагиялық шокпен жүретін жатырдан тыс жүктіліктің бұзылыстары кезінде жүргізеді:

*Төменгі орталық лапаротомия;

261. Жүктіліктің кіші мерзімінде мүмкіндік белгілеріне төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Нәресте қимылы.

262. Өздігінен болған ерте түсіктің ағымының сатылары:

*Түсу қаупі, басталған түсік, жүрістегі түсік, толық емес түсік, толық түсік;

263. Қалыпты орналасқан  плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі ең жиі болады:

*Гестозда;

264. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуінің ашық түрінің клиникалық белгілері:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

265. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі кезінде ШТІҚҰ-синдромының жедел түрінің дамитынын анықтайтын негізгі факторы болып есептеледі:

*Ананың қан жүретін жүйесіне тромбопластикалық тіндік субстанциялардың түсуі;

266. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі кезінде нәрестенің құрсақ ішілік жағдайы байланысты:

*Жоғарыдығы көрсетілгендердің барлығына.

267. Плацентаның жатуы кезінде алғашқы рет қан ағу пайда болады, қағида бойынша, жүктіліктің мерзімі кезінде:

*28-32 апта;

268. Плацентаның жатуында ең тән клиникалық симптом болып есептеледі:

*Жыныс жолдарынан қайталанып келетін қанды бөлінділер;

269. Босануда қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі кезінде төмендегі көрсетілген барлық шараларды қолдануға болады, біреуінен басқасын:

*Босану әрекетін ынталандыруды;

270. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі мүмкін:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

271. Васкулопатия үшін тән:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

272. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуіне келтіретін факторларды көрсетіңіз:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

273. Кувелер жатырының дамуы кезінде мүмкін:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

274. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуіне байланысты босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қанағудың пайда болуы кезінде, қажет:

*Жатырдың қосалқыларысыз экстарпациясын жасау;

 

275. Плацентаның жатуы диагнозын зерттеу нәтижелерінің негізінде қоюға болады:

*Жоғарыдағы көрсетілген зеттеулердің барлығымен.

276. Плацентаның орнының ауысуы (миграциясы) негізінде жүктіліктің қай мерзімінде аяқталады:

*32-35 аптада;

277. Плацентаның орнының ауысуының ерекшеліктері:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

278. Плацентаның жатуының күдікті болуы кезінде қынаптық  зерттеуді жүргізуге болады:

*Босану бөлімшесінде және тек операциялық залдың дайындық жағдайында;

279. Босануда «физиологиялық»  қаншығынының көлемі:

*300-500 мл (дене салмағының 0,5%);

280. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі гипотониялық қанағудың дамуының қауіп-қатер тобына барлық босанған әйелдер жатады, біреуінен басқасы:

*Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі болған әйелдер.

281. Босануда қанағудың алдын алуда төмендегі көрсетілген барлық шараларды жүргізу алдын ала қарастыруды көздейді, біреуінен басқасы:

*Босанудың екінші кезеңінде ингаляциялық анестетиктердің көмегімен ауыртпау;

282. Босанудың үшінші кезеңіндегі қанағудың ең жиі себебі болып саналады:

*Плацентаның жартылай тығыз жабысуы;

283. Босанғаннан кейін ерте кезеңде гипотониялық қанағу кезінде Бакшеев бойынша клеммаларды салады келесі жағдайларда:

* Босанғаннан кейінгі жатырдың қабырғаларын қолмен тексеруде және оны сыртқы- ішкі массажы  нәтижесіз болса;

284. Босануда геморрагиялық шок және шомбалды қан жоғалту кезінде инфузиялық трансфузиялық терапияның бірінші кезектегі мақсаты болып саналады:

*ҚАЖК-ін толтыру және микроциркуляцияны бұрынғы қалпына келтіру;

285. Босанғаннан кейінгі жатырды қолмен тексерудің көрсетуі төмендегі көрсетілген клиникалық жағдайлардың барлығы болып есептеледі, біреуінен басқасы:

*Жатыр мойнының жыртылуының I және II-дәрежелері;

286. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде патологиялық қан жоғалту кезінде бірінші кезекте қандай шара қолдану қажет:

*Босанғаннан кейінгі жатырдың қабырғаларына қолмен тексеру жүргізу;

287. Босанғаннан кейінгі кеш қанағудың ең жиі себебі болып саналады:

*Жатырда плаценталық тіндердің қалдықтарының кідіруі;

288. Плацентаның бөлінуінің белгілері жоқ, босанудың үшінші кезеңінде қанағудың пайда болуы кезінде дәрігердің шара-тәсілі:

*Плацентаны қолмен бөлу және бала жолдасын шығаруды жүргізу;

289. Акушерияда геморрагиялық шокпен күресу ұстанымдары:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

290. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде коагулопатиялық қан ағу байланысты болуы мүмкін:

*Жоғарыдағы көрсетілген факторлардың барлығымен.

291. Плацентаның бітісуі жағдайында бүрлері бекітіледі:

*Миометрияға;

292. Босанғаннан кейін ерте кезеңде немесе босанудың үшінші кезеңінде жатыр қуысына қолды енгізу алдында қажет:

*Жоғарыдағы көрсетілген барлық қол әрекеттерін жасау.

293. Босанғаннан кейінгі эндометритті қандай микроорганизмдер ең жиі тудырады:

*Энтеробактериялар, споро пайда болатын емес анаэробтар;

294. Инфекциялық токсикалық шок жиі дамиды әсер етуімен:

*Грамм теріс бактериялардың эндотоксиннің;

295. Босанғаннан кейінгі маститтің негізгі қоздырғышын атаңыз:

*Алтын түстес стафилококк;

296. Босанғаннан кейінгі кезеңде ең жиі дамитын іріңді-сепсистің асқынуы болып саналады:

*Эндометрит;

297. Босанудан кейін пайда болатын инфекциялық асқынулардың дамуының қауіп-қатер тобына барлық босанған әйелдер жатады, біреуінен басқасы:

*Жаңа туған баланың дене салмағы 4000 г.астам;

298. Кесар тілігінен кейінгі перитонит ненің салдарынан болуы мүмкін:

*Жоғарыдағы  көрсетілгендердің барлығынан;

299. Босанғаннан кейінгі эндометриттің ең жиі кездесетін түрі:

*Плаценталық тіндердің, лохиялардың немесе децидуалдық қабықтардың қалықтарының жатырда кідіруіне байланысты болған эндометрит;

300. Іріңді маститті емдеу төмендегі көрсетілген барлық шараларды жүргізуді керек қылады, біреуінен басқасы:

*Сүт бездерін қатты бинтпен тануды;

301. Босанудан кейінгі инфекциялардың қазіргі ағымының ерекшеліктері:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

302.  Сыртқы жыныс мүшелеріне төмендегі көрсетілгендер жатады, біреуінен басқасы:

*Қынап.

303. Ішкі жыныс мүшелеріне төмендегі көрсетілгендер жатады, біреуінен басқасы:

*Қыздық перде.

304. Жамбас түбінің сыртқы қабатының бұлшықеттеріне төмендегі көрсетілгендер жатады, біреуінен басқасы:

*Зәрлі көкет;

305. Жамбас түбінің ортаңғы қабатының бұлшық еттеріне жатады:

*Зәр шығаратын каналды қысатын, бұтаралығының терең көлденең бұлшық еті;

306. Жамбас түбінің ішкі қабатының бұлшық еті немесе жамбас көкетіне жатады;

*Артқы өтісті көтеретін бұлшық ет, үш жұп шогырдан (аяқтарынан) тұрады;

-Қасаға – құйымшақ;

-Мықын-құйымшақ;

-Шонданай-құйымшақ;

307. Ұрпақ өрбіту жүйеде төмендегі көрсетілген деңгейлерді бөледі, біреуінен басқасын:

*Бүйрекүсті бездері.

308. Етеккірлік циклдің бірінші күнінен басталып 12-15 күндері аяқталатын, аналық бездік циклдің фазасын не деп атайды:

*Фолликулиндік;

309. Етеккірлік циклдің 12-15 күндерінен басталып 24-30 күндері аяқталатын, аналық бездік циклдің фазасын, не деп атайды:

*Сары дене;

310. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Прогестерон.

311. Аналық безде төмендегі көрсетілген гормондар өндіріледі, біреуінен басқасы:

*Пролактин.

312. Есейген әйелдің сүйек жамбасы келесі сүйектерден тұрады:

*Екі жамбас, сегізкөз, құйымшақ;

313. Үлкен және кіші жамбас арасындағы шекара болып есептеледі:

*Шекаралық сызық, мүйіс, симфиз және қасаға сүйектерінің жоғарғы ішкі шеті;

314. Қандай сүйектермен бітісіп жамбас сүйегін құрайды:

*Мықын, шонданай, қасаға;

 

315. Акушерияда үлкен жамбастың қандай маңызы бар:

*Үлкен жамбастың өлшемдері бойынша кіші жамбастың өлшемдерін білуге болады;

316. Кіші жамбастың классикалық жазықтықтарын санап шығыңыз:

* Кіру жазықтығы, кең бөліктің жазықтығы, тар бөліктің жазықтығы, шығу жазықтығы.

317. Босану жолдарына кіреді:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

318. Қандай үрдіс овуляция деп аталады:

*Пісіп-жетілген фолликуланың жарылуы және жұмыртқа жасушасының шығуы;

319. Ұрықтану деп аталады:

*Еркек және әйел жыныс жасушаларының қосылуы;

320. Қағанақ сулары-бұл:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

321. Жетілген нәрестенің кіндік бауының орташа ұзындығы қандай:

*50-60 см;

322. Жүктіліктің мерзімі кезінде физиологиялық босану басталады:

*37-42 апта;

323. Қағанақ суларының өз мезгілінде ағуы деп аталады:

*Жатыр мойнының толық ашылуы кезіндегі қағанақ суларының ағуы;

324. Бас пішіні деген не:

*Бас үлгісінің өзгеруі;

325. Босануды қабылдау бойынша акушерлік қолмен көмек көрсету, босану биомеханизмінің қай сәтінен бастап кіріседі:

*Бастың жарып шығуы сәтінен;

326. Босанудың III-кезеңі деп аталады:

*Бала жолдасы кезеңі.

327. Жүкті әйелді міндетті түрде, акушер-гинекологтан басқа, қандай мамандар қарайды? Жауаптардың дұрыс қиыстыруын (комбинациясын) таңдаңыз:

*Терапевт, стоматолог;

328. Жүктіліктің диагнозын қандай мәліметтер негізінде қояды:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлық мәліметтері.

329. Бірінші жүкті болған әйел нәресте қимылын бірінші рет қай мерзімде сезеді:

*20 аптада;

330. Қайта жүкті болған әйел нәресте қимылын бірінші рет қай мерзімде сезеді:

*18 аптада;

331. Әйелге жүктіліктің қай мерзімінде заңды демалысын береді:

*30 аптада;

332. Кеш гестозы бар босанатын әйелдерді  босануды жүргізу кезінде ауыртпаудың қандай әдісіне айырықша көңіл бөлінеді:

*Эпидуралды анестезияға;

333. Қағанақ суларымен эмболия пайда болуы мүмкін:

*Оперативтік араласуында (кесар тілігі, бала жолдасын қолмен алып тастау, жатырға массаж жасау және т.б.).

334. Қағанақ суларымен эмболия кезінде өлім-жітімдің нәтижесі қандай пайыз құрайды

*90 % ;

335. Көп нәрестелі жүктіліктің диагнозын қатесіз қою үшін қандай әдіс мүмкін береді:

*УДЗ;

 

 

Есеп.

Қайта босанатын әйел мезгіліне жеткен жүктілігімен, қағанақ суларының ағуымен босану стационарына келіп түсті. Анамнезінде нәрестенің жедел гипоксиясына байланысты 2 жыл бұрын кесар тілігі жасалған, босанғаннан кейінгі кезең эндометритпен асқынған.

Дәрігердің мүмкіндік іс-әрекеті?

*Кесар тілігі операциясын шұғыл орындау;

 

 

Есеп.

 

40 жастағы бірінші рет жүкті болған әйел жүктіліктің мерзімі 31-32 апта кезінде УДЗ-ге жіберілген. Іштің шеңбері ( ІШ)-110 см, жатыр түбінің тұру биіктігі (ЖТТБ)-34 см, әйелдің салмағы – 70 кг.

Зерттеудің мақсаты қандай?

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

Есеп.

Босану стационарына басының және эпигастрия аймағындағы ауырсынуына шағымданған жүкті әйел әкелінді. Пульс-100, АҚ 170/100 мм.с.б., бетінде, ішінде,аяқтарында ісінулер. Жатыр мөлшері мезгіліне жеткен жүктілікке сәйкес келеді, пальпация кезінде ол күштенген және ауырусынған, нәрестенің жүрек соғысы қатаң, қынаптың бөліндісі-қанды.

Не шара қолдану қажет?

*Шұғыл кесар тілігін жүргізу;

 

 

Есеп.

35 жастағы босанатын әйелдің, босанудың екінші кезеңінде нәресте басы кіші жамбастың тар бөлігінде орналасқан кезде, эклампсияның талмасы болды.

Босануды әрі қарай жүргізудің шара-тәсілі қандай?

*Акушерлік қысқыштарды салу;

 

Есеп.

Босанатын әйелдің босануы 10 сағат шамасында жалғасуда. Қағанақ сулары кетпеген. Кенеттен әйел бозарып, іште күшті кернеген ауыр сезімі пайда болды. Нәрестенің жүрек соғысы 100-110 соққы 1-минут ішінде. Қынаптық зерттеу кезінде:

жатыр ернеуінің ашылуы толық, нәресте қабы бүтін, күштенген, нәресте басы кіші жамбастың қуысында.

Не істеу керек?

*Нәресте қабын жару және акушерлік қысқыштар салу;

 

Есеп.

Қайта босанатын әйелде, нәрестенің аралас бөксемен жатуы анықталды, босанудың екінші кезеңінде кіндік баудың ілмегінің түсуі, нәрестенің жүрек соғысының сиректенуі 100 соққыға төмендеген және жүрек дыбысы қатаң. Қынаптық зерттеу кезінде нәрестенің бөкселері және аяқ ұштары кіші жамбастың қуысында, ал қынапта кіндік баудың түсіп кеткен ілмегі анықталады.

Қандай шара-тәсілді таңдау қажет?

*Жамбас жағынан нәрестенің экстракциясын жүргізу;

 

 

Есеп.

Босанудың екінші кезеңі–егіз анықталған. Бірінші нәресте туғаннан кейінқынаптық зерттеу жүргізілген, онда анықталған, екінші нәресте көлденең орналасқан, нәресте басы оң жақта.

Босануды жүргізудің әрі қарай шара-тәсілі қандай?

* Нәресте қабын жару, нәрестені аяғына қарайклассикалық бұрып , әрі қарайаяғынан экстракция жасап шығару.

 

Есеп.

Жүктіліктің мерзімі 25-26 апта кезінде қайта жүкті болған әйел, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің таңертең ұйқыдан соң пайда болғанына шағымданып әйелдер консультациясына келді. Анамнезінде 1 босану және 2 медициналық түсік. Жатырдың өлшемі жүктіліктің мерзіміне сәйкес келеді, пальпация кезінде жатыр қозбаған. Нәрестенің жамбаспен жатуы, нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты. Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер жоқ.

Әйелдер консультациясының дәрігерінің шара-тәсілі ?

*Жүкті әйелді босану стационарына жатқызу.

Есеп.

Перзентханаға босанатын әйелді әкелген кезде нәрестенің меңдеген көлденең орналасуы және қолдарының төмен түсіп кетуі анықталған. Нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Осы жағдайда босандырып алудың қандай амалы мүмкін?

*Нәрестенің декапитациясын  орындау;

 

Есеп.

Қайта туатын әйелде жүктіліктің 32 апта мерзімінде нәрестенің жамбаспен жатуы анықталған.

Әйелдер консультациясының дәрігерінің шара-тәсілі ?

*Түзету гимнастикасын орындауға ұсыныс жасау;

 

Есеп.

Босанған әйелде босанғаннан кейінгі кезеңде 4 –ші тәулікте қан ағу басталды. 50 мл қан жоғалтты, жатырды жиырылтатын заттар қолданылды, қан ағу тоқтады, ал келесі тәулікте қан ағу қайта қайталанды, орташа.

Дұрыс диагнозын қойыңыз:

* Босанғаннан кейінгі кеш кезеңдегі қан ағу , бала жолдасының бөліктерінің кідіруі.

 

Есеп.

35 жастағы, жасы үлкен бірінші рет босанатын әйел, жүктіліктің мерзімі 42-43 апта. Анамнезінде 2 ерте өздігінен болған түсік, ол жатыр қуысын қырумен аяқталған. ІШ-110 см, ЖТТБ-38 см. Нәрестенің орналасуы ұзынша, баспен жатуы. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Босану әрекеті жоқ. Қағанақ сулары кетпеген. Жатыр мойны «пісіп жетілген».

Дұрыс диагнозын қойыңыз:

*Жүктіліктің 42-43 аптасы, жасы үлкен бірінші рет босанатын әйел. ААА. Ірі нәресте;

 

 

Есеп.

19 жасар жүкті әйел бірінші рет әйелдер консультациясына жүктіліктің мерзімі 8-9 апта кезінде мұрынынан қан ағумен шағымданып келді. Бұндай қан ағу жүктілік кезінде екінші рет болған. Анамнезінен: етеккірі 8-9 күндей көп мөлшерде, ауыру сезімсіз. Бала шағында жарақат алғанда, бір жерін соғып алғанда тері астында қан құйылу пайда болатын.

Болжамалы диагнозы?

*Виллебрант ауруы;

 

Есеп.

Нәресте салмағы 4500,0 босанудан кейін, кенеттен қан ағу басталды. Бала жолдасы Креде-Лазаревич бойынша шығарылды, бүтін. Жатыр тығыз. Қан ағудың шүмектеп ағуы жалғасуда. Жатыр мойнынын айнамен қарау кезінде жатыр мойнының күмбезге дейін жыртылуы анықталды.

 Дұрыс диагнозын қойыңыз?

*Ірі нәрестемен мезгілінде босану, босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу, жатыр мойнының жыртылуының ІІІ-дәрежесі;

 

Есеп.

Созылмалы гепатитпен зардап шегетін, жүкті әйелде жүктіліктің 24-25 аптасы, бауырдың жедел дистрофиясы дамыды.

Не істеу керек?

*Жүктілікті үзу;

 

Гинекология бойынша тестілер.

351. Эмбриогенез үрдісі кезінде парамезонефрикалық (Мюллерлық) өзектерден дамиды:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс;

 

352. Гонадтардың дамуының бейтараптық (индифферентік) сатысы аяқталады:

*Гестацияның 7-ші аптасында;

353. Ұрықтың әйел түрі бойынша жіктелуі кезінде, біріншілік бүйректің өзектері айналады:

*Регрессияға түседі және қалдықты құрылым түрінде сақталады.

354. Урогениталды синустан дамиды:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс;

355. Жатыр денесінен және жатыр түтіктерінен лимфа ағысы (жүруі) тарайды:

*Бел және сегізкөз лимфа түйіндеріне;

356. Жатырдың және қынаптың иннервациясын жүзеге асырады:

*Жамбас және құрсақасты жүйкелері;

357. Аналық бездерді қанмен қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

*Жатыр және аналық бездің артериялары.

358. Жатыр артериясы тармағы болып есептеледі:

*Ішкі мықын артериясының;

359. Жатырдың кең байламына кіреді:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;

360. Аналық бездердің топографоанатомиялық ерекшеліктері:

* Барлық жауаптары дұрыс емес.

361. Қалыпты етеккірлік циклдің ұзақтығы:

*21-35 күндей;

 

 

362. Қалыпты етеккірдің ұзақтығы:

*3-7 күндей;

363.Қалыпты етеккір кезінде орташа қан жоғалту құрайды:

*40-60 мл.

364. Эндометрияның функциялық қабатының десквамациясы  мыналардың салдарынан жүреді:

*Қандағы прогестерон және эстрогендер деңгейлерінің төмендеуінің;

365. Етеккірлік циклдің негізгі екіфазалық критериясы болып есептеледі:

*Овуляция;

366. Етеккірлік циклдің екіфазалық болуы туралы функциялық диагностиканың тестілердің ішінде қайсысы дәлел бола алады:

*Базалды термометрия;

367. Базалды температураны өлшеу тестісі гипертермиялық нәтижеге негізделген:

*Прогестеронға;

368. Етеккірлік циклдің ортасында лютеотропиннің «шыңы» осылардың салдарынан болып есептеледі:

*Эстрадиол деңгейінің бірталай жоғарылауынан.

369. Лютеотропин және фоллитропиндердің циклдік секрециясын қамтамасыз етеді:

*Аналық бездегі стероидогенездің теріс және оң қарама-қарсы байланысының механизмі;

370. Гонадолибериннің синтезі іске асады:

*Гипоталамустың ядроларында;

371. Овуляцияның болуы туралы төмендегі көрсетілген барлық зерттеулердің нәтижелері бойынша білуге болады, біреуінен басқасын:

*Етеккірлік циклдің 12-14-күндері қанда жыныс стероидтық гормондардың шоғырлануын анықтаудан.

372. Олигодисменорея-бұл:

*Сирек және мардымсыз етеккір;

373. Меноррагия-бұл:

*Циклдік жатырдан қан ағу;

374. Метроррагия-бұл:

*Ациклдік жатырдан қан ағу;

375. Альгодисменорея төмендегі көрсетілгендердің барлығымен байланысты, біреуінен басқасы:

*Жатыр мойнының дисплазиясымен;

376. Пубертатты кезең үшін тән:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

377. Мезгілінен бұрын жыныстық дамудың себебі төмендегі көрсетілген барлық аурулар болуы мүмкін , біреуінен басқасы:

*Гонадтардың дисгенезиясы;

378. Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер кезінде 9 жасқа дейінгі жасөспірім қыздарға қажет:

*Қан кетудің жергілікті «мүшелік» себептерін алып тастау;

379. Ювенилдік кезеңде дисфункциялық жатырдан қан ағудың дамуының ең жиі механизмі болып есептеледі:

* Фолликулалардың атрезиясы;

380. Пременопаузалық кезеңде дисфункциялық жатырдан қан ағуды тоқтатудың әдісі болып табылады:

*Жатыр қуысының және мойын каналының шырышты қабықтарын жеке-жеке диагностикалық қыру.

381. Овуляцияны ынталандыру үшін төмендегі көрсетілген барлық препараттарды қолданады, біреуінен басқасын:

*«Премаринді»;

382. Тері асты имплантаттардың (норпланттың) контрацевтивтік әсерінің механизмі мыналардың негізінде жүреді:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс;

383. Иньекциялық контрацептивтердің құрамына кіреді:

*Әсері ұзартылған прогестагендер;

384. Монофазды құрастырылған эстроген-гестагендік препараттарға жатады:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;

385. Контрацепция мақсатында құрастырылған эстроген-гестагендік препараттарды қабылдауды бастайды:

*Етеккірлік циклдің 1-ші күнінен бастап;

386. Құрастырылған ауыздық контрацевтерді қолдану төмендегі көрсетілген барлық әйелдерге ұсынуға болады, біреуінен басқасын:

*Артериялық гипертензиясы бар ауруларға;

387. Құрастырылған эстроген-гестагендік препараттарды (ауыздық контрацевтивтерді) тағайындау қарсы-көрсету болып есептеледі:

*Жоғарыда көрсетілген барлық ауруларда.

388. Антиэстрогендік белсенділігімен қабілетті, препараттарды көрсетіңіз:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;

389. Жалған аменорея байланысты болуы мүмкін:

*Жатыр мойнының каналының атрезиясымен;

390. Шын (патологиялық) аменорея төмендегі көрсетілген барлық аурулардың салдарынан болуы мүмкін, біреуінен басқасы:

*Қыздық перденің атрезиясының;

391. Физиологиялық аменорея тән:

*Барлық жауаптары дұрыс.

392. Аменорея генезін дәлелдеу үшін зерттеудің қандай қосымша әдістерін пайдалану қажет:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығын.

393. Құрастырылған эстроген-гестагендік препараттармен функциялық сынаманың теріс нәтижесі аменореяның қандай түрін дәлелдейді:

*Жатырлық;

394. Постменопаузалық боркеміктің (остеопороздың) ең тән клиникалық көрінісін атаңыз:

* Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

395.Постменопаузалық боркеміктің (остеопороздың) ерте диагностикасының ең нәтижелі әдісін көрсетініз:

*Моно және бифотондық абсорбциометриясы;

396. Постменопаузалық боркеміктің (остеопороздың) емінің ең нәтижелі әдісі болып есептеледі:

*Гормонотерапия;

397. Атрофиялық кольпитті емдеу үшін қолданады:

*«Овестинді»;

398. Климактериялық кезеңде алмастырғылық гормон терапиясы үшін төмендегі көрсетілген барлық препараттарды пайдаланады, біреуінен басқасын;

*«Даназолді»;

399. Аналық бездерінің поликистоздық синдромы кезінде төмендегі көрсетілген барлық симптомдар көрінеді, біреуінен басқасы:

*Сүйек массасының азаюы;

400. Прогестеронның(прогестагендердің) синтетикалық аналогтарына (ұқсастықтарына) төмендегі көрсетілген барлық препараттар жатады, біреуінен басқасы:

*«Овестин»;

 

401. Прогестагендерді тағайындауға қарсы көрсетулері:

*Жоғарыдағы көрсетілген аурулардың бірі емес.

402. Прогестагендерді қабылдаған кездегі мүмкін болатын асқынуларын атаңыз:

*Жоғарыдағы көрсетілген барлық асқынулар.

403. Дексаметазонмен функциялық сынаманы жүргізеді:

*Гиперандрогенияның генезін табу үшін;

404. Сүт бездерінің емізігінен шыққан патологиялық бөлінділердің себебі болып төмендегі көрсетілгендердің барлығы болуы мүмкін, біреуінен басқасы:

*Андреногениталды синдром;

405. Ановуляторлық циклдік жатырдан қан ағу қалыптының варианты болып есептеледі:

*Барлық көрсетілген жағдайларда;

406. Постменопауза кезінде жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің ең жиі себебі болып саналады:

*Эндометрияның обыры;

407. Микоздық кольпитті емдеу үшін қолданады:

*Жоғарыдағы көрсетілген препараттардың барлығы;

408. Жыныс мүшелерінің вирустық инфекциясы үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы:

*Жатыр түтіктерінің зақымдану артықшылығы;

409. Гениталды ұшықтың емі үшін қолданады:

*«Зовиракс»;

410. Жыныс мүшелерінің туберкулезі кезінде біріншілік ошақ ең жиі орналасады:

*Өкпеде;

411. Туберкулез кезінде әйелдің жыныс жүйесінің қандай бөлімдері ең жиі зақымданады:

*Жатыр түтіктері;

412. Ішкі жыныс мүшелерінің туберкулезін қай жас кезінде ең жиі анықтайды:

*Ұрпақ өрбіту кезеңінде;

413. Жатыр қосалқыларының туберкулездік зақымдануының негізгі клиникалық симптомы:

*Біріншілік бедеулік;

414. Түтіктік –ішперделік бедеуліктің диагностикасының зерттеу әдістерінің қайсысы ең ақпаратты:

*Хромосальпингоскопиямен бірге лапароскопия;

415. Созды сальпингит үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы:

*Қанның жедел фазалық көрсеткіштерінің белсенділігінің жоқтығы;

416. Создық инфекцияның таралу жолының артықшылығы:

*Интраканаликулярлық.

417. Өрлеме соз- бұл зақымдануы:

*Жатыр түтіктерінің;

418. Гонококктар үшін келесі белгілер тән:

*Жасуша ішінде орналасуы (цитоплазмадағы мононуклеарлар);

419. Создың диагнозын белгілеу келесі негізінде болуы мүмкін:

*Диагнозды анықтаған кезде көрсетілген белгілердің барлығы.

420. Гонококктың ең нәтижелі теңестіру (идентификация) әдісі:

*Дақылды;

421. Жатыр қосалқыларының жедел қабынуының мүмкін болатын асқынуларын көрсетініз:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

422. Спецификалық емес вульвовагинитке тән клиникалық көріністердің барлығы қажет, біреуінен басқасы:

*Ациклдік қанды бөлінділер;

423. Бактериялық вагиноздың негізгі клиникалық симптомын атаңыз:

*Жағымсыз иісі бар көп келетін ақкірлер;

424.Бактериялық вагиноз бар болуы туралы куәландыратын диагностикалық тестілерді көрсетіңіз:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс;

425. «Біріншілік бедеулік» термині көрсетеді:

*Бірде бір жүктілігі болмаған;

426. Эндокриндік бедеулік байланысты болуы мүмкін, біреуінен басқасы:

*Дисгерминомалармен;

427. Жатыр түтіктерінің жиырылу белсенділігінің функциялық бұзылыстары мыналардың салдарынан болуымүмкін.

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығының.

428. Функциялық түтіктік бедеуліктің емі үшін төмендегі көрсетілген заттардың және әдістердің барлығын қолданады, біреуінен басқасын:

*Емдік гидротубацияны;

429. Жатыр түтіктерінің өткізгіштігінің бұзылысы мыналардың салдарынан болуы мүмкін:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығымен.

430. Сарпайдың преинвазивтік обыры және дисплазиясының диагностикасының негізгі әдісі болып саналады:

*Биопсиядан кейін оны гистологиялық зерттеу;

431. Сарпайдың меланомасын және обырын емдеудің негізгі әдісі:

*Хирургиялық;

432. Жатыр мойнының қынаптық бөлігі қалыптыда жабылған:

*Көпқабатты жалпақ мүйізгектену емес эпителиямен;

433. Жатыр мойнының астарлас ауруларына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Дисплазия;

434. Жатыр мойнының  обырының ерте диагностикасы үшін ең ақпаратты скрининг-тест:

*Жатыр мойны каналынан және жатыр мойнының беткейінен жағындыны цитологиялық зерттеу;

435. Жатыр мойны дисплазиясы диагностикасының ең ақпаратты әдісі:

*Жатыр мойнының биоптатын  гистологиялық зерттеу;

436. Жатыр мойны дисплазиясын емдеу үшін төмендегі көрсетілген әдістердің барлығы қолданылады, біреуінен басқасы:

*Диатермокоагуляция;

437. Жатыр мойнының эпителия іші обырының диагнозын тек нәтижелердің негізінде қою мүмкін болады:

*Эндоцервикстің қырындысын және жатыр мойнының биоптатын гистологиялық зерттеудің;

438. Жатыр мойны обырының негізгі клиникалық симптомын атаңыз:

*Түйіспелі қан кету;

439. Жатыр мойнының қынаптық бөлігінің обыр алды өзгерістерін көрсетіңіз:

*Дисплазия;

440. Жатыр мойнының инфильтративтік обырымен байланысты қан кету кезінде, күттірмейтін көмектің көлемін анықтаңыз:

*Қынапты тығыз тығындау;

441. Жатыр миомасының тәндік ерекшеліктері:

*Бұл қатерсіз, гормон тәуелді ісік;

442. Жатырдың бұлшық ет арасындағы миоманың диагностикасының ең ақпараттық әдісі:

*Ультрадыбысты зерттеу;

443. Жатырдың шырышасты миомасының негізгі клиникалық симптомы:

*Меноррагия;

444. Жатырдың шырышасты миомасының тууы кезінде асқынуы төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Декубиталды жараның пайда болуы;

445. Туып жатқан миоматозды түйіннің диагностикасының ең ақпаратты әдісі:

*Жатыр мойнынын  айнада қарап, сосынбимануалды зерттеу жүргізу;

446. Жатырдың шырышасты миомасының болуы туралы төмендегі көрсетілген зерттеулердің нәтижелерінің негізінде білуге болады, біреуінен басқасын:

*Лапароскопияның.

447. Жатыр миомасының болуы кезінде мойында түйіннің орналасуында хирургиялық емнің оңтайлы көлемі:

*Жатырдың экстирпациясын жасау;

448. Гениталды эндометриозды анықтау бойынша:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

449. Жатыр денесінің ішкі эндометриозының рентгенологиялық  белгілерін көрсетіңіз:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

450. Сыртқы гениталды эндометриозға төмендегі көрсетілгендердің барлық түрі жатады, эндометриоздың біреуінен басқасы:

*Жатыр денесі;

451. Гениталды эндометриоз кезінде ұрпақ өрбіту қызметінің бұзылыстарының мүмкін болатын себептерін атаңыз:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

452. Жатыр мойнының эндометриозының негізгі клиникалық симптомы:

*Етеккірлік циклдың алдында және соңында болатын қанды бөлінділер;

453. Сыртқы гениталды эндометриоздың диагностикасында қандай                 құрал-аспаптық зерттеудің әдістері ең ақпаратты:

*Лапароскопия сосын биоптаттарды патоморфологиялық зерттеу;

454. Ретроцервикалды эндометриозды төмендегі көрсетілген барлық аурулармен салыстыру қажет, біреуінен басқасын:

*Зәр қуығының обырымен.

455. Аденомиоз-бұл:

*Жатыр денесінің ішкі эндометриозының таралуының ІІІ-дәрежесі;

456. Эндометрияның обырының бірінші патогенетикалық варианты үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы:

*Эндометрияның атрофиясы;

457. Эндометрияның обырының екінші патогенетикалық варианты үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы:

*Ісіктердің саралауының жоғары дәрежесі;

458. Жатыр денесінің обырының негізгі клиникалық симптомы:

*Ациклдық қан ағу;

459. Жатыр денесінің обырының диагностикасының негізгі әдісі:

*Эндометрия қырындысын гистологиялық зерттеу;

460. Эндометрияның қандай жағдайлары обыралдыға жатады:

*Атипиялық гиперплазия;

461. Эндометрия обыры және обыралды аурулардың дамуының қауіп-қатер факторларына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Жатырішілік контрацептивтерді ұзақ пайдалану;

462. Аналық бездердің ісік тәріздес құрылымдарына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Дермоид кистасы;

 

463. Аналық бездердің кисталарының тәндік ерекшеліктері:

*Бұл-ретенциялық құрылым;

464. Аналық бездердің кистомалары:

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

465. Аналық бездердің эпителиялық ісіктеріне барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Текомалар.

466. Аналық бездерінің ісіктерінің қайсысы ең жиі малигнизацияға ұшырайды:

*Серозды цистаденома;

467. Аналық бездерінің гормондық-белсенді ісіктеріне төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Дисгерминомдар.

468. Аналық бездерінің қатерсіз ісіктері кезінде қандай асқыну ең жиі кездеседі:

*Ісіктің аяқшасының айналуы;

469. Гидроторакс-клиникалық көріністердің бірі:

*Аналық безінің фибромаларының;

470. Крукенберг ісігі:

*Барлық жауаптары дұрыс:

471. Аналық бездерінің көшікті зақымдануы мүмкін:

*Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайларда.

472. Аналық бездерінің обырының ІІ-ІІІ-сатысы кезінде оперативтік араласудың қандай көлемін түбегейлі (радикалды) деп санауға болады:

*Біруақытта үлкен шарбының резекциясы немесе экстирпациясымен жатырдың 

473. Ұрпақ өрбіту жастағы аналық безінің қатерсіз ісігі бар ауру әйелдің емінің шара-тәсілін анықтаңыз:

*Жоспарлы түрде ішті жару, аналық безді резекциялау;

474. Хориокарцинома-қатерлі жаңа өскін:

*Трофобластыдан;

475. Хориокарцинома кезінде көшіктердің ең жиі орналасуы:

*Қынапта;

476. Хориокарцинома үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы:

*Үлкен шарбыға көшіктену;

477. Трофобластикалық аурудың емінің нәтижесін бағалаудағы негізгі диагностикалық әдіс:

*Хориондық гонадотропиннің титрін қан және зәр сарысуының динамикасында анықтау;

478. Хориокарциноманың емінің негізгі әдісі:

*Моно немесе полихимиотерапия;

479. Хориокарцинома жиі дамиды:

*Көпіршікті тығыннан кейін;

480. Жатырдан тыс жүктілік төмендегі көрсетілген барлық мүшелерде орналасуы мүмкін, біреуінен басқасы:

*Қынапта.

481. Жатырдан тыс жүктіліктің ең жиі себебі болып саналады:

*Созылмалы сальпингит;

482. Түтіктік жүктіліктің диагностикасының ең ақпаратты әдісі:

*Лапароскопия;

483. Жатырдан тыс жүктілік кезінде эндометриядағы ең тәндік өзгерістер:

*Децидуалдық өзгеріс (трансформация);

484. Үдемелі жатырдан тыс жүктіліктің негізгі клиникалық симптомдары қандай:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;

 

 

485. Құрсақ ішілік қан ағудың себебі төмендегі көрсетілген аурулардың барлығы болуы мүмкін, біреуінен басқасы:

*Аналық бездің ісігінің аяқшасының айналуы.

486. Геморрагиялық шоктың негізгі клиникалық симптомдары:

*Жоғарыдағы көрсетілген симптомдардың барлығы;

487. Жедел шомбалды қан жоғалту кезінде аурудың жағдайының ауырлығын бағалаудағы клиникалық критериялары:

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;

488. Парамезонефроздық өзектердің толық емес қосылуы кезінде дамиды:

*Екімүйізді жатыр;

489. Қыздық перденің атрезиясы көрінуі мүмкін:

*Барлық жауаптары дұрыс.

490. Гинекологиялық стационарға шұғыл жатқызу төмендегі көрсетілген барлық жағдайларға болады, біреуінен басқасы:

*Эндометрияның атипиялық гиперплазиясы;

 

Есеп.

33 жастағы ауру әйел, етеккірдің алдында 1 апта бұрын олигурияға, бетінің және қол-аяқтарының ісінуіне және терісінің әлсін-әлсін пайда болатын қышуына шағымданып келді. Етеккірлік функциясы бұзылмаған. Анамнезінде бір қылмысты түсік. Гинекологиялық зерттеу кезінде патологиялар табылмаған.

Диагнозды таңдаңыз?

*Етеккіралды синдром.

 

Есеп.

35 жастағы ауру әйел еттеккіралды синдроммен зардап шегеді. Осы жастағы ең дұрыс гормондық терапияны атаңыз:

*Норколут;

Есеп.

Ауру әйел 51 жаста. Шағымы: жиі құйылу, бас ауыруы, гипергидроз, жүрегінде ауыру сезімі. Анамнезінде гипертониялық аурумен ауырған. Соңғы етеккірі 1,5 айдан бұрын болған, ауырмай келген. АҚ-140/80 мм.с.б. гинекологиялық зерттеу-патология жоқ.

Диагнозы:

*Климактериялық синдром;

Есеп.

28 жасар ауру әйел стационарға жатырдан қан кетумен келіп түсті, 2 жыл бойы бедеулікпен зардап шегеді. Анамнезінде 1 жасанды түсік. Тексерген кезде жалпы және жыныстық инфантилизм анықталған.

Диагноз қойыңыз?

*ДЖҚА;

 

Есеп.

Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, жұмсарған учаске білінеді.

Сіздің диагнозыңыз:

*Бартолин безінің жалған абсцесі;

 

 

Есеп.

Ауруда дене қызуының 38,5 0 дейін көтерілуі, іштің төменгі жағының ауырсынуы, бір рет құсу болған. Еттеккірлік циклдің 5-күні ауырған, іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөліміне ауыру сезімі және Щеткин-Блюмберг симптомы оң екені байқалған. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділері іріңді.

ҚЗ: жатыр мойны цилиндр тәрізді, ернеу жабық. Жатыр қалыпты мөлшерде, пальпация кезінде ауыру сезімді, қосалқылардың екі жағынан овоид тәрізді, тығыздылығы жұмсақ, ауыру сезімді құрылым анықталады.

Сіздің диагнозыңыз:

*Жедел екі жақты аднексит(сальпингоофорит);

 

Есеп.

Ауру дене қызуының 380-дейін көтерілуіне, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөлінділердің, іштің төменгі жағында ауыру сезімінің болуына шағымданып гинекологиялық бөлімшеге келіп түсті. Етеккірлік циклдің 8-ші күні ауырған, осыдан 3 күн бұрын ЖІС салғызғын. Объективті, айнада: жатыр мойны таза. Цервикалды каналда ЖІС-нің өткізуші жіптері. Іріңді –қанды бөлінділер.

ҚЗ: жатыр біршама үлкейген, қатты ауырады, қозғалысы шектелген. Қосалқылары анықталмайды. Күмбездері терең, ауыру сезімді.

Сіздің диагнозыңыз:

*Эндометрит.

 

Есеп.

Ауру М. 28 жаста, етеккірінің 14 күндей кідіруінің пайда болған кезінде, жыныс жолдарынан қара қоңыр-қанды бөлінділерге және ішінің төменгі жағында толғақ тәрізді ауыру сезімге шағымданып келіп түсті. 5 жүктілігі болған, оның бірі босанумен және 4 медициналық түсікпен аяқталған. Түсіктің соңғысы эндометритпен асқынған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі-80, АҚ-110/70 мм.с.б.

Айнада: жатыр мойны және қынаптың шырышты қабығы көгерген, бөлінділері қара қоңыр-қанды.

ҚЗ: жатыр дұрыс орналасқан, қалыптыдан біршама үлкейген, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылардың сол жақ маңында қамыр тығызды, ауырмайтын құрылым анықталады. Оң жақтан қосалқылар анықталмайды. Артқы күмбез тегістелген, ауыру сезімді.

Диагноз қойыңыз:

*Жатырдан тыс жүктілік;

 

Есеп.

43 жастағы ауру әйел жыныс жолдарынан көп қанды бөлінділерге және іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауыру сезімге шағымданып стационарға келіп түсті. Анамнезінде: «Жатыр миомасы» деген диагнозбен «Д» бақылауға тұрады. Стационарда гемостоз мақсатында жатыр қуысында диагностикалық қыру жасалған. Диагностикалық қыру кезінде «жылжу» симптомы анықталған.

Сіздің диагнозыңыз:

*Жатырдың субмукозды миомасы.

 

Есеп.

31 жастағы ауру әйел, оны ауыру сезімді, 9 күндей ұзаққа созылған етеккірі мазалайды. Етеккірлік циклдің 10-шы күні келіп көрінді. Айнада: жатыр мойны таза, бөлінділері қара қоңыр түсті, мардымсыз.

ҚЗ: жатыр қалыптыдан біршама үлкейген, қозғалысы шектелген, қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос, терең. Етеккірдің алдында қайта қараған кезде: жатыр жүктіліктің 7-8 аптасындай үлкейген.

Сіздің диагнозыңыз:

*Аденомиз;

 

Есеп.

Қайта босанатын әйел 5 сағат бойы босануда. Толғақтары әр 2-3 минут сайын , 40-50 секундтай ,күші орташа. ҚЗ: жатыр мойны жайылған ,

7 см-ге ашылған, нәресте қабы бүтін. Нәресте басы кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған .Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде , кіші еңбек оң жақта, алда.Мүйіске саусақ ұшы жетпейді.

Диагноз қойыңыз?

*Жүктіліктің 39-40 аптасы, босанудың I –кезеңі;

Есеп.

Босанып  жатқан әйелге қынаптық тексеру жүргізген кезде анықталды: жатыр мойны толық ашылған, нәресте қабы жоқ. Нәресте басы сегізкөз ойысын және қасаға қосылысын түгел алып жатыр, шонданай төмпелері және құйымшақтың ұшы пальпацияланбайды. Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде ,кіші еңбек сол жақта, алда.

Босанудың қай кезеңі?

*II;

 

Есеп.

Бөлінген бала жолдасын қараған кезде оның бүтіндігі күмәнді.

Қан жоғалту 200 мл . Жатыр тығыз.

Не істеу керек?

*Жатыр қуысын қолмен тексеруді жүргізу;

 

Есеп.

Мерзімі мезгіліне жеткен біріншірет босанатын әйел босану әрекетінің басталғанынан 5 сағаттан кейін, қағанақ суының кетуіне байланысты қынаптық тексеру жүргізілді. Осы кезде анықталды - жатыр мойны

5 см-ге ашылған , нәресте қабы жоқ, нәрестенің көзұясы , мұрынның түбі, ауызы пальпацияланады, ал бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде. Иек сол жақта, алда. Мүйіске саусақ ұшы жетпейді.

Диагноз қойыңыз:

*Мезгіліне жеткен жүктілік , босаудың І-кезеңі, қағанақ суының ерте кетуі, бетпен жатудың алдыңғы түрі (иек бойынша);

 

 

Есеп.

Мерзімі мезгіліне жеткен жүктілігімен және жамбас өлшемдері қалыпты, қайта босанатын әйел босану әрекетінің басталғанынан 

4 сағаттан кейін, қағанақ суының бүтіндігімен перзентханаға келіп түсті. Нәрестенің жүрек соғысы анық , ырғақты, 1 минутта 140 соққы, сол жақтан ,кіндіктен төмен естіледі.

ҚЗ : жатыр мойны жайылған, ашылуы 3 см, нәресте қабы бүтін.

 Нәресте басымен жатыр , кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған. Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта , алда. Мүйске саусақ ұшы жетпейді.

Дұрыс диагнозын қойыңыз:

*Мезгіліне жеткен жүктілік , ұзынша орналасуы , I –позиция , алдыңғы түрі, баспен жатуы , босанудың I-кезеңі ;

 

Есеп.

Мерзімі мезгіліне жеткен жүктілігімен және жамбас өлшемдері қалыпты, бірінші босанатын әйел, іштің төменгі жағының ауыру сезіміне, жиі зәршығаруымен, шырышты «тығынның» кетуімен шағымданып перзентқанаға келіп түсті. ІШ-100см, ЖТТБ-35см. Нәрестенің орналасуы ұзынша ,нәресте басы кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған. Нәрестенің жүрек соғысы 1 минутына 136 соққы, анық, ырғақты. Жатыр қозған. 

ҚЗ:жатыр мойны “пісіп жетілген”. Нәресте қабы бүтін . Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған .Мүйіске саусақ ұшы жетпейді.

Дұрыс диагнозын таңдаңыз :

*Мезгіліне жеткен жүктілік , босану алды белгілері;

 

Есеп.

Мерзімі мезгіліне жеткен жүктілікпен және жамбас өлшемдері қалыпты, бірінші босанатын әйел, босану әрекетінің басталғанынан   4 сағаттан кейін және 30 минуттан соң қағанақ суының кетуімен перзентханаға келіп түсті . Нәресте басы , кіші жамбастың кіру жазықтығында кіші сегментімен жатыр. Нәрестенің жүрек соғысы   1 минутына 120 соққы.

ҚЗ: жатыр мойны жайылған , ашылуы 4 см , нәресте қабы жоқ. Қасүсті доғалар, мұрынның түбі , маңдай пальпацияланады. Мүйіске саусақ ұшы жетпейді.

Диагнозы:

*Мезгіліне жеткен жүктілік , босанудың І-кезеңі, қағанақ суының ерте кетуі, маңдайымен жатуы;

Есеп.

Қынаптық тексеру кезінде :кіші жамбастың терминалдық сызығы және қасаға буындарының жоғары шеті анықталмайды, барлық сегізкөз ойдымы бос , қасаға буыны бос, нәресте басы қозғалмайды . Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта, алда.

Бастың, түрдің, позицияның орналасу орнынын анықтаңыз:

*Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған , алдыңғы түрі, І-позиция;

Есеп.

Қынаптық тексеру кезінде қасаға буынының екіден үші ,бүкіл сегізкөз ойдымы, бас қозғалмайды, жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта,артта.

Бастың, түрдің, позицияның орналасу орнынын анықтаңыз:

*Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына үлкен сегментімен ,артқы түрі, ІІ позиция;

Есеп.

Босанған әйел , босанғаннан кейінгі бірінші тәулікте . Жағдайы қанағаттанарлық , дене қызуы 36,6° , пульс 80 соққы 1минутына , ырғақты, сүт бездері үлкейген , пальпация кезінде жұмсақ, жатыр тығыз , ауырмайды, түбі кіндік деңгейінде анықталады, зәр шығаруы кедергісіз, ауырмайды.

Диагноз қойыңыз:

*Босанғаннанн кейінгі кезең , І-тәулік;

 

Есеп.

Түсік кезінде жатырды қырғышпен тесу жүргізілген.

Сіздің щара-тәсіліңіз?

*Шұғыл құрсақты жару, тесілген тесікті тігу, құрсақ қуысының мүшелерін тексеріп қарау;

Есеп.

26 жастағы ауру біріншілік бедеулікпен гинекологиялық стационарға жатырдың шырышасты миомасы бойынша хирургиялық ем үшін келіп түсті.

Осы жағдайда операцияның қолайлы көлемі қандай?

*Консервативтік миомэктомия;


513.                                    №38 есеп.

45 жастағы ауру жатырдың субмукозды миомасы бойынша хирургиялық ем үшін гинекологиялық стационарға келіп түсті.

ҚЗ: жатыр мойны гипертрофияланған, эрозияға айналып өзгерген, жатыр денесі жүктіліктің 8-9 аптасына дейін үлкейген, тығыз, ауырмайды, қосалқылары екі жақтанда өзгермеген, бөлінділері шырышты.

Осы жағдайда операцияның оңтайлы көлемі?

*Қосалқыларсыз жатырдың экстирпациясы;

 

Есеп.

30 жастағы әйелдің үшінші жүктілігі көпіршікті тығынға байланысты мерзімі 9-10 апта кезінде жасанды үзумен аяқталды. Әйелдер консультациясында ауруға диспансерлік бақылауды қалай ұйымдастыру қажет?

*Жоғарыдағы барлық жауаптар дурыс .

 

Есеп.

45 жастағы әйелге ретсіз етеккір бойынша және қан ағуға байланысты жатыр мойнының және жатырдың қуысының шырышты қабығының қабырғаларын жеке диагностикалық қыру жүргізілген.

Осы клиникалық жағдайда эндометрияда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

*Бездік-кисталық гиперплазия;

 


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 6496; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!