Теория личности и деятельности теоретических проблем педагогики высшей школы.



Жауап.Тұлғаның әлеуметтенуі. Адам әлеуметтік тіршілік иесі. Ол дүниеге келген күннен бастап өзі сияқтылармен қоршалып және әлеуметтік өзара әсерлесуге кіріккен. Әлеуметтену – бұл индивидтің әлеуметтік тәжірибені игеруінің үрдісі мен нәтижесі және кейіннен белсенді жаңғыртуы. Әлеуметтену үрдісі адамдардың қарым-қатынасы мен қызметімен үздіксіз . Бірдей әлеуметтік жағдайлар әртүрлі қабылданады, әртүрлі тұлғалар оны басынан әрқилы етіп өткереді. Сондықтан да әртүрлі тұлғалар объективті әлеуметтік жағдайдан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе алуы мүмкін. Негіздердің бірі болып жатқан негізгі жайт әлеуметтену мен индивидуализацияның бірдей және қарама-қарсы үрдістерден тұруы. Әлеуметтену үрдісі арнайы әлеуметтік институттарда (мектепте, оқу орындарында, ЖОО-да, балалар және жастар ұйымдары мен бірлестіктерінде, бастысы жанұяда) жүреді. Әлеуметтену бір мезгілде реттеуші, мақсатқа бағытталған және ретсіз, стихиялық сипатта болуы мүмкін. Тәрбие тұлғаны әлеуметтендірудің бір түрі, және ол әлеуметтенудің бағытталған және мақсатты үрдісі. Ресми ұйымдарда әлеуметтену мақсатты сипатқа ие, ал формальсыздарда стихиялы.Мұғалім мен оқушының, оқушылардың өз арасындағы өзара әрекет жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Алғашқы әлеуметтену- бұл адамның тұлға болып қалыптасуы, екінші әлеуметтену- бұл адамның іс-әрекеттің субъектісі болып қалыптасуы. Бұл екі бағыттың соңғы эффекті индивидуальдылықтың білім алуы.Әлеуметтену үрдісі мен әлеуметтік бейімделуде адам өзінің индивидуальдығын алады, бірақ көбіне күрделі және қарама-қайшылықты түрде. Мәселен бір жағдайды әр адам әрқилы қабылдайды, олардың психикасында, тұлғасында әртүрлі із қалады. Осылайша бірдей жағдайдан әртүрлі адамдар шығаратын қорытынды әртүрлі. Әлеуметтік тәжірибені игеру тұлғаның индивидуализациясының көзі, ол тек игерілмейді, сонымен қатар белсенді жасалады. Тұлға- бұл тек әлеуметтік индивид емес, сонымен қатар әлеуметтік дамудың, өзін-өзі дамытудың белсенді субъектісі. Тұлғаның әлеуметтік бейімделу үрдісін белсенді- икемделген ғана емес, сонымен қатар белсенді- дамытушы деп қарастыру қажет. Әлеуметтеу үрдісі адам онтогенезінің барлық кезінде жүріп отырады. Осылайша әлеуметтену үрдісі ешқашан аяқталмайды, ешқашан толық болмайды. Жауапкершілік – тұлғаның маңызды сипаттамасы, бұл әлеуметтік жетілген тұлғадан жетілмегенді айыруға мүмкіндік беретін нәрсе. Жауапкершіліктің 2 түрі бар: 1) тұлға өзінің сәтсіздіктері мен сәттіліктеріне, өз өмірі мен жанұясының өміріне жаупкершілікті өзі алады. 2) адам жауапкершілікті өзге адамдарға, сыртқы оқиғалар мен жағдайларға артады. Жауапкершілік жетілген тұлғаның маңызды компаненті. Әлеуметтік жетілгендік жауапкершілік адекватты іс-әрекет кезінде қалыптасады. Жауапкершіліктің қалыптасуы шешім қабылдау кезіндегі тұлғаға тәуелсіздік берумен байланысты. Тәуелсіздіктің беру мүмкіндігі жас ерекшелік немесе басқа да нақты ерекшеліктер мен жағдайларға байланысты анықталады. Шешім қабылдауды қамтамасыз ету кезінде дамуды, автономдық көрсетуді шектеуге болмайды.Жанұя тұлғаның әлеуметтенуінің маңызды институты болып табылады. Жанұяда адам алғашқы өзара әрекеттесудің тәжірибесін алады, содан кейін балабақша, мектеп, көше. Жанұядағы әлеуметтену тәрбиенің мақсатты үрдісі ретінде жүреді және әлеуметтік үйрету негізінде де. Әлеуметтік үйрету үрдісі: 1)баланың ата-анамен, ағаларымен, апаларымен өзара әрекеттесу үрдісінде әлеуметтік тәжірибені алуы. 2) әлеуметтену жанұяның басқа мүшелерінің өзара әлеуметтік қарым-қатынас ерекшелігін бақылау есебінен жүреді.Балалардың әлеуметтік дамуына ата-аналардың мінез-құлық стильдері де әсер етеді. 1) Авторитеттік стиль. 2) Билікті стиль 3) Түсінуші стиль. Балалардың дамуын дұрыс бағаламау дау-жанжалдың көбеюіне, пато сипатты реакциялардың дамуына, неврозға т.б. алып келеді. Жанұяға деген қарым-қатынас даму барысында өзгереді. Әлеуметтену үрдісінде құрдастар тобы ата-аналарды біршама ығыстырады. Бірақ жастық кезінде ана тұлғаның әлеуметтенуінде басты адам болып қала береді.

Система педагогических наук и место в ней педагогики высшей школы. Связь педагогики высшей школы с другими науками.

Жауап. Педагогика — кең ауқымды ғылым. Оның пәндік құрамының күрделілігі соншама: тәрбие мәні мен оның барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогиканың ірге тасы — философия, дәлірек айтсақ, тәрбие мәселелерімен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы атамасын алған тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тәрбиелік тәжірибеде әртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады.

Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көзтігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу және оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады.
Педагогика жүйөсі келесі салаларды қамтиды:

— жалпы педагогика;

— жас кезеңцер педагогикасы;

— әлеуметтік педагогика;

— арнайы педагогикалар.

Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық мәселелерімен айналысып, қарқынды даму жолына түскен — жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері — барша деңгейдегі рөсми тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тәрбие үдерісініңзаңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы мәселелерін зерттеу, жоғары технологиялық және компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қызмөт етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кәсіпті игеру мәселелерімен шұғылданады.

Педагогика өз дамуында басқа ғылымдармен өзара, тығыз байланысқа түседі. Философия ғылымдары (диалектикалық және тарихи материализм, ғылымтану, әлеуметтану, этика, эс-тетика, т.б.) педагогикаға тәрбие мағынасы мен мақсаттарын айқындап алуда, адам болмысы мен ойлаудың жалпы заңдылықтары ықпалын дұрыс ескеруде жәрдемін тигізеді. Педагогиканың аса тығыз да тікелей байланысы анатомия және физиология. Олар адамның биологиялық мәнін түсінуде тірек қызметін атқарып, жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктерімен, жоғары жүйке қызметінің даму жағдайларымен, бірінші және екінші сигналдық жүйе жұмысымен, сезім орган-дары, тірек-қозғалыс аппараты, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесі қызметтерімен таныстырады.

Педагогика үшін аса маңызды болған психиканың даму заңдылықтарын зерттеуші психологияғылымы. Психологиялық білімдер негізінде педагогика әр адамның жан дүниесі мен қылығында көзделген өзгерістерге келтіруші тиімді тәрбие жүйесін құрады. Пөдагогиканың әрбір бөлімі психологияның сәйкес тарауларында өзіне тірек болар білімдерді табады: мы-салы, оқу — ақыл-парасат дамуы мен танымдық үдерістер теориясына жүгінеді; ал, тәрбие теориясы тұлға психологиясын пайдаланады және т.б. Осы ғылымдардың бірігуінен (интеграция) педагогикалық психология және психопеда-гогика жарыққа көлді.

Педагогиканың тарих және әдебиетпен, география және антропологиямен, медицина және экологиямен, экономика және археологиямен байланыстары кеңеюде. Тіпті Жерден тыс өркениет жөніндегі ғылымдардың өзі де педагогикалық мәселелерді түсінуге жәрдемін тигізіп отыр. Адам, оның тіршілік аймағы, адамдардың қалыптасуына ықпал жасаушы ғарыштық әсерлер бұл күнде бүкіл дүниеде қарқынды зерттелуде.
Тәрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дәл және техникалық білімдермөн тоғысында қылаң бере бас-тады. Олар — кибернетикалық, математикалық, компью-терлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) және т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретіндө ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.

 


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 607; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!