Философия – методология науки.



Педагогика высшей школы ­ ­- наука о воспитании специалистов. Жауап. Жоғары мектеп педагогикасы – кәсіби мамандарды тәрбиелеу туралы ғылым Жоғары мектеп педагогикасы-бұл педагогика ғылымының жас саласы болып табылады. Ол жоғары оқу орнындағы педагогикалық үрдістің мәнін, заңдылықтарын және тенденциясын, бұл үрдісті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын, жоо-дағы педагогикалық әрекеттің мәнінің формаларымен әдістерін, оқытушы мен студенттердің өзараәрекетінің стратегиясы мен тәсілдерін өңдейді, жоғары білім алудын өзіндік мәселесін анықтайды және жоғары кәсіби маманды дайындауды зерттейді Жоғары мектептегі педагогика жалпы педагогикамен өте тығыз байланысты.Қазіргі білім беру жүйесі жеке тұлғаның өмір жолының барлық сатыларындағы қалыптасуы және құрылуы кезіндегі бірыңғай және үздіксіз үрдіс болып табылады. Жалпы білім тек базалық болып қана қоймай, сондай-ақ жоғары білімнің құрамына кіреді және жалпыадами мәдениет пен өркениеттің негіздемесін үздіксіз меңгеруді қамтамасыз етеді. Сондықтан білім беру жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметтік заңдылықтарын бөлмей бірыңғай және өзараәрекетті зерттеп қарастыру керек. Педагогикалық ғылым адамның білім және тәрбиесі туралы бірыңғай зерттейді, ал оның басқа салалары (соның ішінде жоғары мектеп педагогикасы) бұл үрдістің тек жүзеге асу жолдарын қарастыратының ұмытпауымыз керек. Өркениеттің жаңа сатысына түскен қазіргі қоғам білімді және жоғары мәдениетті адамның ролі мен статусын тез арада жоғарлатты. Дүниеде мемлекеттің экономикалық жетістігі білім беру жүйесінімен, азаматтарының білімділігімен, жұмыс күшінің барлық деңгейіне дайындығымен анықталады. Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. "Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар. Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады. Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады. Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.  

Развитие педагогики высшей школы как научной дисциплины. Предмет педагогики высшей школы – педагогический процесс вуза и его закономерности. Основные категории педагогики высшей школы.

Жауап. Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында, педагогиканың бір саласы ретінде қалыптасты.

Жоғары мектеп педагогикасы қоғамдағы өзгерістер әсерімен теорияға, яғни өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу туралы ғылымға айналды.Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: тәрбие, оқыту, білім беру, жоғары мектептің педагогикалық процесі, әлеуметтену, іс-әрекет табыстылығы.

Жоғары мектеп педагогикасы пәні- студенттер бойында кәсіпке қажетті білім, дағды, сапаны қалыптастыруға бағытталған оқытушылар мен студенттердің арасындағы біріккен іс-әрекет. ЖМП пәнінің мақсаты- кәсіби білікті маман даярлауға, студенттердің қабілеттерін, дарындылығын көрсетуге, кәсіби біліктілікке жетуге жағымды жағдай жасау.

ЖМП-сының міндеттері:

- магистранттарды,студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;

- магистранттарды, студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;

- магистраттарды, студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.

ЖМП-сының негізгі категориялары: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама.

Ғылыми білімнің қарқынды дамуына байланысты ЖМП-сының жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орнында тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, жоғары мектеп менеджменті, жоғары мектеп технологиялары атты салалары бар

Философия – методология науки.

Жауап.Педагогиканың ең ұзақ және жемісті байланыста болған ғылымы — философия. Философиялық идеялар негізінде педагогикалық тұжырымдамалар, теориялар тұжырымдалды, яғни олар әдіснамалық тұрғыдан негізделді. Педагогикалык білімдер алу философия зерттейтін ғылыми танымның жалпы заңдарына бағынады. Демек, философия педагогикалық тәжірибелерді саналы меңгерудің және педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың теориялық базасы болып табылады. Философиялық білімдер қоғамдық және әлеуметтік құбылыс ретіндегі тәрбие үдерісінің мәнін түсіну үшін қажет. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін философиялық білімдерсіз, қоғам дамуы тенденцияларын талдаусыз анықтау мүмкін емес. Философиялық таным теориясы заңдары жалпылығына багіланысты оку-танымдык іс-әрекет заңдылықтарын аныктай алады. Қажеттілік пен кездейсоқтык, жалпылық, бірлік жэне түтастық, заңдар мен заңдылықтар, өзара байланыс пен өзара тәуелділік, даму және оның козғаушы күштері сиякты философиялык категориялар кез келген педагогикалық ойлардың негізіне салынған. Демек, философияны педагогиканың әдіснамалық негізі деп қарастыруға болады.
Әдіснаманың барлық деңгейлері өзара байланысты күрделі жүйені күрайды. Бірак философиялық деңгей кез келген әдіснамалық білімдердің мазмұндық негізі болып табылады және таным үдерісіне. шындыкты түрлендіруге қатысты дүниетанымдык негізді қүрайды. Сондықтан педагогтің кэсіби дайындығының жоғары көрсеткіші оның әдіснамалық мэдениетінің болуы деп түсінуге болады.
Әдіснамалык мэдениеттің негізгі белгілері:
-педагогика ғылымының түжырымдамалык негізін құрайтын философиялык катсгориялар мен негізгі үғымдарға қатысты әрекеттер. амалдар мэнін түсінуі;
— білім алу үғымын абстрактылыдан нақтыға карай көшу сатылары деп түсіну;
— педагогикалық теорияларды танымдық іс-эрекет әдістеріне түр-лендіру бағдарының болуы;
— педагог ойлауының педагогикалық формал ар мен оларды қүрайтын касиегтердің генезисіне бағытталуы;
— педагогиканың үғымдык-термітнологиялык жүйесін жаңғырту кажеттілігі болуы;
педагогикалықбілімдердің даму тарихы бірлігімен сабактастығын анықтауға үмтылу;
— қарапайым педагогикалык сана шенберінде жатқан кағидалар мен негіздеулерге сыни қатынасы болуы;
— өзінің меншікті іс-эрекеті мен педагогикалык үдеріске каты-сушылардың ой қозғалысының алғы шарттарына, жүру барысы мен нәтижесіне ой жіберу;
— адамтану саласына қатысты ғылыми емес позицияларды дэлелді жоққа шығару;
— педагогиканың дүниетанымдық, ізгіліктік функцияларын түсіну.
Әдіснаманы меңгеру аркылы мұғалім оның принциптеріне сүйе-не отырып, ойлауга үйренеді. Бүл оған педагогикалық үдерістің заң-дылықтары мен мақсаттарының, принциптері мен ережелерінің күр-делі сипатын түсінуге мүмкіндік береді.
Ең бастысы, эдіснаманы тек ғылыми зерттеулерге қатысты жүйе ретінде ғана қарамай, оның күнделікті оқыту, тәрбиелеу және дамыту практикасындағы, түтас білім беру үдерісін жетілдірудегі мэнін жете түсіне білу қажет.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 523; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!