ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО-ПРИГЛАШЕНИЕ



АҚПАРАТТЫҚ ШАҚЫРУ ХАТ ҚАБЫЛДАУШЫ ҰЙЫМДАРДЫ ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКУРС   Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігі Қостанай облысының коммерциялық емес және жеке ұйымдарын Жастар корпусын дамыту жобасының гранттық бағдарламасы шеңберінде қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурсқа қатысуға шақырады.   Анықтама: Жастар корпусын дамыту жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында жастарды жергілікті тұрғандардың өміріне тарту және олардың қоғамдық пайдалы қызметке қатысуы, өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жастар бастамаларын ынталандыру бойынша № TF014174 грант туралы келісімнің шеңберінде іске асырылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және Дүниежүзілік банктің қолдауымен, 2018 жылы Жоба Үйлестіру агенттігімен 6 облыстың аумағында іске асырылады: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.   Жобаның гранттық бағдарламасы 14[1] жастан 29 жасқа дейінгі жас адамдар тобы (3-5 адам) ұсынған және конкурстық негізде іріктелген әлеуметтік маңызы бар жобаларды іздеуге және қаржыландыруға бағытталған. Жастардың бастамашыл топтарына өз әлеуметтік жобасын іске асырудың екі әдісінің біреуі ұсынылады: 1)қабылдаушы ұйым арқылы. Жас адамдар әлеуметтік жобаны іске асыруда қолдау алу үшін арнайы комиссиямен іріктелген қабылдаушы ұйымдарға жүгіне алады.Гранттық бағдарлама шеңберінде қабылдаушы ұйымдар жастардың топтары атынан әлеуметтік жобаларды іске асыруда қолдау көрсетуге мүмкіндік алады (7 жобаға дейін). 2)өз беттерімен.Жастар бастамашыл тобы әлеуметтік жобаны қабылдаушы ұйымның қолдауысыз және алып жүруісіз, өз беттерімен іске асыра алады. Жастар бастамашыл тобы тек қана 1 жобалық өтінім ұсына алады. Гранттық бағдарламаның бірінші кезеңі қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурс болып табылады. Жоба іріктелген қабылдаушы ұйымдарға туған аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуға, ұйымның әлеуетін нығайтуға және Жобаның оқыту іс-шараларына қатысу арқылы қызметкерлердің кәсіптік дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурсқа тек қана: 1) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына сәйкес жастар ұйымдары; 2) жарғылық мақсаттарында жастарды дамыту және қолдау бойынша қызмет қарастырылған қоғамдық бірлестіктер, қорлар, заңды тұлғалар бірлестіктері, мекемелер нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар; 3) корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын іске асыратын, жарғылық мақсаттарында жастарды дамыту мен қолдау бойынша қызмет қарастырылған жеке ұйымдар қатыса алады. «Қабылдаушы» мәртебесіне үміткер ұйымдар келесі талаптарға сәйкесуі қажет: a) Қостанай облысының аумағында заңды тіркелуінің болуы (өтінім беру кезінде 3 жылдан кем емес); b) қызметінің Қостанай облысының аумағында жүзеге асырылуы; c) жастардың қатысуымен әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында 3 жылдан кем емес тәжірибесінің болуы; d) мәлімделген қызметтің ұйымның жарғылық ережесіне сәйкесуі; e) салық және өзге берешектерінің болмауы; f) әрекет ететін банк шотының болуы; g) ұйым қызметтерді жосықсыз жеткізушілер тізілімінде болмауы тиіс; h) бас кеңсенің тарапынан ресми рұқсаттың болуы (филиалдар үшін). Іріктелген қабылдаушы ұйымдар гранттық бағдарлама шеңберінде келесі қызмет түрлерін көрсететін болады: a) жас адамдар, әсіресе, жастардың осал топтары арасында гранттық бағдарламаның шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу; b) жастар бастамашыл топтарына гранттық конкурсқа жобалық өтінімді дайындау бойынша консультациялық және техникалық қолдау көрсету; c) жобаларды іске асыру кезінде қатысушыларға қажетті көмек көрсету (өз мүддесінде жобаның мақсатын және мазмұның, орындаушылардың құрамын өзгертпей); d) Үйлестіру агенттігіне жобаларды іске асыру барысы туралы есептіліктерін уақытылы ұсыну мақсатында жобаларға жетекшілік ету, жобаларды орындау шеңберінде қаржы операцияларын басқару. Әр қабылдаушы ұйымның қызметіне әр жоба бойынша грант беру туралы шарттың сомасынан 15% мөлшерінде өтемақы төленеді. Өтемақы әлеуметтік жобаны іске асыруда ілесетін үстеме шығындарды жабу үшін төленеді. Мүдделі тұлғалар қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді, белгіленген нысанға сәйкес 2018 жылғы 17 сәуірден 8 мамырға дейінzhasproject@mail.ru электрондық поштасына жіберулері қажет (1-қосымша). Қабылдаушы ұйымдарды іріктеу тәуелсіз конкурстық комиссиямен жүзеге асырылады. Қабылдаушы ұйымдардың тізімі ашық қолжетімділікте www.zhasproject.kzсайтында орналастырылады.     Конкурс туралы қосымша ақпаратты Жобаның www.zhasproject.kz сайтында немесе(7172) 500-754, 500-771 телефондары бойынша (жұмыс уақыты: 09.30-дан 18.30-ға дейін; түскі үзіліс: 13.00-ден 14.30-ға дейін; демалыс күндері: сенбі, жексенбі) алуға болады. ________________________   1-қосымша   Жастар корпусын дамыту жобасы шеңберінде қабылдаушы ұйым мәртебесін алуға үміттенген заңды тұлғаның ӨТІНІМ НЫСАНЫ 1. Қабылдаушы ұйымның мәртебесін алуға үміттенген заңды тұлға туралы мәліметтер: Заңды мәртебесін көрсетумен, ұйымның толық атауы қазақ және орыс тілдерінде   Заңды тіркелу күні   Ұйымның заңды мекенжайы (пошта индексі, облысы, елді мекен, көше, үй, кеңсе)   Ұйымның нақты мекенжайы (пошта индексі, облысы, елді мекен, көше, үй, кеңсе)   Ұйымның байланыстары (жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)   Заңды тұлғаның банк реквизиттері (БСН, ЖСК, БСК), сонымен қоса заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы   Ұйымның бірінші басшысының Т.А.Ә.   Басшы лауазымының атауы   Басшының байланыстары (жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)   Ұйымның есепшісінің Т.А.Ә.   Есепшінің байланыстары (жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)   Ұйымның құрылтайшылары туралы мәліметтер (құрылтайшылардың ТАӘ/ құрылтайшы ұйымдардың атауы)   Жарғыға сәйкес заңды тұлғаның құрылымы, штаттық қызметкерлердің саны   Аймақтарда филиалдардың болуы туралы мәліметтер   Ұйымның консультативті-кеңестік органдардағы мүшелігі туралы мәліметтер   Мақсатты аудитория/ адрестік топ (қолданылса)     2. Заңды тұлға қызметінің мәні және мақсаттары (Жарғыға сәйкес). Ұйымның міндеті. Қызметінің бағыттары.   3. Әлеуетті қабылдаушы ұйым іске асырып жатқан немесе соңғы үш жыл ішінде іске асырған жобалары туралы мәліметтер (болған жағдайда):   Жобаның атауы Тапсырыс берушінің атауы және оның байланыстары Жобаны іске асыру мерзімі Жобаның мақсаты және бенефициарлары Жобаның жалпы құны Қол жеткізілген нәтижелер               4. Қабылдаушы ұйымның мәртебесін алу үшін заңды тұлғаның пайдаланылуында, әлеуетті қабылдаушы ұйым Жоба бенефициарларының жұмысы үшін ұсынуға дайын, материалдық-техникалық базасының болуы айтарлықтай маңызды болады:   Жабдықтардың түрлері Бірліктер саны Жабдықтардың жағдайы Меншікті, жалға алынған         5. Қазақстанның немесе шет елдерінің мемлекеттік органдарымен, коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдармен өзара әрекеттесу туралы меморандумдарының (келісімдердің) тізбесі, соның ішінде болған жағдайда халықаралық ынтымақтастық шеңберінде.   Өтінімге келесі құжаттар қоса берілуі тиіс: - қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурсқа қатысуға өтінім беру туралы қол және мөр қойылған ілеспе хат; - ұйымның заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жарғысының сканерленген нұсқасы; - жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы ақпараттар болмаған жағдайда, құрылтайшы шартының сканерленген көшірмесі; - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің/анықтаманың сканерленген нұсқасы; - ұйымға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының қолы мен мөрі бар (i) банк шотының болуы туралы және (ii) міндеттердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтамалардың сканерленген нұсқасы, анықтамалар өтiнiмді берген күнінiң алдындағы бiр айдан кейін берiлуге тиiс; - өтiнiмдi берген күнiнiң алдындағы үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының сканерленген нұсқасы; - республикалық ұйымдардың филиалдары үшін – қабылдаушы ұйымдардың конкурсына қатысу үшін ресми рұқсат; - ұсыныс хаттар.   Осымен ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын. _____________________________________ ________________________/____________/ (Лауазымы, заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә. және қолы) Толтыру күні____________   М.О.    

ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО-ПРИГЛАШЕНИЕ


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 213; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!