МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН



АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы

        

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

 

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар»

 

 

ӘОЖ 371.14

КБЖ 74.00

М 83

 

 

Мұкажанова Р.А. и др.

М 83 Мұғалімдерге арналған шығармашылық тапсырмалар. Творческие задания для учителей. / Р.А. Мұкажанова, Г.А. Омарова, Р. Мұратханова. – Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015. – 84 бет. – / қазақша, орысша

ISBN 978-601-7819-23-1

 

Бұл нұсқаулық «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерді оқыту үшін бірыңғай оқу-әдістемелік кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады. Курстық даярлық үдерісінде тыңдаушылардың өз бетімен атқаратын жұмыстарының тапсырмаларын қамтиды. Мұғалімдерге арналған үлестірмелі материал болып табылады.

Данное пособие является неотъемлемой частью единого учебно-методического комплекса для обучения учителей на курах повышения квалификации по программе нравственно-духовного образования «Самопознание» «Общечеловеческие ценности на уроке». Содержит задания для самостоятельной работы слушателей в процессе курсовой подготовки. Является раздаточным материалом для учителей.

 

 

ӘОЖ 371.14

КБЖ 74.00

ISBN 978-601-7819-23-1                                                                   «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015

Мазмұны

 

Кіріспе............................................................................................................................................. 4

Бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде орындалуға арналған тапсырмалар......................... 6

Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінде орындалуға арналған тапсырмалар........... 11

Мұғалімдердің жұмысын бағалау тәртібі.................................................................................. 24

Тыңдаушылардың өз бетімен атқаратын жұмысына қойылатын этикалық талаптар......... 25

Қосымшалар................................................................................................................................. 27

Әдебиеттер.................................................................................................................................. .39

Байланыс ақпараты..................................................................................................................... 42

КІРІСПЕ

Базалық деңгейдегі Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеріне арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы ең алдымен мұғалімдердің рухани-адамгершілік дамуына және олардың кәсіби шеберліктерінің өсуіне арналған, сондықтан Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда тыңдаушылардың өз бетімен атқаратын жұмысы зор мәнге ие. Бағдарламада тыңдаушылардың теориялық бағыттағы (әдебиеттерді зерделеу, презентация қорғау, эссе және сабақ жоспарын жазу) және практикалық бағыттағы (сабақтар, ата-аналар жиналысын, шеберлік сабақтарын және оқушылармен сабақтан тыс іс-әрекет өткізу) өз бетімен атқарылатын жұмыстарына арналған іс-әрекеттердің кең өрісі қамтылған.

Бағдарламадағы оқып-үйренуге тиісті негізгі материалдар «Мұғалімге арналған нұсқаулық» және «Мұғалімге арналған шығармашылық тапсырмалар» болып табылады. Бағдарлама және жоғарыда аталған материалдар «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының бірыңғай оқу-әдістемелік кешенін (бұдан әрі – Бағдарламаның ОӘК) құрайды. Сонымен қатар, мұғалімдер қажеттілігіне қарай Бағдарламада ұсынылған әдебиеттерді өз бетінше зерделей алады. Осы «Мұғалімге арналған шығармашылық тапсырмалар» әдістемелік құралы мұғалімге өзіндік жұмыстарды орындау үдерісінде көмекші материал болып табылады. Аталмыш әдістемелік құралда оқытудың тиісті кезеңдерінде орындалуы қажет барлық өз бетімен атқарылатын тапсырмалар толық сипатталады және осы тапсырмаларды бағалаудың критерийлері берілетін болады.

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша Қазақстан Республикасындағы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасыкелесі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

· Педагог тұлғасының рухани-адамгершілік тұрғыда ішкі жан дүниесін өзгертуге, оның ішкі әлеуетінің ашылуына мүмкіндік туғызу.

· Тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік жасау.

· Мұғалімдерді «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша, ар-ұжданымен өмір сүретін, жағымды ойлайтын және өз борышын сезінетін лайықты тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік беретін білімдермен және тәжірибелік дайындықпен қамтамасыз ету.

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде келесі міндеттердішешу маңызды:

· Бағдарламаның теориялық негіздерін үш модуль аясында тұжырымдамалық түсінуді қамтамасыз ету:

- педагогтардың «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы мазмұнының әдіснамалық негіздерін меңгеруі;

- «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесін меңгеруі;

- жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірдің және кәсіби іс-әрекеттің тұлғалық мәні ретінде ұғынуы.

· Бағдарламаның тұжырымдамалық идеяларын қазіргі таңдағы сабақ жағдайында тәжірибелік жүзеге асыруды, сондай-ақ, мұғалімдердің бойында келесі дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ету:

- өзін-өзі тану сабақтарын жоспарлау және өткізу;

- жеке және кәсіби өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды тәжірибеге ендіру кезінде өзін-өзі бақылау және жеке тәжірибесін талдау;

- Бағдарламаның түйінді идеяларының аясында ата-аналар жиналысын өткізу;

- Бағдарламаның түйінді идеялары аясында сабақтан тыс іс-әрекеттерді өткізу;

- рухани-адамгершілік білім аясында тарихи-философиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделеу.

· Мұғалімдерді рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімдер қауымдастығына белсенді қатысуға дайындау.

Базалық деңгейдегі Бағдарламаны меңгерудің табыстылығы келесі күтілетін нәтижелерменанықталады:

· Бағдарламаның негізін құрайтын үш модуль аясында мұғалімнің тұжырымдамалық түсінік негіздері мен тәжірибелік дағдыларының қалыптасуы.

· Мұғалімнің бойында жағымды ойлау дағдыларының, өзін-өзі кемелдендіру қабілетінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алуға деген талпынысының болуы.

· Мұғалімнің «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістемесін меңгеруі.

· Мұғалімнің Бағдарлама идеяларын оқушылармен және ата-аналармен жұмыста интеграциялауға дайындығы.

Бағдарламаны меңгеру ұзақтығы – 10 апта, үш кезеңге құрылымданған: бірінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; төрт апта); екінші кезең – «Құндылықтар тәжірибесі» (асинхронды оқыту; төрт апта); үшінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; екі апта).

Бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының түйінді идеялары мен оларды мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу жасалады.

Аталмыш кезеңде тыңдаушыларға келесі тапсырмаларды орындау жүктеледі:

· Әрбір модульдің материалдарын зерделеп, модульдің бір тақырыбы бойынша презентацияларды қорғау, жұмыс жеке дара орындаудан және әрбір модуль тақырыптарын топтық талқылаудан тұрады.

· Тыңдаушының жеке және кәсіби тәжірибесі туралы терең ойлануына және талдауына, Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде жеке дара зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бірнеше жазбаша тапсырмаларды орындау.

· Мектепте өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және топтық талқылау, жұмыс сабақты жеке дара бағалаудан және бірлескен топтық талқылаудан тұрады.

Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінде «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының негізгі идеялары сыныпта және тыңдаушының жеке өмірінде іс жүзіне асырылады. Аталмыш кезең екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт – алынған білімдерді күнделікті жеке өмірде және жалпыадамзаттық құндылықтарды сыныпта оқыту тәжірибесінде қолдану.

Екінші бағыт – бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде берілген «Құндылықтар практикасы» кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен» жұмыс жасау. Тыңдаушының өміріндегі және оқыту тәжірибесіндегі өзгерістер оның мектептегі тәжірибесі кезінде жүйелі түрде бағаланады. Сондай-ақ, тыңдаушыға білім беру порталының көмегі арқылы тренерлер тарапынан қолдау көрсетілетін болады.

Бұл кезеңде тыңдаушыларға 8 тапсырма орындау және атқарылған жұмыстар бойынша портфолио жабдықтау жүктеледі.

«Жүректен жүрекке» қорытынды кезеңі мұғалімнің жеке өмірінде және оқытуда жүзеге асырылатын өзгерістерді өзіндік және өзара рефлексиялауға, осы өзгерістердің нәтижелерін оқушылардың дамуына әсерін анықтау мақсатында өзіндік және өзара бағалауға бағдарланған. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке дара орындаған жұмыстарын тренерлер бағалап, ұсыныстар беретін болады. Сондай-ақ, қорытынды кезеңі барысында мұғалімдер жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өзін-өзі тану сабақтарын және жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы сабақтан тыс жұмыстар өткізеді. Курстың соңында біліктілік емтиханы өткізіліп, қорытынды бағалар шығарылады.

БІРІНШІ «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» КЕЗЕҢІНДЕ ОРЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңі (4 апта)

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының материалы бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде оқытылатын үш модульге ыңғайластырылған:

· «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері.

· «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

· «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі.

Бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңі үш модульдің теориялық материалдарын бірізділікпен оқып-үйренуді шамалайды. Әрбір модульді оқып-үйренгеннен кейін тыңдаушылар модуль материалы бойынша жеке дара презентация қорғаулары тиіс. Материал бойынша презентация әзірлеу тыңдаушының өз бетімен атқаратын жұмысы болып табылады. Көпшілік алдында сөйлеу барысында тыңдаушылар өздерінің мінездерін жетілдіреді, көңі-күй ахуалдарын бақылайды, кез келген жағдаят адамды жақсы қасиеттерге үйретеді және дамытады деп қабылдай білуге үйренеді. Сонымен бірге Бағдарламаның негізгі идеясын ашып көрсетеді, тренер тарапынан берілген сұрақтарға жауап беріп, әріптестерінің жауаптарын талдап, Бағдарламаның рухани-адамгершілік идеяларын терең түсініп, оны тәжірибеде қолданады. Көпшілік алдында сөйлеу кезінде тыңдаушылар үйренеді:

1. Аудитория алдында еркін сөйлеуге.

2. Бағдарламаның негізгі идеяларын нақты, қысқа және анық баяндауға.

3. Тренерлер мен аудиторияның қойған кез келген сұрақтарына сауатты және нақты жауап беруге.

4. Өзінің әрекетін бақылауға, қадағалауға, аралық бақылау нәтижесі бойынша тренердің пікірін, ұсынысын түсіністікпен, қажет болған жағдайда презентацияны қайта тапсыру туралы шешімді сабырлы қабылдауға.

Әрбір модуль бойынша тыңдаушының жеке дара презентациясы тренер тарапынан бағаланады. Бағдарламада бағалаудың үшбалдық жүйесі қолданылады: 2 (өте жақсы), 1 (жақсы), 0 (қанағаттанарлықсыз). Үш модуль бойынша жасалған презентациялар үшін тыңдаушының бағалары тыңдаушы жұмысын аралық бағалау болып табылады. 

Егер тыңдаушы презентация үшін 0 балл алатын болса, онда ол қосымша дайындалып, тренердің барлық тілектерін ескеріп, оқытудың бірінші кезеңінде тренердің белгілеген уақытында презентацияны бір рет қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Егер бірінші «Жүректен жүрекке» оқыту кезеңінің соңында тыңдаушы модульдердің бірі бойынша презентация үшін 0 балдық бағаға ие болса, онда оның үшінші «Жүректен жүрекке» оқыту кезеңінің басында тағы бір рет қайта тапсыруға құқығы бар. Егер тыңдаушы жеткіліксіз дәрежеде дайындалып, презентацияны үшінші рет тапсыра алмаса, онда ол біліктілік емтиханына жіберілмейді және тиісінше сертификат алмайды. Сертификат алмайтындарға арналған ақпарат «Мұғалімдердің жұмысын бағалау тәртібі» тарауында берілген.

1 тапсырма. Бірінші «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері» модулінің теориялық материалдарын презентациялау.

Презентациялардың тақырыптары бірінші модульдің алты тақырыбына сәйкес келеді:

1. «Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы».

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының тарихи негіздері».

3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері».

4. «Заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері».

5. «Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау».

6. «Өзін-өзі тану сабақтан тыс іс-шаралар арқылы».

Тақырыптар тыңдаушылар арасында бөліске салынады. Бөліс кезінде алынған тақырыпты басқа тақырыпқа ауыстыруға болмайды. Әрбір тыңдаушы таңдалған тақырып бойынша жеке дара презентация дайындайды. Презентация PowerPoint форматында (7-10 слайд) ресімделуі тиіс. Тыңдаушының баяндауы 5-7 минут аралығында болуы керек, содан кейін презентацияны топтық талқылау қажет. Тренер нақтылаушы сұрақ қою үшін тыңдаушының сөзін кез келген сәтте бөле алады. Талқылау кезінде тренер бірінші модульдің кез келген тақырыбы бойынша сұрақ қоя алады.

Презентацияны дайындау кезінде тыңдаушы өзіне берілген тақырып бойынша дәріс материалдарын пайдалануы, модульдің барлық дәрістері мен ұсынылған әдебиеттерді зерделеуі қажет. Интернеттен тек сапалы және сенімді, Бағдарлама арнасындағы материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, пайдалану керек.

Бірінші модуль бойынша презентацияларды бағалау критерийлері:

· Бағдарламаның бірінші модулінің тұжырымдамалық негіздерін түсінуі.

· Модульдің теориялық негіздерін білуі және ұсынылған әдебиеттермен танысуы.

· Тақырыптың ашылуының рухани-адамгершілік тереңдігі мен толықтығы.

· Тақырыпты ашуға шығармашылық тұрғыда келуі, тақырып бойынша сапалы қосымша материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып пайдалануы.

· Интернеттен алынған сапасыз материалдардың болмауы.

· Презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап беру білігі.

· Академиялық талаптарға сай сауатты, нақты және айғақты баяндалуы.

· Тұлғаның жалпы мәдениеті, тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалдық деңгейлері, әріптестерімен қарым-қатынас барысында және киім үлгісінде этикалық нормаларын сақтауы.

· Сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтарды ресімдеуде іскерлік стильдің сақталуы (артық алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).

 

2 тапсырма. Екінші «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері» модулінің теориялық материалдарын презентациялау.

Екінші модуль бойынша презентациялардың тақырыптары бес жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес келеді:

· Ақиқат

· Сүйіспеншілік

· Дұрыс әрекет

· Ішкі тыныштық

· Қиянат жасамау

Бес жалпыадамзаттық құндылық тыңдаушылар арасында бөліске салынады. Бөліс кезінде алынған құндылықты басқасына ауыстыруға болмайды. Әрбір тыңдаушы таңдалған құндылық бойынша жеке дара презентация дайындайды. Презентация PowerPoint форматында (7-10 слайд) ресімделуі тиіс. Тыңдаушының баяндауы 5-7 минут аралығында болуы керек, содан кейін презентацияны топтық талқылау қажет. Тренер нақтылаушы сұрақ қою үшін тыңдаушының сөзін кез келген сәтте бөле алады. Талқылау кезінде тренер кез келген жалпыадамзаттық құндылық бойынша сұрақ қоя алады.

Презентацияны дайындау кезінде тыңдаушы таңдалған жалпыадамзаттық құндылық бойынша дәріс материалдарын пайдалануы, модульдің барлық дәрістері мен ұсынылған әдебиеттерді зерделеуі қажет. Презентацияда тыңдаушылар аталмыш құндылықты өмірде қолдану тәжірибесімен міндетті түрде бөлісулері керек. Тақырып бойынша сәйкес келетін өсиет-әңгімелерді, әндерді, бейне-материалдарды пайдалануға болады. Интернеттен тек сапалы және сенімді, Бағдарлама арнасындағы материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, пайдалану керек.

Екінші модуль бойынша презентацияларды бағалау критерийлері:

· Бағдарламаның аксиологиялық негіздерін білуі және ұсынылған әдебиеттермен танысуы.

· Презентациялап отырған жалпыадамзаттық құндылықтың рухани-адамгершілік мәнін терең түсінуі.

· Аталған құндылықты жеке өмірде қолдану тәжірибесінің болуы.

· Тақырыптың ашылуының рухани-адамгершілік тереңдігі мен толықтығы.

· Тақырыпты ашуға шығармашылық тұрғыда келуі, тақырып бойынша сапалы қосымша материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып пайдалануы.

· Интернеттен алынған сапасыз материалдардың болмауы.

· Презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап беру білігі.

· Академиялық талаптарға сай сауатты, нақты және айғақты баяндалуы.

· Тұлғаның жалпы мәдениеті, тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалдық деңгейлері, әріптестерімен қарым-қатынас барысында және киім үлгісінде этикалық нормаларын сақтауы.

· Сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтарды ресімдеуде іскерлік стильдің сақталуы (артық алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).

 

3 тапсырма. Үшінші «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі» модулінің теориялық материалдарын презентациялау.

Үшінші модуль бойынша презентацияда тыңдаушылар өзін-өзі тану сабағының жоспарын көрсетеді. Бұл сабақ бес жалпыадамзаттық құндылықтардың бірін айқындауы тиіс:

· Ақиқат

· Сүйіспеншілік

· Дұрыс әрекет

· Ішкі тыныштық

· Қиянат жасамау

Құндылықтар тыңдаушылар арасында бөліске салынады. Бөліс кезінде алынған құндылықты басқасына ауыстыруға болмайды. Әрбір тыңдаушы таңдалған құндылыққа сәйкес өз бетінше өзін-өзі тану сабағының тақырыбын таңдайды. Сабақтың тақырыбын тыңдаушы әдетте өзі жұмыс жасайтын оқушылардың жас категориясына арналған өзін-өзі тану оқулығынан таңдап алады. Презентация Microsoft Word форматында болуы тиіс. Презентацияда тыңдаушы өзін-өзі тану сабағының жоспарын көрсетеді (Қосымша 1). Тыңдаушының баяндауы 5-7 минут аралығында болуы керек, содан кейін презентацияны топтық талқылау қажет. Тренер сабақ жоспары бойынша нақтылаушы сұрақ қою үшін тыңдаушының сөзін кез келген сәтте бөле алады. Талқылау кезінде тренер үшінші модульдің кез келген тақырыбы бойынша сұрақ қоя алады.

Презентацияны дайындау кезінде тыңдаушы дәріс материалдарын, өзін-өзі тану бойынша оқулықтан және әдістемелік құралдан материалдар пайдалануы және ұсынылған әдебиеттерді зерделеуі қажет. Интернеттен тек сапалы және сенімді, Бағдарлама арнасындағы материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, пайдалану керек.

Үшінші модуль бойынша презентацияларды бағалау критерийлері:

· Өзін-өзі тану сабағының әдістемесін білуі.

· Сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігін ашуы.

· Сабақ жоспарын құрастыруға шығармашылық тұрғыда келуі, сабақ тақырыбы бойынша анықталатын құндылыққа сәйкес қосымша материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып пайдалануы.

· Тыңдаушының құрастыру үшін таңдаған сабақ жоспарының өзін-өзі тану бойынша мектеп бағдарламасына сәйкестігі;

· Сабақ жоспарының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігі:

1. Сабақтың мақсаты мен міндетін сауатты қою (мақсатта тақырыппен байланысқан, сабақта анықталынатын құндылық көрсетілуі тиіс; міндеттерінде (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік) осы құндылықты айқындайтын қасиеттер көрсетілуі қажет).

2. Сабақтың мақсатында көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындауға және міндеттерінде көрсетілген қасиеттерді дамытуға негізделген құрылымдық және мазмұндық тұтастығы.

3. Жағымды көңіл-күйді дұрыс өткізу (жағымды музыка; мұғалімнің асығыс емес, жәйбарақат жұмсақ үні; жағымды көңіл-күй кезінде оқушылар отыруы тиіс; жағымды көңіл-күйдің мәтінін «Мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесі» атты мұғалімдерге арналан оқу-әдістемелік құралдан алуға болады)[1].

4. Дәйексөзді дұрыс қолданудың реті (сабақтың тақырыбына сәйкестігі, құндылықты айқындайтын бір дәйексөзді пайдалану; дәйексөз жадыда сақталу үшін әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану, мысалы, дәйексөзді хормен қайталау, дәптерге жазу және т.с.с.).

5. Алдын ала оқулықтан берілетін тапсырмалардың болуы (үйде оқу үшін мәтінді келесі сабаққа арналған оқулықтағы материалдан таңдап алады; сабақта оқушылар мәтінді қайталап айтады, мұғалім мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтармен қоса жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаруға арналған рухани терең таңдап алынған сұрақтардың негізінде әңгіме-сұхбат жүргізеді).

6. Мұғалімнің өсиет-әңгімелер мен оқиғаларды дұрыс таңдауы және әңгімелеуі (анықталатын құндылықтың тақырыпқа сәйкестігі; мәтінге оның мазмұны бойынша сұрақтармен қоса жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаруға арналған рухани терең сұрақтарды дұрыс таңдап алуы; оқиғаларды әңгімелеудегі мұғалімнің шеберлігі).

7. Мұғалімнің терең рухани-адамгершілік әңгімелесуді сауатты жүргізу (әңгімелесуді өзара қисынды байланысқан сұрақтардың негізінде құру; оқушының жауаптарын бөлмей, өз пікірін тықпаламай соңына дейін тыңдау білігі, әңгіме барысында терең рухани-адамгершілік сұрақтарды қоя отырыпәңгімені қажетті арнаға бұра білу).

8. Шығармашылық және топтық іс-шараларды дұрыс өткізу (жалпыадамзаттық құндылықтардың практикасы нәтижесіндегі дағдыларын дамытуға ықпал ететін шығармашылық және топтық іс-әрекеттердің құндылық бағыттылығы; шығармашылық және топтық іс – шаралар жәйбарақат, мәтінсіз, тыныш музыкамен талқыланады; оқушылар іс-шара аяқталғаннан кейін өздерінің жұмыстарын сыныпқа ұсынады, содан кейін шығармашылық жұмыстарға арналған бұрышқа апарып қойылады).

9. Музыка мен әнді сабақта пайдалану (әннің құндылық бағдарлығы, мағынасын және рухани-адамгершілік тереңдігін талдау, мұғаліммен бірге хормен ән айту).

10. Сабақтың соңғы сәтін өткізу (жұмсақ музыка сүйемелдеуімен).

· Презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап беруі.

· Академиялық талаптарға сай сауатты, нақты және айғақты баяндалуы.

· Тұлғаның жалпы мәдениеті, тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалдық деңгейлері, әріптестерімен қарым-қатынас барысында және киім үлгісінде этикалық нормаларын сақтауы.

· Сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтарды ресімдеуде іскерлік стильдің сақталуы (артық алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).

 

4 тапсырма. Мектепте өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және талдау.

Үшінші модульді оқып-үйрену кезінде тыңдаушылар базалық мектептегі практик- мұғалім өткізетін өзін-өзі танудың екі сабағына қатысады және талдайды. Өзін-өзі тану сабағын талдау жоспары 2-қосымшада берілген. Тыңдаушылардың міндеті – келесі критерийлердің тұрғысынан өзін-өзі тану сабақтарына талдау жасау:

· Сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігінің ашылуы.

· Сабақ жоспарын құрастыруға шығармашылық тұрғыда келуі, сабақ тақырыбы бойынша анықталатын құндылыққа сәйкес қосымша материалдардың ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып пайдаланылуы.

· Сабақтың «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігі (осы әдістемелік құралдың 9-бетін қараңыз).

· Оқушылардың жұмыс дәптерін жүргізуі.

· Мұғалім стилі (авторитарлық, либералдық, ізгілік).

· Сабақтағы тәртіп.

· Сабақ жоспарының болуы.

Өзін-өзі танудың екі сабағын көргеннен кейін сабақты өткізген оқытушылардың қатысуымен сабақтарды топтық талқылау болады. Тыңдаушылар алдымен өздерінің алғыстарын білдіріп, сабақтан алған жағымды әсерлерімен бөліседі, содан соң сабақты жақсарту үшін өздерінің тілектері мен ұсыныстарын айтады. Тренердің тыңдаушылардың өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесін түсіну тереңдігін бағалауға мүмкіндігі болады.

Жалпы білім беретін мектепте екі өзін-өзі тану сабағын көру және талдау тыңдаушыларға практикада өзін-өзі тану сабағын оқыту әдістемесінің жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін көруге, әдістемелік тәсілдердің қолданылуының дұрыстығын, сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігінің ашылуын, мұғалімнің стилін бағалауға, сабақ туралы жағымды пікірлерді және сабақты жақсарту бойынша өз тілектерін орынды әрі сүйіспеншілікпен білдіруді практикада қолдануға мүмкіндік береді.

 

ЕКІНШІ «ҚҰНДЫЛЫҚТАР ПРАКТИКАСЫ» КЕЗЕҢІНДЕ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңі (4 апта)

Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінде «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының негізгі идеялары сыныпта және тыңдаушының жеке өмірінде тәжірибе жүзіне асырылады. Аталмыш кезең екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт – алынған білімдерді күнделікті жеке өмірде және жалпыадамзаттық құндылықтарды сыныпта оқыту тәжірибесінде қолдану.

Екінші бағыт – бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде берілген «Құндылықтар практикасы» кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен» жұмыс жасау.

Тыңдаушының өміріндегі және оқыту тәжірибесіндегі өзгерістер оның мектептегі тәжірибесі кезеңінде жүйелі түрде бағаланады. Сондай-ақ, тыңдаушыға қашықтан әдістемелік қолдауды жүзеге асыру және «Құндылықтар практикасы» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды бағалау үшін тренерлер қатарындағы кураторлар тарапынан қолдау (асинхронды оқыту) көрсетілетін болады.

Бұл кезеңде тыңдаушыларға келесі тапсырмаларды орындау жүктеледі:

1. Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалану арқылы екі өзін-өзі тану сабағын жоспарлау және өткізу.

2. Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалану арқылы бір интеграцияланған сабақ (жаратылыстану циклы бойынша) жоспарлау және өткізу.

3. Бағдарламаның түйінді идеяларының аспектісінде ата-аналар жиналысының жоспарын әзірлеу және өткізу.

4. Бағдарламаның түйінді идеяларының аспектісінде мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арналған семинар жоспарын әзірлеу және өткізу.

5. Бағдарламаның түйінді идеяларының аспектісінде оқудан тыс іс-әрекет жобасын әзірлеу және жүзеге асыру.

6. Ізгі - педагог Ш.А. Амонашвилидің бір еңбегі туралы пікір жазу.

7. Ізгілік педагогикасының классиктерінің бірінің адамгершілік өмір салты туралы және оның бір шығармасын оқудан алған жеке әсерлер жөнінде эссе жазу.

8. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке және кәсіби өмірде қолдану үдерісі кезінде өз бойындағы өзгерістерді бақылау негізінде жеке тәжірибені талдау арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың бірінен реферат жазу.

9. Портфолио жабдықтау және портфолионың мазмұны жөнінде презентация әзірлеу.

Барлық тыңдаушылардың «Құндылықтар практикасы» кезеңінің мазмұнына қойылатын талаптар туралы айқын түсінікке ие болуы өте маңызды.

«Құндылықтар практикасы» кезеңі кезіндегі мұғалімдердің жұмыстарына қойылатын талаптар.

1. Тыңдаушы «Құндылықтар практикасы» кезеңінде орындауға арналған 9 тапсырманы оқытудың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін міндетті түрде орындауы керек. Барлық тапсырмалар оқытудың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басында толық дайын болуы тиіс және куратор бағалауы керек.

2. Тыңдаушылар «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басында 8 тапсырма бойынша толық портфолио дайындауы тиіс.

3. Тыңдаушылар портфолионың мазмұны бойынша презентацияны оқытудың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басында дайындауы қажет.

4. Тыңдаушылар сабақтардың, ата-аналар жиналыстарының, мұғалімдерге арналған семинарлардың, оқудан тыс іс-әрекеттердің жоспарларын, олардың жұмыстарының мазмұнының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларына сәйкестігін анықтау мақсатында мұғалімдердің іс-әрекетін жүйелі мониторингілеу үшін өткізгенге дейін электрондық түрде жіберуі тиіс. Тренер жіберілген жұмысты бір тәулік ішінде тексеріп, жұмысты жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жіберуге немесе қабылдауға міндетті. Сабақтарды, ата-аналар жиналыстарын, мұғалімдерге арналған семинарларды, оқудан тыс іс-әрекеттер жобасын тренер толық іс-шараның жоспарын тексергеннен кейін өткізуі керек.

5. Тыңдаушылар сабақтарды, ата-аналар жиналыстарын, мұғалімдерге арналған семинарларды, оқудан тыс іс-әрекеттер жобасын іс-шаралар өткізгеннен кейін үш тәуліктен кешіктірмей электрондық түрде рефлексивті есеп жіберулері тиіс. Рефлексивті есептің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс.

6. Тыңдаушылар кураторға жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі бойынша рефератты «Құндылықтар практикасы» кезеңінің төртінші аптасынан кешіктірмей алғашқы тексеруден өткізу үшін электрондық түрде жіберуі тиіс. Рефераттың көлемі 7 беттен (А-4 форматы, 14 шрифт) кем болмауы тиіс.

7. Тыңдаушылар кураторға «Мені шабыттандырады...», «Мен шабыттандырамын...», «Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы» және интеграцияның бес мысалын «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңінің үшінші аптасынан кешіктірмей алғашқы тексеруден өткізу үшін электрондық түрде жіберуі тиіс. Жұмыстардың ретін өз еркінше жіберуге болады. Әр жұмыс көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс.

8. Тыңдаушылар Ш.А. Амонашвилидің еңбегі туралы пікір және өзі таңдаған ізгілік педагогикасы классигінің адамгершілік өмір салты туралы эссе, оның еңбегінің біреуін оқу барысында алған өзінің әсерін «Құндылықтар практикасы» кезеңінің төртінші аптасынан кешіктірмей алғашқы тексеруден өткізу үшін электрондық түрде жіберуі тиіс. Жұмыстардың ретін өз еркінше жіберуге болады. Әр жұмыс көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) екі беттен кем болмауы тиіс.

9. Барлық жіберілген жұмыстарды куратор 1-4 күн ішінде тексереді, содан кейін үш балдық бағалау жүйесі бойынша жұмысты бағалайды немесе жұмыстың қатесін түзету және сапасын жақсарту үшін ұсыныстар көрсете отырып кері қайтарады.

10. Егер тыңдаушының жұмысы белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жіберілетін болса, онда жұмыстың бағасы 0,5 балға төмендетіледі.

11. Егер тыңдаушының қайсыбір тапсырмасы оқытудың үшінші кезеңінің басына дейін орындалмаса немесе куратор тарапынан қайсыбір тапсырмасы 0 балмен бағаланатын болса, онда аталған тыңдаушы біліктілік емтиханына жіберілмейді және тиісінше сертификат алмайды.

«Құндылықтар практикасы» кезеңі кезінде мұғалімдерге қолдау көрсету.

Оқытудың «Мектептегі практика» кезеңінде куратор тапсырмаларды орындау үдерісінде мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру мақсатында тыңдаушылармен байланыс орнатады. Тыңдаушылар кураторға өздерін қызықтыратын кез келген сұрақтарды қоя алады. Куратор жауап бере алмаған мәселелерді «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ-дағы әріптестеріне жолдауына болады. 

Сонымен бірге, куратор мұғалімдердің іс-әрекетінің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді, мұғалімдер тарапынан «Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі барлық қажетті тапсырмаларды сапалы және дер кезінде орындалуын бағалайды. Куратор құндылықтар практикасы кезеңінің соңында тыңдаушының портфолиосын бағалайды. 8 тапсырманың әрқайсысы үш балдық бағалау жүйесі бойынша бағаланады. Портфолионың қорытынды бағасы әрбір тапсырма бойынша орташа арифметикалық баға болады. Одан әрі барлық 8 тапсырма, оларды бағалау критерийлері мен портфолио жабдықтаудың ережелері толығымен жазылатын болады.

Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалану арқылы

өзін-өзі тану сабақтарын жоспарлау және өткізу

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы мектеп бағдарламасына сәйкес бір сыныпта екі өзін-өзі тану сабағын өткізуі тиіс. Әр сабаққа мұғалім алдын ала сабақ жоспарын құрады (№1 Қосымша) және құрылған жоспарды кураторға тексеру үшін жібереді. Куратор сабақ жоспарын тексереді және өзінің ұсыныстары мен тілектерін жібереді. Оны тыңдаушы ескеріп, өз жоспарын түзетуі керек. Куратор толығымен сабақ жоспарын қабылдағаннан кейін, өзін-өзі тану сабағы өткізіледі. Сабақты өткізгеннен кейін 2-3 күн ішінде тыңдаушы кураторға өткізілген сабақ бойынша қысқаша рефлексивті есеп жіберуі тиіс. Рефлексивті есептің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс.

Тыңдаушы рефлексивті есепте төмендегі жайттарды қамтыған сабақ талдауын көрсетуі тиіс:

· сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерінің қалай жүзеге асырылғандығы;

· оқушылардың сабақ материалын қалай қабылдағандығы;

· оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды жауаптары;

· оқушылардың сабақ мазмұнына қызығушылығы, оқушыларды шабыттандыра алуы;

· сабақта орындалған және әзірге орындалмаған мақсаттар;

· сабақты өзгерту және жақсарту бойынша ұсыныстар;

· бір немесе бірнеше өзін-өзі тану сабағынан кейін оқушылардың әрекеті мен мінезінде байқалған өзгерістер.

Тыңдаушының таңдауы бойынша өзін-өзі тану сабағының біреуінен бейнежазба және толық есеп дайындау қажет. Өзін-өзі тану сабағының бейнежазбасында мұғалімнің сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерін қалай жүзеге асырғандығы бейнеленуі тиіс. Бұл сабақты тыңдаушы оқытудың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінде портфолио презентациясы кезінде тренерлер мен сарапшылардан тұратын комиссия алдында көрсететін болады. Портфолио жабдықтау үшін оқушылардың шығармашылық жұмыстарының фотосуреттері болуы керек.

Бағалау критерийлері

· Сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігінің ашылуы.

· Сабақ жоспарын құрастыруға шығармашылық тұрғыда келуі, сабақ тақырыбы бойынша анықталатын құндылыққа сәйкес қосымша материалдардың ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып пайдаланылуы.

· Сабақтың «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының талаптарына сәйкестігі (осы әдістемелік құралдың 9-бетін қараңыз).

· Сабақ жоспарларын және өткізілген сабақ бойынша есептерді дер кезінде өткізуі.

Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалану арқылы

интеграцияланған сабақ (жаратылыстану циклы бойынша)

жоспарлау және өткізу

 

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы мектеп бағдарламасына сәйкес бір сыныпта бір интеграцияланған сабақ (жаратылыстану циклы бойынша) өткізуі тиіс. Сабаққа мұғалім алдын ала сабақ жоспарын құрады (№6 Қосымша) және құрылған жоспарды кураторға тексеру үшін жібереді. Интеграция іштей, мәнді, терең болуы керек. Жұмыста келтірілген мысалдарда жалпыадамзаттық құндылықтардың қайсысының айқындалатынын көрсету қажет. Куратор сабақ жоспарын тексереді және өзінің ұсыныстары мен тілектерін жібереді. Оны тыңдаушы ескеріп, өз жоспарын түзетуі керек. Куратор толығымен сабақ жоспарын қабылдағаннан кейін, интеграцияланған сабақ (жаратылыстану циклы бойынша) өткізіледі. Сабақты өткізгеннен кейін 2-3 күн ішінде тыңдаушы кураторға өткізілген сабақ бойынша қысқаша рефлексивті есеп жіберуі тиіс. Рефлексивті есептің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс. Тыңдаушы рефлексивті есепте төмендегі жайттарды қамтыған сабақ талдауын көрсетуі тиіс:

· оқушылардың сабақ материалын қалай қабылдағандығы;

· оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды жауаптары;

· оқушылардың сабақ мазмұнына қызығушылығы, оқушыларды шабыттандыра алуы;

· сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерінің қалай жүзеге асырылғандығы;

· сабақта орындалған және әзірге орындалмаған мақсаттар;

· сабақты өзгерту және жақсарту бойынша ұсыныстар;

· интеграцияланған сабақтан кейін оқушылардың әрекеті мен мінезінде байқалған өзгерістер.

Тыңдаушы интеграцияланған (жаратылыстану циклы бойынша) сабақ бойынша толық есеп дайындауы қажет. Бұл сабақты тыңдаушы оқытудың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінде портфолио презентациясы кезінде тренерлер мен сарапшылардан тұратын комиссия алдында көрсететін болады. Портфолио жабдықтау үшін оқушылардың шығармашылық жұмыстарының фотосуреттері болуы керек.

Бағалау критерийлері

· Рухани-адамгершілік заңдары мен жаратылыстану ғылымдары әлемінің заңдарының бірлігін көре білу білігі.

· Түрлі оқу пәндерінен жалпыадамзаттық құндылықтардың заңдарда, ережелерде және түсініктерде бейнеленуін көру білігі.

· Келтірілген мысалдардың рухани-адамгершілік тереңдігі.

· Барлық мысалдар авторлық болуы тиіс, яғни басқа дереккөздерден алынбауы тиіс.

· Плагиаттың және Интернеттен алынған сапасыз материалдардың болмауы.

· Жұмыстың тексеруге дер кезінде өткізілуі.

Жалпыадамзаттық құндылықтардың бірінен реферат жазу

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы жалпыадамзаттық құндылықтардың бірінен реферат жазуы тиіс. Оқытудың бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде тыңдаушылар арасында құндылықтар бөліске салынады. Әрбір тыңдаушы бес жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінен құндылықтар практикасы кезеңінде жұмыс істеу үшін біреуін таңдап алады. Бөлініс кезінде алынған құндылықты басқасына ауыстыруға рұқсат берілмейді.

Рефератта аталмыш құндылықтың мәні жайлы теориялық материалды ғана емес, ең алдымен, осы құндылықты тәжірибеде қолданудағы жеке тәжірибені көрсету керек. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке өмірде және кәсіби іс-әрекетінде қолдану үдерісінде өз бойындағы өзгерістерге, болып жатқан оқиғаларға өзінің реакцияларындағы өзгерістерге бақылау нәтижелерін баяндау өте маңызды. Реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұруы тиіс. Рефераттың көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) 7 беттен кем болмауы керек.

Рефератты электрондық түрде кураторға алғашқы тексеруден өткізу үшін «Құндылықтар практикасы» кезеңінің төртінші аптасына дейін жіберу керек. Егер тыңдаушы жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіріп жіберетін болса, онда жұмыстың бағасы 0,5 балға төмендетілетін болады. Куратор рефератты тексереді, содан кейін үш балдық бағалау жүйесі бойынша жұмысты бағалайды немесе жұмыстың қатесін түзету және сапасын жақсарту үшін ұсыныстар көрсете отырып кері қайтарады. Тыңдаушы куратордың барлық ұсыныстарын ескеріп, рефератты түзетуі тиіс.

Реферат «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін толық өткізіліп, куратор тарапынан бағалануы тиіс. Егер реферат «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін өткізілмесе, онда тыңдаушы қорытынды бағалауға жіберілмейді.

Бағалау критерийлері

· Барлық жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін, олардың өзара байланысын түсінудің рухани-адамгершілік тереңдігі және тыңдаушының құндылықтар практикасы кезеңінде жұмыс жасаған құндылығының мәнін түсінуінің рухани-адамгершілік тереңдігі.

· Бағдарламаның теориялық негіздерін білуі және ұсынылған әдебиеттермен танысуы.

· Құндылықтарды қолданудағы жеке тәжірибесін және жеке өмірінде болып жатқан оқиғаларға өзінің реакцияларын бақылау нәтижелерін терең рухани-адамгершілік талдауы.

· Өзін-өзі бақылау негізінде өзінің педагогикалық тәжірибесін терең талдауы.

· Өз мінез-құлқын жетілдіруі және мінездегі ішкі жағымды өзгерістердің жұмыста және жеке өмірінде сыртқы жағдаяттарды өзгертуге қалай әкелетінін бақылау бойынша жұмыстарды баяндауы.

· Реферат тақырыбы бойынша сапалы қосымша материалдарды дереккөздеріне сілтеме жасай отырып пайдалануы.

· Мәтіннің авторлық түпнұсқасының сақталуы, плагиаттың және Интернеттен алынған сапасыз материалдардың болмауы.

· Жұмыстың сауатты рәсімделуі: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

· Рефераттың тексеруге дер кезінде өткізілуі.

Ата-аналар жиналысының жоспарын әзірлеу және өткізу

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларының аспектісінде ата-аналар жиналысының жоспарын әзірлеуі және өткізуі тиіс. Тыңдаушы алдын ала ата-аналар жиналысының жоспарын құрады (№3 Қосымша) және құрылған жоспарды кураторға тексеруге жібереді. Ата-аналар жиналысын өткізу жоспарында Бағдарламаның негізгі идеялары көрініс табуы керек.

Куратор ата-аналар жиналысы жоспарының мазмұнының Бағдарламаның түйінді идеяларына сәйкестігін тексереді және өзінің ұсыныстары мен тілектерін жібереді. Оны тыңдаушы ескеріп, өз жоспарын түзетуі керек. Куратор толығымен ата-аналар жиналысының жоспарын қабылдағаннан кейін, тыңдаушы жиналысты өткізеді.

Ата-аналар жиналысын өткізгеннен кейін 2-3 күн ішінде тыңдаушы кураторға өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша қысқаша рефлексивті есеп жіберуі тиіс. Рефлексивті есептің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс. Тыңдаушы рефлексивті есепте төмендегі жайттарды қамтыған ата-аналар жиналысының талдауын көрсетуі тиіс:

· ата-аналар жиналысының жоспарында көрсетілген Бағдарламаның идеялары және ата-аналардың оны қалай қабылдағандығы;

· ата-аналар жиналысында қолданылған өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері және олардың қалай жүзеге асырылғандығы;

· ата-аналардың рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды пікірлері;

· ата-аналардың қойған сұрақтары және мұғалімнің жауаптары;

· семинарда орындалған және әзірге орындалмаған мақсаттар;

· семинар тыңдаушыларын шабыттандыра алуы;

· ата-аналар жиналысы барысында ата-аналардың әрекетіндегі орын алған өзгерістер;

· ата-аналар жиналысынан кейін ата-аналардың пікірінше олардың санасында орын алған өзгерістер;

· келесі ата-аналар жиналысында көрсетуге болатын Бағдарламаның идеялары;

· әрбір ата-аналар жиналысында пайдалануға болатын өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері;

· қатысқан ата-аналардың саны.

Кезекті портфолионы жабдықтау үшін жиналысты фотосуретке түсіріп, ата-аналардан өткізілген жиналыс туралы пікір жазуын өтініп, оларды рефлексивті есепке тіркеу қажет. Сондай-ақ, портфолионы жабдықтау үшін директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған жиналыс жоспары болуы тиіс. Егер ата-аналар жиналысының жоспары жиналыс өткеннен кейін жіберілетін болса және ата-аналардың пікірі белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жіберілетін болса, онда жұмыстың бағасы 0,5 балға төмендетіледі.

Бағалау критерийлері

· Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде ата-аналармен жұмысты терең түсінуі.

· Рухани-адамгершілік тәрбиесі және балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлінің маңыздылығы туралы әңгімені сауатты әрі терең әзірлеуі.

· Ата-аналармен әңгімеге арналған қызықты интерактивті материал дайындау білігі.

· Ата-аналардың сұрақтарына сауатты жауап беру білігі.

· Директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған жиналыс жоспарының болуы.

· Өткізілген ата-аналар жиналысы фотосуреттерінің және ата-аналар пікірлерінің болуы.

· Өткізілген ата-аналар жиналысы туралы рефлексивті есептің болуы.

· Өткізілген ата-аналар жиналысы туралы жоспар мен есепті дер кезінде өткізуі.

Мұғалімдерге арналған семинар жоспарын әзірлеу және өткізу

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларының аспектісінде мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арналған семинар жоспарын әзірлеуі және өткізуі тиіс. Тыңдаушы алдын ала мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арналған семинар жоспарын құрады (№4 Қосымша) және құрылған жоспарды кураторға тексеруге жібереді.

Куратор семинар жоспарының мазмұнының Бағдарламаның түйінді идеяларына сәйкестігін тексереді және өзінің ұсыныстары мен ескертпелерін жібереді. Оны тыңдаушы ескеріп, соған сәйкес өз жоспарын түзетуі керек. Куратор толығымен ата-аналар жиналысының жоспарын қабылдағаннан кейін, тыңдаушы семинарды өткізеді.

Мұғалімдерге арналған семинарды өткізгеннен кейін 2-3 күн ішінде тыңдаушы кураторға өткізілген семинар бойынша қысқаша рефлексивті есеп жіберуі тиіс. Рефлексивті есептің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс. Тыңдаушы рефлексивті есепте төмендегі жайттарды қамтыған мұғалімдерге арналған семинардың талдауын көрсетуі тиіс:

· семинар мазмұнында көрсетілген Бағдарламаның идеялары және мұғалімдердің осы идеяларды қалай қабылдағандығы;

· семинарда қолданылған өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері және олардың қалай жүзеге асырылғандығы;

· мұғалімдердің рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды пікірлері;

· семинарға қатысушы мұғалімдердің қойған сұрақтары және семинарды өткізген мұғалімнің жауаптары;

· семинарда орындалған және әзірге орындалмаған мақсаттар;

· семинар тыңдаушыларын шабыттандыра алуы;

· семинар барысында мұғалімдердің әрекетіндегі орын алған өзгерістер;

· семинардан кейін мұғалімдердің пікірінше олардың санасында орын алған өзгерістер;

· тағы осындай семинар тыңдауға мұғалімдердің ықылас танытуы және Бағдарламаның қандай идеяларын көрсету керектігі;

· әрбір семинарда пайдалануға болатын өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері;

· қатысқан мұғалімдердің саны.

Кезекті портфолионы жабдықтау үшін семинарды фотосуретке түсіріп, мұғалімдерден өткізілген семинар туралы пікір жазуын өтініп, оларды рефлексивті есепке тіркеу қажет. Сондай-ақ, портфолионы жабдықтау үшін директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған семинар жоспары болуы тиіс. Егер семинар жоспары семинар өткеннен кейін жіберілетін болса және мұғалімдердің пікірі белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жіберілетін болса, онда жұмыстың бағасы 0,5 балға төмендетіледі.

Бағалау критерийлері

· Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде мұғалімдермен жұмысты терең түсінуі.

· Рухани-адамгершілік тәрбиесінің және мұғалімнің қоғам өміріндегі рөлінің маңыздылығы туралы мұғалімдермен семинар өткізу жоспарын сауатты әрі терең әзірлеу білігі.

· Семинарға арналған қызықты интерактивті материал дайындау білігі.

· Мұғалімдердің сұрақтарына сауатты жауап беру білігі.

· Директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған семинар жоспарының болуы.

· Семинардан фотосуреттердің және семинар туралы мұғалімдердің пікірлерінің болуы.

· Мұғалімдерге арнап өткізілген семинар туралы директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған рефлексивті есептің болуы.

· Мұғалімдерге арнап өткізілген семинардың жоспары мен есебінің дер кезінде өткізілуі.

Оқудан тыс іс-әрекет жобасын әзірлеу және жүзеге асыру

 

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларының аспектісінде сабақтан тыс іс-әрекет жобасының жоспарын әзірлеуі және жүзеге асыруы тиіс. Тыңдаушы алдын ала сабақтан тыс іс-әрекет жобасының жоспарын құрады (№5 Қосымша) және құрылған жоспарды кураторға тексеруге жібереді. Куратор сабақтан тыс іс-әрекет жобасы жоспарының мазмұнының Бағдарламаның түйінді идеяларына сәйкестігін тексереді және өзінің ұсыныстары мен ұсынымдарын жібереді. Оны тыңдаушы ескеріп, соған сәйкес өз жоспарын түзетуі керек. Куратор толығымен сабақтан тыс іс-әрекет жобасының жоспарын қабылдағаннан кейін, тыңдаушы жобаны жүзеге асыра алады.

Сабақтан тыс іс-әрекет жобасын өткізгеннен кейін 2-3 күн ішінде тыңдаушы кураторға жүзеге асырылған жоба бойынша қысқаша есеп жіберуі тиіс. Есептің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс. Тыңдаушы рефлексивті есепте өткізілген жобаның төмендегі жайттарды қамтыған рефлексивті талдауын көрсетуі тиіс:

· сабақтан тыс іс-әрекет жобасының мазмұнында көрсетілген Бағдарламаның идеялары және олардың қалай жүзеге асырылғандығы;

· жобаға қатысушылардың әсерлері, пікірлері, сөздері;

· жоба жүзеге асырылғаннан кейінгі жобаға қатысушылардың пікірінше олардың санасында орын алған өзгерістер;

· көмекке мұқтаж болған адамдардың көмек көрсетілу іс-шарасы туралы әсерлері, пікірлері, сөздері;

· жобада орындалған және әзірге орындалмаған мақсаттар;

· осы жобаны алдағы уақытта жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды оқушылардың өздерінің жоспарлауы;

· жобаға қатысушылардың саны: оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің, әкімшіліктің.

Кезекті портфолионы жабдықтау үшін өткізілген іс-шара жайлы бейне-есеп дайындап, жобаны әзірлеу кезін фотосуретке түсіріп, қатысушылардан өткізілген жоба туралы пікір жазуын өтініп, оларды рефлексивті есепке тіркеу қажет. Сондай-ақ, портфолионы жабдықтау үшін директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған сабақтан тыс іс-әрекет жобасының жоспары болуы тиіс. Егер жобаның жоспары семинар өткеннен кейін жіберілетін болса және қатысушылардың пікірі белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жіберілетін болса, онда жұмыстың бағасы 0,5 балға төмендетіледі.

Бағалау критерийлері

· Бағдарламаның түйінді идеяларын рухани-адамгершілік терең түсінуі және сыныпта сабақтан тыс жұмыстар аспектісінде дұрыс пайдалануы.

· Жобада оқушылар мен мұғалімнің қоғамға қызмет етуге, риясыз көмек көрсетуге бағытталған және т.с.с іс-әрекеттерінің көрініс табуы.

· Осындай сипаттағы іс-әрекеттерді үнемі орындаудың қажеттілігіне ықпал ететіншарттарының болуы.

· Директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған сабақтан тыс іс-әрекеттер жобасының жоспарының болуы.

· Жобаға қатысушылардың бейне есебі, фотосуреттері, жобаға қатысушылардың пікірлерінің және жобаны жүзеге асырудың рефлексивті есебінің болуы.

· Өткізілген сабақтан тыс іс-әрекет жобасының жоспары мен есебін дер кезінде өткізуі.

Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірі туралы эссе жазу

 

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы ізгілік педагогикасы классиктерінің бірінің адамгершілікті өмірі туралы және оның бір шығармасын оқып талдау барысында алған әсері бойынша эссе жазуы керек. Тыңдаушы ізгілік педагогикасы классиктерінің бірін таңдайды, ол ежелгі немесе Жаңа дәуірдегі ізгі педагог болуы мүмкін, қазіргі таңдағы заманауи ізгілік педагогикасының өкілі болуы мүмкін, сондай-ақ, тыңдаушы Қазақстанның ізгілік педагогикасының өкілдерін де таңдай алады.

Өзі үшін ізгілік педагогикасының өкілін анықтап алып, тыңдаушы оның шығармаларының бірін оқып шығуы тиіс (сол шығарма жайлы зерттеушілердің жазғанын емес, шығарманың өзін оқу маңызды). Тыңдаушының өзінің бұрынғы ескі жұмыстарын немесе Интернеттен алынған рефераттарды қолдануына жол берілмейді. Өзің үшін жаңа дүние ашуға, бағасы жоқ педагогикалық даналықтың ғажайып тұңғиығынан шабыттануға, адамзаттың ізгі мұраларының бір туындысын оқып, рухани-адамгершілік ұстаным тұрғысынан қайта ой елегінен өткізуге ұсыныс білдіреміз. 

Эссені жазу үшін таңдап алынған ізгі педагогтың өмірімен және шығармашылығымен танысу қажет. Эсседе ізгі-педагогтың бүкіл өмірбаянын баяндау қажет емес, рухани-адамгершілік тұрғысынан ойы, сөзі және ісімен бірлікте өмір сүргенін дәлелдейтін өміріндегі өте маңызды оқиғаларды сипаттау керек. Эсседе ізгі педагогтың шығармасынан алған әсерлерді, оқылған дүниелерді рухани-адамгершілік тұрғыда қайта ой елегінен өткізген кездерін баяндау керек. Сондай-ақ, эсседе аталған шығарманың қазіргі педагогикалық іс-әрекеттегі өзектілігі жайлы өзіндік пікірлерді, атап айтқанда, ізгі педагогтың идеяларын өз өмірінде және мектеп тәжірибесінде қалай пайдалануға болатындығын сипаттау қажет. Эссенің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) екі беттен кем болмауы тиіс.

Шығарманы оқуы және ұғынуы үшін тыңдаушыға үш аптадан артық уақыт беріледі, сондықтан эссені алғашқы тексеруден өткізуге «Құндылықтар практикасы» кезеңінің төртінші аптасына дейін жіберу керек. Егер тыңдаушының жұмысы белгіленген мерзімнен кешіктірілсе, онда жұмыстың бағасы 0,5 балға төмендетіледі. Куратор эссені 1-4 күн ішінде тексереді, содан кейін үш балдық бағалау жүйесі бойынша жұмысты бағалайды немесе жұмыстың қатесін түзету және сапасын жақсарту үшін ұсыныстар ұсына отырып кері қайтарады. Тыңдаушы куратордың барлық ұсыныстарын ескеріп, эссені түзетуі тиіс.

Эссе «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін толық өткізіліп, куратор тарапынан бағалануы тиіс. Егер эссе «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін өткізілмесе, онда тыңдаушы қорытынды бағалауға жіберілмейді.

Бағалау критерийлері

· Ізгілік педагогикасы классигінің өмірінен оның ойы, сөзі және ісімен бірлікте өмір сүргенін дәлелдейтін оқиғалардың болуы.

· Оқылған шығарманы рухани-адамгершілік тұрғысынан, яғни Бағдарлама идеясы ұстанымынан қайта ой-елегінен өткізуі.

· Оқылған шығармаға қатысты жеке ұстанымының көрінісі.

· Мұғалімнің жеке өмірінде және педагогикалық іс-әрекеттерінде қолданылатын оқыған шығармаларының талдауы мен көрінісі.

· Эссе тақырыбы бойынша сапалы қосымша материалдарды дереккөздеріне сілтеме жасай отырып пайдалануы.

· Мәтіннің авторлық түпнұсқасының сақталуы, плагиаттың және Интернеттен алынған сапасыз материалдардың болмауы.

· Эссенің тексеруге дер кезінде өткізілуі.

 

Ізгі-педагог Ш.А. Амонашвилидің бір еңбегі туралы пікір жазу

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы ізгі педагог Ш.А.Амонашвилидің бір еңбегі бойынша эссе жазуы тиіс. Тыңдаушы ізгі педагог Ш.А.Амонашвилидің 2000 жылға дейінгі жазылған шығармаларының бірін таңдайды. Ш.А. Амонашвилидің «Учитель», «Спешите, дети, будем учиться летать», «Учитель, вдохнови меня на творчество», «Почему не прожить нам жизнь героями духа?», «Улыбка моя, где ты?», «Манифест гуманной педагогики» секілді еңбектеріндегі рухани ізгілік идеясымен шабыттану үшін тыңдаушы таңдалған шығарманы толығымен оқып шығуы тиіс.

Тыңдаушының Интернетте ұсынылған Ш.А. Амонашвилидің шығармашылығы жайлы дайын эсселер мен рефераттардан үзінділер қолдануына жол берілмейді.

Эсседе ізгі педагогтың шығармасынан алған әсерлерді, оқылған дүниелерді рухани-адамгершілік тұрғыда қайта ой елегінен өткізу кездерін баяндау керек. Сондай-ақ, эсседе аталған шығарманың қазіргі педагогикалық іс-әрекеттегі өзектілігі жайлы өзіндік пікірлерді, атап айтқанда, Ш.А. Амонашвилидің идеяларын өз өмірінде және мектеп тәжірибесінде қалай пайдалануға болатындығын сипаттау қажет. Эссенің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) екі беттен кем болмауы тиіс.

Шығарманы оқуы және ұғынуы үшін тыңдаушыға үш аптадан артық уақыт беріледі, сондықтан эссені алғашқы тексеруден өткізуге «Құндылықтар практикасы» кезеңінің төртінші аптасына дейін жіберу керек. Егер тыңдаушының жұмысы белгіленген мерзімнен кешіктірілсе, онда жұмыстың бағасы 0,5 балға төмендетіледі. Куратор эссені 1-4 күн ішінде тексереді, содан кейін үш балдық бағалау жүйесі бойынша жұмысты бағалайды немесе жұмыстың қатесін түзету және сапасын жақсарту үшін ұсыныстар көрсете отырып кері қайтарады. Тыңдаушы куратордың барлық ұсыныстарын ескеріп, эссені түзетуі тиіс.

Эссе «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін толық өткізіліп, куратор тарапынан бағалануы тиіс. Егер эссе «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін өткізілмесе, онда тыңдаушы қорытынды бағалауға жіберілмейді.

Бағалау критерийлері

· Оқылған шығарманы рухани-адамгершілік тұрғысынан, яғни Бағдарлама идеясы ұстанымынан қайта ой-елегінен өткізуі.

· Оқылған шығармаға қатысты жеке ұстанымының көрінісі.

· Мұғалімнің жеке өмірінде және педагогикалық іс-әрекеттерінде қолдана алатын оқылған шығармалар аспектілерінің талдауы мен көрінісі.

· Эссе тақырыбы бойынша сапалы қосымша материалдарды дереккөздеріне сілтеме жасай отырып пайдалануы.

· Мәтіннің авторлық түпнұсқасының сақталуы, плагиаттың және Интернеттен алынған сапасыз материалдардың болмауы.

· Эссенің тексеруге дер кезінде өткізілуі.

 

Портфолио жабдықтау және портфолионың мазмұны туралы

презентация әзірлеу

 

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы жоғарыда сипатталған он тапсырманы орындау шамасына қарай біртіндеп өзінің портфолиосын жабдықтайды. Портфолиода келесі компоненттер көрсетілуі тиіс:

1. Екі өзін-өзі тану сабағының жоспарлары. Өткізілген сабақтар бойынша екі рефлексивті есеп. Өзін-өзі танудың бір сабағының бейнежазбасы. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының фотосуреттері.

2. Бір интеграцияланған сабақтың (жаратылыстану циклы бойынша) жоспары. Өткізілген сабақ бойынша рефлексивті есеп. Өткізілген сабақтың фотосуреттері.

3. Директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған ата-аналар жиналысының жоспары. Өткізілген ата-аналар жиналысы туралы рефлексивті есеп. Жиналыстың фотосуреттері және ата-аналардың өткізілген жиналыс туралы пікірлері.

4. Директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған семинардың жоспары. Мұғалімдерге арнап өткізілген семинар туралы рефлексивті есеп. Семинардың фотосуреттері және мұғалімдердің өткізілген семинар туралы пікірлері.

5. Директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған оқудан тыс іс-әрекет жобасының жоспары. Жүзеге асырылған жоба туралы рефлексивті есеп. Жобаның жүзеге асырылуы туралы бейнежазба және жобаны жүзеге асыруға дайындық барысының фотосуреттері. Жобаға қатысушылардың пікірлері.

6. Жалпыадамзаттық құндылықтардың бірінен реферат.

7. Ізгілік педагогикасының классиктерінің бірінің адамгершілік өмір салты туралы және оның бір шығармасын оқудан алған жеке әсерлер жөнінде эссе жазу.

8. Ізгі-педагог Ш.А.Амонашвилидің бір еңбегі туралы пікір жазу.

 

Портфолио «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін толық өткізіліп, куратор тарапынан бағалануы тиіс. Егер портфолио «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін толық дайын болмаса және куратормен бағаланбаса, онда тыңдаушы қорытынды бағалауға жіберілмейді.

Құндылықтар практикасы кезеңінің соңында тыңдаушы портфолионың мазмұны бойынша презентация дайындауы тиіс, ол теренерлер мен сарапшылар комиссиясының қорытынды бағалауына ұсынылады. Бұл презентацияда тыңдаушының құндылықтар практикасы кезеңіндегі жұмысы көрсетілуі тиіс. Презентация PowerPoint форматында (10-15 слайд) ресімделуі тиіс. Тыңдаушының баяндауы 15-20 минут аралығында жалғасады, содан кейін презентацияны топтық талқылау қажет. Тренер немесе сарапшы нақтылаушы сұрақ қою үшін тыңдаушының сөзін кез келген сәтте бөле алады. Талқылау кезінде тренер немесе сарапшы Бағдарламаның кез келген тақырыбы бойынша сұрақ қоя алады.

Портфолио презентациясында тыңдаушы «Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі алғашқы бес тапсырма бойынша есеп ұсынады. Презентация мәліметтері портфолио материалдарының дұрыстығын растауы және тыңдаушының материалды ұсыну білігін көрсетуі тиіс. Презентация мазмұны Бағдарламаның түйінді идеяларының практикаға ендіру үдерісінің көрінісінде шоғырланады. «Құндылықтар практикасы» кезеңінде тыңдаушының атқарған жұмыстарын бағалау кезіндегі басты критерийі оның Бағдарламаның үш модулін өзін-өзі танудың бірізді сабақтар топтамасымен, сабақтан тыс іс-әрекеттермен, ата-аналармен және мектептің әдістемелік бірлестігінің жұмыстарымен интеграциялауға дайындығы,сондай-ақ Бағдарлама идеяларын өзінің жеке өмірінде жүзеге асыру дайындығы болып табылады.

Портфолио презентациясын бағалау белгіленген түйінді критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады:

1. Бағдарламаның түйінді идеялары білімін игеру және оны терең түсіну.

2. Бағдарламаның түйінді идеяларын рухани-адамгершілік білім беру практикасында сыныптың, әдістемелік бірлестіктің, мектептің жағдайында қолдануы.

3. Бағдарламаның түйінді идеяларын өзінің жеке өмірінде қолдануы.

 

Портфолио презентациясына қажетті компоненттер

· Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалану арқылы екі өзін-өзі тану сабағын өткізгені туралы рефлексивті есеп және өзін-өзі танудың бір сабағы туралы бейне және фотоматериалдармен көрсетілген толық есебі.

1 слайд – өзін-өзі танудың бір сабағының қысқаша жоспары;

2,3,4 слайд – өзін-өзі тану сабақтарын өткізгендігі туралы рефлексивті есептен өте маңызды үзінділер (оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғыдағы өте терең пікірлері; оқушылардың әрекеттері мен мінездерінде байқалған өзгерістер; қол жеткізілген және толық қол жеткізілмеген, біраз жұмысты қажет ететін нәтижелер және т.с.с.), оқушылардың шығармашылық жұмыстарының фотосуреттері.

Өзін-өзі тану сабағының бейнежазбасы.

5 слайд –интеграцияланған сабақтың (жаратылыстану циклы бойынша) қысқаша жоспары;

6,7 слайд -  интеграцияланған сабақты өткізгендігі туралы рефлексивті есептен өте маңызды үзінділер (оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғыдағы өте терең пікірлері; оқушылардың әрекеттері мен мінездерінде байқалған өзгерістер; қол жеткізілген және толық қол жеткізілмеген, біраз жұмысты қажет ететін нәтижелер және т.с.с.), өткізілген сабақтың фотосуреттері.

· Мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арналып өткізілген семинар туралы рефлексивті есеп.

8 слайд – мұғалімдерге арналып өткізілген семинарда ұсынылған Бағдарламаның идеяларын қысқаша баяндау;

9,10 слайд – өткізілген семинар туралы рефлексивті есептен және мұғалімдердің пікірлерінен өте маңызды үзінділер (мұғалімдердің өте терең, шабытты пікірлері мен сөздері, тыңдаушыларды қаншалықты шабыттандыра алғандығы, олардың бойында байқалған өзгерістер, қол жеткізілген және толық қол жеткізілмеген, біраз жұмысты қажет ететін нәтижелер және т.с.с.) және фотосуреттер.

· Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын жүзеге асыру туралы фотоматериалдармен көрсетілген рефлексивті есеп.

11 слайд – оқудан тыс іс-әрекет жобасының қысқаша жоспары;

12,13 слайд - өткізілген жоба туралы рефлексивті есептен және жобаға қатысушылардың пікірлерінен өте маңызды үзінділер (жобаға қатысушылардың рухани-адамгершілік тұрғыдағы өте терең пікірлері, қатысушылардың пікірінше жобаның жүзеге асырылуынан кейін саналарында байқалған өзгерістер, жобаны жүзеге асыруды жалғастыру қалай жоспарланып жатқандығы және т.с.с.) және фотосуреттер.

Өткізілген іс-шараның бейнежазбасы.

· Өткізілген ата-аналар жиналысы туралы фотоматериалдармен, ата-аналардың пікірлерімен ұсынылған рефлексивті есеп.

14 слайд – өткізілген ата-аналар жиналысында ұсынылған Бағдарлама идеяларын қысқаша баяндау;

15,16 слайд – өткізілген ата-аналар жиналысы туралы рефлексивті есептен және ата-аналардың пікірлерінен өте маңызды үзінділер (ата-аналардың өте терең, шабытты пікірлері мен сөздері, ата-аналардың бойында байқалған өзгерістер және т.с.с.) және фотосуреттер

· Жалпыадамзаттық құндылықтардың бірінен реферат қорғау.

17,18 слайд – мұнда аталған құндылықты практикада қолдану үдерісіндегі жеке тәжірибені, өз бойындағы өзгерістерді, болып жатқан жағдайларға өз реакцияларындағы өзгерістерді бақылаудың нәтижелерін көрсету маңызды. Сондай-ақ, өз мінезін жетілдіру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, мінездегі ішкі жағымды өзгерістердің жұмыстағы және жеке өмірдегі сыртқы жағдайларды жағымды өзгертуге әкелетіндігі жайлы баяндап беруге болады.

Қажет жағдайда презентация слайдтарының санын 20-25 слайдқа дейін көбейтуге болады.

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ ТӘРТІБІ

Бағдарлама аралық және қорытынды бағалаудан тұрады.

Аралық бағалау бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінен өту кезінде жүзеге асырылады. Аралық бағалау тыңдаушылардың Бағдарламаның үш модулінің әрқайсысы бойынша жеке дара презентацияларды қорғауы негізінде жүргізіледі.

Қорытынды бағалау «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінен өту кезінде жүзеге асырылады. Қорытынды бағалау мынадан тұрады:

1. Куратордың «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңінде әзірленген портфолионы бағалауы.

2. Портфолионың мазмұны бойынша тыңдаушының презентациясын комиссияның (тренерлер мен сарапшылардың қатарынан) бағалауы.

3.  Біліктілік емтиханының нәтижесі.

 

1. «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңінде әзірленген портфолионы бағалау.«Құндылықтар практикасы» екінші кезеңінде портфолионы жабдықтау бойынша он тапсырма орындалады. Тыңдаушыныңпортфолиосын осы тыңдаушының кураторы болып табылатын Бағдарлама тренерінің бірі бағалайды. Куратор кеңес береді, орындалған тапсырмалардың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар айтады және 10 тапсырманың әрқайсысын үш балдық бағалау жүйесі бойынша бағалайды. Портфолионың қорытынды бағасы әрбір тапсырма бойынша орташа арифметикалық баға болады.

2. Тренерлердің қатарынан құрылған комиссияның портфолионың мазмұны бойынша презентацияны бағалауы.Бағалаудың осы түрі «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінде жүргізіледі. Портфолио презентациясын бағалауды тренерлер мен эксперттердің қатарынан құрылған комиссия өткізеді. Куратор комиссияға «Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі тыңдаушылардың жұмысы және тыңдаушының орындаған он тапсырмасы бойынша іс-әрекеттерінің орта арифметикалық бағасы туралы есеп береді.

Портфолио презентациясында тыңдаушы «Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі алғашқы бес тапсырма бойынша есеп береді. Презентация мәліметтері портфолио материалдарының дұрыстығын растауы және тыңдаушының материалды ұсыну білігін көрсетуі тиіс. Презентация мазмұны Бағдарламаның түйінді идеяларының практикаға ендіру үдерісінің көрінісінде шоғырлануы тиіс.

Тыңдаушылардың портфолионың мазмұны бойынша «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңінде дайындалған жеке дара презентацияларын бағалауға 40 минут беріледі, оның:

• 20 минуты тыңдаушыға портфолионың мазмұны бойынша өз презентациясын ұсынуына кетеді;

• 20 минуты комиссияның портфолионың мазмұны бойынша сұрақтарына кетеді.

3. Біліктілік емтиханының нәтижелері.Біліктілік емтиханы  «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің қорытынды күндерінде барлық тыңдаушылардың портфолио презентациясын бағалау аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Біліктілік емтиханына барлық модульдерді 1 немесе 2 балл бағамен тапсырғандар, «Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі берілген барлық тапсырмаларды дайындап өткізгендер, портфолионың мазмұны бойынша презентацияны 1 немесе 2 балмен қорғағандар жіберіледі. Емтиханға жіберілмеген тыңдаушылар модульдер мен тапсырмалар бойынша барлық қарыздарын тапсырған жағдайда бір жылдан кейін басқа топпен бір рет қайтадан тапсыруға құқықты. Егер бір жылдан кейін емтихан тапсыра алмаған жағдайда, тыңдаушыға сертификат берілмейді және өзін-өзі тану сабағын жүргізбейтіндігі ескертіледі.   

Емтихан ауызшатүрде өткізіледі. Емтихан өткізу үшін үш сұрақтан тұратын билет (әрбір модуль бойынша бір сұрақ) және рухани-адамгершілік тұрғысынан болжайтын жағдаятты ойлану үшін бір практикалық тапсырма дайындалады. Емтихан үш балдық жүйе бойынша бағаланады.

Курс аяқталғаннан кейін қорытынды бағалаудан ойдағыдай өткен тыңдаушыларға «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша сертификат беріледі. Сертификат бағдарламаның сәйкес деңгейін игергенін растайды, берілген күннен бастап 5 жыл аралығында күшін жоймайды. «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша оқыған педагог көрсетілген мерзім өткеннен кейін қайталау курсын өтпей-ақ деңгейін ресертификация процедурасы жолымен өту арқылы растайды.

 «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» курсы бойынша сертификат ала алмаған тыңдаушыларға берілетін мүмкіндіктер:

1) презентацияларды, портфолионы және біліктілік емтиханын қайтадан жылына бір рет келесі ағымдық курспен бірге, қосымша дайындықсыз өз қаражатының есебінен тапсыруға; 

2) белгілі бір себептерге байланысты деңгейлі бағдарламалар бойынша үзілген курсты растайтын құжаттарын ұсына отырып, білім саласы бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде ағымдағы жылдың ішінде аяқтауға;

3) белгілі бір себептерге байланысты ағымдағы жылдың ішінде бір ағымнан екінші ағымға ауысуға.

Бағдарламаның базалық деңгейі бойынша курстарды аяқтаған және сертификацияланған педагогикалық қызметкерлерді курстан кейінгі қолдау мен мониторингілеуді «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ- ның басшылығымен «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ, «Өрлеу» БАҰО АҚ және оның филиалдары  жүзеге асырады. Курстан кейінгі қолдауды және мониторингілеуді жүзеге асыру үшін Әдістемелік ресурстар мен аспаптарды «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ әзірлеп бекітеді

ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫН ӨТКІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Осы бағдарлама мектеп және басқа да қоғамдық мекемелерде өткізілген тыңдаушылардың өзіндік жұмысын қарастырады. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы сұхбат, сауалнама, ауызша немесе жазбаша сұрау әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың, әріптестерінің, ата-аналардың пікірлерін немесе олардың тәжірибелерін зерттеуді қамтиды. Сондай-ақ, тыңдаушының өзіндік жұмысы сыныпта немесе басқа да қоғамдық мекемелерде бақылау жүргізуді, бейнежазба және фотосуретке түсіруді қамтиды. Сонымен бірге адамдардың жеке өміріне қатысты құқықтарының бұзылуының белгілі бір ықтималдылығы пайда болуы мүмкін. Әсіресе, мұндай ықтималдықтағы қауіп-қатерге оқушыларды душар етпеу маңызды.

Жоғарыда аталған себептер тыңдаушылардың «Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі өзіндік жұмысын орындауға ерекше назарды, саналы және әдепті тұрғыда қатынас жасауды талап етеді. Төменде мектептерде және басқа да қоғамдық мекемелерде өзіндік жұмысты өткізу кезінде алдын ала жасалатын қажетті әрекеттердің тізбесі келтіріледі.

1. Ең алдымен мектеп және басқа да қоғамдық мекемелердің директорларына іс-әрекет мақсатын және нәтижелердің қолданылу тәсілдерін алдын ала түсіндіру қажет. Мектептің және басқа да қоғамдық мекемелердің бірінші басшыларының рұқсатын алу керек.Іс-әрекет мақсатын және нәтижелердің қолданылу тәсілін оқушыларға және олардың ата-аналарына, мектептегі әріптестерге олардың пікірлерін зерттеуге, бейнетаспаға жазуға және фотосуретке түсіруге рұқсат алу үшін түсіндіру қажет.

2. Тыңдаушының өз бетімен атқаратын жұмысы оқушылардың мүдделеріне мейілінше сәйкес болуы тиіс.

3. Балалар үйін және қарттар үйлеріне барған жағдайда әдептілік тұрғысынан орындалмайтын уәделерді бермеу керек, уәде берілген жағдайда, берілген уәдені орындау қажет.

4. Қажет жағдайда әдептілік мәселелері бойынша куратормен кеңесу керек.

Плагиат

Тыңдаушылардың жазбаша жұмыстарында плагиат болмауы тиіс. Плагиат өз атыңнан бөтен адамның шығармасын жариялау, сондай-ақ бөтен шығармалардың үзінділерін дереккөздерге сілтеме көрсетпей иемдену болып табылады. Тыңдаушылардың жазбаша жұмыстарындағы басқа адамның жұмысын көшіру, сөзбе-сөз келтіру, интернеттен алынған материалдарды ендіру және сол материалды дереккөздеріне сілтеме жасамай өзіне меншікті етіп пайдалану жағдайлары плагиат болып есептеледі. Өзге жұмысты меншікті етіп ұсыну немесе жұмысының бөлігі ретінде ұсыну да сөзсіз плагиат саналады. Бағдарламада қарастырылған тыңдаушылардың барлық жазбаша жұмыстары, соның ішінде презентациялар тыңдаушының жеке дара жұмысы болғандықтан, басқа адаммен ымыраласып жазылған жұмыс та плагиат болып табылады (яғни, ынтымақтастық жасырылған немесе тыйым салынған жағдайда). 

Жоғарыда баяндалған жайттардың негізінде барлық ақпарат көздерінен, соның ішінде web-сайттардан алынған материалдарды пайдаланудың әдептілік нормаларын сақтау маңызды. Ақпарат көздеріне сілтеме және тапсырманы орындау кезінде жәрдем берген адамды көрсету қажет.  

Сілтемелерді рәсімдеу ережесі

Мәтіндегі ақпарат көздеріне берілетін барлық сілтемелер «Сілтемелер» тәртібінде рәсімделеді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіпте жұмыстың соңында көрсетіледі. Баспалық ақпарат көздері жағдайында көрсету қажет:

1. Автордың немесе қосалқы автордың тегі, аты, әкесінің аты;

2. Шығарманың немесе кітаптың атауы;

3. Кітап басылып шыққан баспахананың және қаланың атауы;

4. Кітаптың басылып шыққан жылы.

Мысалы:

1. Абай Құнанбаев. Қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 1970.

Шығармадағы дәйексөздерді пайдаланған жағдайда сол дәйексөз берілген беттің нөмірлерін көрсету керек. Мысалы:

2. Назарбаева С.А. Өмір әдебі. – Алматы, 2001. – 21-22б.

Ақпараттарды интернет сайттарынан пайдаланған жағдайда электрондық мекен-жайды және сайттың атауын көрсету керек. Мысалы:

3. Балашов Л. Недостатки системы образования в России. // http://maxpark.com/community. 24.06.2015.

ҚОСЫМШАЛАР

Қосымша № 1

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп_______________Мерзiм____________Мұғалiм_____________________________

Сынып_____Оқушылар саны____Тақырып____________________          

Құндылық____________________Қасиеттер________________________

 

Мақсаты:     Міндеттері: Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Үй тапсырмасын тексеру     Ескерту
Дәйексөз.    
Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)      
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.      
Топпен ән айту.      
Үй тапсырмасы.    
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.    

 

Қосымша №2

Өзін-өзі тану сабағының мониторингі

 

Мектеп _______________ Мерзiм ____________ Мұғалiм ____________ Сынып _____

Оқушылар саны _____ Тақырыбы _____________________________________________

Құндылық _____________ Қасиеттер ____________________

 

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Сабақтың өтуін талдау:
2.Үй тапсырмасын тексеру.    
3. Дәйексөз.      
4. Оқиғаларды әңгiмелеу (әңгімелесу).    
5. Шығармашылық іс-әрекеттер,  топтық жұмыс.      
6.Топпен ән айту.      
7.Үй тапсырмасы.    
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.      
    1. Мұғалім стилі (авторитарлы, либералды, ізгілікті)
    2. Сабақтағы тәртіп
    3. Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігін ашуы
    4. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті
    5. Жұмыс дәптерін толтыруы
    6. Сабақ жоспарының болуы

Қосымша №3

Ата-аналар жиналысының жоспары

 

Мектеп________________Сынып____________________________

Мерзімі _________________ Ата-аналар саны _________________

Мұғалім__________________________________________________

Ата-аналар жиналысының тақырыбы________________________________

 

Мақсаты: Міндеттері: Ресурстары: (материалдары, көздері)
Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу) 1. 1. 2. 3. Талдау  
Үйге тапсырма.   Жиналыстың қорытынды  сәті.  

 

Мұғалім _______________________

 

Директор ______________________

 Қосымша №4

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары

 

Мектеп________________Семинарды тыңдаушылардың саны________

Мерзімі _________________ Мұғалім_________________________________

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы __________________

 

Мақсаты: Міндеттері: Ресурстары: (материалдары, көздері)
Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу) 1. 2. 3. Талдау  
Үй тапсырмаcы.   Жиналыстың қорытынды сәті.  

 

Мұғалім _______________________

                                                 

Директор ______________________

                                                                        

                                                     

Қосымша №5

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары

 

Мектеп________________ Сынып______________________Оқушылар саны ________

Мерзімі _________________ Мұғалім____________________________________________

Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны___________________________________________

 

Мақсаты: Міндеттері: Ресурстары: (материалдары, көздері)
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу) 1. 2. 3. Талдау  
Іс-шараны өткізудің жоспары 1.   2.   3.  

 

Мұғалім_________________________ 

                                              

Директор _________________________

 

                                                      

Қосымша № 6

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған__________________

сабағының жоспары

Мектеп______Мерзімі_____Мұғалім___________Сынып________Оқушы саны________

Тақырыбы__________________________Құндылық_____________Қасиеттер___________

 

Сабақтың мақсаты: Сабақтың міндеттері: 1. 2. 3. Ресурстар: (материалдар, көздері)
Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану) Ескерту
Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)   Үй тапсырмасы Сабақтың қорытынды сәті  

 

Қосымша № 7

Біліктілік емтиханының сұрақтары

(Билет № 1)

Модуль 1

Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы туралы

1. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары.

2. Адамзаттың жалпы ғаламшарлық бірлігі.

3.  Адамзаттың жаһандық проблемаларының рухани-адамгершілік сипаты (Рим клубының тұжырымдары).

 

Рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының тарихи-философиялық негіздері

1. Әлемдік тарихи ретроспективтегі рухани-адамгершілік білім. Үш гуманист-ойшылдардың өмірі мен ілімінен мысалдар келтіру. Жалпылама қорытынды.

2. Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білім. Қазақстанның үш көрнекті ойшылының немесе педагогінің өмірі мен ілімдерінен мысалдар келтіру. Жалпылама қорытынды.

3. Заманауи философия бастауларына оралу. Жалған материализм тұжырымдамасынан тұтас рухани-материалық әлем тұжырымдамасына өту (руханилық, адамгершілік, олардың өзара байланысы).

Рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері

1. Ізгілік психологиясының классиктері рухани-адамгершілік білім туралы (кем дегенде үш мысал).

2. Сананың құрылымы туралы. Сананы тазарту. 

3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын тиімді жүзеге асырудың қажетті шарттары (әр шарттың мәнін толық ашуға мысалдар келтіру).

 

Қазіргі білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа бағыттары

1. Заманауи психология бастауларына оралу (К.Г.Юнг, В.Франкл, К.Роджерс және басқалары). А.Маслоу қажеттілік, өзін-өзі өзектендіру, метоқажеттілік, метапатология иерархиялары туралы. Тұлға құрылымы.

2. Заманауи педагогика бастауларына оралу. Рухани ізгілік (Ш.А.Амонашвили). Ізгілік  педагогикасының манифесі.

3. Өзін-өзі танудың психологиядан өзгешелігін ашу. Жарыққа шығару қағидаты. Педагогиканың үш типі. Мұғалімнің үш стилі.

Мұғалімнің ролі

1. Классиктер еліктеу үлгісі ретіндегі ата-аналар мен мұғалімдер туралы.

2. Мұғалім өміріндегі жағымды көңіл күйге енудің маңызы туралы. Мысалдар.

3. Тыңдаушыларға ақпарат беру тиімділігі. Рухани-адамгершілік білім беруде мұғалімге қажет қасиеттер. Мысалдар. 

Шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттері

1. Көшбасшылық және басқару. Ұлы рухани ұстаздар көшбасшылық туралы. Жалпылама қорытындылар.

2. Ұлы және шынайы көшбасшылар. Риясыз қызмет ету – шынайы көшбасшының іргетасы. Шынайы көшбасшының мысалдары.

3. Шынайы көшбасшылық – тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытудың жанама нәтижесі. Көшбасшылық үдерісіне нелер жатады? Амбиция және көшбасшылық. Шынайы көшбасшыға тән қасиеттер.

 

Модуль 2

Жалпыадамзаттық құндылықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізі ретінде

1. Адам үшін құндылықтар иерархиясы, олардың маңыздылық дәрежесі бойынша өзгермелілігі (мысалдар).

2. Адамның құндылықтар жүйесінің жіктемесі, мысалдар. 

3. Абсолют жалпыадамзаттық құндылықтар. Олардың адам тұлғасының құрылымымен байланысы.  

Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты ретінде

1. Классиктер абсолюттік ақиқат туралы.

2. Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат.

3. «Тап қазір» сәтінің күші. Адам өміріндегі шындықтың мәні, оның ар-ұжданмен байланысы. 

 

Сүйіспеншілік – өзін-өзі танудың негізін қалаушы қағида

  1.  Сүйіспеншіліктің түрлері. Біздің жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің ашылуына нелер кедергі жасайды және нелер ықпал етеді? Сүйіспеншілікке толы өмір (Мысалдар).

2. Риясыз сүйіспеншіліктің мәні. Сүйіспеншілік пен басқа жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы. Педагогикадағы сүйіспеншілік.

3.  Сүйіспеншілік энергиясы. Ғалымдар сүйіспеншілік энергиясы туралы. Сүйіспеншілік энергиясы қалай беріледі?.

Дұрыс әрекет тәжірибесі өмірдің негізі ретінде

1. Адамзаттың ұлы тұлғалары өмірлерінен Дұрыс әрекет мысалдары (үш мысал). 

2. Қарсылық көрсетпеу, пікір білдірмеу және байланып қалмау (үш өсиет әңгіме) – шынайы еркіндік пен дұрыс әрекеттің қырлары (сіздің түсінігіңіз бен мысалдар).

3. Дұрыс әрекет практикасы (тәннің, тілдің және ақылдың үш дұшпандары). Қалаудың шегі (мысалдар). 

Ішкі тыныштық пен қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі

1. Тыныштық құндылығының мәнін ашу. Тыныштық және басқа жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы. Ішкі тыныштыққа жетудің тәсілдері қандай?

2. Адам тұлғасының құрылымы. Ақылдың табиғаты. Парасат (интеллект). Ақылды тыныштандыруға қол жеткізу үшін пайымдау және ажырата білу қабілеттерін дамытудың маңыздылығы.

3. «Қиянат жамсамау» құндылығының мәні. Қиянат жасамаудың үш аспектісі. Өзіңе қатысты қиянат жасамау.

4. Қиянат жасамаудың ерекше сипаттары. Қазіргі әлемдегі қиянат жасаудың себептері. Қиянат жасамау тәжірибесі. Өзін-өзі тануды оқытуда қиянат жасамау.

Өзін-өзі тану және басқа пәндердің интеграциясы

1. Ішкі (рухани-адамгершілік) және сыртқы (зияткерлік) білім. Жанды білімдер.

2. Өзін-өзі тану мен басқа пәндерді интеграциялаудың мәні мен түрлері. Интеграциялаудың жолдары. Өзін-өзі тану мен гуманитарлық циклдағы пәндерді интеграциялаудың мысалдары.

3. Өзін-өзі тану мен басқа пәндердің интеграциясының мәні мен түрлері. Интеграциялаудың жолдары. Өзін-өзі тану мен жаратылыстану циклындағы пәндерді интеграциялау мысалдары.

Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі оқудан тыс іс-әрекеттер

  1. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқудан тыс іс-шараларға енгізу. Мысалдар.

2. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі қайырымдылық акциялары, драма үйірмелері (оларды өткізу ережелері, мысалдар). 

3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі шаттық шеңберлері, спорт үйірмелері, ақындар бұрышы, жорықтарға, пікірсайыс клубтары, ғылым күндері (оларды өткізу ережелері, мысалдар). 

Модуль 3

«Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымдық-мазмұндық және әдістемелік аспектілері. Сабақтың дәйексөздері және жағымды көңіл-күй

1.  Сабақтың мақсаты мен міндеттері. Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігі.

2. Сабақтың құрылымдық-мазмұндық компоненттері. Сабақтың құрылымдық элементтерін қолдану реті.Оқулық материалдарын сабақта қалай пайдалану керек?

3.  Сабақта бағалау формалары. Тестілеу. Сабақтың мониторингі.

4. Жағымды көңіл күй (сабақтың басында және соңында). Жағымды көңіл күйді жүргізу әдістемесі. Жағымды көңіл күйдің тиімділігі.

5. Сабақтың дәйексөзі. Сабақта дәйексөзбен қалай жұмыс жүргізу керек?

Ән айту, музыка, шығармашылық топтық іс-әрекеттер

1. Музыканың өсімдіктерге, жан-жануарларға және адамдарға тигізетін әсері. Адам өміріндегі музыканың маңызы. 

2. Сабақтарға музыканы қолдану әдістері, әуеннің пайдалы қасиеттері. Хормен ән айту, оның пайдасы. 

3. Топтық іс-әрекет түрлері (мысалдар), олардың пайдасы. Шығармашылық жұмыс (мысалдар), оның пайдасы. 

Әңгіме (өсиет - әңгіме) айту оқушыларды терең рухани-адамгершілік әңгіме үдерісіне тартудың тәсілі ретінде

1. Оқытудың диалогтік әдісінің мақсаты. Тарихи оқиғаларды баяндау өнері. Оқиға айтудағы мұғалімнің міндеттері. 

2. Классиктер рухани-адамгершілік әңгімелеудің маңызы мен олардың артықшылықтары туралы (мысалдар). 

3. Әңгімелердің дереккөздері. Әңгімені таңдауда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру (мысалдар). 

Ата-аналармен байланыс – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының қажетті шарты.

1. Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігі мен атқаратын рөлі. Ата-аналардың баланың мінезіне кері әсер ететін қарым-қатынастарының типтері. Ынтымақтастықтағы тәрбие. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.

2. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана» // Казахстанская правда, 28.01.2012 г.

2. Назарбаева С.А. Этика жизни – Алматы, 2001. – С.21-22

3. Абай Кунанбаев. Полное собрание сочинений в 2-х томах. – Алматы: Наука, 1977 – Т.1,2.

4. Абай Кунанбаев. Слова назидания. – Алматы: Жазушы, 1970.

5. Абульханова-Славская К.А.  Стратегия жизни. – М., 2000.

6. Акутина С.П. Воспитание нравственных ценностей у старшеклассников как направление деятельности классного руководителя в условиях целостного учебно-воспитательного процесса. Диссертация на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. Нижний Новгород, 2003.

7. Аль-Фараби. Социально-этические трактаты – Алма-Ата: Наука, 1973.

8. Амонашвили Ш.А. Как любить детей / Основы гуманной педагогики. В 20 кн. – М.: Амрита, 2012.

9. Амонашвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. - М.: Амрита-Русь, 2012.

10. Амонашвили Ш.А. Школа жизни. - М.: Издательский дом Шалвы Амонашвили, 1998.

11. Бабанский Ю.К. Оптимизация педагогического процесса. – Киев,1984. – 287 с.

12. Бак В.Ф. Биология языком сердца: приложение к курсу биологии средней школы для духовно-нравственного воспитания / Лаборатория гуманной педагогики, Артемовск. – Донецк: Изд-во Вебер (Донецкое отделение), 2008.

13. Баласагуни Ю. Благодатное знание – М.: Наука, 1983.

14. Балашов Л. Недостатки системы образования в России. – интернет: http://maxpark.com/community.

15. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. – Алматы: Ғылым, 1998.

16. Бондаревская Е.В. Воспитание как возрождение гражданина, человека культуры и нравственности. (Основные положения концепции воспитания...). – Ростов н/Д.: РГПУ, 1995. – 32 с.

17. В. Гейзенберг. Избранные труды. – М.: Эдиториал УРСС, 2001. – 616 с

18. Власова Т.И. Теоретико-методологические основы и практика воспитания духовности современных школьников: Дисс. … д.п.н., 13.00.06. – Р/нД, 1999.

19. Выготский Л.С. Педагогическая психология. - М.: Педагогика-Пресс, 1996. – 533 с.

20. Гончаренко А.И. Пространство сердца как основа сверхсознания // Сознание и физическая реальность. Т. 2. - № 3. - М., 1997.

21. Дети Света. Сборник статей. – Артемовск, 2007. – 134 с.

22. Дунаев В.Ю. // Трансформация системы образования: взгляд философов. – Алматы: Арыс, 2000.

23. Есмагулова Г.Ж. Философская проблема человека в мировоззрении М. Жумабаева – Алматы: Институт философии и политологии МОН РК, 2001. – 39 с.

24. Ефимов В.И., Таланов В.М. Общечеловеческие ценности.- Новочеркасск: ЮРГТУ (НПИ), 2011. – 252 с.

25. Зинченко В.П. Психологические основы педагогики. Психолого-педагогические основы построения развивающего обучения ЭлькониД.Б – Давыдова В.В. – М.: Гардарики, 2002.

26. Зорина Л.Я. Проблемы содержания базового образования и реформа школы // Дидактические проблемы построения базового содержания образования / Под ред. И.Я. Лернера, И.К. Журавлева. – М.: ИТП и МИО, 1993. – С. 22 – 38.

27. Иманов А.К. Взаимосвязь нравственного и экологического в мировоззрении древних кочевников и ее преломление в наследии казахских просветителей второй половины ХIХ века // Бiлiм. Образование – 2006. – № 5.

28. Каирова И.А., Богданова О.С. Азбука нравственного воспитания. Пособие для учителя. - М.: Просвещение, 1997, С. 17

29. Кант И. Основоположения метафизики нравов // Соч.: В 8 т.– М., 1994. – Т.4.

30. Каптерев П.Ф. Об основных реформах средней школы // Школа и жизнь. - 1991. - № 10. - С. 12.

31. Караковский В.А., Новикова Л.И., Селиванова Н.А., Соколова Е.И., Воспитательная система школы: проблемы управления. Очерки прагматической теории. – М.: Сентябрь. – 1997. – С.5.

32. Конаржевский Ю.Л. Воспитательное мероприятие: состав, структура, анализ. - Магнитогорск, 1979. - С. 8.

33. Культура современного урока / Под ред. Н.Е. Щурковой. - М., 2000.

34. Құдайбердиев Ш. Шығармалары / Құрастырған М. Жармұхаметов, C. Дәутов. – Алматы, 1988. – 560 б.

35. Лернер И.Я. Об обучении и воспитании. – М., 1988.

36. Мамардашвили М. Эстетика мышления. – М.: Ш.П.И., 2000.

37. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию. - Изд. 2. - М.: Прогресс, 1999. - 365 с.

38. Манифест гуманной педагогики.- Бушети,2011.

39. Маслевская Р.П., Клепиков В.Н. Образовательное пространство лицея как духовно-интеллектуальное поле по развитию личности ребенка // Этическое воспитание. – 2004. – №5. – С. 10-16.

40. Маслоу А.Г. Дальние пределы человеческой психики / пер. с англ. – СПб.: Евразия,1997.

41. Монтень М. Опыты. Избранные главы. – М., 1991.

42. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Программа нравственно-духовного образования «Самопознание». Третий (базовый) уровень. Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014. – 66 стр.

43. Мукажанова Р.А, Омарова Г.А. «Самопознание» и другие учебные предметы: возможности интеграции содержания и методов обучения». Учебно-методическое пособие для учителей./- Алматы: ННПООЦ «Бобек»,2013.– 96 с.

44. Мукажанова Р.А, Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» а школе. Учебно-методическое пособие для учителей. – Алматы: ННПООЦ «Бобек», 2013. – 128 с.

45. Мукажанова Р.А., Лосева Е.М. Курс «Этика жизни» (Азбука нравственности – 1-4 кл.; Грамматика нравственности 5-9 кл.; Наука совести – 10-11 кл.). Методическое пособие для учителей / Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014.

46. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Общечеловеческие ценности (5-11 кл.). Методическое пособие для учителей/ Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014

47. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Роль учителя в программе НДО «Самопознание». Учебно-методическое пособие для учителей. – Алматы: ННПООЦ «Бобек», 2013. С.5

48. Мукажанова Р.А., Сакенова Е.Н., Исмаилова О.Г., Абулхасанова Г.Е. Организация внеклассной работы в пилотных школах с интеграцией программы нравственно-духовного образования «Самопознание» в единое образовательное пространство. Методическое пособие для учителей/ «Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014.

49. Нысанбаев А.Н., Соловьева Г.Г. Изменимся вместе с детьми: Философское обоснование предмета «Самопознание». – Алматы: Компьютерно-издательский центр Института философии и политологии МОН РК, 2002. – 61с.

50. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990. – 382 с.

51. Омарова Г.А., Ахметова А.И., Абдрахманова А.М., Багадаева Ж.А. Духовное наследие человечества (5-11 кл.). Методическое пособие для учителей/ Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014.

52. Омарова Г.А., Абдрахманова А.М., Афанасенко Л.Д. Элективные интегрированные курсы в профильной школе по программе нравсвенно-духовного образования «Самопознание». Методическое пособие для учителей самопознания/ Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014.

53. Омарова Г.А., Мукажанова Р.А. Истинные лидеры в истории человечества (духовно-нравственный аспект лидерства)/  Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2013.

54. Омарова Г.А., Мукажанова Р.А. Культура лидерства (9-11 кл.). Методическое пособие для учителей / Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014.

55. Омарова Г.А., Сакенова Е.Н., Лосева Е.М. Азбука семейной жизни (9-11 кл.). Методическое пособие для учителей/ Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014.

56. Петракова Т.И. Вечная тайна античности. Часть I. Методическое пособие для воспитателей, учителей и педагогов дополнительного образования. - М.: Импэто, 1995. - 111 с.

57. Петракова Т.И. Духовные основы нравственного воспитания. - М.: Импэто, 1997. - 96 с.

58. Петракова Т.И. Проблема единства обучения и воспитания в современной школе // Сельские учебно-воспитательные комплексы: самореализация и развитие личности. – Белгород: БелгИУУ, 1994. – С. 45-47.

59. Петракова Т.И. Ценностный потенциал базового образования в духовно-нравственном воспитании учащихся. // Образование: исследовано в мире – М.: OIMRU, 2000.

60. Пирогов Н.И. Университетский вопрос // Избранные педагогические сочинения. – М., 1953. – С. 324-393.

61. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2-х т. – М.: Педагогика, 1989.

62. Рысбаева А.К., Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Интерактивное обучение на уроках самопознания/ Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2013.

63. Самопознание. Учебная программа для общеобразовательных школ. / Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2010. - 74 с.

64. Сластенин В. А., Исаев И. Ф. и др. ПЕДАГОГИКА: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений. – М.: Школа-Пресс, 1997. – С.512

65. Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Основы психологической антропологии. Психология развития человека: Развитие субъективной реальности в онтогенезе: Учеб. пособие для вузов. – М., 2000.

66. Соловьева Г.Г. Философия для детей как модель современного образования /Трансформация системы образования: взгляд философов. – Алматы: Арыс. – 2000.

67. Спиркин А. Г. Философия. – М.: Гардарики, 2006.

68. Степин В.С. Теоретическое знание. – М., 2000.

69. Стульпинене И. Физика языком сердца. - Рига: Издательство «Parks reklamai», 2006.

70. Тытарь Е.Т., Тытарь А.Д. Личностный тренинг «Путь сердца». - http://www.synergia.ru

71. Уилбер К. Вечная психология: спектр сознания // Пути за пределы «эго». Под ред. Уолша Р. и Воонг Ф.Б. Пер. с англ. М.Папуша и др.– М.: Открытый мир, 2006

72. Ушинский К.Д. Собрание сочинений: В 11 т. – М.-Л.: Изд-во АПН РСФСР, 1948-1952.

73. Физика и реальность. - М.: Наука, 1965. - 158 с.

74. Философия в духовном развитии человека на пороге третьего тысячелетия: нип / науч.рук. Косиченко А. Г., Институт философии и политологии МОН РК. – Алматы, 2002.

75. Философия науки / Под ред. Лебедева С.А.: Учеб. пос. для вузов – М., Академический проект, 2006 – 736 с.

76. Философский энциклопедический словарь. – М.: Советская энциклопедия, 1983.

77. Фрейд З. Психология бессознательного. – М.: Просвещение, 1990.

78. Шеховская Н.Л. Ильин А.И. и Ушинский К.Д.: «диалог» о духовности // Педагогика. – 2005. – №10.

79. Щуркова Н.Е. Программа воспитания школьника. - М.: Пед. общество, 1998.

80. Эмото М. Послания воды: Тайные коды кристаллов льда. – София, 2005.

81. Энциклопедический социологический словарь. - М., 1995. - С. 233

82. Юнг К.Г. Проблемы души нашего времени / пер. с нем. – М.: Инициатива, 1994.

83. J. R. Mellow. Hemingway: A Life Without Consequences. – New York: Houghton Mifflin, 1992.

84. Jumsai A., Burrows L. Sathya Sai Education in Human Values. Handbook for teachers. – Bangkok, 1991.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Мекенжайы: 050027, Алматы қ., Бостандық ауданы, «Дарын -1» ықшам ауданы, 47 үй

Ресми сайт: www.bobek.kz

Телефон-факс: 8/727/2472519

Институт 247 25 28


МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 1533; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!