Белдеуленген герпес (теміреткі):емі, профилактикасы.



Емдеу.Белдеуленген герпеске негізінен симптоматикалық ем қолданылады. Аналгетиктер, ацетилсалицил қышқылы, финлепсин, антигитсаминдық препараттар мен ісінуге қарсы қодданылатын препараттар, ал қажет болған жағдайда нейролептиктер және барбитураттармен қоса наркотиктар тағайыңдалады. Эрозияланған бөліктерді инфекциядан қорғау үшін антибиотиктер араласқан май қолданылады. Асқынған жағдайларда кортикостероидтар тағайындалады.

1-2 апта бойы ДНКаза мен РНКазаны 20—25 мг-нан әр 4 сағатта бұлшық етке жіберу арқылы едәуір табыстарға жетуге болады. Өйткені олар арнайы вирустық ДНК-ның синтезін тежейді, Осы мақсатпен интерферон мен интерфероногенді де пайдалануға болады. Сонымен қатар интерферон қосылған майлар, ацикловир, флореналь, виразоль қолданылады. Көздің мөлдір қабықшасы зақымданғанда, флореналданған дәрілік қабық (пленкалар) тиімді.

Белдеулентен герпестің қайталанатын түрлерін емдеу үшін жоғарыда аталған препараттармен қатар, иммуностимуляторларды (левамизол, т.б.) пайдалану керек.

Тұрақты постгерпесгік невралгияны емдеу кезінде рентгенотерапия қолдануға болады.

Профилактикасы:осы ауру алып келуші фактарлордан сақ болу, организмді қалыптастыру, диспансерлік бақылауда болу.

 

3.2.3.Антитоксикалық сарысу,

     Қолдаушы симтоматикалық ем( кортикостеройдты және плазмафорез)

     Гимнастика, массаж, физиотерапия.

 

 

Нейросифилис : емі, профилактикасы.

Комплекстік емдеу шараларына антибиотиктер (пенициллин, эритромицин), ауыр металдар (бийохинол, бисмеверол, пентабилмол) және иодты препараттар кіреді.Аса бағалы әдіс ретінде пенициллин мен бийохинолды ұзақ уақыт алма-кезек қолдану ұсынылады. Қисындастырылған ем 6—10 дүркін жүргізіледі.

Емдеу дүркіндері аралығында (олар 1,5-2,5 айға созылады) иодты препараттар (3,6 % йодты калий, 10 % йодты натрий) пирогенал,алоэ, ФИБс, витамиңдер (В|3 В6, РР) тағайыңдалады. Ем біріншіжылы 3—4 дүркін, екінші жылы 2—3 дүркін және одан кейінгі екі жылда 1—2дүркін жүргізіледі.

Нейросифилистің кешеуілдеген түрлерімен ауыратындарға 1—2күнаралығында пирогеналдың 250—500—100 минималдық пирогендік дозасын (МПД) дүркін бойы 10-12 рет бұлшық етке жіберіп байқауға болады. Емді ер 2—3 айда қайталаған жөн.

Профилактикасы:жыныс жолы арқылы келетін әдеттерден сақ болу, жыныстық қатынастан қорғану, жеке бас гигиенасын сақтау, егерде бозғылт трепанема жұқтырған кезде дер кезінде дәрігерге көріну керек

3.2.5. СПИД кезінде нерв жүйесінің зақымдалуы: емі, профилактикасы.

Емдеу. Әзірге ЖПИТС-ын емдеудің нәтижелі әдістері жоқ. Зидовудин 200 мг-нан тәулігіне 6 рет немесе ер 4—8 сағатта венаға 1,5 мг/кг жіберіледі. Қан өндіру кемігенде препараттың дозасын азайтады.75 кг-нан жоғары салмағы бар ауруларға 300 мг-нан тәулігіне 2 рет, 50-75 кг салмағы барларға — 200 мг-нан тәулігіне 2 рет, 35—49 кт-ға — 1,25 мг-нан тәулігіне 2 рет қабылдауға дидапозин, 0,75 мг-нан тәулігіне 3 рет қабылдауға замцитабин тағайындайды.ЖПИТС-тың сепсистік асқынуларын сепсис себеп болатын бактериялардың төзімділігін ескере отырып, антибиотиктермен емдейді. Шырышты қабықшалар зақымдануының өте аз белгілерін жайылған кандидоздық белгі ретінде бағалаған жөн. Ол саңырауқұлақшаларға қарсы дәрілерді (низорал, В амфотерицині) тағайындауды талап етеді.

Профилактикасы:жеке бас гигиенасы, жыныстық қатынастан сақтану, емханадан тексеруден өтіп тұру қажет.

Ми ісігі: емі, профилактикасы.

Емдеу шаралары негізінен хирургиялық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асады. Ми бағаны, ми қыртысы асты түйіндері, үшінші қарынша қабырғасы мен сүйелді дене ісіктеріне операция жасау қолайсыз. Емдеу нәтижесі ісіктің жетілу дәрежесіне байланысты. Ең тиімді нәтижеге астроцитома мен есту нервісінің невриномасын хирургиялық әдіспен алып тастағанда қол жетеді.

Гипофиздің эозинофильдік аденомасы мен операция жасауға болмайтьш ісіктерге немесе оларды жартылай сылып тастағанда рентген сәулесімен емдеу және химиотерапия қолданылады.

Симптоматикалық ем дегидратациялық (күкірт қьшқылды магний, новурит, лазикс, фуросемид, маннитол) және дезинтоксиациялық емдік шараларды қолдануға негізделген.

Профилактикасы: ісікті асқындырып алмау үшін дер кезінде емін қабылдаған жөн, физиотерапия химиотерапия қабылдау керек.

3.2.7. Ми-жұлын ісіктері: емі, профилактикасы.

Жұлын ісіктері айқындалған жағдайда хирургиялық ем тәсілдерін қолданған тиімді. Ауру көтере алатын болса, ламинэктомия әдісімен ісікті алып тастайды.Жұлынды қысатын омыртқадағы жекелеген метастазға да операция жасауға болады. Операциядан кейін рентгендік және химиотерапиялық емдеу шаралары қолданылады.Көптеген метастаздарға немесе ісіктің әсерінен сегізкөздің бүлінуіне байланысты аяқта азапты ауырсынулар пайда болғанда, ауырсыну аймағына қарсы жақтағы II—III кеуде сегменттері деңгейінде өтетін пирамидалық жолды қиып тастауға (хордотомия) болады.

Профилактикасы:зиянды әдеттерден аулақ болу, дәрі-дәрмектерін уақытылы ішіп туру керек.

3.2.8. Бас сүйек-ми жарақаттары: емі, пролактикасы.

 Шұғыл кезендік жеңіл дәрежелі жабық бас сүйек-ми жарақатында I- -3 апта, ал ауыр дәрежелі ми жарақатында одан да үзақ уақыт бойы толық тыныштықпен қатар, мына төмендегі емдік шаралар жүзеге асырылуы керек;

I) тыныс алудың бұзылуымен күрес (ауыз қуысын, көмейді және кенірдекті шырыштан тазарту, тіл ұстағышты пайдалану, карбогенмен дем алдыру, бұлшық етке 1 %-дық 1,0 мл лобелин немесе 1 мл цитозон жіберу-

2) жүрек қызметі бұзылуымен күрес (күніне 1—2 рет тері астына Iмл кордиамин, I%-дық 1,0 мл мезатон);

3) шокка қарсы емдік шаралар (қан, плазма, қанды алмастырғыштар құю, венаға глюкоза, 0,25 %-дық 10,0 мл новокаин, новокаиндық тежеу, 2 %-дық 1,0 л промедол жіберу);

4) құрыспалы ұстамаларға қарсы дәрі-дәрмектер қолдану (бұлшық етке 5 %-дық 10,0 мл тиопентал натрий, венаға 10 %-дық 10,0 мл бромды катрий, бұлшық етке 10 %-дық 10,0 мл гексенал, хлоргидраттык клизма, люминол 0,1 гр-нан тәулігіне 3 рет);

5) ми ісінуіне қарсы емдік шаралар (бұлшық етке 25 %-дық 10,0 мл күкірт қышқын магнезий, венаға 40%-дык 20,0 мл глюкоза, 10 %-дық 10,0 мл хлорлы натрий, бұлшық етке аптасына 2 рет 1,0 мл новурит, венаға күніне 10 %-дық 0,25 г фонурит, 1 кг дене салмағына 20 %-дық 2,0 4,0 мл маннитол, 300-400 мл реополиглюкин тамшылату);

6) қажет болған жағдайда (тор қабық астына, миға, ми қарыншаларына қан құйылғанда) венаға 10 %-дық 10,0 мл хлорлы кальций немесе күніне 10 %-дық 5,0-10,0 мл кальций глюконаты, люмбалдық пунция арқылы 10—30 мл оттегі жіберу, соңынан бұлшық етке 50000— 100000 бірлік канамицин, I%-дық 1,0 мл викасол жіберу.

Эпидуралдық гематомаларды шұғыл фрейздік саңылаулар, ал субдуралдықтарды — пункция көмегімен емдейді

Проилактикасы:жарақатқа алып келуші факторлардан сақтану,

3.2.9. Жұлын ми жарақаты: емі, профилактикасы.

Емдеу шараларыОперация жасау қажеттігінің белгілері:

• жарақаттанудан кейінгі алғашқы сағаттар және күндер ішінде жұлынның зақымдану симптомдарының күшейе түсуі;

тор қабық асты кеңістігінің өткізу мүмкіндігінің сақталу-сақталмағанына қарамастан алдыңғы жұлын артериясы синдромының кенеттен пайда болуы;

• тор қабық асты кеңістіғі өткізгіштігінің бұзылуы;

• сүйек сынықтары жөне омыртқааралык, дискінің шығып ығысуынан жұлын түбіршіктерінің тітіркенуі немесе қысылуы.

Хирургиялық ем қолдануға болмайтын жағдайлар:

жарақаттық шок;

• омыртқа мен жұлынның, ішкі ағзалардың, ми мен қол-аяқтың қабаттаса ауыр зақымдануы;

• интеркуренттік аурулар, сепсис, уросепсис, зәр жолдарындағы іріңдік асқынулар;

• жоғарғы мойын сегменттерінің сопақша ми мен қоса ауыр зақымдануы.

Жұлын жарақаттануының шұғыл кезеңінде шокпен, жүрек-тамыр және тыныс алу бұзьшымдарымен күресу қажет. Жүрек қызметін реттейтін (камфора, кардиамин), дұрыс тыныстауға ықпал жасайтын (цититон, любелин, кейде трахеостомия және жасанды дем алдыру),ширықтыратын (кофеин, стрихнин), сұйықсыздандыратын (күкірт қышқыл магнезийі, глюкоза, новурит, мочеивна, лазикс) дәрі-дәрмектер тағайыңдалады. Өкпе мен зәр шығару жолдарында болатын асқынулардың алдын алу үшін антибиотиктер қолданылады,

Трофикалық бұзылымдардың (ойық жара) да алдын алу керек. Ол үшін витаминдер (В,, В6, В(2), дибазол, прозерин, уқалау, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) тағайындайды,

Жұлынға немесе оның қабықтарына қан құйылғанда хлорлы кальцийді, желатинді (ересектерге 20—30 мг, балаларға 10 %-дық 5— 10 мг ерітіндісі), аскорбин қышқылын қолданады. Жұлын қабықтарына қан құйылғанда қайталама люмбалдық пункциялар (міндетті түрде ми-жұлын сұйығын 5 мл-ден асырмай баяу шығару) жасау керек,

Эпидуралдық гематоманы, әсіресе жұлыннын қысылу симптомдары күшейе берсе, хирургиялық әдіспен алып тастайды, Төменгі кеуде омыртқаларының жаншыла сынуын созу әдісімен емдейді. Мойын омыртқалары сынғанда Глиссон имегін қолданады да, төсектің бас жағын 20—30 см биіктетеді,

Ойықжаралар пайда болғанда, улътрафиолетгік сәулені қолданғаннан кейін Вишневский майымен таңғыштап орайды. Қуық функциясы бұзылғанда катетеризация жасап, оны марганец қышқылды калийдің қызғылт ерітіндісімен немесе азот қышқылды күміспен (0,03% ерітін-дісі) жуады, Созылған жағдайларда қасаға үстін теседі, Ішекті клиз-мамен (майлы, сифондық) тазалайды немесе нөжісті саусақ тығып алып тастайды.

Профилактикасы:төсек тартып жатқан науқастарға массаж , дезинфицирлеуші ерітінділермен терісін сурту.

 


Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 723; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!