Ми ісігі: этиология,патогенез,клиника,диагностика



Ми ісігктері басқа ағзалар мен жүйелер ісіктерінің орта есеппен 8,6%-ын, ал нерв жүйесі органикалық ауруларының 3,1-6,1%-ын құрайды, 20 мен 40 жас аралығында жиі кездеседі.

Л.И. Смирнов (1951) ұсынған жіктеме бойынша ми ісіктері гистогенезіне байланысты 4 топқа бөлінеді.

1.Глиялардан пайда болған нейроэктодермалды ісіктер; 2. Ми қан тамырлары мезодермалары мен оның қабықшалары элементтерінен пайда болатын менинго-қан тамырлық ісіктер.; 3.гипофиз ісіктері; 4. Метастаздық ісіктер;

Себепші факторлар-эндокриндік бұзылулар,бас сүйек –ми жарақаттары, балалық шақта болған инфекциялар т.б

Патогнезі: ми ісігінің патогенезінде дизэмбриогенездің маңызы зор. Оған дәлел-ми қабы архитектоникасының бұзылуы (гетеротопия-маргиналдық глияға жұмсақ ми қабығының іштей кіруі ) мидың ерекше күрделі қалыптасқан тұсында ісіктің пайда болуы , екінші маңызды фактор- глияның гиперплазияға бейімділігі,Глия реактивті – пролиферативтік ұлғаюларға аса бейім жеңіл жарақаттардан , нерв жүйесінің қабыну ауруларынан кейін пайда болады.

Клиникасы

1.Жалпы милық симптомдар: бас ауруы,құсу,бас айналу,көз түбіндегі өзгерістер,психикалық бұзылыстар,тамыр соғуының өзгеруі,ми-жұлын сұйығының өзгеруі;

2.Ошақтық симптомдар ісіктің ми бөліктерінде орналасуына байланысты.Маңдай бөлігінің ісігі;Төбе бөліктерінің ісігі; Самай бөлігінің ісігі; Шүйде бөлімінің ісігі кездерде кездесетін бұзылыстар.

Ми ісіктерін анықтауда неврологиялық белгілермен қатар қосымша тексерістер(краниография,ПЭГ,ПВГ,ЭЭГ,Эхо ЭГ,АГ,КТ,ЯМРТ) пайдаланады.

2.3.3 Естіңі бұзылысы: есеңгіреу,сопор, кома,акинетикалық мутизм.Деструктивті және метаболитикалық кома.

Кома– бұл сыртқы тітіркендіргіштергереакциялары болмайтын ессіз жағдай.ОЖЖ-ңкоординациялық қызметінің бұзылысымен, тұтас ағза деңгейінде өздігінен реттелуге және гомеостазды ұстап тұруға мүмкіншілігін жоғалтқан жеке жүйелердің автономды қызмет етуімен сипатталатын ОЖЖ-ң жеткіліксіздік жағдайы; естің тануымен, қозғалыс, сезімтал және соматикалық, оның ішінде өмірлік маңызды қызметтердің бұзылысымен көрінеді.Этиология: Біріншілік:бас ми жарақаты(соққы алу, бас ішілік гематома) цереброваскулярлы аурулар(ми ішілік, субарахноидальды қан құйылу, ми инфаркті) , ОНЖ инфекциялары (менингит,энцефалит), ісіктер, қояншық ұстамалар. Екіншілік: метаболикалық бұзылыс(гипогликемиялық диабеттік кетоацидоз, кетоздық емес гипергликемиялық жағдай, уремия, бауыр жетіспеушілігі) гипоксия(өкпе аурулары,анемия,шок,Моргани-Адамс-Стокс синдромы,миокард инфаркті). Сыртқы әсер: уланулар(алкогольмен,этиленгликольмен,иісті газбен, дәрілік заттармен). Команың клиникалық көрінісі. Естің бұзылу дәрежесіне байланысты келесі түрлерін ажыратамыз: Есеңгіреу (беткей және терең);Сопор ;Комалар (I-III сатысы). Естің бұзылу дәрежесін Глазко шкаласы арқылы анықтаймыз. Есеңгіреу – (Глазго шкаласы бойынша 13-14 балл) ес бұзылуының бастапқы фазасы, ми қыртысы қорғанысының тежелуіне байланысты. Немқұрайлық, ұйқышылдық психикалық және қозғалыс белсенділігінің төмендеуі, сөйлеу қабілеті бұзылысының болуы мүмкін. айқын емес бір буынды жауап береді. Сопор (Глазго шкаласы бойынша 9—12 балл)— есі төмендеген, бірақ мимикалық реакция түрінде күшті дыбыстарға, жарық және аурулық тітіркендіргіштерге реакциясы сақталған, сұрақтарға айқын емес бір буынды жауап береді. Қарашық, түбірлік, жұтатын рефлекстер сақталған, сіңірлік рефлекстері жоғары, тері рефлекстері төмендеген, еріксіз зәр шығару. Акинетикалық мутизм – физикалық мүмкіндікке ие яғни қимыл –қозғалыс және сөйлей алады, бірақ оны пайдалана алмайды.қиын ағыммен өтеді және болжамы қолайсыз болып табылады.Деструктивті кома мидың милық затының бұзылысы. Қан құйылулар,жарақат,кең зонлы инфаркт, қабыну процессі және ісіктер салдарынан пайда болады.

Метаболитикалық кома метаболизм бұзылысына негізделген (гипоксия, гипо- или гипергликемия, гипер- и гипоосмолярностьплазмы,уремия, сепсис, печеночная недостаточность, ацидоз, алкалоз, гипокалиемия, гипераммониемия, недостаточность витамина В1, витамина РР, и т.д.). Коматозды жағдай экзогенді интоксикация наркотикалық,седативті тырысуға қарсы препараттардың,алкоголді пайдаланғанда пайда болуы мүмкін.

Диагностикасы

Жалпы қарау(тері түсі,жатысы бүріскен,тырысқан);Анамнез (туысынан,куәгерден)

Невралогиялық статус:;Беттің ассимтериялығы.;Беткей және терең рефлекстер.

Сезімталдылық.;Бұлшықет тонустары.Пассивті қозғалыс.Менингиальді симптомдар .Лабараториялық тексеру(науқас клиникасына қарайГлюкоза,Креатинин,белок,Алт,Аст,Билирубин,Алкотест)ЖЗА.,ЖҚА.Ликвор,Аспаптық зерттеулер.Рентгенография;МРТ;КТ;Ангиография


Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 1590; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!