Ми абцессі, спинальді эпидуральды абсцесс 18 страница



 

2.2.11 Эпилепсиялық статус: этиология,патогенез,клиника,диагностика

Эпилептикалық (эпилепсиялық) статус —этиологиясы әртүрлі қайталмалы талмалармен сипатталатын, нейрондардың шектен тыс разрядының нәтижесінде туатын және әртүрлі клиникалық көріністері мен параклиникалық симптомымен жүретін бас миының созылмалы ауруы.

Ең жиі себебі — ЭҚЗ (эпилепсияға қарсы заттарды) қабылдауды кенет тоқтату. Басқа себептері – ми ісігінің бастапқа көрінісі, метаболикалық бұзылыстар, алкогольді абстиненция, инсульт, менингит немесе энцефалит, мидың гипоксиялық зақымдалуы. Ал 25% жағдайда себебін табу қиынға соғады. Кеде эпилептикалық статус эпилепсияның дебюті болып табылады.

Патогенезі әлі анықталмаған. Патогенетикалық механизмі адам организмінің жалпы соматикалық өзгерістеріне байланысты. Церебральды механизмнің орталығы болып эпилептоген және эпилепсиялық ошақ болып табылады. Эпилепсиялық ошақ – мидың локальды структуралық өзгерісі- эпилепсиялық разрядты фокальды өңдейтін нейрондардың патологиялық қозу көзі. Эпилепсиялық ошаққа нейрондар арқылы бір уақытта қозудың өткізілуінде қалтырау разряды пайда болады. «Эпилептизация» ЭЭГ өзгерісінде көрінеді (комплекс пик-толқын). Эпилептизация негізінің структурасында аксо-дендриттердің синапсында, «активті аймақтың» күшеюімен көрінеді.

1965 жылы Венада қабылданған дүниежүзілік жіктемеге сәйкес элилепсиялық ұстамалардың үлкен үш тобы бар:

**Таралымды эпилепсиялық ұстама

**Фокальдық немесе парциальдық эпилепсиялық ұстама

**Біржақты эпилепсиялық ұстама

Клиникасы және асқынуы: тыныс бұзылыстары (апноэ, нейрогенді өкпе ісінуі, аспирациялық пневмония), гемодинамикалық бұзылыстар (АГ, жүрек ырғағының бұзылысы, қан айналымның тоқтауы), Вегетативті бұзылыстар (гипертермия, бронхиальді гиперсекреция, құсу), Метаболикалық бұзылыстар (ацидоз, гиперкалиемия, гипергликемия немесе гипогликемия). Сүйектердің сынуы, сонымен қатар омыртқаның да сынуы, рабдомиолиз, Бүйрек жетіспеушілігі, ДВС және балтырдың терең веналарының тромбозы, Ми ісінуі және бас ми ішілік гипертензия, Ми гипоксиясы, гипертермия, Қыртыс веналардың тромбозы және т.б.


Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 480; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!