Ынталы жобаны орындау мерзімі 9 страница



Ал Корея Республикасының /Оңтүстік Корея/ ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған. 

Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті.Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады.Оның міндеті- Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды. 

13.2 Қаржы инфрақұрылымы бизнесинкубатор және ғылыми орталықтар

1990 жылы бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды.Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды.

Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет" туралы Заң күшіне енді.

Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 ж.ж дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай.

Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.

1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетт, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады;

2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу;

Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.Негізгі қойылатын шарт- зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау

3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну. 

Елiмiздегi инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету 2-шi суреттегi жүйе бойынша iске асады. (Сурет 2) 

 

 

 


      

2 - сурет. Инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету

* Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республики Казахстан

Бекітілетін сұрақтар:

1. Инновациялық қызметті атқарушы және дамытушы кәсіпорындар үшін жасалатын өндірістік, консалтингтік, мамандығын, жоғарылатушы, ақпараттық орталықтар және инновациялық процесстің тиімді жүзеге асырылуына басқа да жағдай жасаушы қызмет көрсетуші комплекстер.

2. Қаржы инфрақұрылымы бизнесинкубатор және ғылыми орталықтар.

Негізгі түсінік

Ақпараттық орталықтар

Консалтинг

Қызмет көрсетуші комплекстер

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -

банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с

2. Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.- Киев,1998.- 264с          

3.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - Алматы Экономика,2001. -158

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с.

5.Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 60с

6.Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005

 

14 - тақырып. Қазақстан Республикасындағы инновациялық саланың жағдайы

Дәріс жоспары:

14.1 Қазіргі күнгі Қазақстандағы инновациялық саланың өсу деңгейі.

14.2 Инновациялық бизнестің даму мүмкіншіліктері.

14.3 Өндірістің материалды - техникалық базасын жаңарту, иинновациялық технологияларды енгізу, модернизация мәселелері.

 

14.1 Қазіргі күнгі Қазақстандағы инновациялық саланың өсу деңгейі

Республиканың орталық және солтүстік аймақтарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Жетіғара Атырау» жоғары вольттік желісін салу ұсынылды.

Ақтөбе облысының әкімдігі басқа жобалар бойынша аймаққа шетел инвесторларын тарту жұмыстарын белсенді жүргізеді. Жапония, АҚШ, Түркия, Германия, Оңтүстік Корея, Қытай жэне Ресейдің болашақ инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық даму Стратегиясының жүзеге асырылуы біздің мемлекеттің алдағы уақытта Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мүшелігіне енуіне байланысты. Осының аясында облыс делегациясы қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өткен аймақтық «Қазақстан, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы жэне Бизнес мүдделері» тақырыбындағы конференцияға қатысты. Дүниежүзілік Сауда Ұйымының жүйесі мен Қазақстанның осы үйымға ену процесі туралы сұрақтар талқыланып, баяндамалар тыңдалды.

Конференцияда Стратегияның негізгі ережелеріне сәйкес аймақаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Облыстағы инновациялық процестерді жандандыруда екі елдің жоғары оқу орындарының ролін арттыру жөнінде шешім қабылданды. 2003 жылғы желтоқсанда Аймақтық семинар және кәсіпкерлердің облыстық кеңесі өткізілді. Онда Ел Президентінің Қазақстан кәсіпкерлерінің XI Форумы мен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясында қойылған міндеттерді орындау мақсатында облыс және аймақ кэсіпкерлігін дамыту мәселері қарастырылды.

14.3 Өндірістің материалды - техникалық базасын жаңарту, иинновациялық технологияларды енгізу, модернизация мәселелері

Облыста халықаралық ИСО-9000 сериясының стандартына сай сапа менеджментін сертификаттау жүйесін ендіруге ерекше мән беріледі.

Шаруашылық субъектілеріне сапаны сертификаттау мәселелері бойынша үйымдастыру-әдістемелік көмек және кеңес беру мақсатында «¥лттық сараптау және сертификаттау орталығы» ААҚ-ның Ақтөбе филиалы базасында нормативтік құжаттар қоры құрылып, осы бағытта кітапхана ашылды.

Жүргізілген жұмыс ИСО-9000 сериялы стандартты енгізу бағытында «Әлібек» ЖАҚ, «Атырау НИГРИ» ААҚ, «КТП» ЖАҚ, «ТрансЭПО» ЖШС, «Геос» ЖШС, «Дефектоскопия» ЖШС-гі кэсіпорындарының жұмысын жандандыруға ықпал етті.

«Құрылысбөлшек» ЖШС, «Қүрылыстрансгаз» ЖШС, «Сынақ орталығы» ЖШС-гі сияқты кәсіпорындарында ИСО-9000 сериялы халықаралық стандартты енгізу бағытында жұмыс жүргізілуде. «Владик» ЖШС 5ОС (Швейцария) жүйесінде, «Геос» ЖШС-де халықаралық сертификаттау қызметінен сапа жүйесіне берілген сертификат бар. Дөң тау кен байыту комбинаты - ТОҮ 8ЕКТ (Германия) жүйесінде.

Ақтөбе облысының әкімдігі мемлекет Басшысының қойған мақсат-міндеттерін орындауға барлық қажетті шараларды қолданады. Орталық пен аймақ біріге отырып, жаңа құрылған қаржы институттарының қатысумен, Қазақстан Үкіметінің мақсатты қолдауымен индустриялық-инновациялық саясатты табысты жүзеге асыруға болады.

Ақтөбе облысы әкімдігі қызметінің 2005 жылғы басым бағыттары:

• Халықтың өмір деңгейін көтеру, кедейшілікпен күрес.

• Индустриялық-инновациялық Стратегияны жүзеге асыру, өнеркәсіп өндірісін тұракты арттыру.

• Ауыл шаруашылығы мен ауыл аумақтарын қалпына келтіру және дамыту.

• Әлеуметтік саланы жақсарту: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт.

• Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, газдандыру.

• Халықтың білім деңгейі мен кәсіптік дайындығын көтеру арқылы адам ресуртарын дамыту.

Аймақтың инновациялық негізде индустриялық даму перспективалары:

Болашақта облыстың ғылыми, өндірістік жэне шикізаттық потенциалы негізінде Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыру арқылы төмендегідей нэтижелерге қол жеткізу күтіледі:

• жаңа өндірістердің ашылуына байланысты облыстың өнеркәсіп өндірісі құрылымының өзгеруі.

       • өнеркәсш өнімдерінің жалпы көлемінде инновациялық өнім үлесінің артуы;

• инновациялық жобаларды жүзеге асыру процесінде өнеркәсіп өнімінің негізгі түрлері құрылымының өзгеруі;

• экспорт-импорт қүрылымының өзгеруі;

• өнім шығарудың жалпы көлемінде шағын жэне орта бизнес ролінің артуы;

• стратегияны жүзеге асыру аясында сыртқы инвестиция бағыттарының өзгеруі;

• басқалары.

Бекітілетін сұрақтар:

1. Инновациялық саланың дамуына кедергі жасаушы мәселелер. Оларды шешу жолдары.

2. Инновациялық бизнестің даму мүмкіншіліктері.

3. Өндірістің материалды- техникалық базасын жаңарту, иинновациялық технологияларды енгізу, модернизация мәселелері.

Негізгі түсінік

Материалды - техникалық база

Модернизация  

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -

банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с

2. Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.- Киев,1998.- 264с          

3. Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - Алматы Экономика,2001. -158

4. Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с.

5. Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 60с

6. Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005

15 - тақырып. Қазақстан Республикасында инновациялық бизнестің қалыптасуы мен дамуы

Дәріс жоспары:

15.1 Қазақстан Республикасында индустриалды - инновациялық даму стратегиясы.

15.2 Қызмет атқарып жатқан венчурлы қорлардың инновациялық проекттерді жүзеге асыру принциптері.

15.3 Қазақстандық инновациялық кәсіпкерлер қызметі.

15.1 Қазақстан Республикасында индустриалды - инновациялық даму стратегиясы

2003 жылғы мамыр айында «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының» бекітілуімен елдің экономикалық дамуында экономиканы диверсификациялау арқылы шикізаттық бағыттан тартып, сыртқы экономикалық, инвестициялық және инновациялық қызметтерді жандандыру негізінде бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін дамыту кезеңі басталды.

 «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын»жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігі үлкен ұйымдастыру жұмыстары мен іс-шаралар өткізуде.

Облыста индустриялық-инновациялық стратегияныңнегізгі бағытына сай келетін инвестжобаларды таңдап алу және жүзеге асыру жүйесі жасалды.

Ол төменгі үш буыннан тұрады:

1) Облыс әкімі жанынан индустриялық-инновациялық даму бойынша Қеңес құру,оның мақсаты - аймақтық даму стратегиясын жасау және инвестжобалардың дайындалу барысы мен жүзеге асырылуын бақылау.

2) Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының негізгі ережелерін ескере отырып, инвестжобаларды жүзеге асыру схемасын дайындайтын, ақпарат өңдейтін жүйелі талдау және мониторинг жасау орталығынқұру.

3) Инвестжобаларды тәжірибелік жүзеге асырумен жергілікті атқару органдарының, облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде қүрылған инновациялық-енгізу орталығыайналысады. Бүгінгі күні құрылтайшылар тобы мен облыс әкімдігінің 50 % үлесімен жарғы капиталының көлемі анықталған, 2005 жылы облыс бюджетінде 1,5 млн. теңге мөлшерінде қаржы белгіленген. «Инжиниринг жэне трансферт технологиялар орталығы» АҚ жарғы капиталының жалпы сомасының 51 % құрайтын үлесімен құрылғалы жатқан орталық жұмысына қатысуға келісім берді.

Берілген схема облыс үшін стратегиялық маңызы бар, өміршең инвестжобаларды дайындап, өндіріске енгізу бойынша цикл құруға мүмкіндік беретін кешенді жүйе қалыптастырады. Алға қойған міндеттерді шешуге мұндай кешенді көзқарас төмендегідей мүмкіндіктер береді:

• облыс экономикасы дамуының басым бағыттарын таңдау;

• жобаларды таңдау және талдау процесінде кемшіліктерді жоюға күш салып, жетістіктерін экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін тиімді қолдану;

• болашағы бар жобаларды тәжірибеге енгізіп, нақты нәтижелерге қол жеткізу;

• аймақ экономикасының қарқынды және жан-жақты дамуына ықпал жасау.

Индустриялық-инновациялық Стратегияны орындау мақсатында Атырау облысы әкімдігі төмендегі бағдарламалық құжаттарды дайындап қабылдады:

• «Облыстың өндіріс күштерін 2015 жылға дейін дамыту және орналастыру схемасы».

• «Облыстың Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары».

• Аудандар мен Атырау қаласының мұнай-газ, құрылыс және аграрлық секторлардағы потенциалы ескерілген «Облыстың 2007 жылға дейінгі даму схемасы».


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 525; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!