Ынталы жобаны орындау мерзімі 4 страница



Материализация, яғни жаңа нәрселер мен еңбек заттарын, технология мен өндірістік ұйымдардың жаңаландырылуы, ал коммерциализация, оларды табыс көздеріне айналдырылумен байланысты.

Инновациялық процесстің субъектілерін мынадай топтарға бөлуге болады.: новаторлар, реципиенттер, оқушылар, артта қалушылар.

Новаторлар – ғылыми-техникалық білімдердің генераторы ретінде жүреді. Оларға: зерттеу ұйымдары мен жеке тапқырлар жатады.

Реципиенттер болып кәсіпкерлер табылады, яғни жаңашылдықты бірінші игеріп алғандар.Олар осы жолмен қосымша табыс алу мақсатында нарыққа жаңалық енгізуге тез тырысады.

Оқушылар - өндірске ең бірінші болып жаңалық енгізген фирмалар табылады.

Артта қалушылар – жаңалық енгізуде кешіккендіктен, олардың жаңа тауарлары моральды тозады.

3.2 Инновациялық процесстерді ұйымдастыру әдістері

Инновациялық процесс – инновацияларды тарату, қалыптастыру және ұғынумен байланысты. Инновацияны қалыптастырушылар (новаторлар) экономикалық тиімділік және өнімнің өмірлік циклі сияқты критерийлермен басқарылады.

Инновацияның тез таралуы үшін дамыған инфрақұрылым қажет. Жалпы ИП мынадай түрде жазуға болады:

                              ФИ-ПИ-Р-Пр-С-ОС-ПП-М-Сб

Мұндағы: ФИ-фундаменталды зерттеу (ФЗ)

             ПИ-қолданбалы зерттеулер (ҚЗ)

                Р-өңдеу

             Пр-проектілеу

             С-құрылыс

             ОС-меңгеру

             ПП-өнеркәсіптік өндіріс (ӨӨ)

             М-маркетинг

             Сб-өткізім

М;Сб – бұл коммерциялық өткізіммен байланысты, ал алғашқылары жаңашылдықтың енгізілуіне байланысты. Сонымен, инновациялық менеджер инновациялық процесстің түрлі фазаларымен жұмыс жасайды және осылармен қоса өзінің басқарушылық қызметін құрады.

3.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру және басқару

Сыртқы контрагенттер ішінде кәсіпорынды қолданбалы зерттеулермен қамтамасыз етіп отыратын және сонымен қатар сол зерттеулерді ендіруде үлкен қызмет атқаратын төмендегі негізгі қатысушылар қатары болып есептеледі.

Сонымен белсенді инновациялық қызметтің нәтижесінде және оның субъектілерінің концентрациясында сонымен қатар белгілі бір аталмыш аумақтарда технопарктер құрлымдары пайда болуы мүмкін немесе технополистер. Дегенмен әдетте әлеуметтік үлгіде болып келетін және инновациялық қызметтің нәтижесінде ұйымдастырлған бірліктерге қарағанда оның өзі инновациялық процесстерге қатысатын.

Инновациялық қызметтің қатысушыларының ішкі спектрі де айтарлықтай күрделі болып келеді (кесте 3.1).

кесте 3.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің ішкі контрагенттері

Инновациялық қызметтің қатысушылары                               Қысқаша мінездеме
 Венчурлы инновациялы фирмалар Материалды - технологиялық инновацияны өңдеудегі арнайыландырылған фирмаларға тек жоғары дәрежедегі радикалдылық жеткілікті болып жатыр
Венчурлы енгіздіру фирмалары Инновациялық жобаларды талдауды қамтамасыз ететін және ғылымми - технологиялық сараптамалар жүргізіп отыруды енгізіп отыратын фирмалар.
Инжинирингті фирмалар  Шығарылған өнімдердің қызметін инновациялық қызметке қатысушыларға таныстыратын фирма (мысалға: портатив қиындыларын жобалау, нақты зерттеулер жүргізулер т/б)
Спинннингті фирмалар және бөлімшелері Фирмалар немесе бөлімшелер инновацияны коммерциялаудағы және сонымен қатар өзінікін де.
Спинофтар Фирмалар немесе бөлімшелер инновациядан тыс өзінің мүддесіне бөлек коммерциялық қосымшалар іздейтін (ғылыми техникалық ауысымдар) немесе аталмыш бір әсер етушілікті коммерциализациялау (инновациялық қызметтің өнімдерін)
 Консорциумы (пулы) Өнеркәсіптік мекемелер, қаржылық құрлымдармен , ғылыми зерттеу мекемелерімен ірі иновациялық жобаларды іске асыру бағытында туралы уақытша келісімдер
 Аздаған инновациялы топтар немесе өз алдына жеке зерттеушілер Құрлымдығы жағынан әртүрлі деңгейдегі топтар және инноваторлар нақты жобаларды іске асыру жолында тартылған.

 

Инновациялық қызметті жүзеге асыру кезінде басқа ортадағыдай (сферадағыдай) емес мекемелердің матрицалы жүйесі енгізілген оның байланысы әдетте зерттеу инновациялы, маркетингті, технологиялы және жоспарлы, экономикалы кәсіпорын болып табылады.

Матрицалы жүйесі бойынша (интеграциямен) біз бөлімшенің құрылуын түсінеміз оның өзін уақытша құбылыс ретінде оның қатарына әртүрлі мекемелер құрлымдарының қызметкерлері кіретін және осы жерде оның басшысы функционалды бөлімшенің құқықтары сияқты ісептес болады. Бірақ бұл жаңа енгізілімдерді ішкі және сыртқы байланыстарда жүзеге асыруда кедергі бола алмайды.

Матрицалы мекемелер талабы бойынша мекеменің жаңа енгізілген түрі оның инновациялық жобаларды іске асыруында жағымды жағдайында болады.

Бекітілетін сұрақтар:

1. Инновациялық процесстерді интегралды, параллелді және тізбекті ұйымдастыру әдістері.

2. Инновациялық қызметті басқарудағы кедергілер жзәне ынталандырушы факторлар.

3. Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдаестыру және басқару.

Негізгі түсінік

Моножобалар;

Мультижобалар;

Мегажобалар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -

банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с

2. Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.- Киев,1998.- 264с          

3.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - Алматы Экономика,2001. -158

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с.

5.Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 60с

6.Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005

4 – тақырып. Ұйымның инновациялық потенциалын анықтау

Дәріс жоспары:

4.1Ұйымның инновациялық потенциалы ұғымын қарастыру.

4.2 Кәсіпорынның инновациялық дамуы және инновациялық потенциалы деңгейіне баға беру әдістері.

4.3 Кәсіпорынның инновациялық процестері мен қызметін басқару және ұйымдастыру.

4.1 Ұйымның инновациялық потенциалы ұғымын қарастыру

Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:

1. инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;

2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;

3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;

4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде. 

Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады. XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:

· экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;

· экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;

· интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi болып табылады.

Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :

1. елде экономикалық ресурстардың өсуi;

2. өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;

3. шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;

4. адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.

Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады. 

4.2 Кәсіпорынның инновациялық дамуы және инновациялық потенциалы деңгейіне баға беру әдістері

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланыстыинтенсивтi және экстенсивтi  түрлерi болады.

Экстенcивтi түрiне:

· Технологияда инвестицияның артуы;

· Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;

· Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;

Интенcивтi факторларға:

· Ғылыми-техникалық прогрестi дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге асуы; 

· Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы, бiлiм берудi дамыту;

· Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;

· Қызметкерлердiң бос уақытының өсуi.

Көрiп отырғандай елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенcивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекетөзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.

Ол үшiн елде 1990 жылдан кейiн құлдырап кетен барлық өндiрiстердi инвестиция тарту арқылы iске қосу, кәсiпкерлiктi дамыту, әсiресе шағын бизнестi мемлекеттiк қолдау, ғылыми-техникалық еңбектерге және инновациялық қызметтерге мемлекеттiк салық және несие жеңiлдiктерi арқылы оларды ынталандыру, елдегi халықтың бiлiм деңгейiн реформалау және жоғары дәрежелi мамандар даярлап шығару, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарда тиiмдi саясат жүргiзу елiмiздiң басты мiндеттерi болып отыр.

Экономикалық iлiмдер тарихында жаңалық енгiзу түсiнiгiне түрлi көзқарастар бар. Көбiнесе инновация түсiнiгiн экономистер техникалық жаңалық енгiзумен байланыстырады. Инновацияны екi сыныпқа жiктейдi: инновациялық процесс және өнiм инновациясы. Бiрақ бұл екеуiн бөлiп қарау мүмкiн де емес. Шығындарды қысқартатын процестi енгiзу, шығарылатын өнiм құрылымына өзгерiстер енгiзу, ал жаңа өнiмдер өз кезегiнде жаңа жаңа құрылғыны жасап дайындауды қажет етедi.

    Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып, өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.

 

4.3 Кәсіпорынның инновациялық процестері мен қызметін басқару және ұйымдастыру

Қазiргi заманғы көз қарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.

XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi айқын көрiндi. Оларға:

· шикiзаттық бағыттағы экономика;

· дамушы экономика;

· индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы.

Мұнда шикiзаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономика елдерге жаңа технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей шетел инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы ғылыми-техникалық потенциялы жоғары дамыған елдерде орын алуда. Бұл экономиканы бiлiмге негiзделген экономика деп атауға да болады. Ендi осы экономикалық қоғамдарды толық түсiну үшiн келесi 1-шi кестеге көз жүгiртсек болады. Бұл кестеден көретiнiмiз бiздiң елiмiз әлi де болса индустрияға дейiнгi және индустриялы қоғамды бiрге басынан өткеруде.

Бекітілетін сұрақтар:

1. Инновациялық потенциалды анықтау әдістері.

2. Инновациялық климат түсінігі.

3. Кәсіпорынның инновациялық дамуы және инновациялық потенциалы деңгейіне баға беру әдістері.

Негізгі түсінік

Тәукел

Жоба

Демография

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -

банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с

2. Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.- Киев,1998.- 264с          

3. Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - Алматы Экономика,2001. -158

4. Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с.

5. Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 60с

6. Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005

5 – тақырып. Инновациялық проектердің құрамы және құрылымы

Дәріс жоспары:

5.1 Проект мақсаты, өмір циклы.

5.2 Инновациялық проекттерді іріктеу әдістері.

5.3 Инновациялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.

5.1 Проект мақсаты, өмір циклы

Зерттеушілер жобасы – әлеуметтік-мәдени, халық шаруашылық, саяси мағынасы бар теоретикалық және тәжірибелік тапсырмаларды шешуге бағытталған зерттеулер мен әзірлемелер жоспары. Зерттеушілер жобаларда ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық және технологиялық шешімдер қарастырылады.

Ынталы жобалар ғылыми жобалармен немесе ғалымдармен жүзеге асырылады.Ынталы жобаның орындалу мерзімі 1,5 немесе 3 жыл.

Ғылыми зерттеудің материалдық-техникалық базасын дамыту жобасы өзіне мыналарды қосады:

- түбірлі мәселелер;

- жабдықтарды пайдалану саласын нұсқау;

- жабдықтардың құрылымына енгізу мен оны сатып алу жұмысының жалпы жоспары;

- жабдықтар мен материалдың тізбесі;

- сатып алуға арналған өзара шарт.

Деректер қорлары мен ақпараттық жүйелерді құру жобасында мыналар көрсетіледі:

- білім саласы;

- ғылыми мәселелер;

- нақты түбегейлі тапсырмалар;

- ұсынылатын әдістемелер мен көзқарастар;

- жобаның толық орындалу мерзіміне арналған жұмысшының жалпы жоспары.

Баспа жобасында мыналар көрсетіледі:

- түбегейлі ғылыми мәселе;

- берілген мәселелер айналасындағы нақты тапсырма;

- анықтамалық жоспар басылымы, басылым мөлшері және таралым.

Экспедициялық жұмыстарды жүргізу жобасы мыналарды ашып көрсетеді:


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 631; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!