Ынталы жобаны орындау мерзімі 3 страница



                                                                 ­ жүйелі;

                                                                 ­ стратегиялық.

5) Инновациялық потенциалы бойынша: ­ радикалды;

                                                                  ­ комбинаторлы.

 

Инновациялық менеджменттің схемасы

                 

                       Жоспарлау

Мақсаттардың                                            

қойылуы,                                                Шарттардың

стратегияның                                          берілімі мен ұйым

таңдалуы

 

Басшылық

 

                               Орындалу

1.2 ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.Сондықтанда болар бүгiнгi күнiэкономикалықдамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр.

Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз.

Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп, индустриялы-инновациялы дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.

ҚР-ның инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi.

Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi.

2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.

1.3 Инноватика теориясының қалыптасуы - Й. Шумпетер теориясы

Көптеген ғалымдар, негізінде шетелдік ғалымдар (Н.Мончев, И.Перлаки, В.Д.Хартман, Э.Роджерс, Й.Шумпетер, Р.Фостер, Б.Твисс) бұл сөзді өзінің зерттейтін объектісі мен заты бойынша мазмұндайды. Мысалы, Б.Твисс инновацияны процесс ретінде, яғни бұл процессте идея мен тапқырлық экономикалық мазмұнды қабылдайтындығы туралы айтып кеткен. Ал Ф.Никсон инновация – бұл техникалық, өндірістік және коммерциялық қызметтердің жиынтығы деген.

Инновацияның түрлі түсініктерінің талдауы бойынша инновацияның спецификалық мазмұны өзгерісті құрайды, ал инновациялық қызметтің ең басты функциясы болып өзгеру функциясы табылады.

Австрия ғалымы Й.Шумпетер 5 өзгерісті белгілеген:

1) Жаңа техника, жаңа технологиялық процесстер мен өндірісті жаңа нарықтық қамсыздандыруда (сату-сатып алу) қолдану.

2) Өнімдерді жаңа қасиеттермен өндіру.

3) Жаңа шикізаттарды қолдану.

4) Өндірісте ұйымның өзгеруі мен оның материалды-техникалық қамсыздануы.

5) Жаңа өтімді нарықтың пайда болуы.

Бұл өзгерістерді Й.Шумпетер 1911 жылы қалыптастырған. Тек, 30 жылы ғана инновация түсінігін енгізген. Инновация динамикалық және статистикалық аспектілерде де қаралуы мүмкін. «Инновация» және «инновациялық процесс» терминдері бір-біріне жақын, бірақ мәні басқа.

Бекітілетін сұрақтар:

1. Р.Фостердің технологиялық айырылымдар теориясы, Ғылыми – техникалық прогресс экономикалық өсу факторы ретінде.

2. Солоу, Е.Домар және Р.Харрод моделдері.

3. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы

Негізгі түсінік

Инновация

Процесс

Прогресс

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -

банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с

2. Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.- Киев,1998.- 264с          

3. Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - Алматы Экономика,2001. -158

4. Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с.

5. Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 60с

6. Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005

2 – тақырып. Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару негіздері

Дәріс жоспары:

2.1 Инновациялық менеджмент басқару процессі ретінде.

2.2 Инновациялық менеджменттің теориялық аспектілері. 

2.3 Инновациялық менеджменттің даму эволюциясы.

2.1 Инновациялық менеджмент басқару процессі ретінде

Инновациялық менеджмент – бұл инновациялық процесстердің басқару формалары, әдістері, принциптері мен қызметтерінің жиынтығы. Менеджментке және менеджменттің басқа да облыстарына келесілер қажетті:

1) Мақсаттардың қойылымы мен стратегияның таңдалуы.

2) Циклдың 4 стадиясы: жоспарлау, шарттардың берілімі мен ұйым, орындалу, басшылық.

Практикада «жаңашылдық», «новация», «жаңалық» түсініктері бар, олар бір-біріне жақын, бірақ та олардың арасында да бірнеше өзгешелік бар. Жаңалық болып жаңа тәртіп, әдіс, тапқырлық табылады. Жаңашылдық – ол жаңалықтың қолданылуы болып табылады.

Ғылыми Техникалық Инновациялар:

а) жаңамен қамтылуы керек;

б) нарықтық сұранысты қанағаттандыру керек;

в) өндірушіге табыс әкелу керек.

Жаңашылдықты қалыптастыру мен тарату, инновациялық процесстің (ИП) ажырамас бөлігі болып табылады. Инновациялық процесстің 3 логикалық формасы ажыратылады:

1) Жай ішкі ұйымдық (натуралды).

2) Жай ұйымаралық (тауарлы)

3) Кең көлемді.

Жай ішкі ұйымдық инновациялық процесстің, жаңашылдықтың қалыптасуы мен қолданылуы тек қана бір ұйым ішінде болуын айтады.

Жай ұйымаралық инновациялық процессте жаңашылдықтың сату-сатып алу заты ретінде жүреді. Кең көлемді инновациялық процесс, жаңашылдықты жаңа өндірушілердің қалыптасуы кезінде байқалады. Жай инновациялық процесс тауарлы инновациялық прогресске 2 фаза арқылы өтеді:

1) Жаңашылдықты қалыптастыру мен оны тарату.

2) Жаңашылыдық диффузиясы.

Инновацияны тарату – бұл ақпараттық процесс, ақпараттарды өз практикасында қолдану, ақпараттармен алмасу, яғни коомуникациялық каналдардың қуатына тәуелді форма, жылдамдық. Инновациялық диффузия – жаңашылдықтың коммуникациялық каналдар арқылы әлеуметтік жүйелер мүшелері арасында берілуі. Бұл жерде жаңашылдық идея, заттар, техникалар, яғни шаруашылық субъектілерге олар жаңа болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, диффузия – бұл қолданылған және белгіленген инновациялардың жаңа жерлер мен жаңа жағдайларда таратылуы. Осының қорытындысында өндірушілер мен тұтынушылар саны көбейеді.

2.2 Инновациялық менеджменттің теориялық аспектілері

Инновациялық менеджменттің ұйымдық құрылымы – бұл ғылыми зерттеулер мен өңдеулердің инновациялық қызметпен айналысатын фирмалар, ұйымдар. Ғылыми ұйым – бұнда ғылыми зерттеулер мен өңдеулер қызметінің ең негізгі түрін құрайтын ұйым (мекеме, фирма, өнеркәсіп).

Инновациялық менеджменттің ұйымдық құрылымының ішінде ең басты рольді кіші фирмалар ойнайды. Инновациялық бизнестің ең негізгі мәселесі болып қаржыландыру мәселесі табылады. Бұл мәселені шешуде инновациялық фирмаларды және кәсіпкерлерді қолдайтын ұйымдар қатысады. Ол ұйымдарға бизнес-инкубаторлар және технология инкубаторлары жатады.

Ғылыми зерттеулердің ауырлығы мен комплекстілігінің өсуіне байланысты бизнес-инкубаторлардың шығуына әкеп соқтырды. «Инкубатордың» басты тағайынымы – ұсақ кәсіпкерлікті қолдауға байланысты. Түрлі әдебиеттерде инкубаторды түрлі қылып айтады: «инновациялық орта», «кәсіпкерлік орта», «технологиялық бизнес-орта». Бизнес-инкубаторлар нақты бір тауардың дамуымен айналыспайды, керісінше, тәуелсіз шаруашылық субъектіні қарастырады.

Алғашқы бизнес-инкубаторлар 70 жыл аяғында мен 80жыл бас кезінде пайда болды және 2 стратегиялық сызық арқылы қозғалады.

Бірінші стратегия – ол жаңа ашылған фирмаларға орын табу, яғни мәселе. Нарықтық экономикасы бар елдерде инкубаторлар жергілікті мемлекеттік органдар қаржысы, университеттер мен басқа да оқу орындары, өнеркәсіптік корпорациялар, орталық үкіметтерден алынған субсидиялар көмегімен ұйымдастырылады және қаржыландырылады.

Көптеген бизнес-инкубаторлар аралас кәсіпорындарды бейнелейді. Олардың арасында 4 басты түрін бөлуге болады:

­ корпоративтік;

­ қоғамдық;

­ университеттік;

­ жеке.

2.3 Инновациялық менеджменттің даму эволюциясы

Бизнес-инкубаторлардың қызметінің жақсы орындалуы потенциалды клиенттерді алғандағы қолданылатын саясат және жобалар мен идеялардың дұрыс сұрыпталуы.

Инкубаторлардың табысы, коммерциялық кәсіпорындар сияқты келесі көздерден құралады:

- арендалық төлем;

- қызметтерді сату.

Бизнес-инкубаторларды қалыптастыру ҒТП-тің жылдам өсуіне әкеп соқтырады. Өйткені, ҒТП-сіз экономика кризистен шыға алмауы мүмкін және оның бәсекеге қабілеттілігі. Бизнес инкубаторы автономды бола алады, заңды тұлғаның құқығы арқылы жеке шаруашылық бірлігі негізінде бола алады. Бизнес ортаның жаңа экономикада өзгеруі интернет инкубаторлардың пайда болуына әкеледі.

Жаңа экономикаға негіз бола алады: үзіліссіз процесс, тәуекелділікке баруға дайындығы, капитал, өзгерістердің жылдамдығы, жаңа альянстардың қалыптасуы.

Интернет-инкубаторлардың келесідей типтері болуы мүмкін:

- венчурлық инкубаторлар:

- венчурлық акселераторлар;

- венчурлық портал;

- вертикальды инкубаторлар;

- ішкі идеяларға бейімді инкубаторлар;

- желілік инкубаторлар.

Венчурлық акселератор – бұл арнайы сервистік компания, яғни бастауыш кәсіпкерлерге бизнес-жоспар, маркетинг дайындауға байланысты консультациялық қызмет көрсетеді.

Желілік инкубаторлар – басқарушы компаниялармен венчурлық қорлардан, сонымен қатар, әр түрлі қалада орналасқан компаниялармен жұмыс жасайтын компания.

Вертикальды инкубатор – белгілі бір вертикальды нарыққа жататын компаниялардың өсуімен жұмыс жасайды.

 

Кіші инновациялық бизнестің ұйымдық құрылымы


Бекітілетін сұрақтар:

1. Инновациялық менеджменттің теориялық аспектілері. 

2. Инновациялық менеджменттің даму эволюциясы.

3. Инновациялық процесс пен инновациялық қызмет түсінігі.

Негізгі түсінік

Стратегия

Капитал

Технология

Фактор

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -

банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с

2. Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.- Киев,1998.- 264с          

3.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - Алматы Экономика,2001. -158

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с.

5.Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 60с

6.Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005

3 – тақырып. Кәсіпорын инновациялық процессін басқару әдістері

Дәріс жоспары:

3.1 Инновациялық менеджменттің қазіргі күнгі концепциялары.

3.2 Инновациялық процесстерді ұйымдастыру әдістері.

3.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру және басқару.

3.1 Инновациялық менеджменттің қазіргі күнгі концепциялары

Новаторлардың стратегиясы – белгілі бір облыста жаңашылдық қалыптастыруда, яғни бәсекелестерді туғызуда болып саналады. Ғылыми-техникалық өңдеу мен жаңаландыру ғылыми-өндірістік циклдің аралық қорытындысы сияқты шығады.Ал практикалық қолданыста ғылыми-техникалық инновацияға айналады.

Ғылыми-техникалық инновация (ҒТИ) – бұл жаңа идеялар мен білімдердің, ашулардың, ғылыми-техникалық өндірістің материализациясы. Инновацияның негізгі қасиеттері болып ғылыми-техникалық жаңалық және өндірстік қолданулар табылады.

Инновация инновациялық процесспен қатар жүргендіктен, олардың бірдей 3 қасиеті бар:

- ғылыми-техникалық жаңалық;

- өндірістік қолданыс;

- коммерциялық өткізім.

Коммерциялық аспект инновацияны экономикалық қажеттілік ретінде белгілейді, яғни нарықтық қажеттіліктер арқылы 2 жағдайға назар аударайық: инновациялық материализация және коммерциализация.


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 745; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!