Появление морских водорослей и водорослей, содержащих продукты в Великобритании: акцент на маркировке, содержании йода, токсичности и питании



Мария Буга

Абстрактные

Морские водоросли (съедобные водоросли) не являются основным продуктом питания в западной диете, несмотря на случайное использование в качестве традиционного ингредиента в прибрежных районах. Высокая пищевая ценность в сочетании с расширением индустрии здорового питания привела к возобновлению водорослей в британской диете. В то время как морские водоросли могут быть полезны при борьбе с диетической йодной недостаточностью, потребление некоторых видов и источников морских водорослей также связано с рисками, такими как токсичность с высоким уровнем йода или накопление мышьяка, тяжелых металлов и загрязняющих веществ. Нынешний розничный уровень морских водорослей и съедобных водорослей на британском рынке, будь то целые продукты или ингредиенты, оценивался с особым упором на маркировку и содержание йода. Продукты, содержащие морские водоросли ( n= 224). Только 22 продукта (10%) заявили информацию о содержании йода и еще 40 (18%) предоставили информацию, достаточную для оценки содержания йода. Для этих продуктов медианное содержание йода составляло 110 мкг / г (IQR 21-503) и 585 мкг на расчетную порцию (IQR 105-2520) . Хотя расчеты по экспорту йода на порцию основывались на предположениях, 26 продуктов могли бы потенциально привести к потреблению йода выше (европейский) допустимый взрослый верхний уровень в 600 мкг / день. В контексте представленных данных есть возможность улучшить маркировку продукта (виды, источник, обработка, контент).[ 65].

2. Йод тапшылық балалар арасындағы басты негізгі проблема.
2.1. Йод тапшылығы және оның балалар организміне алып келетін зардабы

Табиғатта неліктен йод тапшылығы кездеседі?

    Йодтың ауыз судағы жəне тағамдық өнімдердегі мөлшері оның жергілікті топырақтағы мөлшеріне байланысты. Йод тапшылығы ең біріншіден, қоршаған орта проблемасымен байланыста пайда болады. Йод біртіндеп жер қыртысынан жуылып кетуде. Планета топырағы йодты жауын-шашын, су тасулардан, эрозиялардан, өте үрдіс өңдеу салдарынан жоғалтуда, жəне де бұл тенденцияны қайтаруға немесе тоқтатуға тырысушылықтың ешбір белгісі танылмай отыр. Йод табиғатта үздіксіз қозғалу арқылы шеңберлік айналым жасауда: теңіз жəне мұхит суларының бетінен буланып көтеріліп, атмосферада концентрацияланып жаңбыр мен қар болып жер бетіне қайта қонады. Цикл, сонымен, доғалданады. Дегенмен йодтың жерге қайта түсуі, жоғалту шығындарына қарағанда, салыстырмалы түрде аз мөлшерде жəне өте баяу жүреді. Мұздықтардың еруі кезінде жəне жауын-шашын əсерінен йод топырақтың төменгі құнарсыз қыртыстарына тұздықталынып еніп кетеді. Қайта шайылып кетулер топырақта йод тапшылығының пайда болуына соқтырды. Нəтижесінде, осы топырақта өскен түгел дерлік өсімдіктерде йод жетіспеушілігі бар, ал осы топырақта өскен өсімдіктерге тəуелді адамдар мен жануарларда йот тапшылық жағдаяты пайда болып өрбиді. Йодтың тапшылығы аса қатты байқалатын жерлерге Гималай, Анд, Еуропа Альпісі жəне Қытайдың ауқымды таулы аудандары жатады. Йод тапшылығы табиғи жəне жартылай табиғи шаруашылықпен күн көретін халық арасында жиі дамитыны байқалады. Қазақстанның көптеген тұрғындары өздерінің күнкөріс минимум бақшаларындағы немесе қала сыртында орналасқан бақтық саяжайларында өсіріп жинайтын көкөніс пен жемістерден қамтамасыз етеді, ал бұл жерлерде топырақ құнарлы болғанымен, йодқа жұтаңдау болуы ықтимал. Йод тапшылық пайда болуының негізгі себептерінің бірінің осы жағдай екені күмəнсіз. Йодтың жергілікті судағы мөлшерінің концентрациясы йодтың топырақтағы мөлшерін көрсетеді. Əдетінде йод тапшылығы кездесетін аудандарда йодтың судағы концентрациясы 2 мкг/л-ден кем. Іс жүзінде, су адам организміне түсетін йодтың назар аударарлық көзіне жатпайды. Өйткені ауыз суында йод өте аз көлемде кездеседі, бұл микроэлементтің негізгі бөлігін біз тағамдық өнімдерден аламыз. Йодқа жұтаң аудандарға, əдетінде теңіздерден алшақта орналасқан территориялар мен таулы аудандар жатады. Йодтың өсімдік жемістері мен жануарлар организмдеріндегі мөлшері оның қоршаған ортадағы мөлшерімен анықталады. Ал топырақтың басым бөлігі йодқа жұтаң болғандықтан, өсімдік тектес немесе жануар тектес тағамдық өнімдердің негізі массасы осы микроэлементке аса кедей келеді. Йод мөлшерінің жануар тектес немесе өсімдік тектес тағамдық өнімдердегі, сонымен қатар ауыз суында да кемдігінен, əдетінде адамдардың тағамдық рациондары, олардың осы минералға қажеттілігін өтеп қанағаттандырмайды. Йодтың толыққұнды мөлшеріне бай көздерге тек теңіз жəне мұхиттық тағамдық өнімдер ғана жатады. Алайда бұл тағамдар Қазақстан халқының тамақтануында елеулі роль атқармайды.

Йод тапшылық проблемалары қай уақыттан бері бар?

   Йод тапшылығы адам цивилизациясы басталуымен бірге пайда болған. Жемсау мен нақұрыстық (кретинизм) таралулары туралы ең алғашқы жазбалар Қытай мен Индияның, Египеттің, Антикалық Греция мен Римнің ерте кездегі мəдениетінде кездеседі. Ертедегі қытайлықтар жемсауды емдеу үшін теңіз балдырлары мен жануарлардың қалқанша бездерін қолданған. Жемсауды теңіз балдырлары мен жануарлардың қалқанша бездерінің жүзінділерімен емдеу тəсілі жүздеген жылдар бойы жемсауды емдеудегі əдістің белгілі прогресстік түрі болып саналады. Хиндидің ертедегі əдебиеттерінде біздің эрамызға дейінгі 2000 жылдармен белгіленген Атарва–Веда кітабында жемсауға нұсқаулар кездеседі. Египеттің ерте заманғы Эберс папирус жазбаларында хирургиялық əдіспен емделінген мойындағы ісіктері суреттелінген. Жемсаудың ең ерте кездегі суреттемелерін біздің эрамызға дейінгі 2–3 ғасырлардағы Гандхарадағы (қазіргі кездегі Пəкістан) буддалық фрескалардан табуға болады. Кейбір римдік жазушылар Альпіде жемсаудың жиі кездесулерін атап өткен. Цезарь өзінің əскери жорықтарында галлдықтардың мойынындағы «төмпешіктерді» байқаған. Медицинаның əкесі Гиппократ нашар ауыз суын жемсау дамуының себебі ретінде қарастырған, ол туралы өзінің «Воздух, вода и земля» атты атақты кітабында жазып қалдырған. Жемсауға Орта ғасырлар живописі мен скульптурасында қызығушылық танытылып жəне назар ауған. Жемсау мен нақұрыстықтың ең алғашқы бейнеленулері Еуропада Венаның Австриялық Ұлттық кітапханасындағы 1215 жылы шығарылған кітабынан табылды. Суретте үш үлкен жемсауы бар жəне бетінде ақымақтық белгісі бар тұлға «ақымақтың скипетрімен» бейнеленген. Ол кездерде қолына шылдырмақ ұстату мисыздық-ақымақтың белгісі болып саналған. Орта ғасырларда жемсауы бар нақұрыстар қылқалам суреттемелерінде періште немесе ашулы пері дыюлар бейнесінде берілген. Алғашқы дəл суреттемелер Жаңғыру дəуірінде жасалды. Италиялық суреттерде сол дəуірдің батырлары мойнында жемсауы бар болып суретке салынды, бұл сол дəуірде күнделікті қалыпты жағдай болуы да ықтимал. Ескі византиялық жəне орыс икондарындағы Богоматерь жəне оның қолындағы сəбиі де жиі мойындарында айқын білінетін жемсау белгісімен суреттелінді. Марко Поло өзінің атақты 1275 жылғы Венециядан Ұлы Қытай Ханының сарайына саяхатында Орталық Азия тұрғындарында жемсау құбылысын байқаған. Жəне ол жемсау мен нақұрыстықтың ауыр түрлері таралғанын байқаған бұл ауданның Қытайдың батыс провинциясы Синцзяньға өте жақын орналасқанын жазған. XVII–XVIII ғасырларда ғылыми зерттеулер саны өсті жəне 1754 жылғы Дидро «Энциклопедиясында» алғашқы рет «нақұрыс (кретин)» ұғымы пайда болды. XIX басыр басында жемсау проблемасына қызығушылық басталды. Наполеон Бонопарт алғаш рет өзінің қарамағындағы тұрғындарды жүйелі түрде жемсауға тексеруді бұйырды, өйткені таулы аудандардан шақырылған жаңа əскерилердің көбісі əскери қызметке ақылдың кемдігінен жəне құлақтың нашар естулеріне байланысты жарамсыз болып шықты.Колумбияға жұмыс істеуге келген жас дəрігер Рулен, жергіліктітұрғындардың тұзды тек қана кейбір табиғи жерлерден ғана алып пайдаланатынын байқаған. Жалпы елде жемсау құбылысы кеңінен таралғанымен, нақ осы тұрғындарда жемсау некен-саяқ кездесетіні белгілі еді. Рулен осы тұздың бірнеше сынамасын атақты ғалым Буссинголтқа жіберді, ал ол бұл сынамаларда йод мөлшерін анықтауға ден қойды. Жергілікті тұрғындардың таңдауы түскен бұл тұздың құрамында йодтың мөлшерінің көп екендігі анықталынды. Сондықтан, тұзды йодтау алғашқы рет Колумбияда (Оңтүстік Америка) ұзақ жылдар бойы тұрған ғалым Буссинголтпен ұсынылған еді. Ол Антигуадағы Гуака шахтасынан өндірілген тұзды тамаққа қосу, тұрғындардың дендерінің саулығын жақсартатынын байқады. Соңырақ, 1833 жылы ол жемсаудың алдын алу үшін йодталынған тұзды пайдалануға кеңес берді. Қазіргі кездегі жемсаудың таралуының алдын алу мен бақылау əдістері Давид Мариннің еңбектерінде негізделінді, ол тіптен 1915 жылы- ақ: «Барлық танымал аурулардың арасында эндемиялық жемсаудың алдын алу оңай» деп үндеу тастаған болатын. Сол жылдары Ханцигер Швейцарияда жемсаудың алдын алу үшін йодталынған тұзды пайдалануды ұсынды. Йодтық алдын алу шаралары туралы алғашқы кең ауқымды зерттеулер 1916–1920 жылдары Марин жəне Кимбаллмен (Marine and Kimball, 1922) Акронада, Огайо штаты, АҚШ-та атқарылды. Бұл тəжірибеге 11 мен 18 жас аралығындағы 5 мыңға жуық қыз балалар қатысты. Сол мезгілде йодтың таңданарлық емдік жəне профилактикалық əсері көрсетілді.

ЙОДТАПШЫЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Бүгінде іс жүзінде «нақұрыс (кретинизм)» термин əрбір адам үшін физикалық кемістіктермен жəне ақыл-ой дамуының мешеулігімен, бойтын пəстігімен танымал. Өкінішке орай, бұл туыла біткен аса қорқынышты науқастықтың түп-тамыры жүктілік кезіндегі əйел организміндегі йод тапшылығының ауыр дəрежесінің салдарынан екенін елдің бəрі біле бермейді. Осыған орай нақұрыстық – йод тапшылықтың ең ауыр дəрежесі екенін есте сақтау керек. Сонымен, бұл патологияның клиникалық белгілері аса анық байқалмайтын орта жəне жеңіл дəрежелері де бар.Йодтапшылықтың орта немесе жеңіл түрлері де физикалық жəне ақыл-ой дамуларында едəуір бұзылыстардың туындауына жəне организмнің қорғауыш күштерінің осалдануына себепкер екендігі күмəн келтірмеуі керек. Организмге йод жетіспегенде қалқанша безінінің жемсау құрап үлғаюы байқалады. Тіннің өсуі жəне қалқанша безінің көлемінің ұлғаюы белгілі бір уақытқа дейін йод тапшылығын білдірмей орынын толтырып жəне қандағы тиреоидтық гормондардың деңгейін демеп ұстап отырады. Алайда бұл компенсациялық демеулер салыстырмалы түрде аса ұзаққа созылмайды, ақыр соңында, қандағы бұл гормондардың деңгейі төмендейді, ал бұл жағдай біртіндеп ми дамуына жəне басқа органдарға кері əсерін тигізеді.

Йод тапшылығының ми бұзылыстары дамуының себептері ретінде атқаратын ролін кешенді зерттеулер жүргізу арқасында айқындады. Бұл йод тапшылығы салдарынан зардап шегетін тұлғалардың клиникалық бағалаулары, халық топтары мен қауымдастықтарды эпидемиологиялық зерттеулер нəтижелері, жəне де жануарларға жүргізілген йод тапшылықтың тəжірибелік жағдайдағы үлгілеріне жүргізілген зерттеулер нəтижелері.

    Аталған зерттеулердің нəтижелері йод тапшылықтың негізгі салдарына кəдімгі мойындағы ісік (жемсау) ретінде қарайтын концептуалдық көзқарасты қайта қаруды талап етеді, өйткені бұл бəрінен бұрын өсу мен дамуға, əсіресе мидың дамуына жалпылама əсер ететін жағдай. Сондықтан да жалпы қолданымды «йодтапшылық бұзылыстары»

(ЙТБ), немесе «йод жетіспеушілік бұзылыстары» (ЙЖБ), немесе «йод тапшылық аурулары» (Hetzel, 1983) терминдері ұсынылды. Йод тапшылықтан туындайтын «аурулар» немесе «бұзылыстар» терминдері

йод тапшылықтан адам мен жануар организмдерінде пайда болатын, бірақ

йодтық статусты коррекциялау арқылы алдын алуға жəне қайта қалпына

келтіруге болатын жағдайларға қолданымды. Сонымен, йодтапшылық

бұзылыстарына жемсау, нəрестенің өлі туылуы, гипотиреоздың туа біткен жəне басқа типтері жатады, бірақ йод тапшылықтың маңызды салдарына құрсақтағы нəрестенің миының зардап шегіп бұзылу қалыптары кіреді. Бүгінде IDD (ЙТБ) термині бүкіл əлемде қолданылады, ал Қытайда ол ағылшын тілінен аударылмай-ақ сол күйінде қолданылады.

   Йод тапшылықтың миға əсерлері барлық өмір сүру кезеңдерінде байқалады жəне мидың жарақат алуы əсіресе құрсақтағы нəрестеде қатты білінеді, сосын жаңа туылған нəрестелер мен балалардан байқалады. Йод тапшылығы радиобелсенділік сəулеленулердің жарақаттауəсерін арттыру арқылы қалқанша безінің обыр ауруларына ұшырау мүмкіндігін жоғарылатады.

    Йод тапшылығынан зардап шегетін халықтың бір тобы, əлеуметтік-

мəдени деңгейі бірдей жəне шығу тегі ұқсас, бірақ йод тапшылығы жоқ

екінші тобымен салыстырған 18 зерттеулер жүргізілді (Bleichrodt & Born

1994). Бұл зерттеулердің нəтижелерін анализдеу, ақыл-ой дамуының

коэффициентінің орташа көрсеткіші (IQ) йод тапшылығынан зардап

шегетін топтарда 13,5 пунктке (бірлікке), йод тапшылығы жоқ топтарға

қарағанда, төмен екендігін көрсетті. Бұл қосымша мəліметтер тағы да йод

тапшылықтың көптеген мемлекеттердегі экономикалық дамудың

əлеуметтік–демографиялық аспектілеріне əсер ететінін дəлелдейді.

Йод тапшылығының, əсіресе ерте жастағы балалардың дамуына кері

əсері қатты байқалады. Йод тапшылығы бар балалардағы психомоторлық

дамудың ерекшеліктері өмірдің алғашқы айларында-ақ біліне бастайды, ал

2,5 жастан жəне одан үлкендеу кезде айқын көрінеді, ол бойдың тапалдығы жəне оқу үлгеріміндегі қиындықтар. Құрсақ ішіндегі даму кезіндегі йод тапшылық, балалық шақтағы сəбидің оқуға қабілеттілік

мүмкіншіліктерінде байқалады. Жетістіктерге мотивация төмендейді, оқу

бағдарламасын қиынсынулар, жалпы танымдылық функциясы нашарлайды. Тіптен, орташа дəрежедегі йод тапшылық болған күнде де,

барлық халықтың ақылдылық қабілеттілігі орта есеппен 10,0–15,0%

төмендейді, ал бұл бүкіл ұлттың интеллектуалдық потенциалына қауіп

төндіреді.

 

 

Йод тапшылығынан пайда болатын бұзылулар (ЙТБ)

Сипаттамасы

 

 

Жасы Салдары

Құрсақтағы сәбилер

Түсік тастаулар
Өлі туылу
Туа біткен аномалиялар
Неврологиялық нақұрыстық: ақыл мешеулігі, мылқаулық, спастикалық диплегия, қитарлық
Гипотиреоидтық нақұрыстық: ақыл мешеулігі, бойдың тапалдығы, гипотиреоз
Психомоторлық бұзылулар

Жаңа туылған балалар

Перинаталдық өлімнің өсуі
Неонаталдық гипотиреоз
Ақыл-ой жəне физикалық дамудың тежелуі

Балалар және жасөспірімдер

Сəбилердің өлім-жітімінің артуы
Ақыл-ой жəне физикалық дамудың тежелуі

Ересектер

Жемсау қатарласып жүретін асқынуларымен
Зат алмасу бұзылыстары

Кез келген жаста

Жемсау
Гипотиреоз
Ақылдың таяздығы (ақымақшылық)
Радиобелсенділік сəулеленулеріне жоғары сезімталдық

 

ЙТБ клиникалық белгілері

   Көбінесе эндемиялық жемсау жылдар бойы баяу дамиды, жəне де,

əдетінде профилактиқалық тексерулер кезінде анықталады. Эндемиялық

жемсаудың клиникалық білінулері жемсаудың жеңіл дəрежесінен

диффузиялық толық үлкейген, аралас жəне түйін формаларына дейін

болады. Қалқанша безінің функционалдық жағдайына сəйкес эндемиялық

жемсау эутиреоидтық жəне гипотиреоидтық болып бөлінеді.

  Эутиреоидтық эндемиялық жемсау көбінесе білінбей, арыз- шағым туындатпай жүреді. Шағымдану шаршағыштыққа, кəдімгі физикалық жəне

психикалық жүктемелерге шыдамау, көңіл-күйдің жабырқап нашарлауы, инфекцияларға төзімділіктің төмендеуі. Пальпаторлық тексерулерде (саусақпен тексеру) қалқанша безі диффуздық түрде үлкейген, консистенциясы жұмсақ. Қартайған шақта түйіндік түрлері анықталынуы ықтимал.

   Жемсау размерлерінің одан əрі ұлғайған шақтарында аурулар

мойындағы сығылудан зардап шегеді, жұтынған шақтарда жағымсыз сезінулерге шағымданады. Жемсау кеңірдекті жəне жүйке-қантамырлары желілерін сыға бастағанда, тыныс алу қиыншылығына, жүрек қағуларына шағым айтыла бастайды.

   Эндемиялық жемсау ұзақ уақыт бойы сақталса, онда жемсаулық түйіндік формаларының дамуына мұрындық болады. Йод тапшылығы қалқанша безінің қатерлі ісіктік обыр ауруына, оның ішінде фолликулярлық қатерлі ісік пен анапластикалық карцинома сияқты өте ауыр түрлеріне де соқтырады деген пікір бар.

    Гипотиреоидтық эндемиялық жемсау субклиникалық формада өтуі

ықтимал. Жемсаудың бұл түрі, əдетінде балалар мен жасөспірімдер

арасында үлкен популяциялық зерттеулер жүргізген кезде анықталады.

Мұндай жағдайларда физикалық жəне жыныстық дамудың төмен

көрсеткіштері, оқу үлгеріміндегі қиыншылықтар, созылмалы аурулардың

аса жиілігі мен ауырлығы табылады. Жəне бұл уақытта жетекші белгісіне

бойдың тапал болып өспеуі жатады. Пубертанттық кезеңде қыздарда

менструалдық функциялардың бұзылуы, ювенилдік қан кетулер болуы

ықтимал. Гипотиреоз диагнозы тиреотроптық гормонның (ТТГ) қан

сарысуындағы концентрациясының күрт жоғарылауы жəне оны

бұлшықетішілік егулерге тиреоидтық гормондар жауабының төменделуімен айғақталынады.

   Эндемия жемсауы бар ересек ауруларда гипотиреоздың клиникалық белгілері йод тапшылық дəрежесі ауыр аймақтарда кездеседі (2-фото). Жеңіл формасында – денеге салмақ қосуға проблемасына шағымдану, бұлшық еттердің аурулары, шаштың түсуі, тері қабаттарының құрғақтығы, іштің қатып қалулары. Бұл кезде қандағы ТТГ деңгейі жоғары, ал жалпы жəне бос Т4 мөлшері – төмен, немесе бақылаудағы мөлшердің мəндерінің

төменгі шегінде.

Гипотиреоздың айқын дəрежесінде əлсіздік пен солғындыққа, ұйқышылдыққа, іш қатып қалуына, терінің құрғақтығына, шаштың түсіп таздыққа, жадында сақтау мен құлақ есітулерінің нашарлауына, брадикардияға (жүрек соғысының санының кемуі), қан қысымының көтерілуі, тіндердің ісіңкілігі, сонымен қатар сырт көзге себепсіз салмақ жоғалтуларға шағым айтылады. Қан сары суындағы ТТГ деңгейі едəуір жоғарылаған, бос жəне жалпы Т4 деңгейі – төмен. Кейбір жағдайларда, əсіресе тау тұрғындарының арасында, гипотиреозден екі немесе бірнеше

жанұя мүшелері зардап шегеді– жанұялық гипотиреоз (3-фото). Бұл

таңқаларлық жағдай емес, өйткені жанұя мүшелерінің тамақтануы біркелкі сипатқа ие.

   Əйелдердегі гипотиреоз білінулерінің ерте байқалатын белгілеріне

менструциялық функциялардың (етеккірдің айналымдылығының бұзылуы

немесе жоқтығы, қан кетулері) бұзылулары жатады. Оқшауланған симптом

ретінде тиреоидтық гормондармен тез басылатын (қалпына келетін) анемия, сонымен қатар сезімталдылықтың бұзылулары кездеседі. Йод тапшылық кеңінен таралған аудандарда тұратын бала туу жасындағы əйелдер арасында негізі симптом ретінде репродуктивтік жүйенің функцияларының бұзылуы алға шығады. Олар себепсіз бедеулік пен өздігінен түсік тастау сияқты құбылыстармен байқалады. Жүктілік кезінде гипотиреозы бар əйелдерден жаңа туылған балалардағы физикалық жəне физиологиялық көрсеткіштер өте төмен, туа біткен даму кемістіктері жиі кездеседі, неонаталдық (өмірдің алғашқы айы) кезеңде нашар бейімделеді, емшек ему жасында ерте шетінейді.

     Йод тапшылығы жоғары аудандарда тұратын аналардан дүниеге

келген балалар арасындағы туа біткен гипотиреоз жиілігі 10% асып кетуі

ықтимал. Мұндай аудандарда жаңа туылған нəрестелерде ұзақтығы бірнеше апталардан бірнеше айларға созылатын транзиторлық (өткінші)

гипотиреоз даму пайызы да жоғары. Гипотиреоз орталық жүйке жүйелерін

зақымдау ықтималдылығына байланысты қауіп көзі ретінде қарастырылады. Жəне де мұндай балалардағы қалқанша безі функциясы

қалпына келуі мүмкін болғанымен, интеллектуалдық дамудағы бұзылыстар өмір бойы қалып қояды.

    Популяциялық деңгейде йод тапшылығы барлық халықтың

интеллектуалдық потенциалының төмендеуіне соқтырады. Əлемнің түрлі

аймақтарында жүргізілген көптеген зерттеулер нəтижелері йод тапшылығы айқын аудандарда тұратын адамдардағы ақылдылықтың дамуының орташа көрсеткіші (IQ), йот тапшылығы жоқ жандарға қарағанда, орта есеппен 15–20 пунктке (бірлік) кем. Салыстыру үшін: егер дендері сау адамдардағы IQ ақылдың қалыпты дамуы көрсеткішін 100 бірлікке теңесек, ал оның 30 бірлікке (яғни IQ мəні 70 бірлікке тең болса) кемуі ақыл-ой мешеулігінің клиникалық байқалу белгісі болып табылады.

    Йод тапшылықтың кері əсерлері, адамдар немесе жануарлар арасында болсын, толық популяцияда дамуы ықтимал. Адамдарда ол балалардың оқу үлгерімінің нашарлауы жəне ересектерде еңбектің өнімділігінің төмендеуі, жəне де жемсау кездесу жиілігінің артуы, соңырақ ақыл-ойдың дамуының тежелуі сияқты индивидтердің мүгедектіктерінің көбеюіне дейін соқтыратын түрлі сипаттағы ауыр асқынулар дамуына дейін апаратын жағдайлармен жүреді.

 

ЙТБ ғаламдық масштабта таралуы

        ДДҰ 1990 жылғы бағалаулары бойынша халықтың ИТА өрбу қауіпі бойынша осал топтарының жалпы саны 1,6 млрд. адамға жетті. Олардың арасында анасының жүктілік кезіндегі йод тапшылық салдарынан пайда болған ақыл-ой бұзылуларының қандай да бір дəрежелерінен 20 млн. Жуық адамы зардап шекті. Соңғы мəліметтер көрсеткендей, 2,2 млрд. Жуық адамдар (яғни, жер шарының əрбір үшінші тұрғыны) йод тапшылық салдарынан туындайтын қауіптерден бейтарап қала алмайды. Жəне де жүкті əйел организмінде йод тапшылықтың арзымайтын дəрежесінің өзі құрсақтағы нəресте дамуына кері əсер ететінін білу маңызды. Бүгінде ИТА проблемалары, Қытай, Индия, Индонезия, Бангладеш, Бразилия, Нигерия жəне басқа елдер сияқты халқының саны өте көп мемлекеттерді қосқанда, 130 елді қамтып отыр.

  Соңғы жүз жылдықта йод тапшылықтың географиялық таралымы аса үлкен өзгерістерге ұшыраған жоқ, жəне де ИТБ бұрынғысынша адамзаттың инфекциялық емес ауруларының арасында кеңінен таралғандарының бірі болып табылады. Йод тапшылық проблемасы мен

ЙТБ, жоғары əлеуметтік- экономикалық дамуларына қарамай, Батыс Еуропа елдері үшін де өзінің өзектілігін жоймай отыр. Тіптен 2008 жылы да Еуропадағы мектеп жасындағы балалардың жартысына жуығы дерлік йодтың үйлесімсіз мөлшерін пайдаланғаны анықталды (IDD newsletter, тамыз 2008).

1997 жылғы «Орталық жəне Шығыс Еуропа елдерінде, ТМД жəне

Балтия мемлекеттеріндегі ИТА жою» жөніндегі Мюнхен конференциясының материалдарында Еуропаның аталған бөліктеріндегі

28 елінде ЙТА таралуы туралы жəне оның алдын алу ісінің жағдаяты

туралы мəліметтер келтірілді. Эндемиялық жемсау таралуының аса жиілігі

ТМД елдерінде ғана емес, Еуропа мемлекеттерінде де анықталынды.

Польшада халықтың 5 -тен 55% арасында жемсау болса, Хорватияда – 26-

дан 32% дейін; Румынияда –3-тен 36,3% дейін, ал Венгрияда –4-тен 17%

дейін, Албанияда – 63%, Турцияда – 30,3%, Болгарияда – 16% табылды.

Йод тапшылық Африка континентінің көптеген елдерінде денсаулық

сақтау ісінің маңызды проблемасы болып отыр. Эфиопия, Уганда,

Танзания, Мозамбик сияқты елдердегі халықтың 60% астамы зəрмен

йодтың экскрециялануының өте төмен көрсеткіші байқалды жəне 10%

эндемиялық нақұрыстық тіркелді. Сенегалдағы 15 жастан жоғары жастағы

халықтың арасында жемсау жағдаяты 62% тіркелсе, ал оның 19,2% -айқын

формалары болып шықты.

Йод тапшылықтан зардап шегетін халықтың ең көпшілігі Азияда,

əсіресе Қытай, Индия жəне Индонезия сияқты үш мемлекеттерде

шоғырланған. Тұрғылықты халық егін өсіріп жинайтын Гималайдың таулы

массивтерінің топырақтарынан жəне Қытайдың көптеген өзге таулы

ареалдарының топырағында йодтың төмен мөлшері анықталынды.

Сонымен қатар, йод тапшылықты жерлерге жиі тасығандықтан шайылып

кететін өзен бойларының халық тығыз орналасқан аумақтары – Индия мен

Бангладештегі Ганга өзенінің жазықтықтары, халқы жергілікті

ауылшаруашылық тағамдық азық-түліктер егістігінің шығымына

толығымен тəуелді Солтүстік Қытай мен Бирмадағы өте ірі өзендердің

жазықтықтары (Songkla, Irawaddy) жатады. Қытай елі йод тапшылықтың

кеңінен таралуының да, сонымен қатар онымен күрестің тиімділігінің

үлгісі ретінде де көрнекті мысал бола алады. Бұл елдің Солтүстігінде

негізгі қоректік тағам түрі бидай, Оңтүстігінде күріш немесе Батысында –

жүгері екендігіне тəуелсіз йод тапшылығы кеңінен таралған Қытайда

бүгінгі таңда тұзды йодтау жұмысы жолға қойылған. Міне, сондықтан йод

тапшылық едəуір төмендеді.

Монголияда йод тапшылықтың орташа дəрежесі сақталып отыр. 10–12

жас аралығындағы оқушылардың арасында йод тапшылық таралулары

43,3% жетеді, үй шаруашылықтарының 63,1% йодталынған тұзды

пайдаланады.

Бұрынғы КСРО мемлекеттірінің еуропалық бөлігі қатарлыАзиялық

бөлігінде де йод тапшылық ошақтары болып отырды. Əрбір жылдардағы

Орталық Азия республикаларында, Кавказда, Закарпатье мен

Прикарпатьеде, Белоруссияда, Оралда, Алтайда, Забайкальеде, Қиыр

Шығыста эндемиялық жемсау таралымы тегіс көрсетіліп отырылды.[61 ].

 

2.2. Йод тапшылығын анықтау тәсілдері.

Статистические соображения дизайна, применимые к клиническим испытаниям добавок йода у беременных женщин, которые могут быть слабо йодированными

Джеймс Ф Тройдлл Идти к:

Кіріспе:Разработка проб йодной добавки у беременных женщин является сложной задачей по нескольким причинам. Одним из них является беспокойство, что добавка может приводить к вызванному йодом гипертиреозу или гипотиреозу у восприимчивых женщин, чьи диетические дозы йода уже высоки (8, 2 ). Этот вопрос усложняется, поскольку концентрация мочевого йода 3 (ПМК) 3, измеренная в образцах точечной мочи, хотя и подходит для оценки состояния йода для населения, не является полезной мерой йодного статуса у индивидуумов, поскольку она отражает большое изо дня в день изменение в прием диетического йода ( 3). Другие проблемы включают в себя: как оценивать результаты и как долго требовать принятия последующих мер для принятия эффективных мер по результатам. Ожидается, что для достижения результатов по всем предметам потребуются значительные усилия и ресурсы, что сделало бы такое испытание дорогим. Неизбежная потеря для последующих действий - еще одна проблема; протокол для анализа долгосрочного судебного разбирательства должен включать в себя некоторый план борьбы с такой потерей.

Недавно были заключены два плацебо-контролируемых исследования приема йода у беременных женщин, беременность йодом и нейроразвитие у детей (PINK) и добавление йода к матери и эффекты на функцию щитовидной железы и развитие ребенка (MITCH). Испытание PINK, проведенное в Австралии ( 4 ), было прекращено раньше, потому что Совет медицинских исследований Австралии рекомендовал универсальные добавки йода беременным женщинам. Испытание MITCH, проведенное в Индии и Таиланде ( 5), завершил набор, но результаты пока не сообщаются. Оба испытания оценивали когнитивное и моторное развитие у потомства в возрасте 2 лет с использованием шкал Бейли. Это было всего лишь одним из нескольких результатов оценки MITCH, в котором было установлено, добавляет ли добавление йодом 200 мкг / сут в регионах с дефицитом йода легкой до умеренной степени улучшает функцию щитовидной железы у матери и новорожденного, результат беременности, вес при рождении и младенца и рост малышей, а также когнитивное и моторное развитие. Не было проведено большое рандомизированное плацебо-контролируемое исследование добавления йода у беременных женщин в области умеренного или умеренного дефицита йода, в котором первичной мерой результата было нейроповеденческое развитие потомства в возрасте ≥2 года. В настоящей статье,


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 108; ЗАКАЗАТЬ РАБОТУ